Мектептің өзінің мақсаты табиғи ресейліктерден мамандар мен құрылысшыларды даярлау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Басқару жүйелері жəне ақпараттық технологиялар институты

IT-инжиниринг кафедрасы

№2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пəннің атауы: Жоғары мектеп педагогикасы

Тақырыбы: М. В. Ломоносовтың педагогикалық идеялары

Мамандығы: 7М06105 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Орындаған: Жұмахан Н. С. Тобы: МВТн-19-2

Қабылдаған: PhD, аға оқытушы Аширбекова Н. Н.

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: ХVІІІғ Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика
3: 4
: 2
Кіріспе:

М. В. Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық

ой-пікірдің дамуындағы рөлі

3: 6
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 9
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 10


КІРІСПЕ

XVIII ғасыр Ресейдегі білім беру тарихында ерекше орын алады, өйткені осы ғасырда зайырлы білім мен тәрбиенің негіздері қалыптасты, зайырлы мектеп құрылды, мемлекеттік білім беру жүйесін құруға әрекет жасалды. I Петр заманындағы мәдени, экономикалық, саяси және әскери қайта құруларды іс жүзінде жүзеге асыру қажеттілігі туындаған реформалар білімді адамдарға деген қажеттілікті одан сайын күшейтті. Шетелдік мамандарды шақыру және орыс жастарын шетелге оқуға жіберу бұл мәселені шеше алмады. Сондықтан Ресейдегі ағарту мен білім беруді дамыту ең маңызды мемлекеттік міндетке айналды.

Осы кезеңде Ресейдің білім беру саласының дамып, жетілуі үшін қызмет еткен М. В. Ломоносовтың, В. Н. Татищевтің еңбектері маңызды рөл атқарды.

М. В. Ломоносов рухы мен мазмұны бойынша Ресей университетін құру идеясын ұстанды. Бірақ ол Санкт-Петербургте бұл идеяны жүзеге асыра алмады және 50-жылдардан бастап Мәскеуде Ресейдің білім беру және ғылыми орталығы ретінде университет құруға кірісті. Осылайша, Ломоносов бүкіл Ресейде өзінің білімін кеңейтті және педагогиканың дамуына оң әсер етті.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Н. Н. Поповский (1730-1760) Д. Локктің "Тәрбие туралы ой" кітабын аудара отырып, оның кіріспе мақаласымен бірге, бұл педагогикалық шығарманың жалпыадамзаттық, шынайы ғылыми құндылығы бар екенін дәлелдеп, Ресейдегі балаларды жаңа тәрбиеге өз үлесін қосады. Өзінің мұғалімі М. В. Ломоносов идеяларына сүйене отырып, батысеуропалық педагогиканың ресейлік негізіне көшуі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқыту туралы отандық ғылымды құру мақсатында қажет деген ойластырылған және шығармашылық көзқарасты талап ететінін дәлелдеген.

Ломоносов оқытуды кейбір дидактикалық принциптер негізінде құру қажет деп ойлады. Сондықтан материалды оқып үйрену оңай нәрседен қиынға қарай басталды. Оқушылар емтихандарды қоспағанда, өзара көмек көрсете алуы үшін топтарда сабақтар өткізу жиі ұсынылды.

М. В. Ломоносов және оның шәкірттерінің ресейлік ағартуды дамытудағы рөлі зор. Нәтижесінде ғылымдар да, педагогиканы қоса алғанда, Отан мен Халыққа қызмет көрсетуге тиіс екенін айқын көрсетті.

1 ХVІІІғ Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика

ХVІІІ ғ. басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы моңғол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.

Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХVІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатынды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс мемлекетінің құрылысы кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырафия, минералогия, геодезия және математика салалары дами түсті.

Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу, Ғылым академиясы мен Москва кобсерваториясын құру болып табылды. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді басып шығару, бірінші орыс газетін “Әскери және басқа істер туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы орын алды [1] .

1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: новигация - теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғылым, астрономия, жағырафия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды.

Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол алғашқы математикадан оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды - математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және оқулықтары жасаушыларды дайындады.

1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы - теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды [1] .

Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа қалаларда артиллериялық мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда - навигациялық және грамматикалық мектептер. Хирургиялық мектептер де ашылды.

ХVІІІ ғ. басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В. Н. Татищевтің ұйымдастыруымен тау-кен ісі мамандарын даярлау үшін тау-кен училищесі құрыла бастады. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың оларда орынды ұштасып келу, болып табылады.

Орыс дворяндары өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр І өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінін жабық оқу орындарын ашуға лұқсат алуға қол жеткізді.

Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-білімдік мекеме кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлау тиіс болды [1] .

Мәскеу академиясы Киев академиясының үлгісімен құрылды. Оның ашылуына еңбек сіңірген Симеон Полоцкий (1629-1680) болды. Ол латын тілді мектепті қолдады. С. Полоцкий өзінен кейін бірнеше оқу кітаптарын “Псалтырь”, “Славян тілінің әліппесі”, т. б. қалдырды. Ол табиғатқа сәйкестік ұстанымын қолдады. Адамды тәрбиелеудің үш кезеңін ұсынды: туғаннан 7 жасқа дейін- адамгершілік тәрбиесі кезеңі, 7 жастан 14 жасқа дейін- практикалық оқыту кезеңі, 14 жастан 21 жасқа дейін- ақыл-ойдың даму және азаматтық тәрбие кезеңі. Жақсы ата-анада жаман баланың болу себебі шектен тыс баланы сүю деп есептеді. Баланың ең алғашқы дағдыларына жете мән берді. Симеон Полоцкий І Петрді тәрбиелеуді қадағалаған [2] .

Мәскеу академиясы XVIII ғасырдың соңына дейін жалғыз жоғары оқу орны болса, кейіннен ол тек діни мекемеге - діни семинарияға айналды.

Бұл академияның қабырғасында М. В. Ломоносов, көрнекті жазушы А. Д. Кантемир, архитектор В. И. Баженов және т. б. мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер оқыған еді.

XVII ғасырдың екінші жартысында Ресейде оқыту мен тәрбиенің латын тілді, византия-ресейлік, славян-грек-латын, ескі салттық есептік - төрт бағыты сарапталды.

Сол кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің жетістігін бейнелейтін белгілі қайраткер Сильвестрдің тілі көркем, мазмұны қызықты жазылған «Домострой» шығармасын атауға болады. «Домострой» үш бөлімнен тұрды.

Бірнеше рет қайта бастырылып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды. XVII ғ. Екінші жартысында Епифаний Славинецкий «Балалар тәртібінің ережелері» атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.

2 М. В. Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы рөлі

Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін оқуын діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды.

Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) - орыстың алғашқы жаратылыстанушы ғалымы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы, әлемдік ғылымда аты қалған орыстың алғашқы академигі. Ол Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің барлық саласының негізін қалаған біртуар ғалым: әдебиетші, ақын, түрлі тілдерді меңгерген тарихшы, жағрафияны жетік білген, кен зерттеуші, темір қорытушы, физик, химик, суретші, ұстаз болды. Ол барлық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді, мемлекеттің байлығын арттыруды көздеді. М. В. Ломоносов ағартушы ретінде Ресей мемлекетінің мүддесіне, ғылым және оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек етті.

Ол онтоғыз жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жіберіледі, содан кейін білімін жалғастыру үшін шетелге жіберіледі.

1741 жылдан М. В. Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А. С. Пушкин өте орынды бағаберді: “Ғажайып күш-жігерді, ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласының татты. Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минералог, суретші және өлеңші - ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді”.

Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы - материяен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді [3] .

М. В. Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының - замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н. Леклерктің мойындауынша М. В. Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға берген болатынды.

Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.

Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет.

М. В. Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек ғана дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.

Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан - теңіз.

“Экспериментальдық физика” (латын тілінен аударылған), Риторика “Ресей грамматикасы” - орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. “Ресей грамматикасымен” орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыған болатынды [1] .

ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысында көптеген орыс зиялылары М. В. Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде “табиғи ресейліктерден” ғылыми кадрлар даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне қойылды.

Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеді, ол Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы болып жалғаса берді.

1755 жылы сәуірде М. В. Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия және дәрігерлік [1] .

Батысеуропалық университеттерден айырмашылығы онда діни факультет болмады. Ғалымдар ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін қамқорлық жасай отырып, университет жанынан әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық кабинет, анатомиялық театр және т. б. ) құруды қарастырды.

Университет жанынан екі гимназия ашылды. Университет жанындағы гимназияның екеуі де дворяндар мен әртүрлі чинді адамдардың балаларына, шаруалардан басқаларына арналды. Ғұлама Ломоносовтың университетте шаруа балаларына білім алу туралы лұқсат беру қиялы іске аспады.

Гимназияда орыс тілі, латын тілі және шет тілдердің бірі, әдебиет, математика және тарих.

М. В. Ломоносовтың Ресейде ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму тарихында терең із қалдырған Москва университетін және университет гимназиясын құруда еңбегі ерекше.

Москва университетінің жанынан белгілі орыс архитекторы Казаковтың мектебі жұмыс істеді. Мектептің өзінің мақсаты “табиғи ресейліктерден” мамандар мен құрылысшыларды даярлау. Сол сияқты белгілі орыс архитекторы Баженов, өзі Москва университетін бітірген, ол да мектеп ашып, онда талантты жастарды оқытты.

ХҮІІІ ғасырда Ресейде ағарту ісін дамытуда Москва университеті мен гимназияның профессорлары мен оқытушылары елеулі үлес қосты.

Университет профессорлары мен оқытушылары, Ломоносовтың шәкірттері мен ізбасарлары тәрбие мәселелерімен көбірек айналысты. Өздерінің университетте студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде бұл ғалымдар негізгі педагогикалық мәселелерді ашып көрсетті. Олар оқытудың әдістемелерін талдаумен айналысты және құнды оқу құралдарын жасады.

1779 жылы университет жанынан Ресейде бірінші мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен Москва және Қазан гимназиялары үшін мұғалімдер даярлады, сонымен қатар пансиондар үшін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. В. Ломоносов. Оның орыс ғылымында алатын орны
М. В. Ломоносов пен А. Н. Радищевтің педагогикалық ой-пікірлері
XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Өндірістік оқытуы шебері
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
Мектепке дйінгі педагогика тарихы ЖОО-ның студенттеріне арналған оқу құрал
Туризм негіздері - педагогикалық бағыт
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz