Бюджеттік құрылымның қалыптасуы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 ТАРАУ. Бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың ерекшеліктері және
экономиканыңдамуына бюджет әсері 5
2.1 Бюджеттік құрылымның қалыптасуы 5
2.2 Бюджеттің қызмет етуі мен атқарылуын талдау 13
2 тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері 32
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы 32
2.2 Республикалық бюджет 38
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні 40
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және
бекіту рәсімі 42
3 ТАРАУ. Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі бюджеттік саясатты
жетілдіру 45
3.1 Бюджетаралық қатынасты жетілдіру 45
3.2 Бюджеттік ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру 57
3.3 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі басымдықтары 62
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 76
Кіріспе
Рыноктық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет
шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда ұлттық
шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға
жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын
жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі
акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы
рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге
асыруы тиіс.
Алайда рыноктық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар
мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың
мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап
қалуда.
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік
ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі
білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру
және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын
тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге
өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына,
үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға,
дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша
жарнамаларға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл
сайын бюджет қаражаттарының 13 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті
ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің
экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рол атқарады. Сонымен бірге
республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің ролін
төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің
функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді,
халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті
аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал
етеді.
Рынок жағдайында бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық
ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, рыноктың инфрақұрылымды дамыту
және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты
қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы
ролін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың
прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын
қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында
ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер
арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен
жетілдіруді қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты бюджеттік жоспарлаудың реформалау
концепциясын қарастыру және оның экономикалық дамуындағы бағыттарын
нақтылауда жетілдіру механизмін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттерді шешу керек:
- бюджеттің экономикалық мәні мен ролін анықтау;
- бюджеттің құрылымын талдау;
- бюджеттік жоспарлау жүйесін зерттеу және бюджеттің атқарылуын талдау;
-бюджетаралық қатынастардың дамуының ерекшеліктері мен проблемаларын
айқындау;
- бюджеттік жоспарлау механизмінің жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі болып дипломдық жұмыста ҚР-да бюджеттік
жоспарлаудың қалыптасуы мен атқарылудың экономикалық механизмі болып
табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында ақпараттық база ретінде ҚР-ның
бюджеттік саясат бойынша құқықтық-нормативтік актілері, бюджеттік құрылым
және бюджетаралық қатынастар бойынша мәселелерге байланысты отандық және
шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері, ҚР-ның қаржы министрлігі мен
экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтері, мерзімдік
басылымдардың материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады. Жұмыс бетте орындалған, кесте мен суреттермен
мазмұндалған.
1 Бюджеттік жоспарлауды ұйымдастырудың ерекшіліктері және экономиканың
дамуына бюджет әсері
1.1 Бюджеттік құрылымның қалыптасуы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар- бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік
кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер,
сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары, бюджеттік кредиттер,
қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып
табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Кірістердің көзі салықтар немесе оларға пара-пар төлемдер болып
табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы
мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы
тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығыстар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерінен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттердің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер
(салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми
трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта
болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес,
бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер -
бюджетке төленетін міндетті қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми
трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп
берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды,
мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды
тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке
тиесіліматериалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми
трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық
қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы
мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығыстардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығынтар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске
асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған)
өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), мемлекеттік
органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай
төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес
жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты;
5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз
негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ
Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға
арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын
әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым
тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларға берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия
берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы
мүмкін. Нысаналы сипаты ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып
саналады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмайтындықтан
жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын
қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және
жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резервтері:
1) төтенше резервтер;
2) шұғыл шығындарға арналған резервтер;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің
кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кірістіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы
көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша
бөлуге тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті
бюджеттерге бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті
атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын
шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған
жағдайда Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде
Парламентке немесе тиісті маслихатқа тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы
маслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет
немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшеріне ұлғайту туралы
ұсыныстар енгізеді. Үкімет немесе жергілікті атқарушы органның
резервтерінен бөлінген ақша қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке
қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану
тәртібін Үкімет белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма
ретінде айқындалады.
Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс
операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен
сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің
кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредитді өтеудің
арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы
активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы
операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған
шама бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-
экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының
бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның
көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде
белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және
бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге
бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын
жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған
қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі
ретінде белгіленеді.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және
бюджет профицитінің шамасына сай келеді.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан өткізіп отырған
рыноктық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен
шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның
шығыстарының абсолютті және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл
инфляцияның процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының
кеңеюінен, Қазақстанның өзі қамтамасыз ету қажеттілігінен туып отыр.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың
және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге (кадрларды
қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми
зерттеулер, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері
мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар қаржыландырылады.
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін
ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Презитентінің және
Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін
натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Кесте 1.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
2002 2003 2004 2005
ЖІӨ млрд.теңге 8 725,0 9 738,8 1 013,8
өткен кезеңге %108,3 110,6 2,3
Тауарлардың млрд. АҚШ долл.29,4 38,3 8,9
экспорты (ФОБ)
ЖІӨ-ге % 42,8 49,5 6,7
Тауарлардың импортымлрд. АҚШ долл.21,0 23,7 2,7
(ФОБ)
ЖІӨ-ге % 30,6 30,7 0,1
Тұтыну бағаларының Жылына орташа %5,7-7,6 8,6 2,9-1,0
индексі
Долларға шаққанда Жылына орташа 127,0 126,1 -0,9
теңгенің бағамы %
Мұнайға АҚШ долл. 55,0 65,4 10,4
дүниежүзілік баға баррель
(Brent маркасы)
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2008
жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерін болжау
елдің экономикалық дамуының 2007-2009 жылдардағы негізгі үрдістерін, сондай-
ақ дүниежүзілік тауар нарықтарында мұнайға (Brent маркасы) және металға
бағаның өзгерістерін есепке алуға негізделді.
Орта мерзімді жоспарда 2011 жылға арналған ЖІӨ 8 065,4 млрд.теңгені,
негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемін болжау – 2 528,0
млрд.теңгені құрады, мұнайға дүниежүзілік баға бір баррель үшін 47 АҚШ
доллары деңгейінде алынды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 мамырдағы № 395
қаулысымен Орта мерзімді жоспардың болжамды көрсеткіштеріне мынадай
өзгерістер енгізілді: 2011 жылғы ЖІӨ бағалау арттыру жағына
660 млрд.теңгеге нақтыланды және 8 725 млрд.теңгені құрады; негізгі
капиталға салынатын инвестициялар 74,1 млрд.теңгеге арттырылды және 2 602,1
млрд.теңгені құрады; нақтылау кезінде қабылданған мұнайға дүниежүзілік баға
бір баррель үшін 55 долларды құрады.
Негізгі көрсеткіштердің болжамын түзету мұнайға әлемдік бағаның одан
әрі өсуімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
2010 жылғы есепті деректерді нақтылауымен шартталған.
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2012-2009
жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен (бұдан әрі
– Орта мерзімді жоспар) мамырда жүргізілген 2011 жылға арналған маңызды
көрсеткіштерді бағалау қайта нақтыланған болатын. Маңызды көрсеткіштерді
нақтылауды жүргізудің негізгі себебі дүниежүзілік тауар нарықтарындағы
ахуалға қарағанда анағұрлым қолайлы болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің 2010 жылғы және 2011 жылдың бірінші жарты
жылдығындағы ЖІӨ көлемі жөніндегі деректері, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің 2011 жылдың бірінші жарты жылдығындағы төлем балансының деректері,
мұнайға дүниежүзілік баға бойынша есепті деректер ескерілді.
Орта мерзімді жоспарға сәйкес мамырда жүргізілген 2011 жылғы ЖІӨ
бағалау 1 037,7 млрд.теңгеге арттырылды және 9 762,2 млрд.теңгені құрады.
2011 жылғы ЖІӨ іс жүзіндегі көлемі Қазақстан Республикасы Статисика
агенттігінің жедел деректері бойынша 9 738,8 млрд.теңгені құрады және нақты
шамада 2010 жылмен салыстырғанда (7 457,1 млрд.теңге) 10,6%-ке өсті.
Дүниежүзілік тауар нарықтарындағы және елдің ішіндегі ахуалдық
өзгеруін ескере отырып, бұрын жүргізілген мұнайға әлемдік бағаны бағалау
бір баррель үшін 11,5 АҚШ долларына арттыру жағына түзетілген болатын және
бір баррель үшін 66,5 АҚШ долларын құрады. 2011 жылда мұнайға (Brent
маркасы) іс жүзіндегі әлемдік баға бір баррель үшін 65,4 АҚШ долларын
құрады, бұл болжамдалғаннан қарағанда 1,1 АҚШ долларына төмен.
Бастапқыда 5-7% шегінде айқындалған инфляция деңгейін болжау
мамырдағы болжамды көрсеткіштерді нақтылау кезінде 5,7-7,6% деңгейіне
дейін, ал Орта мерзімді жоспармен – 6,9-8,5%-ке дейін түзетілген болатын.
Бағалау 2011 жылғы қаңтар-тамыз кезеңінде тұтыну нарығындағы баға
серпінінің өзгеруін ескере отырып жүргізілді. 2011 жылы инфляция деңгейінің
іс жүзіндегі орташа жылдық көрсеткіші Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігінің деректері бойынша 8,6%-ті құрады.
Қазақстан өнімі экспортының құрылымы былайша қалыптасты: экспорттың
жалпы өнімінде минералдық өнімдер – 71,9%, бағалы металдар мен олардан
жасалған бұйымдар – 16,1%, өндіріс тауарлары – 2,8%, химиялық және онымен
байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі – 4,2%, машиналар мен жабдықтар –
1,8%, өзге өнімдер – 3,3%.
Ұйымдастырылмаған сауда-саттықты есепке алмағанда Қазақстанның сыртқы
сауда айналымы 2011 жылы 61,9 млрд.АҚШ долларын құрады және 2010 жылмен
салыстырғанда 37,0%-ке артты, оның ішінде экспорт – 38,3 млрд.АҚШ доллары,
бұл 2010 жылдан 37,3%-ке көп, импорт – 23,7 млрд.АҚШ доллары немесе 2010
жылдан 36,4%-ке көп.
Елдің экономикасының өсуіне бұрынғысынша жыл сайын өсіп отырған
инвестициялардың көлемі елеулі әсерін тигізіп отыр. 2011 жылда негізгі
капиталға салынатын инвестициялардың көлемі 2 810,3 млрд.теңгені құрады
және 2010 жылмен салыстырғанда 10,6%-ке өсті. Инвестициялардың басым
бағыттары негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлемінің
32,9%-і мұнай мен табиғи газды өндіру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын
операциялар – 21,0%, көлік және байланыс – 13,5%, өңдеуші өнеркәсіп – 11,3%
болып отыр.
Өткен жылдардағыдай, 2011 жылы экономиканың өсуіне өнеркәсіп елеулі
үлес қосты, онда жоғары даму қарқынын оны құрайтын барлық секторлардың
тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болды. 2011 жылы 2010 жылмен
салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің өсімі 107,0%-ті, оның ішінде тау-кен
өндіру өнеркәсібінде өнімдер шығару көлемін арттыру есебінен – 7%-ті,
өндіруші өнеркәсіп – 7,35-ті, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен
тарату 3,6%-ті құрады. Электр энергиясын өндіру 71,7 млрд.кВс құрады.
Өнідірістің өсуімен қатар өнеркәсіптің экспорттық-бағдарлы
салаларында елдің ішкі нарығында тұтыну және өндірістік мақсаттағы түпкі
тауарларға сұраныстың артуы болды. 2011 жылы сусындарды қоса алғанда тамақ
өнімдерін өндіру 5,8%-ке, коксты, мұнай өнімдері мен ядролық материалдарды
өндіру – 4,4%-ке, көлік құралдары мен жабдықтарды шағыру – 33,4%-ке өсті,
машина жасауда 14,2%-ке өсу байқалды.
2010 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің өсуі
өндіріс көлемін өсімдік шаруашылығында 9,4%-ке, мал шаруашылығында – 4,3%-
ке аттыру салдарынан 107%-ті құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2011 жылы тұрғын үйге
ішкі сұранымның артуы салдарынан 2010 жылдың деңгейінен 1,2 есеге асты.
2011 жылы жүк тасымалдаулар көлемі 5,0%-ке, оның ішінде темір жол
көлігімен жүк тасымалдау көлемін арттыру есебінен 10,2%-ке, автомобильмен –
4,7%-ке өсті.
Байланыс қызметтері көлемінің өсу қарқыны (Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша) 2010 жылдың деңгейіне
шаққанда 20,4%-ті құрады, бұл ретте ұялы байланыс қызметтерінің көлемі
58,5%-ке артты.
Экономикалық өсудің негізгі факторы негізінен халықтың табысының
артуынан туындаған тұтыну нарығындағы тауарлар мен қызметтерге ішкі
сұраныстың артуы болды. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында республика бойынша
еңбекақы қоры 2010 жылмен салыстырғанда 25,6%-ке өсті және 1 448 335 9
млн.теңгені құрады. бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2011 жылы
40 775 теңгені құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 19,7%-ке жоғары.
Шетелдік жер капиталының ауқымды ағынымен бірге экспорттан түсетін
валюта пайдасының түсімі ішкі валюта нарығында шетел валютасының артық
ұсынысын шарттады, соның салдарынан АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының
тұрақтануы байқалды.
Тұтастай алғанда 2011 жылда теңгенің орташа салмақты айырбас бағамы
бір АҚШ доллары үшін 126,1 теңгені құрады.
Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 33,2 млрд.АҚШ долларына
өсті (2,2 есе), оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасы
(Ұлттық Банктің алдын ала дерктері бойынша) жылына 74,5%-ке арта отырып,
14,1 млрд.АҚШ долларына жетті.
2011 жылдың қорытындысы бойынша республика халқының саны 2010 жылмен
салыстырғанда 175,3 мың адамға арттырыла отырып, 15 394,6 адамды құрады.
Іскерлік белсенділігін жандандыру салдарынан экономикадағы еңбекпен
қамтылған халық саны 2010 жылғы 7,2 млн.адамға қарағанда 2011 жылы 7,4
млн.адамды құрады.
2011 жылы жұмыссыздардың деңгейі 2010 жылғы 8,1%-ке қарағанда 7,8%
деңгейінде қалыптасты.
2011 жылғы желтоқсанда Fitch Rating’s Ltd халықаралық тәуелсіз
агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингі болжамының
тұрақтыдан оңға дейін артқандығы туралы хабарлады және елдің
инвестициялық кредит рейтингін растады.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы бола отырып, жаһандық
бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 56 орында болып отыр. Айталық, Әзірбайжан
64 орында, Ресей 62 орында, Украина 78 орында, Армения 82 орында, Грузия 85
орында, Молдова 86 орында, Тәжікстан 96 және Қырғызстан 107 орында.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, оң инвестициялық
климат Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
2011 жылы республикалық бюджетке 1 847 225 001,8 мың теңге немесе
есепті қаржы жылына арнап түзетілген бюджеттің 109,8%-і, оның ішінде
салықтық түсімдер 1 667 822 595,9 мың теңгені (115,9%), салықтық емес
түсімдер – 49 160 160,6 мың теңгені (125,0%), негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер – 8 298 911,6 мың теңгені (101,4%), трансферттердің түсімі
– 121 943 333,7 мың теңгені (62,2%) құрады. Шығындар 1 686 342 199,3
мың теңге сомаға (99,9%) жүргізілді. Операциялық сальдо 160 882 802,5
мың теңгені құрады. Таза бюджеттік кредит беру 15 842 163,9 мың теңге
сомасында анықталды, оның ішінде – бюджеттік кредиттер – 36 940 249,9
мың теңге (97,6%), бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 098 086,0 мың теңге
(97,6%). Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо
90 344 990,1 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу
103 524 976,8 мың теңге сомаға жүзеге асырылды (100,0%), мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан бюджетке 13 179 986,7 мың теңге (90,5%) түсті.
Республикалық бюджеттің профициті 2011 жылы 54 695 648,5 мың теңге
көлемінде анықталды, оны пайдалану былайша қалыптасты: қарыз алу
179 749 026,8 мың теңге сомаға (ішкі – 167 558 602,1 мың теңге, сыртқы –
12 190 424,8 мың теңге), 95 884 199,9 мың теңге сомаға мемлекеттік борыш
өтелді, 2011 жылғы республикалық бюджеттің пайдаланылмай қалған қаражатының
сомасы 138 560 475,5 мың теңгені құрады. 2011 қаржы жылының басына
12 480 035,2 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын
ескере отырып 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджет қаражатының
қалдықтары 151 040 510,7 мың теңгені құрады (кесте 4,5)
Кесте 4.
Мемлекеттік бюджеттің негізгі көрсеткіштері
млн.теңге
2002 2003 2004 2005
1 2 3 4 5
I. КІРІСТЕР 1 510 292 391 682 916 1 847 225 00109,8
9,0 585,0 1,8
Салықтық түсімдер 1 266 685 471 439 309 661 667 82 2 59115,9
8,0 4,0 5,9
Салықтық емес түсімдер 39 313 436,039 313 436,049 160 1 60,0125,0
Негiзгi капиталды 8 185 895,0 8 185 895,0 8 298 911,6 101,4
сатудан түсетін түсiмдер
Трансферттердің 196 107 590,196 107 590,121 943 333,62,2
түсiмдері 0 0 7
II. ШЫҒЫНДАР 1 518 760 611 703 945 431 686 34 2 1999,0
4,0 7,0 9,3
Жалпы сипаттағы 81 332 317,093 821 146,191 231 5 68,497,2
мемлекеттік қызметтер
Қорғаныс 97 867 120,098 248 202,395 329 2 42,797,0
Қоғамдық тәртіп, 147 244 665,147 806 574,146 425 878,99,1
қауіпсіздік, құқық, сот,0 6 9
қылмыстық-атқару қызметі
Білім беру 101 542 826,102 446 882,101 405 076,99,0
0 9 2
Денсаулық сақтау 81 428 450,081 700 275,080 011 5 14,697,9
Әлеуметтік көмек және 393 019 880,393 021 661,390 209 282,99,3
әлеуметтік қамсыздандыру0 6 6
Тұрғын үй-коммуналдық 52 794 763,052 794 763,052 840 5 86,0100,1
шаруашылық
Мәдениет, спорт, туризм 39 855 786,041 407 072,941 062 5 95,599,2
және ақпараттық кеңістік
Отын-энергетика кешені 29 684 971,031 354 634,631 288 7 87,199,8
және жер қойнауын
пайдалану
Ауыл, су, орман, балық 73 579 108,073 876 907,271 957 9 76,797,4
шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи
аумақтар, қоршаған
ортаны және жануарлар
дүниесін қорғау, жер
қатынастары
Өнеркәсiп, сәулет, қала 1 381 364,0 1 381 364,0 1 377 158,7 99,7
құрылысы және құрылыс
қызметi
Көлік және 124 548 753,124 693 956,123 776 124,99,3
коммуникациялар 0 0 9
Басқалар 102 476 847,84 203 409,882 245 2 16,697,7
0
Борышқа қызмет көрсету 28 236 951,028 236 951,028 229 5 54,4100,0
Ресми трансферттер 163 766 813,348 951 636,348 951 636,100,0
0 0 0
III. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ САЛЬДО -8 468 215,0-21 028 852,160 882 802,
0 5
IV. ТАЗА БЮДЖЕТТІК 16 250 026,016 250 026,015 842 1 63,9
КРЕДИТТЕУ
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР 37 865 413,037 865 413,036 940 2 49,997,6
Тұрғын үй-коммуналдық 22 000 000,022 000 000,022 000 0 00,0100,0
шаруашылық
Ауыл, су, орман, балық 410 697,0 410 697,0 255 438,9 62,2
шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи
аумақтар, қоршаған
ортаны және жануарлар
дүниесін қорғау, жер
қатынастары
Өнеркәсіп, сәулет, қала 5 080 000,0 5 080 000,0 5 080 000,0 100,0
құрылысы және құрылыс
қызметі
Көлік және 6 104 937,0 6 104 937,0 6 008 103,0 98,4
коммуникациялар
Басқалар 4 269 779,0 4 269 779,0 3 596 708,0 84,2
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ 21 615 387,021 615 387,021 098 0 86,097,6
ӨТЕУ
V.ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН 101 526 018,88 965 381,090 344 9 90,1
ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР 0
БОЙЫНША САЛЬДО
ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП 103 526 018,103 526 018,103 524 976,100,0
АЛУ 0 0 8
Жалпы сипаттағы 357 831,0 357 831,0 356 789,8 99,7
мемлекеттік қызметтер
Білім беру 482 155,0 482 155,0 482 155,0 100,0
Тұрғын үй-коммуналдық 14 420 000,014 420 000,014 420 0 00,0100,0
шаруашылық
Мәдениет, спорт, туризм
және ақпараттық кеңістік1 315 000,0 1 315 000,0 1 315 000,0 100,0
Отын-энергетика кешені 1 400 000,0 1 400 000,0 1 400 000,0 100,0
және жер қойнауын
пайдалану
Ауыл, су, орман, балық 25 241 571,025 241 571,025 241 5 71,0100,0
шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи
аумақтар, қоршаған
ортаны және жануарлар
дүниесін қорғау, жер
қатынастары
Көлік және 7 280 000,0 7 280 000,0 7 280 000,0 100,0
коммуникациялар
Басқалар 53 029 461,053 029 461,053 029 4 61,0100,0
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ 2 000 000,0 14 560 637,013 179 986,790,5
АКТИВТЕРІН САТУДАН
ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР
VI. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ -126 244 259-126 244 25954 695 6 48,5
(ПРОФИЦИТІ) ,0 ,0
VII. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН 126 244 259,126 244 259,-54 695 648,
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ0 0 5
ПАЙДАЛАНУ)
2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылау жөніндегі
уәкілетті орган 730 объектілерде ішкі бақылауды жүзеге асырды. Анықталған
тәртіп бұзушылықтың жалпы сомасы 9 029 511,6 мың теңгені құрады, оның
ішінде: бюджет қаражатын негізсіз пайдалану – 5 269 186,3 мың теңге; бюджет
қаражатын тиімсіз пайдалану – 2 306 579,7 мың теңге; бюджет қаражатын
мақсатсыз пайдалану – 239 947,9 мың теңге; тауарлық-материалдық
құндылықтардың және ақша қаражатының жетіспеушілігі – 228 921,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдерді бюджетке толық емес немесе өз уақытында
аударылмауы – 120 651,5 мың теңге және өзге тәртіп бұзушылық – 864 224,8
мың теңге.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелерінің 2010-2011
жылдардағы серпіні мынадай кестеде келтірілген (кесте 6).
Кесте 6.
мың теңге
Көрсеткіштер атауы 2010 жыл 2011 жыл Ауытқу
(+, -)
Бақылаумен қамтылған 870 730 -140
объектілер саны
Анықталған тәртіп 12 174 779,6 9 029 511,6 -3 145 268,0
бұзушылықтар сомасы,
барлығы
оның ішінде:
тауарлық-материалдық 503 177,5 228 921,4 -274 256,1
құндылықтар мен ақша
материалдарының
жетіспеушілігі
бюджет қаражатын, 1 832 663,9 5 269 186,3 3 436 522,4
гранттарды, мемлекет
кепілдік берген
қарыздарды, мемлекеттік
мекемелер олардың билік
етуінде қалатын
тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) іске
асырудан түсетін
ақшаны, мемлекет
активтерін негізсіз
пайдалану
бюджет қаражатын 681 883,6 239 947,9 -441 935,7
мақсатсыз пайдалану
бюджет қаражатын 4 947 380,8 2 306 579,7 -2 640 801,1
тиімсіз пайдалану
салықтық емес 406 836,9 120 651,5 -286 185,4
түсімдерді бюджетке
толық емес немесе өз
уақытында түсірмеу
өзге тәртіп бұзушылық 3 802 836,9 864 224,8 -2 938 612,1
Анықталған тәртіп 920 169,4 761 925,4 -158 244,0
бұзушылықтар бойынша
қабылданған
іс-шаралармен бюджетке
өтелді
Қолданылған әкімшілік 389,3 1 390,6 1 001,3
жазалар бойынша
бюджетке түскені
Елбасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында
айтылған 50 әлемнің барыншы бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру үшін
жағдайлар жасау жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2011-2008 жылдарға арналған бағдарламасын және
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641
Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға арналған
тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мыналар бекітілді:
2011 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттің көлемдері нақтыланды.
Бұл ретте республикалық бюджеттің түсімдері (қарыздарсыз) Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының көздері болып
табылатын жоспардан тыс түсімдерді бюджетті түзету құқығын іске асыра
отырып 1 533,9 млрд.теңге немесе 8 725,0 млрд.теңге сомасындағы ЖІӨ
болжамының 17,6%-і көлемінде белгіленді, 2011 жылға арналған жоспарлы
түсімдер 1 719,1 млрд.теңгені немесе ЖІӨ болжамының 19,7%-ін құрады. Іс
жүзінде 1 881,5 млрд.теңге немесе 9 738,8 млрд.теңге сомасындағы ЖІӨ-нің
19,3%-і түсті (алдын ала бағалау).
Республикалық бюджет түсімдері жоспарының елеулі артығымен атқарылуы
және өткен жылғыға қарағанда салыстырмалы өсуі негізінен корпоративтік
табыс салығы, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер,
сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтардың есебінен қалыптасты.
Республикалық бюджеттің шығыстары 1 660,2 млрд.теңге (қарыздарсыз)
және ЖІӨ болжамының 19,0%-і мөлшерінде белгіленді және 2011 жылдың
қорытындысы бойынша шығыстар 1 826,8 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-нің 18,8%-ін
құрады (алдын ала бағалау).
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану
тұжырымдамасына сәйкес орта мерзімге 2011 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын қалыптастырудың жаңа тәртібі енгізілді, оған
сәйкес республикалық бюджеттің кіріс бөлігі мұнай секторынан түсетін салық
түсімдерінің есебінен қалыптастырылады, ал мұнай секторынан түсетін барлық
тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелегетін салықтарды
қоспағанда), республикалық меншіктегі және тау-кен әрі өңдеу салаларына
жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендіруден бюджетке түсетін жоспардан тыс
түсімдер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін
түсімдер, өзге түсімдер мен кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына аударылады. Бұл ретте, Тұжырымдамада сондай-ақ ағымдағы бюджеттік
бағдарламаларға шығыстар экономиканың мұнайға жатпайтын бөлігінен
республикалық бюджетке аударымдардың есебінен, ал бюджеттік даму
бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру – Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорынан кепілдік берілген трансферт есебінен қаржыландырылады деп
белгіленді.
Тұтастай алғанда, 2011 жылы жүргізілген салықтық-бюджет саясатының
жалпы курсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011-2008 жылдарға арналған
орта мерзімді фискалдық саясатында анықталған мақсаттар мен міндеттерге
сәйкес келді және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және
қазақстанның әлеуметтік және экономикалық жаңғыруын жеделдету мақсатында
әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу үшін салықтық-бюджет
құралдарын тиімді қолдануға бағытталды.
Салық саясаты саласында орта және шағын бизнесті дамытуға
инвестициялар көлемін арттыру есебінен ел экономикасының теңгерімділігін
қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған, ең алдымен экономиканың өңдеуші
секторында өндірістерді дамытуды одан әрі ынталандыру, жеке және заңды
тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің мүлкін жария ету үрдісін
жандандыру үшін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 қарашадағы № 89 Заңы қабылданды.
Осы өзгерістер 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігін
жоспарлау және іске асыру кезінде ескерілді.
2011 жылы бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі басымдықтары мыналар
болып табылды: индустриялық-инновациялық даму саясатын одан әрі іске асыру,
білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін дамыту, әлеуметтік реформаларды
тереңдету, тұрғын үй құрылысын, аграрлық кешенді, шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту.
2011 жылы Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған
индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2011-2008
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді және Индустриялық аймақтар
құру туралы тұжырымдама туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
қабылданды.
Өндірістік инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік ынталандыру құралы
ретінде мынадай еркін экономикалық аймақтар жұмыс істейді: Ақпараттық
технологиялар паркі ЕЭА, Ақтау теңіз порты ЕЭА, Ұлттық индустриялық
мұнайхимия технопаркі ЕЭА. Инжиниринг және технологиялар трансферті АҚ
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және
Астана қаласында өңірлік технопарктерді құру және дамыту инвестициялық
жобасының техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді жүргізуде.
Павлодар облысында металлургиялық кластер құру жөніндегі жұмыс
құрылды. Жобаны іске асыру Қазақстан электролиз зауыты АҚ және Қазақстан
алюминийі АҚ тікелей жақын жерде металл өңдеу жөніндегі жаңа өндірістерді
құруға ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2010-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010
жылғы 18 ақпандағы және 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына
жолдауларына сәйкес білім беру жүйесін одан әрі нығайту жөніндегі жұмыс
жүргізілді.
Есепті кезеңде мектепке дейін тәртбиелеу және оқыту саласында
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, оқу-материалдық базаны
нығайту, 5(6) жастағы балаларды мектепке дейін даярлауды одан әрі дамыту
жөніндегі жұмыс жүргізілді.
Жалпы орта білім беру жүйесінде 12 жылдық оқытуға көшу жөніндегі
дайындау жөніндегі жұмыс жалғастырылды: 12 жылдық орта білім беруге көшу
жөніндегі іс-шаралар жоспары, 12 жылдық оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (негізгі ережелер) бекітілді. 2011 жылғы 1 қыркүйектен
бастап республиканың 69 мектебінде бейінді оқытудың мазмұнын, нысандары мен
әдістерін сынақтан өткізу жөніндегі сынау алаңдары режимінде жұмыс
басталды. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен 94 білім беру объектісін
салу жүзеге асырылды. 2012 жылдың басына 40 жаңа мектеп ашылды, 792 мектеп
жөндеуден өтті. Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды материалдық
қолдауды қамтамасыз ету мақсатында жалпыға бірдей оқыту қорларында 1,6
млрд.теңге шоғырландырылды (2010 жылы – 1,2 млрд.теңге).
Елбасының тапсырмасына сәйкес Астанада халықаралық деңгейдегі үздік
университет құрылуда. Университетті құру тұжырымдамасы әзірленді және
мақұлданды. Білім беру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты маңызды құрауыш
9 000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін
сапа менеджменті жүйелерін (СМЖ) енгізу болып табылады. Қазіргі уақытта
шетелдік агенттіктерде СМЖ 42 жоғары оқу орны өтті. 32 490 грант көлемінде
20112012 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік
білім беру тапсырысы бекітілді. 2011 жылы білім беру ұйымдарын
акрредиттеудің халықаралық моделіне көшу жөніндегі жұмыс басталды.
Мемлекеттік-жеке білім беру кредиті жүйесі жетілдірілуде.
Ғылымды басқаруды жетілдіру жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған басым ғылыми бағыттар мен
бағдарламаларды іріктеуге жаңа көзқарастар ұсынылды. Басым бағыттардың
әрқайсысы бойынша ашық үлгідегі ұлттық ғылыми зертханаларды құру және
ілгерілеу технологияларын инженерлік қолдау үшін – 15 инженерлік
бейіндегі университет зертханаларын құру көзделді. Әлемдік деңгейдегі
ғылыми орталықтарды құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Олардың бірі ретінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығының Астана қаласында
жаңа ғылыми-зерттеу кешенін ұйымдастыру жөніндегі жоба іске асырылады.
Қазақстан Республикасында 2011-2008 жылдарға арналған биотехнология
жөніндегі кластерді қалыптастыруға қазіргі заманғы технологияларды дамыту
ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру басталды, ол ауыл шаруашылығы,
денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, өңдеуші өнеркәсіп саласында
тиімділігі жоғары технологияларды әзірлеуге бағытталған. Қазақстан
Республикасы Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары Құс тұмауы:
күресудің 2011-2008 жылдарға арналған құралдары мен әдістерін зерделеу,
әзірлеу республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде құс
тұмауына қарсы бірінші отандық ауыл шаруашылығы вакцинасын жасады.
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2012-2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленді. 2011 жылдың
қарашасында Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды және мақұлданды. Ғылымды
басқаруда стратегиялық мәні бар шешімдерді жедел қабылдау мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық
комиссияның мәртебесі мен рөлі арттырылды.
Тұрғын құрылысына 2011 жылы 324,8 млрд.теңге инвестиция жіберілді, ол
2010 жылға қарағанда 21,7%-ке көп. Кәсіпорындар мен барлық меншік
нысанындағы ұйымдар және халық жалпы алаңы 6,2 млн.ш.метр тұрғын үйді
пайдалануға берді, ол 2010 жыл көрсеткішінен 1,2 есеге артық. Құрылысты
жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметi мен
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк нормативтер
жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.
Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2010-2012
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудан бастап
облыстардың, министрліктер мен ведомстволардың басшыларын шақырта отырып
Мемкомиссияның 9 отырысы және 4 кеңесі өткізілді. 2011 жылы қаржыландырудың
барлық көздері бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңы 6,2
млн.ш.метр тұрғын үйді құрады, бұл 2010 жылдың ұқсас көрсеткішінің 124%-ін
құрайды. Оның жеке тұрғын үйі – 3,6 млн.ш.метр немесе 2010 жыл деңгейінің
145%-і.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан
Республикасында Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2011-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы бекітілді, оның мақсаты бар тұрғын үй қорын тиісінше
пайдалану және ұстау, оларда тұрудың қауіпсіз және жайлы жағдайларын
қамтамасыз ету болып табылады.
2011 жылы денсаулық сақтаудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
мақсатында Қазақстан Республикасының ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
және Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңдары күшіне енді, онымен 18
қолданыстағы заңдар қозғалды.
Елбасының Қазақстанның әлемдегі 50 барынша бәсекеге қабілетті
елдердің қатарына кіру стратегиясы 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан
халқына жолдауында берілген халықаралық маңызы бар ілгерілеу жобалары
туралы жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында дүниежүзілік
деңгейдегі қайтадан қолданысқа берілетін республикалық ғылыми инновациялық
медициналық орталықтардың негізінде Астана қаласында медициналық кластер
құру жөніндегі жұмыс басталды. Астана қаласында жаңа орталықтардың
негізінде медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспар бекітілді,
Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы акционерлік қоғамы құрылды. Жедел
көмек көрсету станциясы бар жедел медициналық көмек ұлттық ғылыми
орталығының, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының және
Республикалық диагностика орталығының құрылысы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы халқының денсаулығының жағдайы, санитарлық-
эпидемиологиялық ахуалы және денсаулық сақтау саласын дамыту 2011 жылы оң
және теріс көрсеткіштермен сипатталды.
2011 жылы бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі -
БМСК) қалыптастыру мен дамыту бөлігінде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жалғастырылды. Есепті жылы медицина ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.
2011 жылдың қорытындысы бойынша БМСК ұйымдарының жабдықтармен және
медициналық мақсаттағы өнімдермен жабдықталу деңгейі оң серпіліске ие.
2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 9,1 мың
фармацевтикалық қызмет объектілері жұмыс істейді. 2011 жылы бастапқы
медицина-санитарлық көмек объектілері арқылы дәрілік құралдарды сатуды
ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Қазақстан Республикасының
Денсаулықты қалыптастыру мен дамытудың 2010-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5 жасқа дейінгі балаларды және
диспансерлік есептегі балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Медициналық және фармацевтикалық білім беруін қалыптастыру
тұжырымдамасы мақұлданды, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі 2011-2010
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
2011 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі айлық еңбекақының,
базалық әлеуметтік төлемдер мен кедейшілік деңгейінің ең төменгі мөлшерін
белгілеу үшін базалық әлеуметтік заңнамалық жағынан нормативпен бекітілген.
Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдісі өзгерітілді, бұл оның мөлшерін
төрттен бірге (24,4%) арттыруға мүмкіндік берді. Ең төменгі күнкөріс
деңгейінен төмен еңбекақысы бар халықтың үлесі 31,0%-тен (2010 жылдың
үшінші тоқсанында) 17,7%-ке дейін (2011 жылдың үшінші тоқсанында)
төмендеді.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%-ке
артты. 2011 жылы зейнетақының ең аз мөлшері 6 700 теңгені, базалық
зейнетақы төлемінің мөлшері 3 000 теңгені құрады. 2011 жылы зейнетақының
орташа мөлшері 9 912 теңгені, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларға
үстемақылардың орташа мөлшері – 17 550 теңгені құрады. 2011 жылғы
1 маусымнан бастап күш органдарының қызметкерлеріне қызмет атқарған жылдары
үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылды. Қызмет атқарған жылдары
үшін зейнетақы төлемдерін саралап арттыру нәтижесінде күш құрылымдарының
қатарынан зейнеткерлер зейнетақысының орташа мөлшері 28,4%-ке өсті (22 059
теңгеден 28 315 теңгеге дейін).
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту мақсатында 2011 жылы жинақтаушы
зейнетақы жүйесіне әкімшілік төлемдер жүйесін оңтайландыру жөніндегі жұмыс
жүргізілді: міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жүйесі жеңілдетілді,
салымшыға жинақтаушы зейнетақы қорын жеке таңдау құқығын іске асыруға
мүмкіндік беретін жағдайлар жасалды, МЗТО негізінде бірыңғай есепке алу
орталығы құрылды, онда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық ақпараттық
және ақшалай ағындары шоғырландырылды. Нәтижесінде, төлемдерді оңтайландыру
салымшылардың нақты санын – жинақтаушы қорлардың деректері бойынша 8,5
млн.орнына 7 млн. анықтауға мүмкіндік берді.
Тұтастай алғанда республиканың зейнетақы жүйесі оң даму үрдістеріне
ие. Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қатар шамамен екі жылдың ішінде
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Еңбекке
қабілеттілігін, асыраушысын жоғалтуы бойынша әлеуметтік төлемдерді
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 9,6 мың адам алды. 2012 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша 2011 жылда Қорға түскен әлеуметтік
аударымдардың сомасы 25 163 млн.теңгені құрады.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау жаңа Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
туралы заңмен және оны іске асыру жөніндегі бағдарламамен қамтамасыз
етілді. Елде мүгедектердің жалпы саны шамамен 430 мың адамды құрайды;
олардың оныншы бөлігі – мүгедек балалар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz