Педагогтың кәсіби қабілеттілігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Басқару жүйелері жəне ақпараттық технологиялар институты
IT-инжиниринг кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Пəннің атауы: Жоғары мектеп педагогикасы
Тақырыбы: Педагогтың кәсіби қабілеттілігі
Мамандығы: 7М06105 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орындаған: Жұмахан Н.С. Тобы: МВТн-19-2
Қабылдаған: PhD, аға оқытушы Аширбекова Н.Н.
Алматы 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1
Оқытушы білім беру процесінің субъектісі ретіңде
4
2
Жоғарғы оқу орны оқытушысының жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды сапалары
6
Қорытынды
9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
10
КІРІСПЕ
Білім беру жүйесін жетілдіру әлемнің көптеген елдерімен қатар Қазақстан үшін де көкейтесті мәселелерді алға қойды. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан реформалар, оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұнын модернизациялау, яғни жаңашылдандыру бағытындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар аталмыш мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл өзгерістердің табысты болуы, ең алдымен, педагогтың біліктілігі мен шеберлігіне байланысты екендігі белгілі. Өйткені жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге байланысты ғылымдағы кез келген реформаторлық ой-тұжырымдар, идеялар педагогикалық процесс барысында педагогтың қызметі арқылы жүзеге асады.
Педагогикалық шығармашылық, педагогикалық шеберлік және педагогикалық құзыреттілік ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Өз кәсібінің шыңына шығуды мақсат етпейтін, білім мен дағдының ең жоғары деңгейіне көтерілуді көздемейтін, бір сөзбен айтқанда, педагогика саласында құзырлы маман болуға ұмтылмайтын ұстаз кемде-кем. Сондықтан педагогикалық іс-әрекетті жетілдіруде педагогикалық құзыреттілік ұғымдарының маңызы зор екендігін айтып өткен жөн.
Қазіргі қоғам педагогтарға оқушылардың бүкіл өмірін ұйымдастыру процесіне күрделі өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық дамуына кепілдік бере алатын, шебер әрі кәсіби мамандар ретінде қарайды. Сондықтан педагогтың іс-әрекет шеберлігін жеке әдіс-тәсілдердің жүйесі деп санаумен шектелуге болмайды. Шебер мұғалім педагогикалық тұрғыдан өз ісіне, жұмысына деген қызығушылығы басым және шәкіртке берер білімі жоғары деңгейде болуы керек деп білемін.
Сонымен педагогикалық іс-әрекет педагогтың жеке тұлғаысна және кәсіби сапасына, шеберлігіне барынша жоғары талаптар қояды. Сол талаптардың шартын орындау, оны жылдан-жылға шығармашылықпен дамытып отыру, өз кәсібіне сүйіспеншілікпен, ынта-ықыласпен қарайтын әрбір педагогтың қасиетті парызы.
1 Оқытушы білім беру процесінің субъектісі ретіңде
Педагог - баланы жетектеуші (антикалық дәуірде); баланы тәрбиелеуші, жеке тұлга ретінде қалыптастырушы; білім беруші, оқытушы, дамытушы; білім алушылардың бойына білім біліктерін зердесіне қалай ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін іздеуші; білім алушының жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің бой көрсетуіне мүмкіндік жасаушы, білімге құштарлығын оятушы, арттырушы; әлеуметтік құндылықтарды (этика, мораль, адамгершілік, әлеуметтік норма, принциптер) қалыптастырушы, мәдениеттендіруші (баланы мэдени дағдыларға машықтандыру, жаппы мәдениетін қалыптастырып, базалық мәдениетінің негізін қалау), қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырушы, білім алушыны тіршілікке даярлаушы, зерттеуші-ғалым, ақиқатты іздеуші, табушы. Оның бұл ізденіске теориялық білімді белгілі бір құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастарды, түсініктерді, идеялар жиынтығын игере, салыстыра отырып жетуіне болады.
Жоғары оқу орны оқытушысы педагог болғандықтан осы аталған қызметтердің барлығы оған да тиесілі болғанымен, ол - әсіресе ғылыми ақиқатты іздеуші, ғалым-зерттеуші және болашақ маманды дайындаушы [1].
Оқытушы - жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман; дүниеге ғылыми дидактикалық материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздің заманымыздың алдыңғы қатарлы мүшесі. Жоғары мектеп оқытушысы - бұл арнайы даярлығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын кәсіби маман.
Оқытушының негізгі міндеттері:
1. Білім өндірісі, яғни ғылыми зерттеулердің өткізілуі, сараптаманың жүргізілуі, өндіріске енгізу және т.б.
2. Білімнің берілуі немесе оқу үрдісінің барлық деңгейлерде өткізілуі, кеңес беру, біліктілікті арттыру.
3. Білімнің таралуы, басқаша айтқанда, оку және әдістемелік материалдардың, ғылыми жэне педагогикалық мақалалардың, монографиялар және т.б. дайындалуы.
Оқытушы - оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бір қатынаста болатын белсенді әрекет иесі.
Жоғары мектеп оқытушысы мынадай негізгі талаптарға сай болуы қажет:
мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды білуі;
қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;
компьютерлік техниканы меңгеруі;
ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі [1].
Ғылыми еңбек белгілі қабілеттілікті қажет етеді. Әрине оны белгілі бір бағытта әрі ұдайы дамытып отыру қажет. Зерттеушілік қабілет - бұл ақыл-ойдың белгілі бір қасиеті, бірінші кезекте проблеманы көрушілік. Резерфорд былай деген екен: Егер оның қарамағында жас ғалым істесе және ол екі жылдан кейін бұдан әрі не істеймін деп сұраса ұстазы оған ғылыми жұмысынды таста деп кеңес береді. Творчестволық ақыл-ой қарапайым нәрседен кереметті, өзгелер байқамаған сұрақты көре білуі тиіс.
Венгер ғалымы А. Сент-Дьерд былай деп жазды: Жаңалық ашу - демек бәріміз көріп жүргенді көре білу, бірақ осыған дейін ешкімнің ойына келмегенді ойлай білу. Ал, Д.Бернал түсіндірмесінде Проблеманың шешімін тапқаннан гөрі оны көре білу әлдеқайда қиын. Оның алғашқысына іскерлік, ал екіншісіне қиял қажет.
Алайда нақты мәселе бойынша ғылымда не істелгенін білмей тұрып, зерттеуді бастауға болмайды. Жарияланған материалдар тасқынына батып кетпес үшін түпнүсқаларды мұқият таңдай білу және ғылыми айналымдағы зерттеулермен танысумен шектелмей, оның мән-мағынасына терең үңілу қажет [1].
ЖОО оқытушыларын шартты түрде үш топқа бөліп қарауға болады:
педагогикалық бағыттылықты игергендер (жалпы санның шамамен 12);
зерттеу бағыттылығын игергендер (шамамен 15);
педагогикалық және зерттеу бағыттылығының бірдей көрініс табуы (шамалы артық 13) [2].
Жоғарғы оқу орны оқытушысы - өзге авторлардың ойын жеткізуші емес, осы ойлардан өзіңдік объективті тұжырымға келуші және студенттерді белгілі бір ойға жетелеуші, оларға бағыт-бағдар беруші. Білім алушыларды жаңа білім алуға және оны әлемді меңгеру практикасында қолдануға үйрету [1].
Жалпы педагог мұғалімдік мамандықты таңдарда алдына мақсат қойып, елі үшін, жері үшін қызмет атқаруы керек деп білемін. Қазіргі таңда көптеген жастарымыз өзіне лайықты жұмысты таба алмағандығынан немесе басқа амалы жоқ болғандықтан мұғалімдік жұмысқа тұрып жатады. Бұл болашақ дарынды, талантты, білімді жастардың шығуына кедергі келтіреді. Мұғалім болу оңай, ал нағыз педагог болу көбінің қолынан келе бермейді. Бірақ барлық мұғалімдерге алғысымды білдіремін.
Осы жоғарыда аталған міндеттерге жету үшін оқытушының бойына жеке тұлғалық және кәсіби қасиеттер, сапалар қажет.
2 Жоғарғы оқу орны оқытушысының жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды сапалары
Педагогтың қалыптасу, дамуы даралық сипатта болады. Ол бірден шебер бола алмайды, сондай-ақ, педагогтың барлығы шеберлік шыңына шықпайды. Көпшілік педагогтар шебер болу үшін сан-алуан уақытын, әлеуетін жұмсайды. Өкінішке орай олардың дені шеберлік деңгейіне көтеріле алмай, қалып қояды.
Мұғалімнің шеберлігі әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-педагогикалық, философиялық, әлеуметтік-психологиялық, т.б.) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызметін атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзіреттілікке ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік педагогикалық шеберлік деп аталады. Қазір гі заманғы өркениет талаптары білім берудің мазмұны мен формаларын жетілдіруді қажет етуде. Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Педагогтық мамандықты таңдаған әрбір маман үшін педагогикалық іс-әрекет барысында шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғаліснің шеберлігі шәкіртті қалай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz