Заманауи жасөспірімдерді тәрбиелеудегі мәселелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Басқару жүйелері жəне ақпараттық технологиялар институты
IT-инжиниринг кафедрасы

№5 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пəннің атауы: Жоғары мектеп педагогикасы
Тақырыбы: Заманауи жасөспірімдерді тәрбиелеудегі мәселелер
Мамандығы: 7М06105 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орындаған: Жұмахан Н.С. Тобы: МВТн-19-2
Қабылдаған: PhD, аға оқытушы Аширбекова Н.Н.

Алматы 2020
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1
Жасөспірімдерді тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктері
4
2
Жасөспірімдерді тәрбиелеудегі кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары
7

Қорытынды
10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
11

КІРІСПЕ

Жасөспірім тәрбиесіне мән бере қарау ол әрбір отбасының, әрбір ата- ананың қасиетті парызы, қасиетті борышы деп атап өтсек қателеспегендігіміз деп ойлаймын.Себебі сол жасөспірімнің тәрбие алып өсіп шыққан отбасы - адамзат қоғамының шағын бейнесі, адам үшін ең жақын орта болып табылатындығына ешкім де күмән келтірмес деп ойлаймын. Тәрбие отбасынан басталады, сондықтан Жасөспірім тәрбиесін дұрыс жолға қоюды қалыптастыру ең маңызды іс екендігін әрбір ата-ана біліп қана қоймай, баласына дұрыс тәрбие беріп, қоғамға тек өзінің пайдасын келтіретін саналы, жанашыр азамат ретінде қалыптастыру үшін шынайы еңбек ету қажеттілігін ескеруі қажет. Отбасында дұрыс тәрбие алмаған, немесе берілген тәрбиеде белгілі бір келеңсіздіктерге душар болған жасөспірімнің тәрбиесінде, оның мінез-құлқын бақылап, басқарып отыруда кедергілер туындайды. Туындаған кедергілер
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері жасөспірім еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс-әрекетін, мінез - құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс-әрекетіне қойылатын талап пен мінез - құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай жасөспірімдер төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалық даму ерекшеліктерін іздестіріп, оларды әрі қарай өрістету үшін қалыпты дамыған жасөспірімдердің психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Мінез-құлқында ауытқушылғы бар жасөспірімдердің мінезін, қарым - қатынасын, өзін-өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.
1 Жасөспірімдерді тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктері

Педагогика жүйесі ғасырлар бойы өзінің даму сатысынан өтіп келеді. Педагогика ғылымының негізгі міндеті - адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімді жүйелендіру болып табылады. Сонымен педагогика - адам тәрбиесі, оның заңдылықтары мен механизмдерін зерттеумен айналысатын ғылым. Тәрбие сөзі бұл жерде барынша кең үғымды білдіреді, яғни тәрбие білім беру, оқыту және даму сынды тәрбие компонентерін құрайды. Ұстаздың үздік қасиетінің, шын мәніндегі абырой-беделінің тәрбиелік күші оқушының бойында білімге, жаңашылдыққа, ізгілікке деген ынтасын оятуында, бар ықыласымен оятуында. Педагогтың қалыптасуы, дамуы, даралық сипатта болады. Ол бірден шебер бола алмайды, сондай-ақ, педагогтың барлығы шеберлік шыңына шықпайды. Көпшілік педагогтар шебер болу үшін сан-алуан уақытын, әлеуетін жұмсайды. Өкінішке орай олардың дені шеберлік деңгейіне көтеріле алмай, қалып қояды. Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік педагогикалық шеберлік деп аталады. Қазіргі заманғы өркениет талаптары білім берудің мазмұны мен формаларын жетілдіруді қажет етуде. Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Педагогтық мамандықты таңдаған әрбір маман үшін педагогикалық іс-әрекет барысында шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту жолдарын меңгеру үшін оның психологиясын білу, екінші жағынан, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін терең білу және оны қолдана білумен сипатталады. Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз-жүйелі процесс, педагогикалық іс-әрекетке табысты нәтижеге жеткізетін, кәсіптік ұстанымды қалыптастыратын жол. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері - педагогикалық білім бірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімділігі, жағдаяттарды меңгеру болып табылады. Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің түпқазығы. Өйткені педагогикалық міндеттер - педагогикалық жағдаяттар қарастыру, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу, жағдаятты қарастыру, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу, жағдаятты талдаудан басталады. Педагогикалық шеберлік ең алдымен педагогтың жекелеген мамандыққа байланысты пәндерді меңгеру деңгейіне байланысты қалыптасады.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады, деп Абай атамыз айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Жасөспірімдердің ұжымы дегеніміз - әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан күрделі қауымдастықтың жиынтығы. Бұлардың күрделілігі - олардың тұрақсыздығы, өздерінің іс-әрекеттеріне сын көзбен қарамауы, басқалардың, әсіресе мұғалімнің әр уақытта сынауында. Мұғалімнің жасөспірімдердің сеніміне кіруі оңай емес. Жасөспірімдер мүғалімді төмендегідей қасиетіне қарап құрметтейді, сыйлайды.
әділдігі;
сабақты қызықты өткізуі;
көңіл бөлгіштігі;
талап етушілігі;
бірсөзділігі;
тапқырлығы.
Осы келтірілген алты қасиеттің біреуі мұғалімнің бойында болса, жасөспірім ол мұғалімге сенім артады. Бірақ егер де мүғалім балаға бір әділетсіздікті көрсетсе немесе бір рет оның көңілін қалдырса, онда ол алғашқы көзқарасын өзгертеді. Себебі жасөспірім айтқан сөзге беріктікті, тұрақтылықты қалайды да, мұғалімнің іс-әрекетіне түпкілікті баға бере алмайды. Осыған қарап айтарымыз мүғалімнің жасөспірімнің сенімінен шығып кетуі одан да тез. Сондықтан мұғалім қиын бір жағдаятқа тап болғанда одан ұтымды шығып кетудің жолын қарастырғаны жөн.
Мұғалімнің көп жағдайда оқушыға қойған талабы оқушының көңілінен шықпауы мүмкін. Осыдан барып қарсылық шығады. Мұғалім әр уақытта ұстаздық әдепті сақтап, түрлі жағдаятты шешіп, шатақ, текетіреске бармаған жөн. Мұғалім баланы айқаймен жеңбейді, ұжымның тамырын басып көріп, өзінің қатесіне орынды баға беріп қана балалар ұжымын ақылмен басқарады.
Мұғалім тәрбие жұмысын жүргізу барысында, іс-әрекетті жүргізудің төрт кезеңі бар.
Бірінші кезеңге - мұғалімнің оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыруы, оның шәкірттерді сол жұмысқа жұмылдырудағы ұстаздық қабілеті жатады. Сонымен бірінші кезең - мүғалімнің көңіл-күйі, қас-қабағы, балаларды оқу-тәрбие жұмысына жұмылдырудағы ұстаздық қызметке қабілеттілігі болып табылады.
Екінші кезеңге - мұғалімнің балалар тексеруінен сүрінбей өтуі немесе оның психологиялық тұрақтылығы жатады. Бұл жерде мұғалімнің балалар сынына әсері, шыдамдылығы, ерік, қажыр-қайраты, жігері, қайсарлығы, табандылығы, айтқан сөзін, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуі, талапты орындатуы керек.
Үшінші кезең - мұғалімнің ұстаздыққа деген құнды бейімділігін тексеруден өткізу. Мәселен, мүғалімнің талап ете білуі, мейірімділігі, бір беттілігі, әділдігі, ілтипаттылығы, қайырымдылығы, адалдығы, ізгі ниеті сияқты қасиеттерін балалар тексеруден өткізеді. Әрине, бұл тексеріс әр түрлі жастағы балалар арасында әр түрлі жағдайда өтеді.
Төртінші кезең - мұғалімнің пәнін, тәрбие жұмысын жете білуі, әдістемелік дайындығы. Осы кезең де балалардың назарынан тыс қалмайды. Төртінші кезең мұғалімнің оқушылармен танысу барысындағы қорытынды тексеруден өтуі болып табылады. Бұл кезеңдер әр мұғалімде әр түрлі жағдайда, әр түрлі мерзімде өтуі мүмкін. Жалпы тәрбие әдістері педагогикалық қатынас арқылы іске асады.
Жасөспірімдік жас - сындарлы жастық кезең. Осы кезеңде адам өзінің ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып жатқан өзгерістерді түсіне бастайды, алайда өзгерістердің себептері түсінікті бола бермейді. Сондықтан да сізге жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялық және психология-лық мәнін сезіне отырып, балаңызға қолдау мен көмек көрсетуге тура келеді.
11-13 жасқа дейін балаға сыртқы орта маңызды рөл ойнайды. Ол сыртқы ортамен үлкен қызығушылықпен танысады, өзінің қиялы мен эмоциясын қосады. Ал жасөспірімдік дағдарыс кезеңінде бала өзінің жан-дүниесіне назар аудара бастайды, іштегі толқуларына қызығушылықпен қарап, айналасындағы адамдар арасында өз дәрежесі мен өзінің бірегей болмысын білгісі келеді.
Жасөспірімдік жастағы бала қанында үлкен көлемде өсу мен жыныстық гормондар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде баланың бойы мен салмағы артып, жыныстық жетілу, көңіл-күйінде өзгерістер байқалады.
Жасөспірім болып жатқан оқиғаларды, қоғам және ата-ана талаптарын қалыптасқан санасы арқылы өткізеді. Бала бір нәрсемен айналысып жатқан кезде оны басқа нәрсемен айналысуға мәжбүрлеу еш нәтиже бермейді. Баланы ынталандыру керек. Түсіндіру кезінде қажетті сөздерді тауып қолдану керек. Ашу кезінде айтылып қалған қатал сөздер - реніш, түсініспеушілік ешқандай нәтиже бермейді. Ата-аналарды тыныштанды-ратын әңгімелесу ғана емес, іс-әрекет те маңызға ие екенін ұмытпау қажет. Ол арқылы бала тұлға ретінде қалыптасады.
Жасөспірімдік жас - барлық салаға өзгерістер әкелумен қатар, денсаулықта да өзгерістер байқалады. Балада физиологиялық, психологиялық өзгерістер орын алады. Осы мәселелер бәрі түйінді пробелмаға айналады. Бала үшін ол - ауыр жүк. Алайда жасөспірім осы кезеңнің сынақ уақыты екенін әлі сезбейді.
Жасөспірім өмірінде оның мектептегі ұжымы, оның достары, жасөспірімдік жастың соңғы кезеңінде ортасы үлкен рөл атқарады. Ата-анамен қарым-қатынасы жақсы орныққан болса да, олар достарды алмастыра алмайды. Бұл баланың ересек өмірдегі шынайы, реніштер мен қуаныштардың алғашқы тәжірибесі. Балалар оның басымдықтарын достары арқасында қалыптастырады. Балаға ұжыммен араласуға көмектесу керек, ол үшін маңызды сұрақтарын тыңдап, оның мәселесін шешуде көмектесу керек.
Жасөспірімдердің жақсы жолға қарай дамуы - ең біріншіден ата-ананың, екіншіден мұғалімдердің берген тәлім-тәрбиесі, білімі, көз-қарастарына байланысты деп есептеймін. Сондықтан жасөспірім - біздің болашақ жастарымыз. Ал жастар - еліміздің болашағы. Болашағымыздың жарқын болуы - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жетілдіру
Әлеуметтік дезадаптацияның себептері
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мұғалім бойындағы негізгі қасиеттері
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Бастауыш мектептің отбасы тәрбисімен сабақтастығы
Пәндер