Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеу әдістемесі


тақырыбы: Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеу әдістемесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды спорт арқылы дамыту - мәселені түбегейлі шешері сөзсіз. Қазіргі кезде елімізде қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және де дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Бүгінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алу үшін денсаулығы мығым, қоғамды соның ішінде жастарды, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғары дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының азаматтарында жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы, Этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы және Елбасы Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөлініп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген [1] . Ол - өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін азаматты дайындау. «Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгі алатын, ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы, міне, осындай болуы керек.
Халықаралық федерация қазақ күресін халықаралық спорт күрес түрлері қатарында тануы - балуандардың дене сапасы даярлығына белгілі бір талаптар қоюында, бұл өз кезегінде қазақ күресімен шұғылданушы спортшыларды, жалпы даярлау жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болып табылады. Аталмыш алғышарттар ең алдымен, қазақ күресімен айналысатын қазақстандық балуандар үшін жоғары спорттық нәтижелерді көрсетіп, аймақтық, құрлықтық және дүниежүзілік чемпионаттарда бірқатар жеңіске қол жеткізу қажеттілігін туындатады.
Сонымен бірге, бірқатар мамандардың айтуынша, соңғы жылдарда қазақ күресі балуандары әртүрлі техникалық-тактикалық іс-әрекеттер қолданумен ерекшеленбейтінін айтады. Ресми жарыстарда спортшылар негізінен төмен бағаланатын техникалық-тактикалық іс-әрекеттерді пайдалана бастады.
Дене сапасы тиімділігін арттыру жаңа тәсілдерді іздеуге, оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және өткізуге, техникалық-тактикалық дайындықты арттыруға негізделеді.
Балуандардың кәзіргі кездесуі спортшыларға ерекше талаптар қойылады. Күрес өнері біріншіден кейбір кездерді әсерлі бақылап және оны құрастырып өзінің пайдасына шешу. Мұндай сәттерді талдауды балуандар тек жекпе-жек үйренеді, қарсыласының қимылдарының дәлсіздігін пайдалану арқылы, алдамшы қимылдармен адастырып, күрделі комбинацияларды қолданып, қарсыласының шегінің шешімін тауып. Жеңіске жету үшін балуанда биік жылдам күштілік қасиеті, бұлшық еттердің жұмысына үлкен төзімділік бар болу керек.
Балуан бұлшық еттердің жиырылуымен босауын, керісінше, аустыра білу керек. Күресте көпқырлы әрекеттер айналысушылардың психикасына әсер етеді. Жаттығуда тезаралық реакция, биік сезімталдығы, ұқыптылықты дұрыс үнемдеу, белсенділікті сақтау, қажырлық жағдайын, түрнирлік жағдайын дұрыс есептеу және кілемдегі кейбір сәттерді тәрбиелейді.
Жоғарыда айтылған қайшылықтарды, мәселелерді шешу қажеттілігі біздің зерттеу тақырыбымызды Аталған мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның әдістемелік тұрғыдан зерттеліп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік жасады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Еліміздегі балуандардың дене сапасын тәрбиелеудің әдістемесін жасау мен теориялық жағынан зерттеу.
Зерттеу пәні: балуанның дене сапасын қалыптастыру және дамытумен байланысты мәселелер.
Зерттеу объектісі ретінде түрлі сипаттағы спорттық техникалар мен жаттығу әдіснамалары алынған.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізін кеңестік кезеңіндегі жаттырықтушылар мен қазіргі заманғы отандық жаттықтырушылардың еңбектері, алдынғы қатарлы шетел әдебиеттері құрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында күресші балуандардың дене сапасын тәрбииелеу, жетілдіру әдістері, салыстырмалы талдау әдістері, ғылыми абстракция әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысыныц міндеті:
- спорт мектептерінде оқитын балалар мен жасөспірімдердің дене сапаларын күрес арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздерін ашу;
- «дене сапалары», «жылдамдыққа төзімді болу» ұғымдарына мәндес сипаттама берілді;
- жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;
- балуандардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын күресті тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- оқушылардың жас-ерекшелігін ескере отырып дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесі жасалынды;
- балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процесс жағдайында оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде күресті тиімді қолдануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;
- зерттеу материалдарын жоғарғы оқу орындарында дене мәдениет профиліндегі колледждерде лекция оқу барысында, спорт мектептері мен еркін күрес залдарында іс-әрекетінде қолдануға болады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы жаттықтырушы мен спортшының өзара байланысты іс-әрекеттері ретіндегі дайындықтың барлық кезеңдеріндегі қозғалыс әрекеттерінің мәндік сипаттамасын бейнелейтін дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі тұтас педагогикалық процестерінде оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық жағынан дамыту саясатын жүргізуде қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеде, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАЛУАНДАРДЫҢ ДЕНЕ САПАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Балуандық өнердің пайда болуы, дамуы
Күрес спорт түрі ретінде екі қарсыласушылардың арасындағы көрсетілген ережеге сәйкес қолданылатын жекпе-жегі. Күрес тартысының ережесі жеңісті берудің жағдайын қарастырады, балуандардың мүмкіншілік әрекеттерін шектейді, қызықты өтуін қамтамасыз етеді, үлгілі және тәрбиелік мәнін көрсетеді. Күрес барлық халықтарға, барлық уақытта да таныс болды, жастардың денесін шынықтырудың күшті құралы болып қызмет етеді. Кәзіргі уақытқа дейін барлық халықтардың, халықаралық спорт түрімен бірге (грек-рим, еркін күрес, самбо және дзюдо) ұлттық күрес түрлері кеңінен тараған. Әртүрлі дәуірдің көрнекті адамдарының есімі спорттық күреске үлкен баға берген. Мысалы, П. Ф. Лесгафт (физиолог), балаларды тәрбиелеуде жекпе-жектің ерекше маңызын көрсетіп айтқан: «Күрес бұл біртіндеп жоғарылайтын қимылдық жаттығу, күшті және қарсыласының қимылдарын бақылап, мүмкіншілігінше оны ескерту». Көрнекті адамдардың жеке басының қалыптасуына күреспен айналысуы әсерін тигізді, атап айтсақ: Сократ, Платон, Авиценна, Руставели, Линкольн, Л. Толстой, А. Куприн, т. б. Күреспен айналысу жастардың керекті өмірлік ыңғайын құрастырады, әдептілікке, әсемдікке, қажырлыққа, денсаулығының нығаюына, дене құрылысының бірқалыпты дамуына және дене қасиеттеріне үлкен көлемде арнайы білім алуына және техника-тактикалық қимылдарға әсерін тигізеді [2] .
Ұлтты өзге жұрттан ерекшелендіріп тұратын күш - олардың тарихтолқынында жүріп өткен жолындағы жинақтаған салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері, тілі саналады. Қазақ халқы тәуелсіздік алған күннен бастап отаршылдық кесірінен жоғалған, еріксіз өзгертілген ұлттық құндылықтарын қайтадан қалпына келтіру, дамыту жолында үлкен жұмыстар атқаруда. Ел арасында Балуан атану үлкен дәреже, абырой болып саналған. Қазақ халқы ақын, сері, әнші, күйші, биші, ұста деген сияқты атақтарды өз өнерлерімен елді мойындатқан адамдарға ғана берген. Кітапта балуандық өнердің ерекшелігі, даму сатылары зерттелір тұжырымдар жасалған. Әрине, бұл кітапта көрсетілген деректер - балуандық өнерді зерттеудің аз бөлігі. Ұлттық күресіміздің ұмыт болған түрлерін қайта өмірге алып келу арқылы, болашақ ұрпаққа көне мәдениетіміздің, ұлттық құндылықтарымыздың бай екендігін көрсету, халқын отанын сүюге тәрбиелеу. Ел арасындағы күш-қайраты мол адамдарды балуандық өнерге тарту, талантты балуандарды табу, олардыұлттық күрес арқылы тәрбиелеп, үлкен спортқа жол ашу.
Қазақ күресін үйрету-жаттықтыру жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері бар екенігін ескеріп, қазіргі спорт мектептерінде қалыптасқан жаттығу жұмыстарына өзгерістер енгізу. Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардң күш сынасуы, ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерініңмажырамас бір бөлігі болып табылады [3] .
Қазақстар күш иесін алып, толағай, балуан деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес - өнер, ол ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап, еңкейген кәріге дейін дене күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойалытан талап деңгейіне көтерілді.
Еліміздің ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды.
Бұрын да, қазіргі уақытта да балуандық өнер түрлері жас ұрпақтың дене тәрбиесін дамытуға, батылдық жігерін арттыруға, жерін, халқын қорғауға әрқашан дайын болуға тәрбиелеу құралы ретінде кеңінен пайдаланылады. Күрес өнері халықтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі ретінде дами отырып, кейіннен жеке спорт түрлеріне айналады, үлкен ауқымды жарыстар ұйымдастырылатын болады [4] .
Қазақ жерінде тараған балуан күрестерін арнайы киім киінуіне қарай төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады:
- қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі;
- шапан киіп, белдік тағынып күресу;
- кеудені жалаңаштап, белдік тағынып күресу;
- аяқ-киімді шешпей, күртеше немесе шапан киіп, отырып күресу және т. б. ;
Әр аймақта күресу тәртіптері де әртүрлі болған. Кеудені жалаңаштап немесе киіммен күресу жергілікті жердің климаттық ерекшеліктеріне де байланысты болған. Күресу шартын балуандар алдын-ала өзара шешіп отырған. Ел аузында тараған тараған күрес ережелері қатаң сақталып, оны талассыз мойындаған.
Қазақстан Республикасының Егемендік алуымен бірге мемлекет пен қоғам алдында халықтың, әсіресе оқушы жастардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесі тұрды. Әлемдегі күрделі геополитикалық жағдайды ескере отырып, дені сау, күшті, еңбектенуге және Отанын қорғауға даяр, өзіне сенімді бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірінен саналады. Сол негізде, осындай архиөзекті міндетті шешудің бірден-бір жолы - ДШжС, әсіресе қазақтың ұлттық жекпе-жек түрлері мен олардың қолданбалы салалары мен кең таралуын назарда ұстау екендігі даусыз. ДШжС, соның ішіндегі ҚҰДМ саласындағы зерттеулердің маңызды ғылыми бағытының бірі дене шынықтыруға адам қызметінің өзіндік жетістікті саласы және оның заманауи саяси, экономикалық және идеологиялық жағдайларға сай инновациялық құрамдастарын іздестіру болып табылады.
Тәжірибелік қызмет барысында теориялық-әдістемелік ізденістер сараптамасы бізге қазақ күресі қазақтың ұлттық спорттық күресін Қазақстанның спорттық мәдениетінің құрамдас бөлімі екендігін анықтап береді. Біздің ойымызша, қазақ күресі замануи қоғамда қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажеттігі ешбір талас тудырмайды. Ұлттық спорт түрінен халықаралық дәрежеде танылған спорт түріне дейінгі дамуы мен сол деңгейде танылуы қазіргі уақытта өз шырқау шегіне жетті деуге болады. қазақ күресі жақын арада Олимпиадалық спорт түріне айналатындығы даусыз мәселе. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, СК берілген түрі Қазақстанда танымалылығы бойынша бірінші орынды иеленеді. Қазақ күресінің ең алдымен мәні неде? Ол Қазақ ұлттық спорттық мәдениетінде қандай орынды иеленеді? Оның дамуына Қазақстанда және Әлемдік деңгейде нелер кедергі келтіріп отыр?
Біздің түсінігіміз бойынша, тап осы сұрақтар мемлекеттік маңызды міндеттерді жүзеге асыруға арналған осы бір әлеуметтік-мәдени құбылыстың құралын біршама тиімді қолдануға мүмкіндік беретін ғылыми-педагогикалық басқару міндеттерін табуға және жүзеге асыруға жауап беруі тиіс. Бұдан басқа, заманауи жағдайларда қазақ күресі спорттану кезеңінен сәтті өтті және бүгінгі күні қазақ ұлттық спорттық мәдениетін, әсіресе ауыл тұрғындары, балалар мен жасөспірімдер арасында қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады. Қазақ күресі о бастан, өзінің түпкілікті мәні бойынша тіршіліктен қалып қалмау, жер мен елді қорғау құралы болғанымен, бүгінде жекпе-жектің бұл түрі спорттық талқалауға бағытталған және нәтижесінде жекпе-жектің мәнін өзгерткен бірқатар өзгерістерді «басынан өткерді» [5] .
Спорттық күрестің теориясы мен тәжірибесінде осы жарыс бойынша нақты құралған жарыс ережелері, қажетті ғылыми-әдістемелік материалдар жоқ деген пікір қалыптасқан. Жоғарды аталған мәселелерге қосымша ұсынарымыз, қазақ күресі туралы әлеуметтік құбылыс ретінде пікірдің қалыптаспауы берілген жекпе-жек түрінің Қазақстанда және одан тыс аумақтарда дамуын тежеп отыр. Қазақ күресін өзгелерден ерекшелігін көрсетпеу дегеніміз оны қарапайымдандыру, шығармашылық мүмкіндіктерін жою, барлығынбір қалыпта қарастыру. Мұндай талпыныстар ұйымдастыру мен басқару салаларында бірнеше рет жүргізілген және барлық уақытта дерлік сәтсіздікке ұшырап отырды. Балуанның жекебасылық ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылатын мәселелер: қайсарлық, мақсаттылық және мақтаныш тұту. Бұл тәсіл қазақ күресінде тиімсіз, өйткені бұл осы спорт түрінен бас тартауға әкеп соғуы мүмкін, бұл өз кезегінде берілген жекпе-жек түрінің танымалдылығына нұқсан келтіруі мүмкін, ал бұл түбінде оның дамуы бойынша өзгертулерге әкеп соғады. Қазақ күресі туралы әлеуметтік құбылыс ретінде қисынды қалыптасқан пікірдің жоқтығы, яғни нақты бір түсініктің болмауы қазақ күресінде шынайылыққа жанаспайтын сипаттамалар береді.
«Белбеу күрес» сынды жиі танымал түсініктің қазақ күресімен астарлана қолданылуы тіпті дұрыс емес. Бірқатар теоретиктердің пайымдауы бойынша, бүгінгі күні қазақ күресімен астарлас тәжірибені шартты түрде бірнеше бағыттарға бөлуге болады: дене шынықтыру-бұқаралық (арнайы дене қасиеттерін жетілдіруге және ҚБ сақтауға бағытталған ДТ жүйесі) ; спорттық (ресми жарыстарда жеңіске жету мақсатымен қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған спорттық жекпе-жектің толыққанды, толыққұқылы өзіндік түрі) ; әскери (жекпе-жектің техникалық-тактикалық әрекеттерін және жекпежек қимылдарын үйретуге арнайы кәсіби-қолданбалы пән) . Біздің ойымызша, мұндай бөлудің басты мақсаты - жеке тұлғаның жекпежекті жүргізудің біліктіліктері мен дағдыларын біруақытта меңгеруін жанжақты дамыту мақсатымен бүтіндей педагогикалық үдерістің құрамдас бөлімі ретінде қарастырылатын балуанды даярлаудың бір кезеңін ғана айқындайды.
Әрбір күрес түрлерінің дамуы жарыстың ережесімен байланысты. Әуесқой күрес ережесіне кәсіпқой күрес ережесі үлкен әсерін тигізді. Кәсіпқой күресіне еліктеп қатысушыларды салмақ дәрежелеріне бөлген жоқ, белдесудің уақытын өздерінше құрастырып, кейде уақытын шектемеді. Қарсыласының жауырынан бірнеше секунд кім ұстап тұрса, сол жеңімпаз деп саналады. 1912 жылы белдесудің нәтижесіне «туше» енгізілді - қарсыласының екі жауырынын бір уақытта тигізсе немесе бір жауырынан екінші жауырынына аулап өтсе. 1914ж. жалпы россиялық ауыр атлетика қоғамы халықаралық күрес ережесін қабылдап, осы жылдан бастап барлық жарыстар 5 салмақ категориясы бойынша өткізіле бастады. Жарыс айналу жүйесі бойынша өткізілді және үш жеңілістен кейін қатысушы шығарылып тасталынды. СССР-де бірінші күрелс ережесі 1924 ж. бекітілді және жарияланды. Жарысқа қатысуға балуандар 18 жастан бастап жіберілді, халықаралық ережеге сәйкес 5 салмақ категориясынан (жеңілдеу - 60 кг, жеңіл - 67, 5 кг, орта - 75 кг, жартылай ауыр - 82, 5 кг, ауыр - 82, 5 жоғары) . Бірінші күні қатысушылардың салмақтарын өлшеу жарыстан босатылуына 3 сағат бұрын өткізілді және соңғы күні жарыстан кейін. Белдесудің уақытының шегі 20 мин. болды, үзілісі 1 мин. 10 мин. өткеннен соң белдесуде балуан жеңімпаз деп саналды, жеңісті «туше»-де жетсе. 1926 жылы 6-шы салмақ дәрежесі енгізілді - жартылай жеңіл салмақ және кейбір салмақ дәрежелерінің шекарасы өзгертілді. 1928 жылы 7-ші салмақ дәрежесі енгізілді - ең жеңіл салмақ, 1933 жылы 8-ші - жартылай орта салмақ. Белдесу уақыты шегі 10 немесе 15 мин. деп анықталады. Белдесудің соңы тек жеңіс немесе жеңіліс болу керек. Жарыс айналу жүйесімен өткізілді және 2 жеңілістен кейін шығарылды. 1937 жылдың ережесінде белдесудің шегі спорт шеберлері, І р. және ІІ р. үшін 20 мин, ІІІ р. - 15 мин, жаңаларға - 10 мин.
1947 жылы Совет Одағының күрес секциясы халықаралық күрес федерациясы мүше болып енді. 1957 жылы барлық жарыстар грек-рим және еркін күрестен халықаралық ереже бойынша өткізіле бастады, белдесудің уақытының шегі 15 м-ден 12 м-ге қысқартылды. Белдесудің формуласы: 6 + 2/2 + 2 мин.
Жалпы дене дайындығының қалыптасуы жаттығулардың үлкен қимыл-әрекеттерімен дайындығына атап айтқанда түгіру, секіру, жүзу, әртүрлі спорт ойындарына қатысу сияқты т. б. Жалпы техникалық дайындық тек спорттық жетістікке жетуге арналмаған, мақсаты үлкен техникалық қимылдарды үйрену, күрестегі керекті қимылдардың әртүрлі бағытта қалыптасып дағдылануының т. б. мінездемелеріне арналады.
1. 2 Балуандардың жаттығу үрдісі кезіндегі жас ерекшеліктерінің алатын орны
Жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін біліп, оқытушы көрсету оқулығын көбірек пайдалану керек. Техниканы үлгілі көрсету қажет және дұрыс негізгі бөлшектерін бейнелеп түсіндіру. Жасөспірімдер олай өтпеген сәтте дұрыс емес қимылдар меңгереді және дағдыланады. Техниканы үлгілі көрсету қажет және дұрыс, негізгі бөлшектерін бейнелеп түсіндіру. Жасөспірімдер қарсы жағдайда дұрыс емес қимылдарды меңгеріп және дұрыс емес дағдыны шығарады. Оқытушы оқу кұралдары оқушылардың дене дамуының мүмкіншілігіне келуіне қадағалау керек. Егер оқу материалдары дене дайындығының күшін керек етсе, ал айналысушылар оған дайын болмаса, онда оны үйретуді кейінге кеш мерзімге қалдыру керек (мысалыға, артқа иіліп лақтыруды үйретуді) . Басқа оқиғада айналысушылар күрделі үйлестіру әдістерін қабілеттілігін меңгереді, дене дайындығының күші онша керек етпейтін, мысалыға, қолынан жүлқып ауыстыру. Бұл әдісті жаттығудың бірінші айында үйретуге болады. Жасөспірімдерді жарысқа олардың дайындығын есепке алып қатыстыру керек.
Жасөспірімдерді күреске үзіліссіз және біртіндеп үйрету қажет. Оқушылардан жаттығу үнемі қатысуын талап ету керек. Қайталағанда бұрын үйренген материалды дәл шығаруға назар аударуға және байқалған кемшілігін уақталы дұрыстау керек. Жасөспірімдер жасында бірінші дәрежелік маңызына жан жақты дене дайындығы керек. Оған кіреді: мүсінін дұрыс құру, жан жақты дене дайындығы, қимылдық дағдыны құру, техникалық қимылдарды меңгеру үшін дене қасиеттерін дамыту, жеткілікті қасиеттерін дамытуын шыңдау.
Спорттың күрестен жасөспірімдерді оқыту және жаттығу бекітілген бағдарламаға сәйкес орындалады. Бағдарламаның материалдары өте кең және қиын. Оны меңгеру үшін жасөспірімдерге ұзақ уақыт керек етеді, ересектерге қарағанда. Бағдарламаны ойдағыдай меңгеру, сабақ барлығында тәрбиеліп мінездемесін өту қажет. Тәрбиелік мақсаты қалай шешілсе, содан жас адамның әрі қарай қызметіне байланысты болады. Қатысушыларды мақсатқа және міндетке түсінуге үйрету керек, олардың жолдарын және құрауын шешуге, табыстарын және кемшіліктерін талдауға. Алға қойған мақсаттан басқа, жақын арадағы міндеттерін анықтау өте маңызды, мысалыға, анықталған әдістің техникасын меңгеру, серігіне көп әдістерді жасау т. б [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz