Дәріс - оқытудың басты формасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда еліміздің халықаралық білім беру кеңістігіне кіруі жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың түйінді бағыттарын нақтылауды қажет етіп отыр. Тез өзгеретін технологиялар заманында оның басты ұстанымы: өмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі.
Білім - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту деп көрсетілген [1] .
Жастардың сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуы, әрине, дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесімен тікелей байланысты. Білім беру барысында педагогтың оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын орынды қолдана білуі нәтижесінде ғана қоғамымызда болашағынан мол үміт күттірер білімді де білікті, кәсіби шеберлігі қалыптасқан тұлғалар пайда болады.
Г. Усмановтың «Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған белгілі бір тәртіппен өтілетін жұмыс» деп қарастырылады [2] .
Жоғары білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру жоғары оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелері мен жалпыға міндетті білім беру стандарттарына негізделіп жасалады және мамандықтың оқу жоспарымен, сабақ кестесімен реттеледі. ЖОО-да сабақтар аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді.
Педагогиканы оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларына дәрістер, семинарлар, зертханалық сабақтар жатады. Еліміздегі жоғары оқу орныдарында дәрістердің оқыту жүйесі үшін алатын орны ерекше.
Дәріс орта ғасырларда оқулықтар сирек кездесетін уақыттарда пайда болған және сол кезден бастап жоғарғы оқу орнындағы оқыту процесінде жетекші рөл атқарады. Дәріс сөзі оқу деген мағананы білдіреді. Ресейде лекцияны қолдану М. В. Ломоносовтың заманынан басталған. Дәріске деген қарсы пікірлер болғанымен қазірге дейін лекция оқыту формасының ең тиімді түрі болып табылады. Әсіресе дәріс оқулықтар жетіспейтін жағдайларда өте қажет.
1 Жоғары оқу орнындағы дәрістің орны мен рөлі
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар. Негізгі формасы - дәріс. Дәріс (лат. «lection» - оқу) - педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады.
Алғашқы дәрістер ертедегі Грецияда пайда болып, Римде одан әрі дамыды. Ресейде алғашқы дәрістерді өзі ірге тасын қалаған Ресей Университетінде Ломоносов оқыды. Ол лекцияға лекция әдемі сөйеуді, әдемі сөздерді айтуды, тілі байлығын жетілдірудің және оны жүйелі түрде үйренудің қажеттілігі үшін маңызды нәрсе, қажетті сөздер мен ережелерді жаттауды қажетсінбейді" - деп, баға берді. Дәрістің негізгі дидактикалық мақсаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы дидактикалық масаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқылады, сондықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Дәрістер мазмұны, құрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қағидалар ортақ болады.
Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.
Ақпараттық қызмет ғылымда өз шешімін тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы мәселелермен, сондай-ақ педагогикалық ғылымдардың соңғы жетістіктерімен таныстырады.
Бағыт-бағдарлық қызмет студенттерге дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.
Түсіндірушілік қызмет студенттердің ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.
Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
Дамытушылық қызмет студенттердің ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет студенттердің оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты.
2 Дәріс құрылымы мен түрлері
Дәріс білім алудың ең экономикалық тиімді жолы болып табылады. Оның экономикалық тиімділігі-оны көп тыңдарманға бір уақыт ішінде оқуға болады. Дәріс студенттердің ойлау мәдениетін жоғарылатады. Лектор тыңдаушылардың ой-өрісін қалыптастырады. Методикалық шеберлігіне байланысты лектор бір информацияны әртүрлі жолмен жеткізе алады. Кез-келген жақсы лекция тыңдаушыларды едәуір эмоциялды әсер қалдырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасы мен сенімін қалыптастырады. Әсіресе гуманитарлық соның ішінде психология лекцияларына тән. Дәріс әсер ету жағынан басқа әдістерден жоғары тұрады . Дәріс студенттерді ғылыммен және оның ғылыми теориялық жайлары мен таныстырады.
Сабақтың эмоциялы әсерлі, интеллектуалды қуатты болуы - сабақты тиісті мәнде ұйымдастырып, түрлендіре білуге байланысты. Ол үшін сабақты айнала өмірімен байланыстырып, белсенді әсерлігін арттыру, эмоциялық сезім туғызарлықтай, күш-қуатын арттыру керек.
Оны мынадай жолдармен жүзеге асыруға болады: Біріншіден, оқитын материалды қызықты-тартымды етіп хабарлау, қызықты мысалдар келтіру, мысалы, кейбір тәжірибелі мұғалімнің тарих сабағын түсіндіргенде келтірген
Екіншіден, сабақты ғылыми-жаңалық ашушы ғылымдардың өміріне байланысты қызықты-тартымды материалдар беру, олардың жаңалық ашудағы шығармашылдық қасиеттері оның ақыл-ой парасаттылығына сай келетіндігін мысалдармен әсерлеп айту.
Үшіншіден, сабақ үстінде оқушылардың шығармашылық ісіне түрткі боларлықтай материал беріп, проблемалар туғызып, ынталарын соған аудара білу. Мысалы, Күн Жерді тез жылыта тау басын тез жылыта ма?
Төртіншіден, мұғалімнің оқу материалын хабарлап-баяндаған уақытта образды-бейнелі түрін баяндап эмоция-сезімін жандандыра білуі.
Бесіншіден, сабақтық эмоциялық-инттелектуалдық қуатының артуына мұғалімнің жеке бас ерекшелігінің де әсері болады. Кейбір мұүғалімдер қызықты юморлық мысалдары сабаққа байланысты қолдана отырып, бір жағы оқушылардың тыныс дем алу мүмкіндігіне де пайда тигізеді. Сол сияқты физкультуралық минут, коллективтің көңілді минуттарында ұйымдастыра білу керек.
Алтыншыдан, мұғалім сабақтың интеллектуалдық-эмоциялық сапасын жетілдіру үшін еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастырады. Тәртіп сапасы, сабақ желісі, шамагершілдік, бәрін есепке алып, бір-бірімен үйлестіре білуі керек.
Мұғалімнің, әсіресе жас мұғалімдердің күнделікті өзіне-өзі бақылау жасап отыруы, оның кемшіліктерден тез арылып, педагогикалық шеберлігінің жетілуіне мүмкіндік береді [4] .
Ол үшін мұғалім өзіне-өзі талаптар қойып, мынадай принциптерді жүзеге асыруы керек:
- сабақты қандай әдіспен қандай мәнде өткізу керек еді, ол ңақты қалай жүзеге асырылады?
- оқушылардың алдыға қойған сабак, нәтижесіне сай оқушылардың ілгірлеушілігі болды ма, болмаса жетістік, кемшілігі қандай дәрежеде?
- оқушылардың сабақ үстінде сабаққа деген ынтасы қандай дәрежеде? т. б.
Дәрістің мазмұны ретінде келесілерді жатқызамыз [4] :
а) ғылымилығы - қазіргі кездегі ғылымның дамуына, жетістігіне сәйкестілігі;
ә) саяси бағыттылығы - дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрақтарды ажырата біліп, оларды түсіндіру;
б) ойлаудың белсенділігі - проблемалық сұрақтар қою және пән аралық байланыстарды анықтау.
Оқытудың әдісі - лекцияның құрылымы, логикасы, жоспары, әдебиеттер, қосымшалар, жаңа терминдер, дәлелділігі мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытындылар, оларды ажырата білу, көрнекілік кұралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану [4] .
Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білу, идеялық сенімділік, көңіл-күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстығы мен нақтылығы, демалысы, сырт көрінісі, өзін-өзі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны "көре" және "сезе" білуі, аудиториямен байланыста болуы [4] .
Дәрістің артықшылығы:
- білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
- білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
- дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
Сондықтан дәріс оқушының мақсаты - студенттердің белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Дәрістің осындай артықшылықтарымен қатар, оның кейбір дидактикалық кемшіліктерін де атап өткен жөн:
- монологтылығы;
- оқу материалын игеру деңгейін жедел түрде бақылауды жүзеге асыру мүмкін еместігі;
- жекелеген амалды іске асыру мүмкіндігінің шектеулі болуы.
Осындай кемшіліктерді жою үшін оқытушылар дәріс берудің жаңа жолдарын қарастыруда. Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру барысында дәрістердің мынадай типтерін қолдануға болады:
Нұсқау беру дәрісі - оқу материалын меңгеруге қатысты негізгі ережелермен танысу, білім алушылардың курс (бөлім, тақырып) бойынша күрделі тақырыптар мен сұрақтарға назарларын аудару.
Кіріспе дәріс - студенттердің аталған курс жұмысының жүйесіне назарларын бағыттайтын оқу пәніне байланысты ең алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Ақпарат дәрісі (дәстүрлі) - ғылыми ақпаратты студенттерге баяндау және түсіндіру.
Мәселелік дәріс - студенттердің танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамыту. Бұо дәрістің түрі сұрақ қою, мәселе туғызу арқылы жасырын тұрған мәселенің бір емес бірнеше жауаптарын қарастыру арқылы түсіндіргелі отырған тақырыптың шешімін табуға болады.
Жалпылау дәрісі - студенттерді төмен танымдық деңгейден жоғары деңгейге ауыстыру, оқу материалын меңгерудің тереңдігі мен сипатын анықтау.
Шолу дәрісі - ғылыми білімді жүйелеу, теориялық ережелерді құру.
Визуалды (көру) дәрісі - вербальды-визуалды түрде оқу материалдарын техникалық құралдар немесе аудиобейне техника көмегімен беру. Визуалды дәрістер студенттерді ауызша, жазбаша ақпараттарды визуалды түрге ауыстыра алуға үйретеді, ал бұл студенттердің кәсіби ойлау жүйесінде қалыптастырылады. Визуалдықтың бұл ұстанымы әр ақпараттардың түрлерін көрнекі бейне ретінде көрсетеді.
Бинарлы дәріс - оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық байланыс тұрғысынан беру. Бұл дәріс үрдісінде студенттердің оқу материалын ұғыну мен біріккен жұмыстарға қатыса алу үшін бұрын бар білімдерді қолдану керек. Бұл жерде бір немесе ұқсас бірнеше мәселелі жағдаяттар туғызылады, болжамдар ұсынылады, дәлелдеуші және жоққа шығарушы жүйелер ойластырылады, бірігіп нәтижеге келудің соңғы нұсқасына негізделеді. Бұл дәрістің қиыншылықтары: басқа лекцияларға ұқсас студенттерге ақпарат тек бір ғана оқытушыдан берілуінде. Дәріс екі түрлі көзқарастағы ұстайтындығы немсе өзіндік өзгеше көзқарастарының негізделуін талап етеді.
Дәрісті жүргізудің ең оңтайлы, әрі көп қолданылатын түрлерінің бірі - алдын-ала жоспарланған қателерімен дәріс. Бұл дәріс оқу материалының мазмұнына алдын-ала енгізілген қателерді студенттер міндетті дәріс барысында белгілеп алып, дәріс соңында атап көрсетеді. Мұндай әдіс студенттердің бойында кәсіби жағдаяттарды жылдам талдау бірліктерін дамыту, сараптаушы оппонент, пікір беруші ретінде сөйлеп, қате және дәл емес ақпараттарды ажыратып беру үшін ұйымдастырылады.
Оқытушы дәріскедаярланған кезінде оның мазмұнына белгілі мөлшерде мазмұндық әдістемелік немесе ережелік сипаттағы қателерді қосады. Осындай қателердің тізімін оқытушы сабаққа алып келіп, олармен дәрістің соңында таныстырады. Оқытушы дәрісті оқығанда қателерді бірден байқай қоймайтындай етіп дайындайды. Бұл әдіс студенттерді сабаққа деген ынтасын арттырумен қатар, студенттің материал бойынша дайындығын тексереді, яғни бақылау жүргізу оңайырақ болады.
Пресс-конференция дәрісі - курстың белгілі бір тақырыбына байланысты студенттердің құрастырған сұрақтарын мазмұнына байланысты топтастыра отырып дәрәс оқу. Материалды беру тек сұрақтарға жауап беруден тұрмайды, өзара байланысқан тақырыпты ашатын толық дәріс үлгісінде боладды. Дәріс соңында оқытушы студенттер білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалайды [3] .
Пресс-конференция лекциясында студенттердің белсенділік іс-әрекеті әрбір студенттің жеке ақпарат алуларына сәйкес орындалады.
Дәріс - оқытудың басты формасы. Дәріс ғылымның жүйелі баяндалуы ғана емес, сонымен бірге оқытушының өзінің ғылыми идеясы, өзінің шығармашылық түсінушілігі айтылуы қажет. Дәріс студенттің санасын оятып, өзіндік қызметпен айналысуға бағыттап, олардың дүниетанымын қалыптастыруы керек. Бұл оқытушының пәнді жан-жақты біліп қана қоймай, педагогикалық және психологиялық мәселелерді терең түсініп білуіне байланысты.
Қазіргі жоғары оқу орындары үшін дәріс өте өзекті. Дидактикалық оқу циклінің негізгі буыны бола отырып, ол ғылыми, білім беру және дүниетанымдық функцияларды орындайды, студентті оқытушының шығармашылық зертханасымен таныстырады.
Қазіргі уақытта дәріс түрінде оқу материалын ұсынуды қолдаушылардың қарсыластары да бар. Олардың шешімдерін келесіден көре аламыз:
- дәріс басқа көзқарастарды пассивті қабылдауға үйретеді, жеке ойлауды бәсеңдетеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz