Шалқар ауылдық округі, орталығы Жылтыр ауылы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ТҮЙІНДЕМЕ

Тақырыбы : « Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ауыл шаруашылық кәсіпорындарын құру барысында ГАЖ технологиясын қолдану».

Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс 60 беттен, кіріспеден, негізгі 3 бөлім, қорытындыдан және 39 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қоса, жұмысты жазу барысында 11 кесте, 18 сурет құрастырылып, пайдаланылды.

Жұмыстың мақсаты: Ақтөбе облысы Шалқар ауданы аумағындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының құрылу барысында Гаж технологиясын пайдалану.

Түйін сөздер: географиялық ақпараттық жүйе, бизнес-жоспар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары.

Зерттеу әдістері: дипломдық жұмысты жазу барысында статистикалық әдіс, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

РЕФЕРАТ

Тема: « Применение технологии ГИС при создании сельскохозяйственных предприятий Шалкарского района Актюбинской области».

Обьем и структура работы: Дипломная работа состоит из 60 листов, введения, 3-х глав, заключения и 38 списка использованной работы. Также, во время работы было создано и использовано 11 таблиц и 18 рисунков.

Цель работы: Использование технологии ГИС при создании сельскохозяйственных предприятий на территории Шалкарского района Актюбинской области.

Ключевые слова: географическая информационная система, бизнес-план, сельскохозяйственные предприятия.

Методы исследования: При определении особенностей природного состояния использовались статистический метод и метод сравнительного анализа.

ABSTRACT

Subject: The use of GIS technology in the creation of agricultural enterprises of the Shalkar district of Aktobe region.

Volume and structure of work: Diploma thesis consists of 60 lists, an introduction, 3 main parts, conclusion and 38 list of references. Includes and used 11 tables and 18 picture.

Objective: T he use of GIS technology in the creation of agricultural enterprises in the Shalkar district of Aktobe region.

Keywords: Geographic information system, business plan, agricultural enterprises

Study methods: Research methods: The features of the natural state, the statistical method and the method of comparative analysis were used.

ГАЖ - Геоақпараттық жүйе

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖШС- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ІҚМ -Мүйізді ірі қара

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 4

1. 1. Шалқар ауданының жер қоры, табиғи жағдайлары . . . 4

1. 2. Ауданның негізгі табиғи-географиялық жағдайы . . . 6

1. 3. Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың даму жағдайы, қалыптасу ерекшеліктері . . . 10

2 ШАЛҚАР АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ БАРЫСЫ . . . 16

2. 1 Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың құрылу кезеңдері мен қазіргі жағдайы . . . 16

2. 2 Бизнес-жоспар түсінігі және құрылу жолдары . . . 23

2. 3 Мемлекеттік қолдаулар және мал басын көбейтуге арналған бағдарламалар . . . 28

3 ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ . . . 34

3. 1 Геоақпараттық жүйелердің маңызы мен сипаттамасы және оларға түсінік беру . . . 34

3. 2 Ауыл шаруашылығы саласындағы ГАЖ алатын рөлі мен маңызы, ерекшеліктері . . . 39

3. 3 Ауданда шаруа қожалықтарын құру мен дамытуда Аrcgis бағдарламалық құралын пайдалану . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы-материалдық өндірістің маңызды салаларының бірі және экономиканың бір саласы. Оның мақсаты халықты ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру барысында алынған өнімдермен немесе шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Шаруашылық құрылымы көптеген элементтерден тұрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны - бұл шаруашылық элементтерінің бірі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы кәсіпорындардың ерекшелігі олардың табиғи-биологиялық жүйені (жануарлар, жер және өсімдіктер) қалпына келтіруден толық немесе ішінара тәуелділігі болып табылады.

Қазақстан-ауыл шаруашылығы халықтың негізгі бөлігінің тіршілік ету саласы болып табылатын агроиндустриялық ел. Ауылдық жерлерде бүгінде халықтың қырық үш пайызы тұрады, және ауыл шаруашылығы өндірісінің даму дәрежесіне тек осында жұмыс істейтін адамдардың ғана емес, сондай-ақ осы саламен қандай да бір дәрежеде байланысты адамдардың өмірлік деңгейі байланысты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейімен қазақстандықтардың көпшілігінің әл-ауқаты тығыз байланысты. Ресми статистикаға сәйкес, елдің барлық аумағының төрттен бір бөлігі дала жерлері ретінде сипатталады, жартысы жартылай шөлейт және шөлейт аумақтар ретінде, қалған төрттен бір бөлігі тау етегі болып табылады. Ел аумағының 80% - ы ауыл шаруашылығы жерлері ретінде сипатталады, бұл 200 млн га құрайды. . Ел халқының шамамен 45% - ы ауылдық аумақтарда тұрады және экономикалық белсенді халықтың 30% - ы ауыл шаруашылығы секторында жұмыспен қамту есебінен қалыптасады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 8. 5 млн жұмыспен қамтылғандардың 2 млн-ы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы- мал шаруашылығы болып табылады, ол халықты азық - түлікпен, ал жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Жыл сайын Қазақстанда жеті жүз елу мың тоннаға дейін ет, төрт жарым миллион тоннадан астам сүт, екі жарым миллиард дана жұмыртқа, отыз мың тонна жүн өндіріледі.

Аграрлық өндірістің серпінді дамуы өндірістік және басқарушылық міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты жинау мен өңдеудің қазіргі заманғы технологияларын енгізуді талап етеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың тиімділігін арттырудың неғұрлым перспективалы бағыттарының бірі геоақпараттық технологиялар базасында Ақпараттық жүйелерді пайдалану болып табылады. Мұндай жүйелер келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- шешім қабылдауды ақпараттық қолдау;

- агротехникалық операцияларды жоспарлау;

- агротехникалық операциялардың мониторингі және егістіктің жай-күйі;

- дақылдардың өнімділігін болжау және шығындарды бағалау;

- техниканы пайдалануды жоспарлау, мониторингілеу және талдау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы:

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы аумағындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының құрылу барысында Гаж технологиясын пайдалану, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және экономикалық қызмет салаларын кеңейту негізінде ауылдық елді мекендер тұрғындарының кіріс деңгейінің өсуі;

ауыл тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету саласын дамыту, кәсіпкерлікті дамыту барысындағы қазіргі заман технологияларын қолдану арқылы негізгі бағытты оңтайландыру.

1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ -ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  1. Шалқар ауданының жер қоры, табиғи жағдайлары

Шалқар ауданы - Ақтөбе облысының оңтүстік шығысында, Арал экологиялық аймағында орнaлacқан, шaлғай жатқан аудандардың бірі. Аймақ алаңы -61, 85 мын, ш. Км құрайды. Аудан Өзбекстан, Қызылорда облысы, Ақтөбе облысының Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарымен шекаралас. 1 ш. кm жерге 0, 8 адамнан келеді. Аудан аумағы қошқыл топырақ аймағына жатады. Топырақ қабатының ерекшелігіне қатты тұздануы, басым бөлігінде жеңіл механикалық құрамы, гидроморфтық топырақтардың кең таралуы, шөлейт және тақырлардын, басымдығы жатады. Негізінен жеңіл саздақ және құмды механикалық құрамы қарапайым қошқыл және қошқыл сор мен олардың шеп сортанды жиынтықтары кеңінен таралған. Су арналарында жайылымдық және аллювиалдық-жайылымды топырақтар, жиірек тақыр және сортандармен жиынтықтар, сортаң немесе шөлейт тақырлар араласқан жайылымцы қошқыл сор топырақтар болады. Бұдан шығатын қорытынды, Шалқар ауданының орналасқан аумағы және топырақ құрамы мен қабатының жайылуы ондағы таралған өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің таралуы аудандағы негізгі алып жатқан ауыл шаруашылық алқап түрі- жайылымдық жерлер екенін көреміз. Сондықтан да негізгі халықтың тұрмыс тіршілігі мал шаруашылығымен тікелей байланысты.

Ауданда тіркелген 491 шаруа қожалықтары, 9 ауылшаруашылық кооперативтері және 1 өндірістік кооператив ауыл шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосып келеді. 2020 жылдың 1-ші қаңтарына ауданның барлық меншік түріндегі шаруашылықтарында мүйізді ірі қара - 39943, қой-ешкі - 98055, жылқы - 25738, түйе -11568 бас болып, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда мүйізді ірі қара - 104, 7, қой-ешкі - 103, 0, жылқы - 105, 0, түйе - 101, 0 пайызды құрады. [16]

2019 жылы аудан бойынша 11357, 5 тонна ет (тірілей салмақта), 14008 тонна сүт, 391900 дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылға қарағанда ет өндіру 110 %, сүт өндіру 103, 8 %, жұмыртқа өндіру 102, 0 пайыз болды.

Қалай болғанда да, ауыл шаруашылығының барлық салалары бірыңғай механизм екенін ұмытуға болмайды. Ал ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының түрлері мен типтері қызмет түрлерімен, жалпы шаруашылық және аумақтық мамандандырумен байланысты. Соған сәйкес ауыл шаруашылығында келесідей түрлері бойынша:

-Сүт, ет немесе ет-сүт (ІҚМ)

-Сүт-көкөніс

-Көкөніс

-Асыл тұқымды мал т. б мамандану салалары жүзеге асуда.

C:\Users\user2\Desktop\диплом, lucky!!!!))))\aktub_obl.gif

Шалқар ауданы

  1. сурет . Ақтөбе облысы бойынша аудандар картасы (Шалқар ауданы көрсетілген) [1]

Жер ресурстары

1-кесте . Жер экспликациясы санаттар бойынша [1]

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

1 738 834га

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: Елді мекендердің /қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің/ жерлері
1 738 834га:

8 16 380га

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер;
1 738 834га:

24 811 га

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
1 738 834га:

-

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: Орман қоры
1 738 834га:

31418га

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: Су коры
1 738 834га:

-

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: Запастағы жерлер
1 738 834га:

3272903га

2-кесте . Алқап түрлері (а. ш мақсатындағы жерлер бойынша) [5]

егістік
көп жылдық екпе
Тыңайған жер
шабындық
жайылым
егістік: 47га
көп жылдық екпе: 7га
Тыңайған жер: 45га
шабындық: 3250га
жайылым: 1718899га

Әкімшілік және аудандар бөлінісі

Шалқар ауданы 12 ауыл округінен кұралған.

Айшуақ ауылдық округі, орталығы Бегімбет поселкесі
Ақтоғай ауылдық округі, орталығы- Қотыртас станциясы. Ақтоғай ауылдық округіне сондайақ Шахта, №60, Қауылжыр разъездері жатады.
Бозой ауылдық округі, орталығы осы аттас ауыл. Бозой ауылдық округіне сондай ақ Қоянқұлақ, Қанбақты ауылдары жатады.

Біршоғыр (бүрынғы атауы Ақтоғай) ауылдық округі, орталығы аттас ауыл. Біршоғыр округі орысша берілуімен Берчогурский деп беріліп жүрді. Байырғы атауы облыстық-маслихатының 2004 жылғы шешімімен бектілген. Біршоғыр ауылдық округіне сондай ақ Сарысаи ауылы, №59 және Алабас разъездері жатады.
Есет Көтібарулы ауылдық округі, орталығы Байқадам поселкесі. Бүрынғы кездегі атауы Сарыбулақретінді қалыптасқан.
Жаңақоныс ауылдық округі, орталығы Аққайтым ауылы. Жаңақоныс ауылдық округіне сондай-ақ Қопасор ауылы жатады.
Кішіқүм ауылдық округі, бүрынғы атауы Тоғыз, орталығы - Шілікті ауылы. 1999 жылы топонимнің байырғы жазуы туралы шешЗм қабылданды. Кішіқүм ауылдық округіне сондай-ақ 2001 жылы Республикалық комиссиясының шешімімен байырғы аталуы және жазылу үлгілеріне: Сарыдүлек, Шоқысу, Аққеспе, Қарашоқат, Шағыр атауларына ие болған разъездер де жатады.

Қауылжыр ауылдық округі, бүрынғы атауы Соленый. Орталығы аттас атаумен (Қауылжыр) аталады Қауылжыр ауылдық округіне байырғы атауы облыстық мәслихаттың 1997 жылғы шешімімен қайтарылған. Қауылжыр ауылдық округіне сондай-ақ Қайдауыл, Үлпан, N966, 67 разъездер жатады.
Мөңке би ауылдық округі, орталығы Мөңке би ауыльъ Мөңке би ауылдық округінің атауы Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдар н a жүргізілген қайта атау саясатына сәйкес Мөңке бидің есіміне байланысты. Ауылдық округіне сондай-ақ Қамыр ауылы жатады. Бұрынғы Қайыр аталған орталығы Мөңке би атауымен аталса, Қайыр Темір жол станциясының атауы ретінде аталғанын көріп отырмыз.

Тоғыз ауылдық округі, орталығы аттас атаулы темір жол станциясы.
Шалқар ауылдық округі, орталығы Жылтыр ауылы. Шалқар ауылдық округіне сондай-ақ тағы 2 ауыл Талдықүм және Көктымақты жатады.
Шетырғыз ауылдық округі, орталығы Қаратоғай ауылы. Шетырғыз ауылдық округіне тағы да 2 ауыл Түмапыкөп және Атан атындағы ауыл жатады. [17]

  1. Ауданның негізгі табиғи-географиялық жағдайы

Шалқар ауданына Солтүстік Арал маңайы аумағы ретінде шөлді және күрт континентальді климат тән. Бұл қыс уақытындағы ең минималдық (-42°C) және жаз уақытындағы максималдық температура (+43°C), аралығындағы айырмашылықтың кең амплитудасы және тәулік ішіндегі температураның күрт құбылуы, ортажылдық жауын-шашынның кем көлемі: орташа алғанда-165 мм, 65, 1 (1944 ж. ) 3292 мм (1981 ж. ) дейін жылдар бойы өзгеруі арқылы білінеді. Күз-қыс және жаз ылғалдану жылдары жауын-шашынның кен көлемінің уақыты бойынша ерекшеленеді.

Шалқар метеостанциясының мәліметтеріне сәйкес (1933-1992 ж. ж. ) ауаның ортажыпдық температурасы +5, 9“ аспайды, қаңтардың орташа температурасы -14, 2°, шілденің +25, 0°, жылы кезең (ортатәуліктік температуралардың алмасуымен +5° жаздың шартты басы) орташа алғанда 193 күн жалғасады. Сәуірдің 20-23-і көктемге тән сәлкындар және 89 мамырда, ал алғашқы күзгі салқындар 21-29 қазанда байқалады. Аязсыз кезеңнің үзақтығы 155 күнге созылады. Жылы температуралар жиынтығы 10° C жоғары +33+35°C, an 5°C-тaн жоғары -35-45°C.

Желдері мерзімге қарай бірдей емес. Ең күшті қайталанатындары қыста және көктемде солтүстік-шығыс бағытта, . ал жазда -солтүстік-батыс, күзде-оңтүстік-батыс жәнө солтүстік-шығыс 6aғытында болып келеді. Желдің орташа жыпдамдығы 4, 6 м/сек., максималдығы 40 м/сек., жел-г дің жыпдамцығы 10 м/сек. Артық күндер саны жылына 20, 2 қүрайды.
Қысы қысқа, aз қарлы, жиі жылылықтары болады. Тұрақты қар қабаты (орташа қалындығы -12 CM) желтоқсанның ортасында тұрақтап, наурыздың екінші онкүндігінде ериді. Тұрақты қар қабатсыз қыстар да болады. Ең салқын айы қаңтар. Минималдық температура 42, 6“ С. Көктем жылдам түседі, күндізгі уақытта температураның 33, 7о C күрт көтерілуі, түнгі сағаттарда температураның күрт төмендеуі мүмкін. Қалыптасқан қар қабаты 22-29 наурыз apaлығында кетеді. Көктемгі жиі және күшті желдер жер бетін тез кептіреді. Қысқа көктемді мамырдың екінші онкүндігінде келетін құрғақ жөне ыссы жаз алмастырады. Жазғы айлардын температуралары маусымда 22°-24°C, шілдеде 25°-27°C, тамызда +20-25° C. Максималды температура жазғы күндері 43, 3“ ыстыққа дейін көтеріледі, aл жер қабатының бетінде сол күндері 65°C жетеді. Орта айлық ауаның ылғалдығы сол уақытта 42%ға төмендейді, түс асқан уақытта минимум 5% -ға дейін. Аудан шөл және жартылай шөл аймақтарға жатады. Жердің 86, 6% 5355, 2 тыс. га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Басым бөлігі құмды.

Солтүстік Арал өңірінің жалпы радияциялық режимі күн радиациясының спектрдің ультрафиолет бөлігінің басымдылығымен, жоғары күшімен сипатталады. Тікелей күн радиациясының көлемді көтерілуі ауаның төмен ылғалдылығы мен ашық, бұлтсыз күндерінің басымдылығына ықпал етеді.
Қоректену заттарының қозғалмалы формаларымен қамтамасыз етілуі өте аз, әсіресе фосфор aз (30 мг/кг қара топырақ, азот та жеткіліксіз, барлығы 42 мг/кг. Тек калиймен ғана шамамен жақсы қоректелген 723 мг/кг.
Шалқар көлінің суы тұщы, егін суару үшін қояданылады, кейбір жылдары да минералмзацияпанған, тұз концентрациясы ең күшті күз уақытында 0, 2 0, 5 г/л қүрайды. Су құмды топырақтарда жұмыс істейтін агротехника ерекшелігі бұл жиі суару, алайда аз суару нормалары көлемінде: 700-800 м3/га люцерна шөбі үшін, суару нормасы 5000 м3/га және 400-500 мЗ/га түқымцар үшін мЗ/га суару нормасы 3500-4200 мЗ/га

Табиғи ресурстар
Ауданда табиғи газ, мұнай, минерал тұздары. бор, мәрмәр, әк, құрамында қиыртас, кварц, дала шпаты бар құм, саздың мол қорлары бар. Г еологтардың зерттеулеріне сәйкес соңғы жылдары темір рудасының мол қоры табылған. 1963 жыддан бері ауданда емдік қасиеті бар Шалқар минерал суы өндіріледі.

Топырақ қабаты және құрамы

Аумақ қошқыл топырақ аймағына жатады. Топырақ қабатының ерекшелігіне қатты тұздануы, басым бөлігінде жеңіл механикалық құрамы, гидроморфтық топырақтардың кең таралуы, шөлейт және тақырлардын, басымдығы жатады. Негізінен жеңіл саздақ және құмды механикалық құрамы қарапайым қошқыл және қошқыл сор мен олардың шеп сортанды жиынтықтары кеңінен таралған. Су арналарында жайыпымцық және аллювиалдық-жайыпымды топырақтар, жиірек тақыр және сортандармен жиынтықтар, сортаң немесе шөлейт тақырлар араласқан жайыпымцы қошқыл сор топырақтар болады.

Шалқарнұр елеңкі енінен солтүстікке қарай және Мүғалжар тауларынан батысқа қарай, Торғай қыраты шеңберінде топырақ қүрайтын қүрам ретінде қуатты қүмдақтар, жеңіп саздақ және құмдар шығады. Сағыз, Жем, Торғай терассапары, Торғай төмендеуінде, сондай-ақ көне үйінді орындарында, мысалы ¥лы Борсық қүмдары дөңесті құмдар жиынтықтары көптеп кездеседі.

Күрең топырақтар аймағы Орал платосы алдында абсолюттік биіктігі 100-200 метр орнапасқан. Топырақ құраушы кендер ретінде женіл сугпин және супес, сирегірек орташа суглиндер құрайды. Олардың негізінде тақыр немесе сортаң араласқан, жиі жағцайпарда бір жиынтықта күрең топырақтар қалыптасады. [34]

Қарапайым қошқыл топырақтар Жем өзенінің сол жағалауында, кей жерлерде он жағалауында, Мүғалжар таулары мен ¥an Борсық қумдары арасындағы толқынды тегістіктерде таралған. Топырақтың төменгі қабаттары сарғышқошқып қүмдақ және қумдармен белгіленеді. Қошқып түздақ топырақтар жер бедерінің төменгі беліктері мен плато тәрізді биіктіктерінде шоғырланған. Сортандар барлық аймақтарда да, әсіресе, түрлі мөлшердегі тандақтармен кездесе отырып, ақшыл бурыл және қошқыл топырақтар аймақтарында кеңінен таралған. Мысалы, біртекті үштағанды саздан тұратын Шалқар теңізі ойпаңында сортаңдар үлкен біртекті көлемдерде орналасады. Дала сортаңдары жер бедерінің түрлі элементтерінде орналасқан бурыл және қарашірік аймақтарының аймақтық топырақтар арасында шағын кірінділер түрінде кездеседі. Солтүстікте сортаңдар 100 см тереңдікте күкірт қышқыл тұздармен өте тұздалган.

Тұзды сортаңдар дала сортаңдарынан 30-50 см тереңдікте жатқан тұздардың жоғары құрамдылығымен, қарашірік қабатының аздығымен таралған. Ең кең таралғаны -сор жене. қалдық сортаңдар. Қалдық сортаңдар жерасты суларымен байланыстары жоқ, олардың қүрамында туз мөлшері аз, кескіні бойынша кеп ештеңе өзгермейді. Сор тақырлар барлық жерлерде тұзды кеуіп қалған көлдер түбінде шағын таңдақтар ретінде кездеседі. Ен көп құрғақтық олардың бетінде болады. Тұздардын сапалық құрамы көп жағдайларда қоршаған қабаттар мен олардың тұздану сипатына байланысты. Мысалы Үстірт платосында орналасқан Сам сор тақыры негізінен гипстің көп көлемі және тез еритін тұздарға бай үштағанды кезеңнің қалдықтарымен қоршалған. Сыртқы қабаты тұздану сипаты бойынша супьфаттық-хлоридті болып келеді. Құмдар басым бөлігінде облыстың шөлейт аймағының оңтүстік бөлігінде жеке дара массивтер ретінде таралған: ұлы және Кіші Борсық, Көкжиде, Қүмжарған, Аққүм, Барқын, Арал Қарақүм құмдары. Құмдар бір-бірінен тақыр, сор, сортаң, бурыл құмайт араласқан тапал, ояң жерлердің күрделі жүйесі арқылы ажыратылған. Құмдар өсімдікпен көмкерілген сайын шөлейт қүмды топырақтар қалыптаса береді. Тақыр тәріздес және тақыр жерлер негізінен обп ыстың оңтүстік бөлігінде кездеседі және ауыр механикалық күрамды шөгінділерде дамиды. Үстірт өрнегінің солтүстік бағытында останцаралық ояң жерлерде, Шалқар ауданының шығыс бөлігінде, ¥an және кіші Борсық қүмцарының ояң тегістіктерінде шағын таңцақтар тәрізді тақырлы тузды-сорлы топырақтар кездеседі. Тақырлар жер бедерінің ояң жерлерінде кене аллювиалдық және делювиащық қабаттарында дамиды.

Су ресурстары

Шалқар артезиан қабаттары бұл суасты сулары бар Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан аймақ. Солтүстікте Муғалжардан басталады және Арал мен Үстіртке оңтүстікке қарай созылған. Шалқар артезиан қабаттары әрқайсысы 100 -120 m қалыңдығы бар екі су қабатынан турады. . Жоғары қабат палеоген, төменгі құм-бор негізінде. Жоғары палеоген қабаты 150-200 м
тереңдікте орналасқан, ал төменгі бор қабаты 300-600 м тереңдікте орналасқан. Су ағымыныңқуатты күші бар. Қазылған уңғымалардан су өз бетімен жер астынан шығып жатады. 1 күн ішінде уңғымадан шығарылатын су көлемі жоғары қабаттан -100-150 ш. м, ал төменгі қабаттан 1000-2200 ш. м. Шалқар артезиан ресурсының шамалы түздалган түщы судың қоры 300 ш. м астам. Оның ішінен пайдаланатын жерлерді суару мақсатына, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 450-480 млн. ш. м су пайдаланылады.
Аудан аймағының жерінде 49 км-ден (Текелі өзенп) 195 км-ге дейін (Шетырғыз) ұзындықты құраған 15 өзен орналасқан. Сондай-ақ 10 ағыны бар және ағынсыз көл бар. Олардың 10 ш. км-ден 23, 4 ш. км дейіні ағысы бәр көлдер. Шалқар кепінен басқа көлдер тузды, сондықтан жайылымдарда мал суару көздері ретінде пайдаланылатынын көреміз. [20]

Жер асты сулары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы
Зеренді ауданына кешенді географиялық анализ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БОЙЫНША
Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
Қазығұрт ауыл округі - Қазығұрт ауданы аумағында орналасқан әкімшілік бірлік
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz