Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың қағидалары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы:ҚР азаматтық құқық негіздері;

Орындаған: Абдирашова Ж. Ш. ;

Тобы: ЭФ-19-4к;

Қабылдаған: Шалдарбекова М. Б. ;

Шымкент

Қазақстан Республикасының азаматтық құқық негіздері

Жоспар:

  1. Азаматтық құқық қазақстан құқығының саласы;
  2. Азаматтық құқықтың қағидалары;
  3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері ;
  4. Азаматтық заңның уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар арасында қолданылуы
  5. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың субъектілері. Заңды тұлғалар жəне олардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары. Азаматтық құқықтың объектілері;
  6. Азаматтық құқықтағы мəміле;
  7. Меншік құқығы: алынуы мен тоқтатылуы;
  8. Азаматтық құқықтағы міндеттемелер: түсінігі жəне түрлері, əрекет ету мерзімі;
  9. Шарт: түсінігі, түрлері, жасасу тəртібі жəне қолданылуы;
  10. Азаматтық құқықтық жауапкершілік;

Азаматтық құқық - қоғам өмірінде айрықша орын алатын қазақстандық құқықтың бір саласы. Тұрмысымыздағы кез келген ең қарапайым деген жағдайларды еске салсақ, бұлардың қатарында азаматтық-құқықтық тəртіптің орын алатынын байқау тіптен қиын емес. Сізді академияға апаратын автобусқа кіріп, сіз жолақысын төлейсіз, сол арқылы тасымалдау шарты бойынша қатынасқа түсесіз. Академияға келіп гардеробқа пальтоңызды өткізесіз, сол арқылы мүлікті сақтау шартын жасайсыз. Үзіліс кезінде студенттік асханаға барып түскі ас ішесіз, бұл жерде де азаматтық-құқықтық қатынасқа түсесіз - алып-сату шартымен байланысты қатынастар. Сізге киіміңізді химиялық тазалауға беру керек, ол үшін мердігерлік шартын жасасуыңыз тиіс. Сіз оқырман билеті арқылы кітапханадан кітап алдыңыз, ал бұл саяп келгенде несие шарты қатынастарына əкелді. Əрине бүгінгі күндері барлығы да бірқалыпты еш кемшілік те байқала қоймайды, десек те адамдар өздері түсетін қатынастардың заңи табиғатын түсіне бермейді. Ал егер оқиғаның бірізділігі бұзылатын болса, бұл жайттардың құқықтық мінезі өзінен бірден хабар береді: бұндай қатынастардың қатысушылары жағдайды жақсы бағамдай отырып, өз құқықтарын қорғау мақсатында бір-бірлеріне наразылық білдіріп, міндеттердің орындалуын талап етеді, құзіретті мемлекеттік органдардан көмек сұрайды. Келтірілген мысалдан байқағандарыңыздай, азаматтық құқық қоғамдық қатынастарда кең ауқымды қызмет атқарады. Оның қызметі азаматтарға да, мекемелерге де, кей жағдайларда мемлекетке де таралады. Барлық құқық саласы екі жағдаймен сипатталады: біріншіден, білгілі бір реттеуші пəнімен, яғни өзі арқылы реттеліп, бікітіліп жəне қорғалатын қоғамдық қатынастармен, екіншіден, белгілі бір реттеуші əдісімен, яғни құқықтық қатынастарға қатысушы ретінде адамдардың жөнді тəртібін қамтамасыз ету үшін аталған жиынтықталған заңи нормалар негізінде мемлекет осы ерекше ерекше тəсілдерді қолданады. Азаматттық құқықтың пəні ретінде ең алдымен мүліктік қатынастар танылады. Мүліктік қатынастардың өзге қоғамдық қатынастардан ерекшелігі сол, олар белгілі бір экономикалық құндылықтарға иелік етеді. Ал сол экономикалық құндылықтарға иелік ету үшін, олар табиғаттың өзінен берілсе де, өндіріс қажеттіліктерімен, мысалға, жер немесе материалдық өндіріс процесі кезінде пайда болмаса да, адам еңбегінің азықтарымен, мысалға, рухани шығармашылық нəтижелерімен (ғылым, əдебиет, өнер туындылары) байланыста болуы керек. Мүліктік қатынастардың басым көпшілігі өндіріс қажеттіліктері ретінде көрініс табатын адамдардың өндіріс қызметі процесінің немесе тұтыну пəнімен орнығатындығы да сондықтан. Осыған сəйкес мүліктік қатынастарды - өндіріс қажеттіліктерімен, тұтыну пəнімен немесе өзге де адам еңбегінің жемісімен байланыста болатын, белгілі бір экономикалық құндылықтарға иелік ететін қоғамдық қатынас ретінде анықтауға болады. Мүліктік қатынастар түрлі формада көрініс табады, ал ол өз кезегінде оның тек азаматтық құқықпен ғана емес, өзге де құқық салаларымен реттеліп, қорғалатындығын білдіреді. Азаматтық құқық нормалары мүліктік қатынастарды белгілі бір формада ғана реттеп отырады. Ал бұл қарастырылған форма азаматтық құқықтың пəнін орнықтыратындай етіп анықталуы тиіс. Мүліктік қатынастарды қорғау саласындағы азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан шектеулілігі құнды белгісі арқылы танылады. Егер біреу ұрлыққа оқталса ол азаматтық емес, қылмыстық жауапкершіліке тартылады, себебі қоғамдық қатынастарға қол сұғу арқылы ол меншік иесіне ешқандай мүліктік залал келтірмейді жəне белгіленген құны бар мүлкіне тиіспейді. Егер де қылмыстық əрекет мүлікке зиян келтіретін болса, қылмыскер бір мезетте қылмыстық та, азаматтық та жауапкершілікке тартылады. Осы ретте қылмыстық жаза қылмыскердің тұлғасына қарсы бағытталады, ал келтірілген зардаптың заттай немесе ақшалай өтеуі азаматтық құқықтық норма негізінде тағайындалады. Олай болса тек реттелуі емес, мүліктік қатынастардың қорғалуы да, ол қатынастар құнды формада болатындықтан азаматтыққұқықтық нормалармен жүзеге асады. Мүліктіктен басқа, азаматтық құқықтың реттеу пəні болып жеке мүліктік емес қатынастар да танылады.

Бұндай бағыттағы қатынастар ешқандай экономикалық құндылыққа ие емес, себебі біздің жағдайда ар-намыс, абырой, есім, авторлық секілді жеке қатынастарды туындататын жайларды ақшаға сатып ала алмайсыз. Олар азаматтың тұлғасынан ажырамайды жəне бөлінбейді, тек соған тəнін жəне жеке тұлғалық қасиеттерін білдіреді. Экономикалық құндылықтарға иелік етпесе де, жеке мүліктік емес қатынастар өз қатысушылары үшін өзге, барынша маңызды мағына үстейді, маңыздылығы сол қоғаммен бағаланатын жеке тұлғаның шынайы артықшылығы мен кемшіліктері көрінеді. Мысалға автор өз шығармасындағы бұрмалаушылықты жоюды талап етсе, ол ешқандай мүліктік мақсаттарды көздемейді, тек оның қабілетін өзі жасаған еңбегі арқылы қоғамның бағалауына мүмкіндік беруді талап етеді. Аты, ар-намысы, абыройы жəне өзге де жеке қасиеттердің заңи қорғалуы да осындай мағынағы ие. Аталған жағдайларды есепке ала отырып, жеке мүліктік емес қатынастардың анықтамасын азаматтың жеке тұлғасы көрініс тауып жəне оның қоғам тарапынан бағалануы арқылы көрініс табатын қоғамдық қатынастар деп анықтауға болады. Жеке мүліктік емес қатынастар қызмет етуші азаматтық заңнамамен кең көлемде реттелмеуде. Өзіндік мінезі бар жеке игіліктер де кездесіп жатады жəне сол себептен де оның иесі құқық нормаларымен реттелетін қандай да бір қоғамдық қатынастарда тұратындығына қарамастан құқықтық қорғауды қажет етеді. Осындай игіліктердің қатарына ар-намыс пен қадір-қасиетті жатқызуымызға болады. Сонымен қатар мүліктік қатынастардың қатысушыларымен тығыз байланыста болатын жеке қатынастар да кездеседі жəне біртұтас кешенде осы қатынастармен тұрақтанады. Мысалға ғылым, əдебиет жəне өнер туындыларын жасауға байланысты автор шығармашылығының бірыңғай актісі өзара тығыз байланысты жеке жəне мүліктік қатынастардың бір уақытта туындауына əкеледі. Аталған екі қатынастың бір-бірінен айырмашылығы азаматтық құқықтың реттеу пəнін анықтаған кезде назарға алынуы тиіс. Қолданыстағы азаматтық заң кез келген жеке мүліктік емес қатынастарды қамтымайды, тек өзі арқылы реттелетін мүліктік қатынастармен байланысы барларын ғана қамтиды. Осылайша, азаматтық құқықтың өзге құқық салаларымен шекарасы былайша анықталады: мүліктік қатынастар үшін - бағалау құнының формасы бойынша, ал мүліктік емес қатынастар үшін - бағаланатын мүліктік қатынастардың байланысы бойынша. Алайда жеке мүліктік емес қатынастардың екі түрі бар: мүліктікпен байланысты ( мысалға, авторлық қатынастар) жəне олармен бацланысты емес (мысалға, азаматтың ар-намыс мен қадір-қасиеті) . Алғашқысы азаматтық құқықтың жалпы ережелері бойынша реттеледі, екіншісі - азаматтық-құқықтық аясынан алынып тасталған заңнамалық актілер арқылы реттеледі немесе жеке мүліктік емес құқықтар мүлде осылайша реттелуге жатпайды. Құқық саласын сипаттау үшін тек пəнін анықтау аздық етеді жəне де азаматтық-құқықтық реттеу əдісін анықтау керек. Реттеу əдісі ретінде мемлекет қатысушыларға қажет тəртіп ережелеріне қол жеткізетін əдістер мен тəсілдер жүйесі жатқызылады. Тиым салу мен міндеттеу əдістеріне қарағанда, азаматтық-құқықтық реттеу əдісінің жалпы сипаттамасы жалпыға бірдей қолжетімділігімен ерекшеленеді, яғни мемлекет заңмен тиым салған немесе өзге біреулердің заңды мүддесіне қол сұғатын əрекеттерден басқа, өздері қалаған, мүдделеріне сəйкес келетін кез келген əрекеттерді жүзеге асыра алады. Азаматтық құқық бірегей құқық саласы ретінде мүліктік қатынастарды бағалау құны шеңберінде реттеуші нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқық сонымен бірге мүліктікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды да жəне де заңнамалық актілермен қарастырылған немесе осы қатынастардан туындайтындардан басқа өзге де жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқықтың қағидалары. Қайсыбір заңның немесе заң институтының қағидасы оның жүйесінің іргетасын құрайтын негізгі ережелер мен бастаулардан тұрады. Бірінші кезекте біз оларды жалпылама заң ережелерінен бөліп қарастыруға тырысамыз. Біздің білуімізше төмендегідей азаматтық заңның қағидаларын қарастыруға болады: а) азаматтық-құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі; б) меншік ешкімнің тиіспеуі; в) азаматтық-құқықтық шарт еркіндігі; г) азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретінде кəсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау; д) жеке істер мен жеке өмірге мемлекет пен үшінші жақтың араласпауы; е) азаматтық құқықтардың қорғаныштылығы; Аталған қағидаларға барлық азаматтық-құқықтық нормативті актілер сəйкес келуі тиіс, ең алдымен - ҚР-ның Азаматтық кодексі. Аталғандардың басым көпшілігі «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталатын АКтің 2 - бабында көрініс тапқан. Бұл қағидаларың барлығы өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып тұрады жəне бір ортақ жүйені құрайды. Аталған қағидалардың əрқайсысына сипаттама беріп өтейік. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілерінің теңдігі: Бұл теңдік мынадай жалпыметодологиялық алғышарттармен күрделендірілген: азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде иемденуде де, жүзеге асыруда да, азаматтық құқықтардың қорғалуында да заңмен тең деп мойындалған жəне олардың бұзылғаны үшін міндеттеме мен жауапкершілікте бір-біріне бағынбайтын субъектілер танылады.

Меншікке ешкімнің тиіспеуі: Аталмыш қағиданың маңыздылығы меншік елдің барлық экономикалық жүйесінің іргетасы екендігімен байланыстырылады. Бұл қағида мемлекеттің мемлекеттік емес меншікке араласуына мүмкіндік беретін бұрын қабылданған қарарлардан бас тартуын атап өтеді. Сондықтан да ешкімнің тиіспеу қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапты. (6-бап, 26-бет) Азаматтық заңдардың маңызды қағидаларының бірі азаматтық шарт. еркіндігі. (АК 380-бап) . Бұл кез келген тұлға өз қалауы бойынша жəне еш мəжбүр етусіз құқылы: а) осы немесе өзге де шарт жасасуға түсуге; б) өзі шарт жасасқысы келетін əріптесті таңдауға; в) шарт талаптарын айқындауға; Осы ретте атап өтерлік жайт, əріптес те осындай құқықтарға иелік етеді. Сондықтан жалған азаматтық-құқықтық шарт ретінде тек ерікті жəне өзара келісілген келісімдер ғана танылады. Азаматтық заңның келесі қағидасы жеке істер мен жеке өмірге əлдекімнің араласуына жол бермеу. Бұл қағида азаматтық құқықтық қатынастарда жеке мүліктік сипат деңгейінде таралады. Əлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеу жəне де біреудің жеке өміріне, жеке құжаттары мен қатынастарына қол сұқпауды білдіреді. Азаматтық заң қағидалары қатарына жеткілікті негіздер арқылы кəсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды да жатқызуға болады. Бір қарағанда аталған азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері арасында мүдделер қақтығысы бар сияқты көрінеді жəне сондықтан да біреуінің қорғалуы екіншісімен сəйкес келе бермейді. Керісінше кейбір (тұтынушыларды) өзге бір (кəсіпкерлерден) қорғау қажет. Бірақ бұл - үстіртін жасалған пайымдау. Еш талас тудырмайтын айырмашылықтарда кəсіпкерлердің де, тұтынушылардың да жалған мүдделерінің қорғалуы түптеп келгенде бір мақсатқа - тұтынушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін толықтай қанағаттаныратын, өзгеше жүзеге аса алмайтын кəсіпкерліктің дамуына жол ашады. Ал бұл - өркениетті экономиканың басты міндетін құрайтын тұтынушы мүдделерінің толықтай қанағаттандырылуы. Бірақ, əрине, кəсіпкер, бір қырынан тұтынушы мүддесін тікелей қорғайтын нақты қажеттіліктер көбіне-көп əртүрлі болып келеді. Əрине ең соңында азаматтық заң қағидалары ішінде атап өтетін азаматтық құқық бөлігі оның қорғаныштылығы. Құқық мемлекет тарапынан сенімді қорғалмаса əрекет етуге қабілетсіз декларативті ұйғарымдарға жəне іске аспайтын субъективті мүмкіндіктерге айналады. Азаматтық құқықтарды қорғаудың шара жүйесі ретіндегі жалпы сипаттамасы, құқықтарды бұзған жəне зардаптардың алдын алған жағдайда құқыққа ешкімнің тиіспеуіне, оның жүзеге асуына, қайта қалпына келтірілуіне бағытталған. АК 9-бапта қарастырылған. Ал егер құқықты қорғайтын заңмен айқындалған шараларға келсек, онда олар жеткілікті жəне əрқилы.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілер жəне өзге де азаматтық-құқықтық нормалар түсіндіріледі. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның 3бабында көрсетілген. Бірақ та аталған актілердің барлық баптары азаматтық құқық нормаларын қарастыра алмайды. Орталық мемлекеттік органдардың барлық нормативтік құқықтық қаулылары азаматтық құқық нормаларын қамти алмайды, ал тек осы реттегі мүмкіндік заңмен қарастырылғанда ғана өзінде көрініс табады. Бұл АК-тің 3-бабында тікелей бекітілген. Сонымен қатар азаматтық құқық нормалары «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заң қызметінің сыртында ғана көрініс табатын дерекнамаларда кездеседі. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне ғұрыптар мен Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттар жатады. Азаматтық қатынастар ғұрыптармен реттеле алады, соның ішінде егер ҚР-ның азаматтық заңдарына қайшы келмесе іскерлік айналымдағы ғұрыптармен. (3-б., 4-т. ) Азаматтық құқық қайнар көздерінің түпкілікті түсінігі азаматтық заңнама болып табылады. Азаматтық заңнама - азаматтық құқықтың барлық қайнар көздерін қамтитын кең əрі ауқымды түсінік. Заң актілері азаматтық заңнаманың құрамдас бөлігі жəне тек мыналарды ғана қамтиды: а) АК; б) заңдар; в) Президенттің заңи күші бар Жарлықтары; г) азаматтық-құқықтық нормаларды қамтитын Парламенттің, Парламент Сенаты мен Мəжілісінің қаулылары; Заңи күші бойынша Азаматтық құқықтың қайнар көздері «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның бабымен қарастырылған нормативтік құқықтық актілердің жалпы бағыныштылығына сəйкес анықталады. Бұл иерархияда жоғары сатыда ҚР Конституциясы тұрады, одан кейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар мен ҚР Президентінің конституциялық заңи күші бар жарлықтары, кодекстер, заңдар жəне Президенттің заңи күші бар жарлықтары, Парламент жəне оның палаталарының нормативтік қаулылары, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің нормативтік қаулылары жəне т. б. Кез келген төмен тұрған нормативтік құқықтық актілер жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге қарсы келе алмайды.

Азаматтық заңның уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар арасында қолданылуы. Азаматтық заңнаманың қызметін анықтау, яғни ол оның қай уақыттан бастап жəне қай уақытқа шейін қызмет ететіндігімен, қандай территория мен қандай адамдарға таралатындығы турасындағы бірқатар сұрақтарға жауап береді. Заңның кері қызметі азаматтық-құқықтық норма қызметінің бастапқы кезімен байланысты. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы. Азаматтық заңнаманың уақытына қарай қолданылуының жалпы ережесі - азаматтық заңнама актілерінің кері күші болмайды жəне іске асқаннан кейін ғана туындайтын қатынастарға қолданылады. Жүзеге асқаннан кейін туындайтын қатынастарға азаматтық заңнаманың уақытына қарай қолданылуының жекелеген жағдайы, нормативтік актінің тікелей кері күші болғанда ғана қолданылады. Аталмыш жекелеген жағдай өзі қатысатын қатынастарда субъектіге билік оның құқықтық мəртебесін жəне қатынастардағы орнын өзгерте алатын дербес билік етуші қызметін атқару тиісті болатын уақыт пен идеяға жатады. Бұл жекелеген жағдай құқықтық жүйеде құқық субъектісінің мемлекетпен байланыстарын нығайту бағытында сақталуы тиіс. (қылмыстық жазаны жеңілдету, салықтарды төмендету, оның құқықтарын кеңейту жəне т. б. ) Азаматтық заңдардың адамдар ортасында қолдауылуы Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғалары үшін көзделген барлық құқықтар мен міндеттер, шетелдік физикалық жəне заңды тұлғаларға, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе азаматтығы жоқ тұлғаларға да теңдей иелік ете алатындай ережелермен айқындалады. (3-б., 7-т АК) . Азаматтық заңдардың территориялық қызметі оның Қазақстанның мемлекеттік барлық территориясында қолданылатын барлық принциптермен, белгіленген шекарамен жəне де мемлекеттік территорияға тиісті: аумақтық сулар, шетелдегі мемлекет елшілігінің аумағы, ҚР-ның туы астындағы теңіз кемелерімен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық құқықтың қағидалары
Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары
Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары
Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары
Азаматтық құқық жүйесі
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz