Ұялы телефон



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Ұялы телефонның зиянды және зиянсыз жақтары
Секциясы: Физика
Жетекшісі: Абилов С.К

Мазмұны:

Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Зерттеу тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
II. Негізгі бөлім
1. Ұялы телефонға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 6
2. Ұялы телефонның зиянды жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Ұялы телефонның артықшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

III. Зерттеу бөлімі
1. Байланыс құралының адам өміріне тигізетін әсерін анықтау..11
2. Ұялы телефонның қолдану ережелерін білу ... ... ... ... ... ... ... 14

IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...17
Пікір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Зерттеу жұмысына арналған күнделігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .19

Аннотация
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.Бұл жұмыста ұялы телефоның адам өміріне әсерін физика заңдылықтары бойынша анықтау жүргізілген.Оның пайдалы және зиянды жақтарын зерттей келе қоғамдағы рөлі туралы айтылған. Ұялы телефонды қолдануға болады, егер де қолдану ережелерін дұрыс сақтай білсе.

Мобильный телефон - создание радиосетей для связи через оборудование.Исследования, проведенного в данной работе закономерности влияния мобильного телефона на здоровье человека с помощью физики. Говорится о вредных и полезных старон, исследуя его роль в обществе. Мобильный телефон можно использовать, но нужно знать правильного применения положений.

This mobile phone on the lives of people at work by the laws of physics research.A mobile phone for communication via radio relay equipment and referred to its role in societ.You can use your phone , if you apply the rules properly.

Зерттеу мақсаты:
Қалта телефонының адам өміріне тигізетін әсерін зерттеу. Ұялы телефон туралы толығырақ білу және оны қолдану ережелерімен танысу.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі:
Ұялы телефонға толық мәліметтер берілген және де оның пайдасы мен кемшілігі туралы зерттеу жұмыстары жазылған.

Зерттеу нысаны:
Ұялы телефон.

Зерттеу кезеңдері:
2019-2020 жылдар - Ұялы телефонның артықшылығы мен зиянды жақтары бойынша физика заңдылықтарымен байланыстыратын мәліметтер жинау.
2019-2020 жылдар - осы тақырыпқа байланысты оқушылардан алынған сауалнама арқылы зерттеу жүргізу .

Ғылыми жұмыстың жаңалығы:
Әрбір адам ұялы телефонның денсаулығына зияндылығы туралы біліп, өзін оны қолданудан шектеу.

Кіріспе

Қазір ХХI ғасыр. Техниканың нағыз дамыған кезеңі болып табылады. Алайда, осы шығарып жатқан құралдардың бәрі адам өміріне зиянын келтірмейді деп айта алмаймын. Мысалы, ұялы телефон. Қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған. Ұялы телефонның дамып кеткені соншалықты, кез - келген адам ұялы телефонсыз өмір сүре алмайды деп те айтуға болады. Жұмыста жүрсең де, сабақта да, серуендеуге шықсаң да өзіңмен бірге алып жүресің. Бұл заңдылық. Бірақ, қалта телефонына қалай тәуелді болып қалғаныңды да байқамайсың. Қазір ұялы телефоныңды алып қойса, бір минутта шыдай алмайсың.Яғни, ұялы телефонның пайдасынан да бөлек, зиянды жақтары өте көп. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Мобильді телефондар, смартфондар, қалта компьютерлері кеңседе де одан да тыс жерлерде де, жай өмірде де, қысылтаяң күтпеген кезеңде де қолдан түспейді. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы сотка дегенің адамға қаншалықты пайдалы? Зияны қандай ?
Қалай десек те , XX ғасырдың бұл жаңалығы коммуникация мен ақпарат дәуірі саналатын XXI ғасырда адамзаттың сенімді көмекшісі болып қала бермек. Менің осы тақырыпты таңдап алған себебім: маған осы жайттарды зерттеп, ұялы телефонның артықшылығын және адам өміріне тигізетін қауіп - қатерін талдау өте қызық болып отыр.

Негізгі бөлім
1.Ұялы телефонға жалпы сипаттама
Ұялы телефон -- радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, қоңырау деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды. Төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Яғни, ол қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Ал енді, ұялы телефонның түрлеріне тоқталсақ.
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
* Қалта телефоны
* Ұялы бейнетелефон
* Смартфон
Олардың пішініне қарай түрлері өте көп. Оның ішінде атап айтатын болсақ: жайылмалы, моноблокты, сырмалы, әртетікті т.б
Қалта телефонында қоңырау шалу, қоңырауды қабылдау, SMS, соңғы кездері фото(бейнекамера), Ғаламтор, MMS, Bluetooth және сол сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.Ұялы телефонның бұл түрі пернелерімен(кнопка) ерекшеленеді.
Смартфон (ағылш. smart -- білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.Оның басты ерекшелігі: басқаларға қарағанда көлемі дәу болып келеді.

2. Ұялы телефонның зиянды жақтары:
Біздің асыққан заманда ұялы телефон - уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес. Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, ғаламтор мен әлуметтік желілерде отырамыз. Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Сол қалта телефоны денсаулығымызға қалай әсер ететіні жайлы жалпы көпшілік не біледі? Сіз оны зиянсыз деп ойлайсыз ба? Асықпаңыз...
Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар.Электромагниттік толқындарды тұрғын үйдің теледидарында, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғыштарда, компьютерде, ұялы телефондарда болады. Электромагниттік толқындардың 1000 мГц таралу керек болса, электро техникалық құрылғыларда кейде одан көп асып кетеді. Солардың бірі - ұялы телефон. Мен сіздерге ұялы телефондарыңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламын:

1. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді. Электромагниттік толқындарының қуаты да әртүрлі болады. Көп елдерде электромагниттік толқындардың қуаты 1,6 Вткг. болатындай көлем алынған. Ұялы телефонның электомагниттік толқынының қуаты аз болғаны жақсы. Қазіргі кезде SAR ұялы телефонының қуаты 2ВТкг- нан аспайды. Осыдан 7-8 жылдан бұрын шығарылған AMPS-800, DAMPS-800, NMT-450 ұялы телефондардың қуаты бұл көрсеткіштен анағұрлым көп болған, ал қазір олардың қуаттары 1,5Вткг, және 0,5Вткг аспайды. Ең аз қуат көрсеткіші CDMA құралында, оның қуаты 0,1Вткг- нан аспайды. Барлық ұялы телефондарда аз қуатты қондырғылар орнатылған. Автокөліктердің ішіндегі ұялы телефонның қондырғы қуаты 3 ватт, ал қарапайым ұялы телефондарда барлығы 0,75 - 1ваттқа тең. Қондырғылар ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан. Радиоқондырғылар антеналардың функциясы ғарышқа радиотолқындарды жіберіп тұру үшін арналған. Базалық станцияларда электромагниттік толқындардың қуаты 5Вт тан 20Вт дейін барады, ал үлкен қалаларда тіптен көп болуы мүмкін. Осыдан барлық жерде сәуле шашуы болуы мүмкін деген ой туындайды. Ұялы телефонның зияны жоқ деп шешкен канадалықтар осындай базалық станциялардағы антеналардан бөлінген электромагниттік толқындардың сәулелері адамға өте қатты зиян екенін анықтаған. Адамның миы электромагниттік толқындардың сәулелерін әртүрлі қабылдайды. Электромагниттік сәулелер адам ағзасына өте қатты зиян тіпті кейде өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл айтылып отырған ұялы телефондар қандай маркалы телефондар деп ойлап отырған шығарсыздар. Бұл телефондардың бәрі сіздің қолыңыздағы ұялы телефондар.

2.Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. Ал Россияның ғалымдарының зерттеу барысында NMT-450, AMPS-800 ұялы телефондарымен сөйлескен кезде адамның миының биоэлектрлік жылдамдығына әсер ететіні байқалған. Адамның миы электромагниттік толқындардың сәулелерін әртүрлі қабылдайды. Электромагниттік сәулелер адам ағзасына өте қатты зиян тіпті кейде өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін.
3.Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Швед ғалымдары (Lund University) егеуқұйрыққа жүргізген тәжірибелеріне сүйене отырып, телефонның тарататын электромагниттік жүйе бас миының қызметі мен құрылысына әжептеуір әсер етеді деген пікір білдіреді.Егеуқұйрықтар миын микроскопиялық тексеруден өткізгенде оның құрылысында альцгеймер ауруында кездесетін өзгерістер байқалған. Яғни, орталық жүйке жүйесінде өзгерістер пайда болған, ДНҚ құрылысы ауысқан.

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз.
Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.

3.Ұялы телефонның артықшылығы.
Ұялы телефон - сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телефонның шығу тарихы
Ұялы телефондардың тарихы
Телефонның пайдасы мен зияны
Ұялы телефондардың зияны
Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Қолданбалы бағдарламалар пакеті
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Ұялы телефон дүкен администраторының жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
Жай ұялы телефон смартфон
Пәндер