Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхаммедов атындағы жоғарғы Педагогикалық колледж

Курстық жұмыс

Тақырыбы:«Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру»

Орындаған:3аКШО-11 тобының студенті

Сегізова Салтанат Ергенқызы Тексерген:Ибатова Нәсіпханым Ермекқызы

Орал, 2020 ж

Жоспар

Кіріспе I. Негізгі бөлім 1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 1, 2. Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары ІІ Бөлім 2, 1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері 2, 2. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты 2, 3. Сыныптан тыс жұмыс түрлері 2, 4. Ауызша есептеу тәсілдері 2, 5. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елбасының Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған
орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс
жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру
керек. деп айтылған.
Біздің қазіргі мектептің негізгі мәселелерінің бірі -оқушылардың
шығармашылық белсенділігін арттыру болып есептеледі және оларда білімді өз
бетінше алып және оны қолдану. Бұл мәселелерді шешу үшін математикалық және
саналы еңбекке бейімдеу, мемлекеттік және қоғамның түрлі салаларында ғылым
және мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен
өткізудің оқушылардың білімін тереңдету және математикаға деген
қызығушылығын арттырудағы маңызы мен орнын анықтауда болып табылады.
Бұл курстық жұмыста бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстардығ тиімділігі, оқушылардығ логикалық ойын дамыту
қарастырылған.
Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін,
ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен
сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің
өзі көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім
беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралы ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Қазіргі мектеп
жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық,
педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға
қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын
салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап
етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру
үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.
Осы жоғарыда айтылған барлық жағдайларды ескере отырып біз, зерттеу
тақырыбымызды Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстар деп алуға ұйғардық.
Зертеудің нысаны: Бастауыш сыныпта математика сабағында сыныптан тыс
жұмыстардын тиімділігін сараптау, талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні: Математиканы оқыту әдістемесі
Зерттеудің болжамы: Егер бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда
сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім жақсы өткізсе онда осы мәселеге байланысты
жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етедіжоғары
дамыған тұлға қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстар әдістемесін теориялық тұрғыдан анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселесінің
теориялық негіздерін анықтау.
2. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызын
айқындау.
3. Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды
теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Менің курстық жұмысының нәтижелерін
студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеу көздері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына
байланысты педагогика, психология, ғалымдарының еңбектері, мектеп
бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, әдебиеттер
тізімі.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының математика
сабағында сыныптап тыс жұмыстар жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау;
сабақта бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды шығармашылық
қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық
шарттар бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды дамытуға ықпал
ететіндігімен анықталады. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуын,
сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға
болады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Қурстық жұмыс 25 беттен, 2 бөлімнен тұрады.
Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және
пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденді, мақсат-міндеттері
айқындалды, пәні, әдістері таңдап алынды.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы

1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, міндеттері, кызметі, түрлері, олардың ерекшеліктері мен математика сабақтарымен өзара байланысы. Балалардың жас, жеке-дара ерекшеліктерін, кабілеттері мен дайындық деңгейлерін ескеру.

2. Конкурстың және олимпиаданың есептерін шығару, стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орындау барысында, бастауыш сыныптардағы қызығушылықтарына орай курсты таңдап алуға және математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетіне сыныптан тыс жұмыстарда басшылық жасау.

1. Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.

Бастауыш мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері, оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсуі, логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік принципінде құрылуында; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын және сынып жұмысы мен үйлесімді болатындай таңдап алыну керек.

Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады.

1) Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

2) Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Біріншісі әртүрлі себептермен (оқушының ұзақ ауруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т. б. білім деңгейі, біліктілігі төмен оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Алыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 1 немесе 2 рет) . Әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушыларды білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек.

Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесесінің маңызды құрамдас бөлігі.

2. Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс ұйымдастырудың ерекшеліктері төмендегіше:

1. Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға

сүйенбейді. Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оқушының білімі мен мүмкіндігіне сәйкес ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар оқушының математикалық білім және мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы жағынан дәлме-дәл болуы қажет емес.

2. Егер сабақ барлық уақытта 45 минутқа жоспарланса, сыныптан

тыс жұмыстар мазмұнымен формасына байланысты 2-3 минутқа да, 1сағатқа да есептелуі мүмкін.

3. Егер сыныптық - сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен

топтасқан, түгел құрамын талап етсе, сыныптан тыс жұмысқа оқушылар бір сыныптада болуы мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.

4. Сыныптан тыс сабақтың әртүрлі түрлері мен формалары бар:

топтық сабақтар, үйірмелер, математикалық бұрыштар, викториналар мен олимпиадалар, саяхаттар, КВН және т. б.

5. Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі

берілген материалдың не мазмұны, не формасы түрінде беріледі. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. Мысалы, математикалық кешті ұйымдастыруда, кешті мектептің үлкен залында өткізген дұрыс. Залды көркем етіп жабдықтау керек. Бөлменің қабырғаларына әртүрлі есептерді, ребустарды, бірден сызып шығуға арналған есептерді, суретпен кескінделген қызықты есептерді көрнекілік түрінде жазып іліп қойған жөн.

Бөлменің әр жерінде “Біліміңді тексер”, “Ауызша есептеп үйрен”, “Білімді болсаң ұтыс сенікі”, “Сен білесің бе?”, “Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан”, т. б. тақырыптармен аталатын математикалық киоскілер жұмыс істеуі керек. Бұл киоскілерді ойын ұйымдастыратын оқушылар алдын-ала дайындалған, математикадан күшті жоғары сынып оқушылары болуға тиіс. Бөлмеде оқушылардың алдын-ала қолдан жасалған көрнекі құралдарынан, дәптерлерінен көрме ұйымдастыруға болады. Жан-жақты дайындалған кештер әр уақытта мазмұнды болады. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады.

Сыныптан тыс жұмыстың түрлері: математикадан үйірме жұмыстары, математикалық бұрыш, математика кештері мен ертеңгіліктері, конкурс, олимпиада, эстафета, газет.

Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері.

Қазіргі кезеңде еліміздегі білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға бастау алатын жаңа мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар, халықтың рухани, әлеуметтік дамуына, тілі мен мен тарихы, мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап отырғаны белгілі.

Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі - білім беру мазмұнын жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа т. б. байланысты.

Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік туғызады. Математиканы оқыту процесiнде балалардың бiлiмi мен бiлiктерiн, танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста болатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.

Интеграция (лат. іntegratіo - қалпына келтіру, толықтыру, іnteger - тұтас, бүтін) - экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Математиканы оқыту процессiнде белгiлi бiр пән аралық байланыстар iске асырылады.

Математика мен қазақ тiлiнiң арасындағы байланыстар:

-грамматикалық және математикалық ережелердi пайдалануы;

-математикалық терминдер еңгiзу арқылы тiл байлығының артырылуы;

-сөйлем құрастыру барысында модельдеудiң пайдаланылуы;

-сөйлемдегi сөздер байланысының сызбаның көмегiмен өрнектелуi;

-сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тiлдiнiң дамытышлуы;

-өлең жолдарындағы буын сандарының теңдiгi;

-математикалық тiлдiң қалыптастырылуы.

Математика мен әдебиеттiк оқудың арасындағы байланыстар:

-көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгiлерiн салыстыру арқылы анықтау және ажырату, теңеулердiң қолданылуы.

-халық ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң: жұмбақ, жаңылытпаш, санамақ, қаламақ, мақал мәтелдер, ойын өлеңдердiң және тағы басқа математика сабақтарында пайдаланылуы;

-көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың iшкi сезiмiне түрткi салу, ақыл-ойын, санасын жаңғырту және дамыту;

-көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстѕр, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, үлгi-өнеге, тәлiм-тәрбиелiк материалдарды математика мазмұнына сiңiру;

-ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгi есептердiң мазмұнын саналы түсiну мақсатында ана тiлiн ерiк пайдалану.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:

-дүниедегi құбылыстарға дәл де адал баға бере бiлу;

-өзiндiк пiкiр айта бiлу және оны дәлелдеу, өз көзқарасын бiлдiру;

-мтематикалық есептердiң мазмұны арқылы өзiн қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтiру;

-айналадағы дүниеде танып бiлген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында пайдалану;

- елiмiздiң әлеуметтiк

-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерiн, ғылым мен мәдениетiн, табиғатын сипаттайтын фактiлердi, деректердi, мәлiметтердi және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерiнiң арасындағы байланыстар:

- заттарды түсiне, пiшiнiне, өлшемiне қарай салыстыру; теңестiру, кеєiстiк жайында тѕсiнiк қалыптастыру

- кескiндеу, бейнелеу, безендiру, кұрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдiктiң және симметрияның пайдаланылуы

- көркемсуреттi байқау, көру, бақылау, ажырату, сезiне отырып қабылдау, салыстыру, теңеу

- көркемсурет шығармалары арқылы баланың iшкi сезiмiн, және көңiл-күйiн ояту, дамыту

- Ұлттық ою өрнектермен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математикамен еңбекке үйретудiң арасындағы байланыстар:

- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық бiлiмдерiн өмiрде, . нақтылы жағдайларда практикалық мәселелердi шешу үшiн пайлалана алуын қалыптастыру.

- күнделiктi өмiрге және тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауда математикалық бiлiм, бiлiк дағдыларын пайдаланылуы.

-құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдiктiң және симметрияны пайдалануы.

Математика мен саздың арасындағы байланыстар:

-саздық әуен мен ырғақта математикалық дәлдiктiң және сан мен үлестiң пайдаланылуы;

-нота сауатында математикалық бiлiмнiң пайдаланылуы;

-халықтық ән, би күй, айтыс және термелердi математика терминiне сiңiру;

-саздық жарларды ажырату, салыстыру.

Математика мен дене тәрбиесiнiң арасындағы байланыстар:

-баланың кеңiстiктi болжауы және сәйкес қолданылуы ;

-уақыт аралығы жайында түсiнiктердiң қалыптастырылуы;

-баланың қимыл қозғалысындағы реттiк тәртiп және дәлдiк,

-қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.

Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс - оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.

Сыныптан тыс жұмыс ұғымы - мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада - «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс - мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс - мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс - оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.

Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты - баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам

қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т. б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.

Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары: Тарих кеші - бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады. Тарихтан викторина - бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта) . Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта бағдарлама бойынша оқылатын сұрақтар әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Викторинаға тарихпен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға әзіл-сұрақтар да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізу
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарының негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz