Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың мәселелері


Орыс тілінен ағылшын тіліне әдеби мәтінді аудару ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың мәселелері
1. 1 Көркем аударматанудың теориялық мәселелері . . . 5
1. 2 Поэзия аудармасындағы аударманың шарттары . . . 11
1. 3 Көркем аудармадағы поэтика мәселелері . . . 15
ІІ. Әдеби мәтіндерді орыс тілінен ағылшын тіліне аударуда эквивалент түрлерін қолдану (І. Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясын аударылуы)
2. 1 І. Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясын орыс тілінен ағылшын тіліне аударуда эквивалент қолдану . . . 19
2. 2 Әдеби мәтіндердегі ономастикалық атаулардың орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуы . . . 24
2. 3 Әдеби мәтіндегі реалий сөздердің орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуы . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көркем аударма - халықтар әдебиетін өзара байланыстыратын, ұлттық мәдениет пен тілді байытатын баға жеткізгісіз рухани қазына. Дегенмен ғылыми-көпшілік, танымдық, тарихи-этнографиялық еңбектердің бәрін аудару міндет емес. Ең алдымен, оқырманға қажетті дегендерін аудару керек.
Көркем аударма - аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні - көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.
Кеңестік коммунистік идеологияда көркем аудармаға ерекше көңіл бөлінді. Кейбір республикалар мұны ұтымды пайдаланды. Мысалы, Балтық жағалауы, Грузия, Әзірбайжан, т. б. республикалар басқа тілден тікелей тәржімелеуді қолға алды. Сонымен бірге басқа тілге үздік аударылған туындыларын бағалап отырды. Эстонияда өзге тілге аударылған үздік шығарма аудармашысы мен басқа ұлттың шығармасын өз тіліне шебер тәржімелеушіге жыл сайын сыйлық тағайындалды. Ресейден бастап, бірқатар елдерде бұл дәстүрлі сипат алды. Бізде 1983 жылы көрнекті жазушы М. Д. Симашкоға І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы мен Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» дилогиясының екінші кітабын аударғаны үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Суреткердің қазақ тақырыбында жазылған көптеген тілдерге аударылған туындылары еленбей, ақыр аяғында аудармасы ғана лауреаттық атақ иеленді. Аударманы түпнұсқамен салыстыра, сараптағанымызда, көркемділігі мен стильдік сәйкестігі жағынан түпнұсқадан төмендігі аңғарылады.
Орыс және алыс шетел ғалымдарының әдеби байланыстар мен көркем аударма проблемалары бойынша теориялық еңбектері кейінгі жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен толыға түсті.
Аударма, ол, ең алдымен - халықтар арасындағы қарым-қатынастың күшті құралы, түрлі мәдениеттердің рухани байланысының басты көзі. Аударма саласы қай заманда да ғылымның өркендеуінің негізі болған. Бір тілдегі дүниені келесі бір тіл арқылы ұсыну қай қоғамда да, қандай дәуірде де ел мәдениетін дамытуға, халықтың басқа ұлттың мәдениетімен танысуына, сөйтіп, өркениеттің жаңа биігіне қадам басуына ықпалы басым екені даусыз. Кезінде неміс ақыны Гете аудармашыны пайғамбарға теңеген. Өйткені аудармашылар адамзат мәдениетінің өркендеуінің әр кезеңінде елдің әдебиет пен өнерінің бетбұрысында алғашқы жолбасшылары бола білді. Кез келген өркениетті ел мәдени-рухани өміріндегі жетістігін сан-салалы ғылым, әдебиетімен бірге тәржіма өнерінсіз елестете алмайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты . Әдеби мәтіндерді орыс тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктерін зерттеу - жұмыстың басты мақсаты.
Аударма - лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық тәржіме - алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы - бұған дейін қазақ көркем аудармасының (рас, көбіне проза аудармасы сөз етіледі) жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар жайында зерттеулер, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары туралы қазақ поэзия аудармасының теориялық мәселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
- аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
- әдеби мәтіндердің аударылу тәсілдерін анықтау;
- аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
- Әдеби мәтіндерді орыс тілінен ағылшын тіліне аударуда эквивалент түрлері мен оларды қолдануды зерттеу;
- орыс тілінен ағылшын тіліне әдеби мәтінді аудару ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың теориялық негіздері
1. 1 Көркем аударматанудың теориялық мәселелері
Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтың танысуы, табысуы адамның адаммен танысуы, табысуы сияқты. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен ортақ белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзағынан болуы үшін олар бір-бірінен өзінен таппайтын нәрселерді де табуы керек. Танысудың осындай жолы - көркем аударма. Басқа тілде сөйлейтін басқа халықтың жан әлемін, оның мәдениетін, атап айтқанда, көркем әдебиетін аударманың көмегі арқылы танып-білуге болатындығын әртүрлі елдер халықтары қарым-қатынасының бүкіл тарихы растап береді. Әрине, аударманың бәрі бірдей таным нысанын, яғни түпнұсқаны толық бейнелей бермейді.
Көркем аударма , яғни әдеби мәтінді аудару - бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесі, ал көркем аударма теориясы, іс жүзіндегі жанды тәжірибені зерттей әрі жинақтай келіп, осы үдерістің, яғни шығарманы дүниеге қайта әкелудің сипатын, сондай-ақ аударманың алдына қойылған міндетті орындайтын құралдардың сипатын анықтаумен айналысады. Тарихи тәжірибе көркем аударманың бір-біріне кереғар екі ұстанымның аралығынан табылатынын көрсетеді: аударма сөзбе-сөз дәл шығуы, бірақ көркемдік тұрғыдан толыққанды болмауы да мүмкін, сонымен бірге көркемдік тұрғыдан толыққанды шығуы, алайда, түпнұсқадан қашықтап кеткен еркін баян болуы да мүмкін. Осы екі ұстанымның басын қосып, аударманың аңсар тұтарлық үлгісі сөзбе-сөз дәл әрі көркемдік тұрғыдан толыққанды аударма болып табылады деп пікір түюдің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ аудармашы аңсар тұтатындай мұндай толық тоғысудың болуы іс жүзінде мүмкін емес: нақты бір ойды жеткізу үшін екі тілдің әрқайсысы атымен өзгеше құралдар қолданады. Мәтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік пен көркемдік кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп жатады. Мәселені шешудің диалектикалық жолын іздеуге тура келеді.
Әр заманда, әр қоғамда аудармаға әр түрлі ақындардың таңдалатыны сондықтан. Жаңалықтар да көбіне қоғамдық сұраныс соны қажет еткен кезде жасалады. Бұл мәселенің тағы бір қыры мынада. Аударылатын туынды ұлт әдебиетіне қажет болуға тиіс. Өзіңде бар нәрсені өзгеден іздемейсің. Демек, аудармашы таланты оның қоғамдық сұранысты сергек сезінуінен, оқырманның нені қажет ететінін дәл болжай білуінен де көрінеді.
Бүгінде бүкіләлемдік бәсеке қалыпты жайға айналды. Елдер бәсекесі тілдер бәсекесіне қозғау салмай қоймайды. Қазақ тілінің сол бәсекеде шыдас беруі үшін оның мол мүмкіндігін дәйім дәлелдеп отыру қажет. Мұның бір жолы - көркем аударма. Бүкіл әлем кітаптан бетін әрі бұрып бара жатқан мына заманда бізде бөлекше құбылыс бой көрсете қалады екен деп үміт етудің жөні жоқ. Ендігі жерде Мұхтар Әуезов айтатын әдебиет әдебиет үшін деген талапты да еске алған артық емес. Бұл ең алдымен тіл өнерінің аударма саласында байқалса тіпті жақсы. Қазіргі аудармалар ең алдымен қазақ тілінің қамы, болашағы үшін жасалуы керек. Аударма кітаптар арқылы қазақ оқырманы мемлекеттік тілдің мүмкіндігін нақты көретіндей болуға тиіс.
Әдебиетте әу бастан тек сөзді ойнатуға немесе сөзбен ойнауға құрылған туындылар да жетіп жатыр. Аударуға болады, аударуға болмайды деген ескі даудың бір дауасы - қаламгердің туған тілдің мүмкіндігіне кәміл сенуі. Н. Любимов аудармашы өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс дей келіп, бұған не көмектеседі деп өзіне өзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: “Бәрінен бұрын - орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі.
Аударма сол қайталанбас дүниенің басқа тілде қайталанған нұсқасын жасауы, яғни басқа тілде дүниеге қайта әкелуі керек. Көркем аударма ұғымының өзі өнердің барлық түрінің ішінен тек сөз өнеріне қатысты. Кескіндеме, мүсін өнеріне, биге, музыкаға аударма керек емес, белгілі бір дәрежеде киноны да түсінбейтін тілде көріп, ұзын-ырғасын ұғып шығуға болады. Ал түсінбейтін тілдегі әдеби шығарма тек әріптер мен тыныс белгілер жиынтығы ғана. Оған жаңа өмір сыйлайтын адам - аудармашы. Бір тілде туған өнер гүлін басқа топыраққа алып келіп қондыра салуға болмайды. Жалпы, оны сол топырақтан суыруға болмайды. Аудармашы сол гүлдің дәнін алғандай абайлықпен жаңа топырақта жаңа гүл өсіріп шығаруы керек. Жаңа топырақ дегеніміз - жаңа тіл. Көбіне - атымен жаңа тіл.
Аударманың ұлттық сөз өнеріне қандайлық табиғи кірігіп кетуі мүмкін екендігін зерттеуші көп уақыт Асан Қайғы толғауы делініп келген өлеңнің (“Таза, мінсіз асыл тас”) ХІХ ғасырдағы орыс ақыны Юлия Жадовскаядан Ахмет Байтұрсынов жасаған аударма болып табылатынын [4] мысалға келтіре отырып дәлелдейді. Мұның өзі аударманың керемет мүмкіндігіне де нақты айғақ.
Аударма - уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді делінеді. Аудармашы өз тіліндегі оқырман үшін жазады. Ол ұлттық өлең мектебінде тәрбие алған оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын, қалыптасқан дәстүрлерді ескермей отыра алмайды.
Әдебиет - өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;
6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
в) көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындарын жүргіземін.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.
- «Арысыңды, ендеше, арыстан жеді» (Бөжейдің сөзі) .
- «Ақ қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қара бет?!» (Қодардың сөзі) .
Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә. Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов, т. б. Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби - эстетикалық жолмен қарауды ұсынды ». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт - осында. Өйткені, көркем әдебиетте сөз -мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету - әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар, жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді.
Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен білім алуға үйрету -ең ұтымды жол» (1, 92бет) .
Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды» деп жазады (2, 127бет) .
Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын танытып отырады, яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады.
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі - оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге, ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес. Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескерген жөн. Шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде жатқан авторлық ойдан ауытқымау керек, қайта сол ойды дамыту қажет. Көркем мәтінді бірінші не екінші жақта әңгімелеуде, автор баяндауын өзгертіп, мәтін мазмұны, негізгі айтар ойы өзгертілмейді. Тек бірінші жақта жазылса, оны үшінші жақта әңгімелеу талап етіледі. Әңгімелеудің бұл түрінің маңыздылығы оқушының тілін дамытады, кейіпкерлер іс -әрекетін түсінуге, талдауға баулиды. Әсіресе, бас кейіпкер атынан сөйлеу қызықты да, күрделі де болып келеді. Бұл жұмыста оқушылар кейіпкер іс-әрекетін тереңірек түсінеді, өз сезімін, толғанысын да арқау етеді.
Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар:
а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады.
ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz