Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасы

Курстык жұмыс
Тақырыбы: Біріккен Ұлттар ұйымы және Қазақстан

Студенттің аты жөні: Ахметжанұлы Еркебұлан
5В011400 ТАРИХ
Курсы I, топ И (о)-17к
Оқу түрі: күндізгі
Тексерген: Аубакирова. Г.Р.

Петропавл қ, 2020
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Біріккен Ұлттар Ұйымы
1.1.Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
1.2.Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Бірікен Ұллтар Ұйымының бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 14

ІІ. Қазақстан және БҰҰ.
2.1.Қазақстанның БҰҰ ға кіру тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2.Қазақстанның БҰҰ ында алатын орны мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған дереккөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
Кіріспе
Халықаралық Ұйым - бұл халықаралық ұйым мәртебесін берген мүше мемлекеттердің келісімі бойынша құрылған ұйым.
Біріккен Ұлттар ұйымы - қазіргі заманғы тәртіптің ажырамас бөлігі болып табылады, және оның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Оның Жарғысы халықаралық құқық пен тәртіптің негізгі мақсаттары мен принциптерін бекіткен алғашқы акт болды. Осыған байланысты БҰҰ Жарғысы кейде Халықаралық құқықтың Конституциясы деп те аталады. БҰҰ Үкімет аралық ұйым болып табылады. Бұл оның кез келген Халықаралық мәселелер бойынша екі жақты тиімді әділ шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Бірікен Ұлттар Ұйымын Халықаралық қарым қатынастың көпірі, жан жақты қызметіне байланысты да біреше арнайы органдардан құрылады. Бүгінгі таңда оның негізгі органдары: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқоршылық Кеңес, Халықаралық Сот және Хатшылықтан тұрады.
Жұмыстың өзектілігі: БҰҰ дүние жүзіндегі мемлекеттеpдің басым көпшілігін біріктіpетін, ең ықпалды, әмбебеп халықаралық ұйым. Басты мақсаты - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер аpасындағы ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ бастапқы мәселелерінің бірі дүние жүзіндегі бар әлемді қoлдау. Көптеген жылдаp бойы Ұйым халықаралық күйзелістерді бoлдырмау және ұзақ қақтығыстарды реттеуге жәрдем беруде маңызды pөл атқарды. Осыдан он жыл бұрын H. Hазарбаев БҰҰ Ассамблеясында БҰҰ-ң мүше-мемлекеттеріне мәні мен рухы қарапайым ғана мынандай ұсыныс жасады: Келіңіздер, күшімізді біріктірейік, ерікті ынтымақтастық қадамын жасап көрейік, сөйтіп дағдарыстағы өңірлер мен дамыған елдердің проблемаларын шешу үшін барлық елдердің әскери бюджетіне бір пайыз берейік.
Бұл жұмыстың тақырыбының ауқымдылығы сонда жұмыс барысында біз тек Бірікен Ұлттар Ұйымына ғана емес сондай ақ БҰҰ дағы Отанымыз Қазақстан Республикасының алатын орны мен қызметіне топталып өтеміз. Біріккен Ұлттар Ұйымы ол Дүние жүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке жауапты бірден бір үлкен ұйым десек Қазақстанның сол әлемдік тыныштық, тұрақтылық, бірлікке қосқан үлесін саралап талдауға талпыну.
Жұмыстың мақсаты: Біріккен Ұлттар Ұйымына толық анықтама беру. Оның жұмысының негізгі бағыттыарын көрсету сондай ақ Қазақстанның БҰҰ мен әлемдік тұрақтылыққа қосқан үлесін көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
-БҰҰ ның құрылымы мен қызметі оны құрудағы басты мақсаты мен мәні бойынша мағлұмат беру.
-Тәуелсіз Қазақстанның БҰҰ ға қосылу тарихы мен және еліміздің бұл ұйымдағы орыны мен мәнін көрсету.
Зерттеу обьектісі. Бұл жұымыстың негізгі зерттеу обьектісі ретінде жұмыс тақырыбында көрсетілгендей Үлкен әлемдік Ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы болып табылады. Оның құрлымы, атқаратын қызметі маңызы және Қазақсттанның осы Ұйымдағы қызметі орны мен маңызы.
Зерттеу әдістері. Салыстырмалық, Талдау әдістері қолданылды. Біз Қазақстан Республикасының сонау тәуелсіздік алған жылы мен дәл қазіргі кездегі еліміздің осы Ұйымдағы орнына және сондай ақ осы ұйымның өзінің құрылғандағы мақсатына талдау жасап тағы да бастапқы құрылған БҰҰ мен қазіргі БҰҰны салыстырып барынша кең талдау жасауға тырыстық.
Методологиялық негіздері. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Кофи Аннанның, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі мен орны және міндеттері туралы айтылған тұжырымдамалар пайдаланылды.
Жұмыстың тарихнамасы: Біріккен Ұлттар Ұйымы XX ғасырыдың екінші жартысында құрылған ұйым болып табылады. Осы курстык жұмысты орындауға негізінен БҰҰның құрылысы мен құрылымы жарты ғасырда атқарған қызметі бойынша мағлұматтар беретін орыс тіліндегі еңбектер қолданылды. Тәуелсіз Қазақстанның БҰҰ ға кіру бойынша белгілі тарихшы Бүркіт Аяғанның Современная история Казахстана атты еңбегі қолданылмақ.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Курс жұмысының мәліметтерін жоғарғы дәрежелі оқу орындарында Халықаралық қатынастар факультетінде студенттерге дәріс оқыған кезде пайдалануға болады деп есептейміз. Мұнда көрсетілген - ой тұжырымдамаларды саяси партиялармен бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануға болатындығын айтамыз
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмысты жазу үшін мен көптеген орыс тіліндегі әдебиеттерді пайдаландым. Өйткені, қазақ тілінде кітаптар мен материалдар аз. Сол себепті, осы тақырыпта ғылыми еңбектер, мақалалар көбейтілсе үлкен жетістік болмақ.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған деректер тізімінен құралған.

I Біріккен Ұлттар Ұйымы
1.1 Біріккен Ұйымының құрылу тарихы
1939 - 1945 жылдары болып өткен II інші дүние жүзілік соғыс антифашистік коалицияның жеңісімен аяқталды. Германия, Жапония мемлекеттері дізе бүгіп жеңіліске ұшырады. Жалпы алғанда бұл соғыста басқа соғыстар сияқты оған қатысқан барлық мемлекеттердің ауыр зардаптарға ұшырауының себепкері болды.
II інші дүние жүзілік соғыста жеңіске жеткен антифашистік мемлекет басшыларының (КСРО АҚШ Англия) Ялта (Қырым) конференсиясында әлемнің кез келген нүктесінде жаңа соғыс қауіпін болдырмау және жаhандық тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа әлемдік әмбебап ұйым құру туралы шешімі қабылданылды. Кеңеске КСРО атынан И. Сталин, АҚШ атынан Ф.Д. Рузвельт, Англия атынан У Черчиль қатысты. Аталған тұлғалар сол кезеңде өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқарғаны бізге тарихтан белгілі. Дәл осы Ялта конференциясы 1945 жылғы 4 - 11 Ақпан аралығында өткізілді.
Жалпы аталған ұйымды құру туралы ұсыныс шешімдер Қырым конференциясына дейін де ойластырылған болатын. Соның бірі 1944 жылғы 21 тамыз - 29 қыркүйек аралығында АҚШ та өткен Думбартон - Оксе конференциясы.
Дәл осы конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қызметінің негізгі принциптерін тұжырымдап, оның қызметін құрылымы мен функцияларын анықтап берді.[1,29б.]
Антифашистік мемлекеттің жетекшілері 1945 жылы 25 сәуірде Сан - Францискода БҰҰ конференциясын шақырып, жаңа халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Бірікен Ұлттар ұйымын құру жөніндегі құрылтай конференциясы 1945 жылдың 25 інші сәуірі мен 26 ыншы маусымы аралығында өтті.
Конференцияға жалпы саны 50 елден 282 делегат, 1500 қолдау қызметкерлері қатысты. Конференцияның ашылуына жетекші антифашистік мемлекеттердің сыртқы істер министрлері В.Молотов (КСРО), Э.Эден (Ұлыбритания), Г.Стеттинус (АҚШ) келді. Күн тәртібінде жалғыз мәселе БҰҰ жарғысын әзірлеу болды. Барлығы 7 пленарлық комиссия отырысы өтіп конференция жұмысы 2 айға созылды.
Құрылтайдың II інші Дүниежүзілік соғыс біткенге дейін шақырылуы Антифашистік одақ басшыларының жер бетінде бейбітшілікті қамтамасыз етуге шақырған үкіметтік емес ұйымды құрудың негізгі мәселелері бойынша өзара түсіністікке қол жеткізгендерінің айқын нышаны болды.[1,32б.]
БҰҰ Жарғысы 1945 жылдың 24 қазанында ресми түрде күшіне енді. Дәл осы күн тарихта Біріккен Ұлттар Ұйымының туған күні болып саналады.
БҰҰ Жарғысына сәкес ол келесідей негізгі құрамдас бөліктерден тұрады; БҰҰ Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық Кеңес, Қамқоршылық Кеңес, Халықаралық Сот, Хатшылық.
БҰҰ ны Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы басқарады. БҰҰ құрылған күннен бастап бүгінге дейін 9 Бас Хатшы ауысып, 10 ыншы Бас хатшы қызмет атқаруда бұл тұлғалардың аты жөні төмендегідей болып табылады:
1. Глэдвин Джебб. Ұлыбритания, 1945 жылдың 24 қазаны - 1946 жылдың 1 Ақпан.
2. Трюгве Хальвдан Ли. Норвегия, 2 Ақпан 1946 - 10 қараша 1952.
3. Даг Хаммаршельд. Швеция, 1953 жылдың 10 сәуірі - 1961 жылдың 18қыркүйегі.
4. У Тан. Бирма, 1961 жылдың 30 қарашасы - 1 қаңтар 1972 жыл.
5. Курт Вальдхайм. Аустрия, 1 қаңтар 1972 жыл - 1қаңтар 1982 жылы
6. Хавьер Перес де Куэльяр. Перу, 1982 жылдың 1 қаңтары - 1992 жылдың 1 қаңтары.
7. Бутрос Бутрос - Гали. Египет, 1992 жылдың 1 қаңтары - 1997 жылдың 1қаңтары.
8. Кофи Аннан. Гана, 1997 жылдың 1 қаңтары - 2007 жылдың 1 қаңтары.
9. Пан Ги Мун. Оңтүстік Корея, 2007 жылдың 1 қаңтары - 2017 жылдың 1 қаңтары.
10. Антониу Гутерреш. Португалия, 2017 жылдан бастап.
БҰҰ бас хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысына сәйкес БҰҰ Бас Ассамблеясының кеңесін де сайланады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Халықаралық соттан басқа барлық органдардың жұмысына тікелей қатысу құқығына ие. БҰҰ Бас Ассамблеясынан кейінгі ең ықпалды орган - Қауіпсіздік Кеңесі болып табылады. БҰҰ Жарғысындағы басты міндет жер бетіндегі тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Осы жағынан алып қарасаңызда Қауіпсіздік кеңесінің алатын орны мен қызметі жоғары болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгінгі таңда бүкіл адамзат алдында тұрған мәселелерді тиімді шешудің үлкен орталығы қызметін атқаратын дәрежедегі халықаралық үлкен ұйым дәрежесіне жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес ұйымның өзінің алдына қойған төрт үлкен мақсаты бар: Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, ұлттар арасындағы достастықты орнату міне ұйым екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемді құру барысында өзінің алдына осындай міндеттемелерді қойды. Бірақ екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем тыныштыққа қол жеткізіп бейбіт өмір түсірді деп кесіп айтуға болмайды. Әлем жаңа проблемаларға тап болды. Соның ең үлкені екі әлемдік держава болып есептелген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен АҚШ әлемді өзара бөлісе алмай жаңа қырғи қабақ соғыс басталып кетті [1.56б.]

1.2. Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі мен құрылымы
Кез келген ұйым өзінің құрылуы қарсаңында өз алдына белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді қояды, және оның қызметі соған қарай анықталып өрбитін болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жаңа дүние жүзілік соғыстың болуының алдын алу мен қатар, сонымен бірге жер шарының әлеуметтік, экономикалық, мәдени, және экологиялық дамуын жақсартуға тырысады. БҰҰ әлемдік өркениет пен білім ғылымның дамуына, тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтардың сақталуына аса зор мән береді. 1946 жылдан бастап Парижде БҰҰ - ның арнайы мамандандырылған мекемесі ЮНЕСКО ( Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымы) жұмыс істейді, ол әлемнің мәдени ескерткіштерін сақтау үшін белсенді түрде күрес жүргізіп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдік демократияның сақаталып одан әрі дамуына қызмет етеді. Әлемде гуманизм мен демократия идеяларының таралуына ықпал ету мақсатында 1948 жылдың желтоқсанында Бас Ассамблея Дүниежүзілік адам құқықтары декларациясын қабылдады, Оны әзірлеуге КСРО, Украина КСР, делегациялары қатысты. Кіріспеде атап өтілгендей, бұл декларация жер бетіндегі барлық халықтар мен мемлекеттер орындауға ұмтылатын міндет ретінде қабылданылды. Бұл құжатта әр жеке тұлға өзінің өміріне қажеттілерді өзінің жасына, жынысына, дініне, ұлтына, нәсіліне, саяси түсінігі мен көзқарасына қарамастан талап ете алатындығы көрсетіледі және адамдардың жоғарыдағы санаттарына қарап бөле жара қарауға болмайтыны ескертіледі. Бұның барлығы БҰҰ ның Женева қаласында тұрақты орналасқан Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мақаласында да жазылған болатын. Бүгінгі таңда әлемнің 186 мемлекеті Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кіреді.[1,96б.] Біріккен Ұлттар ұйымы - бұл адамзаттың басты саяси проблемаларын шешуге арналған, біздің заманымыздың ең үлкен беделді ұйымы. БҰҰ жарғысының кіріспесінде оның мақсаты барлық халықтардың экономикалық және әлеуметтік прогресіне ықпал ету деп көрсетілген. БҰҰ жарғысының БҰҰ Жарғысының мақсаты мен қағидаттары 1 тарауында экономикалық тәртіптің халықаралық проблемаларын шешудегі халықаралық ынтымақтастық міндеті қойылған. Бұл ынтымақтастың негізгі міндеттері бойынша БҰҰ жарғысының 9 ыншы тарауы жеке және арнайы қарастырылды. Ол ғылыми зерттеулер мен ұсыныстарды әзірлеу, БҰҰ мен тығыз байланыста жұмыс істейтін мамандандырылған агенттіктерді құру саласындағы нақты міндеттерді қояды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, БҰҰ хатшылығының 85% ы БҰҰ қызметінің экономикалық және әлеуметтік салаларында жұмыс істейді. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері әлемдік қауымдыстық проблемаларды БҰҰ және оның тетіктерінің көмегімен шешудің жолдарын іздестіруде.
БҰҰ ның жарты ғасырлық тәжірбиесін талдау әлемдік саяси проблемалардың рөлін жан жақты арттырумен қатар, оның қызметінде экономикалық аспектілер үлкен орын алады деген қорытындыға әкеледі. Бұл ең алдымен БҰҰ - ның экономикалық функцияларын кеңейту кезінде көрініс тапты. Әлемдік экономиканың және халықаралық экономикалық қатынастардың барлық жаңа салалары оны зерделеу, талдау, шешу жолдары мен құралдарын іздеу және тиісті ұсыныстарды әзірлеу тақырыбына айналуда. Сонымеен қатар, БҰҰ ның ұйымдық құрылымы өзгеруде, экономикалық институтар мен оларға қатысушы елдердің саны өсуде, осы институттардың қызмет аясы, басқа халықаралық және ұлттық институтармен және ұйымдармен байланыстары кеңеюде.[1,98.б]
БҰҰ - ның экономикалық қызметінің маңыздылығы сонымен бірге халықаралық экономикалық қатынастарды және халықаралық еңбек бөлінісінде болып жатқан процестердің күрделілігімен, әлемдік экономикада туындайтын көптеген проблемалар және халықаралық экономикалық өмірдің динамикасымен тез және тиімді шешуді қажет етеді. БҰҰ ның экономикалық қызметі 4 негізгі бағытты қамтиды: а)Барлық елдерге ортақ ғаламдық экономикалық проблемаларды шешу. б)әлеуметтік экономикалық дамудың әртүрлі деңгейлері бар мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығына жәрдемдесу. дамушы елдердің экономикалық өсуіне ықпал ету. В)дамушы елдердің экономикалық өсуіне ықпал ету. Г)аймақтық экономикалық даму проблемаларын шешу. Осыған байланысты экономикалық қызметке тікелей байланысты БҰҰ ның негізгі ұйымдарының қызметі туралы қысқаша тоқталған жөн. Жарғыда көрсетілген алты негізгі орган Бас Ассамблея (GA), Қауіпсіздік Кеңесі (SВ), Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ECOSOC), Қамқоршылық Кеңесі, Халықаралық Сот және Хатшылық.
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес 1946 жылдан бастап әр түрлі баяндамалар мен ұсыныстарды ұйымдастырады және дайындайды, келесі мәелелер бойынша Бас Ассамблеяға ұсыну үшін конвенциялардың жобаларын дайындайды: а) әлемдік экономикалық және әлеуметтік ахуал, б) халықаралық сауда жағдайы, в) экологиялық мәселелер, г) дамушы елдерге экономикалық және ғылыми техникалық көмек, д) тамақ проблемаларының әр түрлі аспектілері, е) әлеуметтік стастика мәселері, қаржылық ресурстарды жоспарлау және жұмылдыру мәселелері және тб.
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес аясында әр түрлі функционалды комиссиялар мен комитеттер (статистика, халық саны, әйелдердің жағдайы және тб.), сондай - ақ 5 аймақтық комиссия жұмыс істейді олар: 1) еуропалық экономикалық комиссия, 2) Азия және Тынық мухиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия, 3) Африка экономикалық кеңесі, 4) Латын Америкасы және кариб бассейні үшін экономикалық комиссия, 5) Батыс Азия елдері үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия.[2,117.б]
БҰҰ жүйесіне кіретін басқа ұйымдардың ішінде мыналарды бөліп қарастыру керек: 1964 жылы БҰҰ ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) құрылды, ол халықаралық сауда ұйымы болып табылмайды. БҰҰ - ның барлық мүшелері және бірқатар халықаралық ұйымдар ЮНКТАД қа қатысады. ЮНКТАД шикізат, дайын өнім және жартылай фабрикаттар, көлік, сақтандыру, сыртқы сауданы несиелеу, технологиялар трансферті және т.б. халықаралық сауданың көптеген мәселелері мен проблемаларын қарастырады. ЮНКТАД шешімдері резолюциялар, декларациялар түрінде болады және заңды күші жоқ.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті Дамыту Ұйымы (ЮНИДО) (1966) ұлттық және халықаралық ресурстарды жұмылдыру арқылы дамушы елдерді индустрияландыруға және олардың индустриялды дамуына жәрдемдесетін БҰҰның мамандарылған мекемесі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) (1965) - бұл бас Ассамблеясының көмекші органы, экономиканың маңызды секторларында дамушы елдерге көпжақты техникалық және инвестицияға дейінгі көмек көрсету жөніндегі халықаралық бағдарлама.[1, 117.б]
БҰҰ Жарғысы қол қойылғаннан кейін мүше елдер мақұлдаған мақсаттарын белгілейді:
-Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және осы мақсатта бейбітшілікке төнетін қатерді болдырмау, агрессиялық актілерді немесе әлемнің басқа да құқық бұзушылықтарын болдырмау үшін және әділеттілік пен халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес бейбіт тәсілдермен халықаралық даулар мен жағдайларды шешуге және шешуге бағытталған тиімді ұжымдық шараларды қабылдау. Әлемнің бұзылуна алып келетін кез келген оқиғаны болдырмау сол сияқты алдын алу.
-Тең құқықты және халықтардың өзін - өзі тағайындау принципін құрметтеу негізінде халықтар арасындағы достық қатынастарды дамыту, сонымен қатар жалпыға ортақ бейбітшілікті нығайту үшін басқа да тиісті шараларды қабылдау.
-Халықаралық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шешуде, адам құқығы мен барша адамдар үшін негізгі бостандықтарды құрметтеу мен дамытуда, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамау.
-Ұлттарыдың іс қимылдарын үйлестіру және осы ортақ мақсаттарға жету орталығы болу.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін БҰҰ және оның мүшелері келесі қағидаттарға сәйкес әрекет етеді:
1.Ұйым барлық мүшелерінің егемен теңдігі принципіне негізделген
2.Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері Ұйым мүшелеріне мүшеліктен туындайтын құқықтар мен артықшылықтар беру үшін Жарғыда қабылданған міндеттемелерді адал орындайды.
3.Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық дауларын халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке әділеттілікке нұқсан келтірмеу үшін бейбіт жолмен шешеді.
4.Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері халықаралық қатынастарда кез келген мемлкеттің аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы немесе БҰҰ мақсаттарына қайшы келмейтін кез келген басқа тәсілдермен күш қолданудан аулақ болады.
5.Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері оған Жарғыға сәйкес қабылданылған барлық іс - шараларға барлық мүмкін болған көмекті көрсетеді және Біріккен Ұлттар Ұйымы алдын - алу немесе мәжбүрлеу шараларын қолданатын кез келген мемлекетке көмек көрсетуден аулақ болады.
6.Ұйым оның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің осы қағидаттарға сәйкес әрекет етіуін қамтамасыз етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшіен қажет болуы мүмкін.
7.Жарғы Бірікен Ұлттар Ұйымына кез келген мемлекеттің ішкі құзіретіне кіретін мәселелерге араласу құқығын бермейді және Біріккен Ұлттар Ұйымының кез келген мүшелерінен осындай істерді жарғыға сәйкес шешуге ұсынуды талап етпейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа халықаралық Ұйымдармен байланысы. Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік Банк және мамандарылған агенттіктер деп аталатын 13 басқа тәуелсіз ұйымдар ынтымақтастық туралы тиісті келісімдер арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымына кіреді. Бұл агенттіктер, оның ішінде Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, үкіметаралық келісімдер негізінде құрылған тәуелсіз органдар болып табылады. Оларға экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы, сондай ақ білім беру, денсаулық сақтау және басқа да көптеген халықаралық функциялар жүктелген. Олардың кейбіреулері, мысалы, Халықаралық еңбек ұйымы және дүниежүзілік почта одағы, Біріккен Ұлттар Ұйымының өзінен үлкенірек.
Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) сияқты бірқатар БҰҰ кеңселері, бағдарламалары мен қорлары қатысады. Әлемнің кез келген аймақтарындағы адамдардың әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту істері бойынша атқарып жатқан істері бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясына немесе Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске есеп береді.
Бұл ұйымдардың барлығында өздерінің басқару органдары бюджеттері және хатшылықтары бар. БҰҰ мен бірге олар біртұтас отбасы немесе Бірікен Ұлттар Ұйымының жүйесін құрайды. Бірлесе отырып барлық дерлік экономикалық және әлеуметтік салаларда техникалық көмек көрсетеді және практикалық көмек көрсетеді.[3,88.б]
БҰҰ дамуының перспективалары және әлемдегі халықаралық экономикалық қатынастардағы БҰҰ ұстанымын нығайту. БҰҰ ның қазіргі жай күйін іскерлік және әкімшілік әдебиеттерде классикалық үлгі болып табылатын ірі корпорацияны басқару мысалынан жақсы көруге болады. Мұндай корпорацияда құрлымдық бөлімшелер арасындағы тік және көлденең байланыстар өте күрделі ал компанияның тік интеграциясы толық емес. Мұндай компанияларда бас кеңсе тым көп функцияларды атқарады, жедел және оған парапар шешім қабылдау үшін тым көп ақпарат алады, сонымен бірге ол төменгі құрылымдық бөлімшелерде және дирекцияның аппаратында не болып жатқанын түсінбейді, нақты шешімдерді қабылдау және орындау үшін тиісті бақылауды орната алмайды. Бұның барлығыныан басқару дағдарысы туындайды, бұл корпорацияның шоғырлануына және басқалардың нарықты иемденуіне алып келеді. Бұл жағдайды түзету үшін әлемдік менеджмент тәжірбиесінде басқа шешімдер дайындалмаған. Тек бір ғана жақын нұсқасы бар ол басқа бағынышты құрылымдық бөлімшелердің нақты жауапкершілігін арттыру, оларға корпорацияны басқару функциясының бір бөлігін беру болып табылады. БҰҰ ны реформалаудың перспективалы қадамы БҰҰ құрылымының екі деңгейлі ұйымы туралы мәселені көтеріуі болып табылуы мүмкін бұл кезде аймақтық деңгейде БҰҰ осы қауымдықтың аумағында олардың келісімімен ғана БҰҰ қамқорлығымен іс қимыл жасайтын және тағыда қажет болған жағдайда басқа аймақтық күштерді тарта алатын алатын аймақтық ұйымдарға сенім арта алады. Бір ескертерлігі БҰҰ қай аймақта әскери немесе басқа операциялар жүрзетін болатын болса бірінші оның аса қажеттілігіне көз жеткізеді және дәл сол аймақтың арнайы рұқсатына қол жеткізеді[3,106.б]
Бұл нұсқа БҰҰ мәртебесі мәселесін шешудің тиімдісі болып табылады. Осындай институттарды басқа континенталды блоктар мен мемлекеттердің одақтары құрады. Мұндай шешім қақтығыстарды зорлық пен шешу мүмкіндігін азайтады, себебі агрессиялық бағыттағы мемлекет бір ғана емес бірнеше мемлекеттер мен ұйымдардың тегеуірінді қарсылығына ұшырайды. Бұл қадамдардың барлығы БҰҰ ның шешім қабылдау тетігін неғұрлым серпінді және мобильді етуге, БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы қатынасты нығайтуға қабылданылатын шешімдерге өзара тәуелділікті арттыруға және БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы беделді нығайтуға тың серпін және мүмкіндік береді. Бұл жерде БҰҰ жұмысының тағы бір проблемасын атап өтуге болады. Қазір БҰҰ аймақтық деңгейде көбінесе сыртқы, бөтен құрылым ретінде қабылданылады. БҰҰ - ның екі деңгейлі құрылымының пайда болуы аймақтық басқару элиталарына олардың мүдделерін анықтауға сеніп берілген аумақтағы әлемдік тәртіптің тұрақтылығы үшін өздерінің жауапкершіліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
БҰҰ - ның басты органдарының бірі БҰҰ Бас Ассамблеясы. БҰҰ-на мүше елдердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік реттілікпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ, барлық проблемалар бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар ұсынуға өкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жібере алады. Сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіпті болатын кез келген ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің назарына салуға құқы бар (БҰҰ Жарғысы, II-, 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикалық, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға көмектесу мақсатымен, және, халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға қауіп төндіру мүмкін кез келген шараларды алып тастауды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ - ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талдауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамаңдандырылған мекемелер арасындағы каржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның Жарғының 18 - бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы тиіс. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір мемлекеттің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық комитет құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі комитетінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, БА-ның барлық қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар: Бірінші комитет саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке қатысты мәселелермен; екінші комитет экономика және қаржы мәселелерімен; Үшінші комитет әлеуметтік - гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші комитет қамқорлық және өзін - өзі басқара алмайтын территорияларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші комитет әкімшілік және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы комитет құқықтық мәселелермен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі Кеңесші және Жарналар жөніндегіде бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.[3,112б.]
БҰҰ - ның негізгі саяси органдарының бірі, БҰҰ - ның Қауіпсіздік Кеңесі. Ұйым Жарғысына Сәйкес, кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік қолдау жауапкершілігі жүктелген. Қауіпсіздік Кеңесінің басты ерекшелігі -- ол бейбітшілікке төнген қатердің кез келген түрін анықтап, белгілі бір іс-әрекетті басқыншылық актісі ретінде бағалай алады; сонымен қатар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау немесе қалпына келтіру мақсатында қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс жасауға уәкілетті. Сондай-ақ, кеңес бейбітшілік мүддесі үшін қарулы күш қолдану не қолданбау мәселесін жағдайға байланысты шешуге, егер қолдана қалған ретте, тыныштық орнату үшін қаншалықты күш қажеттігін айқындауға қақылы. БҰҰ - на жаңа мүшелер қабылдау кезінде басқа құжаттармен, іс - әрекеттермен бірге Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы болуы шарт. БҰҰ - на мүше 15 мемлекет өкілдерінен (мемлекеттердің 5-еуі тұрақты, 10-ы тұрақты емес) құралатын Қауіпсіздік Кеңесі үздіксіз жұмыс істейді. Ұйым Жарғысына сәйкес (23-бап) АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады. Тұрақты емес мүшелерді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2 жылға сайлайды. Әрбір мүше мемлекет кеңесте 1 дауыс иеленеді. Бірауыздылық принципіне сәйкес мүше мемлекеттердің 10-ы, соның ішінде 5 тұрақты мүшесі бірауыздан жақтап дауыс берсе ғана Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері қабылданған болып саналады. Егер тұрақты мүшелерінің бірі қарсы шықса (вето қойса), шешім қабылданбай қалады. Кеңесте тұрақты жұмыс істейтін Сарапшылар к-ті және Жаңа мүшелерді қабылдау жөніндегі акт бар. Сондай-ақ, оның қарауында мүше мемлекеттердің өкілдерінен құралған Әскери - штабтық к-т бар. Кеңес өзінің қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті көмекші органдар құруға құқылы.[3,52.б]
Сонымен БҰҰ-ның басты органдары -- Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналаскан. Женевада (Швейцария), Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҮ-на Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады. Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады, Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше елдерге ұсыныс әзірлеу құзырын иеленеді. Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның ерекшелігі -- Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды. Құрамына 54 мемлекет кіретін Экономикалық және әлеуметтік кеңеске экономика, әлеумет, мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу және баяндамалар әзірлеу, сондай-ақ, Бас Ассамблеяға, БҰҰ мүшелеріне, БҰҮ-ның мамандандырылған мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап, тапсыру уәкілеттілігі берілген Қамқоршылық Кеңестің негізгі міндеттері -- қамқорлыққа алынған аумақ тұрғындарының саяси, экономика және әлеуметтік прогресіне, оның білім беру саласында көмектесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.

1.3 Бірікен Ұллтар Ұйымының бағдарламалары.
Біріккен Ұлттар Ұйымының айналадағы орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). БҰҰ Бас Ассамблеясының елдер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретіндегі көмекші органы. БҰҰ - ның 1972 ж. 5 - 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП - тің басты органдары - Басқару кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП - ке 70 - ке жуық мемлекет қосылған. Штаб - пәтері - Найроби де орналасқан. Басқару кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметімен үлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бойынша қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылауда ұстаумен, және т.б. көптеген шаралармен айналысады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 - ші қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ұйымдастырылды. ЮНЕП - тің бір қатар конвенцияларына Қазақстан Республикасы 1994ж. қыркүйекте қол қойды. 1944 жылы қазанда Парижде жасалынған шөлге қарсы күрес конвенциясына Қазақстан Республикасы да мүше болды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП - тен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүние жүзілік қордың қаржыландырумен ЮНЕП - тің Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП - тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері Жағдайлары жөніндегі халықаралық конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП - тің Табиғатты қорғау жөніндегі заңын және экология заңдарын күшіне енгізу жұмыстары іске асырылып жатыр.[4, 38.б]
Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры. БҰҰ - ның негізгі мекемелерінің бірі. 1946 ж. 11 желтоқсанда 2 - дүниежүзілік соғыстан тікелей зардап шеккен елдердің балаларына көмектесу үшін уақытша ұйым ретінде ұйымдастырылды. Алғаш Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қор деген атау алды. 1953 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен ол БҰҰ құрылымының бір жүйесі ретінде бекітілді. БҰҰ Балалар қоры тек соғыс зардабына ұшырағандар ғана емес, және сондай ақ онымен бірге ашаршылық пен індет жайлаған, босқыншылық көрген елдердің балаларына да жәрдемдем беруді қарастырады. Қордың басқарушы органы - Басқармасы 3 жылға сайланады. Қор Хатшылығын БҰҰ - ның Бас хатшысы тағайындайтын атқарушы - директор басқарады. Қазіргі кезде БҰҰ Балалар қорына 50 ден аса елдер мүше. Штаб - пәтері - Нью - Йоркте орналасқан. 1994 ж. Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының өкілдегі ашылды. Өкілдік 1995 ж. мамырда Қазақстан үкіметімен біріге отырып, әлеуметтік және экономиканы қайта құру жағдайында балалар мен аналарды қорғаудың 5 жылдық бағдарламасын түзді. Бұл кешенді бағдарламаның негізгі бағыттары ана мен бала денсаулығын сақтау, бастауыш білім беру ісін жетілдіру, экология - санитарлық көмекті дамыту, ана мен бала құқығын қорғау шараларын жүзеге асырады. Қор Қазақстанда Арал теңізі: аймақтық және техникалық көмек жобасы атты кешенді шараларды ұйымдастырып, аймақ тұрғындарына көмектесу мақсатында жұмыстар атқаруда. Сондай - ақ, БҰҰ Балалар қоры дәрі - дәрмекпен, медицина құрал - жабдықтарымен және мектепті негізгі керек жарақтармен, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету ісінде көптеген қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасап қызмет етеді.[4,49.б]
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім Беру, Ғылым және Мәдениет мәселері жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО). БҰҰ жүйесіндегі мамандандырылған мекеме 1946 ж. 16 қарашада ресми түрде өз жұмысын бастады. Ұйым - Бас Конференциядан, Атқару кеңесінен, ұлттық комиссиялардан, аймақтық құрылымдардан және Хатшылықтан тұрады. Жұмыс ағылшын, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жүргізіледі. ЮНЕСКО - ның қаржысы оған мүше елдердің жарнасынан тұрады. Штаб - пәтері - Париж қаласында орналасқан. ЮНЕСКО - ның мақсаты: білім беру, ғылым және мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастыққа қолдау көрсету. Заңдылық пен әділеттілікті сақтау және БҰҰ - ның Жарғысына сай нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан адам құқықтарын оның негізгі бостандықтарын құрметтеу арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосу. Негізгі міндеттері: бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен өзара түсінікті нығайту, халықтың білім алуын қолдау және мәдениет пен білімді тарату және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихы
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде атқарған қызметінің нәтижелері
Адам құқықтарын қорғау механизімі
Пәндер