Әбілхан Қастеев Сурет салуды қайдан үйрендің деген сұраққа жас кезінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Эссе
Тақырыбы: Қарадан шыққан
Орындаған: Қасен Ә
Мамандығы: Жерге орналастыру
Курс: 1
Тексерген: Сайлан Б.С



Алматы 2018
Қарадан шыққан
Әбілхан Қастеевтің аты өнерден алыс адамдарға да таныс. Ол Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалап кеткен атақты суретші. Оны білетін адамның ол туралы міндетті түрде жылы лебіз білдіргісі келіп тұратыны анық. Өйткені сол кісідей адамды жақсы көрмеу мүмкін де емес еді. Ол кісі өзінің ғажайып творчествасымен туған халқының ыстық ілтипат-алғысына бөленсе, қарапайымдылығымен, кеңдігімен, ізеттілігімен жанында жүрген жолдастарының, әріптестерінің жан дүниесін баурап алды.
Қазақ халқы өнерлі тұлғаларға әрқашан бай болған. Сақ, ғұн, қаңлы, үйсін заманында сурет салу өнері дамымаған болар, алайда қазақ даласында қаптап жатқан балбал тастар мен таңбалы тастар сол сурет өнерінің сан қырының бір қыры емес пе. Текемет, ши, алаша, түскиіз, сырмақ, белдік, құрларға салған ою-өрнектер де ежелден өнерсіз халық еместігімізге айғақ. Зергерсіз ел болмағанымызды бәріміз де білеміз. Әйгілі Мүйізді Өтеген батыр да сурет өнерін тәп-тәуір меңгеріп, досы Қазыбек бектің суретін қағаз бетіне түсіріпті. Одан беріректе 19-ғасырда, Шоқан да артына сан алуан сурет қалдырған болатын. Жасырытыны жоқ,- дейді Ғабит Мүсірепов, - Ұлы октябрь революциясына дейін бізде адам бейнесін суретке түсірген бір-ақ қазақ болды. Оның аты- Шоқан. Шоқанның інісі Мақы да қолөнері бар кісі болатын.
Қысқасы, қазақ ежелден-ақ ою мен сурет салушылардан ада болмаған . Ою мен зергерлікті кәсіп еткендер кездескенмен, сурет салуды кәсіп еткендер, яғни кәсіптік маманданған суретшілер болмаған. Оған белгілі дәрежеде діннің де әсері болғанын білеміз. Әбілхан ағамыздың қазақ өнеріндегі орны да осы орайда айқындалады : ол- қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі. Бұл - өте үлкен абырой. Өйткені одан әлдеқайда әдемі салатын, ебі де, таланты да аса жоғары суретшілер бола береді және болуға да тиіс, бірақ солардың бәріне бастамашы болған Әбілхан ағаның орны мәңгі өзгермейді.
Әбілхан Қастеев Сурет салуды қайдан үйрендің деген сұраққа жас кезінде : Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен,- деп жауап берген екен.Ал бұдан шығаратын қорытынды Әбілхан Қастеев қарапайым қазақ отбасынан шыққан. Өмірбаянына көз жүгіртсек, ол үлкен отбасын асырау үшін ерте еңбек ісіне араласа бастады. Жастай әкесінен айырылғандықтан бар ауыртпашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері арқылы жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Акварель жұмыстарының техникасы мен түстері
Акварель бояуларының түрлері
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы
Композициялық шығарманың түстік үйлесімі
Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Пәндер