Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері.

1.1 Құқық бұзушылықтық ұғымы,түрлері және құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2 Заңды жауапкершіліктің түрлері мен ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...8
1.2.1 Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...9
1.2.2 Қылмыстық жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2.3 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... 20
1.2.4 Әкімшілік - құқықтық жауапкершілік туралы ... ... ... ... ... ... ... . ...23

Негізгі бөлім
2. Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру және қолданылатын шаралары

2.1 Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Заңды жауапкершілікті болдыртпайтын жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе

Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы бірнеше пікірлер бар:
А)ол қорғаушы құқықтық қатынаспен құқық бұзғаннан кейін тоқтамай бірге пайда болады;
Ә)негізгі құқықты қолдану актісін шығарғаннан кейін пайда болады(үкім,шешім),онда барлық заңды жауапкершілікке қажетті кездер тіркеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы туралы түсінік алу;
Заңды жауапкерлікті әкімшілік жауапкершілік ретінде қарастыру;
Заңды жауапкершіліктің басқа құқықтық жауапкершіліктермен байланысын анықтау;

1.Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері.

Құқық бұзушылықтың түсінігі,ұғымы және құрлымы.

Құқық бұзушылықтың тарихи тамырын тереңірек тартады.Саяси-құқықтық ілімдер тарихының ғылыми жетістіктерімен нәтижелеріне мұқият зер салып қарасақ құқық бұзушылық мемлекетпен құқық пайда болған сәттен бірге қалыптасты.Себебі құқықтың пайда болуымен оның нормаларын бұзу,тыйым салынған әрекеттерді жасау сияқты құқық бұзушылықтар да пайда болады.Міне,сол кезеңнен бастап құқық бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы күнге дейін жойылған жоқ.Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу.оның алдын орау,болдырмау сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі.Мемлекеттің,қоғамның толыққанды дәрежеде өмір сүруі,қалыптасқан қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және адамдардың көңіл-күйімен отбасындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен,онымен күресудегі нәтижеге байланысты.Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы нәтиже жоқ мемлекетте халықтың ьилікке деген сенімсіздігін арттырады,наразылығын тудырады.Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз не?Заң әдебиетінде оның анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан,барлық оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде бір мағынада беріледі.Атап айтсақ құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын,арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылық негізінен төрт сипаттан қалыптасады:
1.Әрекет немесе әрекетсіздік
2.Құқыққа қарсылық
3.Субъектінің арнайы жасқа толуы
4.Кінә
Бұл төрт элементтің біреуі жоқ ьолса,жеке адам құқық бұзушылық жасаған болып саналмайды.
Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
1.Теріс қылық
2.Қылмыс.
Теріс қылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған,қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет немесе әрекетсіздік.Теріс қылықтар қоғамдық қатынастарға зияндылық әсерін тигізеді,бірақ өте қауіпті болып саналмайды.Теріс қылықтар мынандай түрлеоге бөлінеді:
1.Тәртіптік теріс қылықтар мекемелер мен кәсіпорындарда,басқа да заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған субъектілердің еңбек кодексінің немесе ішкі ереже талаптарын орындамау немесе бұзу.Тәртіптік теріс қылықтар жасаған субъектке жұмыс орнының әкімшілігі тарапынан ескертулер,сөгіс,жұмыстан босату сияқты шаралар қолданылады.
2.Азаматтық құқықтық теріс қылықтар жеке және заңды тұлғалардың жасаған келісімшарт негізінен туындайтын,міндеттемелерді орындамау және адам өмірі,денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барысындағы әрекеттің жиынтығы.
3.Әкімшілік-құқықтық теріс қылықтардың анықтамасы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28-бабында мына мағынада берілген: Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы,кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.Әкімшілік теріс қылықтар ғана кодексте белгіленеді.
Құқық бұзушылықтың екінші түріне қылмыс жатады.Қылмыстың анықтамасы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 9-бабында мына мағынада берілген: Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады.[2;174]
Мемлекет және құқық теориясында құқық бұзушылықтың ұғымымен қатар құқық бұзушылықтың құрамы деген ұғым бар.Құқық бұзушылық жалпы ұғым ретінде танылса құқық бұзушылықтың құрамы дара ұғым ретінде қабылданады.
Құқық бұзузылықтың құрамы дегеніміз нақтылы құқық бұзушылықты және оның қоғамдаға зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы нышандардың жиынтығы.
Құқық бұзушылық төрт элементтен,нышаннан тұрады:
1.Объект;
2.Субъект;
3.Құқық бұзушылықтың объективтік жағы;
4.Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы;
Объект деп құқық бұзушылық қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуын айтады.Жалпы қоғамдық қатынастар қең,ауқымды және қоғамның барлық салаларына қатынасты болған соң көптеген мүдделерді қамтиды.Мүдде бар жерде қатынастар пайда болады.Сондықтан құқық бұзушылық мүдделерге қол сұғады,қауіп-қатер,зиянды зардаптар тудырады.
Объект қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде дамудың,адамзат өркениетін қалыптастырған құндылықтар мен мүдделерден қалыптасады.
Құқық бұзушылықтың объектісі үш түрге бөлінеді:
1.Жалпы объект;
2.Топтық объект;
3.Тікелей объект.
Жалпы объект-социум өмір сүретін,тіршілік ететін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы.Оған адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары,мүдделері,халық денсаулығы,санитарлық-эпидемиология лық салауаттығы,қоршаған орта,қоғамдық имандылық,меншік,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,мемлекеттін билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібі,ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері жатады.
Топтық объект-біртекті,біркелкі,бір-біріме н тығыз байланыстағы қоғамдық өатынастардың топтасқан жиынтығы.Топтық объект құқық бұзушылықты қоғамға қауіптіліне және қол сұғылғын қатынастарына қарай жинақтауға мүмкіндік туғызады.Мысалы,қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің ерекше бөлімдерінде жасалған қылмыс пен әкімшілік теріс қылмыстардың топтық объектілеріне байланысты жүйеленген.
Тікелей объект-нақтылы құқық бұзушылық қол сұққан,бұзған қоғамдық қатынастардағы жеке,дара мүделер.Мысалы,кісі өлтіргенде өлтірген дамның өмірі тікелей объект болып саналады.Кейбір жағдайларда құқық бұзушылық жасалғанда заттарға әсер етіледі.Мысалы,ұрлық жасағанда меншікке қол сұғылады,меншік иесінің иемделу,пайдалану,билеу құқындағы заттар басқа адамның пайдалануына өтеді.Бұл жерде қылмыскер ұрлаған мүлік,зат объект емес,қылмыстың заты болып саналады.Құқық бұзушылықтың заты объектінің материалдық көрінісі болып табылады.
Жасалған кейбір қылмыстарда қылмыстықң заттары мүлдем жоққа тән.Мысалы,әйелді зорлау,бұзақылық және т.б қылмыстар.
Құқық бұзушылықтың субъектісі деп хауапка тартуға қабілеттігі бар,құқық бұзушылық жасаған сәтте заң белгілеген арнайы жасқа толған адамды айтады.құқық бұзушылықтың субъектілері болып заңды тұлғаларда табылады.мысалы,газет жеке адамның,ар-намысын қорлайтын мақала басқаны үшін жауапқа тартылады.(айып салнады,жабылады).
Субъект екіге бөлінеді:
1.Жалпы субъект;
2.Арнайы субъект.
Жалпы субъект барлық адамдардың жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылуы.Мысалы,кісі өлтірудін субъектісі жалпы субъектіге жатады.Адамды кімде болса өлтіре алады:жас,кәрі,әйел.Бұл жерде мамандық жас әсер етпейді.
Арнайы субъект заң белгілеген ереже бойынша құқық бұзушылық жасаған адам арнайы,қосымша нышандарға иеболуы тиіс.Мысалы,әскери қылмыстардың субъектісі болып әскери қызметкерлер ғана саналады,мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарда арнайы субъект болып лауазымды тұлғалар болады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі болу үшін,яғни,жасаған теріс қылығы және қылмысы үшін құқықтық жауапқа тартылуға арнайы шарттар қажет.
1.Субъект заң белгілеген жасқа толуы тиіс.Ол 16 жас,л кейбір қылмыстар(ұрлық,кісі өлтіру,адамды ұрлау,тонау,адамды кепілге алу,зорлау және т.б) үшін 14 жас болып белгіленген.
2.құқық бұзушылық жасаған сәтте субъектінің өзінің құқықа қарсы бағытталған әрекеттеріне жауап береді.Егер адам құқық бұзушылық жасаған уақытта есі дұрыс емес,немесе психикалық ауыру(шизофрения,эпилепсия,Дауна ауруы,ми сифилисі прогрессивті паралич,эпидемиялық энцефалит,маникалды-депрессиялық психоз) жағдайында болса адам жауапқа тартылмайды,оған мәжбүрлі түрде медициналық емдеу қолданылады.
Құқық бұзушылықтың объективті жағы деп оның жасалуының сыртқы көрінісін,субъектінің қоршаған орта мен заттарға әр түрлі мағынада жасаған әрекеттерінің нышандарын айтады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы іс-әрекет(әрекет немесе әрекетсіздік),себепті байланыс және зиянды зардапты қамтиды.
Іс-әрекет(әрекет немесе әрекетсіздік)арқылы баолық құқық бұзушылық жасалады.Әрекет-адамның заң,құқық нормалары тыйым салған қоғамға қауіпті және зиянды істерді істеу немесе істеуіне жол беру.Әрекет әрқашан адамнан белсенділікті талап етеді,оның мінез-құлқынан өзінің көрінісін табады.Әрекет күш қолдану және күш қолданбау болып екі түрге бөлінеді.Мысалы,адамды өлтіру үшін оны күш қолдану арқылы көрсеткен қарсылығын әлсіретеді,ал алаяқтық жасаған адам мүлікті алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы күш қолданбай алады.
Әрекетсіздік-жасауға тиісті әрекетті жасаудан бас тартып,қоғамға қауіпті мінез құлық таныту.Мысалы,анасы жаңа туған сәбиін емізбейді,науқасқа дәрігердің көмек көрсетпеуі,әскери қызметкердің жұмыс орнына себепсіз келмеуі.
Зиянды зардап-жасаған іс-әрекеттің нәтижесінде қоғамдық қатынастарға,мүдделерге нұқсан,зиян келтіру.Құқық бұзушлықтың қоғамға қауіптілігі және зияндылығы сонда,ол қоғамның тыныс-тіршілігінің,өмір сүру жағдайларының қалыптасқан тыныштығының ырқын бұзады,соның нәтижесінде зиянды зардаптар пайда болады.Көптеген құқықтық нормаларынла зияндызардап нақтылы мағынада көрсетіледі.Мысалы, адам денсаулығына зиян келтіру, ауыр зардаптар, адамдардың өлуі және т.б.Бұл материалдық зардаптар.Сонымен қатар зиянды зардаптарқа формалды зардаптар жатады.Мысалы,бандитизмнің қылмыстық құрамы.Бұл құрам бойынша адамдарды жауапқа тару үшін формалды түрде объективтік жағынан азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру,сол сияқты осындай топты басқару әрекеті болса жеткілікті. Құру, басқарудың өзі қоғамға қауіпті әрекет болып саналады.
Себепті байланыс-жасалған іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасындағы байланыс.Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы.Себепті байланыс деген бір құбылыстың екінші құбылысты тудыруы,себеп салдарды қалыптастырады.Себепсіз салдар болмайды.С ондықтан себепті байланыс жоқ болса,жауаптылық та болмайды.Мысалы,шофер қалада машина айдап келе жатып,аялдамада тұрған автобустың алдынан атып шыққан адамды басып өлтіреді.Тергеу барысында шофердің ішімдік ішпегендігі және рұқсат етілген 40 жылдамдығымен келе жатқандығы анықталады.Экспертизаның қорытындысы бойынша жүргізуші барлық жол жүру ережесін сақтаған.Адам өзінің әрекетінің нәтижесінде өлімге ұшыраған.Бұл жерде жүргізушінің әрекеті мен адам өлімінің арасында себепті байланыс жоқ.Сондықтан ол кісі өлімі үшін жауапқа тартылмайды.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы деп субъетінің жасаған іс-әрекетіне деген психикалық қатынасын айтады.Субъективтік жақ негізінде кінә,себеп және мақсат сияқты ұғымдарды қмтиды.Бұл нышандар құқық бұзушылық жасаған субъектілердің ішкі,сезімін,оның пихикасындағы процестерді кеңінен қамтиды.Олардың бәрін толық анықтау арқылы адам жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі мен зияндығы айқындалады,жаза мөлшеріне әсер етеді.
Кінә деп субъектінің істеген құқық бұзушылығына және оның зиянды зардаптарына қасақана немесе абайсыз формасындағы психикалық қатынасты айтады.Кінә екі мағына кезеңімен қамтылады.
Біріншіден,интеллектуалдық кезең кінәлінің іс әрекетін қоғамға қауіпті екенін,оның қоғамға қауіпті немесе зиянды келтіретінін ұғынуы,немесе сондай зардаптардың болуын көре білуі.
Екіншісі,ерік кезеңі кінәлінің қоғамдық қауіпті немесе зиянды зардаптың болуын біледі немесе оған парықсыздықпен немесе менмендікпен,я болмаса немқұрайлықпен қарауы.
Кінә қасақана және абайсыз болып екіге бөлінеді.Қасақана жасалған құқық бұзушылық деп субъектінің өзінің іс-әрекетәнің қоғамға қауіпті,зиянды екенін біле тұра,оның зиянды зардаптарының болатынын біле тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істесе,немесе оған саналы түрде жол берсе,не оларға немқұрайлы қарағаның айтады.
Қасақаналық тікелей және жанама атты екі түрге бөлінеді.
Тікелей ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін,зиянды екенін біле тұра,оның зиянды зардаптарының болатынын білн тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істейді.Мысалы,адам басқа адамның басын балғамен ұрғанда оның әрекеті қауіпті екенін біле тұра,сол соққыдан адам өлімінің болатынын сезініп және өлуін тілеп істейді.
Жанама ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зиянд екенін білсе де,бірақ зардаптың болуын тілемесе де,оған саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды.Мысалы,дәрігер 4 ай болған жүкті әйелге заңсыз аборт жасайды.Соның нәтижесінде әйел қаза табады.Бұл жерде дәрігер өзінің заңсыз әрекетінің қауіпті екенін біле тұра,оның өлуі мүмкін екенін болжай тұра сол әрекетке барады,бірақ әйелдің өлімін тілемейді,саналы түрде жол береді.
Теорияда ниеттің қалыптасу уақытына байланысты күні бұрын ойлаған ниет және кенеттен пайда болған ниет болып бөлінеді.
Күні бұрын ойлаған ниет құқық бұзушылық жасағанға дейін адам санасында пайда болған ниет.Мысалы,субъект адамды өлтіру үшін күні бұрын өлтірудің амалын ойлайды,жоспарын құрады,сәті түскен кезде өлтіреді.Теорияда бұл ниет өте қауіпті болып табылады.
Кенеттен пайда болған ниет арқылы жасаған құқық бұзушылыта субъект - өінің құқық бұзушылыққа бару ниетін аяқ астынан іс жүзіне асырады.Мысалы,сатушының алдындажатқан ақшаны көріп,ала қашады.
Сонымен қатар теория ниет айқын және айқын емес деп бөлінеді.
Айқын ниеттегі субъект өзінің іс-әрекетін қоғамға қауіпті,зиянды екенің біле тұрып,нақтылы зардаптың болуына өзінің әрекетінбағыттайды.Мысалы,петерден ұрлық жасағанда қылмыскер меншік иесінің мүлкіне қол сұғатынын жақсы біледі.
Айқын емес ниетті бар субъект қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын біле тұрса да,өзінің ойында қандай нәтиже болатының көзіне елестете алмайды.Мысалы,екі құрылысшы ерегісіп қалып,біреуі төменде кетіп бара жатқанға кірпіш тастайды.Бұл әрекеттен кірпіш тастаған субъект оның не басына зақым келетінін немесе өлетінін білген,ниеті айқын емес.
Кінәнің екінші түрі-абайсыздық.ҚР-ның қылмыстық кодексі абайсыздықтың екі түрін көрсетеді.ыатап айтқанда 21-баптаы.
1.Менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасаған әрекет абайсызда жасаған қылмыс деп саналады.
2.Егер адам өз іс-рекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе,бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе,қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
3.Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әректінің қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екенін болжап білмесе,қылмыснемқұрайдылықпен жасаған қылмыс деп танылады.

1.2 Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері.

Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салысту мүмкін емес.
Жасалған құқық бұзушылық міндетті түрде заңды жауапкершілікті тудырады.Істеген қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмаған қоғамда,әділсор ісінің салтанат құруы,заңдылықтың орнауы мүмкін емес.Сондықтан заңды жауапкершіліктің қоғамда алатын орны ерекше.
Заңды жауапкершіліктің негізі-құқық бұзушылықтың жасалуы және адамның іс-әрекетінің құқық бұзушылық құрамымен қамтылуы.
Заңды жауапкершілік мемлекетпен құқық бұзушылыққа барған жеке адамның арасында пайда болған құқықтық қатынастардың нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған субъект өзінің жасаған қауіпті,зиянды әрекеті үшін арнайы қолданылған жазаға төзуін айтады.
Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір талаптарды орындауы.
Жауапкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік - заңдық мағынада құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады .
Заңды жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілер:
1) ол ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратына сүйенеді, бұл құқық нормасымен қарастырылған санкцияны жүзеге асырудың нақты нысаны;
2) қоғамға қауіпті құқық бұзушылық жасаған уақыттан бастап пайда болады;
3) іс жүргізушілік нысанында қолданылады.
Осы аталған белгілер заңды жаупкершіліктің міндетті белгісі болып табылады.
Адамгершілік принциптер мен қағидалар, әдет-ғұрып, дәстүр, сондай-ақ құқық ережелері т.б әлеуметтік қағидалардың негізі болып саналады. Бұған адамның күнделікті өміріне үңіліп қарасаңыз, көзіңіз жетеді. Мысалы, кім ұрлық жасаса, ол-ар мен ұяттан айырылған адам. Егер ата-ана баласына үнемі қамқор көзбен қараса, өзі де жоғары мәдениетті, парасатты адам болса, оның балалары да адамгершілігі жоғары, заң талаптарынан аулақ кетпейтін, кәдімгі жақсы адамдар қатарында болады. Мұнда құқықтық нормалар адамгершілік, ар-ұяттық принциптерге сүйенеді.
Әрине, адамдардың басым көпшілігі адамгершілік нормаларды аяққа басып, тәртіп сақтамаса, қоғам бір қалыпты өмір сүре алмайды. Мұндай қоғамның болашағы да жоқ. Осындай жағдайды болдырмас үшін адамгершілік тәрбиені күшейтіп, адам санасына заң ережелерін сақтау міндетін орнықтырып, үнемі бақылап, қамқорлық жасап отыру қажет. Ал бұл үшін заңды іс-әрекет деген не екенін әр адамның білуі керек. Егер заң талабы іс жүзіне асырылатын болса, адамдар мінезінің төмендегідей белгілері байқалады.
Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік.
2. Қылмыстық жауапкершілік.
3. Азаматтық - құқықтық жауапкершілік.
4. Әкімшілік жауапкершілік.
Осы аталған жауапкершілік түрлеріне жеке - жеке тоқталып кетейік.

1.2.1 Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы

Кеңестік Конституциядан Қазақстан Республикасы Конституциясының айырмашылығы-еңбек етуге міндеттілік белгілемейді. Еңбекке қабілетті әрбір адам қайда еңбек ететінін, қандай жұмыспен шұғылданатынын өзі шешеді. Егер адам кәсіпкерлік еңбекпен шұғылданса, еңбекпен, жұмыс уақытымен, демалыспен байланысты мәселелерді өзі шешеді. Егер адам мемлекеттік ұйым ға, қоғамдық не жеке меншік мекемеге жұмысқа орналасса, онда жұмысшының міндеті мен жауапкершілігі еңбек заңына байланысты шешіледі. Мұнда мәселе жұмысшы мен жұмыс берушінің құқығына, міндеті мен жауапкершілігіне орай шешіледі.
Конституция азаматқа еңбек бостандығына, еңбектің, мамандықтың түрлерін таңдауға еркіндік құқығын береді. Бұл-азамат заң жүзінде тыйым салынғаннан басқа еңбектің кез келген түрімен шұғылдануына болады, ол мемлекеттік, жеке мекемелерге, кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады.Демек, Қазақстан азаматы шетелдік азаматтарға қарағанда жұмысқа орналасу жөнінде кең мүмкіндікке ие. Мысалы, шетелдік азамат, ереже бойынша мемлекеттік қызметке қабылданбайды. Республика азаматы бос тұрған қызмет және жұмыс орнын алу жөнінде басқалардан артықшылық құқықты пайдаланады. Адам құқығы жөніндегі халықаралық-құқықтық актіде адамға заң жүзінде еңбек етуге міндеттеу-еңбек етуге мәжбүрлеу, яғни құлдық еңбек деп таниды. Конституция белгілі бір жағдайда ғана азаматқа еңбек етуге мәжбүрлік жасайды. Сот үкімі бойынша, төтенше немесе соғыс жағдайында ғана еңбектенуге мәжбүр етуге болады. Әрине, бұдан еңбек етуге міндеттейтін заңның жоқтығы дені сау, еңбекке жарамды адам еңбек етуіне болмайды деген мағына тумауы керек. Кәмелетке толған әр адам өзін, өзінің отбасын еңбек етіп асырап-сақтауы керек. Бұл оның адамгершілік парызы. Бұл парыз- оның Конституцияда жазылғандай заңи парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті( Конституция, 27 -бап).
Заңда белгіленгеніндей, азамат 16 жасқа толған соң еңбек келісімшартын жасауға құқығы бар. Ал 15 жасқа толғандар еңбек келісімшартын ата-анасының немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімі бойынша, немесе өз алдына еңбек етуге дайындала жүріп, бос уақытында оқу кезінде жасаса алады. Орта білім алған жағдайда немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастаған жағдайда да келісімшарт жасала береді. Сондай-ақ ата-анасының біреуінің келісімімен (қамқоршысы, қорғаншысы) жеке еңбек шарты 14 жасқа толған оқушымен жасалына береді. Жұмыс оқушының оқу процесіне, денсаулығына зиян келтірмейтін болуы керек.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер Қысқарған жұмыс уақыты бойынша еңбек ете алады және де еңбек ақысы қысқартылмайды. 14-тен 16 жасқа дейінгі оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы 36 сағат болып белгіленеді. 18 жастан төменгі жұмысшыларды түнгі жұмысқа және де жұмыс уақытынан тыс жұмысқа, зиянды және қауіпті жағдайдағы еңбекке пайдалануға болмайды.
Жұмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:
:: Заңға сәйкес еңбек келісімшартын жасауға, оны өзгертуге немесе тоқтатуға;
:: Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерден осы еңбек туралы Заңда көзделген, белгілі бір еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгілі бір қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуді;
:: өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
:: қызметкерлерді көтермелеуге, оларды еңбек туралы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;
:: қызметкер сынақ мерзімін белгілеуге;
:: егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді оқып-үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар;
:: ұйымның жұмысын тоқтатуға және ереуіл ұйымдастыруға қатысқаны, өткізгендері үшін жұмысшыларды жұмыстан шығару сот шешімімен заңсыз деп танылады.
:: Еңбек келісімшарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуына талап етуге;
:: өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге;
Әрбір жұмысшының міндеті:
:: өзіне еңбектегі міндетін сапалы, адал орындау;
:: еңбек тәртібін сақтау;
:: жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарау;
:: еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын орындау;
:: жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғайтын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге.
Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:
:: жұмысшыға тиісінше қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;
:: еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін орындап отыру, өрт қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария ережелерін сақтау;
:: жұмысшыға қатысты ұжымдық келісімшартпен, еңбек туралы нормативтік актімен таныстыру;
:: қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға және ұжымдық шарт жасауға;
:: қызметкерлерді олардың еңбек міндеттерін орындауына қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
:: қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде оның денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруға;
:: Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіп пен жағдайларда қызметкерлерге келтірілген зиянды өтеуге;
:: Егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе, оны тоқтата тұруға;
:: Еңбекақыны дер кезінде төлеу;
:: Еңбек туралы заңдардың, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтау.
Жұмысшы өз міндетін орындамаған жағдайда, заң оның еңбек тәртібін қарайды. Өзінің еңбек тәртібін бұзған жұмысшы тәртіпсіздік жасаған болып есептеледі. Тәртіп бұзушылықтың өзіндік белгілері бар:
:: Жұмысшы жұмыс берушінің алдында еңбек тәртібін бұзуы;
:: өзінің еңбек міндетін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе нормативтік актіде, өзінің еңбек келісімшартында көрсетілген міндеттердің нашар орындалуы;
:: ұйымға, жалдаушыға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі. Мұндай зиян негізінен материалдық жағынан болады.
Ұйымның әкімшілігі алдында, жеке адамдардың алдында да келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген адамның тәртіп жөніндегі қылығы туралы мәселе келуі мүмкін. Мұндай мінез-қылықтарға тәртіптік шара қолданылады.
Әкімшілік жазалау шаралары белгіленген тәртіп бойынша қолданылуы тиіс. Мұның өзі әкімшілік шараларды әкімшілік басшысына жұмысшының өз басы жақпағанына қарай емес, тәртіпсіздік қылығына қарай қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті өздеріне тәртіптік өкімет билігі берілген лауазымды адамдар, арнайы органдар қолданады. Мысалы, мектепте мұндай билік оқу ісін басқарушыға емес, директорға ғана берілген. Тәртіпсіздік қылық үшін тек нормативтік құжаттарда көрсетілген шаралар ғана қолданылады. Бір тәртіп бұзушылық іске бір шара ғана қолданылатынын ескерген жөн.
Тәртіптік жазаны (немесе шараны) қолданғанда, оның белгілі бір мақсаттылығын, әсіресе оның әділеттілігін қатты ойластыру керек болады. Мұның өзі әрбір тәртіп бұзушыға жеке-жеке қарауды қажет етеді. Жұмысшының (немесе қызметшінің) жеке басы, өзінің ісіне қалай қарайтындығы, істеген қылығының ауыр, жеңілдігі, тағы басқа жайлар салмақтай қаралып, осыларды жан-жақты есепке алуы тиіс. Жаза қолданудан бұрын ол адамнан жазбаша не ауызша түсінік алуы керек.
Тәртіптік жауапкершілік екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Арнайы тәртіптік жауапкершілік мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы т.б), сондай-ақ жұмысшылардың кейбір түрлері үшін жасалған жарғыларда белгіленеді.
Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек жүйелерінің ережелерінде белгіленеді. Заң жалпы тәртіптік шараның төмендегідей түрлерін қарастырады: 1) ескету; 2) сөгіс; 3) жеке еңбек шартын бұзу;
Тәртіптік шара тәртіпсіздік қылық фактісі анықталғаннан кейін, бір ай өтпей тұрып қолдануы тиіс және тәртіпсіздік қылық болған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданылмайды.

1.2.2 Қылмыстық жауапкершілік

Кез келген заң бұзушылық мінез-қылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс.Қылмыс жасау яғни кодексте көзделген қылмыс құрамына барлық белгілері бар.Әрекет қылмыстың жауаптылығының бірден бір негізі болып табылады.Бір қылмыс үшін қайталап қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.[5;3] Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар, тағы басқалар болуы мүмкін.
Қылмыскерлерден әсіресе жасөспірімдер зардап шегеді. Олар құрбандыққа тікелей де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе, үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.
Сонымен, қылмыс дегеніміз не?
Қылмыс-қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тыйым салған, заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі.
Қылмыстық әрекет қоғамдық қауіпсіздік жағдайына қарай онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр, ауыр және ерекше ауыр қылмыс түрлері болып бөлінеді. Онша ауыр емес қылмыс үшін 5 жылға дейін мерзімге жазаланады. Ал орташа ауыр қылмыс үшін жаза - 5 жыл және одан да жоғары мерзім. Ауыр қылмыстың жазасы - 12 жылға дейінгі мерзім. Ал ерекше ауыр қылмыстың жазасы - 12 жылдан артық мерзім немесе өлім жазасы. Қылмыс адамның өміріне, денсаулығына, ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне, дүние-мүлкіне зиян келтіреді. Қылмыс мемлекетке қарсы да жасалады. Қайғы-қасіретті жағдайлар нәтижесіне байланысты да қылмыс жасалуы мүмкін. Кейбір адамдар жасаған қылмысын өзінің кәсібі деп есептейді. Қалыптасқан ұры (вор в законе) деген сөз бар. Ондай адамдарды кәсіби қылмыскер дейді. Мұндай қылмыстарды істейтін қылиыскерді біздің заманымызда қауіпті немесе өте қауіпті рецидивист (жырынды, баукеспе) дейді. [6;186]
Қылмыстық әрекеттердің себептері жөнінде ғалымдар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әр алуан пікірде. Марксистер мұндай қылмыстың тегін қанаушы қоғамнан іздеп, оны жеке меншіктікпен байланыстырды. Олардың пікірінше, қанаушы тапты жойғаннан кейін байлардың кедейлерді қанағаны да жойылып, социализм орнағаннан кейін қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан түбірімен жойылады деп есептеді. Біздің елімізде кемелденген социалистік қоғам құрылды, бірақ қылмыс азаймады. Керісінше, кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық, тағы басқа қылмыстың алуан түрлері молайып, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүдднсіне қол сұғатын қауіпті қылмыстар кең етек алды. Сондықтан қылмыстың себептерін жеке меншікпен, қанаушылықпен байланыстыру дұрыс болмайды.
Біз социализмнен, социалистік идеядан бас тарттық. Конституциямыз демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы адамгершілікті қоғам құру міндетін алға қойып отыр.
Қылмыстың алдын алу. Жоғары да айтылғандарға қарап, біздің қоғамда қылмыс бой берместей етек алып кетті деуге болмайды. Азаматтарымыздың басым көпшілігі дұрыс өмір сүреді, балаларын жақсы тәрбиелейді, өзіне және қоғамға пайдасын тигізіп, еңбек етеді, білімдерін көтереді, т.б. Бірақ қылмыстың қауіпті екені соншалық, адам жасаған қылмыстың зардабы бір адамға немесе адамдар тобын трагедияға, қайғы-қасіретке ұшыратуы мүмкін. Сондықтан қылмысқа қарсы күрес тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп түсінбеу керек. Әрине, қылмыс істегендерге қарсы күрес- бірінші кезекте полиция, прокуратура, соттың тікелей міндеті. Бұл органдардың қызметкерлері халық арасында заң тәртіптерін түсіндіру жұмыстарын, облыстағы, қаладағы, ауылдағы құқық тәртібінің жайын кеңірек хабарлап, өздерінің осынау қауіпті де ауыр жұмыстары жөнінде әсерлі әңгімелеп отырса игі іс болар еді.
Мемлекет полиция қызметкерлері, тергеушілер, прокурорлар мен судьялар санын үздіксіз көбейте бере алмайды. Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі- адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Қылмыс ұғымы туралы. Қылмыс өзінің ерекше түрлерімен айқындалады, яғни қылмыстың да өзіне ғана тән белгілері бар. Қылмыс- заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет. Мұндай анықтама адам өмірінің денсаулығы мен қадір-қасиетінің өзгеше қымбаттылығынан, мемлекет мүддесінің бәрінен де жоғары екендігінен туындайды. Қылмыс едәуір дәрежеде жеке бір адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құралатындықтан, нақтылы бір адамға жасалған қылмыс қоғамға да қарсы жасалған қастандық қылмыс болып есептеледі. Қоғамның жеке бір мүшесіне қастандық жасай отырып, қылмыскер сонымен бірге қоғамға, мемлекетке, оның құқықтық негіздеріне де өзінің теріс пиғылды екенін көрсетіп алады.
Қылмыстың басты бір белгісі- қылмыс істеген қылмыскердің (субьектінің) қабілеттілігі болып табылады. Қылмыс істеген кезінде 16 жасқа толған адам жауапқа тартылады. Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген 14 жастағы қылмыскер де жауапқа тартылады. [6;276]
Қылмыс әдейі, қасақана немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Әдейі жасалған қылмыс тікелей не жанама түрде болады. Адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігің қоғамға қауіпті екенін біле тұрса да, қасақана қылмысқа барса, бұл ойланып, саналы түрде, әдейі жасалған қылмыс болып саналады. Мысалы, қылмыскер адамды атарда, оның өмірі қиылатынын біле тұрып оны өлтіру үшін атады. Бұл - тікелей жасалған қылмыс. Ал жанама түрде жасалған қылмыс, егер қылмыскер өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігің қоғамға қауіпті екенін сезе тұрып, оның артындағы зардабын біле тұра, бұлай жасағысы келмей тұрса да, қасақана қылмысқа барады. Мысалы, Б. Ішіп алған жағдайында өзен жағасында демалып жатқандарға тиіседі, бұзақылық жасап, В.-ны өзенге итеріп жібереді, ал В. Суда малту білмегендіктен, суға кетіп өледі. Бұл жерде бұзақы оны қасақана өлтіру ниеті болмаса да, суға кетеді деп ойламаса да, адамды өлтіріп алды.
Әлбетте, әдейі, қасақана қылмыс жасайтын адам психикалық жағынан сау болады. Өз ісіне өзі есеп бере алмайтын, істеген ісінің алдын-артын, шектіретін зардабын саналы түрде ойлай алмайтын адам қылмыскер деп танылуы мүмкін емес. Егер адам қылмыс жасау кезінде оның қоғамға қауіптілігін сезбесе, өзін-өзі ұстап тұра алмаса, псхкалық ұстама кезінде еш нәрсені сезбейтін болса, немесе жалпы кем ақыл болса, ондай адам қылмыстық жауақа тартылуға жатпайды. Сот оны емдеуге мәжбүр ете алады. Егер адам мас қалпында қылмыс жасаса, онда ол жауапкершіліктен босатылмайды. Мас болу дегеніміздің өзі-арақ, есірткі және де басқа жындандыратын заттарды пайдалану.
Қылмыстың тағы бір түрі- заң қылмыс деп танитын әрекеттілік немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз заңды бұзушылық болып табылатын, адамға ашық түрде қарсы шабуыл жасау, белсенді жағымсыз мінез-қылық. Егер адам мұны өз еркімен жасаса, ол қылмыс болып табылады. Қылмыстың көпшілігі белсенді әрекетпен жасалады. Ал әрекетсіз қылмыс- заңда көрсетілген міндеттерді орындамау. Кейбір қылмыстар, міне, осы жолмен жасалады. Мысалы, полиция қызметкері жасалған қылмысты көре тұрып, оны тоқтату үшін шара қолданбайды. Дәрігер ешбір дәлелсіз себеппен ауыр науқасты қарап, оған дер кезінде көмек беруден бас тартады. Автомобиль жүргізуші жәбір көріп, не зардап шегіп тұрған адамды сұраған жеріне жетуіне көмек жасамаса, бұл да қылмыс болып есептеледі.
1997ж қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2 тарауда отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі. Бұл күнде кәмелеттік жасқа толмағандар да көптеген қылмыстар жасайды. Кісі өлтіру, әйел зорлау, ұрлық, бұзақылық және басқа қылмыстар да осылардың қолымен жасалып жатады. Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысты жекелей де, топ болып ұйымдасып та жасайды. Мұның өзі- қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер, жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі- барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған-туысқандарына үлкен зиян жасайды, жапа шектіреді. Жасөспірім қылмыскерлер бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып жабысады. Мысалы, Қазақстанда жыл сайын он мыңға жуық отбасы жойылады. Көптеген отбасында бірден, екіден, кейбіреулерінде одан да көп бала бар. Негізінде балалар үйде анасымен қалады. Ал кейбір аналардың бала тәрбиелеуге тәулігіне жарты сағат қана уақыты арналады. Мұндай отбасында баланы тәрбиелеу жұмысы ойдағыдай болмайтыны түсінікті. Міне, жоғарыдай жағымсыз жайлар осындай отбасынан шығып жатыр. Тіпті, тәрбиесі дұрыс деген отбасынан да жағымсыз қылықты балалар шығатыны бар. Жалпы алғанда жасы толмағандардың арасынан шығатын қылмыскерлер-қоғамның адамгершілік дәрежесінің қандай екенін көрсететін көрсеткіш. Жасөспірімдердің ішінде қылмыскерлер көп қоғам- адамгершілік дәрежесі төмен қоғам болып саналмақ. Сондықтан жас буынға қамқорлық жасау тек қана мемлекеттік емес, әр отбасының, әр мектептің, баласы бар адамдардың - барлығының бірден-бір міндеті болып табылады.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, қылмыс жасаған кезде жасы 16-ға толған адам жауапқа тартылады. Бірақ кейбір жағдайда 14 жастан бастап та жауақа тартылуы мүмкін. 14 жастан қылмыс жасайтындар мынадай жағдайларда жауақа тартылады:
кісі өлтіргені үшін
қасақана денеге жара салғаны, денсаулығына зиян келтіргені үшін, бұл қылмыс ауыр, орташа ауырлықта және жеңіл болып үш түрге бөлінеді.
әйелді зорлағаны үшін
қарақшылық шабуыл жасағаны үшін
тонағаны үшін
ұрлағаны үшін
бұзақылық жасаудың ауыр түрі үшін
өте ауыр жағдайда мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жойғаны үшін
қаруды, әскери оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен қондырғыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінә дәрежесі ұғымын зерттеу
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау
Құқық бұзушылық мәні, сипаты
Қылмыс жайында
Қылмыстың түсінігі және белгілері
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыс құрамының белгілері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы
Адам өлтірудің объективтік белгілері
Пәндер