Ақтөбе орман шаруашылығы КММ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ақтөбе облысында жерге орналастыру жұмыстарын автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің негізінде жүргізу тиімділігі».
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс 71 беттен, кіріспеден, негізгі 3 бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қоса, жұмысты жазу барысында 3 карта, 6 кесте, 10 сурет, 2 диаграммадан құрастырылды.
Жұмыстың мақсаты: Ақтөбе облысындағы жерге орналастыру жұмыстары кезінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің қолданылуын және қолдану тәсілдерін, тиімділігін қарастыру.
Зерттеу әдістері: статистикалық әдіс, картографиялық әдіс, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Түйін сөздер: Автоматтандырылған ақпараттық жүйе, ГАЖ бағдарламалары, ArcGIS, жер ресурстары, жер қатынастары, кадастрлық жұмыс, технология, элетрондық карта.
РЕФЕРАТ
Тема: «Эффективность проведения землеустройтельных работ на основе АИС Актюбинской области».
Обьем и структура работы: Дипломная работа состоит из 70 страниц, введения, 3-х глав, заключения и списка использованной работы. Также, во время работы было создано 4 карты, 7 таблиц и 7 рисунков.
Цель работы: Рассмотрение эффективности, способов применения автоматизированных информационных систем при землеустроительных работах в Актюбинской области.
Методы исследования: статистический метод, картографический метод, методы сравнительного анализа.
Ключевые слова: Автоматизированная информационная система, ГИС программы, ArcGIS, земельные ресурсы, земельные отношения, кадастровые работы, технология, цифровая карта.
ABSTRACT
Subject: The efficiency of land management based on AIS of Aktobe oblast.
Volume and structure of work: Diploma thesis consists of 70 pages, an introduction, 3 main parts, conclusion and list of references. Also includes 4 maps,
7 tables and 7 figures.
Objective: Consideration of methods of application and effectiveness of automated information systems in land use planning works in the Aktobe region.
Study methods: Research methods: statistical method, cartographic method, method of comparative analysis.
Keywords: Аutomated information system, GIS programs, ArcGIS, land resources, land relations, cadastral works, technology, digital map.
Мазмұны
1. 3
1. 4
Облыстың орман қоры . . .
Облыстың су қоры . . .
14
16
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті өзінің ақпан айындағы халыққа Жолдауында «электрондық үкімет» жасақтау жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне мұқият талдау жүргізуді Үкіметке тапсырған болатын. Осыны ескере отырып, әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыра беру қажет екендігін атап көрсетті. Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа моделі - «электрондық үкіметті» құру процесін «мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін ақпараттандыру» деп түсіндіруге болады. «Электрондық үкімет - мемлекеттік орган кызметінің электрондық қызмет көрсету механизмі болып табылады». Электрондық үкімет - ақпаратты өндеу, беру және таратудың электрондық құралдар негізінде жүргізілетін мемлекеттік басқару жүйесі.
Еліміздің ақпаратттық кеңістігін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі «электрондық үкіметтің» негізгі компоненттері: «Жылжымайтын мүлік регистрі» мен «Мекен жай регистрін» өндірістік эксплуатацияға шығару барысындағы жұмыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Электрондық үкімет құру шегінде мына іс- шаралар келістірілді:
мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін «Жылжымайтын мүлік регистрі» мен «Мекенжай регистрінде» пайдаланып, оны «Халыққа қызмет көрсету» орталығына енгізу; электронды үкімет порталы үшін ақпарат беруге байланысты жұмыс құрамын жетілдіру.
Мемлекеттік Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұйымдастырушы, оның дамуы мен құрылуын қамтамасыз етуші администратор, ҚР Жер ресурстарын басқару комитеті, келесі негізгі міндеттерді орындайды: -басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жер ресурстары туралы ақпаратпен қалыптастыру; - халық және басқада заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету. Онымен қатар, жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорындарда жер учаскелерін есепке алуды қағаз тасығыштардан электрондық жинақтау жүйесіне ауыстыру жүзеге асырылып жатыр.
МЖК ААЖ жүйелерін қалыптастыру үшін барлық жұмыстар жалғасуда, атап айтсақ: «Пайдаланушылармен жұмыс істеу», «Кадастрлық мәліметтер беру» және «WEB-портал базасында жеке және заңды тұлғалар үшін ақпараттық-анықтамалық жүйелерді» қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда технологиялар күнделікті ауысып, жаңарып отырғандықтан, кез-келген жұмыс аясында оларға деген сұраныс одан әрі артуда. Технологиялардың жалпы адам баласына тигізер көмегі көп: уақытты үнемдеуге және жұмыс сапасының артуына өз ықпалын тигізеді. Автоматтандырылған жүйелер тек медицина, физика, астрономия салаларында ғана емес, геодезияда, картографиялауда, жерге орналастыру мен кадастрлық жұмыстарында кеңінен қолданылып келуде.
Дипломдық жұмыс Ақтөбе облысында жерге орналастыру жұмыстарын автоматтандырылған жүйелердің көмегімен жүргізілу тиімділіктері, олардың маңыздылығы және де жоба құру кезіндегі қолданылатын әдістері қарастырылды.
Жұмыстың мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты Ақтөбе облысының жерге орналастыру жұмыстарын автоматтандыру мәселелерін қарастыру.
Жұмыстың міндеті. Ақтөбе облысының ақпараттық ағымдар жүйесіне талдау жасау.
Зерттеу нысаны. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, ауыл шаруашылық жерлерін пайдалануға қатысты нормативтік құжаттар, облыстық статистикалық мәліметтер пайдаланылды.
- АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫАқтөбе облысының географиялық орны мен климаты
Ақтөбе облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300, 6 мың км 2 Қазақстан Республикасы аумағының 11%, Қарағанды облысынан кейінгі көлемі жағынан екінші аймақ[1] . Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан: батысында - Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарымен; шығысында - Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарымен; солтүстігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен; оңтүстігінде Өзбекстан Республикасы Қарақалпақ автономиялы облысымен шекаралас (1-сурет) .
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласы. Қала 1869 жылы Қарғалы мен Елек өзендерінің құятын сағасында төбенің етегінде (осыдан оның - «ақ төбе» атауы шыққан) салынған.
2019 жылғы 4 желтоқсандағы мәлімет бойынша (статистиканың соңғы мәліметтері) Ақтөбе облысының халқы 878416 мың адамды құрайды[2] . Жалпы халық саны бойынша мәлімет келесі 1-кестеде көрсетілген:
1-кесте. 1970-2019жылдар аралығындағы Ақтөбе облысындағы халық саны.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша облыс 12 ауданға, 141 селолық (ауылдық) округке бөлінеді[3, 39] . Облыс аумағында 8 қала және 410 ауыл (село) орналасқан. Әкімшілік-аумақтық құрылымы (1-карта, 2-кесте) .
2-кесте. Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы
1-карта. Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық карта-сызбасы [4]
Ақтөбе облысы - экономикалық потенциалы мол, жер қойнауы өте бай, интеллектуалдық және мәдени деңгейі өте жоғары өңір. Осы мол мүмкіндікті біліктілікпен, замана үрдістеріне сай пайдалану облыстың жедел дамуына, үздіксіз көркеюіне мүмкіндік беріп отыр. Ақтөбе жерінің қойнауында еліміздегі барланған мұнай қорының 10 пайызы, болжанған көмірсутек шикізатының 30 пайызы бар. Қазақстан хромының 100 пайызы да осында[5] . Хром рудалары қоры бойынша облыс әлемде екінші орынды (400 млн. тоннадан астам) иемденсе, мыс рудасының қоры (100 млн. тонна) және мұнайдың өндірістік қоры бойынша республикада үшінші, газ қоры бойынша төртінші орында.
Еліміздегі никельдің 55 пайызы, титанның 40 пайызы, фосфориттердің 34 пайызы, цинктің 4, 7 пайызы, мыстың 3, 6 пайызы, аллюминийдің 2 пайызы, тас көмірдің 1, 4 пайызы Ақтөбе жерінде. Мұндағы жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнектік және түсті тастық шикізаттар, табиғи әшекей материалдары, мұнайбитумды кендер, минералды сулар, құрылыс материалдарына қажетті шикізаттар, өзге де табиғи байлықтар бар[11] .
Аймақтағы ауа райы континеттік құбылмалы. Қаңтар айындағы температура -15 -16 Со құраса, мауымда +22-тен +25 Со дейін жетеді. Шауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 125-350 мм. Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі[13] . Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см) . Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны - сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті - 5, 7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай - маусым (35 мм), ең аз түсетін ай - қыркүйек -19 мм (1-сурет) .
1-сурет. 1 жылдық ауа-райы температурасы
- Облыстың жер бедері, топырақ және өсімдік жамылғысы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz