Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Оқылым бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері әдістері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруда оқу түрлерін қолдану.

  1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру . . . 4-5
  2. Бастауыш сыныптарда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары . . . 6-7

II ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру жолдары.

2. 1 Оқыту процесінде оқушының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары . . . 8-9

2. 2 Сауат ашу, әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға үйрету . . . 10-11

III Тәжірбиелік бөлім

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 13

КІРІСПЕ

Бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы-ұстаздың әдебиеттік оқу пәнінің алдына қойған мақсатын, бағдарламада көрсетілгендей мынадай міндеттер туындайды. Оқушылар оқу дағдысын қалыптастыру; көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру; шығарманың түпкі мазмұн мәнін түсінуіне, қол жеткізу; мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлем үлгілерін үйрете отырып өзіміздің тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту; ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту; өзіндік ой пікірін айта білуге баулу; оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін дарыту;

Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірбиесінде әлі де анықталуда. Оқу дағдысының үш түрі бар, олар дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру ғылыми әдістемелік жолмен анықталып отыр. Бұл жұмыстың нақты оқу материалдары бойынша іске асырылуы төмендегі шаралар арқылы орындалады. Педагогика психология ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, сауат ашу, әдебиеттік оқу сабақтарын оқытуда бағдарламада белгіленген сөздік жасау, жоспар құру, мәтінді бөлікке бөлу, оған ат қою, мәтінді қайталап оқыту, балаларды серуенге шығару сияқты жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізу.

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін қалыптастыру, шығармашылық тәжірбиесін, дүниеге қарым қатынас нормаларын жетілдіру болып отыр.

Зерттеу мақсаты: Баланың оқу дағдысын қалыптастыруда жүргізілетін оқыту түрлерін анықтау.

Зерттеу міндеттері: Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмыс түрлері; Оқу дағдыларын қалыптастырумен бірге мәтінмен үнемі жұмыс жасау.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруда оқу түрлерін қолдану.

  1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру.

Бастауыш сыныптарда оқушылар сауат ашу, әдебиеттік оқу сабақтарында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастыру. Оқу өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілмен де, сөйлеу тілмен де тікелей байланысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүріп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осыған қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деуде үлкен қате. Себебіне үңіле қарасақ бала шапшаң оқығанымен, оны саналы түрде түсіп дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушысымен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жетік білгенде ғана оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс тәселдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет:біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады. Мәтінді толық оқу; мәтінді бөлімдерге бөліп оқу, мәтінді дайын жоспар бойынша оқу, абзац бойынша оқу, мәтінді рөлге бөліп оқу, мәтінді жартылай дауыстап оқу, мәтінді оқып мазмұндау, мәтінді қысқартып оқу, мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу, ертегілерден қиял мен шындықтыбейнелейтін үзіндіні түсініп оқу. Оқушының мәитінді саналы түрде түсініп оқығаны мына белгілерден көрінеді:егер оқушы дұрыс оқу мен оқығанының мазмұнын саналы түрде меңгерген болсаонда оқушы белгілі бір өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс әрекеті жөнінде өзіндік көзқарас қалыптасады. Ол оқығанның мазмұнын жақсы меңгеріп, ондағы суреттелетін, сол іс әрекеттің болу себебін анықтай алады. Екіншіден, оқу , байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу, мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу, мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу, мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу, мәтіннен көтеріңкі көңіл күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу, мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу, мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу. Үшіншіден оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу, мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу, мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу, мәтіннен мақал мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу, мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу, мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талапьардың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету. Мәнерлеп оқу дегеніміз мәтіндегі сөздің мағынасын бұзбай, дыбысталуы, жағынан анық етіп жатық оқу. Мәтінді саналы түрде түсініп оқуға жетелейді. Қандай мәтін болмасын мазмұнын дұрыс түсініп, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыда жақсы әсер қалдыру үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен оқу мәнерінің де мәні зор. Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады. Мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу, леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу, өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу, өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу, өлеңнен немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.

1. 2 Бастауыш сыныптарда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұрпаққа білім беретін, оның ой қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің Ана мектебінен яғни отбасы мектебінен алынғанын енді мектепте өзінің ұсиазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың, ойланудың дағдыларын қалыптастырады. Осы жұмыстардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін пән сауат ашу пәні болып табылады. Сауат ашу пәні бастауыш білім беру процесінде оқушыларға қазақ тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Пәннің негізгі мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағұлматтарды меңгерту болып табылады. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстары сауат ашу пәнінің негізігі міндеттеріне жатады. Оқуға үйретуде:сөзге дыбыстық әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі Оқу өте күрделі психологиялық процесс. Бастауыш сынып оқу сабағында оқушының дағдысын қалыптастыру негізінде оқығанды қабылдау түсіну мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді. Оқу-жазудың бірінші кезеңінде балаларды жәй оқыту керек. Бірақ балалар өте жәй оқыса, сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай ақырында мәтіннің мазмұнына түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан баладардың оқу шапшаңдығын арттыра түсуіміз керек. Есте сақтайтын бір нәрсе оқу шапшаңдығымен сөздерді таза қатесіз, әрі түсініп оқу қатар дамуы керек. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі шапшаң оқи бастайды. Оқушы берілген тапсырманы асықпай, орындап ұқыпты үйренген жоқ. Оқу процесінде де солай. Асығыс оқыған бала үнемі қате жібереді. Оқу дағдысын қалыптастыру үшін оқуға ынталандыру керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға ынталандыратын шығарманың бір түрі-ертегі. Ертегінің мәтіндері өте қолайлы, әрі қайыра оқытуға ыңғайлы. Себебі ертегілерде бір біріне ұқсас қайталанып отыратын тұстары кездеседі. Оқушыны түсініп оқуға олармен шығарманы оқымас бұрын дайындық әңгіме жүргізу. Балалар үшін белгісіз, таныс өмірден жазылған әңгімені оқығанда балалар нақты ешнәрсені көзге елестете алмайды. Сондықтан мұндай жағдайда алдынтала әңгіме жүргізудің орны ерекше деп есептеймін. Сонымен оқушы дұрыс түсініп, әрі мәнерлеп оқыған сайын оқытудың әсіресе бастауыш сыныптар үшін мәні зор. Мәнерлеп оқыған оқушы оқуды жақсы меңгергенін көрсетеді. Оқытудың шыңы оқушылардың мәнерлеп түсініп, сауатты оқуға үйрету деп білемін. Бүгінгі таңда оқушыларға сапалы білім беру үшін көптеген жаңа амал тәсілдер, жаңа әдістер қолданылуда. Сондай жаңа инновациялық әдістердің бірі интерактивті әдістер арқылы оқыту. Интерактивті әдістер әсіресе бастауыш сынып оқушыларына сабақ үстінде еркіндік берумен құнды. Оқыту барысында оқушылар бір бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір бірін оқытады, үйретеді. Интерактивті сөзінің өзі латынша interaction интеракция, яғни өзара әсер ету. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын интерактивті әдістер арқылы қалыптастыру барысында оқушылар сабақта белсенді іс әрекеттер жасап, өтілген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шешеді, бірін бірі оқытады, бір біріне үйретеді. Интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсенділігі артады. Ал оны арттыру жолдары мынадай:Оқушылар түсінбеген жерін орнынан тұрып екінші оқушыдан еркін сұрауы; жақсы оқитын оқушыны өзінің микротобындағы нашар оқитын оқушыларға үйретуі; оқушылар тапсырма бойынша бір бірімен сөйлесіп, ақылдасып отыруы; оқушылардың тапсырманы орындап болғаннан кейін бірін бірі тексеруі. Екіншіден оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру қажет. Оның жолдары:оқушылар өзара бір біріне сұрақтар береді; оқушылар сабақта өзара пікірлеседі; Қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары еркін жауап береді. Үшіншіден оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қажет. Оның жолдары төмендегідей. оқушылар қарсы жақтың пікіріне өзіндік пікір айта білу; өзінің микротобындағы жолдастарының сөздеріне қосымша, не пікірге қосылатыны жөнінде өзіндік пікір білдіру. Интерактивті әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт микротоптарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма, не әр микротопқа бөлек тапсырма берілуі мүмкін. Бұл оқу бағдарламасына қарай сабақ мақсатын таңдағанда анықталады. Біз, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда пікірталасқа негізделген және оқыту процесінде қолданылатын интерактивті әдістерді ғана пайдаландық. Сондай ақ бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларының қалыптастыру тапсырмалары арқылы оқушыларда мынадай дағдылар мен біліктер қалыптасады, шәкірттердің ізденушілік қабілеттері дамып, шығармашылықпен жұмыс үйренеді. Балалар өз ойларын дәлелдеп беруге логикалық жүйелікпен айтуға дағдыланады. Жаңа тақырыпты игерді. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларықалыптасты. Жазба жұмыстары шығарма, диктант, мазмұндама тағы басқа арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға ден қойды.

II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МЕН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

2. 1 Оқыту процесінде оқушының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары.

Мектептегі оқу процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға қазақ тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой өрісін жетілдіруге де баса назар аударады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік патриоттық тәрбие беруге негізі қаланады. Демек сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге өз отанын ел жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі. Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңде жүргізілетін жұмыстардың мейлінше сапалы болуына байланысты. Демек сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді. Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Дұрыс, сауатты жазуга үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп. Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады Жақсы оқи алатын таза да сауатты жаза біледі ал, жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді. Бір сабақтың өзінде оқу қызыметі мен жазу жұмысы бірін бірі алмастырып және бәрін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады. Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарттары бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады. Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы бастауыш сынып мұғалімнің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім білік дағдылары қалыптастқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте мұғалім тарапынан оқушыға әдемі сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкіреймей басын тым төмен салбыратпай денесін тік ұстап өзін дұрыс игеруінеқатты көңіл бөлінеді. Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететінін дәлелдеп отыр. Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданылады. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым. Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер, білім береді және оқушыларды ынталандырады. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге қоғамдық қатынастарға әзірленеді. Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу және жете меңгеру, сауат ашу, дүниетану, қазақ тілі сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс тәсілдерін орынды қолдануға тырысады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданылады:

Оқыта үйрету ойындары. Бұл ойындар сабақта да, сабақтан тыс шаралар да пайдалануға болады, тілдік ойындар ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамыту. Драмалық, рөлдік ойындар, қарым қатынастарын жақсарту ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын дамыту. Психологиялық ойындар, грамматикалық ойындар тағы да басқа. Оқушының тіл байлығын арттыра отырып, ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға. Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезегіндегі қалыптасатын дағдылары. Өз ой-пікірін жеткізе білуге. Ізденгіштікке ұмтылуға, құбылыстарды шынайы бағалай білуге. Толық фантазиялық еркіндікке. Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді деп есептеледі.

2. 2 Сауат ашу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға үйрету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Эксперимент жүргізу дағдылары мен дағдылары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz