Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

тақырыбы: Оқушылардың салауатты өмір салтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыруға болашақ мұғалімдер даярлау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ТEOPИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ: Адам өмірінің сапасын жоғарылату факторлары жүйесінде салауатты өмір салтының орны
3: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ: Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
3: 11
: 2
КІРІСПЕ: AҚПAPAТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН БOЛAШAҚ МAМAНДAPДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
3: 20
: 2. 1
КІРІСПЕ: Aқпapaттық технологиялар арқылы білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
3: 20
: 2. 2
КІРІСПЕ: Тәжipибeлiк-экcпepимeнттiк жұмыc жәнe оның нәтижeлері
3: 30
: 3
КІРІСПЕ: ПЕДАГОГТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3: 38
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 48
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 50

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50 - 60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8 - 10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты - салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл - қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт - насихат жұмыстарына негіз салды. Салауатты өмір тіршілігі - денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан - жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Осы орайда елімізде көптеген саясаттар орын алуда.

Қазақстан Республикасының Конституциясында халықтың өз денсаулығын сақтауға құқығы бекітілген [1] . Ал Еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Тұңғыш Президентіміздің Қазақстан Республикасының болашақта гүлденуі бүгіннен басталады атты жолдауындағы 4-бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі [2] . Бұны Елбасы жолдауындағы салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, шылым шегуді қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған деген жолдарынан байқауымызға болады. Халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесінің өзектілігі ешқашан күмән тудырған жоқ. Алайда қазіргі замандағы ұдайы өндіріс үрдісінің жағымсыз әсерінің жоғарылауымен жүретін экономика мен денсаулық сақтауды реформалау кезінде, бұл мәселе бірінші орынға шығып, денсаулық сақтау мәселесін дамытудың маңызды шарттарына айналып отыр [3] . Сонымен қатар, бұл мәселе Қазақстан Республикасының негізгі заңдылықтары мен Мемлекеттік саясатының негізгі мәселелерінің біріне айналған.

Алайда, аталған бағдарламалардың тиімділігі мен іске асырылуына қол жеткізу үшін әрбір адамның және оның отбасы мүшелерінің, кәсіптік топтар мен жалпы қоғамның денсаулығын сақтауға қызығушылығын арттыру керек. Ол үшін, ең алдымен, адамның дүниетанымы мен жеке әдеттеріне әсер ету қажет [4] .

Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50% дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда. Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы қоғамның дамуының көрсеткіші ғана емес, әлеуметтік мәдени, рухани құндылық болып саналатын денсаулық жағдайы - салауатты өмір салтына арналуы мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар санатындағы мәселелер екендігін айқындайды. Сонымен қатар, салауатты өмір салты көп ғылымдар саласының мәселесі деп алып қарауға әбден негіз бар. Ал, медицина ғылымы тұрғысынан бүгінгі күнгі білімнің даму көзі - мәдениет деп қарастырылса, онда осы тұрғыдан білім беру процесін де салауатты өмір салтын мәдениеттің бір бөлігі және құндылықтарға қол жеткізудің құралы ретінде автордың қарастыруы, ғылыми мәселенің өзектілігін арттыра түседі. Оның ішінде жоғары оқу орындарының студенттерді - өздерінің өмір салтын ерікті таңдаушы субъект ретінде қарап, оған құндылық қатынас тұрғысынан саналы түрде мінез-құлқын өзгерту азаматтық және кәсіби позицияның көрсеткіштері ретінде алуы ғылыми мәселенің өзектілігін дәлелдейді.

Сондай-ақ, Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - бұл ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы ұлттық білім сапасын арттыруды көздеп отыр. Жоғары оқу орнының күрделі де маңызды бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, жоғары білім беру оқытушылары үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу» - деп атап көрсетілді. Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастырып оқыту мақсатына байланысты еліміздің оқу орындарының алдына білім сапасына өзгерістер енгізу мәселесін міндеттейді. ЮНЕСКО-ның шешімімен әлемдік білім саласында екі маңызды бағдарламалардың өзара кірігуі нәтижесінде («Ақпарат бойынша жалпы бағдарлама» және «Информатика бойынша үкіметаралық бағдарлама») 2000 жылы «Ақпарат бәрі үшін» бағдарламасы жарық көрді [1] . Аталған бағдарламада білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды әсіресе, телекомуникациялық технологияларды, электрондық оқулықтар мен кешендерді пайдаланып оқыту ерекше орын алатыны баса айтылған. Бұдан шығатын қорытынды болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту үдерісінде пайда болатын мәселелердің шешімін табу үшін кәсіби білім мен біліктілікті қалыптастыруды қажет етеді.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандыру жетілгендігімен, ақпараттық жəне мультимедиялық технологиялардың кеңінен таратылуымен сипатталады. Олар ақпаратты тарату үшін жəне мұғалімдер мен білім алушылардың өзара əрекетін қамтамасыз ету үшін білім берудің қазіргі жүйесінде кеңінен қолданыс табуда. Арнайы жағдайда көптеген технологиялар оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу сапасын арттыруға айтарлықтай əсер ететіндігін түсіну қажет.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде бүгінгі қоғамда жастардың салауатты өмірін қалыптастыруда ақпараттық құралдардың орны ерекше екенін ескеріп, мұғалімдерді осы салада дайындаудың өзектілігінде табылады.

Зерттеу мақсаты - Студенттер арасында ақпараттық құралдар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететін мұғалімдерді дайындауды ғылыми негіздеу.

Зерттеу міндеттері:

  • студенттердің өмір сүру сапасын жоғарылату факторы ретінде салауатты өмір салтының теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеу;
  • салауатты өмір салты түсінігін ашу, құрылымын талдау;
  • ақпараттық құралдар көмегімен студенттердің өз денсаулығын бағалау мен салауатты өмір салтын ұстану бойынша мінез-құлқын талдау;
  • студенттердің салуатты өмір салтын ұстануда көзқарастарын талдау әлеусеттік сауалнама жүргізу;
  • әлеуметтік сауалнама нәтижелерін зерттеу;
  • заманауи қазақстандық қоғамда студенттер арасында салауатты өмір салтына құндылық қатынастарын қалыптастыру болашағын анықтау.

Дипломдық жұмыстың пәні - студенттердің салауатты өмір салтына құндылық бағдарын қалыптастыру жүйесі.

Дипломдық жұмыстың объектісі - салауатты өмір салты.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдардың жеке адамды дамыту туралы ілімдері, салауатты өмір салтын жеке тұлғада қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалары, сана мен іс-әрекет бірлігі принциптері, таным теориясы, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, денсаулық сақтау технологиялары.

Зерттеу әдістері. Зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, психологиялық, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, бақылау, пікірталас, сауалнама, тест алу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ АЛУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ТEOPИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІАдам өмірінің сапасын жоғарылату факторлары жүйесінде салауатты өмір салтының орны

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың денсаулық жағдайын сақтау мен нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, денсаулық сақтау саласының басты міндеттерінің біріне жатады [5] .

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, әлемде әрбір жеке адам мен жалпы қоғам өмірінде денсаулықты бағалау бойынша елеулі өзгерістер байқалып отыр. 1948 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы денсаулыққа «аурушаңдық немесе физикалық ақаудың жоқтығы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік саулығындағы күйі» деген анықтама берген болатын. Осының барлығы сырқаттанушылық пен денсаулықты медициналық мәселе ғана емес, жалпы әлеуметтік мәселе деп санауға бастама берілген. Денсаулықтың психикалық және физикалық ахуал көрсеткіштерін әлеуметтік саясаткерлер қоғам мен оның жеке бөліктерінің өмір сапасы дәрежесінің кумулятивті индикаторы ретінде қарастыра бастады [6] . Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы көбінесе халықтың денсаулық жағдайы арқылы анықталады. Бұл жағдайда денсаулық тіршілік етудің мақсаты ретінде ғана емес, күнделікті өмірдің көзі ретінде қарастырылуы керек. Сондықтан ДДСҰ-ның жалпы бағдарламасында алдағы кезеңге «адам денсаулығы оңтайлы әлеуметтік-экономикалық дамудың және дамудың басты мақсаты» деп анықтаған.

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға жəне жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тəрбиелеу. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мəдениетін қалыптастыру мəселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тəрбиелеу формалары мен жаңа əдістерді ұстанатын білім де қажет. Жоғарғы оқу орынның студенттері салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдерін болашақта алдарында тəрбиеленетін өскелең жастардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.

Салауатты өмір салты дегеніміз - бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздің ойымызша, адамның əлеуметтік - психологиялық жəне биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

- белсенді қозғалыс нəтижесінде дене шынықтыру немесе спортпен шұғылдану;

- дене еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- жеке жəне əлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- қарым - қатынас жəне экологиялық мəдениетке жету;

- дұрыс жыныстық тəрбие алу;

- зиянды əдеттерден аулақ болу.

Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И. И. Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы керек деген тұжырым айтады.

В. Д. Санькин және В. В. Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.

Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.

Салауаттанудың даму кезеңдері.

I кезең - классикалық кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа) .

II кезең - клиникалық медицина тәжірибелерінің қорытындысы - адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері, емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.

III кезең - гигиеналық медицина тәжірибелерінің қорытындысы. Ауру түрлерінің алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.

IV кезең - саналогия ілімінің дамуы. Организмнің ауру түрлеріне қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.

V кезең - салауаттану - дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж. ) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын.

Алайда медицинада дені сау адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды емес, көп жағдайда ауруды емдеуге, сауықтыруға көңіл бөлінді.

XX ғасырда туындаған экологиялық қолайсыздық, тиімді өндірістік технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі немесе әлеуметтік теңсіздік, тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік -рухани және тағы басқа күйлерінің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болды. Адамның өмір салтынан туындайтын осы себептерге байланысты қоғамда адам өлімі, психикалық күйзелістер, ауру түрлері жоғары көрсеткішке жетті.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап елдің алдында жаңа басымдылықты мәселелер туындады. Соның бірі - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Нарықтық экономикаға көшу ауқымды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулармен қатар жүрді. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз ету тиімді әлеуметтік саясатты қажет етеді.

Өткен ғасырдың соңғы жылдарынан бастап адам дамуының мәселелері кеңінен қарастырыла бастады. Экономиканың адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы әртүрлі аудандардағы халықтың өмір сүру деңгейлерін теңестіру және жоғарылату мәселелерін туғызады. Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл стратегиялық бағдарламада: «Салауатты, әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»- деп Елбасы ойын түйіндейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қулаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру екендігін дәлелдейді. Әсіресе бұл мәселе созылмалы аурушаңдыққа шалдықпаған азаматтарға байланысты. Себебі дені сау адамдар мемлекеттің генетикалық, экономикалық және зиялы күш-қуатын іске асыруда шешуші орын алады. Сонымен қатар, халықтың бұл бөлігі, денсаулық сақтау саласының назарынан тыс қалып қана қоймай, өз денсаулық жағдайына мән бермейді, алдын-алу шараларына немқұрайлы қарайды. Клиникалық медицинаның әрі қарай дамуы мен денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің жақсаруы, денсаулық сақтау профилактикалық бағыт алуынсыз іске аспайды. Отандық және шетелдік тәжірибе көрсеткендей, тұрғындар арасында медициналық және гигиеналық білімді насихаттау сырқаттанушылық пен өлім деңгейінің төмендеуіне және дені сау ұлт тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Осы тұрғыда елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында: «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз - азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады», - деп атап көрсетті. Сондықтан, бүгінде салауатты өмiр салтын қалыптастырудың әлемдiк жаңа технологияларын, тәсiлдерiн және әдiстерiн пайдалана отырып, адамның денсаулық әлеуетiн сақтау мен дамытуды белгiлейтiн факторларды (табиғи, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық, мәдени) күшейту жөнiндегi сектораралық кешендi өзара iс-қимылдар жүзеге асырылуда: салауатты өмiр салты дағдыларын үйрету және дағдыландыру үшiн 1998 жылдан бастап бiлiм беру жүйесi ұйымдарының барлық деңгейлерiнде "Валеология - Қалай сау болу керек" пәнi факультативтiк сабақ ретiнде енгiзiлдi; «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы, «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» және басқа да құжаттар қабылданды.

Бұл құжаттардың ішіндегі маңыздысы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 905 қаулысымен "бекітілген" "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы, оның мақсаты - халықты сауықтыру және орташа өмiр сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылса, ал негiзгi мiндеттерi - салауатты өмiр салтына, денсаулықты нығайтуға, халықтың денсаулық әлеуетiн дамытуға және денсаулық сақтау мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдесу; салауатты өмiр салтын қалыптастырудың кешендi, үзiлiссiз және орнықты жүйесiн құру деп белгіленген. Осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге және ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихаттау жұмыстарына бастау болды.

Адамдардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері организмнің жағымсыз әлеуметтік, экологиялық факторлар кешеніне оқу мен жұмыстың гигиеналық жағдайларының бұзылыстарына, мінез-құлықтың жағымсыз стереотиптеріне жоғары сезімталдығын анықтайды. Денсаулықтың бұзылуына туа біткен бейімдеушіліктің іске асу қаупі жоғары. Азаматтардың денсаулық жағдайының ауытқуларының қалыптасуына биологиялық қауіп факторлары, қоршаған орта жағдайы, әлеуметтік-гигиеналық жағдай және салауатты өмір салтын ұстануға психологиялық бағыт болмакуы әсер етеді.

Салауатты өмір тіршілігі - денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ең алдымен, бұл мәселені тарихи, педагогикалық тұрғыдан талдауды талап етеді. Ертеден денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылымның пайда болуы адамзат тарихының тереңіне бойлап келеді. Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болған алғашқы өмір сүру кезеңінде-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, оны еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде қарастырған. Алғашында дене тәрбиесі ұйымдасқан ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денешынықтыру жаттығулары қарапайым болғанымен, олардың адамды қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор болды.

  1. Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құзыреттілік теориясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz