Бағдарламалы оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I Оқытудың жаңа технологияларының теориялық негіздері
0.1. Қазіргі оқыту технологияларының педогогикалық - психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану-оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарының бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II Математика сабақтарында жаңартылған педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы оқушының танымдық қызығушылығын арттырудың дидактикалық шарттарымен жолдары.
2.1. Бастауыш сынып математика сабақтарында жаңартылған педагогикалық тәсілдерді қолданудың оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Оқытудың жаңартылған педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында "білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысының белгілі бір қажетті біліктері мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап , еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім- тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы " алынатындығы атап көрсетілген.
Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып- үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында Білім мазмұнын жаңартуың ғылыми бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттерінен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшеліктеріне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім- тәрбие мазмұнын анықтап- құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынатындығы атап көрсетілген.
Зерттеу мақсаты:
Математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың олдарын ғылыми теориялық негіздеп дидактикалық жолдарын, шарттарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.Мектептің бастауыш сыныбында математиканы оқыту барысында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын көтеруді ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу;
2) Математикада оқытуды жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру;
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптарға математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:
Бастауыш сынып оқушыларын математиканы үйретуде жаңа технологияларды қолдану әдістемесі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқытудың жаңа технологиялары жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артады, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, оқытудың жаңа технологиялары оқушыларды жан- жанқты дамытып, өз ойын тұжырымдап айта білуге, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді.
Зерттеу әдістері:
қарастырылып отырған мәселелерге байланысты педагогикалық, психологиялық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;
бастауыш сынып математикасы пәні бойынша жасалған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдау;
оқытудың жаңа технологияларын қолдану бағытындағы озық педагогикалық тәжірибелермен танысу;
оқушылардың даму үдерісін бақылау;
мектеп құжаттарымен танысу және оларды сараптау;
оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдау;
тәжірибелік- эксперименттік жұмыс жүргізу және оларды қорытындылау.
Курстық жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілген.

І- тарау. Оқытудың жаңа технологияларының теориялық негіздері
6.1 Қазіргі оқыту технологиясының психологиялық- педагогикалық негіздері
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктеуіне байланысты деп қарайды.
Оқу- адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез- келген оқыту адамды белгілі бір межеде дамытады. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге иемденіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделмек.
Дәл қазір адамның ақыл- ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын айқындайтын негізі бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі. Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ілгелендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.Оларды инновациялық процесс немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз. Мәселеге тереңдемей тұрып, алдымен инноватика ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, жаңарту, өзгерту мағынасын беретіндігіне тоқталған дұрыс. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.
Білім беру саласындағы жаңалықтар:
1) ұйымдастырудағы;
2) технологиялардағы;
3) оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі,- деп үш топқа бөлінеді.
Француз ғалымы Э. Брансуик педагогикалық мүмкіндіктердің 3 мүмкін түрін бөліп қарайды:
1. Жаңалық ретінде еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімділік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңа нәрсе сирек кездеседі.
2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайда бейімделген идеялы. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.
Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану арқылы жаңа нәтижелер беретін жаңалық.
Қолданылып жүрген технологияларды келесі түрлерге бөліп жіктеуге болады:
дамыта оқыту жүйесі (Л.В. Занков)
дамыта оқыту технологиясы (Д.Б. Элбконин- В.В. Давьгдое)
тұлғаның шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі (И.П. Волков, С.С. Альтиулер)
жеке адамға бағытталған дамыта оқыту (И.С. Якиманская)
өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Г.К. Селееко)
-Г.С. Альтигуллердің (ТРИБ) тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі.
Л.Г. Петерсонның математиканы кезеңдеп оқыту жүйесі.
Педагогикалық процестің және бағдар негіздері педагогикалық технологиясы Ш.А. Алюнашекинидің ізгілікті- тұлғалық технологиясы. Оқушылар қызметін қарқындату, интенсивтендіру және белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технология. Ойын технологиясы проблеммалық оқыту, шет тілі, мәдениетті оқытудағы коммуникативті технология
(Е.И. Пасов). Оқу материалының белгілеу моделі мен сызбасы негізінде оқытудың интенсивтендіру техгологиясы. Оқыту процесін ұйымдастыру және нәтижелі басқаруға негізделген педагогикалық технология.
Түсіндірмелік басқарудағы сызбасын пайдалану арқылы перспектикалық оқыту(С.Н. Лысенюва)
деңгейлік зерделеу технологиясы.
міндетті нәтиже негізінде деңгейлік зерделеп оқыту (В.В. Фироое).
ұжымдық оқыту әдісі.
топтық технология.
компьютерлік (жаңа ақпаратты).
Бағдарламалы оқыту технологиясы.
Жекелеп оқыту технологиясы (А.С. Границкая)
Баланың қызығушылығы бойынша жеке ыңғайда оқытуда мәдениетке тәрбиелеу технологиясы (И.Н. Закатова), т.б.
Қазірі кезде көпшілік назарын өзіне аударып отырған идея- дамыта оқыту идеясы. Дамыта отырып оқыту идеясы тұрғысынан әр пән мазмұнының ерекшеліктері мен біртұтас білім жүйесіндегі орны түрліше.
1) Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық;
2) Философиялық негізіне қарай; гумандық;
3) Психикалық даму факторына қарай: социотектік, психиотектік;
4) Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық, дамытушылық;
5) Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік;
6) Басқару типіне қарай: шағын топтар жүйесі;
7) Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық және сабақтастық, топтық және жеке;
8) Балаға қатынас танытатын әдісіне қарай: тұлғалық, бағдарлық;
9) Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы;
10) Оқушылар категориясына қарай: жалпы;
11) Жетілдіру бағытына қарай: балама.

Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімділік әдісіне қарай төмендегіше топтауға болады:
1. Тілдік өріс. Бұл топ жас кезден бастап кубиктер жылдам оқуға үйретуге арналған Н.А. Зайцевтің: каллеграцияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуғв үйретуге арналған Е.Н. Потова және басқа да технолгиялармен сипатталады.
2. Математикалық өріс. Бұл топ П.М. Эрдниев және Б.П. Эрдниев т.б. жасаған технолгоияларды жатқызамыз.
Республикада бастауыш мектептегі оқыту мазмұны жаңартылды. Жаңа мазмұнды ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық идеясы, мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күнгі мектеп мұғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану қатаң талап етіп отыр.
Еліміздің егемендігін алу арқылы мүмкін болған жаңа буын оқулықтарының ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі алынып отыр.Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұштау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі бейімдік пәндер көбірек, олардың балардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, онымен бірге, баланың психикалық қызметтерін ақыл- ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік бероетін оқу процесін жолға қою керектігі болып саналады. Оқушынық шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері мектептердегі жаңарту процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қолданып, оларды практикада қолдануға үлкен белсенділік танытуда. Дамыта оқытуды ұйымдастыру ақыл- ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Бұдан, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктердің бар екенін оқыту процесінде тексеру қажет деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі педагогикада қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абсрактіге қарай деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын, абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді.Мысалы: А әрпінен өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екендігін, иісін, дәмін, формасын сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта білудің сұрап білудің баланы дамыту үшін маңызы зор екенін айтады. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі- теориялық жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Бастауыш мектеп бұл- оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. В.А. Скумлинскийдің пікірі боіынша, бала өз күшіне деген сенімін ешқашанда жоғалтпауы, өзінің қолынан еш нәрсе келмейтіндігін сезбейтін болуы тәрбиешінің педагогтік көрегендігі болып табылады. Әрбір жұмыс оқушы үшін титтей де алға қарай ілгері болуы қажет. Баланың білместігін құрметтей біліңдер- поляк педагогі Януш Корчактың осынау сөздерінде мұғалім үшін маңызы зор.
Бастауыш саты- оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы- оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, белгілі бір бағытта жүйелі бір арнамен жүруін қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты зейін, рефлекция, өзін-өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты жаңа түзілімдер пайба болады.
Бстауыш сыныптврды математиканы оқыту мына сияқты өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді деуге толық негіз бар:
1. Білімділік- бағдарламаға сәйкес білім, білік және дағдыларын белгілі бір көлемін оқушлардың игеруі;
2. Тәрбиелік- шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен салаларды, еңбекке дайын болу және тағы да басқа қасиеттерді қалыптастыру;
3. Дамытушылық- логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық- меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайда практикалық есептерді, мәселелерді шешудн қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.
Осы мақсатардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып- үйретудің жан- жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың әдіс- тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру түрлерін ірітеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау болып табылады.

19.1 Дамыта оқыту технологиясын қолдану- оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарының бірі
Жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнына қойылатын қоғамның әлеуметтік талабының ерекшеліктері- оқытуда ақпараттық технология пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, даралап және саралап оқытуды негізге ала отырып, білім мазмұнын жаңартудың көп деңгейлік жолдарын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында: Бастауыш мектептің негізгі міндеттері- баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін ашып, дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым- қатынас ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгеру- дей келіп, оқытудың жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялар мәселелер бойынша жедел ақпарат беру үшін қазіргі коммуникациялар жүйесін жасау міндетін қояды.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде технология ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 бұрын отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданылған жоқ. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А. Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту технологиялық болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Оқытудың мұндай механизмін яғни нәтижеге қол жеткізетін оқу процесін Я.А. Коменский дидактикалық машина атады.
Қазіргі уақытта жалпы білім қоғамдық қажеттілік қана емес, сонымен қатар, жеке адамның өзіне қажет, оның қоғамдық мәдени өмірге, кәсіптік өмірге қатысып, білімін одан әрі жетілдірудің мөлшері болып табылады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептің білім мазмұнын жаңарту үшін нақты әлеуметтік жағдайларда дамитын әрбір оқушының талғам- тілегін, оның табиғи биологиялық- генетикалық негіздерін, қабілетін, денсаулығы мен психологиялық ерекшеліктерін барынша ескере отырып, жеке тұлғаның шығармашылықпен іс- әрекет ете білу мақсаты басшылыққа алынады.
Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми- әдістемелік негізіне дамыта оқыту идеясы алынады. Дамыта оқытудың ерекшелігі оқушыда пәндік, білім, дағды қалыптастырудың қажеттігін жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен оқушыны дамыту міндетін бөліп, қарастыруды, яғни білімділік міндеттерінің басымдылығын қолданылмауы, оқыту оқушының дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенде парһтриот етіп қояды. Дамыта оқыту жүйесіндегі оның мазмұны оқушының және жеке тұлғасын дамытудың құралы деп қарастырады. Ол мазмұнда оқушы меңгеруге тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы меғгертін жалпыланған амал- әрекеттер және ұстанымдары беріліп бейнелеуі қажет және бұл мазмұн оқулықта көрініс табуы шарт. Л.В. Занков бастауыш сынып оқушыларының оқуы мен дамуын зерттей келіп, оқушылардың жоғары сапалы білім мен дағды алуын баланың жан- жақты психикалық дамуымен ( ақыл, ерік, сезім) байланыстырады.
Жалпы даму кез- келген пән бойынша білім, білік, іскерлі дағдыларының сапасымен өлшенсе, арнаулы дамыту белгілі бір пәнді меңгеру болып есептеледі. Ол сабағы да, дамуы да нашар оқушыларға оқу- тәрбие жұмысында көңіл аудару қажет деп есептеді.
Жалпылама жүргізілетін педагогикалық тәжірибеде нашар оқушылар оқуда қалыс қалып отырады, ал оларды өз қатарымен теңестіруді көздеп жүргізілген жұмыстар артық жүк болып, жақсы нәтижеге жеткізбейді.
Технологияның басты мұраты- заттарды салыстыра отырып, тұжырымдар жасау арқылы, деңгейлік топтау және құрастыру тапсырмалары арқылы баланың байқағыштығы мен ой- өрісін, практикалық икемділіктерін дамыту.
Негізгі қағидалары:
1) Тегориялық білімнің жетекші ролі.
2) Баланың оқу барысын түсінуі.
3) Жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту.
4) Барынша тез алға жылжыту.
5) Бар баланы жан- жақты дамыту.
Басты құрал- деңгейлік тапсырмалар.
Зерттеулер көрсеткендей, балалардың сабақтағы белсенділігі мен дербестігі екі есеге дейін артады, үздіктер мен оқу екпінділері саны оқу жылы ішінде 1,5 есеге артады.
Бұл теориямен оқыту бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор мүмкінділік береді.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті- оқу материалы мазмұнын оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру, іс- әрекет дайын түрде көрсету емес, оқушымен бірлесе, жалпы іс- әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған мақсаттарды түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Жалпы алғанда, оқу мазмұнының мақсаты оқушының қабілеттілігі мен табиғи алғырлығын, ынтасын дамыту, мүддесі мен қызығушылығымен жүзеге асыруын қамтамасыз ету, шығармашылық ойын қалыптастыруға қажетті білім, білік және дағдылармен қаруландыру арқылы кез-келген сапалы қызмет етуге және тез өзгеріп отыратын заман талабына бейімделе алатын түлекті тәрбиелеу.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым- қатынас етуге ықпал етеді. Қарым- қатынас жасау барысында. Жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат- міндеттерді жүзеге асырып, қорытынды талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелкр арқылы өзіндік даму жүйеге асады. Соның негізінде өзіндік тану, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады.
Баланы есепті шығаруға үйрету ең қиын әрі күрделі мәселе деген сөздер жиі кездеседі. Әсіресе, қазіргі жаңа буын оқулықтарындағы есептерді шығаруға келгенде оқушы түгіл кейбір ұстаздардың да қиналып қалар жағдайы бар. Ал балалардың ата- аналары болса ол есептерді тіптен түсініксіз деп есептейді. Осы орайда бастауыш мектеп мұғалімдеріне есеп термині- орындалуға, шешілуге тиісті, пайымдау, есептеу арқылы орындалатын жаттығу, зерттеуді және шешуді талап ететін күрделі мәселе дегенді білдіретіндігін еркеру өте маңызды. Әсіресе, оқу үрдісіндегі есеп оқушылардың таным белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен берілген талаптарды ескеру тиістігіне баса назар аудару қажет.
Сонымен кез- келген математикалық тапсырма немесе есепте оның шартын талдап (белгісіз және белгілі шамаларды анықтап, олардың арасындағы байланысты тағайындау) оны шығару әдістерін анықтау маңызды. Содан кейінгі кезекте сол есептің шығарылуына талдау жасап, оны шығардың басқа да тәсілдері барма, соған көңіл бөлінеді. Егер де осы айтылғандар сабақ барысында толығымен орындалса, онда оқушылардың математикаға деген көзқарасы, ата- аналарының да математика пәні туралы ой- пікірлері оң болады. Өйткені оқушы сабақта белсенді болып, үй тапсырмасын орындауға қиындықтарға ұшырмас еді. Бастауыш мектеп математика курсы оқулықтарында: Берілген есепке кері есеп құрастыр және оны шығар, Теңдеуқұр және оны шығар, Не байқадың?, Шығару жолын салыстыр т.с.с. тапсырмалар берілген және олар оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс іздеуіне, белсенді болуына, ойлауға көмек береді. Сол себепті осы тапсырмаларды сабақ барысында толық орындату өте маңызды.
Сондай- ақ берілген есептерді түрлі тәсілдермен шығаруға, оқушылардың зерттеушілікпен жұмыс жасауына мүмкіндік берген жөн.
Мысалы, Екі қорап ойыншық сатып алып, оның біріншісінде 32, екіншісінде 22 ойыншық бар. Екінші қораптағы ойыншықтар біріншіге қарағанда 100 теңгеге арзанға түсті. Екі қораптың әрқайсысы үшін қанша төленген?
Саны Құны
32 ?
22 ?100т {
Арифметикалық тәсіл
І тәсіл.
32-22= 10- бірінші қораптағы артық ойыншықтар саны.
100:10= 10(теңге)- бір ойыншықтың құны.
32*10= 320 (теңге)- бірінші қорап үшін төленген ақша.
2210= 220 (теңге)- екінші қорап үшін төленген ақша.
II тәсіл
32-22= 10- бірінші қораптағы артық ойыншықтар саны.
100:10= 10 (теңге)- бір ойыншықтың құны.
32*10= 320 (теңге)- бірінші қорап үшін төленген ақша.
320-100= 220 (теңге)- екінші қорап үшін төленген ақша.
III тәсіл
32-22= 10- бірінші қораптағы ойыншықтар саны.
100:10= 10 (теңге)- бір ойыншықтың құны.
32*10= 320 (теңге)- бірінші қорап үшін төленген
320-100= 220 (теңге)- екінші қорап үшін төленген сома.
Алгебралық тәсіл
І тәсіл
32(x-100)= 22
32x-22x= 3200
10x= 3200
x= 320(теңге)- Бірінші қорап үшін төленген ақша
320-100= 220(теңге)- Екінші қорап үшін төленген ақша.
II тәсіл
32x= 22(x+100)
32x= 22x+2200
32x-22x= 2200
10x= 2200
x= 220 (теңге)- Екінші қорап үшін төленген ақша
220+100= 320 (теңге)- Бірінші қорап үшін төленген ақша
III тәсіл
32x-22x= 100
10x= 100
x= 10 (теңге)- Бір ойыншықтың құны
32*10= 320 (теңге)- Бірінші қорап үшін төленген
22*10= 220 (теңге)- Екінші қорап үшін төленген
Бұл тапсырманы орындау оқушылардың ғылыми таным әдістерін қолданары сөзсіз. Себебі, алғашқыда балалар есептің шартын мұқият болып, ондағы заңдылықтарды анықтау арқылы бақылауды орындайды. Өйткені, бақылау зерттелетін обьектілерді мақсатты және жүйелі түрде өабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Сонан соң салыстыру жүргізіледі. Яғни объектілердің (қораптағы ойыншықтар) ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тағайындайды. Сондай- ақ оқушылар есептің шартындағы екі қораптың бір- бірінен айырмашылығына көңіл бөліп, артық ойыншықтар санын және әрбір ойыншықтың құнын анықтайды. Содан әрбір қорап үшін қанша ақша төленгенін табуға мүмкіндік туады (анализ және синтез). Және де аналогия элементтерін қолдану арқылы есептің басқа да шығару тәсілдерін іздестіреді.
Әрине, оқушы жоғарыдағы көрсетілген тәсілдер бойынша есептерді түрлі тәсілмен шығарып, таным әдістерін қолдана білуі үшін мұғалімнің өзі соған дайын болуы қажет. Олмектеп математика курсын оқытудағы ғылыми таным әдістері толық меңгеріп, оқушылары соған үйрете алған жағдайда ғана математика пәнін түсіну қиын деген ой болары сөзсіз. Сонда ғана оқушылар сабақта белсенді болып өз еңбегінен қанағат ала алады.
Бастауыш сыныпта өзіндік танымды қалыптастыру бағытында оқушыларды қызықтырып өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қорытынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы зор. Ол үшін әр түрлі өз бетінше орындалатын қызықты тапсырмалар беру керек. Мысалы: 1-сыныпта математика пәнінде мынадай тапсырмаларды қолдануға болады.
Шығармашылық тапсырмалар:
1. Оқушылардың дүниетанымдық ой- өрісін кеңейте түсу және санды иеңдік құрастырумен байланысты іс- әрекеттер орындай білуге машықтандыра түсу.
2. Балықшы шабақ, шортан және сазан аулады. Шортанды шабақтан бқрын, ал шабаөтв сазаннан бұрын ұстады. Ең алдымен қандай балық ұсталды? Ең соңында ше? Шортанды ұстады ма, әлде сазанды бұрын ұстады ма?
Жауаубы: Балықшы алдымен шортан, сонан соң шабақ, соңында сазан ұстады.
3. Ойлан, тап: 3+42
Теңсіздікке + немесе - таңбаларын қойып, әйнекшеге сан қою арқылы шығарылады.
Жауабы: 3+42+6
4. Асқар мен Талғаттың және Дәулеттің әкелері дәрігер, мұғалім. Ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?
Жауабы: Асқардың әкесі дәрігер, Талғаттың әкесі ұшқыш, Дәулеттің әкесі мұғалім.
5. Оңнан оқысаң да- сол сан, солынан оқысаң да- сол сан. Ол қандай екі таңбалы сан?
Жауабы: қырық.
6. Ойлан, тап: ( 11 2) =3
Осындай әртүрлі қызықты тапсырмалар оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырады. Оқушы бойында өзіндік танымды қалыптастыруға тек қана курстар ғана емес, сонымен қатар оқыту үрдісінде де жүзеге асырған өте тиімді. Себебі, балалар әр сабақта, әр тақырыпта өзін- өзі жетілдіріп отырады. Бұны жүзеге асыруда жаңартылған оқытудың әдістерінің маңызы зор.
Жаңартылған оқытудың әдістері әр түрлі іс- әрекетке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлеп саралап оқыту жайлы мәлімет
Оқыту түрлері және құрылымы
Оқыту түрлерін анықтау
Оқытудың негізгі түрлері. Міндетті оқыту
Педагогикалық диагностика және оқытудың түрлері
Бағдарламалап оқыту технологиясы
Оқыту теориясы және түрлері
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары
Оқытудың модульдік оқыту технологиясы
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізі
Пәндер