Оқыту теориясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Басқару жүйелері жəне ақпараттық технологиялар институты
IT-инжиниринг кафедрасы
№3 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Пəннің атауы: Жоғары мектеп педагогикасы
Тақырыбы: Дидактиканың ғылым ретіндегі сипаттамасы
Мамандығы: 7М06105 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Орындаған: Жұмахан Н. С. Тобы: МВТн-19-2
Қабылдаған: PhD, аға оқытушы Аширбекова Н. Н.
Алматы 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Дидактика педагогқа төрт сұарққа жауап табуға ықпал етеді: кімді оқыту, не үшін оқыту, неге оқыту және қалай оқыту? Бұл күрделі сұрақтарға жауап беру өте қиын. Дегенмен дидактика оқытудың мәнін, мазмұнын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістер мен тәсілдер жүйесін ұғындыру міндетін шешуді көздейді.
Жоғары мектеп педагогына дидактика оқыту процесінің барысы мен нәтижесіне талдау жасауға, соның негізінде оқыту заңдылықтарын, әлістерін таңдауға, оларды мамандарды сапалы даярлау үшін тиімді пайдалануға қажет. Дидактиканы білу, оны шығармашылық тұрғыда пайдалана білу - жоғары мектеп педагог шеберлігінің қалыптасуына бағыт-бағдар береді.
Қазіргі таңда білім сапасын арттыру, оқушылар мен студенттердің толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау мақсатында білім жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізіп, оқытуға технологиялық тұрғыдан келу кеңінен қолданылуда. Білім беру саласының қызметкерлеріне қойылатын міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Осы мақсатта оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, білім жүйесіне енгзіліп жатыр.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескеріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады. Кеібір автор оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуды ұсынып келеді. Заманауи принцитер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтіжелерді жоспарлау мен талдау) өз талаптарын ұсынады.
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптердің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны мұғалімнің іс - әрекетіарқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларды дүниеге диалектикалық, ғылыми материалистік көзқарас қалыптастырады.
1 Жоғары мектептегі оқыту теориясы (дидактика)
«Дидактика» ұғымы грек тілінен аударғанда «didaktikos» - «үйрету» (поучающий), «didasko» - «зерделеуші» (изучающий), оқыту, үйрету деген мағына береді. «Дидактика» ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс философы әрі педагогы Вольфганг Ратке (Ратихия) (1571-1635), ол бұл ұғымды еңбектерінде оқыту өнерін белгілеу үшін қолданды. Дидактиканы «бәрін барлығына жан-жақты оқыту өнері ретінде» Ян Амос Коменский де қарастырған. Жалпы дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) болып табылады. Оның 1657 жылы шыққан «Ұлы дидактика» атты кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сыныптық-сабақтың жүйе туралы айтылған.
Я. А. Коменский кезінен бастап дидактика оқушыларға «нені оқыту керек?» және «қалай оқыту керек?» сұрақтарына жауап іздейтін ғылыми білім жүйесі.
Бүгінде дидактика білім мен білім беру проблемаларын қарастыратын педагогиканың мәнді саласы. Білім беру мен оқыту теориясы - дидактка - білім алушыларды оқыту заңдылығын, педагогтың оқытушылық әрекетін, оқу 7/процесінің мәнін, принциптерін, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастылуын сипаттайды.
Жоғары мектеп дидактикасы - жоғары білім және жлғары мектепте оқыту туралы ғылым, ол қарқынды дамып келе жатқан педагогикалық білім саласы.
Жоғары мектеп дидактикасы - жоғар ымектептегі дидактиканың міндеттері мен мақсатын, зерттеу әдістерін, дидакикалық жүйелердің категорияларын қамтитын нақты пәндік саласы.
Дидактиканың пәні - адамғы білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту мен үйретудің бірліктегі өзара әрекеттестігі. Мұның өзі білімнің мазмұнын оқушылардың, мұғалімнің ұйымдастыруымен меңгеруін қамтамасыз етеді. Дидактика оқыту компоненттерінің өзара әрекеттестігінің көрінуінің әр түрлі нысандарын зерттейді және анықталған заңдылықтардың негізінде оқыту әсерлерінің әр алуан жүйелерін талдап белгілейді. Бұл жүйелер оқыту жоспарында оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды ашылатын білімнің мазмұнында нақты көрінеді; белгілі бір нысандарды оқытудың тиісті әдістерімен және құралдарымен жүзеге асырылады.
Дидактика - теориялық және нормативтік-қолданбалы ғылым саласы. Себебі, ол оқыту процесінің заңдылықтарын, құрылымы мен мазмұнын анықтап, олардың өзара байланысын жан-жақты зерттейді. Бұл - дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі. Осылайша қорытып, жинақталған теориялар нақты оқыту процесіндегі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Яғни, оқыту мазмұнын жетілдіруді, оқыту қағидаларын қайта қарауды, оқытудың тиімді әдістері мен құралдарын пайдалануды, жаңа оқыту технологияларын ендіруді т. б. ұсынады.
Оқыту үдерісі, жалпы мәнінде, дамытушы процесс. Мұнда қоғамдық, тұлғалық, жеке ғылым саласындағы даму заңдылықтары тұтастықта қарастырылғанымен, дидактикаға тән заңдылықтар өз алдына іске асады:
- студентке өзін қызықтыратын және оның өміріне қажет білім беру (мамандық таңдау) ;
- оқыту барысындағы кез келген іс-әрекет білім алушыға белгілі бір талап қоюмен қатар сол арқылы іскерлік дағдыларды қалыптастырады. Оқушы іс-әрекетке араласпай білім, іскерлік, дағды меңгерілмейді;
- білім алушылардың сапалық деңгейін есепке алу, демек, студенттің танымдық, қызыығушылық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқудан тыс шараларды жеке дара, ұжыммен ұйымдастыру;
- техникалық т. б. құралдарды оқыту мақсатына сәйкес қолдану;
- оқыту процесін қоғам талаптарына бейімдеп, білім алушының өміріне қажетті, тәжірибеде қолдана алатындай дәрежеде модельдеу.
ЖОО дидактикасы педагогикадағы барлық ғылыми ұғымдарды сол мағынасында қолданғанымен, өз алдына ғылым ретінде өзіне тән базалық ұғымдары бар: оқыту, білім мазмұны, білім, білім беру, ЖОО педагогикалық процесс және т. б.
Оқыту - мақсатты түрде арнайы жобаланған қарым-қатынас, оның нәтижесінде білім алу, тәрбие және даму іске асады, адамзат қол жеткізген таным мен іс-әрекеттер тәжірибелері меңгеріледі. Оқыту - екі жақты процесс ретінде оқытушы мен студенттің іс-әрекетімен сипатталады. Оқытушының іс-әрекеті «оқытушы» терминімен анықталса, білім алушының қызметі оқу, яғни танымдық қажеттілігін өтеу болып табылады. Оқу үдерісі белгілі бір дәрежеде мотив арқылы туындайды.
Білім мазмұны - жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
Білім беру - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, жағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.
Жалпы білім беруге: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы бастауыш білім беру, жалпы негізгі білім беру, жалпы орта білім беру, жалпы қосымша білім беру енеді. Жалпы білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті жалпы білім беру бағдарламасымен белгіленеді. Кәсіптік білім беруге: кәсіптік бастауыш білім беру, кәсіптік орта білім беру, кәсіптік жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру, қосымша кәсіптік білім беру жатады. Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде білім беру деңгейлері белгіленеді: мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту, орта білім беру, кәсіптік жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
Білім - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректер мен пайымдарының т. б. жиынтығы. Білім - адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі. Ол сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым, т. б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білім тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып табылады. Білім бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатты, айналаны танып-білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теорялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде айқындалып, дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі.
Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан-жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілігі мен дәлдігіне қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім, ғылыми білім, эмпирикалық және теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады.
Қазіргі кезеңдегі жоғары білім беру проблемалары жоғары мектеп дидактикасына төмендегідей зерттеулер жүргізуді қажет деп тапқан, олар:
- жоғары мектептегі оқыту заңдылықтарын анықтау;
- жоғары білім беру туралы теорияларды жетілдіру;
- білім беру технологияларын конструкциялау (модернизациялау) .
Жалпы білім беретін мектеп дидактикасынан жоғары мектеп дидактикасының айырмашылығы оның өз алдына төмендегідей мәселелерді ғылыми негізде шешуді іздестіруінде:
- Жоғары білімнің спецификалық мақсатын негіздеу;
- Жоғары мектептің әлеуметтік қызметін негіздеу;
- Білім мазмұнын негіздеу;
- Жоғары мектептегі педагогикалық процесті конструкциялау және оқу қызметін іске асыруды ғылыми негіздеу;
- Тиімді оқыту жолдарын, формалары мен технологияларын анықтау.
