Шымкент қаласы тарихшы мамандарының кәсіби деңгейі


Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының мәртебесі (Шымкент қаласы мектептері негізінде)
Жоспар
Кіріспе . . .
І. Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының әлеуметтік статусы . . .
1. 1. Жалпы білім саласының әлеуметтік-статистикалық сипаттамасы . . . . .
1. 2. Кәсіби-тарихшы мамандарының қоғам структурасындағы әлеуметтік орны . . .
ІІ. Шымкент қаласы тарихшы мамандарының кәсіби деңгейі . . . .
2. 1. Тарихты оқытудың негізгі проблемалары мен бағыттары . . .
2. 2. Кәсіби тарихшы мамандарының іс тәжірибелік және ғылыми зерттеулері . . .
Қорытынды . . .
Сілтемелер тізімі . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Ел президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” атты халыққа жолдауында мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік ұзақ мерзімді басымдықтар қатарында ерекше орында білімнің аталуы да сондықтан. Өйткені адамзат тарихы тағылымы осыны дәлелдеп отыр. Мәселен, АҚШ-тың “Америка 2000 білімді дамыту стратегиясы” ұлттық бағдарламасындағы мемлекет дамуының ең басты құралы экономика да, нарық та, құқық та, жекеменшік те, әскери күш-қуат та емес, тек қана жаңа сипаттағы білім беру жүйесі болып саналатыны баса айтылған.
Білім қадірін біздің халқымыз ерте түсінген. “Бақыт жолы тек білім мен табылар” дейді Ахмет Игунеки бабамыз. Ал іргелі мемлекет болашағы мен өскелең өркениет өзегі бастау бұлағын мектептен алатындығы даусыз. Себебі - мектеп бұл - қоғамның әлеуметтік институты. Оны қоғамға қажет нәтиже беріп, оның мүддесіне қызмет көрсете алатын кадр даярлау үшін құрады. Сондықтан қай заманда қандай қоғамда болсын, мектептегі білім, тәрбие беру ең алдымен, осы қоғамның мүддесінен туындайтын әлеуметтік сұранысқа қарай қызмет көрсету бағытын ұстанады. Он жылдан астам уақытта білім беру саласында іске асырылған стратегиялық шаралардың нәтижелері - мұғалімдердің тәжірибелерінен қорытындыланып, тұжырымдалған еді. Жарық көрген ғылыми жұмыстар жалпы педагогикалық және методикалық бағыттар бойынша жүргізілген еді.
Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Шымкент қаласы мектептері алынды. Зерттеу барысында мектептердің дәрежесі ескерілді.
Жұмыстың мақсаты: Шымкент қаласы кәсіби тарихшы мамандарының мәртебесін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері: 1. Жалпы Оңтүстік Қазақстандағы 1999 жылғы демографиялық санақ бойынша халықтардың санын, білім деңгейін, жасы мен жыныс жағынан зерттеу.
2. Шымкент қаласы мектептерінің саны мен құрамын анықтау.
3. Тарихшы мамандарының әлеуметтік-статискалық орны мен дәрежесін көрсету.
4. Тарихты оқытудың негізгі проблемалары мен бағыттарын көрсету.
5. Кәсіби тарихшы мамандарының педагогикалық іс-тәжірибесінің жетістіктері мен ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары.
Жұмыстың дерек көзі:
1. Облыстық статистикалық басқармасының статистикалық жылнамасы. 2000-2004 ж. 1 (18, 41 б. )
2. Итоги переписи население 1999 года по Южно -Казахстанской области том І, ІІ 2 (1, 21б. )
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архив материалдары 3 (19, Фонд -176, опись -5, Связка - 6, 7 )
4. Оңтүстік Қазақстан үздіксіз білім жетілдіру институтының Шымкент қаласы мектептері бойынша мәліметтер 4 ( 20, 3-31б. )
5. Шымкент қалалық білім департаментінің материалдары 5 (23, Папка-4, 7 -18 б. )
Тақырыптың зерттеліну деңгейі (тарихнамасы) :
Қазіргі тарих ғылымына қойылатын талапқа қарай зерттеу мәселесі бойынша тарихнамалық еңбектер мен мақалаларды үш топқа бөліп сыныптауға болады. Бірінші топтағы еңбектерге - тарихи еңбектер мәселен, Ахмет Әділ “Білім бізді бақытқа бастайды” деген мақаласында білімнің күші оның құдіреттігі жайлы айтылады. Әрбір кезеңде адамзат баласына білімнің өте қажетті екені баяндалады. 6 (5, 21б. )
Баймолдаевтың “Қазақ мектебі қайтсе көркейеді” атты мақаласында ұлт мектептерін дамыту жұмыстары қарастырылған. 7 (9, 19б. )
Екінші мәселе бойынша тарихты оқыту әдістемесі және технологиясына қатысты авторлардың мақалаларын жатқызуымызға болады. Шәмші Беркімбаева “Оқулықсыз өркендеу жоқ” атты мақаласында қазіргі таңдағы қоғамтану және тарих пәндерінің жағдайы сипатталған. Мектеп оқулықтарын жазу барысында кеткен қателіктер жайлы проблемалар қарастырылған. 8 (11,
7-8б. )
Алматы қаласында өткен дөңгелек үстелде тарихшы ұстаздар “Жас тарихшы - жарқын болашаққа” деген тақырыпта тарихты қалай дұрыс оқыту әдістері жайлы өз ойларын ортаға салды. Тотай Тұрлығұл тарих пәнін оқытуда ер азаматтардың беделін айрықша атап көрсетеді, ал Қайыркен Құнапина трих пәнін оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарды сынайды. 9 (22, 81-82б. )
Үшінші мәселе бойынша озат тарихшы мұғалімдердің тәжірибесі туралы Асқарбаева “Ұстаз ізденістері озат мұғалімдер жайлы” атты еңбегінде қарастырады. 10 (3, 67б. )
Өкінішке орай Шымкент қаласындағы мектептердің озат тарихшы мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен мәртебесі жайлы ғылыми зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін толық зерттелінбеген. Сол себептен тақырыпқа байланысты мәліметтер Шымкент қалалық білім департаментінен және Оңтүстік Қазақстан үздіксіз білім жетілдіру интитутынан алынған. 11 (23, 18б; 20, 31б. )
Жұмыстың зерттелу кезеңі: 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін.
Қолданылған зерттеу тәсілдері: Жұмыста статистикалық, нақты логикалық анализ, проблемдік мәселелер, тарихи-салыстырмалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың тәжірибелік қолдануы: Зерттеу барысында қарастырылған мәселелерді мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, білім беру департаментінде, үздіксіз білім жетілдіру институтында насихаттап пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, төрт тақырыпшадан, қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысында түрлі кестелер мен суреттер, сілтемелер тізімі мен әдебиеттер тізімі ұсынылған.
І . Оңтүстік Қазақстан кҒсіби тарихшыларының Ғлеуметтік мҒртебесі.
- Жалпы білім саласының әлеуметтік статистикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша тоғызыншы орын болса, ал халқының сан жағынан төменгі көрсеткішті көрсетеді. Адамзаттың ғаламдық проблемаларының бірі - қазіргі уақыттағы демография мәселесі. 1999 жылы Қазақстан Республикасы бойынша халық санағы жүргізіледі. Санақ бойынша Республикада 14 млн 800 мың адам тіркелді, оның ішінде қазақтар саны 8 млн-дай болған, бұл халықтың шамамен 52-53 пайызын құрайды. 12 (1, І том 7 б. )
Жалпы 1999 жылғы санақ бойынша Оңтүстік Қазақстан Облысының халықтарының саны - 1978339 адамды құрайды. Бұл Республика халық санынан шамамен 18 пайызын құрайды. Соның ішінде ерлердің саны - 975 330 адам. Яғни бұл облыс халқының - 49, 3 % құрайды, ал әйелдер саны - 103 009 адам. Бұл жалпы халықтың 50, 7% құрайды. Шымкент қаласы бойынша бұл көрсеткіш мынадай. Жалпы халықтың саны - 729 587 ерлер саны 347 786 адам, бұл Шымкент қаласы халқының (47 %) құрап отыр, және әйелдер саны 381801 адам, бұл шамамен (52%) құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1 жастан 70 жас және одан жоғары халықтардың санын 16 категорияға бөліп, мұндағы ерлер мен әйелдер санын бөліп көрсетуімізге болады. Халықтың саны жағынан көрсеткіш 5 жас пен 14 жас аралығында - 498 512 адам (25, 2 %) бар. Бұл жас аралықтарында әйелдер саны ерлерге қарағанда басымырақ болып келеді. Мәселен, ерлер саны 253965 адам (26, 1%) болса, әйелдер - 249 547 адамды (24, 4%) құрап отыр. Керісініше ең төменгі көрсеткіш 60 жас пен 70 жас және одан жоғары жас аралығында адамдар саны 138 926 адам (6, 9%) болса, олардың ішінде ерлер саны 56002 адам (5, 5%) ал, әйелдер саны ерлерге қарағанда көбірек 83321 адамды (8, 3 %)
құрайды. Міне осы және тағы басқа көрсеткіштер № 1
кестесінде көрініс алған. 13 ( 1, І том, 67бет)
Оңтүстік Қазақстан облысы халық санын жастық категорияларға бөлу
№1 кесте
%
Барлығы
1 жасқа дейін
1-4 жас
5-9 жас
10-14жас
15-19 жас
20-24 жас
25-28 жас
30-34 жас
35-38 жас
40-44 жас
45-49 жас
50-54 жас
55-59 жас
60-64жас
65-69 жас
70-жас және жоғары
1978339
44536
187140
253308
245204
196845
171944
155579
141972
139824
81
86603
52314
52566
49895
30842
58586
100
2, 3
9, 5
12, 8
12, 4
10, 0
8, 7
7, 9
7, 2
7, 1
5, 6
4, 4
2, 6
2, 6
2, 4
1, 5
3, 0
975330
22966
95449
129323
124642
99178
85775
78517
70822
68434
54250
41268
24658
24046
22765
13311
19926
100
2, 4
9, 8
13, 3
12, 8
10, 2
8, 8
8, 1
7, 3
7, 0
5, 6
4, 2
2, 5
2, 5
2, 2
1, 3
2, 0
103009
21570
91691
123985
1200562
97667
86169
77062
71150
71390
56931
45335
27656
28570
27130
17531
38660
100
2, 2
9, 1
12, 4
12, 0
9, 7
8, 6
7, 7
7, 1
7, 1
5, 7
4, 5
2, 8
2, 8
1, 7
2, 7
3, 9
Шымкент қаласы бойынша халықтың жалпы саны 729587 адам. Бұл облыс халқының 36, 8 пайызын құрайды. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер сияқты Шымкент қаласы халықтарын да жас ерекшеліктеріне қарай 16 категорияға бөледі. 5жастан 14 жас аралығында халық саны ең жоғарғы көрсеткіш 168258 адамды құрайды. (23, 1 %) және бұл жас аралығында ерлердің саны әйелдерге қарағанда жоары. 858 95 адам (24, 7 % ) ал ең төменгі
көрсеткіш 1 жасқа дейігі халық саны, ол небары 13170 адамды құрап отыр (1, 8%) . Бұдан шығатын қорытынды қала халқының туу деңгейі төмендеуде.
Бұл мәліметтерді №2 кестесінен көре аласыздар 14 . (1, І том 8-9б. )
Шымкент қаласы халық санын жастық категорияға бөлу
№2 кесте
%
Барлығы
1 жасқа дейін
1-4 жас
5-9 жас
10-14жас
15-19 жас
20-24 жас
25-28 жас
30-34 жас
35-38 жас
40-44 жас
45-49 жас
50-54 жас
55-59 жас
60-64жас
65-69 жас
70-жас және жоғары
729587
13170
57220
83686
84572
69596
59738
57281
56135
58418
47907
37321
22359
20709
21977
14465
25033
100
1, 8
7, 8
11, 5
11, 6
9, 5
8, 2
7, 9
7, 7
8, 0
6, 6
5, 1
3, 1
2, 8
3, 0
2, 0
3, 4
347786
6845
29165
42798
43097
34171
27930
27103
26546
27596
22725
17201
10308
9075
9332
6005
7889
100
2. 0
8. 4
12. 3
12. 4
9. 8
8. 0
7. 8
7. 6
7. 9
6. 5
4. 9
3. 0
2. 6
2. 7
1. 7
2. 3
381801
6325
28055
40888
41475
35425
31808
30178
29589
30822
25182
20120
12051
11634
12645
8460
17144
100
1. 7
7. 3
10. 7
10. 9
9. 3
8. 3
7. 9
7. 7
8. 1
6. 6
5. 3
3. 2
3. 0
3. 3
2. 2
4. 5
Қазақстан Республикасы бойынша 160 ұлт өкілдері бар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 108 ұлт өкілдері тұрады, яғни бұл өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Шымкент қаласы бойынша қазақ ұлтының саны 449584 адам. Бұл қала халқының 61, 6 пайызын құрайды. Шымкент қаласы бойынша өзге ұлт өкілдерінің сандық мәліметтерін №3 кестесінен көрініс тапқан. 15 (1, ІІтом, 17 б. )
Шымкент қаласы тұрғындарын ұлттарға бөлу
№3 кесте
- қазақтар
- Орыстар
- Өзбектер
- татарлар
- Украиндар
- Кәрістер
- Әзірбайжандар
- Түріктер
- немістер
- Ұйғырлар
- Гректер
- Белорустар
- Күрділер
- Армяндар
449584
132327
85577
18100
9891
8469
6231
3483
3341
1840
1410
1063
775
473
Қазақстан Республикасы білім беру концепциясы бойынша мемлекеттік тілді барлық ұлттар білуі тиіс. Өтінішке орай, бұл оң нәтижесін бермей отыр. Мемлекеттік тілді білу деңгейі қазақ ұлтынан кейін µзбек, орыс, әзірбайжан тағы басқа ұлт өкілдері орын алады. Мемлекеттік тілді мүлде білмейтін ұлттарға немістер, кәрістер және армяндықтар жатады. Ал мемлекеттік тілді үйренушілерге көбіне орыстар, украиндар, кәрістер т. б. ұлттарды жатқызуымыға болады. 16 (1, І том, 38 б. )
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халықтың жас ерекшелікерінің білім деңгейін 12 категорияға бөліп қарастыруымызға болады. Жоғары білімділер көбіне орта жас аралығындағы адамдар болып табылады. Бітірілмеген жоғары білімділер көбіне жастар арасында, яғни 20-24 жастағылар.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жоғары білімділер саны 94682 адам. Бітірмеген жоғары білімділер 3566 адамды құрайды. Орта білімді мамандар 124272 адам. Ал жалпы орта білімділер саны 246099 адам.
Бұл мәліметтерді толығырақ №4 кестеден көреміз. 17 (2, ІІтом, 97-99 б. )
Оңтүстік Қазақстанда жас ерекшеліктері бойынша білім деңгейі
№4 кесте
15-19 жас
20-24 жас
25-29 жас
30-34 жас
35-39 жас
40-44 жас
45-49 жас
50-54жас
55-59 жас
60-64 жас
65-72 жас
73жас жоғары
-
6323
13129
15554
18417
15676
13079
7186
3771
1316
215
16
146
1482
677
457
316
215
141
73
42
18
2
-
1783
14594
20168
22091
23090
18847
13885
6068
2845
749
136
16
20208
43304
42899
38817
37018
28902
19828
8667
5066
1127
240
23
3672
5681
5543
5161
5301
4544
3782
2177
1726
550
104
22
49
138
152
232
245
378
556
501
668
326
134
72
№-ші кестеде көрсетілгендей №5-шы кестеде Шымкент қаласында жоғары білімділер - көбіне орта жастағы азаматтар, орта білімді мамандар көбіне 35-39 жас аралықтарында жоғары көрсеткіш көрсетеді. Ал бітірмеген жоғары білімділер өкінішке орай тағы да жастар арасында көп тараған.
Бұл мәліметерді №5 кестеден көре аламыз. 18 (2, ІІ том, 97-99 б. )
Шымкент қаласында жас ерекшеліктер бойынша білім деңгейі
№5 кесте
15-19 жас
20-24 жас
25-29 жас
30-34 жас
35-39 жас
40-44 жас
45-49 жас
50-54жас
55-59 жас
60-64 жас
65-72 жас
73жас жоғары
-
3171
6679
8068
9265
8213
6655
3747
1801
610
123
8
54
689
366
258
182
138
87
52
23
10
2
-
651
5624
8232
9032
10039
8378
6346
2969
1058
310
73
4
2377
5777
6933
7205
7707
6484
4830
2167
862
202
58
8
576
1273
1441
1380
1582
1414
1200
775
452
158
22
5
2
7
38
45
38
75
94
94
121
68
21
11
Облыстық статистикалық басқармасының білім беру мекемелерінде оқитын халық сандарын қарастыратын болсақ облыс бойынша барлық оқитын адамдар саны - 540124 болса, ал қала бойынша олардың саны - 109402 адам екенін көруге болады. Жалпы халықты жыныстық категорияға бөліп қарасақ, білім саласында ерлерге қарағанда әйелдердің санының басым екені байқалды. Ол туралы №6 Кестеде көрсетіліп берілген. 19 (2, ІІтом, 34 б. )
Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде оқитындар.
№6кесте
Оқымайтын
дар
1. Оңт. Қаз. Обл. бойынша
%
2. Шымкент қ.
%
2. 1. Ерлер
%
2. 2. Әйелдер
%
540124
100 %
109402
100%
54688
100%
54714
100%
49766
92, 0%
88270
80, 7%
44811
81, 9%
43459
79, 4%
10462
1, 9%
4197
3, 8%
2243
4, 1%
1954
3, 6%
29288
5, 4%
15475
14, 1%
6904
12, 6%
8524
15, 7%
2461
0, 5%
875
0, 8%
491
0, 9%
384
0, 7%
1154901
-
264980
-
119148
-
145832
-
Білім беру басқармасының қорытынды есептерінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, 1995-1996 оқу жылдарында Шымкент қаласында 71 мектеп болған, олардың 59 орта, он жартылай орта және екі бастауыш мектептер еді 20 (19, Фонд-176, Связка-5, Опись-14, Документ-162, 1-б. )
Ал Шымкент қаласында 2001 жылы мектеп санының көп болғандығын байқауымызға болады. Ал оқушылар саны 2003 жылы жоғары болғандығын көреміз. 2000 жылы мектептер саны да, ондағы оқушылар саны да аз болған, небары - 97702 оқушы
Бұл мәліметерді №7 кестесінен көруге болады. 21 (18, 41б )
Шымкент қаласында 2000 жылдан бастап күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны
№7 кесте
22 (19, Фонд -176, опись - 5, связка - 7, документ - 72, 7-14б)
Шымкент қаласы білім беру мекемелерінің саны 1993-1994 жылдарда №8 кестеде үш ауданға бөлініп берілген.
№8 кесте
Жалпы мектептер саны
Баст. мектептер
Баст. орта мек.
Орта мектептер
Оқушының саны
70
4
9
57
72140
26
1
7
18
22925
20
1
1
18
21597
24
2
1
21
27618
Ал қазіргі таңда қаламызда сазды және көркем сурет мектептерін қоспағанда 79 мектеп бар және сол мектептерде 8037 ұстаз мұғалімдер қызмет етуде.
Шымкент қалалық білім беру кеңістігі.
Сурет №1
1 - мектепке дейінгі мекемелер
2 - орта мектептер
3 - негізгі мектептер
4 - бастауыш мектептер 23 (20, папка - 2, 6 б)
1. 2. Кәсіби - тарихшы мамандарының қоғам структурасындағы әлеуметтік орны
Шымкент қаласындағы жалпы күндізгі білім беретін, тарих пәні 75 мектепте 512 тарихшы мұғалімдер жұмыс істейді. Тарих пәнінен дәріс беретін мұғалімдер әр мектепте сан жағынан әрқалай. Мысалы, А. Байтұрсынов атындағы №50 көп салалы мектеп гимназиясында он сегіз тарих пәні мұғалімдері қызмет етеді және нақ осындай көрсеткіш №57 орта мектебінде көруге болады. Ал №57 орта мектебінде он жеті, №66 орта
мектебінде он алты, №64 орта мектебінде он бес тарихшы ұстаздар жұмыс істейді. Бұл өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Яғни бұл мектептер тарихшы ұстаздарды қажет етпейді және керісінше кейбір мектептерде мысалы: №22, №27, №61, №67, №71, №76 орта мектептерінде тарих пәнінен бір немесе екі мұғалімдерден ғана бар. 24 (23, 10-12 б. )
Қаламыздағы 79 мектептің ішінде №46, №70, №73, №74 ші бастауыш мектептерінде тарих пәні өтілмейді. Ал қалған 75 мектептердегі 512 тарихшы мұғалімдердің 83 %-ін әйелдер, небары 16, 49 %-ін ер кісілер құрайды. 25 (23, 13б. )
Басқа пән мұғалімдері сияқты мектептерде тарихшы мұғалімдер өте аз. Ал, жұртшылық талабымен ұстаздық - тәрбиелік тұрғыдан келсек, мектепте ер мұғалімдердің аз болуының себептері де баршылық: оларға көрсетілетін әлеуметтік қамқорлықтың төмендегі бірқатар институттардың жабылып қалуы, мұғалім кадрларын даярлауда кеткен елеулі кемшіліктер, мұғалімдердің білімін көтеру жұмысының сапасыздығы. Осылардың арасында әсіресе, қазіргі нарық қыспағы заманында мұғалімдерге көрсетілетін әлеуметтік қамқорлықтың нашарлығы яғни айлық жалақысының төмендігі, міне, осы мәселелер ер мұғалімдерді өз кәсібінен кетуінің бірден-бір себебі болып табылады. Мәселен, Туркияда осындай жағдай сонау 50-60 жылдары болған екен. Олар мұның кері әсерін тез түсініп, ер мұғалімдерді мектепте көбірек тарту мәселесін мемлекет тарапынан қойған. Ол үшін ер мұғалімдерге жалақыны екі-үш есе көбейтіп жағдай жасаған 26 (22, 81-87 б. ) Біз де бұл мәселені жедел шешу үшін, әрине жалақыны көбейту қажет.
Біз өзі негізінде, қайнаған қоғамдық іс-әрекеттерден алыстау жүргенді қалайтын халықпыз. Өндірісте де, оқу - ағарту саласында да тұтқаны өзге ұлттың өкілдеріне ұстатып қойып, өзіміз сырттан бақылағанды ұнатамыз. Әрине, ондай мінез-құлықтың қалыптасуына кеңестік идеология да кері әсерін тигізген болар. Сол әдеттің салқынынан ба, тәуелсіздік алып, тізгін-болжаға өзіміз ие болдық деген тұста мектептің хал-ахуалы күрт төмендеп кетті.
Одан соң, кейінгі он, он бес жылда мектеп бітірген қабілетті балалар педагогикалық оқу орындарына келмей, мамандықтың басқа түрлерін жағалады. Сондықтан қазіргі мұғалімдердің дені қыз балалар. Олар да тұрмысқа шыққан соң, ұзақ үзіліскекетіп қалып жатады. Қайта келгенде білімі ескіреді, жаңа талаптарды игеріп, үлгере алмайды. Осындай жағдайлар да оқыту жүйесін артқа тартады. Дәл қазіргі кезеңде ілгерілеудің бір ғана жолы бар, ол уақыт көшінен кеш қалмай, заман ағымына сай ерінбей еңбектену, білім жетілдіру 27 (9, 19 б) Бүгінде қаламыздағы 75 мектептегі тарихшыларды ұлттарға бөліп қарастырсақ, қазақ ұлтты ұстаздар тарихшы мұғалімдер қауымының 63%-н құрайды, өзбек ұлты - 17%, орыс ұлты - 12%, ал татар, украин, түрік, кәріс ұлттары тек 1% - н ғана құрайды. Бұдан шығатын қорытынды Шымкент қаласындағы қазақ ұлттарының 12% - н мектеп тарихшылары құрайды. Бұл тарихшылардың көпшілігі орта жастағы мұғалімдер және көпшілігі Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ - Түрік университетін, Шымкент Педагогикалық институтын, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітіргендер болып табылады. Ал өзбек мектерінің ұстаздарының көпшілігі Ташкент Педагогикалық иститутын бітіргендер екен. 28 (23, папка - 4, 7-18 б)
Оңтүстік Қазақстан облысы мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін (санаттарын) және олардың өсу деңгейінің көрсеткіштері 29 (20, папка - 2., 12 б)
Сурет №2
Бұл 2003 - 2004 жылдардағы мәліметтер бойынша облысымыздағы Жоғарғы санатты мұғалімдер санының төмен екенін көруімізге болады.
- - жоғарғы санатты
- - 1 санат
- - 2 санат
- - санаты жоқ
Педагог мамандар санаттық сапалық көрсеткіштерін төмендегідей диаграмма арқылы көрсетуімізге болады.
Сурет №3
Ғылымының және тәжірибенің анықтаған шындығының бірі - әрбір жоғарғы оқу орнын бітірген маманның бес жыл өткеннен кейән бұрынғы алған білімі ескіре бастайды. Сондықтан бес жылда бір рет білім жетілдіру институттары арқылы олардың теориялық және тәжірибелік білімін көтеру өте қажет. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұл құжат Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 жарлығымен бекітілген) педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктігін арттыру деген арнайы бөлім бар.
Онда былай деп тұжырымдалған: “Педагог кадрларды даярлау, олардың біліктігін арттыру және қайта даярлау саласында” біріншіден жетекші университеттер базасында жоғарғы оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін қалпына
келтіру және одан әрі дамыту; екіншіден мамандықтың қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оның ішінде мемлекеттік тіл, шетел және ана тілдері, информатика, психология бойынша пән мұғалімдерін қайта даярлау; үшіншіден білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
Бүкіл кеңестік кезеңде де педагог кадрлардың білімін көтеру және қайта даярлау жүйелі түрде іске асырылады. Ол үшін барлық облыстарда мұғалімдердің білімін көтеру институттары жұмыс істеді. 30 (16, 89. -90б)
1995 жылғы мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында қырық мыңнан астам педагог, алты мыңнан астам мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері еңбек еткен. Жыл сайын бұл қызметкерлердің төрт мыңдайы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында білімдерін жетілдіреді. Мысалы: 1992 жылы - 4138, 1993 ж 4208, 1994ж - 4277, 1995 жылдың бірінші жыртысында 2500 маман біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Бұдан институттарға келушілердің жылма жыл артып келе жатқандығын көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz