Теодолитті жұмысқа әзірлеу



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Мен 9 наурыз 18 сәуір аралығында ЖШС БатысЭкоКонсалтинг компаниясында өндірістік тәжірибеден өттім. Тажірибе барысында геодезиялық құрылғылармен танысып, сол құрылғыларды жұмыста қолдануды үйрендім. Жұмыс кезінде GPS, Теодолит, Нивелир құрылғыларын пайдаландым. Далалық жұмыстарды жасап болған соң сол жұмыстарды компьютерде AutoCAD программасында өңдедім.
Практиканың мақсаты: жұмыс тәртібін орындауды, курс бойынша теориялық сабақтарда пайда болған сұрақтарға жауап алу, топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара орындауды меңгеру, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту және оны тереңдету болып табылады.
Далалық геодезиялық практика аяқталуы нәтижесінде төменде көрсетілген қасиеттерді игере білуім қажет:
- жеке жұмыс жасай алу;
- геодезия пәнінде алған ғылыми-теориялық білімімді іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу;
- топпен жұмыс істей білу;
- қойылған талаптарды тиімді және уақытында орындай білу;
- белгіленген жерге топографиялық түсіріс жасай алу.

Практиканың өту уақыты және ұйымдастырылу шаралары
Далалық геодезиялық тәжірибе жұмыстары басталмас бұрын топты 2-3 адамнан бригадаларға бөлінді. Әр бригада ішінен бригадир сайланды. Оқу жоспарына байланысты әр бригадаға күн сайын тапсырмалар берілді. Тапсырманы орындау үшін бригада керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Құрал жабдықтар қабылданбас бұрын сыртқы тексеруден өткізілді. Тексерудің мақсаты болып топографиялық-геодезиялық жұмыстарға құрал жабдықтардың жарамдылығын анықтау болып табылады.Тәжірибелік жұмыстарға кіріспес бұрын бригада мүшелерінің арасында міндеттер бөлінді және ол қадағаланды.
Жұмыс түрлері:

1. Еңбек қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.
2. Құрал жабдықтарды сырттай тексеріп қабылдап алу.
3. GPS-қабылдағыш 4600LS Surveyor GPS құрылғысымен танысу және тексеру
4. GPS-қабылдағыш 4600LS Surveyor құрылғысымен жұмыс жасау
5. 2Т-30 теодолитін тексеру және оны жұмыс жағдайына келтіруді үйрену.
6. Теодолитті түсіріс жүргізу.
7. Теодолитті түсірісті тыңғылықта өңдеу.
8. Техникалық нивелирлеу.
9. Техникалық нивелирлеу журналын өңдеу.
10. Тахеометриялық түсіріс жүргізу. Түсіріс нәтижелерін ғылыми өңдеу.
11. Далалық түсірілімді AutoCAD программасында өңдеу

Құрал жабдықтар:

* GPS-қабылдағыш 4600LS Surveyor
* 4Т30П теодолиті 1 дана
* GOL-26 нивелирі 1 дана
* Нивелирдің рейкалары 2 дана
* Штатив 1 дана
* Рулетка 1 дана

Еңбек қауіпсіздігі ережелері
Далалық геодезиялық жұмыстар жүргізетін адамдардың барлығы келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек:
1. Далада бас киім киіп жүру;
2. Трубаларға және дым жерлерге отыруға тиім салынады;
3. Қайнамаған су ішуге тиім салынады;
4. Жолдардың бойында жұмыс істеген кезде құралдарды және жұмысшыларды көлік жүріс бойында орналастыруға болмайды;
5. Штатифтарды жиналған түрде иыққа аяқтары төмен қаратылып және нивелирлі рейкаларды тік тасымалдауы тиіс;
6. Құралдардың барлық жиыны жөнделген болуы тиіс;
7. Геодезиялық құралдарды қадағалаусыз қалтыруға болмайды.

GPS-қабылдағыш 4600LS Surveyor құрылғысымен танысу және тексеру
Trimble Navigation Ltd фирмасы азаматтық қолданысқа арналған GPS-қабылдағыштарын шығаратын бірінші компаниялардың бірі болып табылады.
Бір жиілікті GPS-қабылдағыш 4600LS Surveyor негізгі желілерді жасауға арналған, шекараларды анықтауға және топографиялық түсірулерді анықтауға арналған, оның 12 каналы бар, яғни бір уақытта 12 спутниктен сигнал қабылдай алады. Прибордың көлемі үлкен емес; GPS-қабылдағыш, қорек батареялары мен антенна бір блокқа біріктіріліп, салмағы 1,7 кг. Жұмыс істеуі үшін сыртқы қорек көздері қажет емес және қосымша жалғаушы кабельдер де қажет емес. Бір ғана басқару пернесі мен үш жарықты индикаторлардың өзі өлшеудің орындалуын жеңіл түрде қадағалай алады. Базалық желілердің ұзындығын анықтау дәлдігі - (5мм + 2 ммкм) статикалық өлшеу үшін, ал (2 см + 2 ммкм) - кинематикалық түсіру үшін.

GPS-қабылдағыш 4600LS Surveyor - техникалық сипаттамалары
Канал саны
12 жиілігіндегі L1 (код, фаза)
Деректерді жазу
ішкі жады 1 Мб
Коммуникациялық порттар
1 тізбектелген
5 жəне оданда көп жер серіктеріне өлшеу дəлдігі
Статика, жылдам статика
Пландағы Пландағы Биіктік бойынша
5 мм + 1 х 10' D (ұзындығы 10 км-ден кем) 5 мм + 2 х 10 D (ұзындығы 10 км-ден жоғары) 10 мм + 2 х 106 D
Жұмыс істеу температурасы
С 40 - +65°
Электрқоректену
аккумуляторлық батарея 2,3 Ач 12
Антенна
Қабылдағыштың қабына кигізілген

GPS қабылдағышын тексеру - бұл құрал паспортында көрсетілген мәндерден базалық ұзындықтың нақты стандартты ауытқуын анықтау мақсатында жүргізілетін жұмыстар жиынтығы. Басқаша айтқанда, тексеру GPS-қабылдағыш координаттарды қажетті дәлдікпен анықтайтындығын көрсетеді. Тексерудің ең көп таралған түрлері:

Бастапқы
Мерзімді

GPS-қабылдағыш 4600LS Surveyor құрылғысымен жұмыс жасау
Спутниктік геодезиялық қабылдағыштарды қолдана отырып топографиялық суретке түсіріп алу үш сатыда өтеді: дайындық жұмыстары, геодезиялық суретке түсіру жабдықтарын жасау, суретке түсірудің өзі.
Дайындық жұмыстары барысында суретке түсіру негізін бекітуге арналған орынды таңдайды, орынды жақын орналасқан ғимараттардан, биік ағаштардың ұшар басынан, қуатты радио сәуле көздерінен бөгеттер болмайтындай етіп таңдайды. Бұл факторлардың барлығы орындалатын спутниктік өлшеулердің сапасын біршама төмендетулері мүмкін. Бұдан басқа, спутниктік қабылдағыштың программалық қамтамасыз етуінде арнайы модульді не үшін пайдаланатынына, бақылауларды жоспарлауға ерекше назар аударылады. Бұл модуль кез келген уақыт сәтінде позициялау процесіне сипаттама бере алады да, өлшеуді орындау үшін біршама қолайлы кезеңді таңдай алады.
Геодезиялық суретке түсіру негіздеменің нүкте координаттарын статикалық спутниктік бақылау әдісімен жасалады. Статикалық әдіс едәуір дәл және сенімді әдіс болып табылады, ол милиметрлік дәлдікпен аралас пунк координаттарының айырмашылығын алуға мүмкіндік береді. Базалық деп аталатын қабылдағыштардың бірін белгілі координаттарымен бастапқы нүктеден штативке орнатады (мемлекеттік геодезиялық желі пункті, геодезиялық қоюлану желісі), ал екіншісі мобильдік деп аталады - кезекпен суретке түсіріп алу желісінің пунктерінде. Мұнда базалық және мобильдік қабылдағыштармен синхрондық өзгеру жағдайы қамтамасыз етілуі керек. Бақылау уақыты базалық желінің ұзындығына қарай, бір уақытта бақыланатын спутниктердің санына қарай, қолданылатын спутниктік аппаратура класы мен бақылау жағдайына қарай таңдап алынады. Жоғарыда аталып өткен факторларды есепке ала отырып, әрбір фазалық желінің өлшеу уақыты 15-20 минуттан бастап 2,5 -3сағатқа дейінгі уақытты құрауы мүмкін. Әрбір қабылдағышпен жұмыс ісеу станцияда мыналарды қамтиды: жіпнемесе оптикалық тіктеуішінің көмегімен пункт үстінен қабылдағышты центрлеу, секциялық рейканың көмегімен антенна биіктігін өлшеу, қабылдағышты қосу. Статикалық режимде өлшегенде жұмыс барысында қандай да бір әрекеттерді жасау қажет емес. Қабылдағыш автоматты тестіленеді, барлық мүмкін болатын спутниктерді іздеп, GPS-өлшеуді өткізіп, жадқа барлық ақпаратты енгізеді. Қажетті уақыт өткеннен кейін мобильді қабылдауды бақылауды келесі анықталатын нүктеге өткізеді. Өлшеу аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерді өңдеуді жүзеге асырады, бұл ақпарат базалық желілердің ұзындығын есептеуді және WGS-84 координаттар жүйесіне координаттар пунктін қамтиды. Ең кіші квадраттар әдісі бойынша желіні теңестіру, мемлекеттік немесе жергілікті координаттар жүйесіне тасымалдау. Планды орналасу жерін анықтау дәлдігі статикалық әдіспен (5-10 мм) + 1 + 2 ммкм жетеді де, биіктіктік - 2 - 3 есе төмен.
Жерді топографиялық суретке түсіріп алу кинематикалық спутниктік өлшеуді өткізу арқылы орындалады, бұл өлшеу қысқа уақыт ішінде нүктелердің координаттары мен биіктіктерін алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін базалық қабылдағыш штативке суретке түсіріп алу негіздемесіне орнатылады, ал мобильдік - кезекпен түсірілетін нүктелерге, мұнда қабылдағыш қорек көзімен бірге арнайы рюкзакқа орналасады, ал қабылдағыш антенна мен контроллер қадаға бекітіледі (1 сурет). Басында инициализация орындалады - мобильдік станцияның базалық станцияға қатысы, бірінші нүктеде өлшеу не үшін келесі нүктелерге қарағанда біршама ұзақ (20 30 с). Қадамен бірге антеннаны нүктеге орнатып, контроллерде барлық қажет параметрлерді беріп (қадада антеннаны орнату биіктігі, пикет номері, оның белгісі, мысалы: қоршау бұрышы, қарайтын құдық және т.с.с.) , шеңбер деңгейдің көпіршігі бойынша қаданың вертикальдығын бақылай отырып, суретке түсіруді бастайды.

1 - сурет. Пикетті нүктедегі спутниктік статикалық байқау

Нүктеде байқау уақыты, әдетте, 5 -10секундтан аспайды, бұдан кейін өлшеуді тоқтатып,қабылдағышты өшірмей, келесі нүктеге көшеді. Егер де суретке түсірілетін нүкте құрылысқа, ағашқа, басқа да спутниктік көрінуін жабатын объектілерге жақын орналасқан болатын болса, өлшеу уақыты артуы керек. Бұдан басқа, мұндай нүктелерде өлшеуді тағы қайталауға болады. Суретке түсіру учаскесін бірінші нүктеде, не болмаса белгілі координаттары бар пунктіде аяқтайды. Суретке түсіру аяқталған соң статикалық өлшеудегі сияқты нәтижелерін өңдейді. Кинематикалық өлшеу тәсілінің дәлдігі планда 2-3см құраса, биіктік бойынша 6-8 см құрайды. Өлшеу нәтижелері цифрлық түрде сияқты, графикалық түрде де беріле алады.

Теодолитті тексеру және түзету. Теодолитті жұмысқа әзірлеу
Теодолит -- жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі-вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) -шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.
3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Далалық геодезиялық практика
Теодолитті тексеру және түзету
Топографиялық жұмыстар
Геодезиялық құралдарды эксплутациялау ережелерімен танысу
Координаталар өсімшелерінің ширектегі таңбалары
Көмір қабаттарының сипаттамасы
Теодолиттің құрылысы
Жерді кадастрлық бағалау
Студенттің практикаға тапсырмасы
Инженерлік геодезиялық ізденістер
Пәндер