2 Оқытудың мәні, құрылымы мен қозғаушы күштері, дидактикалық принциптер
Педагогикалық ойлау жүйесі қалыптасу үшін жоғары мектептегі оқу процесінің мәні, құрылымын, қызмет ету және даму логикасын түсіну керек. Оқытудың мәнін түсіну үшін осы процестің негізгі компоненттерін анықтау қажет. Сырттай қарасақ, оқу процесі оқытушы мен білім алушының бірлескен қызметі ретінде көрінеді. Мәселен, оқытушы студенттің іс-әрекетіне мақсат қояды, ақпарат береді, ұйымдастырады, ынталандырады, түзету жұмыстарын жүргізіп, бақылайды; студент бағдарламалық білім мазмұнын, әрекет түрлерін меңгереді. Осыдан оқыту процесінің екі жақтылық сипатының өзара байланыстылығы мен шарттастығын байқаймыз. Екі жақты қызмет белгілі бір мазмұнды меңгеруге бағытталады, ал оқылатын мазмұн үшінші компонент болып табылады.
Үш компонент (оқытушы, студент, білім мазмұны) сыртқы сипатты ғана көрсетеді. Олардың астарында жасырын ішкі қозғаушы күш, яғни, оқытудың мәні жатыр.
Оқытудың басты әлеуметтік қызметі әлеуметтік сұанысқа жауап беретін тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастырудағы негізгі «құрылыс материалы» болып адамзат тәжірибесі жинақтаған әлемдік мәдениет саналады. Жоғары мектеп дидактикасында оқыту мәнін анықтауда көбінесе белгілі дидакт И. Я. Лернердің тұжырымдамасы басшылыққа алынады:
- Білім
- Тәжірибе жинақталған, анықталған әрекет-амалдар
- Шығармашылық тәжірибе
- Меңгеруге қажет объектіге, сонымен қатар қоршаған адамдарға, өз-өзіне эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми, кәсіптік қызметке қажеттілік пен мотив.
Осы айтылғандардан оқытудың мәнін мындай деп түйіндеуге болады: оқытудың мәні - ол мақсатты, әлеуметтік сұраныстан туындайтын және ғылыми білімді, іс-әрекетті, адамзат қол жеткізген рухани, материалдық мәдениетті жүйелі меңгеру негізінде тұлғаның дамуын көздейтін ұйымдастырылған процесс.
Оқу процесі - танымдық бағытта ұйымдастырылады. Ал, кез-келген танымдық міндеттер қарама-қайшылықта іске асады, білім алушының білетін, меңгергені мен меңгеруге тиісті жаңаның арасындағы қарама-қайшылық. Олар адам санасы, ерік-жігері, эмоция және оқытушының тұлғасы арқылы тұлғалық мазмұнмен жетілдіріледі.
Тұлғаның мінез-құлықтық және іс-әрекеттік белсенділігіне негіз болатын жетекші фактор - мотив. Бұл педагогикалық процесте де есепке алынады. Оқу әрекетінің сыртқы құрылысын қарастыру арқылы оқу мотивінің орнын анықтауға болады:
- мотивация;
- әр түрлі жайдайлардағы түрлі формадағы оқу міндеттері;
- оқу қызметтері;
- біртіндеп өзін-өзі бақылауға көшетін бақылау;
- біртіндеп өзін-өзі бағалауға көшетін бағалау.
Оқытушының оқыту процесінің заңдылықтары мен заңдарын басшылыққа алып қызмет етуі оқытушы мен студенттің, студент пен оқу материалының арасындағы байланыстың болуын орнатады.
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді.
Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайларға тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
ЖОО оқыту процесінің заңдылықтары:
- оқытушының оқыту іс-әрекеті тәрбиелік сипатта болады;
- оқытушы мен студент қарым-қатынасы оқыту нәтижесіне әсер етеді;
- оқытудағы беріктілік оқуға және оны меңгеруге байланысты;
- студенттің білім сапсы бақылау және өзін-өзі бақылау сапсына тәуелді;
- оқу нәтижесі оқу үдерісін басқаруға байланысты;
- студент жетістігі оның ол ұстанған позицияға, жеке тұлғалық бағытына тікелей байланысты;
- оқытушының жайсыз қарым-қатынасы жеке студенттің, топтың оқу үлгерімін төмендетеді;
- оқыту нәтижесі оқу материалына деген қызығушылыққа байланысты;
- оқыту нәтижесі студенттің мүмкіндігіне қатысты.
Жоғары мектеп дидактикасын теориялық зерттеу оқыту үдерісінде белгілі бір ұстанатын идеялар мен нормативтік ережелердің болуын туындатады, осындай ұстанымдар дидактикалық принциптер деп аталады.
Принцип - латын сөзі, басшылыққа алатын идея, талап, қағида деген мағына береді. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту үдерісінде кез-келген оқытушы дидактикалық қағидаларды басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, жоғары нәтижеге жетеді. Дидактикалық принциптер теориялық білім мен практиканы байланыстыратын көпір, оқу үдерісінде қойылған мақсаттарға жетуге жағдай жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz