Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында жазылым әрекетін меңгертудің тиімді жолдары
Курстық жұмыстың мазмұны
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-ТАРАУ. Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
0.1. Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
1.2 Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-9
1.3 Жазылым әрекетінде ескеретін жайттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-12
ІІ-ТАРАУ. Жазылым әрекетінде әдіс-тәсілдерді қолдану
2.1 Жазылым әрекетінде әдіс-тәсілдерді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-14
2.2 Қазақ тілі пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-16
ІІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-19
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
I КІРІСПЕ
"Жазылым" термині "жазу" (жазудың түрлері, әріптін жеке т.б.) деген мағынаны емес "жаза білу", "ойыңды басқа Біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу" Шеңді білдіреіп.
Жазылым - тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.
Жазылым - тілдік тұлғалардын графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік матералының мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы болып іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үнішіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелейбайланысты жүзеге асырады.
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен құралуы тиіс. Олар:
Себеп-салдарлық.
Аналитико-синтетикалық.
Орындалымдық.
Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді екінш: адамғажеткізудіңнәтижесіндеойға келеді, алдымен онын себебі пайда болады.
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезенде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздін қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін текс пайда болып, жазу орындалады.
Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымнын лингвистикалық мазмұнын белгілейтінмәселер мыналар:
Графика.
Орфография.
Жазып алу.
Жазбаша сөйлеу.
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе - жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары - жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы.Әріптіктаңбалары екі түрде жазылады:баспатүрінде және қолжазба түрінде.
Қазақ тілі графикасының ерекшелігі - әріптер қалай жазылса,солай оқылады жәнебасқа тілден енген дифтонг қосарланған дыстардан басқалары кұрамына қарай бір таңба бірәріпті бір дыбысты көретеді. Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесімәселе орфография. Ол-белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.
Жазып алу немесе қысқаша жазу-жеке сөздерді, сөз тіркесін бір-біріне мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер жоспарлар қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алуда осыған жатады.
Жазбаша сөйлесім - лингвистикалык ерекшеліктерді тодық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлесім дегеніміз - оқушының айтар ойын басынан аяғына дейік толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу Мәселен, тілді үйренуте қатысты жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат т.б. жазу жатады.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі - жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті ұштау; Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс.
Жазылымның әдістемелік ерекшелігі - графика мен орфографианы, жазу мен жазбашасөйлемді жетікбілудің,Үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу, оқыту.
Жазылымның физиологиялықерекшелігі - жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрысигерудіүйретуі.
Жазуды үйретудің басты алғышарттары:
Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға үйрету, яғни каллиграфияны жете меңгеру.
Әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында алатын орны.
Жеке тілдік единицалардың дұрыс жазылу ережесін білу.
Қазақ тілі грамматикасына сәйкес сөз тіркестері мен сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен дұрыс жазылу ережелерін игеру.
Ойды жазбаша жеткізудің ең қарапайым және қысқа түрін меңгеру.
Шағын мәтін мен сөйдемшелерді фраза құрастыра білу.
Хат жазу үлгісін меңгеру.
Іс-қағаздарды дұрыс толтыра білу.
Қазқ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Мұндай жазба жұмыстарына:
Жазбаша жаттығулар.
Қысқа мәтіндер.
Жүйелі жазба жұмыстары.
Жазбаша бақылау жұмыстары.
Диктанттың түрлері.
Жазбаша ойындар.
Іс-қағаздардың үлгілері.
Бұл жұмыстардың бәрі арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер бола келіп, жалпы қазақ тілін терең үйретуге пайдасын тигізеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі-Жазып алу немесе қысқаша жазу-жеке сөздерді, сөз тіркесін бір-біріне мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер жоспарлар қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алуда осыған жатады.Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы болып іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үнішіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелейбайланысты жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Ой өрiсi дамыған, сана сезiмi оянған, рухани ойлау дәрежесi биiк, қазақ тілі пәнінен білімі жоғары сауатты жазып,сауатты оқитын оқушыларды даярлау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Оқушыларды сауатты жазуға,сөздерді дұрыс жазуға,сөзбен сөздерді,сөз тіркестерін дұрыс байланыстыруды үйрету үдерісі.
Курстық жұмысты зерттеудің болжамы: Егер қазақ тілі сабағында оқушыларға жазылым әрекетін жетік меңгерте алсақ, онда олардың қазақ тілден бiлiм деңгейi жоғарылайды және т.б пәндердi оқушылардың жетелей түсiнуiне, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасап,сауатты болуға ықпалын жасайды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдануды айту;
- Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдарын үйрету;
- Қазақ тілі пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер және тәжірибелік бөлім тізімінен тұрады
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-ТАРАУ.
1.1 Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұны аясында қарастырылатын оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім дағдыларын қалыптастырудың басты көзі - жазылым әрекеті деп санаймыз. Себебі жазуды меңгерген бала оқуды да игереді.
Қазақ тілін меңгерту үшін, ана тілінде дұрыс сөйлеу, дұрыс жазуды жүзеге асыру үшін ең алдымен қазақ тілінің іргетасы болып табылатын дыбыстық жүйені оқытудың зерттелуіне көңіл бөлген дұрыс. Себебі А.Байтұрсынұлының пікірінше, Дыбыстарды тізіп үйренсе, хәріптерді тізу қиын болмайды. Сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін айыруды білсе, хәріптерін қою қиын болмайды[1,330].
Жазылым термині жазу (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.) деген мағынаны емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді.
Жазылым - әріптерді таңбалауда қиында күрделі жұмыс. Жазылым әрекеті бастауыш сынып оқушысы, әсіресе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушы үшін - ұзақ уақытты қажет ететіндіктен бірте-бірте қалыптасатын күрделі үдеріс. Оқушылар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен танысып, әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. Жазылым әрекеті қамтитын мазмұнды мына суреттен көруге болады:
Бастауыш сынып оқушыларына әріптерді жазып үйрету қиын болғандықтан жазуды үйренудегі мынадай дағдыларды білуі керек. Олар:
әуелі әріптерді, содан соң сөздер мен сөйлемдерді жаза білу дағдысы;
сөз және сөйлемдердегі орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы;
әр түрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы.
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
· сөзді тыңдай білу;
· сөзді айта білу;
· көру факторы;
· қолдың саусақтарын дұрыс пайдалану.
Жазылым әрекетінде оқушының көру, есту мүшелері (көз, құлақ), мен сөйлеу мүшелері (тіл) қатысады. Әріптерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, алдымен мұғалім әріптерді ауада, содан кейін тақтада жазып көрсетуі тиіс. Оқытушы әріптерді дәптерлерінде жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазылым әрекетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді жазуға жаттығады.
Баланың мектеп оқып, білім алуы кезеңінде жазуға үйретіп, жазу дағдыларын қалыптастыру - оның өміріндегі ең күрделі үдерістердің бірі. Өйткені бала мектептегі оқуға алғаш рет кіріскеннен бастап, оны бітіріп шыққанша оқып білім алумен қатар, жазбаша түрде ойлауға және сол ойын жазбаша жеткізуге төселеді. Бұл дағды үнемі үздіксіз жүйелі жүргізіліп отыратын жазба жұмыстарының түрлері арқылы іске асырылады. Ендеше мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың сауатын ашуда, жазуға үйретуде жазу сабағын ұйымдастырудың маңызы зор[3, 51].
Жазылым - ұзақ уақытты қажет ететін, бірте-бірте қалыптасатын күрделі процесс. Ол оқушыларға графикалық таңбаларды үйретуден бастап өз ойын мағыналық және логикалық брлікте құрастырып, қағаз бетіне түсіруге яғни жазбаша жеткізуге дағдыланғанға дейінгі ұзақ уақытты қамтиды. Сондықтан жазылымның оқушы үшін психологиялық, әдістемелік және физиологиялық ерекшелігін басты назарда ұстаған абзал.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі - бір оқушылар жазуды тез әрі дұрыс меңгеріп кетсе, енді бір оқушылар аса зор қиындықпен үйренеді. Жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографикалық дағдылар мен шеберлікті ұштау үшін арнайы жұмыс түрлері жүргізіледі. Мысалы: әріптерді пайдалану арқылы бірнеше сөздер шығару, сөздерден сөйлем құрастырып жазу, мәтіндегі сөздердің қатесін тауып түзетіп жазу т.б. Фонетиканы қатысымдық тұрғыда оқыту үшін мұндай жұмыстарды сөйлеу әрекетіне байланыстырып берген жөн. Мұғалім әуелі әр баланың жеке психикалық ерекшеліктеріне көңіл аударып, әр оқушының жазу дағдыларын меңгеру қабылетінің деңгейі қандай дәрежеде екенін алдын ала біліп алғаны дұрыс. Сонымен қатар жазу барысында мұғалім дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді дұрыс қою сияқты ережелердің орындалуын қадағалап отыруы қажет.
Жазылымның физиологиялық ерекшелігі - жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрыс игеруді үйрету. Қолдың саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы, отырыстың пішіні т.б. - барлық адамның физиологиялық түр-тұрпатының алатын орны мен маңызы, қызметін ескеруді қажет етеді[3,112]. Жазылым әрекеті барысында оқушылар орындауға тиіс ережелерді мұғалім оқушыларға жазуға кіріспестен бұрын көрсетіп үйретеді. Мысалы: екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге тіреліп арқаң тік тұрсын; жазғанда көкіректі партаға тақап тіремей, партаның шетінен 3 см алшақ ұстап, түзу отыру керек. Оқушыларға партада түзу отыр, Қаламды дұрыс ұста деген плакаттар сыныпта және дәптердің алғашқы бетінде болуы қажет. Себебі мұғалім алдымен осы суреттер арқылы оқушыларға ережені түсіндіреді және сурет арқылы түсіндірсе оқушы тез жаттығады.
Бастауыш сынып оқушылары жазылым әрекетінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен біргежылдам әрі есте сақтап жазуға да үйренуі тиіс.
Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының жазылым әрекеті неғұрлым сапалы әрі тез қалыптасса соғұрлым каллиграфиялық талапқа сай және сауатты жазуды саналы меңгереді.
1.2 Қазақ тілі сабағындағы жазылым дағдыларын қалыптастыру жолдары
Білім берудегі 4 дағдының көздеген мақсаты әрбір тұлғаның жеке қабілеттерін ашып, өмірге бейім адамды қалыптастыру болса, соның ішінде жазылым дағдысының көтерер жүгі өте ауыр.
Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын білдіру деңгейіне бағытталады.
Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау (шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған дәлелді мәтіндер (үндеу хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, (әңгіме, шығарма, эссе жазу, хат жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын білдіру, цитатамен жұмыс.
Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз - тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.
Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.
Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.
Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді.
Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:
Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;
ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;
шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру
түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)
тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)
дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
1.3 Жазылым әрекетінде ескеретін жайттар
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген1. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Алайда, бұл шапшаң оқушылардың жазылымды игеріп алды деген сөз емес. Ең басты нәрсе, оқушының осы дағдыны өмірде қолдана алуы, сол қажеттілікті мұғалімнің оқушы санасына жеткізе білуі.
Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны танымал адамдардың мынадай сөздері арқылы дәлелдеуге болады.
Жазушының көп уақыты оқумен өтеді2;
Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды;
Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады. (Самуэл Джонсон)
Жазу құмырашының балшығы секілді пайдаға асқанша бірнеше түзетулерден өтеді. (Walsh)
Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren)
Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын:
1. Оқушылардан не туралы жазуды сұрайсыз?
2. Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?
3. Жазба жұмыстарын қалай түзетесіз?
4. Жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездесті?
Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады.
Оқушылар жазылым дағдысы бойынша мынадай жұмыстарды жаза алады:
Шағын өлең жолдары;
Шағын әңгіме;
Ашықхат (құттықтау);
Е-mail хаттар;
Диалогтер;
Қойылым сценарийлері;
Жарнамалар;
Газет-журналдарға мақалалар;
Пікірлер.
Оқиғаны аяқтау.
Эссе.
Бұл жазба жұмыстарын 5 бағытта топтастыруға болады: еркін жазу, әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, дәлелдеу.2
Көбінесе оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны жазуға кеңес берген дұрыс. Жазба жұмысын бастамас бұрын әр мұғалім кейбір ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударса екен. Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сабақ басында қарындаштарды жазуда сәттілік тілеп, сыйға тартсаңыз, шығармашылығын арттыруға тағы бір қадам жасар едіңіз. Жай ғана сыйға тартпай, қарындаш маған гүлдің жұпар исін, ағаштың самалын есіме салады2. Сіздердің жазған жұмыстарыңыз да табиғаттың осы бір ғажайыптарындай әдемі болады деп сенемін,-десеңіз тіптен әсерлі болары сөзсіз.
Сондай-ақ, әр оқушының жеке артықшылығын құрметтеу; барлық оқушыға сенім артумен бірге, реалистік тұрғыдан артықшылығын біліп, қателіктерін қабылдай білуге, ары қарай өсуге итермелеу; жеткен жетістікті ретін тауып атап өту; жазуды күнделікті дағдыға айналдыру - осының бәрі мұғалімнің көрегендігінде.
Жазылым дағдысы қарапайым стратегиялардан бастау алады. Олар:
-шимай жазу;
-сызбалар түсіру;
-сөздерді құрастыру;
-белгілеу;
-көшіру;
Тапсырмаларды осы бағытта құрған мұғалім еш қателеспейді.
Оқушының жұмысына жазбаша бағаны қалай беру керек?
Оқушы үшін сіздің жазған пікіріңіз маңызды. Ол дәптерін ашқан кезде, әуелі қателігін емес, соңында жазылған сіздің пікіріңізді оқиды. Пән мұғалімінің әдеттегі жазбалары мынадай:
Жазуыңды түзе!
Сауатсыз жазылған.
Қателіктер өте көп.
Барлық жерде ң әрпін тастап кеткенсің.
Салмақты ой айтылмаған.
Мұндай пікір баланың жанын жаралайтыны сөзсіз. Бұдан соң оның жазба жұмысын жазуға деген ниеті де қалмайды. Ол бірден дәптерді жауып тастайды.
Оның орнына, мейлі жұмыс қателікке толы болсын, бір жақсы тұсын тауып алып, соған жақсы пікір білдіріп, оған ақылдасқандай кейіп танытсаңыз, оқушының сізге деген реніші болмайды. Қайта ол сол қателіктерді түзеуге кіріседі.
Мәселен, Марат, жазуың моншақтай тізіліп тұр, менімен сырыңды бөліскеніңе үлкен рахмет- дей келіп, қорытындыңа тағы бір ойлар қоссаң қайтеді, әлде керек емес пе, мүмкін салыстырмалы түрде тағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz