Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл - ой тәрбиесінің
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл - ойының дамуы ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ақыл - ой тәрбиесінің негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл - ой тәрбиесінің әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Балалардың ақыл-ойын дамытуда сенсорлық тәрбиенің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Ақыл - ой тәрбиесінің құралдары және міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

КІРІСПЕ
Бала тәрбиесінің негізі жанұясында қаланатындықтан, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан жанұялық бала тәрбиесі дәстүрлерін, фольклорлық мұраларын балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған бағдарламалар мектепке дейінгі жастағы балалардың денесі шыныққан, ақыл-ойы ұшқыр, адамгершілік жағынан мінсіз, еңбек сүйгіш, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін қояды. Онда әрбір баланың жас ерекшелігі, жеке басының өзіндік ерекшелігі, психикалық-физиологиялық ерекшелігі ескеріледі. Балабақша балалардың жан жақты дамуына қамқорлық жасайды. Олардың талап-тілегін, қажетін ескеріп, мазмұнды да қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оқу) ұйымдастырады. Балалардың көңіл-күйінің сергек, қуанышты болуын көздейді. Балабақшада оқыту мен тәрбие бағдарламалары негізінде педагогикалық процессті ұйымдастырып, бір ізді, жүйелі болуын қадағалайтын, оның талаптарын орындауға жауапты басты тұлға - тәрбиеші.
Тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, әрбір топтағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының келесі топқа қайталанбауын қадағалайды және дұрыс ұйымдастырылуына басшылық жасайды. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие білім берудің алғашқы буыны болғандықтан, тәрбиешілердің еңбекке, мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық саяси істерге араласу міндетін шешеді. Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі типі - балабақша. Мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұны тәрбиелік сипатта сұрыпталған. Білім деңгейі мен оқытылатын материалдардың шынайылығы, ғылыми дұрыстығы, нақтылығы, түсініктілігі ескерілген. Оқытудың мазмұны балабақшаға арналған Балапан бағдарламасында анықталған. Аталған бағдарламада көрсетілген материалдар бір топтан, екінші топқа өткен сайын күрделенеді, мазмұны, көлемі кеңейеді, тақырыптары жаңарады, жаңа мәліметтер қосылады. Бағдарламаны игеру арқылы балалар бірте - бірте жүйелі білімге ие болады және олардың мазмұнын талдап, қорытып өз ойларын айтады. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие ұйымдарының мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту мазмұны нақтыланып, оқытудың әдістері мен тәсілдеріне талдау жасалады.[1]
Тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ болғандықтан, оның маңызына құрылымдық ерекшелігіне тоқталып, тәрбиешінің сабаққа дайындығы жан-жақты қарастырылады. Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімді игереді.
К.Д.Ушинский айтқандай: Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі екенін ескерсек, баланың өзі тәжірбиесі қаншалықты бай, сан алуан дегенімен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірбиесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, жасалған түсініктердің тууына негіз болады.
Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасы, жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірбиесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым-қатынасымен көзқарасын қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процессінің құрылысымен де сипатталады. [2]

І ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ - ОЙЫНЫҢ ДАМУЫ
Ұлы ойшылдардың ақыл-ой тәрбиесі жайлы ұлағатты сөздері.
1. Педагог ұқыпты, шын мәніндегі өнегелі ұстаз-тәрбиеші болуға тиіс. Ақылды, парасатты, қажырлы, әрқашанда шындықты қолдайтын, қолайсыз іске бармайтын, өз нәпсісін тиып ұстайтын адал да, ақылды, шыншыл болуға тиіс. (В.Н.Татищев)
2. Тәрбие басы - Тіл. (М.Қашқари)
3. Тәрбие - ұлы іс онымен адам тағдыры шешіледі (В.Белинский)
4. Бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі балаларды дұрыс тәрбиелеуге байланысты. (Джон Локк)
5. Тәрбиедегі басты мәселе тәрбиешінің кім екендігінде. (Д. Писарев)
6. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүрыс тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс. Өзінің не істейтіні біліп, не істеуге тиісті емес екендігін аңғарған адам ғана тәрбиеші бола алады. ( А.С.Макаренко)
7. Ақырын жүріп, анық бас.
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға. (Абай Құнанбаев)
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең. Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті, - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы. Қазіргі Қазақстан балабақшаларында білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды сатып ала алмайсың, Ақыл -тозбас киім,білім-сарқылмас бұлақ деген халқтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет. Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат - балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Мектепке дейінгі кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты-бейнел, абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері арқылы біріншіден - айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден - баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден - сөздік қорының кеңеюі әсер етеді. [3]
Ақыл - ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту, оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді. Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол:
ақыл-ой тәрбиесінің шарттары мен принциптерін және құралдарын жете түсінуі;
ақыл-ой тәрбиесінің әдіс-тәсілдеріне таратпа материалдар арқылы талдау жасалып, педагогикалық жағдаяттарды (есептерді) шешу арқылы меңгерту, тәжірибелік жаттығулар жасату. [4]
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл - ойдың дамуымен тікелей байланысты. Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр деп В.Г.Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі. Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді. Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады. Ақыл - ойдың дамуы-бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс - әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл - ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуына оның әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым - қатынас, ойын, білім, заттық іс - әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс . [5]

АҚЫЛ - ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Білімдерді меңгеру ақыл - ой тәрбиесінің негізіне алынған. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін олардың негізгі көзі - айналадағы өмір. Бала өз бетімен және тәрбиешілердің жетекшілігімен, күнделікті өмірде және оқу сағаттарында білім алады. Балалардың өз бетімен алған білімдері көбіне, бей-берекет жүйесіз, кездейсоқ болып келеді. Көптеген балалар білімінің едәуір қорына ие бола отырып, тиісті 6 - 7 жастың өзінде жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті өз бетімен анықтай алмайды. Түрлі жастағы балаларға арналған білім көлемін, олардың сипатын және бір топтан екінші топқа күрделенуін анықтау, яғни балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі бағдарламаны жасау, педагогикалық зерттеулердің аса маңызды міндеті болып табылады. Бұл білімдердің көлемін белгілеуге алғаш рет Я.А.Коменский әрекет жасады. Ол өзінің Ана мектебі деген кітабында - 6 жасқа дейінгі балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті. Ақыл - ой тәрбиесінің негізін қалау арқылы, біз мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өсімдіктерге, жәндіктерге қамқорлық қатынасты тәрбиелейтін табиғат туралы білімдердің қалыптасуын, еңбектің қандай да бір түрлерін болса да, қадір тұтып сол еңбек нәтижелеріне қамқорлық көзқарас туғызуға тәрбиелейтін ересек адамның еңбегі туралы білімді беруді көздейді. Бұл білімді игеру негізінде балалардың туған өлкесіне, өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қадір тұту, еліміздің қоғамдық өміріне мүдделену көзқарасы қалыптасады. Балабақшада берілген білімдер мектеп жасына дейінгі балалардың бәріне түсінікті болып, бұл білімдер бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделеніп, егжей-тегжейін жалпылана түседі. Мысалы, балалар бақшасының барлық топтарында балалар транспортпен танысады. Сәбилер тобында - балалар қалалық транспорттың негізгі түрлерін ажыратып, олардың қандай жұмысқа пайдаланатындығын білуге тиісті болса, Мектепке даярлық тобында - транспорттың қаладағы түрін алыс жолға жүретін, оларда жұмыс істейтін адамдардың еңбек ерекшелігі мен қоғамдық транспортты пайдалану тәртібін білуге әртүрлі транспорт құрамдарын өзара салыстыра білуге тиіс. Білім нақты болуға тиіс. Яғни, балалардың бойында Отанымыз туралы ұғымды қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға Еліміздің әртүрлі халықтары, олардың әдеп-ғұрыптары, шұғылданатын еңбек түрлері мен табиғат жағдайлары туралы кітаптар оқып, әңгімелер өткізеді.
Балалар игеруге тиісті білімдердің 2 бөлімін ажыратып көрсетеміз:
Қарапайым білімдер - бұл білімдерді игеру үшін тәжірибе жүзінде арнайы оқытудың қажеті шамалы. Тек, тәрбиешілердің балалармен өткізілетін жай қарым-қатынасы ойындар, бақылаулар жеткілікті.
Күрделі білімдер - бұл білімдерді тек оқыту процесінде ғана игеруге болады. [6]
Ақыл - ой тәрбиесінің негіздерінің бірі - білімдерді жүйелендіру. Білім жүйесі - белгілі бір заңдылықтардың, ережелердің негізінде бүтіннің бөлшектері арасындағы мәнді байланыстырады, тәртіптерді анықтау арқылы қол жететін білімдердің жиынтығы. Балалар айналадағы ортамен танысқанда көптеген сауалдар қояды. Сұрақтар - балалардың білуге құштарлығының көрсектіші. Олар, айналадағыларға деген белсенді танымдық қатынасты білдіреді. Көп білетін балалар сауалды көбірек қояды. Балалардың жасына қарай оның қоятын сұрағының түр-сипаты өзгереді. Кейде балалар бір сұрақтан кейін, бір сұрақты тізбектеп қояды: Шөптің не керегі бар?, Сиыр жеу үшін бе?, Ал сиыр оны неге жейді?, Сүт шығу үшін бе?, Ал сүт неге керек?, Балаларға беру үшін бе?, Неге балаға сүт беру керек? - т.б. [7] Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке - жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн. Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным -- бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау -- барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет. Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік. [12]
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс - әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты. [13]
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:
-- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
-- негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
-- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
-- дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым. Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады. Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет. Ақыл - ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады. [14]
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез -- заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады. Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды. Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді. Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс - әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет. Жалпы оқу іс - әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Патриоттық тәрбиенің мәні
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамытудың жолдары
Жан Пиаже теориясының бала ақыл - ойының дамуына әсерін талдау
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Пәндер