Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
1 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТАБИҒИ
РЕСУРСТАРЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Географиялық орны мен жер бедері

Жуалы ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Ол
алғашында 1928 жылы құрылып, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі
Түркістан облысы) құрамында болған. 1951 жылы Жамбыл облысының құрамына
кірді. Жер аумағы 4,2 мың км². Тұрғыны 51 796 адам (2019 ж). Аудандағы 52
елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы Б.
Момышұлы ауылында және ауданның шығыс бөлігінде облыс орталығы Тараз
қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан.
Жуалы ауданы - солтүстік-батысында Талас, солтүстік-шығысында Жамбыл
аудандарымен, оңтүстік-шығысында Қырғызстан Республикасымен, оңтүстік-
батысы және батысында Түркістан облысымен шектеседі.
Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің
басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет
жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау
жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас
Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті
биіктігі 450 м) орналасқан.
Аудан территориалдық орналасуы бойынша екі учаскеден тұрады – негізгі
және Мойынқұм құмдары. Аудан аумағының негізгі жер пайдаланушылары
компактілі массив болып, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке 90 шақырым болса,
шығыстан батысқа дейін 80 шақырымды құрайды. Мойынқұм құмдарында орналасқан
учаске аудан орталығынан 200 шақырым және ол жерлер мал шаруашылығының
қысқы жайлауы болып табылады[3].

1-кесте
Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінуі (негізгі көрсеткіштер) [3]
Аудандар Облыстық- Аумақ, Ауылдық Аудан Ауылдық және
мен аудандық мың және орталығынан поселкелік
қаланың орталық шаршы поселкелік Тараз қаласына округтер
атауы км елді дейінгі саны
-мекендер арақашықтық,
саны км
Облыс Тараз 0,1 - - -
қаласы
Меркі Жуалы 4,2 52 60 15
ауданы

Жуалы ауданына қарасты 15 ауылдық округтардың құрамына 52 ауыл кіреді.
Ауылдық округтың құрамына кіретін ауылдардың атауы (кесте-2) те
көрсетілген.

2-кесте
Жуалы ауданына қарасты елді-мекендер[3,4]
№ Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Саны Елді-мекендер атауы
1 Ақтсай ауылдық округі 1 Қайрат ауылы
2 Диқан ауылы
2 Ақтөбе ауылдық округі 1 Бәйтерек, ауылы
2 Жаңаталап ауылы
3 Ақтоған ауылы
3 Б. Момышұлы ауылдық округі 1 Б. Момышұлы ауылы
4 Билікөл ауылдық округі 1 Қарабастау ауылы
2 Дарбаза ауылы
3 Жылыбұлақ ауылы
4 Әбдіқадыр ауылы
5 Боралдай ауылдық округі 1 Көлтоған ауылы
2 Ертай ауылы
3 Рысбек батыр ауылы
6 Жетітөбе ауылдық округі 1 Кәріқорған ауылы

2 Қоңыртөбе ауылы
3 Қосмұрат ауылы
4 Тасбастау ауылы
5 Майбұлақ ауылы
6 Шыңбұлақ ауылы
7 Күреңбел ауылдық округі 1 Күреңбел ауылы
2 Қаратас ауылы
8 Көкбастау ауылдық округі 1 Теріс ауылы
2 Бақалы ауылы
3 Көктөбе ауылы
4 Қосбөлтек ауылы
9 Мыңбұлақ ауылдық округі 1 Көлбастау ауылы
2 Талапты ауылы
10 Нұрлыкент ауылдық округі 1 Нұрлыкент ауылы
2 Түктібай ауылы
11 Тоғызтарау ауылдық округі 1 Тоғызтарау ауылы
2 Жаңаөткел ауылы
3 Құмсуат ауылы
12 Шақпақ ата ауылдық округі 1 Шақпақ ата ауылы


2 Тәттібай ауылы
3 Дүйсебаев ауылы
4 Амансай ауылы
5 Ынтымақ ауылы
13 Қарасаз ауылдық округі 1 Қарасаз ауылы
2 Жұрымбай ауылы
3 Ақбастау ауылы
4 Көктас ауылы
5 Қарасу ауылы
14 Қошқар ата ауылдық округі 1 Қошқарата ауылы
2 Ақтасты ауылы
3 Қызтоған ауылы
15 Қызыларық ауылдық округі 1 Қызыларық
2 Ақтөбе
3 Алатау
4 Теріс-Ащыбұлақ

Кестенің жалғасы деп жазылу керек

Аудан аумағында таулы, сонымен бірге жазықтық бедер қалыптасқан.
Таулар ауданның орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерін алып
жатыр. Олар өзара жіңішке тауаралық аңгарлармен (ойпаттармен) бөлінген.
Жазық бедер ауданның солтүстігіндегі тау етегі бөлігінде.
Орталық бөлігін, бірнеше параллель жоталардан тұратын, солтүстік-батыс
бағытта созылып жатқан Кіші Қаратау таулары алып жатыр. Кіші Қаратау таулы
жүйесінде ерекше орын алатын ең жоғарғы абсолютті биіктігі 1610 м Көкжон
жотасы. Жотаның солтүстік-шығыс беткейі күшті тарамдалған. Байырғы
жыныстардың шығуы көптеп кездеседі. Оңтүстік-батыс беткейі біршама
жайпақтау, бірақ дәл солай тарам-тарам болып келеді. Еңістігі 20-30 °-
жоғары. Кіші Қаратау жоталарының су айырықтарының беткейлері, еңістігі 20°
аспайтын құлама етектер мен көлбеу аңғарлардан құралып, тегіс үстірт сияқты
болып келеді. Құлама етектердің тегіс беткейлері жыртылған және
суарылмайтын егін шаруашылығында пайдаланылады. Жоталар мен құлама
етектердің баурайлары көктем-күз және жаз мезгілдерінде малдың барлық
түріне пайдаланылатын жайылымдар болып табылады.
Ауданның оңтүстік бөлігінде Талас Алатауы жотасы орналасқан. Бұл
абсолютті биіктігі 3480-3800 м дейін жететін ең биік таулар. Жота
беткейлері күшті тарамдалғандығымен ерекшеленеді, шатқалдарының тереңдігі
1500 метрге жетеді[6].
Оңтүстік-батыстағы аудан шегіне Үлкен Қаратаудың тау сілемі болып
келетін Боралдайтау таулары кіреді. Бұл беткейлері тік және су айырығы
қатпар тасты жіңішке жота. Ең жоғарғы биіктігі 1813 м (Бөнейтау тауы). Өзен
аңғарлары құлама беткейлі терең шатқалдардан, жіңішке арналардан құралған.
Биік тау баурайлары көктем-күз және жаз мезгілдерінде малдың барлық түріне
жайылым ретінде пайдаланылады. Мұндағы бедердің күрделілігіне байланысты
егін шаруашылығын дамыту мүмкін емес.
Оңтүстіктегі Талас Алатауы, батыстағы Боралдайтауы мен солтүстіктегі
Қаратау жотасы таулы жүйелерінің аралығында көлбеу ылдилы жазықтық -
биіктігі теңіз деңгейінен 960-1500 м болатын Жуалы шұңқыры орналасқан. Ол
беткейленген жазықтықтардан қалыптасқан. Ауданның ең құнарлы жерлері Жуалы
шұңқырында орын тапқан.
Кіші Қаратау тауларынан солтүстік-шығысқа қарай, уақытша су
тасқындарының арналарымен кескіленген, жіңішке жолақ түріндегі көлбеу (3-
7°) аллювиалды - пролювиалды жазықтық созылып жатыр. Үлкен-Бурылтау, Бөлтүн
және басқа да бөлектенген биік емес таулар тығыз тау жыныстарынан
қалыптасқан. Жер бедерінің жағдайы мен топырақ қабатының жұқалығына
байланысты бұл жерлер жұтаң ерте көктемдік жайылымдар болып табылады.
Осыдан солтүстікке қарай кең аумақты көлді-аллювиалды жазықтық созылып
жатыр. Бұл жердің бедері Аса өзені жайылмасының енсіздеу беткейі мен одан
біршама жоғарырақ орналасқан көл маңындағы жазықтықтан қалыптасқан. Мұндағы
топырақтар негізінен тұзданған, сондықтан мелиорациялау бойынша кешенді
жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана оларды егістікке тарту мүмкін болады.
Көлді-аллювиалды жазықтыққа солтүстік-шығысынан жартылай бекітілген
құм сілемдері жапсарласқан. Олардың бедері адыр-бұдырлы, абсолюггі биіктігі
450-500 м және салыстырмалы биіктігі 10 м дейін жетеді. Шаруашылықта бұл
жерлер қыстық жайылым ретінде пайдаланылады.

1.2 Жер беті, жер асты (топырақ асты) сулары және оларды ауыл
шаруашылығы салаларында қолдану мәселелері

Ауданның гидрографиялық жүйесі жақсы жетілген және көптеген өзендер,
арналар мен бұлақтардан құралған. Каналдар, тоғандар, су қоймалары мен
беткейге шыққан жер асты және суарудан қайтқан сулар - қарасулар аудан
аумағындағы гидрогарфияның маңызды бөлігі болып табылады[3,9].
Аса өзенінің сол жақ саласы болып табылатын Теріс өзені 1200-1500
метрлік биіктіктегі Қаратау мен Талас Алатауы тауларының түйіскен жеріндегі
бұлақтан бастау алады. Өзеннің орташа еңістігі 7,6°. Өзеннің аңғары жәшікке
ұқсас, тек жоғарғы жағындағы алғашқы 8 шақырымында- V- ұқсас. Жәшікке ұқсас
аңғарының ені 150-1100 м, аңғардың енділеу учаскелері салаларының құятын
жерлерінде орналасқан. Аңғардың беткейлері ассиметриялы (сол жағы биіктеу
және тіктеу болып келеді), сайлар және салаларының аңғарларымен күшті
кескіленген.
Теріс өзенінің екі жағындағы бүкіл бойында шалғындық жайылмасы бар,
оның енінің басым бөлігі 150-250 м, ал Нұрлыкент ауылының маңында- 480 м.
Өзеннің арнасы иректелген, тармақталмаған және тұрақты. Енінің басым бөлігі
10-20 м, ең енді жері-40 м, тереңдігі 0,5-0,8 м, ең терең жері ортаңғы
ағысындағы суларда 2,5 м. Арнасының жағалауын қамыс басқан. Күреңбел
ауылынан 2,5 шақырым төменге қарай әсем жері орналасқан, оның ұзындығы 20
м, ені 15 м, құлама еңістігі-1 м. Жағалаулары биік емес 0,5-1,5 м, кейбір
жерлері жарлау болып келеді. Нұрлыкент ауылынан төменіректе Теріс өзенінің
маусымдық ағысын реттеп суландыру мақсатына пайдалану үшін көлемі 0,158 км3
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы салынған.
Теріс өзені мен Қаратау баурайларынан бастау алатын оның салалары
негізінен қар қорлары көздерінен толастайды. Жыл бойындағы деңгейінің
өзгеруі көктемгі көтерілуімен, жаздық, күз-қыстық төмендеуімен
ерекшеленеді. Көктемгі көтерілуі негізінен ақпанның аяғы-наурыздың басында
басталады. Наурыздың аяғы, сәуірдің басында ең жоғарғы деңгейінде болады.
Деңгейінің өзгеру амплитудасы 1,5-1,7 м. Су деңгейінің жоғарылауы мен
төмендеуі температураның өзгеруі мен жауын- шашынның түсуіне қарай болады.
Төмендеуі негізінен маусымның басында басталады. Бұл 2,5-3 айға созылады.
Ең төменгі деңгейі шілде-тамызда байқалады. Өзендердің су ағысы деңгейінің
өзгеруіне суаруға алынатын су көлемі де әсер етеді[11,13].
Ақсай өзені бастауын Талас Алатауы жотасының солтүстік беткейлерінен
алады да Теріс өзеніне құйылады. Бастауы 2840 м биіктіктегі мұздақтардың
суымен толастайтын кішілеу үш арнаның бір-біріне құйылып түйіскен жері.
Өзеннің жалпы ұзындығының құлама еңістігі 1900 м, орташа еңістігі 56°. Су
шығыны 10-20 лс көптеген кішкене салалары бар. Аңғары эрозияға ұшыраған.
Ол тау бөлігінде терең кескінделген, тау етегіне қарай біртіндеп білінбей
кетеді. Тау бөлігіндегі аңғарының ені 40-50 м, беткейлерінің еңістігі 35-40
°. Жазықтық бөлігіндегі аңғарының ені 500-600 м дейін жетеді, беткейлері
тегістеліп, төмендей береді. Жайылмасы жазықтьгқ бөлігінде ғана бар, ол
құрғақ тармақтармен күшті кескіленген, ені 100-200 м. Су мол болатын
жылдары жайылманы 10-50 см тереңдікке су басады. Өзен арнасы әлсіз
иректелген, ол өзеннің таудан шыққан жерінен тармақтала бастайды.
Тау бөлігіндегі өзен тастардың арасымен ағып өтетін таудың тасқын суы
болып табылады. Өзен сағасынан 28 шақырымындағы өзеннің бұл бөлігіндегі 30-
40 м аралығында құлама еңістіктері 1 м болатын сарқырамалар бар. Өзеннің
осы учаскесіндегі ағысының жылдамдығы 3 мс асады. Ақсай өзенінің таудан
шыққан жерінде су электр станциясы мен суару үшін су жеткізетін канал
салынған.
Көксай өзені бастауын Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 2530 м
биіктікте орналасқан кішкене тау көлінен алады және де Теріс өзеніне
жетпейді. Өзеннің орташа еңістігі 50°. Аңғарының түрі V- ұқсас өте жіңішке,
табанындағы ені 10-20 м, беткейлері биік және тік болып келеді. Таудан
шыққаннан кейін өзен каньонмен ағады, ол төменіректе трапеция қалпына еніп,
содан соң біртіндеп бірқалыптанып, кескіні өзгеріп отырады. Өзеннің
жайылмасы тау етегі бөлігінде ғана көрінеді. Арнасы аздап иректелген,
еңістіктері үлкен. