Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге болуі


Жоспар
I. Кіріспе3
II. Негізгі бӨлім. . 5
1) Қогамдық құрылысы
2) Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге
болуі
3) Мемлекеттік құрылысы.
4) Үндістаннын патшасы.
5) Сот.
6) Ежелгі Үндістандағы кұкык
7) Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы
8) Мұрагерлік құқык.
9) Қылмыс пен жаза.
10) Сот пен процесс.
III. Қорытынды27
IV. Қолданған Әдебиеттер тізімі. 28
КIРIСПЕ
Үндістан жер көлемі және халқының саны женінен ете ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекетгер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халыктарға да әсерін қатгы тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.
Үндістанның географиялық жағдайы өте күрделі және әртүрлі болатын. Үндістанның жері үлкен түбек, материк сияқты аумақты, басқа дүниеден екі мүхитпен және Гималаи тауымен белініп тұр. Түбектің ортасы-Деккан жартыаралдың ең ежелгі бөлімі. Ол джунглиден, саваннадан, таулы және тасты жерлерден тұрады, құрғақшылық жиі болуына байланысты адамның өмір сүруіне қолайсыз еді. Адамдардың тұруына ең жақсы, пайдаға асатын жерлер Үндістанның батыс-солтүстік жағындағы Инд және Ганг өзендерінің арасында орналасқан аллювиалды тегіс алқаптар. Суы мол, жерлері құнарлы, климаты жұмсақ, сондықтан ежелгі кезеңнен-ақ осында ірі мемлекеттер пайда болды.
Үндістанның халқы ұлттық жағынан алуан түрлі болатын. XX ғасырдагы ресми есеп бойынша Үндістанда 220 тіл бар екен. Үндістанның негізгі халқы аласа бойлы, қара түсті "дравидтер" деген тайпалар. Олар Үндістанның орта жөне оңтүстік жағына орналасқан болатын. Тарихшылар дравидтерден де бұрын тұрған тайпалар "мунда" деп санайды. Бұл тайпалар орталық провинцияларда, Гималаи және Чото-Нагпур деген жерде тұрған. Олар Үндістанның орта және оңтүстік жағына орналасқан.
Бұл кезенде Үндістанда дравидтердің тайпалары тұрғанын айтып еттік. Олар тауда және джунглиде тұратын қарабайыр топтарға бөлінеді. Арийлер басып алғаннан бұрын оларда өркениетгіліктің көптеген белгілері болатын: сәнді қалалар салынып, сауда дамыған еді, алыс мемлекеттермен де сауда жүргізілетін.
Біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжыддықта дравидте және Памир тауларынан түскен ақ тайпалар басып алып, олар Пенджаб және Ганг өзендерінің жоғары бассейніне орналасты. Осы тайпаларды арийлер деп атайды, арийлер дегеніміз ақсүйек, жақсы тұқым деп аударылады. Дравидтерді олар "дасью" деп атаған.
Осы айтқан тайпалар ғасырлар бойы көшпелі өмір сүріп, көбінесе мал бағумен айналысты. Арийлер егін шаруашылығымен де шұғылданған. Олардың күріш, күнжіт және арпа отырғызғаны белгілі. Мақтадан мата тоқу, ыдыс-аяқ жасау, қола мен темірден қару согу кәсіптерінің дамығаны анық. Егін шаруашылығының, қолөнер және мал өсірудің дамуы бірте-бірте сауданың пайда болуына әкелді.
Арийлер басып алғаннан кейін Үндістанда ауыл қауымы болғаны белгілі, ол алдымен отбасы қауымы болды да, соңынан қоныс қауымына айналып кетті. Бұл қауымдарды "вишпатья" деген старосталар, және "сабха", "самити" деген кеңес басқарды.
Үндістан жеріндегі отбасылар патриархалдық топқа жататын. Мүлік және билік тек қана өкесінің қолында жиналған еді. Әкесінің билігі кейін үлкен баласының қолына өтетін. Жер қауымның да, жан ұясының да меншігі бола алады.
II. Негізгі бӨлім
1) Қогамдық құрылысы
Ежелгі Үндістанның әлдеқашаннан келе жатқан әлеуметтік-таптық жүйесі касталарға, готраларға белінеді. "Каста" португал тілінен шыққан сөз, ол тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері әр түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсіменде белтіленген. Касталар бір аудандағы туыскан адамдар, жалпы мамандығы да, діни әдеттері мен әлеуметгік деңгейіне де бірдей болған.
Касталарға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары үш каста-екітуған, "двиджати", "движати-ариас". Жоғары касталар үстемдік жасауға жөне жеңілдіктерге ие болуға құқылы.
Брахмандар. Пуруши деген алғашқы адамның ауызынан жаратылған. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне жөне езгеге арнап садақа үлестіру жөне садақа алу ісін құдай брахманға белгілеген. Ману зандарының 96-бабында (бірінші тарау) былай делінген: "Тірі нөрселердің бәрінің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар болып саналады".
Бағыныштыларын қорғау, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін ілімін оқыптану істерін құдай кшатрийге белгіледі. Кшатрий Пурушидің қолынан жаратылған. Тек кшатрийлер қарулануға құқығы бар.
Вайшийлер. Мал бағуды, үлестіруді, құдайы құрбандық шалуды, дін ілімін оқып үйренуді, саудамен жер ендеуді құдай вайшийге көрсетті. Сонымен, бүкіл пайдалы жұмысты бейшилер істейтін болды. Олар Пурушидің санынан жаратылған, олар қауымның толық құқығы бар қарапайым мүшесі.
Ең төменгі төртінші каста-шудралар, олар бір рет туғанға жатады және Пурушидің табанынан жаратылған, сондықтан тек қана жоғары үш варнаға аянбай қызмет кылуға тиісті. Шудралар ең лас жерде жүретін адамдар. Шудралар қауымның теңсіз мүшесі.
Касталардың арасындағы теңсіздікті Ежелгі Үндістанның білімпаздары табиғаттың адамдарды біркелкі жаратпауынан деп түсіндіреді. Шудралар "инициация" әдетінен өтпейді, неге десек, олар қауымға қарсы шығатын бөтен адамдардан құралған, қауымның көмегінен айырылған, жерін жоғалткан, яғни тәуелді әрі толық құқығы жоқ тайпалардың өкілдерінен тұратын. Инициация әдетінен өтпегеннен кейін олар тек қана бір рет туды деп саналады. Шудраларға қасиетті Веда кітаптарын оқуға тыйым салынды. Олардың кейбір діни салыстар мен қоғамдық мерекелерге қатысуға да құқығы болмайтын еді. Сонымен бірге жер иеленуге, жоғарғы екімет аппаратында қызметке тұруға құқығы жоқ. Үндістанның сословиелік бөлінуі ете мықты және айқын болатын. Жоғары топтар сословиелік-касталық белінуді пайдаланып, өздерінің құқықтарын қорғап, өзара ынтымақта өмір сүрді. Үндістанның этникалық ала шұбарлығында, мемлекеттер бірігіп және ыдырап жатқан жағдайда қасталық жүйесі, олардың топтық сословиелік бірлігін кррғады.
Қасталардың арасында мықты шекара құрылған. Тек қана езінің кастасынан шыққан адаммен ғана некелесу шарт. Екі рет туғандар алғашқы некеге әйелді өзінің варнасынан алады, ал екінші некеге тұрғанда теменгі кастадан (бір каста төме"н) әйел алуға болады (3-тарау, 13-бап) . Брахманның баласы шудрадан өйел алса немесе шудраның әйелі одан бала тапса, брахман өзінің брахман атағынан айырылады және оның баласы чандал болып саналады. Ману заңдарында өке - шешесін сыйлайтын, жақсы адам болатын бала тек қана екі жағы бір біріне тец некеден туатын балалар деп айтылады.
Ақсүйектер мен құлдардың арасындағы шекара өте терең. Брахманға тиіскен адамның тиген жері кесіліп алынуға тиісті. Брахмандар елім жазасына кесілмейді, оларға тартылатын ең ауыр жаза - шашын алу. Әлемдегі бар нәрселер түгелдей брахмандардың меншігі болып табылады, туған кездегідей мәртебесінің жоғары болуына байланысты тек брахман ғана осының бәріне құқылы, -делінген 100-багіта. (Ману зандары. 1-тарау) . Брахман шудраны олтірсе оған тск қана тазарту жазасы кесіледі, өйткені шудраиың өмірі иттің, мысықтың, қарганың еміріне тең болын саналған. Шудра брахманды жамавдаса немесе абыздың жүріс-тұрысы туралы жаман сөз айтса, оның ауызына ені он бармақ ыстық темір тығады. Каста жүйесі рулық ақсүйектердің және арийлердің тазалығын енгізгені түсінікті. Екі түрлі касталардың және басқалардың бір біріне қарыздары болатын болса, төменгі касталардың өкілдерін қарызы үшін құлдыққа айналдыру салтқа енгізген. Ал жоғары қастаның екілдері қарызын бөліп төлеуге құқығы болатын. Брахмандардың меншігін ешкім, тіпті патша да тартып ала алмайды. Брахмандардың патшаға ақыл-кеңес айтуға құқығы бар, патша оларға сыйлық беруге міндетті.
Кшатрийлер бүкіл халықты қорғау үшін туған. Брахмандар мен кшатрийлер тату тұрып, бір біріне квмектесетін болса, бақытқа жетеді. Патша негізінен кшатрийлердің кастасынан шығуы тиіс.
Құлдар. Құлдықтың басты кездері: соғыс кезінде тұтқынға түсу, қарызын бере алмай құлдыққа түсу, қылмыс істегені үшін құлдыққа түсу болып саналады.
Чандалдар. Қоғамдық сатының ең төменгі бөлегінде чандалдар жатады. Чандалдардың үйлері бәрінен де бөлек орналасқан, өздері көшпелі-өмір сүреді. Олардың қоғамдық құдықты, басқа да жалпы жерлерді пайдалануға құқықтары болмайтын, кешеге шыға алмайтын, олардың бар дүниесі ит пен есек, киетіндері елген адамдардың киімі. Чандалдар бір жерде тұрақты тұрмауы керек, жүрт үйықтап жатқанда қалада жүрмсуі керек.
2) Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге
болуі
Ежелгі Үндістанның мемлекет және құқық тарихының негізгі кезендері мыналар боп саналады:
1. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, құл иеленушілік құрылыстың, құл иеленушілік мемлекеттің пайда болу кезеңі;
2. Ганга және Үнді жазықтығындағы құл иеленушілік мемлекеттер;
3. Маурьялардың орталықтанған мемлекеті;
4. Үнді мемлекетіндегі дағдарыс және феодалдану.
Бұлардың әрқайсысына кысқаша тоқталып етер болсақ, бірінші кезеңі шамамен екінші мыңжылдықтың екінші жартысына жатады. Үндістанға басып кірген арийлерде бұл уақытта әлі патриархат сатысындағы рулық кұрылыс қалыптасты. Бұл құрылыстың негізгі ұйымдары "рулық одақ" кана болды (латын тілінде'"ру", бұл сөзден славяндардың "әйел" деген сөзі шыққан) .
3) Мемлекеттік құрылысы.
Үндістанның саяси тарихы біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдыққа таман зерттеле бастады.
IV-ғасырда Солтүстік Үндістанда бірнеше мемлекеттер пайда болды:
олардың арасындағы ең ірілері Магадха мен Кошала. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда олардың арасында үстемдік үшін қым-қиғаш күрес болды. VI-ғасырда Үндістанның патшалықтары Парсының Ахеменидтер басқарған мемлекетімен араласып, тығыз қарым-қатынас құрды. Парсының Дарий патшасы Үндістанның сатраптарына салык телетіп тұратын. V-ғасырда Магадха патшалығы Кошала мемлекетін өзіне бағындырып, Гималаи мен Ганітың ортасындағы аудандардың бәрін басып алды. Бұл кезең Магадха патшалығының гулденген уақыты еді.
327-жылы А. Македонский жүз мың әскерін бастап шығыскд қарай бет алды. Мақсаты - Азия мемлекеттерін өзіне бағындыру. Оның әскерлері Никея деген қаладан шығып, Согдиана мен Бактриядан етіп, Қабылдың жанынан өтіп Үндістанның батыс-солтүстігіне шықты. Бұрын Парсы патшаларына бағынған Гандхара тайпасы Александрға қосылды. Пуру мемлекетінің Пор деген патшасы Македонскийге ерекше қарсылық көрсеткені мәлім. Александр 12000 адамды өлтіріп, Гифазис-деген өзенге дейін жетті. Содан кейін әскерлері әрі жүргісі келгей, қарсылық көрсеткеннен кейін, ол кейін қарай бұрылды. Әскердің бір жартысын ол теңізбен отанына жіберіп, бір бөлегін езі баскарып, Гедрозия құмдарымен алып кетеді. Кейбір гарнизондарды Үндістанда қалдырады.
А. Македонский жорығының дүниежүзілік тарихтағы маңызы бөлек. Оның басып алушылық соғыстары екі түрлі мәдениетті, эллинистік сияқты батыс - шығыстың мәдениеттерін қосты. Македонский кеткеннен кейін Үндістанда ұлттық бостандық алу қозғалысы басталды. Оны Чандрагупта деген ешкімге белгісіз адам басқарды. Біреулер оны шудра дейді, біреулер патшаның тұқымы деп санайды. 318 жылы Чаидрагупта солтүстік Үндістанды өзіне бағындырып ірі мемлекет құрып, ол қазіргі Ауғанстанның, солтүстік Үндістанның және Белужстанның жерлерін біріктірді. Чандрагуптаның ісін оның Биндусара деген баласы және Ашока деген немересі жалғастырды. Ашока әкесінен қалған мемлекетті күшейтіп, жаңадан көптеген қалалар салды, жер суаратын жүйелерді нығайтш. Ол мемлекетгі басқарған кезенде мемлекеттік аппарат бір орталыққа бағынды, бюрократиялық процестер күшейіп, патшаның сарайы бәрін басқаратын болды. Ішхі және сыртқы сауда қызды. Оңтүстік Үндістан Тамила, Бирма, Сирия және Египетпен сауда жүргізді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 563-жылы Үндістанда Будда туды. Будда-Сидхартха Гаутама Будда атақты бай рудан шыкқан. Ол 29 жасқа келгенде адамдардың өмірі, тіршілігі туралы ойланып түсінгісі келеді. Гаутама қалған өмірін аштықта, терең ойда өткізген. Өзінің шығарған философиясымен ағарту жұмысын дамытып, адамдарға түсіндіргісі келді. Онъщ пікірінше, әрбір адам Нирванаға (жарықтану, жарық болу) жету үшін әділетті, дұрыс өмір сүруі керек. 483 жылы Будда қайтыс болғаинан кейін осы буддизм діні Үндістанға және басқа да шығыс мемлекеттерше тарады. Ашока буддизм дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Ашокадан кейінгі кезең, буддизмнің алтын ғасыры. Бірақ 183 жылы
Пушьямирита Шунга Маурья тұқымының соңғы императорынан билікті тартып алғаннан кейін Үндістанға индуизм діиі қайтып келді. Бірақ біздің дәуірдің бірінші ғасырының соңывда Кушан империясы қайтадан буддизм дінін таратты. Буддизм діні бүкіл Азия мемлекеттеріне тарап, сол елдердің әдетгерімен, жергілікті діндерімен араласып, бірте-бірте кушйе-бердь Қазір буддистердің саны 500 миллионнан көп.
Ашока елгеннен кейін Үндістан мемлекеті ыдырап кетті де, оның туқымдары тек қана Магадха мемлекетінде үстемдігін сақтап қадды.
Үндістанның мемлекеттік қурылысы монархияға жатады. Бірақ бұл монархияның өзіне тән ерекшеліктері едәуір.
4) Үндістаннын патшасы.
Патша кшатрий кастасынан ғана шығып отырған. Түсінік бойынша кшатрий құдайдың тұқымы, құдай оны осы жердің адамдарының бәрін сақтап қалу үшін шығарған. Патша от, жел, күн жөне ай, өділеттік соттың бастығы, ол ең жоғары адам. Бірақ Ману зандары бойынша патшаның құқықтары шектеулі, ол бір жағынан брахмандардың берген ақыддарын тындауы керек, екінші жағынан ол кейбір талаптарға сәйкес болуға тиісті.
Ману зандары бойынша патша сұлу, кемшілігі жоқ, брахмандардың жеке меншігін сыйлайтын және олардың ақылдарын алатын адам. Ману зандарының 7 тараудың 11-бабында былай делінген: "Ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша тез арада ағайын-туысқандарымен бірге елден және өмірден айырылады". Патша езінің патшалығын қорғау үшін батыр адам болуға тиісті. Патша сот ісін басқарады, жаза кеседі, салық жинайды, бұның бәрі бірге "стхана" деп аталады. Брахмандарды сыйлау, халықты қорғау, соғыста батырлық көрсету сияқты әдістер патшаны шаттыққа кенелтуі тиіс. Патшаның жаман мінез-құлықтан: сөз тасудан, күштеуден, озбырлықтан, етірікшіліктен, араздықтан, меншік құқығын бұзудан, сезбен қорлаудан және таяқпен күш көрсетуден аулақ болуы шарт.
Жоғарғы қызметкерлерді патша рулық ақсүйектерден тағайындайтын. Үндістанның шексіз деспотиясы ежелгі каста жүйесімінде қажеты байланысты болатын. Патша 7-8 министрді тағайындайтын, олар патшаның малайлары болып саналады.
Мемлекеттің ежелгі кезеңінде патша өскери және сот ведомстволарын кұрды. Патшаның негізгі көмек беретін ұйымдарының бірі - өскер. Ол төртке бөлінеді: жаяу өскер, атты әскер, пілдер жөне доңғалақшалар. Ол кездегі Үндістан әскерінің негізгі күштері пілдер мен доңғалақшалар. Пілдерді Үндістанның халқы ең бірінші болып үйреткен және пайдаланған. Бейбітшілік кезеңде әскерлер ауылдардың арасында орналасқан. Соғыс кезінде әскерді баю үшін пайдаланатын еді. Веда зандарының мөтіндерінде былай делінген: соғыс кезінде тапқан табыстың бір бөлегін патша өскерлердің арасында белуге тиісті (Ману зандары, 7-бап) . Әскерді патшаның өзі басқарды, сондықтан тапқан табыстың көбін өзіне қалдырды. Әскери қызметкер кшатрийге жататын, бұл касталық әскер болатын. Кшатрийден басқа қасталар қаруды тек қана ұлы апат, ауыртпашылыктар кезінде ғана ұстауға құқылы болатын. Армия қоғамдық тәртіпті де қорғайтын еді.
Үндістанның патшасы қолына сот функцияларын да жинақтады. Ману зандарында бұл туралы былай делшген: Патша жазаны өзі кеспесе, күштілер әлсіздерді балық сияқты куырып жейді. Тәртіп болу үшін патша сот қызметін жүргізуі керек. Ману заңдары бойынша сот қызметі брахмандарды және кшатрийлерді қорғау үшін жүзеге асатын.
Патша мемлекеттік мүлікті басқарады және дхарманың қорғаушысы болып саналады.
Идеологиялық қызмет брахмандардың қолында болатын. Жалпы мемлекет құрылғаннан кейін Үндістанның халқы бір құдайға сенетін болды. Бір құдайға сену праджапи деп аталады. Тек брахмандар ғана қасиетті Веда деген кітапты оқып, діни әдеттерді орындауды басқарды, садақа берді жөне садақа жинады. Патшаның қызметкерлері орталық және жергілікті басқару қызметкерлеріне бөлінді.
Патшаға ақыл, кеңес беретін жоғары кызметкерлер жеке тұратын. Патша кеңесі матрипаришад деп аталды. Бұған қызметкерлерімен қатар қалалардың екілдері кіретін. Маурья империясы құрылған кезде басқарудың бері солардың қолында жинақталған еді. Патша шаруашылығын жүргізетін кызметкерлер жайлауларды, патша сарайын, қазынасын жөне салық жинауды басқаратын. Ману зандары бұл адамдар туралы былай дейді: олар өділетті, ақылды жөне мықты болуга тиісті. Қызметкерлердің арасындағы ең басшысы салық жинаушы, басшы қазынаны басқарушы және сенопати-әскер басшысы болып бөлінді. Бұлардан басқа жоғары абыз-пурохита, жоғарғы сот қызметкерлері және балалардың бас тәрбиешісі де жоғарғы қызметкерлерге жататын. Патшаның көптеген құпия жансыздары болатын. Олар инспекторлық әрі тыңшылық міндеттерін де орындайтын, патша оларды күні-түні қабылдайтын еді.
Маурья империясының жергілікті басқаруы өте күрделі болатын. Тікелей патшаның езіне жерлердің бір белегі ғана бағынатын еді. Тұтас патшалық провинцияға бөлінді, оларды патшаның туысқандары басқаратын. Провинцияның басшысы салық жинады, тәртіпті қарғады және құрылыс жұмыстарын жүргізді. Провинпиялар округтерге бөлініп, оларды округтің бастығы баскарды. Ол грамика деп аталды. Қауымдағы салық жинау, тәртіп қорғау, кемек беру міндеттері соның мойнында болатын. Қауымның жер суару, діни мерекелерін өткізу, тонаушылардан қорғау мәселелерін олар халық жиналысында қосымша шешетін еді. Ал жерді сату, жер учаскелерінің шекарасын өзгертуді ақсақалдардың кеңесі шешіп отырды.
5) Сот.
Үндістанның соты патша және қоғамдағы соттар болып екіге бөлінетін. Қауымның соттары каста бойынша құрылған. Олар қауымның арасындағы істердің кепшілігін ездері қарайтын. Он ауылға бір сот жұмыс істейтін. Ол үш адамнан тұратын еді. Қалалардың әкімдері қылмыскерлерге карсы күресті күшейтті. Оларды ұстап, іздеп, түрмеге салу да олардың міндетгеріне жататын еді. Жоғарғы сотгы патшаның өзі басқарды. Ол брахмандармен және тәжірибелі ақылшыларымен біріктіріп "сабха" деген сот алқасын құрды. Патшаның жыл сайын кешірім жариялауға құқығы болатын.
6) Ежелгі Үндістандағы кұкык
Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сез қозғамас бұрын ежелгі кезде "Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сөз болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда (мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сез кездеседі. Бұл еөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған төрізді. Үнді мифологиясыңца Үндістан - түбегі "Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған.
"Үндістан" сөзі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі езен атынан шыққан. Үнділердің өздері оны "Синдху", ирандықтар "Хинду", гректер "Индос", ал оның жағалауы тұрғындарын "индтер" деп атаған. "Үндістан" (Индия) сөзінің астарында "индтер елі" немесе "үнділер өлкесі" деген мағына жатыр.
Ежелгі Үндістанның мемлекеті мен құқығында Ежелгі Шығыстың бүкіл құл иеленушілік мемлекеттеріне тән типтік белгілермен қоса біраз өзгешеліктер де бар. Ол өзгешеліктерге қоғамның касталық құрылымы жатады. Бұл құрылым мемлекеттік белгі ретінде бүгінгі күнге дейін сақталған. Сол сияқты Үндістанда ұзақ уақытқа дейін селолық (ауылдық) қауымдық белгілері сақталып қалған.
Елі және халқы. Ежелгі Үндістанның мемлекеті "Үндістан" деп аталатын орасан үлкен түбектің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганга өзендерінің мал және егін шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы жағалауларында орналасты. Бұл аудандарда бұрыннан байқалған су таішшлығы ерте кезден бастап-ақ суармалы жүйе жасауды қажет етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz