Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Жоспары:
Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------- 3
І - бөлім. Теориялық бөлім.

1.1 Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік түрлері ----------------------------------- -------- 5
1.2. Қазақ тілі сабағында интерактивті оқыту әдісі арқылы көрнекілік түрлерін
пайдалану бағдарламалары ----------------------------------- ------------------------------- 10
ІІ - бөлім. Практикалық бөлім
2.1. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі ----------------------------------- ------------------------------------------- -------- 18
Қорытынды ----------------------------------- ----------------------------------------------- 29
Әдебиеттер тізімі----------------------------------- ----------------------------------------- 31
Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр.
Осы күні мектепте әлеуметтік жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда.
Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының бастауыш сыныптан бастап қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу -деп көрсетілген.
Оқу сапасын жақсарту, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту үшін сабақта көрнекі құралдарды пайдаланып , үнемі жаңартып отыруға баса назар аудартылады.
Зерттеу базасы. Орал қаласы, № 1 жалпы орта білім беретін мектебі және №19 жалпы орта білім беретін мектебі
Зерттеу пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының мақсаты. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын ұсыну.
Зерттеу міндеттері.
1) Психология, педагогика, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау.
2) Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісіндегі көрнекіліктің маңызын анықтау.
3) Көрнекілік ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау.
4) Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағындағы қолданылатын көрнекілік әдісіне сипаттама беру.
5) Қазақ тілі сабағындағы көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдарын жүзеге асыру.
Зерттеу болжамы. Егерде сабақта көрнекі құралдарды жүйелі түрде пайдалана алса, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және материал мазмұнына сәйкес іріктеліп алынса, онда оқушылардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы артады түседі. Уақыт талабына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электронды оқу құралдары т.б) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Зерттеу әдістер:
oo Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой - пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі;
oo Әлеуметтік педагогикалық әдіс ( озат мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу)
oo Эксперимент әдісі( оқыту, бақылау)
oo Оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу)
Зерттеудің практикаға пайдасы. Зерттеу нәтижесінде көрнекілік әдісін болашақ мамандар қазақ тілінде сабағында қолдануға үйренеді. Көрнекілік әдісі шығармашылық ізденісті талап етіледі. Сондықтан білім алушылар үнемі шығармашылық ізденісте болуды үйренеді.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 31 бет
Кіріспе
Ең алғаш адам баласы әлем туралы түсінікті сезіну арқылы алды. Оларды адамдар қоршаған ортаның әсері деп ойлады. Сезіну арқылы олар қоршаған ортамен танысты. Қабылдаудың сезінуден айырмашылығы - адамдар әлемді бейнелер ретінде қабылдайды, бұл өзін қоршаға н денелер мен құбылыстар және олардың қасиеттерінің жиынтығын тұтас қабылдауға мүмкіндік алады.
Адамның қоршаған ортаны сезімдік тануына сезіну, қабылдау, елестету, есте сақтау жатады. Ал, ойлау мен сөйлеу - әлемді танудың рационалды немесе ойлау әдісі. Себебі сөйлеу мен ойлау арқылы сезімі мен қабылдауы арқылы бейнеленбеген әлемді басқа жағынан тани алады.
Елестету үнемі бейне түрінде беріледі, ал есте сақтау көрнекі түрде бейнелеумен қатар, логикалық (ойды есте сақтау) және эмоциялық (сезінуді есте сақтау) болып екіге бөлінеді. Адам елестету арқылы өз шығармашылығын дамыта түседі және өз бетінше әлемді түрлендіре алады. Сонымен қатар алдағы болатын оқиғаларды елестете алуына мүмкіндік алады.
Елестету адам өмірінде бірнеше міндет атқарады. Нақтылықты елестете алу және оларды қажетті жағдайларда пайдалана алу осы міндеттердің бірі болып есептеледі. Екінші міндеті адамның көңіл - күйін басқара алатындығына байланысты. Үшінші міндеті адамның жағдайы мен танымдық процестерін басқара алуына тікелей байланысты болады. Төртінші - адам өзінің ішкі жоспарын жасап, ойша образдарды манипуляция жасай алатындығында.
Баланың байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін байқап, дамытатын- ол көрнекілік.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап ететін үрдіс. Көрнекілік әдісін пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөліп, бұл әдісті қолдана білген.
Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек,- деген.
Бастауыш сынып оқушылары әрбір нәрсені білуге құмар, әрі қызыққыш, қолмен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Сондықтан көрнекіліктерді ұтымды пайдаланып, сабақты жақсы ұйымдастыруға мұғалім міндетті.
Оқу үдерісінде бастауыш сыныптарда көрнекі құралдарды тиімді пайдалану қажет. Өйткені оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, ынталандыра түседі және танымдылық қабілетін оятады.
Себебі бастауыш сынып оқушылары қызыққыш, еліктегіш болады, және олардың танымдық қабілеттері өте жоғары келеді.
Көрнекілік әдістерінің тәсілдері сабақтың тақырыбына қарай өзгеріп отырады. Көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар олардың бұрын алған білімін де кеңейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Сол арқылы заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажырата алуға дағдыланады.
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес көрнекілік әдісін электронды түрде де қолдануға болады. Көрнекіліктерді интрактивті тақтада немесе мультимедиялық құрылғыларда көрсете алады. Аудио, видео, gif жазбаларын балаларға қызықты етіп дайындап, сабақ барысында пайдалана алады.
І бөлім. Теориялық бөлім
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
0.1. Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік түрлері
Бастауыш сыныптарының басты талабы - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болуы шарт.
Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдау ерекшеліктері сензитивті кезеңге сәйкес келетіндіктен оқытудағы көрнекілік әдісі басты роль атқарады. Өмірде кездесетін заттар мен құбылыстарды көрнекі құрал ретінде пайдалану арқылы мектепті өмірмен байланыстырады. Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі диалектикалық принципті жүзеге асыруға көмектеседі. Нақты көрнекі құралды сапалы түрде меңгерту үшін көрсететін зат пен құбылысқа дұрыс талдау жасау керек. Дұрыс талдаудың арқасында бала көрген затының негізгі бөлшегі мен қосалқы бөлшегін ажыратуға, салыстыруға белгілі бір қорытынды жасау заңдылықтарын анықтауға үйренеді. Көрнекіліктерді сабақтың барлық кезеңінде қолдануға болады, бірақ оны пайдалануға болмайды. Себебі балаға қызықсыз болып, жалығып кетуі мүмкін. Кіріспеде айтқандай көрнекілікті сабақтың мақсатына қарай пайдаланған тиімді болмақ. Тіл дамыту сабағында көрнекіліктерді образды немесе логикалық мазмұнды түрде таңдап алып, ұсынған жөн. Яғни , суреттер мен түрлі көріністер бойынша сөздік қорларын байытып, әр сөздің тілдік ерекшелігіне тоқталып, меңгере алады.
Қазақ тілі сабағында көбіне қолданылатын көрнекілік түрі кесте. Ол схема түрінде де болуы мүмкін. Ол арқылы бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге ыңғайлы. Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалык, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал оны қолданылуы жағынан - салыстырмалы, сөзді нұсқау, анықтау, түрі жағынана жылжымалы болып бөлінеді.
Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін колданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әр түрлі болады. Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін. Мысалы : лексиканы оқытуға байланысты мына кестеге назар аударайық.
Мақал - мәтелдер
Сөз бен мағына
Дисфемизм
Табу сөздер
Синоним
Лексика
Эвемизм
Омоним
Антоним
(слайд бет)
Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту үшін көптеген шығармашылық жұмыс пен сабақты тиімді ұйымдастыру талап етіледі. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:
Ұяң дыбыстар
Ұяңмен келген сөздер
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер
б
байлық
Ел байлығы жылдағыдан арта түсті.
в
вагон
Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.
д
дала
Дала гүлге бөленді.
з
зейін
Айша сабақты зейін қойып тыңдады.
ж
Жаппар
Жаппар ағасының сөзін тыңдады.
г
Гүлсім
Гүлсім оқуға жүріп кетті.
ғ
Ғұмар
Ғұмардың жолдасы Павел болатын.
һ
Аһ,уһ
Аһ, - деп демімді алдым.
Бұл кестедегі материал ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық зандылықтарын, ерекшеліктерін (катаң мен сонор дауыссыз дыбыстарға карағанда) байқап, салыстыра алады.
Ал грамматикалық кесте түсінуі қиын сөздерді түсіндіру бағытында пайдаланылады. Мысалы, сөз таптары, жұрнақ, жалғау категорияларын, сонымен қатар құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгеруге арналған арнайы кестерлерді қолданған тиімді.
Морфологияны оқытуға байланысты кесте.
Қосымша көптік
сөз тудырушы тәуелділік
Жұрнақ Жалғау
септік
сөз түрлендіруші жіктік
Жұрнақ
Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші
ім ар
біл гіш айт қан
гір қыз
тық тау
бас қызықтау
шы ырақ
Бұл кестенің құрылымы ІV сынып оқушыларының жас ерекшелігіне лайықты. Яғни, кестедегі негізгі мәселе дараланып берілген, жұрнақ жалғанғандағы өзгеріс қандай, жалғау жалғанғанда қандай айырмашылық барын оқушы саналы түрде түсінуіне көмектесетінін көруге болады.
Осындай бағытта жасалған кестелер білім алушылардың сөздік қорын молайтып қана қоймай, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жоғары айтылғандай кесте - схема қазақ тілі сабақтарында жиі пайданылады. Әсіресе ол жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Жалпы қазақ тілін сабағын оқытуда көбінесе ауызша жауап алуды мұғалімдер әдетке айналдырып алған. Айталық, зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді деген сияқты бүкіл тарауды ауызша сұраққа айналдырады да, жазба жұмыстарына аз көңіл бөлінеді. Қаптаған сұрақтардан кейін жазбаша жұмысты орындауға уақыт та қалмайды, сонымен сабақ бір сарынмен аяқталады. Әрине баланы сөйлету орынды, бірақ осы ережені сұраған кезде кестені пайдаланып, уақытты үнемдеуге болады. Интерактивті тақтаға немесе тақтаға түсіндірген кездегі кестені сызып, сол арқылы тақырыпты сұрау арқылы оқушының білімін тексеруге болады. Мысалы :
Зат есім
Сұрақтары қандай?
Ережесін жазады.
Жазба жұмыстарын, әсіресе диктант жазу кезінде оқушылар мәтінде оқылған сөйлемдерді, сөздерді қайталап сұрап, жанындағы құрбыларының көңілін бөледі. Яғни, оқушы оқылған шағын сөйлемді есінде сақтай алмайды. Кейде диктант мәтінін оқу кезінде мұғалімдердің өзінен де кемшіліктер кездесіп қалады. Ол - диктантты нормаға сай оқи алмау. Диктант жұмыстарын үнтаспа арқылы да жүргізуге болады. Үнтаспа арқылы жүргізілген диктантта оқушылардың зейіні еститін сөзге ғана аударылады. Үнтаспадан бірнеше үй жануарлары мен жабайы жануарлардың (мысықтың, иттің, әтештің, жылқының, сиырдың, пілдің, маймылдың, арыстанның) дауыстары естіледі. Оқушылар естіген дыбыстардың қай жануарға жататынын анықтап, дәптерге жазады. Мысалы: мысықтың мияулағаны, т.б. дауысы бойынша әрбір дауыстың иесін анықтап, олардың аттарын дәптерге жазып шығады.
Бұл диктанттың түрін күрделендіріп те алуға болады. Мысалы: Әр жануарлардың қандай дауыстар шығаратынын сұраймыз. Сонда оқушылар мысықтың мияулайтынын, иттің үргенін, т.б. атап шығады. Дәптерге былай жазады: Мысық мияулайды, ит үреді, әтеш шақырады, ат кісінейді, сиыр мөңірейді,т.б. Өз тәжірибемізде оқушылардың сауатын ашу және тілін дамыту жұмыстарында аталған диктант түрлері оқушыларды қатты қызықтыратыны байқалады.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа проблемалық жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуді үйренеді. Мұғалім жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыбын проблемалық ой тудыра отырып хабарласа оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы артады. Сол сияқты үлестірмелі дидактикалық материалдар мен тест сұрақтарын дайындап, пайдалану оқушының білімін сараптап жетілдіреді.
Әр тақырыпқа байланысты кестелер, суреттер, плакаттар көрнекілігі оқушылардың байқампаздығын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыта түседі.
* сөзжұмбақ;
* ребустар;
* үлестірмелі қима қағаздар;
* суреттер;
* сюжетті суреттер;
* үнтаспалар;
* дидактикалық материалдар тағы басқа;
Көрнекіліктің білім алушыға берері:
1. Меңгеретін тақырыпты терең түсінуге, негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.
2. Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді.
3. Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.
4. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Көрнекі оқыту - ақыл - ойын, логикалық ойлауын дамыту.
Сабаққа тиімді қолданған көрнекілік түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен таңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары айналадағы көрген нәрсеге қызыққыш келеді.
Тез серігіп, тапсырманы түсініп, жылдам, әрі дұрыс орындайды.
Көрнекілік әдісі оқушылардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады. Сөздік қорларын көбейтуге өз ойын жүйелеп баяндап үйренуге, тіл байлығын арттыруға көп септігін тигізеді. Байқампаздығы артады.
1.2.Қазақ тілі сабағында интерактивті оқыту әдісі арқылы көрнекілік түрлерін
пайдалану бағдарламалары
Интерактивті оқыту әдісі арқылы оқушының танымдық-шығармашылық ізденістері дамиды. Мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек, сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ- ұстаздың нышансыз еңбегінің айғағы. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар - интерактивті тақта, слайдтар, видеоролик, тестер, электронды оқулық мұғалім мен оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуі ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін дамыту бағытында қолданылады. Activstudio PE мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.
Бұл бағдарламаның көмегімен оңай да, қарапайым түрде түрлі ресурстарды қолданып, оның ішінде мультимедиялық (дауыс, видеофайлдарды қою),сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мағыналы флипчарттарды құру оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.
Интерактивті тақта - дегеніміз не?
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде қазіргі таңда білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша тоқталып өтейік.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Осы арқылы сабақты қызықты етіп өткізуге болады.
Активті қалам - дегеніміз не?
Aктивті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwand указкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard - интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз - ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
Тест дайындау шеберінде ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Активті экран кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
Активті экран бағдарламалық -техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио - және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге мұғалім - оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте - мөте қажет - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Іс-тәжірибеде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор.
- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.
- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.
- Проблемалық зерттеу , аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
- Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия - технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық - техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал -саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz