Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бағалау-үлгерімнің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111093 Информатика пәні мұғалімі

Орындаған: Мырзамұрат С.М. ИИ-И-16 тобы
Жетекшісі: Қожахмет Ж

Қызылорда, 2020
МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
ІI ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ, ҚЫЗМЕТI ... ... ... ... ... ... ...

5
2.1 Бағалау -- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл ... ... ...
5
2.2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары ... ... ... .
8
2.3 Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

16
ІІІ Бағалауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
3.1 Бағалауда ынталандыру әдістері, өзін-өзі бағалау және оның ықпалы
21
3.2 Сабақты қадағалау, бағалау тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34

І КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістігін бағалау - оқу үдерісінің маңызды, салмақты бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні жаңартылған білім беру бағдарламасына сай критериймен бағалау мен кері байланыс орнатуды анықтау жұмысымыздың өзектілігі болып алынады.
Зерттеу мақсаты
* Бағалаудың оқу мен оқытудағы алар орнын айқындау.
* Бағалаудың жаңа технологияларымен танысу
* Бағалауда ынталандыру әдістерінің оқушыларға ықпалы
Зерттеу нысаны
Оқыту жүйесіндегі бағалаудың алар орны мен маңызы, түрлері.
Зерттеу пәні
Педагогика
Зерттеу міндеттері
* Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру
* Білім беру жүйесіндегі бақылау мен бағалаудың жаңа технологияларын анықтау
* Оқытуда ынталандыру әдістерінің әсерін зерттеу
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, төрт тақырыпшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

ІІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ, ҚЫЗМЕТІ
2.1 Бағалау -- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл
Оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын қадағалау нәтижесі сол жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Бағалау - білім, ептілік және дағдылардың игерілу дәрежесін анықтау. Бағалау қызметінің сандық көрсеткіші - баға, яғни баға оқушылардың білім, ептілік, дағдылар дәрежесінің шартты сан не ұпаймен белгіленуі. Оқу нәтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, мақтау парағы не медальдермен мадақтау және т.б. Білім бағалауда шынайылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың өте нәзік құралы. Көтеріңкі баға шәкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге оның жұмысқа болған немқұрайлығын да пайда етеді. Әсіресе, болымсыз бағаның әсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан бас тартуға ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары бағалау, баға қою мәселесі үлкен пікір талас туғызып отыр. Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына қарамастан өткізуді ұсынуда. Осыған байланысты еліміздегі бағалау проблемасының әр кездегі жайы өз алдына қызықты. 1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Бағалау деп жұмыс жасаудағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру мен биелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңейді, ғылыми көзқарасы қалыптасады. Іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудағы құрал. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат - оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді. Білімдегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.Әр сабақта бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындыққа кездесуі мүмкін екенін анықтау қажет. Баға - оқыту үдерісіндегі қозғаушы күші. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі. Пәнге деген қызығушылығы артады, осыған қарап, біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз. Осыдан білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Біріншіден, бағалау және баға - оқу үрдісінің ажырымас біртұтас құрамдас бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады:
а) Бағалау - ынталандыру әдісі мен құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы факторы;
ә) Бағалау - емтихан не сынақ алу - білім сапасын жетілдірудің, оқышының басқа да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың кепілі;
б) Бағалау мұғалім мен оқушының жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптасырады, жағымды ықпал етеді.
Екіншіден, бағалау және баға оқушыларды өмірге үйретеді, дайындайды, бейімдейді. Үшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамуына ықпал етеді. Төртіншіден, бағалау әрқашанда әділетті сипатта болуы керек, сонда ғана оның ғылыми-дидактикалық тұрғыдан нәтижелілігі қамтамасыз етіледі. Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Б. Ананьев өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын тұлғалық білім алу, белсенді қалыптасу ретінде қарыстырады, оның оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екіндігін айтады. Оның пікірінше, оқу үрдісінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, педагогтердің, сыныптағы және отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады. Ол оқушыда оның білімдері, жетістіктері мен үлгермеушілігі жайлы түсінік тоқсанның аяғандағы бекітілген үлгірім бойынша ғана емес, сондай ақ, оқу үрдісінде жекелеген парциальдық бағалар бойынша да қалыптасатындығын, мұғалімнің жеке парциальдық бағалауы неғұрлым айқынырақ, нақтырақ болса, оқушының білімге соғұрлым бейімделе түсетінің атап көрсетеді. Бұл ұстанымдардың А. Липкина зерттеулерінде әрі қарай дамытылғаның көреміз. Автор кіші жастағы оқушының өзін-өзі бағалауының қалыптасуына ықпал ету оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту әдістерімен, оқыту үрдісінде оқушылар арасында орнатылған қарым-қатынастар жүйесімен анықталатындығын айтады. Кіші жастағы оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру негізіне оқушының әрекетке қосылуы ғана емес, сондай-ақ, оның нәтижелерінің бағалануы қажет деп есептейді. Ш. Амонашвилидің пікірінше, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін жеке бағалаушылық пайымдауда оқушы бетке ұстайтын ерекше бағалау өлшемдері құрылуы қажет. Ол, белгілі бір үлгі өлшемдерді, олармен жұмыс істеу жолдарын меңгерген бағалаушылық пікірлер үлгілерін, жолдастарының жұмыстарына қатысты мазмұнды бағалау тәжірибесін игерген оқушы өзінің жеке оқу-танымдық әрекетіне бағалау бөлігін белсенді енгізе алатындығын атап көрсетеді. М. Львов зерттеулерінде кіші жастағы оқушының өзіндік бағалауын қалыптастырудың маңызды қыры ашылады. Оның пікірінше, оқушыны әрекет субъектісі ретінде қалыптастырудың келесі міндеті мынадай шарттармен қамтамасыз етіледі:
- сыныптағы еркін хал ахуал;
- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;
- жаңа білім алуда оқушыларға дербестік берілуі;
- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл күйін, қызығуын, қабілеттерін назарға алуы;
- жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі. Н. Калашникова мен Ю. Иванов өзіндік жұмыс үрдісінде және кіші жастағы оқушыларды оқытуда жеке компьютерлерді қолданып оқу әрекетін қалыптастыруды зерттей келе, өзіне-өзі баға беруді күрделі ерекше оқу әрекетіне айналдыру үшін мұғалімнің оқу міндеттерін белгілеу жеткіліксіз деген тұжырымға келген.
2.2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары
Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. 1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард 1724-1790 неміс педагогы, филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл сан арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген. 1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын жалғастырды. Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (влспитывающие). Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағалаушы (ориентирущая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады. Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтижесінің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш. Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде. Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең таралған. Мысалы, ғалым - педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, аралық, қорытындыдеген түрлерін көрсетеді. Ал Г.И.Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан көзқарастарын білдіреді. Е.А.Дмитриев - күнделікті, тақырыптық және қорытынды деп бөледі. Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика оқулықтарында тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлген. Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады. Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады. Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді. Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді. Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады. (жазбаша бақылау жұмысы, тестік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант, т.б.). Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданған принциптер негізінде жүргізіледі, олар: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік. Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) - бұл субъективтік факторларды болмауды көздейді. Жүйелік, бірізділік-әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерігнде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою. Жеке-дарақатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады. Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасыныбарлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білімдерін білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу)
