МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
:
КІРІСПЕ . . .:
6:
: 1
КІРІСПЕ . . .: МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .
6: 9
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Мемлекет түсінігінің жалпы сипаттамасы және оның ерекшеліктері
6: 9
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Мемлекет нысанының түсінігі және элементтері: теориялық зерттеу
6: 18
:
КІРІСПЕ . . .:
6:
: 2
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .
6: 41
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы . . .
6: 41
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Шетелдердегі мемлекеттер нысандарының сан түрлілігі . . .
6: 52
:
КІРІСПЕ . . .:
6:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 67
:
КІРІСПЕ . . .:
6:
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ . . .
6: 70

КІРІСПЕ

Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысанының ерекшеліктері мен теориялық негізі» деп аталады. Жұмыс тақырыбым өте қызықты да күрделі болып табылады. Мемлекет нысаны бұл мемлекет және құқық теориясының әлі де зерттелуді талап ететін мәселелерінің бірі.

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекет дегеніміз басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Қысқаша айтқанда белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, саяси билік ұйымы. Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып саналады. Ал қоғам өзегі - адам, әрқайсысы бір бірімен тығыз байланысты.

Кез келген мемлекет әлеуметтік бағыттырынан басқа сыртқы белгілерімен де сипатталып, оның жиынтығын нысандар құрайды. «Мемлекет нысаны» дегеніміз мемлекеттің қалай құрылғандығы және мемлекетті кім қалай басқарады, ондағы мемлекеттің құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақ тұрғындары қалай біріккен, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді. Егер «мемлекеттің негізі» санаты, мемлекеттің басты заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекет нысаны оның негізгі үш элементінің бірлестігі: басқару нысандары, мемлекеттік құрылыс нысандары және саяси режим. Бұл жиынтық мемлекеттің құрылымы және ұйымдастырылуы жақтарының негізі болып табылады.

Мемлекеттің басқару нысандары мемлекет үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Басқару нысандары мемлекеттің Ата заңына яғни Конституциясына негізделуі тиіс. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Басқару нысаны төмендегідей мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

  • мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады;
  • жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастар;
  • жоғарғы мемлекеттік органдардың азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуі.

Мемлекет құрылыс нысаны дегеніміз мемлекеттің ішкі құрылымын, ондағы ұлттық-мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында орталық мемлекеттік билік пен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Мемлекеттің құрылыс нысанының екі түрі бар:

  1. Жай (Унитарлы мемлекеттер)
  2. Күрделі (Федерация және Конфедерация)

Мемлекеттік достық немесе мемлекеттік аралық бірлестіктер мемлекеттік құрылым нысандарына жатпайды бірақ мемлекет және құқық теориясының институт шеңберінде қарастырылады және зерттеледі.

Саяси режим дегеніміз оның мәндік-мазмұнды жағының көрінісін, мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, ылғал әдістерінің жиынтығын, мемлекет құрлымын оның басқа жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекеттік нысанның тағы бір компоненті болып табылады. Бұл нысанның екі түрі бар: демократиялық және антидемократиялық.

Саяси бостандық дәрежесі мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым-қатынастарын, бір жағынан, олардың арасындағы да, екінші жағынан партиялар мен халықтың арасындағы өзара қарым-қатынастың моральдық-психологиялық ахуалы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыс барысында мемлекет нысанының әрбір түрлеріне тоқталып, мағынасы ашылады.

1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып саналады [1] . Президенттік басқару әр елде әр түрлі болады. Басқару нысанының бұл түріне тән ерекшеліктер:

  1. Президентті Парламентсіз сайлау (халық сайлауы) ;
  2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
  3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.

Сондықтан да кез келген мемлекет құқықтық құрылым ретiнде белгiлi бiр басқару нысандарының болуын қажет етеді, бір-бірімен тығыз байланысты. Адамзат қоғамы дамып, өскен мемлекеттiк құрылым күрделенген сайын мемлекеттi басқарудың нысандыры да күрделене түседi. Қазiргi қалыптасқан бiз бiлетiн мемлекеттердiң басқару нысандары, құрылым нысаны сан түрлі болып келедi. Егер мемлекеттi басқарудың нысаны ұтымды болатын болса мұндай мемлекеттiң болашақта қалыпты да қарқынды дамуына үлкен мүмкiндiк туындайды. Мемлекеттiң нысаны осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн яғни, актуальдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады.

Мемлекетіміздің Республика екендігі атынан анық болса, ал унитарлы екеніміз Конституциямыздан айқын. Бұл терминнің астарында не жатқанын зерделеп, маңызы мен ерекшеліктерін түсінуге күш саламыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз алғаннан кейін мемлекеттік саясатымызда және мемлекеттік құрылымда елеулі өзгерістер болды. Жоғарыда қарастырылған жағдайларды өзімнің еңбегімде ашып көрсетемін.

Мақсаты : Құқықтық тұрғыдан мемлекеттi нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын оған байланысты құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыруды, шетел мемлекеттерінің нысанының ерекшелігін талдап және де сол мемлекеттердің билік ету ерекшеліктері мен жетілдіру бағыттарын ашуды өзiме мақсат етiп отырмын.

Міндеті : Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттарына жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Жалпы мемлекет түсінігі мен мемлекет нысанының түсінігін ашу;
  • Мемлекет нысаны мазмұны мен элементтерін анықтау;
  • Қазақстанның мемлекет нысанының қалыптасуы мен дамуының және оның жетілуінің мәселеріне тоқталу.
  • Шетел мемлекеттерінің унитарлы, конфедерациялық, федерерациялық түсінігін ашу.

Теориялық маңыздылығы. Таңдап алынған зерттеу тақырыбы төңірегінде шетелдік және қазақстандық заңгерлердің еңбектері басшылық. Соның ішінде дипломдық жұмыста ресейлік заңгер ғалымдардың, мысалы Чиркин В., Звиревич В. Т., Исаков В. Б., Бабаева В. К., Наумова С. Ю., Мордовца А. С., Касаева Т. В., Колотов А. Ф., Симонов В. Н., Скуратов И. В., Субботин А. Л., Матвеева А. Г. еңбектері пайдаланылды.

Ал Қазақстандық заңгер ғалымдардың ішінен С. Өзбекұлы, Ө. Қопаев, Ғ. С. Сапаргалиев, Қ. Д. Жоламан, А. М. Каратаева, М. М. Қарасартова, Е. Өміржанов, Е. Б. Ахметов, Т. Ағдарбеков, У. Ш. Шапақ, Ж. Р. Темірбеков, М. Т. Баймаханов, С. Т. Молдабекова, А. Қ. Мұхтарова, С. К. Амандықова, А. Турлаев, Н. Ж. Сарсенбеков, С. А. Табанов, Д. Д. Түркбенбаева, Г. Н. Жарылғасымова, К. Т. Байжанова, Қ. И. Оспанов, Б. Ж. Қуандықов, М. Т. Габдуалиев, М. М Кожухова, Ж. Т. Мусаева, М. А. Сейдинова, Е. К. Нұрпейсов, А. К. Абельдинов және тағы да басқалардың зерттеу жұмыстары қарастырылды.

Зерттеу объектісі. Қазақстан және шетел мемлекеттерінің нысанының қалыптасуының түсінігі мен ерекшеліктерін қарастырып, олардың қызметін айқындап ашу.

Зерттеу пәні. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады. Ең негізгісі мемлекеттің нысанының түсінігі, сипаттамасын және мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар мен мемлекеттің мәні және шетел мемлекеттерінің нысанын ерекшетіктерін талдап және де сол мемлекеттердің билік ету ерекшеліктері мен жетілдіру бағыттарын ашып көрсетіп, оны қарастыру.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Мемлекет түсінігінің жалпы сипаттамасы және оның ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттің біртұтастығы мен аумақтың тұтастығы атап көрсетілген. Біртұтас мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы өзіндік мемлекеттілігі жоқ әкімшілік аумақтарға бөлінген біртұтас, саяси біртекті құрылым болып табылады. Қазақстан біртұтас мемлекет ретінде біріңғай азаматтықтың, біріңғай мемлекет аппарат құрылымының болуымен, айтып кеткендей әкімшілік-аумақтық құрылыстың иерархиялық, заңдылықтың біріңғай жүйесімен, біріңғай сот жүйесімен сипатталады [1] .

Осы баптың мазмұнын ашу үшін мемлекеттің шығу тарихының мазмұны мен мемлекет нысанына түсіндірме беремін.

Мемлекеттің пайда болуының өзінің сипаты мен бағытталуы мен ерекшелігіне қарай нысанын қажет етпеген мемлекет болғанға дейінгі басқа нысанадарды пайдаланып келген алғашқы қоғамның даму кезеңдерімен тікелей байланысты. Экономикалық және басқа салаларының өте төмен деңгейде ерекшелентін алғашқы қауымның объективті түрде қарағанда мемлекеттің деңгейіне өсуі еді. Олар жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан өздерінің өткен өмірінің ашық та, анық таңбасы бар жағдайды бірден бағдарлай немесе іс-әрекетінің аяғы неге апарып соғатындығын да болжай алмайтындығымен cипатталатын.

Алғашқы қауым қалыптасуы, оның тіршілік ету үшін шағын отбасылық топ болатын, қауым болу үшін көбірек топтасуы кажет еді. Алғашқы қауымдық созылуы еңбек құралдарының жетілуіне байланысты, оның сапа жағынан өзгеруінің алғышарттары туындады. Еңбек өнімділігінің сапалануы мен мәдинеттілік, адамгершілік дами бастады. Алғашқы қауымдағы құрылыста сапалы жаңа өндіріске көшу себебі, қоғамда еңбектің бөлінуі, әйел мен еркектің қызметі олардың табиғатына қарай жүзеге асты.

Қоғамның кез келген түрінде оның саяси негізі көзі билік болып тұрады. Қоғамдағы негізгі сұрақтар жасы үлкен мүшелердің отырысында шешілді, қаралды. Ерекше қасиеттер мен тәжірибеге ие болған халықтың даусы сайланатын рубасылар ақсақалдар кеңсесінде туындаған сұрақтарды қарап, шешім қабылдап отырған. Осы уақыттағы билік біртұтастыққа ие бола бастады. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалық тірегі өндірістік қатынастар қамтыды. Даму жағынан өндіргіш күштерінің өте төмені жеке меншіктің дамымауы адамдар тіршілігіне қажетті азық-түлік пен киім кешікті ала алмады. Соның нәтижесінде адамдар бірігіп еңбек ете бастады. Өндіргіш күштердің дамуына зор үлескен қосқан факторларды атап өткен абзал.

Мемлекеттің пайда болуының үш қоғамдық еңбек бөлінісінің болуымен сипатталады. Алғашқы да егіншілікен мал шаршалық бөлініп шыға бастады. Жануарлар қолға үйретілді, кейінірек оларды бағып өсірі арқылы малшы тайпалар жабайылардың тобынан бөліне бастады. Қоғамның келесі еңбек бөлінісінің түрі егіншіліктен қол өнердің бөлініп шығумен ерекшеленеді, адамның жұмыс күшінің құндылығы арта бастады. Үшіншісі саудагерлердің пайда болуы, өздері өндірумен айналыспайды бірақ тұтынушыларды тәуелділі етіп қояды. Бұл жағдай алғашқы қауымның ыдырауына әкеп соқты. Содан бастап мемлекет деген ұғым пайда болды [2, 44-45 б. ] .

Топтар-туыстық қатынастар тобынан тұрды, ал туыстық қатынасы жоқ адамдарда бір-біріне сенімсіздігі пайда болды. Уақыт өте келе қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектене бастады. Құрал-саймандардың жетілуіне байланысты еңбек өнімділігіде өсті артық өнім жеке адамдардың меншігіне айналды. Рудың басқару жүйесі: ру мүшелер даусы тең болды, рудың жалпы жиналысында шешім қабылданатын, ру басшысында әскер басын сайлау құқығына ие болды сондай-ақ олардың қызметіне бақылау жүргізіп отырады. Тақыр жерде мемлекет пайда болған жоқ, ол рулық басқарудың жалғасы болып табылады. Олардың арасындағы жақсы жаңалықтан кенде емес, кейбір институттармен сабақтастығы анық көрінеді.

Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастады. Ол үшін олардың мынандай ерекшеліктері болуы керек болды:

  1. Сол кездегі іс-әрекеттің негізгі саларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік ортақ шаруалықтың жүргізе асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыру;
  2. Туыстық жағынан аса жақын емес мақсат, мүдделері жақын емес, айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, қауіп қатерден бірлесіп қорғануы керек еді;

Осыған сәйкес ру басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселеріне ру мүшелерінің даусы тең болды, рудың жалпы жиналысында бәрі шешіліп қаралатын.

Жалпы жиналыста қандай да бір қоғамдық міндет жүктелген ру басшысын, әскер басын және басқа адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Экономика саласында болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен күнге өндіргіш күштер жетіліп, біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық жаңадан тірлік ету жағдайында қайшылықтар кездесе бастады. Оның өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға, мемлекетке жол беру керек болды.

Экономикалық жағдай рулық-қауымда билікті құруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан қоғамға әрбір мүшелерін ерекшелендіретін өкімет керек болды. Бірінші жағынан үстем таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан экономикалық тәуелділікті жою үшін органдар құруды талап етті. Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Мемлекеттің алғашқы құрылымнан айырмашылығы өкімет, қоғамдық жұмысты атқаратын барқарумен айналысатын арнайы органдарының болуы. Көріп отырғанымыздай, алғышқы қауымдық қоғам дамуының, әрекет етіп отырған барлық факторлардың - объективті және субъективті, маңызды және екінші кезектегі - жиынтығы мемлекттің пайда болуына алып келеді. Жалпылама түсіндіргенде мемлекеттің пайда болуы теориясының қысқаша мазмұны осылай, бірақ әр мемлекеттің пайда болуының өзіндік тарихы және ерекшіліктері бар [3, 19-35 б. ] .

Заң ғылымдарында ең бір өзекті мәселелердің бірі болып мемлекеттің билік мәселесі яғни мемлекеттің өзі болып табылады. Мемлекеттің мәніне қатысты түрлі көзқарастардың, теориялар мен тұжырымдамаладың бар екені белгілі. Олардың ойларының ортақ пікірі болып мемлекеттің дербестікке, егемендікке ие саяси институт, саяси ұйым болып табылуы.

Егер саяси пікірдің классиктерінің идеяларына жүгінсек онда саяси теорияның негізін қалаушы Аристотельдің теориясына тоқталуы керек. Аристотельдің пікірінше мемлекет - бұл адамдардың белгілі бір әдістермен тәсілдермен өзара ықпалдаса отырып, адамдардың көпшілігі болып табылады және өмірдің қажеттіліктері үшін пайда болған ерекше түрдегі ұжым ретінде түсіндіреді. Аристотель мемлекеттің келбетіне оның барлық мүшелерінің мемлекеттің тұтастық қырын бөліп көрсетті. Оның ойынша «Мемлекеттің бірлігі үнемі күшейе берсе, мемлекет болудан қалуы анық. Егер ол бірлікке ұмтыла берсе мемлекеттен отбасы құрылып, ал отбасынан жеке бір адам қалдмайды ма?» [4, 105 б. ]

Осы жерде Аристотельдің ойына келіспеймін себебі «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген атам қазақ, бұл тарих - заң болып саналады. Сондықтан да мемлекет бірлігі - еліміздің кілті, ең басты мәселесі. Қазақ әлсіресе - алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірлікпен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, отбасындағы сыйластық пен татулықпен келеді, мемлекет те солай.

Цицеронның пікірі бойынша, мемлекет дегеніміз - адамдардың одағы, яғни ортақ құқық және ортақ пайда беретін, осы тұрғыдан біріккен одақ деп қарастырады. Аристотель секілді Цицерон да мемлекетті анықтауды халықтың жетістігімен байланысты екеуінің теориясы түсініктерінше мемлекет көне игі жағдай. Цицерон былай дейді: «Егер барлығына ақыл мен рух тұрғысынан қарайтын болсақ, барлық қоғамдық байланыстармен салыстырғанда біздің әрқайсымыз үшін мемлекетпен байланысымыз ең бір маңызды, неғұрлым қымбат болып табылады. Бізге ата-анамыз, балаларымыз, туыстарымыз, достарымыз қымбат, алайда бір ғана отан барлық адамдардың бүкіл байланыстарын қамтиды. Цицерон адамзаттық тіршіліктің бірнеше сатыларын анықтайды, ең маңыздысы ретінде азаматтық қауымды есептейді. Оның «Міндеттер туралы» трактатында барлық азаматтарды біртұтастыққа құрайтын азаматтық қауым мемлекет ретінде анықталады [5, 99 б. ] .

Қазақстандық ғалым Ғ. С. Сапарғалиев мемлекетті бәрінен бұрын оны зайырлық тұрғысынан қарау керек деген. Мұны да жоққа шығара алмаймыз.

Мемлекетті сипаттау кезінде әр түрлі көзқарастар бар. Бір-біріне қайшы келетін екі түрлі көзқарасқа келсек: марксистік және таптық теория. Марксистік экономикалық теория, саяси идеялар пайда болуына және одан кейінгі дамуына, ерешеленуне серпін берді. Белгілі бір класс индустриялды қоғам құрылымынан алынғандай саналады. Осыған орай, олардың оппозициялық саясат өте мәнді деп есептелінеді. Екінші тұжырымдама мемлекеттің ортақ мақсаттрына жетуі, мемлекет пен халықтың, әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынасын белгілеу болып табылады. Ғ. С. Сапарғалиев аталып кеткен яғни жоғарыдағы теориялар мен тұжырымдамаларды жоққа шығармайды. Мемлекеттің көп қырлығына байланысты түсінігі мен әлеуметтік жағдайына талдау қажетті [6, 46-47 б. ] .

Қазақстандық ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Копабаевтың /Ө. Ш. Жалаири/ пікірінше мемлекет арнайы бір кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, арнайы адамдардың құқытық негіздерін ұйымдастыратын саяси жүйе. Қазіргі мемлекеттердің мәні мен түсінігі анық ашу өзекті мәселе болып табылады. Мемлекет әр қашанда тарихи түрде дымып, функциялары да соған сәйкес өзеріп отырады. Мемлекетті анықтауда өз теориясында «егемендік», «егеменді билік» ұғымдарын қолданады. Егемендік - мемлекеттің тұрақты және абсолютті билігі деп санайды. Мемлекетті саяси одақ немесе қауымдастық ретінде емес, егемен билікті тікелей жүзеге асырушы ретінде ұғынады [7, 69 б. ] .

Еуропалық ортағасырлық дәуірде бірқатар ойшылдардардың мемлекет туралы еңбектері бар. Мысалы Фома Аквинский оның ойынша мемлекет көл өнершілермен, жер өндірішілермен, солдат мен саясаткерлердің саяси қауымдастығы. Фома Аквинский үшін мемлекет жаратушы билік етуші болып табылатын құдай болып есептелінетін әлемдік тәртіптің ажырамас жағдайы. Мемлекетті қасиетті объект деп есептеу үшін осы көзқарас жеткілікті себебі, мемлекеттердің көптігі жағдайында қасиеттілік белгісін байқау мүмкін емес.

Осы көзқарастарында Джон Локта «Басқару туралы екі трактат» еңбегінің өзінің көзқарастарын нақты түсіндірген: мемлекет ұғымының астарында демократия немесе басқарудың басқа формасы емес, латын тілінде civіtas сөзімен анықталған кез келген қауымдастықты түсінемін, біздің тілімізде community адамдардың нақты осындай ұғымды білдіреді деген екен.

И. Кант «Ғұмырлық әлемге» атты философиялық жобасында мемлекет орналасқан жер секілді мүлік емес, мемлекет өзін өзі басқаратын өзіне иелік ететін адамдар қауымы деген [8, 260 б. ] .

Мемлекет жария билікті жүзеге асырушы саяси ұйым болуы, мемлекетте түрлі ұйым болуы мүмкін бірақ мемлекет ерекше ұйым болып есептелінеді, неліктен деген сұрақ туындаса ол барлық қоғамды қамтитын, қоғам үшін және қоғам атынан қызмет ететін саяси ұйым. Басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын бағытын анықтайды. Сонымен мемлекеттің қоғам өмірінен тікелей және жанама әсер ететін саяси ұйымдардан ажырататын белгілерінің бірі басқа мемлекеттерден тәуелсіз болуы. Мемлекеттің органдары болады, сыртқы жаулардан сақтану қарсы барлау жүзеге асырылады. Мемлекет органдарының және оның қызметін атқаратын, қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қорының болуы.

Қазақстанның аумағында мемлекеттің пайда болуын айтатын болсақ, табиғи-географиялық, топырақ-климаттық жағдайлары, аумақтағы халықтың ерекшеліктері, алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде басқару нысаны қалыптастыратын, дамытудағы, тіршілік етуге әсер етті. Қазақстан аумағында көптен миграциялық тасқындардың түйіскен жерінде, халықтың жер аударылуы жолында болғандығыныңда әсері болды. Осының барлығы аталған аумақта мемлекеттіліктің пайда болуының бірқатар ерекшеліктерінің болуына алып келді.

Қазақ даласы бірнеше халықтың (сақтар, үйсіндер, хундар, сарманттар және т. б. ) мекені болғандықтан, бірі екіншісін қуып шығып, өздері «келімсектердің» шабуылына ұшырап жатты. Кейде, мемлекеттің бір халықта пайда болған нышаны соғыстан немесе тағыда басқа жағдайлардың салдарынан жойылып кетті, бірақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін басқа да халықтарда пайда болды.

Дамудың мемлекеттік сатысында жеткен көршілері жаулап алған алғашқы қоғамдық құрылыстың сатысындағы кейбір тайпалар мемлекеттілікке өз еркінен тыс ұмтылады. Мысалы, Александр Македонскийдің парсы пашалары Кирдің, Дарий I-дің әскери шабуылына ұшырады: олардың толық немесе жартылай жаулап алуы, жаулап алушылардың басқарудың мемлекет нысанын енгізумен жүргізілді. Тәуелсіздікті алған бұл тайпалар, мемлекетке дейінгі нысанға қайта оралу мүмкіндігіне ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет қоғамның ресми өкілі
«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекет басқару нысаны
МОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Мемлекет және құқық теориясының пәні туралы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Құқық теориясы
Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz