Қан жасушалары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

2. Қан жүйесінің физиологиясы

3. Қан айналымының жас ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан жүйесінің маңызы. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.

Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің «сары ауруы» деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. Лейкоциттер. Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұру ын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.

Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0, 3-0, 6%, май және липидтер 0, 1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0, 9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.

1. Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.

Қанның қызметі:

  1. адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;
  2. оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;
  3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;
  4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;
  5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;
  6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
  7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;
  8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;
  9. қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады) .

Қанның құрамы . Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок) ; 0, 12% глюкоза; 0, 7 0, ұ% май; 0, 9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4, 5%) ; глобулиндер (1, 7-3, 5 %) және фибриногендер (0. 4) . Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады.

Қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар. Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» - қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды . Адам эритроциттерінің диаметрі 7, 5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де - шамамен 4, 5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» - қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оқ-сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан - алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.

Гемоглобин - қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглобин болады. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120-127 тәуліктей. Оның шамамен 2, 5 млн-ы көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сұйек кемігінде қайта түзіліп отырады. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің мөлшері кемиді. Қорыта іселгенде, эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға, көмірток қос тотығын ұлпалардан өкпеге тасиды (жеткізеді) . [1]

Қанның ұюы . Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат - тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок - фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок - фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансплантация тарихы
Қан жасау жүйесі мен теориясы, қан жасушаларының морфологиялық сипаттамалары
Қан жүйесі туралы
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің гистологиясы оқу құралы
Қан жасау жүйесі. Орталық қан жасау және иммуногенез мүшелері – сүйектің қызыл кемігі және тимус
Жеке гистология
Гистология-2
Жүрек пен қан тамыр жүйесіне
Сүйек майы - иммуногенездің орталық ағзасы
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz