Балалардың типтік мінез бітістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Береке гуманитарлық-техникалық колледжі

Курстық жұмыс

Пәні:Педагогика
Мамандығы: Бастауыш білім беру 0105013

Тақырыбы: Мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері

Бағасы:__________ Орындаған: Мүсірәлі М.К. Күні _____________ Тобы: 4НО-16-02
Тексерген: Намазова А.О

ЖОСПАР
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Мінез туралы жалпы ұғым.
1.1. Балалардың типтік мінез бітістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...4
1.2. Балалардың мінезін тәрбиелеу және
қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.3. Мінезді зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.4. Мінездің қалыптасуы және оны
тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Шығармашылық жеке тұлғаны дамытудың негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Оқушыладың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...34

Кіріспе
Қазақстан Республикасының "Білім Туралы Заңында" негізгі мектептің білім беру бағдарламаларынан кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін өзі көрсетудің мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталгандығын айқын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтарына патриоттық Тәрбие берудің 2006-2008 жылдарына арналған мемелекеттік бағдарламасында мінез-құлықтың жағымды үлгілерін қалыптастыру және жастар арасында қазіргі заман қаһарманының бейнесін танымал ету арқылы патриотизмді тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу болып табылады делінген.
Мінез адамның жеке басындагы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайды.
Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлык тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-қүлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Окушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.

І бөлім. Мінез туралы жалпы ұғым.
1.1. Балалардың типтік мінез бітістері
Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің нерв жүйесінің тұма қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез -- адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айрықшалығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол -- көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез -- кең мағыналы ұғым.
Мінездің моральдың жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы -- оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Қоллективизм, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық -- мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Мінез сапаларының бірі -- оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғида сөзбен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік жігердің қосар үлесі зор.
Адам мінездінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т. б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалынен қалыптасып отырады.
Адамның сыртқы орта мен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. Сөз жүзінде емес, мінез-құлықтың іс - жүзінде жүзеге асуға болады.

1.2. Балалардың мінезін тәрбиелеу және қалыптастыру жолдары
Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады.
Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, демек, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек -- деп жазды Маркс пен Энгельс. Бұл пікір типтік мінездің қалыптасуына адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайы әсер ететіндігін, жағдайлардың өзгеруіне қарай адамның психологиясы да өзгеріп отыратындығын жақсы көрсетеді.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары дa осы топтық негізгі бір жағы. Бұларға кіші пейілділік, карапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүние танымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос пысықтығын мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге максатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т. б. жатса, әлсіз мінезге негативизм, иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, тентектік т. б. кіреді. Мінез соңдай-ақ ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастақ, итмінез т.б. түрлерге бөлінеді.
Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен сенімнің бірдейлігінен адамға дара мінез болмайды деген қорытынды шықпайды. Адамда типтік отақ мінездермен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы өткен параграфта айтылды. Гуманистік-демократиялық қоғамда ғана жеке адамның жан-жақты дамуына - оның да мінездерінің, талант қабілеттерінің дамуына өте қолайлы жағдай туады.
Отан сүйгіштік - кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни жеріне білдіретін перзенттік борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің : Алтын ұян - отан қымбат...туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат деп келетін аталы сөздерін де қалай еске алмайсын! Қазақстан - біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихы, отаны олай болса, осы жерді жан тәнімен сүйетіндер де оны көздің қарашығындай қорғап сақтайтын халқы. Отаншылық ата мекенге сүйіспеншіліктің басты өлшемі екендігі де хақ.
Мақсаткерлік - бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағытаушы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну - ар намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік - тек бір іспен өнеойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып дұру емес. Бұл соны қайткенде орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мақсаткерлік асыл арман: зор үмітпен тығыз байлынысты. Арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағына өмір сүре алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. Үміт өрге тартады, үмітсіз көрге тартады, үмітін жоғатқан жан ешқашан үміттеніп көрмеген жан - дейді батыр ағамыз Б. Момышұлы.
Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үйі-іші, әке-шешеге, тума - туысқандарға қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, сондай-ақ осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру. Адамгершілігі жоқ, не төмен кісі жаман қылығынан қайтпай, қатесін түзету былай тұрсын, мойнына да алмай жүре береді, мұндайларды арсыз, аты таза емес деп жұрт ұнатпайды. Әрине олардың жауапкершілік, борыш сияқты қастерлі есімдерді дұрыс бағытта қалыптасуы да ықтимал, мұндай қасиет әке-шешеге туыстардың да кінәсінен болуы ғажап емес. Ер жетіп, есейген адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе бермейтіні, оның психологиялық көңіл-күйіне ауыр жүк, зіл түсіретіні сөзсіз.
Мейрімділік пен ізгілік. Егіз қозыдай осы екі қасиет - басқаларға көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағыламен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді.Үйде де, түрде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейрімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу-кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік - адам біткенді сүйе білу секілді күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды. Осынау тамаша қасиет халқымыздың ұлттық психологиядан да, аты шулы перзенттерінің жеке бастарынан да көрінетіндігіне айғақ болатын деректер жетерлік.
Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам-адал. Адалдық - сөздің таным мен сенімге үштасуы, оның әс-әрекетте қайшы келмеуі. Шыншылдық - адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болк-еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте тиянақты принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілділік пен қарапайымдылық, қайырымдылық етіп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Шындық ауа, онсыз дем алуға болмайды (И.С. Тургенев), Шындық шығара дауыл сақсада өшпейді (Ғ. Мустафин)
Достық. Бұл ортақ көзқарасын мүлде мақұсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға ғана тән жоғары сезім. Достық адамды асқартады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гәуһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдырет те кірлете алмайды. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше - құдай ұрды дей бер. Егер шын досың табылса бал басыңды соның жолына құрбан ет. Досының кішкене сыйые көптей көр, досыңа қанша көп берсеңде аздай көр - дейді сөз зергері Мәшһур Жүсіп Көпеев. Нағыз достық адамға шабыт беріп, бітіседі, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойынмауға жәрдемдеседі. Бір - бірінің кемшіліктерін ақтау, бір-біріне жөдеп талап қоймай,болмашы істерін дәріптеп, сөйлеу бұл жалған достық. Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады деп халқымыз өте тауып айтқан. Достық қарым-қатынас, адамға, әсіресе балғын балауса шақты аса қажет. Дос іздеу - асқақ арман мен таудай талап шексіз - шетсіз үмітке толы жас дәуреннің ерекше сезімі. Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда құрдас тату - дейді халық. Бозбала мен бой жеткеннің достасуы, бара-бара алғашқы кіршіксіз махабатқа да ауысып жататыны да болады. Достық өмірдің даңғыл жолы емес, сондықтан ол туралы үстірт, жеңіл ұғымдардан аулақ болу қажет. Достық адамды асқақтады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу.
Бала тілінің шыруы, осының нәтижесінде оның өз маңайындарылармен біртіндеп пікірлесе алуы мінез бітістерінің ірге тасы қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп жаман, болады, болмайды деген ұғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну арқылы бала мінез-құлықтың негізгі сапаларының (тәртіптілік, ұстамдылық, борыш сезімі т. б.) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңде бала өзінің және басқалардың мінез-кұлқына өзінше баға беруге тырысады. Эксперименттік зерттеулер алты-жеті жасар балалардық өз мінез-құлқын біраз тежеп, бақылай алатындырын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.
Мектеп -- бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет -- олардың жан-жақты болып өсуін, мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын көздестіру. Бұл үшін мұғалім жаңа адамның адамгершілік идеалын (мұрат) баяндайтын моральдық кодекстің принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысынын, жоспарын сонда көтерілген мәселелердің төңірегіне құруы тиіс. Моральдық кодекс мінезді қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында көрсетілген моральдық қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез-құлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру -- мұғалімдер мен ата-аналар үшін абыройлы іс. Мінез тәрбиесі жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз (М. Жұмабаев).
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы окушылардың дүние танымы мен сенімін, талғамы мен идеалын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет, газет-жұрнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру -- мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде семьяның, коллективтің, ұлы адамдардың өнегесінің алатып орны да ерекше.
Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төреші -- қоғамдык пікір деп тұжырымдады. Қоллектив ішіндсгі тәрбиеде түрлі әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды коллектив талқысына салды. Тентектік жасаған балалармен жеке, пед коллектив ішінде әқгімелесу, не күні бұрын белгіленген әңгімелесуге шақыру т. б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған.

А. С. Макаренконың балалар мінезін тәрбиелеудегі шебер әдістерін пайдалана білу әр мұғалімнен творчестволық әдісті талап етеді. Коллектившілдік сезім жеті-сегіз жасар балада онша дами қоймаған. Бұлар біз деудің орнына мен дсп айтқанды жақсы көреді.
Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше. Еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс совет тәрбиесі деп түсінуі мүмкін емес. Coндықтан, тәрбие жұмысында еңбек, ең негізгі элементтің бірі болуға тиісті, -- дейді..А..С. Макаренко.
Еңбек үстінде адам езіне қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.
Бала мінезін қалыптастыратында оның теріс істері мен қалықтар кезінде көре білім, ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсат -- теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл әдістің маңызы да осында. Жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекше байсалдылықпен қолдану қажет. Үшінші, төртінші класс окушылары өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жаңа шегіп, қапаланатын дәрежеге жете бастайды. Мұндайда кінәсы үшін әділ жазалау оны қатты ойландырып мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші болады.

1.3. Мінезді зерттеу әдістері
Мінезді зерттеу әдістері. Мінезді лаборатория жағдайында щерттеу қиын. Оның сан түрлі бітістері мен көрінісін табиғи жағдайда танып білуге болады.
Оқушылар мінезін зерттеу үшін әрбір мұғалім бәрінен бұрын байқай әдісін пайдаланады. Зерттеуші оқушыны сырттай байқап олардың сан алуан әрекеттері мен қалықтарын арнаулы күнделікке жазып отыруы қажет. Бұларды сабақ үстінде, үзіліс кезінде, кластан, не мектептен тыс жұмыс жүргізілетін жұмыстар кезінде оқу тапсырмаларын орындау барысында еңбек спорт әрекеттері үстінде зерттеуге болады.
Мінез-құлқын зерттеуде кейбір уақыттарды табиғи эксперименттік әдістерін де қолдануға болады. Мінез туралы ілім өзінің ілке бастауын ежелгі Грециядан алады. Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теоффост Афины жұрттының 30 дан астам нашар жақтарына талдау жасаған. ХҮІІІ ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 ден астамына сипаттама берген. Мінездің психологиялық теориялары ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап көріне бастады. Графология ілімі (Аристотель Гефаст) т.б. адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады деді.
Адамдардың жазу сызуына қарап, оның мінез- құлқын айыру психологияда криминалстика ара- тұра қолданылады. Ал жан қуаттары қалпына тұрған кісілердің мінез бітістерін объективтік әдістерімен зерттеу қажет.
5. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері - әркімге әрқилы жағдайда байқалып адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, бірақ естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл - ойдың тереңдігі.
Мінез ерекшеліктеріне жатпайды. Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік жігеріне көңіл - күйіне, зейініне ақыл-ойына да байланысты болады. Адам мінездің даралық ерекшелік екендігін ғалым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл - ойы мен сезімнің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп саналады. Т. Рибо мінезді адамға туа пайда болатын икемделу десе ал Малапер, Фулье мінездің туа пайда болумен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді.
Полон мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікіп айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындайекі түрлі көзқарас қазіргедейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.
6. Мінездің физикалық негізі. Адам мінездің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын аталын жайт жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс.
Осы орайда Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі:
Ойшыл тип.
Көркем тип.
Орташа тип.
Ойшыл тип - бұл, негізінен сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі.
Көркем тип бірінші сигналдық шартты рефлекстің басым. Орташа тип. Мұнда екі сигнал жүйесінің бір-де бірі басымдық көрсете алмайды.
7. Мінез қасиеттері. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады.
1. Мінездің еңбекке қасиеттері
2. Мінездің ұжымға қасиеттері
3. Мінездің өзіне-өзі қасиеттері
4. Мінездің заттарға қасиеттері
Ал мінездің құрлымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктерге жатады:
Мінездің тереңдігі
Адамның жеке басының ерекшелігі
Мінездің тұрақтылығы.
Баланың мінезін қалыптастыруда онын теріс істері мен кылықтарын кезінде көре біліп, ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсат -- теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл әдістің маңызы да осында. Жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекше байсалдылықпен қолдану қажет. Үшінші, төртінші класс окушылары өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жаңа шегіп, қапаланатын дәрежеге жете бастайды. Мұндайда кінәсы үшін әділ жазалау оны қатты ойландырып мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші болады.
Оқушының мінез бітістерінің қалыптасуында дене шынықтыру жаттығулары мен тұрақты күндік режимнің тигізетін пайдасы да мол.
Дене еңбегі гимнастикалык, спорттық ойындар колонистер мен коммунарлардың әдеттегі ісі болды. Адамды ерлікке тәрбиелеу мақсатына шындап, ықыласпен, қызу беріліп көріңдерші. Мұндайда жансауғалайтын әңгімелерді місе тұтып отыруға болмайды. Терезенің желдеткішін жауып, баланы мақтаға орап отырып, оған Папаниннің ерлігі туралы әңгіме айтуға болмайды. Бұлай етуге болмайтын себебі: мұндай жағдайда сіз басқаның ерлігін көруге қызығатын, арсыз бақылаушыны тәрбиелейсіз.
Адамды қандай іске болса да -- ұстамдылықта, ойындағысын тайсалмай ашық айтуда, қайсы, бір мұқтаждыққа төзуде, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсете алатындай жағдайға қоймайынша, оны ер жүрек етіп тәрбиелеуге болмайды. Дене шынықтыру жаттығулары адамдарды ерлік пен батылдыққа, табандылық пен өз күштеріне сене білуге тәрбиелейді. Жүзу, суға, қарғу, жарысу, секіру, жаяу және шаңғы жорықтарына шығу таны басқалары адамдардың мақсатқа ұмтылушылығын, жүректілігін, шыдамдылығын, өзін-өзі меңгере алу қабілетін, бір сөзбен айтқанда, дене күшіне түсетін барлық қиыншылықтарды жеңе білу шеберлігін қалыптастырады, аса киын жағдайларда да шыдамдылық көрсетуге, төзе білуге машықтандырады. Үнемі спортпен айналысатын, адамдардың жұмыс қабілеті де күшті болады. Олар күш-қуатының молдығымен, үнемі шат көңілділігімен көзге түседі.
Мұғалім ұлы адамдардың өмірін оқушыларға үлгі-өнеге етіп отыруы тиіс. Орыстың көрнекті қайраткерлері Л. Толстой, М. П. Павлов, К. А. Тимирязев т. б. жас күндерінен бастап дене шынықтыру жаттығуларымен күндік режимге ерекше көңіл бөлген. Бұл айтылғандарды олар үнемі қатаң сақтап, мұқияттылықпен орындап отырған. Мәселен, Л. Толстой өле-өлгенше гимнастика жасап келген. Ол 82 жасында атқа жақсы шапқан, күніне қатарынан 10 сағат жұмыс істесе де, өмірінде шаршау дегенді білмеген. Атақты физиолог И. П. Павлов ең соңғы күндеріне дейін городки ойнап, велосилед тепкен.
Мұғалімдер дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды түрлі кедергілерді жеңе білуге сенімін арттырып, жаттығу сабақтарын методикалық шеберлікпен өткізіп отыруы тиіс. Оқушыны үнемі жеңіске жету рухында тәрбиелеу, бастаған істі аяғына дейін апаруға машықтандыру, оның дене шынықтыру мед спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру -- бұл бір жағынан баланы күшті ерік пен жақсы мінезге тәрбиелеп отырудың жолы екенін мұғалім есінен ешқашан да шығармайтын болсын.
Жоғарыда көрсетілген әдістер арқылы бала мінезін тәрбиелегенде A. C. Макаренконың тамаша тәжірибесін әр мектептін, әр кластың, әр баланың өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеп пайдалану қажет. Бала мінезін тәрбиелеу мұғалімнің жаңашылдығы мен творчестволығын үнемі қажет ететін, бұл жолда ылғи да жалықпай, қажымай әрекет етпейінше, тиісті нәтиже шықпайтын өте жауапты жұмыс болып табылады.

1.4. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Бала тілінің шыгуы, осының нәтижесінде оның айналасындағылармен пікірлесе алуы мінез бітістерінің іргетасын қалауында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп "жаман", "болады", "болмайды" деген ұғымдардың мәнін түсіне бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәнін түсіну арқылы балада мінез-құлықтың негізгі сапаларының (төртіптілік, ұстамдылық) алғашқы нышаны қалыптасады.
Балалардың мінез-құлқын тәрбиелеуде отбасы мен мектептің алатын орны ерекше. Баланы кішкентай кезінен алға қойған міндеттерін жүзеге асыра алатын, кішіпейіл, т.б. жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, өзін басқадан жоғары ұстайтын, мақтаншақ, бұзақы, т.б. жаман мінездерден жирендіріп отырған жөн.
Оқушы мінезімен парапар мұғалімнің жеке басының үлгісінің, жүріс-тұрысының балаларға әсер ететіндігі белгілі. Мұғалім баланың байсалды, сабырлы болуына баса назар аударып, оларға қай жағынан болса да, өнеге көрсетіп отыруы тиіс. Олардың арасында жолдастық, достық, әдептілік мәселелеріне арналған әңгіме, диспут, пікір-таластарын ұйымдастырып,шәкірттердің өз ойларын ортаға салып, талдап отырғаны абзал.
Мектеп - бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет - олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау, дамыту.
Адам мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан алуан.
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеті түсіндіріледі.
Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Бала мінезін тәрбиелеуде жанұяның, ұжымның, ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны да ерекше.
Балалардың мінезін тәрбиелеуде оларды мектептен тыс өткізілетін жұмыстарға және әр түрлі ғылыми үйірмелерге қатыстыру айтарлықтай жәрдем береді.
Осы әдістердің ішінен бастылары:
1. Халқымыздың өр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің (Әл-Фараби, Асан Қайғы, Қазыбек би) үлгі-өнегелеріне тәрбиелеу - осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұл адамдардың өмір жолы, моральдық тұлғасы - жоғары идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылықтың пен ұстамдылық, халың ісіне қалтқысыз берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.
Ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту, олардың осы тақырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім-тәрбие жұмысында елеулі орын алып отыруы қажет.
2. Балалар ұжымы("Атамекен", "Кәусарбұлақ", "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы", т.б.) - оқушы мінез-бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. Белгілі дәстүрі, жұмыс стилі бар балалар ұжымы өзінің әрбір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындалуын үнемі қадағалап отырады.
Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, сондай-ақ, ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жөн көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан сақтандырады. Ұжымда өмір сүре білу бір жағынан адамның іс-әрекетін жеңілдетіп, екінші жағынан оның өз күшіне сене білу мүмкіншілігін де қалыптастырады.
3. Балалардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше. Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді ондірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық жане психологиялық жағынаи әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы қалыптасады.
4. Балаларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау. Баланың мінезін тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі.

Өйткені, адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған іс қадағаланбаса, берекесіздік туады. Талап қоюдың түрлі әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне қарай әр жағ-дайда түрліше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрі - балаға өз міндеті туралы жайлап ескерту, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру. Адамға талап қою, оны бір нәрседен сақтандыру, тыйым салу түрінде де болып отырады. Дұрыс талап қоя білудің тиімділігі, тәрбиелік мәні, ұстаздың байыптылығына да байланысты. Талап қоя білу - үлкен өнер.
Мінезді тәрбиелеуде адамның қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны мадақтап отырудың маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі - мақұлдау. Егер адамның ісі мақұлданып отырса, ол әрекет етуге одан сайын ынталана түседі. Мәселен,"дұрыс", "жақсы", "тамаша"осы секілді сөздер адамның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Баланың мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын кезінде көре біліп, ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсат - теріс жолға түскен баланы қайта жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекше байсалдылықпен қолдану қажет.
Адамның теріс қылықтарын айыптап, тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізіледі: біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, баланың кінәсына лайықталып берілуі тиіс, екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтін болсын, үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай қолданылуы қажет. Төртіншіден, баланың теріс қылығының арты суымай, оның ақ-қарасы дұрыс тексеріліп, оқушының әр түрлі ерекшеліктері: білімі, мінез-құлқы, т.б. ескерілсін.
5. Оқушының мінез бітістерінің қалыптасуында дене шынықтыру жаттығулары мен тұрақты күнделік тәртіптің де тигізетін пайдасы мол. Дене шьшықтыру жаттығулары адамдарды ерлік пен батылдыққа, табандылық пен өз күштеріне сене білуге тәрбиелейді. Дене шынықтыру жаттығулары мен спорт жаттығулары күнделікті өмірде әдетке айналса ғана адамға қажетті жақсы мінез бітістерінің қалыптасуына жәрдемін тигізеді.

1.5. Шығармашылық жеке тұлғаны дамытудың негізі.
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын , тарихи қоғамдық мәні бар , жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалықпен қатар бастамалылық,белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе,мына төмендегідей қорытындыға келуге болады:
Шығармашылық өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтылуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік- күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның әрекет ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады әрі қарай дамиды.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдам-дығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.(Тұрғынбаева Б.А.52-54 бет.)

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі.
Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда- мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. (И.Е.Синица 20бет).
Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамндығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті.
Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады. Мұғалімнің педагогтық әдебінде еліктеу деген болмайды.
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті. Нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, бірнеше тәсілмен шығатыны сирек, ал оқушылардың жүрегіне жол табудың тәсілдері екібастан саналуан. Әр мұғалімнің педагогтық әдебі бірқатар ұқсас жайттарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға және формулаға сыйыспайды. Мұғалімнің оқушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен қарай білуіне, оған басқа жағдайлардан да гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты. Әрбір нақты жағдайда оқушылардың қалай қарайтынын аңғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал, оқушылардың нақты жағдайға қалай қарайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен ара қатынасына байланысты.
Кейбір мұғалімнің оқушыларға бірыңғай әдіс-тәсілдермен ықпал-әсер етуі тәп-тәуір нәтиже берсе, екінші бір мұғалімдерде оның керісінше болатын жайттері жоқ емес. Тіпті, бір мұғалімнің айтқан мәні шамалы, елеусіздеу сөзінің өзі кейде оқушыларға жеңіл әзілдей әсер етсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез – адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік
Мінез бітістері
Мінез туралы түсінік
Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі
Мінез туралы жалпы ұғым
Бастауыш сынып оқушылырының мінез – құлқының қалыптасуын теориялық тұрғыда талдау
Оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыру
Балалар мінезінің психологиялық қасиеттері
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез
Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі.
Пәндер