Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдану
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда қолданылатын дидактикалық ойын түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну
Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
ІІ Негізгі бөлім. Дидактикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
0.1 Дидактикалық ойын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
0.2 Дидактикалық ойын ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
0.3 Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдану
13
0.4 Дидактикалық ойыншықтармен құрылыс материалымен өткізілетін оқу сағаттары
19
ІІІ Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
ІV Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
V Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
Кіріспе
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызуғушылығын арттыру. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -- білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса, ескі сүрлеуден арылып, жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау:
oo оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;
oo деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау;
oo оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Әрбір ұстаздың мақсаты -- сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.[1]
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. [2]
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы курстық жұмыста бастауыш сыныптарда қолданылатын дидактикалық ойын түрлері, оны сабақта пайдаланудың жолдарын таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: ...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.... Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Зерттеудің мақсаты:
ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын дамытып қалыптастыру;
дидактикалық ойындарды қолдану арқылы білім білік дағдыларын қалыптастыру, жан-жақты ойлауға шығармашылыққа тәрбиелеу.
Зерттеудің объектісі. Оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендіру құралдарының бірі сабақ барысында дидактикалық ойын түрлерін қолдану.
Зерттеудің міндеті:
ойын технологиясының тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау;
ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілі оқыту әдістемесі.
Зерттеу базасы: №12 І.Қабылов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің 2- сыныбымен жүргізілді.
Зерттеу көздері: Жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу бағдарламалары, қазақ тілі, қазіргі қазақ тілі әдістемесі оқулықтарының авторларының еңбектері.
Зерттеу жұмысының әдістері: Бақылау, талдау.
Зерттеу жұмысының болжамы: Сабақ барысында дидактикалық ойындарды ұтымды пайдалана отырып, оқушының пәнге қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын молайту.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, бөлімшелерден, тәжірибелік бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ Негізгі бөлім. Дидактикалық ойындар
4.1 Дидактикалық ойын түрлері
Ойын бала үшін -- нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру -- оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім. [3]
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын -- қашан да жаман ойын. Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: ...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді.
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді. [4]
Жаңа стандартқа сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне арайландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері. [5]
Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
+ Дидактикалық ойын
+ Сюжеттік рөлдік
+ Қимыл-қозғалыс ойындары
+ Саусақтар ойыны
+ Үстел үсті ойындары.
Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: Ойын - белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады! - деп жазды.
Дидактикалық ойындар - оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар. [6]
Дидактикалық ойын - кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр.
Міндеті - ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға, балалардың білімін кеңейтуге және бекітугебағытталады.Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде екі жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар.
Бастауыш сыныптарда жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлері:
1.Заттық дидактикалық ойындар.Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3.Сөздік ойындар,яғни ауызша ойналатын ойындар.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар Не болар еді...?, Мен не істер едім, егер ... деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады. [7]
4.2 Дидактикалық ойын ерекшеліктері
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Баланы қоршаған ортамен таныстыруда, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылықтарын арттыруда, балалардың қоршаған заттар, олардың сапасы мен қасиеті, қолданылуы туралы түсініктерін жүйелеу және қалыптастыруда, адамдардың қоғамдық өмірі мен қоршаған әлемнің тұтастығы туралы түсінігін, оқиғалар мен құбылыстардың бір-бірімен байланысы мен тәуелділігін анықтай білу іскерлігін дамыту, балалардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттері мен білуге құштарлығын арттыру, өмірдегі қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен таныстыру үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. [8]
Дидактикалық ойындарды қоршаған ортамен таныстыру сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту үшін, ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады.
Баланың шығармашылығын дамыту үшін имитациялық ойындар Біздің көңіл-күйіміз?, Қоянның көңіл-күйі т.б.ым-ишараны әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып көрсетуге үйрету. Мысалы: қоян қорқып тұр, қоян адасып кетті, оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелейді.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болсын. Сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұрғаны жөн.[7]
Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:
1. Ойынға берілген уақыт баланы жалықтырмайтындай болуы;
2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;
3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;
4. Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
5. Баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Топтағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек.
2. Ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
4. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Дидактикалық ойындардың нәтижелері, тапсырма жауаптары қорытындылануы тиіс. [8]
2.3 Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдану
Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент-дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қоршаған орта туралы ұғымдарды бекітуге байланысты.
Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалар өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.
Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады. [9]
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтау керек және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындалуы және балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады.
Дидактикалық ойындардың заттық түрі жиі қолданылады.Гүлдерді ата ойыны. Бұл ойынның мақсаты - гүлді бір-бірінен айырып, олардың аты атай білу (қызыл, көк, сары, жасыл); формасы мен көлемін ажырата білу (үлкен, кішкентай, өте үлкен, кіп-кішкентай). [7]
Дидактикалық ойындардың үстел үсті ойындары да көптеп қолдануға болады. Мысалы, заттың түсін, өлшемін анықтау үшін өткізілетін ойындарға екі жасқа қараған баламен жүргізілетін ойындарға қарағанда формасымен көлемі жөнінен күрделірек қуыршақ, кішкентай кеспек, пирамидалар, жиналмалы шыны аяқтар, тағы басқа алмалы-салмалы ойыншықтар пайдаланылады. Балаға он екі сақинаны тіреуге өз өлшемі бойынша дұрыстап кигізу ұсынылады. Затты бір-біріне қосып, қиыстыра білу, бүтін нәрсені орнымен бөлшектеу дағдысын дамыту үшін балаға жиналмалы кубиктермен кесінді суреттер беріледі.
Дидактикалық ойындардың бір бөлігі арнайы құралдарсыз өткізіледі. Мәселен, есіту сезімін дамыту үшін Тыңда тағы естігеніңді айтып бер немесе Бұл ненің дыбысы екенін ойлап тап тәрізді ойындар ұйымдастырылады. Бірінші ойында балалар айналадағы дыбысқа құлақ түреді (иттің үргені, желдің шуылы) ал, екіншісінде жануарлар мен құстардың үнін салған тәрбиешінің дауысына ден қояды. Қоршаған ортадағы құбылыстарды ажырата білуге дағдыланады.
Қоршаған ортамен танысу сабақтарында қолданған "Қай мезгіл?", "Жеміс жинау", "Не қайда өседі?", "Жапырағынан таны", "Кім жылдам?", т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді. [9]
Ұшты-ұшты ойыны.
Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.
Ойын ережесі: Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші Ұшты-ұшты бөдене ұшты деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты - сырға ұшты, көбелек ұшты - ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді.
Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz