Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Басқару жүйелері жəне ақпараттық технологиялар институты
IT-инжиниринг кафедрасы

№4 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пəннің атауы: Жоғары мектеп педагогикасы
Тақырыбы: Жобалап оқыту технологиясы (Д. Дьюи)
Мамандығы: 7М06105 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орындаған: Жұмахан Н.С. Тобы: МВТн-19-2
Қабылдаған: PhD, аға оқытушы Аширбекова Н.Н.

Алматы 2020
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1
Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері
4
2
Жобалап оқыту технологиясының оқу процесінде алатын орны
7

Қорытынды
10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
11

КІРІСПЕ

ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі - жаңа технологияларды қолдана отырып, білімнің жоғары деңгейіне көтерілу. Жобалау оқыту технологиясы білімнің дамуына едәуір көмегін тигізуде. Себебі, жоба арқылы студенттің ізденуіне, талаптануына мүмкіндігі көбейеді, алға қарай дамып, білімнің жоғары деңгейіне көтерілуіне өз үлесін тигізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай білім алушылардың тұлғалық дамуына бағытталған жана оқыту технологияларының бірі бұл жобалық оқыту әдістері. Жобалап оқыту кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазіргі заман түрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық аяқтай алатын оқыту жүйесі.
Жобалау-бағдарлы оқыту технологиясының әдістері проблемалық әдіс, іздеу, коммуникативтік, зерттеу, рефлексивті және презентативті сияқты әртүрлі әдістердің жиынтығын қамтиды. Бүгінгі таңда жобалау-әртүрлі салаларда қолданылатын зияткерлік қызметтің ең көп таралған түрі.
Жоба латын тілінен аударғанда алға тасталған дегенді білдіреді, ал қазіргі түсінікте жоба - бұл қандай да бір қызмет түрінің немесе объектінің прототипі. Жобалау технологиясы теорияның және тәжіриберің байланысын қамтамасыз етеді. Бұл ретте жобалық оқыту тек қана дайындық процесін ғана емес, сонымен қатар студенттің қызметінің соңғы нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы, жобалық-бағытталған оқыту студенттердің оқуға деген ынтасын арттыруға, креативті ойлауды дамытуға және өз пікірін білдіру, қорғау, негіздеу, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жобалық оқыту - қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі болып табылады. Жобалап оқытуды қолданатын педагогикалық үдерістегі - оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытудың формасы мен техникалық құралдары жобалық әдістерінің негіздерімен байланыста қаралады.
Жобалық оқыту технологиясын пайдалану білім алушының - жоба жұмысын орындау арқылы өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды. Cтуденттің білім деңгейін дамытуға көмектеседі.

1 Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері

Жаңа уақыт педагогикасында тарихи дәстүрлер мен жаңашылдықтардың сабақтастығын ашатын, өткен теориялар мен тұжырымдамалардың ғылыми әлеуетін, олардың эвристикалық және болжамдық функцияларын анықтайтын тарихи-педагогикалық зерттеулер ерекше маңызға ие болады.
Ғалым Дж.Дьюидің педагогикалық идеялары көптеген бағыттарда мектеп алдындағы және қазіргі кездегі міндеттермен үйлеседі, сондықтан проблемалық оқытудың дамуына байланысты қазіргі заманғы түсінуді қажет етеді.
Осындай жаңа технологиялардың бірі - жобалап оқыту технологиясы. Жобалау - proicere деген латын сөзі. Бұл сөз жоспарлау, дайындау сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" - деп тұжырымдайды Хилпатрик [2].
Сонымен қатар танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет ретінде қарастырады [1, 11].
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б.Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатынын тұжырымдады [2].
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатриктің ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады десе, ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады [1].
Демек, жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды.
Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі Еуропада ХХ ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.
Жоба (проект) - шет тілінен енген сөз, ол латын тілінің project us сөзінен аударғанда "алға лақытыру" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі орыс тілінде "жоба" сөзі мағынасы бойынша өте жақын мағынаға ие. Біріншіден, кез-келген құрылым немесе өнімді құру үшін қажет құжаттар жиынтығы; екіншіден-бұл қандай да бір құжаттың алдын ала мәтіні және үшінші мән - қандай да бір идея немесе жоспар болуы мүмкін.
Жобалау технологиясының мақсаты (Дж. Дьюи, У. Килпатрик, С. Т. Шацкий) өзіндік танымдық және практикалық қызметті ұйымдастырудан; УУД кең спектрін, жеке нәтижелерін қалыптастырудан тұрады, ал нәтиже - оқушылардың алгоритмді және жобалық жұмыстарды орындай білуін меңгеру танымдық қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді; өз позициясын, дербестігін және оқу іс-әрекетінің өзін-өзі ұйымдастыруына қолдау көрсету; зерттеу және пәндік-өнімді іс-әрекетінде шығармашылық әлеуетті іске асыруға көмектеседі [9].
Жобалық оқытудың мақсаты:
Технологияны іске асыруға әрбір қатысушының жеке сенімділігін арттыруға ықпал ету:
әр оқушыға өзін қабілетті және құзыретті адам ретінде көруге мүмкіндік беру;
әр адамның оң бейнесін және басқаларын дамыту;
оқушылардың өзін шынайы бағалай білуін дамыту.
Оқушылардың командалық рухын дамыту; балаларды тұлға аралық дағдылар мен ынтымақтастық қабілеттілігі сияқты қажетті әлеуметтік дағдыларды дамытуға шабыттандырады.
Баланың сын тұрғысынан ойлауын дамытудың тетігін, мәселені шешудің жолын іздей білуіне мүмкіндігі ашылады;
Оқушылардың зерттеу іскерліктерін дамыту (проблемаларды анықтау, ақпарат жинау және т.б.) [9].
Оқытушы - оқушының ғылыми-зерттеу, аналитикалық, дизайнерлік және шығармашылық қызметін ынталандыратын және басқаратын кеңесші. Студент әр түрлі ақпарат көздерін, материалдарды, формаларды, қызмет әдістерін қолдана отырып, тақырыпты, мета-тақырыпты, тұлғалық мәселені шешудің тиімді жолын өзі таңдайды.
Жоба әдісі әрқашан белгілі бір уақыт аралығында орындайтын оқушылардың - жеке, жұптасқан, топтық дербес әрекетіне бағытталған. Бұл әдіс әрдайым мәселені шешуді қамтиды. Мәселені шешу бір жағынан жиынтықты, әртүрлі әдіс-тәсілдерді, оқу құралдарын қолдануды, екінші жағынан, ғылымның, техниканың, технологияның және шығармашылықтың түрлі салаларындағы білім мен дағдыларды біріктіруді талап етеді.
Әрбір жоба - кішкентай немесе үлкен болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы да ғылыми-зерттеу жұмысы болып есептеледі. Ол бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін, тіпті жылға созылуы мүмкін, бірақ шектеулі уақыты болады, яғни белгілі бір уақытта ғана орындалады.Студент білімді шын мәнінде өзіне қажетті, жеке маңызы бар ретінде қабылдау үшін шынайы өмірден алынған, таныс және өзі үшін маңызды мәселені жоба ретінде алуына болады.
Әр жобаның міндетті тұрде аяқталған нәтижесі болуы керек. Бұл жобалау оықту технологиясының бірден-бір ерекшелігі болып есептеледі.
Жобалық технология келесілерді міндеттерді қамтиды [7]:
интеграцияланған білімді және оның шешімін зерттеу іздеуді талап ететін проблеманың болуы;
болжамды нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңызыдылығы;
оқушының өзіндік қызметі;
кезең-кезеңмен нәтижелерін көрсете отырып, жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау;
зерттеу әдістерін пайдалану, яғни одан туындайтын мәселелерді анықтау, оларды шешу гипотезасын ұсыну.
Кез келген жобаның нәтижесі немесе өнімі әр түрлі формада болуы мүмкін: баяндамалар, хабарламалар, конференцияларда немесе конкурстарда сөз сөйлеу, газеттер немесе ақпараттық бюллетеньдер жасау, рефераттар немесе есептер жазу. Соңғы уақытта ең көп сұранысқа ие және қызықты нысандар - презентация. Презентациялар студенттердің немесе студенттер тобының шығармашылық қызметінің нәтижелерін айқын, әсем, көрнекі түрде көрсетеді, сонымен қатар жоба қатысушыларын жаңа ақпараттық технологияларға үйретеді [8].
Студенттің, жоба қатысушының көзқарасы бойынша, оқыту жобасы Н. Ю. Пахомова атап өткендей, өз мүмкіндіктерін пайдаланып, өз бетінше, топта немесе өз бетімен қызықты нәрсе жасау мүмкіндігі. Бұл өзіңді дәлелдеуге, өзіңді сынап көруге, біліміңді қолдануға, пайда әкелуге және көпшілікке қол жеткен нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік беретін әрекет; бұл іс-әрекеттің нәтижесі - мәселені шешудің табылған әдісі практикалық, маңызды қолданбалы құндылыққа ие және ең бастысы, ашылушылардың өздері үшін қызықты және маңызды болған кезде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Баланы ойлауға үйрету
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы
Оқушылардың жобаны орындауы
Пәндер