-машиналы бағдарламалап бақылау (перфокараталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға балл есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі 5 балдық жүйелер қолданылады. 5 бағасы - оқу материалын толық, дәл, логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады; 4 бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас қателері бар жауапқа қойылады.; 3 бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, біліміне кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; 2 бағасы - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады; 1 бағасы - тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан қателер үшін қойылады. Сынақ - қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді. Емтихан - оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі. Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг - тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді. Рейтинг - ағылшын тілінде torat - бағалау немесе жетістік өлшемі деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүйесінің мақсаты:
-оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиіділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;
oo оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;
oo оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттрыу;
oo тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерінің тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады. Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырма жиынтығы. Бағалаудың біраз түрлері төмендегідей:
1. Қосу - Азайту - Қызықты ұсыныс стратегиясы. + - Қызықты ұсыныс. Нені жаналық болды? Нені түсінбеді? Өзінің ұсынысын жазады.
2. Жазбаша түсіндірме. Бағалаудың міндетті элементі - кері байланыстың жасалуы. Мұғалім оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексерген кезде, тек баға ғана қоймай, түсініктемесін жазып кету керек. Түсініктемелері анық және түсінікті болу керек. Дұрыс орындалған жерін белгілі бір түспен, ал қосымша толықтыратын жерді басқа түспен белгілеуге болады.
3. Бір минуттық эссе - бұл мұғалімнің оқушылардан кері байланысты болу үшін және де жаңа тақырып бойынша не түсініп, нені түсінбегенін білдіреді. Мұғалімге келесі сұрақтарды қоюға болады: Бүгін сен нені білдің?Қандай сұрақтар саған түсініксіз болды?
4. Екі жұлдыз және тілек. Оқушылар өз сыныптастарының шығармашылық жұмыстарын бағалағанда қолданылады. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалағанда екі жұлдызшаға жақсы жағын көрсетеді, ал қате орындалған жағына, өз пікірлерін білдіріп кетеді.
5. Жұдырықтан бес саусаққа дейін. Жұдырық - егер тапсырмада көп қателер жіберілсе; Үш саусақ - егер тапсырма жақсы деңгейде орындалса; Бес саусақ - егер тапсырма өте жақсы деңгейде орындалса.
6. Бас бармақ. Бас бармақтың төмен түсіп тұрғанын көрсетсе - тапсырманың дұрыс орындалмағанына көз жеткізеді; Бас бармақты оң немесе сол жаққа көрсетсе - тапсырманы жақсы деңгейде орындалғанын білдіреді; Бас бармақ үстіне қарап тұрғанын көрсетсе - тапсырма өте жақсы немесе дұрыс орындалғанын түсінеміз.
7. Гүл, жапырақ, жеміс арқылы бағалау. Жеміс-жауабы толық, әрі дәлелді жауап берсе.
Гүл-жауабы толық, бірақ оқушыда өзіне деген сенімсіздік болса. Жапырақ-жауабы толық емес, әрі біраз қателер табылса,осы карточкаларды балаға әр тапсырманы орындаған сайын пайдалануға болады.
8. Құпия жәшік. Мұнда оқушы өзін-өзі бағалайды. Немесе мұғалімнің қойған бағасымен келіспесе, осы жәшікке оқушы сабақтың соңында өз ойын жазып, бүгігнгі сабақта өзіне қояр бағасын қоса жазып кетеді. Мұны мұғалім қайтадан өзі талдап, келесі сабақта оған жауап түрінде жәшікке қағазды салады. Ал оқушы өзіне қажет жауапты қарап,өзі ой түйеді.
9. Бағдаршам. Мұнда оқушы сабақ бойы алған мәліметтерін алдарында жатқан парақшаларды көрсету арқылы өздеріне баға қояды. Яғни, егер оқушы жасыл түсті парақшаны көрсетсе, онда ол оқушы келесі сабаққа дайын деген сөз. Ал сары түсті парақшаны көрсетсе, онда ол оқушыға әлі де көмек керек деген сөз. Егер оқушы қызыл түсті парақшаны көрсетсе, онда бұл сабақтан алған мәлімет тіпті түсінігіне жеткен жоқ деген сөз.
10. 10 сұрақ. Мұғалім өзі таңдап алған оқушыға он түрлі сұрақ қояды. Ал оқушы ия намесе жоқ деген жауап айту керек.10 сұраққа да жауап бере - өте жақсы,9-7 сұраққа жауап берсе - жақсы, 6-4 сұраққа жауап берсе - қанағаттанарлық.
2.3 Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары
Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі. Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Тест - ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді. С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады. Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады. Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты - жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест тәжірибе, тексеру деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады. Тестік жүйенің басты мақсаттары:
oo өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
oo оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
oo оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
oo білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
oo бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
oo өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
oo оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
oo оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
oo оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
oo Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
oo Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
oo Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
oo Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
oo Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
oo Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
oo Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
oo Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
oo Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
oo Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені қолдану - ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына ыңғайлы. Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда оқушының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып, әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың бірден-бір тиімді әдісі болып отыр. Мониторинг дегеніміз - белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның монитор деген сөзінен алынған. Белгілі параметрлерді анықтауды бақылау құралы. Мониторингті техникалық құралдарың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады. Мониторингті жүргізгенде, шұғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін таңдай аламыз және өңдей аламыз. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалану арқылы үнемі бақылауға болады. Бұл - мониторингтің тағы бір маңызды ерекшелігі. Мониторинг - бұл педагогикалық үрдіс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы өзекті мәселе мен құралдарын шешу барысында диагностикалық, прогностикалық зерттеудің жағдайың ғылыми негізге сүйене отырып үздіксіз бақылау. Мониторинг деген сөздің өзі Ресейде Чернобль апатынан кейін Чернобльдегі балалардың денсаулық жағдайын бақылау ретінде пайда болды және орыс тіліне сіңіп кетті. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік-психологиялық, медициналық мониторинг, оқушының жеке басының көзқарасын жалпылай алу мақсатында бұл оқу орындарына ең қажетті болып табылады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгірмеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді. Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгеін оқушы өзі бақылап отырады. Яғни оқушылар өздігімен орындайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімді бақылау формасы
Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат
Биология пәнінен оқушылардың білімін тексерудің маңызы
Білімді бағалаудың кейбір мәселелері
Бағалаудың тарихы
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және бағалау
Кәсіптік оқыту процесінде оқушылардың білімін тексерудің және бағалаудың педагогикалық негіздері
Пәндер