Конфуций ілімінің бастауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Дана философ Конфуций
2. Конфуций - жаңаны негіздеуші
3. Конфуцийшылдық дін бе, әлде философиялық жұйе ме? Қорытынды

Кіріспе

Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды.
Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері
негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде
кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше
беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында
тұрды.
Конфуцийшілдік — ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық
және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы
принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін
қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам
арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның:
Билеуші- билеуші, ал бағынышты - бағынышты, әке - әке, ал ұл - ұл болу
керек, - деген атақты сөзі мәлім.
Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру
керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік
оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін , оқуға деген жігерге және
рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден -
өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы
ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.
Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды,
ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз
таңдау мұмкіндігінің болуын жөн көрді.
Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік
доктринасын моральдық максимумдарға - биік мораль, дұрыс тәртіп, этикет-
этолондарына негіздеді.

Дана философ Конфуций

Дана философ Конфуций адамзат өміріндегі әрбір тарихи кезең өз дәуіріне
сай саяси күрмеулерге ұшырап отыратын және адамзаттың оларды шама-шарқынша
сәтті түрде шешіп ұдайы ықыластық танытатыны көпшілікке
аян. Егер біз ойша өткенімізді шолар болсақ, ХХІ ғасыр
табалдырығын атап отқан сәтте қоржынымыздың сан түрлі ғажап әрі
қайталанбас саяси ой тізбегі мен даналыққа толы екендігіне көзіміз жеткен
болар еді. Солардың ішіндегі ең бір өрелісі де, өзіндік нақыштарымен ерекше
айқындалатыны да конфуцийлік ілім. Аталмыш ой бұкіл көне Шығыстағы ең бір
қуатты-ау дейтін идеялық-саяси ағымға жатады. Оның негізін қалаушы біздің
заманымызға дейін 551-479 жылдары Қытайда өмір сұрген Конфуций (Күи -
фамилиясы, ал цзы - ұстаз деген мағынаны білдіреді) болып
табылады.
Дана философ және этикалық ілімнің негізін қалаушы
Конфуцийдың қытай халқының өміріне жан-жақты әсер еткені ешбір талас
тудырмайды. Алтын ереже деген атауымен мәлім болған оның этикасының
негізгі принциптерінің бірі былай дейді: Егер басыма келмесін десең, өзіңе
де жамандық қаламасаң, өзгеге де соны тілеме. Ал Конфуцийдың айтқан нақыл
сөздері мен даналық ой пікірлері Лунь юй(сүхбат пен ой пікірлер) атты
кітапта жинақталған.
Конфуций Қытайдың түрлі патшалықтарында әртүрлі дәрежедегі қызметтер
атқарса да, өзінің негізгі мақсатына жете алмады. Нәтижесінде ол
шенеуніктік қызметтің қызығы мен рахатын көкейіндегі этикалық саяси
көзқарасы мен ойларын көпке жеткізуге асыққан мақсаттарға бола тез ақ
айырбастады. Ғүлама ойшылдардың уағыздары, әсіресе, қызметкер шенеуніктер
арасында кеңінен қолдауға ие болды. Оқу мен білімге құштар барша қауым оның
шәкірттеріне айналды. Аңыз бойынша олардың жалпы саны үш мыңның ар жақ бер
жағында болса, ішіндегі ұстазына ең жақын ау дегендері 72 адам, ал онымен
күні -түні бірге болған шәкірттерінің саны 12-ге жетсе керек-ті. Бұл
адамдар түрлі патшалықгардан келген әрқилы қызмет иелері болатын-ды.
Таң династиясы кезінде (618-907 жж.) Конфуцийге Бірінші әулие атты
құрметті атақ берілсе, Мин династиясы (1368-1644 жж.) оған Ұлттың ұлы
ұстазы деген дәреже сыйлады.
Конфуцийдың негізінен қоғамды қандай жолдармен жетілдіру мен мемлекетті
қалай сәтті түрде басқару мәселелері шамадан тыс толғандыратынын атап өткен
жөн. Бір ғажабы, оның осынау күрделі түйіндері қатаң тәртіп пен белгілі бір
тәрбиелік ұстанымдарының көмегімен жүзеге асырмақ ниеті де және оған қоса
шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне көп тепе - тендік пен ортадағы
принциптерді місе тұтқаны да белгілі боп отыр. Түрлі ұсақ иеліктерге
бөлініп, қырықпышақ болып қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтардың басын
бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатына айналдырған
ол, сонымен бір әзірде, халықтың тәлімдік - тәрбиелік күш - куатын жоғары
деңгейлерге көтеру мен оны кәдімгідей бақытты ету үшін бар күш жігерін
сарп етті. Мысалға:
Цыгун сұрады: Мемлекетті қалай басқаруға болады? Ұстаз
айтты: Біріншіден - мемлекетке жеткілікті азық-ауқат болсын.
Екіншіден -мемлекетке жеткілікті қару-жарақ болсын. Үшіншіден - халық өз
патшасына сенетін болсын.Сонда Цыгун: Егер осы үшеуінің біреуінің құрбан
ету керек болса, алдымен қайсысын құрбан етуге болады? Онда қару-жарақты
кұрбан ету керек. Қалған екеуінің біреуін құрбан етуе тура келсе ше? Онда
азық-ауқатты. Себебі, азық ауқатсыз ашығып қиналғанмен патшаға сенім
болмаса, ол ел мемлекет болып қала алмайды.?
Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі, Конфуцийдың ойынша, қоғамдағы тәртіп
пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай қоғамда әркім өзінің
басыбайлы құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезіну арқылы
бұған дейін қағидаға айналған моральдық этикалық принциптері көзден таса
қылмасқа керек. Оның пікіріне құлақ түрсек: Патша - патша, бағынышты-
бағынышты, әке- әке, ал ұл-ұл болуы тиіс.
Ол адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді
адалдыққа тартасың.;
Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болу керек:
Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.
Біріншісі — жарамсақтануға жол бермейді;
Екіншісі - барлығын бағындырады;
Үшіншісі - адамдардың көңіліне сенім ұялатады;
Төртіншісі - жеңіске жетуге мүмкіндік береді;
Бесіншісі - адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады.
Конфуций ілімінде Ли жөніндегі тәрбиелік мәні орасан зор тәлімгерлік саяси
жұйеге айырықша назар аударылады. Ли деген ұғымның аясы анағүрлым кең
екендігін және оның әдет - ғұрпы, салтанатты рәсім, оған қоса этикет
пен ар ұятты нақыштайтынын айтып өткен лазым. Билеуші мен оның
хүзырындағылар ұлкендер мен кішілер және әкелер мен балалар арасындағы
қарым-қатынас Ли ілімінің атқарар рөлі шектен тыс.
Конфуцийдың аса маңызды өсиеттерінің бірі - баланың әке-шешесіне деген
құрметі және алдымен әкесіне деген шексіз сұйіспешілігі. Балалар тек қана
ата-аналарының айтқандарымен жүргенді ғана қанағат тұтумен шектелмей,
оларды жан тәнімен сұюге міндетті әрі олардың айтқандарын екі етпеуге тиіс.
Егер адам өзінің ата-анасын сұймесе және өзінің ата-ана алдындағы борышын
мойындамаса, ол — делқұлы, есерсоқ немесе есі дұрыс емес адам. Конфуцийдің
бұл көзқарасының маңызын XXI ғасыр есігін ашып отырған ұрпақ өкілдері, оның
ішінде тек қытайлық жастар ғана емес, барша әлем жастары да, қазақстандық
урданизация тәлкегіне ұшыраған ұрпақ өкілдеріде үнемі жадында ұстауы тиіс.
Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу "мен білімге шақыруынан да
байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың өмірі мен мінез-құлқына, олардың
күнделікті тұрмысы мен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл аударуға
Конфуцийдың ойынша, мемлекетті тек патшаның (Көктің Ұлы) өзі бас болған
салиқалы азаматтар басқаруы тиіс. Өкімет басшысы, яғни, Көктің ұлы -
Көктің жердегі өкілі. Кұдайлық негізі бар патша арқылы аспан өз •
әмірін іске асыруда. Әрине, Конфуций патшаның билігін шырқау биікке көтере
білді. Ол тек қана Көктің жердегі өкілі міндетімен ғана қанағаттанып
қоймай, адамдар әлемі мен құдайлар яки рухтар әлемімен екі ортада дәнекер
болуы тиіс. Әулие бола отыръш, император тек Көктің алдында ған жауапты
болуға тиіс. Өйткені ол, тақ пен билікті тек осы Көктен алды. Билеуші әділ
боп, өзінің қарамағындағылардың қамын ойлаған күнде Көк барша халыққа
мейірімін төгеді; ал егер патша әділ болмаса, елді аштық пен жұт және соғыс
пен әлеуметік бұліктер жайлап алуы тиіс. Нақ осылай Көктегі Құдай жердегі
билеушіні тәубесіне келтірер еді.
Осыған байланысты императордың жеке басы мен іс әрекеттеріне және бойындағы
қасиетеріне байланысты қайсібір сұрақтар көлбеңдейді: Ол қандай болу керек
және оньң өзі кімді үлгі тұтпақ?(Ал Конфуцийге жүгінсек, оның абстракциялы
қиялшыл бейнесі жан жақты жетілдірілген әрі адамгершілігі шектен тыс
мол адамды сомдайды. Әбден жетілген адам екі бірдей қасиетті арқа
түтқаны жөн: адамгершілік және бойдағы парыз.
Адамгершілік, Конфуцийдың пікірінше, қарапайымдылықпен, марттылықпен және
адамдарға деген шексіз махаббатпен шексіз астасып жатыр. Адамгершілік парыз
дегеніміз - адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі
мол ауыр жүті. Кіршіксіз адам адал және мінсіз, ақкөңіл және ақжарқын әрі
өзінің сөйлеген сөзі мен істеген ісіне мығым көзі қарақты болуы тиіс.
Конфуцийдің ұғымынша, мемлекет басшысына тек Кіршіксіз адам ылайық .
Адамгершілік Конфуцийды толғандырған мәселелердің бірі болып табылады:
Адамгершілік деген не?
Адамдарға махаббат.
Білім деген не?
кеңес береді: Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, өзім жұртты
білмеймін деп қынжыл - бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз.
Қытай ғұламасының өз шәкірттеріне бағыштаған сөздеріне қарағанда шын
мәніндегі білім түбегейлі ақиқатқа сұйенуі керек, ал нені білмейді екенсің,
оны білімсіздік деп үдқан жөн. Оның шәкірттеріне берген ақылының ішіндегі
ең бір сүбелісі: Көп тыңдай отырып, ақиқат пен күмәннің арасын ажырата
білу шарт, ал қалғандары хақында байқап, аңысын аңдып сөйлеген жөн, мұндай
сәтте кінарат тагу да азая түседі; көп сезіп, көп байқау арқылы мәселенің
қауіпті тұсын артқа тастай білу керек, ал одан өзгесінде аяғыңы аңдап
басқаның лазым, мұлдайда өкініштің жолы жіңішкере түседі; ал егер айтыла
қойған сөзге орай тағылар кінә мардымсыз болса, және істеген ісіңде
қынжылып бармақ тістеліктей дүние болса, айың оңыңнан туды дей бер.
Көрнекті саяси ойшыл Конфуцийдің көріпкелдігі мен адамдардың, тұтас
халықтар мен династиялардың болашағына қатысты ой-пікірлерін де көңілден
таса қылмаған дұрыс.
Оның басты демократиялық идеясы барша адамзаттың теңдігіне
қатысты ойлардан туындайды. Халықтар мен мемлекеттер арасыдағы.
қатынастарды Конфуцийдің бұкіл қоғам мұддесіне орай екшелеп, бағыттап
отырған аян.
Әлеуметтік шырғаландар, терең тап күрестері мен көршілес патшалықтар
арасындағы өзара қырғи-қабақ соғыстарды үзілді-кесілді тоқтату жолындағы
оның дүниедегі баяндылық пен бейбітшілік үндеген ойлары да өзіне ерекше
көңіл аударуды қажет етеді. Соғыс оның пікірінше, мемлекеттер арасындағы
кикілжің-жанжалдарды ретке салудың бірден-бір жолы емес.
Конфуций ілімінің бастауы. Конфуций негіздеген қоғамдық, философиялық,
моральдық, этикалық һэм діни ілімнің ұстын тұрғылары дәстүрлі алты кітаптан
бастау алады: Идзин - Өзгеріс кітабы, Шудзин
- Тарихи деректер кітабы, Шидзин - Жыр кітабы, Лидзи - Рәсім кіта-
бы, Чүндзүу - Көктем мен күз, жылнама кітабы және Лүңиүй -Кеңес пен
толғам, ғақылиялар кітабы.
Өзгеріс кітабы — тағдыр, жазмыш туралы, ойлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері
Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары
Конфуций
Көне қытай философиясы жайлы
Дана философ Конфуций
Қытай. Үнді
Қытай философиясының тарихы
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы
Көне Қытай философиясы
Пәндер