Тәй - тәй технологиясы негізінде баланың даму ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Тәй-тәй технологиясын қолданудың тиімділігі

ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ТӘЙ-ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

  1. Тәй - тәй» технологиясының Қазақстанда тәжірибеге енгізу жолдары
  2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Тәй-тәй» технологиясын қолдану
  3. Бағдарламаны жүзеге асырудағы педагогтың рөлі

ІІ ТАРАУ. «ТӘЙ-ТӘЙ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ

ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

2. 1. «Тәй-тәй» технологиясының белсенділік орталықтары

2. 2. «Тәй-тәй» технологиясы негізінде баланың даму ерекшеліктері

2. 3. Отбасының технологияға қатысуы

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек»

Жүсіпбек Аймауытов

Зерттеу жұмысының өзектілігі : Ел болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы сатысы. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жүйесін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.

Балабақшаның басты мақсаты балалардың шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету, бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беріп қана қоймай әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашыл тұлғаға айналандыру. Балалардың жеке тұлғалық қабілетін ашу үшін тәрбиешілер жаңашылдықпен, ізденімпаздықпен «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс жасауды ұсынар едім. Себебі, “Тәй - тәй” - балаларға ең пайдалы деген сенімге негізделген оқу шешімдерін қабылдауға мойынсұнған бағдарлама. Оның ең басты мақсаты өзара сыйластықты, жауапкершілікті, үлкендер сияқты балалардан да шынайылықты, зейінділік, ынта - жігер болып табылады.

«Тәй-тәй» бағдарламасын қолданудың өзектілігі сонда, ол балабақша мен бастауыш мектептің педагогикалық үдерісінде Қазақстан Республикасының білім беруді модернизациялаудың кезек күттірмейтін мәселелерін шешуде көмекке келеді. Бағдарлама ұлттық бағдарламаны жоққа шығармайды, бірақ оны уақыттың талабына жауап беретін жаңа демократиялық тәсілдермен толықтырады және білім беру үдерісінде жеке дамуды және қоғамның қатысуын қамтамасыз етуді (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар) қарастырады. «Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс жасауда қарым-қатынас, қамқорлық, қоғам, патриотизм сияқты негізгі түсініктерге сүйене жұмыс жасалады.

«Тәй-тәй» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған оқу қызметін тиімді жоспарлай жұмыс жасау педагогтерге бірқатар сұрақтар тудырады: балаларға жақын және қызықты болу үшін білім берудің қандай мазмұны, оны қалай ұсыну керек? Балаларға қандай тәжірибе жинақтауға болатыны, оны қалай жасауға болатыны, жаңадан табылған және ұсынатын нәрселер, балаларға бұл мазмұнды игеруде қызығушылық тудыра ала ма? Балалардың қалауы, олардың бейімділігі мен мүдделері ескеріле ме? Міне, осы сияқты сұрақтарға жауап бере отырып, балаларды демократиялық қоғамның белсенді мүшесі болуға даярлау «Тәй-тәй» бағдарламасының өзекті мәселесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: «Тәй-тәй» технологиясының ерекшеліктері мен технологияның маңызын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
  • Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
  • Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
  • Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
  • Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;

Зерттеу жұмысының нысаны: мектепке дейінгі ұйым, балалар, тәрбиеші-педагогтар

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика

Курстық жұмысымның құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, тәжірибелік бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі көрсетілді, жұмыстың мақсат-міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні сипатталады

Негізгі бөлімнің « Тәй-тәй технологиясының теориялық негіздері » тарауында технологияның Қазақстанда тәжірибеге енгізу жолдары қарастырылса, « «Тәй-тәй» технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тиімділігі » тарауында «Тәй-тәй» технологиясының белсенділік орталықтары мен ата-аналардың аталмыш технологияға қатысуы зерделенеді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық негіздемесі және оны жүзеге асыру шарттарының мазмұны нақты ашылып жазылған.

І ТАРАУ. ТӘЙ-ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. «Тәй - тәй» технологиясының Қазақстанда тәжірибеге енгізу жолдары

Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуын және жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан әлеуметтік жаңғырылуы: жалпыға ортақ еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибеге жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру әлсіз . . . », «барлық оқу - тәрбие үрдісі ескі әдістемеге сүйенеді . . . » делінген. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаңа әдістеме мен технологияларды қолданып, сапалы жаңғырту қажет. Осы орайда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында: «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.

Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда». Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі демократиялық бағытта жаңартылуда. Демократияны оқытудың құралы болып табылатын көптеген инновациялық технологиялар бар. Әлемдік педагогиканың үздік дәстүрлерін біріктіретін осындай инновациялық технологиялардың бірі 3 - 6 жас аралығындағы балаларға және олардың отбасыларына арналған «Тәй-тәй» («Step by Step») технологиясы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек»-деп айтылған.

«Step by Step» әдіснамасы ата-ананы, жанұяны, қауымдастықтарды педагогикалық үдеріске жүйелі тартатын және балаға бағдарланған мәні зор әдістемелердің бірі болып табылады. Ж. Руссо, Г. Г. Песталоции, Ф. Фребель, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Дж. Дьюи, Я. Каменский Л. Выготский және басқалардың теорияларына негізделген «Step by Step» технологиясы жүзеге асыру нәтижелері сыныптағы балалар мен педагогтің, жергілікті қауымдастықтар мен жанұяның өзара ықпалдастығының оң өзгерістеріне әкеледі, сондай - ақ педагогтардың кәсіби дамуына зор ықпал тигізеді. Л. Выготский баланы дамыту теориясы бойынша педагогтар баланың қарқынды және қабілетіне сәйкес дамуына жағдай жасауы тиіс.

Педагогтар балалардың өзін - өзі құрметтеуі мен сенімділігінің, өмір бойы оқуы үшін қажет дағдыларын дамытуда, өмір сүру қабілетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындықтан өздерінің өзгеруі үдерісінің катализаторы екенін сезінуі тиіс. «Step by Step» технологиясы педагогтарға осы қасиеттерді модельдеуге және кіші жастағы балаларды заманға сай тәрбиелеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Step by Step» технологиясы арқылы педагогтар баланы өз бетінше өмір сүруге дайындауға, сыни ойлауға, тез өзгермелі заманға қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. «Step by Step» - бала - орталық жағдайында әрбір баланың өзіндік әлеуетін дамыту үшін мейлінше қолдау көрсететін және оны жүзеге асыратын әрекеттерді ендіруге қабілетті бастамашылдық.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан - жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі. 1994 жылы «Джордж Сорос қоры» және «Халықаралық балалар ресурстары» компаниясының бастамасымен құрылған «Step by Step» технологиясы негізделген. Ол 19 тілге аударылған, әлемнің 30 дан астам елдерінің білім беру министрліктерінде альтернативті немесе вариативті бағдарлама ретінде қабылданған.

«Step by Step» технологиясы Джорджтаун университетінің Вашингтон қаласы, АҚШ мамандары заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, балаларды дамытудың қазіргі заманғы теорияларының негізінде Л. С. Выготский, Ж. Пиаже, М. Эриксон және т. б әзірленген.

Қазіргі уақытта технология әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылуда. Қазақстанда бұл технология 1998 жылдан бері тарала бастады. «Step by Step» технологиясы стандарты балаларға бағдарланған педагогтардың оқу үрдісін баланың даму деңгейіне, жеке бас қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, сонымен қатар әртүрлі түсініктер мен ұғымдарға сәйкестендіре бағыттап, іске асыра алатын оқу мекемелерін құруға әсерін тигізу мақсатымен дайындалған. Оқу орындарына, педагогтарға арналған стандарттар барлық балалар үшін сапалы білім алу жағдайын қалыптастыруға бағытталған жеке тұлғалардың, оқу орындарының, қоғамдастықтардың күш салысуларын қажет етеді.

1. 2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Тәй-тәй»

технологиясын қолдану

Заманауи мектепке дейінгі оқыту - бұл халыққа білім беру қызметін ұсынатын ашық әлеуметтік - педагогикалық жүйе, онда мектепке дейінгі балалық шақ адам өмірінің бірегей кезеңі ретінде қарастырылады.

Қазіргі балалар - бұл қазақстандық қоғамның ұлттық игілігі. Қабілеттілікті дамыту неғұрлым ерте басталса, оның оңтайлы дамуы үшін соғұрлым мүмкіншілік мол. Білімді пайдалана алатын, қоршаған ортаға тез бейімделуге қабілетті мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын қалыптастыруға деген әлеуметтік сұранысын жүзеге асыру жаңа білім беру технологияларының көмегімен іске асырылуы тиіс.

Бүгінгі күні негізгі басымдық педагог пен баланың жеке тұлғаға бағытталған қарым - қатынасы, педагогтың даралықты, баланың мүдделері мен қажеттіліктерін қабылдай қолдай алуы, оның шығармашылық қабілеттерін дамыта білуі екендігін ескерсек, онда бұл мақсаттарды орындау үшін тәрбиеші жұмысында «Step by Step» технологиясы қолдану тиімді.

«Step by Step» технология миссиясы - баланың бірегей қабілттерін дамытуға және отбасын білім беру білім беру үдерісіне тартуға бағытталған өзіндік әдістемені пайдаланатын, баланы өзгермелі әлемдегі өмірге дайындайтын, тұрақты талап пен өздігінен оқу ынтасын қалыптастыратын балаға тәрбие беру мен оқытудыізгілендіру мен демократияландыру үдерісін қолдау мен дамыту. Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген тұлғалар қажет. Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

  • Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
  • Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
  • Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
  • Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
  • Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;

Мұндай педагогикалық технологиялардың жан - жақты тараған түрінің бірі «Step by Step» технологиясы. Бағдарлама әр баланың нақты білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған және әр түрлі мәдени дәстүрлерге құрметпен қарауды көздейді.

«Step by Step» технологиясы іске асырылатын кез келген топта мынадай сәттерге назар аудару қажет:

  • әр бала үшін оқыту шарттарын дараландыру;
  • балаға тиісті сабақтарды жоспарлау арқылы да, белсенділік орталықтарын ұйымдастыру арқылы да таңдау мүмкіндігін беру;
  • отбасының қатысуы.

Бағдарламаның басты идеялары:

  • білім беру және тәрбиелеуде дара тіл табу;
  • балаларға таңдау еркіндігіне мүмкіндік беру;
  • дамытушылық ортаның және белсенділік орталықтарының болуы;
  • отбасының қатысуы.

«Step by Step» технологиясы арқылы

  • Жекешелендіру - балаға бағытталған тәрбие мен оқыту
  • Балаға қауіпсіз, оның шығармашылығын шыңдайтын орта құру
  • Отбасы мен қауымдастықты тәрбие ісіне қатыстыру

Жекешелендіру - педагогтар өздерінің білімін балалардың ерекшеліктерін, отбасы мен қауымдастықтың мәдени дәстүрлері есепке ала отырып әр баланың айрықша қабілеттерін ашуға және дамытуға пайдаланады.

Дамыту ортасы - белсенділік орталықтары арқылы білім алуға, көмектесуге және ынтымақтастыққа, өз бетімен білім алуға, жауапты болуға, проблемалардың шешімін табуға үйрету мүмкіндігі.

Отбасының қатысы - оқыту мен дамыту үдерісінде балаларды қолдауды қамтамасыз етудегі ата-аналармен әріптестік қарым-қатынас.

«Step by Step» технологиясы мақсаты:

  • жас бүлдіршіндерді жасытпай оқыту
  • балабақша ішінде әміршілік пен өктемдікті қажет етпейтін
  • құрылымдарды қолдау
  • баланың өзіндік «Менің» анықтауға көмектесу
  • балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу,
  • балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, имандылыкка тәрбиелеу;

Балалар технология арқылы нені үйренеді:

  • Сыни тұрғыда ойлай білуді
  • Мәселелерді (проблемаларды) шешуді
  • Өз ойын айта білу
  • Өзінің сұрағына жауап білу

Міндеттері:

  • Балалардың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру;
  • Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;
  • Балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен таныстыру.

Білім, білік дағдылары :

  • Өзара сыйластықты түсіне білуге қабілетті;
  • Айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі;
  • Жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады;
  • Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;
  • Сабырлы болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді.

1. 3. Бағдарламаны жүзеге асырудағы педагогтың рөлі

Педагог тәрбиені іске асыру үшін инновациялық технологияларды қолдану шеберлігін меңгерілуі тиіс. Бұл кәсіби дамудың негізгі сатысы оқу - тәрбие үдерісінің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілетін әдістер мен тәсілдердің ерекше өңделгенін көрсететін, жоғарғы деңгейге жеткізілген оқыту және тәрбиелеу әдісін меңгеруін байқатады. Инновациялық технологияларды қолдану үшін педагог шығармашылықты дамыта оқыту режимінде жұмыс жасап үйренуі тиіс. Жеке тұлғаға бағытталған әдістерді меңгеру - балалардың шығармашылық - танымдық қызметін ұйымдастырудың негізі, инновациялық тәрбие берудің негізі.

Педагог қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, үнемі түзетіліп және рефлексия жүргізіліп отыруы тиіс.

Тәрбиешінің міндеттері және әрекеттері

  • Жалпы топқа және жеке әр балаға оқу жоспарын жасау. Оқу жоспары ұлттық бағдарламаға сәйкес әдіскердің /менеджер және ассистенттің қатысуымен құрастырылады.
  • Баланың жеке дамуы аймағындағы қажеттіліктерін жоспарлауға болатындай, бағдарламаға сәйкес баланың даму деңгейін бақылау және бағалауы қатысты болуы керек.
  • Күні бойы белсенділігін ұйымдастырады.
  • Күні бойы баланың қауіпсіздігін жауапкершілікке алады.
  • Материалдың қажеттілігіне байланысты әдіскерді /менеджерді ескертіп отыру.
  • Басшылықты жоспар және проблемалар туралы ақпараттандырып отыру.
  • Жанұямен және жергілікті серіктестікпен диалогтың және тығыз қарым-қатынасты орнатады.
  • Ата - аналар жиналысын, конференциялар ұйымдастырады.
  • Кәсіптік деңгейін және құзыреттілігін үнемі көтеріп отырады.

“Step by Step” технологиясы насихаттау үшін тәрбиешіге

қажетті қасиеттер.

  • Жылылық;
  • Түсінгіштік;
  • Сезімталдық;
  • Кең ойлай алу;
  • Баланы шабыттандыра білу;
  • Бала адам ретінде қадірлі болу;
  • Сабағының қызықты әрі пайдалы болуы;
  • Шығармашылық ізденісі;

Тәрбиешінің ассистенті

Тәрбиешілерге маңызды тұлға болып өзінің білігі, талабы және талантымен тәрбиешіге ықпалын тигізетін пікірлесі - ассистент болып табылады. Баланы оқыту мен тәрбиелеуді іске асырудағы мақсаты мен міндеттері бір тәрбиешілер тобына өзара түсіністік, сый және үнемі қатынас қажет.

  • Бақылау және тіркеу
  • Объективті бақылау

Тәрбиеші тек көзбен көргенін тіркеп отырады: «Камила атасынан сұрап үй соғуды шешті. Өзінің достарын шақырып не істейтінін айтты. Олар бірге түрлі блоктарды қарап, содан соң, үйлері суреттегідей болсын деп, кітап тауып алды».

Субъективті бақылау - қысқа ғана: «Тимур - ашушаң. Жанна жалқау». Бақылау қысқа және детальды немесе жалғасы болуы мүмкін.

Формальды емес бақылау техникасы

Эпизодтарды тіркеу - баланың әрекеттері туралы өткен оқиғалармен ақпараттандырады, қысқа нақты оқиғаларды, сөздерді тіркейді. Баланың сөзін қосып, баланың тәртібін баяндап беруге болады. Баланың табысты дамуына көмектесу үшін тәрбиеші бақылау картасында балалар туралы ақпараттардың жүйесін мақсатты жоспарлаумен кіріктіреді.

Портфолио - жұмыс үлгілері, баланың жетістіктері үлгі ретінде болуы мүмкін. (суреттер, фото, әңгімелер) . Балалар естеріне түсіре отырып қарауды жақсы көреді. Бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу баршаға ортақ міндет.

Осы бағытта «Step by Step» технология негізін қалаушы Мария Монтессори "Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?" деген сұрақ қойып, оның қажеттілігі өзіне қызмет етуге, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген. Сондықтан баланы өмірге бейімдеу дамытушы ортада жүзеге асады.

Дамытушылық орта дегеніміз - баланың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қол жетімділікте болатын, тәрбие- ші жасаған зат - кеңістік ортасы, ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуына мүмкіндік береді.

«Step by Step» технологиясы - баланың жеке мүдделеріне, оның даму деңгейіне сәйкес келетін материалдар мен тәжірибе алу мүмкіндіктеріне толы динамикалық және өзгермелі орта. Тәрбиешілер балалардың көмекшілері ретінде әрекет етеді, үй - жай кеңістігін ұйымдастырады және әр баланың жеке даму деңгейін ескеріп, қызмет түрлерін жоспарлайды. Күн тәртібінде әртүрлі сабақтар болуы тиіс: шағын топтарда бірлескен немесе жеке, тәрбиешінің басшылығымен немесе өз бетінше.

Таңдау бойынша сабақтарға уақыт бөлінуі керек - сондықтан балалар саналы түрде таңдау жасауға және өз мүдделері мен қабілеттерін іске асыруға үйренеді. Балалардың таңдауды жүзеге асыру, мәселелерді шешу, қоршаған адамдармен өзара іс- қимыл жасау, жеке мақсатқа жету қабілеті - «Step by Step» технологиясы үшін маңызды болып табылады.

ІІ ТАРАУ. «ТӘЙ-ТӘЙ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

2. 1. «Тәй-тәй» технологиясының белсенділік орталықтары

«Step by Step» технологиясы топтардағы жағдай балаға өз бетінше таңдау жасауға мүмкіндік беру үшін құрылады. Әрбір топтың үй - жайы бірнеше орталыққа бөлінген, олардың әрқайсысында зерттеу және ойын үшін жеткілікті материалдар бар.

Орталықтар балалар және үлкендер еркін қозғала алатындай ыңғайлы орналасуы тиіс;

  • Әр орталықтың өз белгісі мен ережесі болуы қажет. Ережелерді тәрбиешілер балалармен бірлесе отырып құрады;
  • Топта балалардың жиналатын орны болуы міндетті, ол жер жайлы, әрі төсеніші болғаны дұрыс;
  • «Шулы» орталықтардың «тыныш» орталықтардан аулағырақ орналасуын қадағалаңыз;
  • Топта үстелдер мен орындықтар саны жеткілікті болуы қажет;

Әртүрлі топтарда орталықтар жиынтығы әртүрлі болуы мүмкін, алайда тізімі төменде келтірілген негізгі орталықтардың болуы барлық жерде талап етіледі. Оларға жатады:

  • Өнер
  • Құрылыс
  • Аспаздық
  • Драматизация
  • Оқу және жазу
  • Математика/ үстел ойындары
  • Музыка
  • Ашық ойын алаңы
  • Құм және су
  • Жаратылыстану

Өнер орталығының мақсаты: Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту (мүсіндеу, сурет, жапсыру) . Сезім мен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Өнермен шұғылдануға қажетті құралдарға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Майда қимыл-қозғалыстардың Нақтылығын дамыту. Өзіндік Шығармашылық қасиеттері арқылы(сурет салу, жапсыру, мүсіндеуді) дамыту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘЙ - ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныпта Тәй - тәй технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыру
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан - жақты қалыптастыру
Балаға бағытталған шағындау оқыту
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Мекепке дейінгі шағын орталықтарды дамыту туралы
Қазіргі оқытудың технологиялары, олардың ерекшеліктері. Баланы мектепке дайындауда жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы
МДҰ әдістемелік кабинет
Мектепке дейінгі ұйымдағы жаңа инновациялық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz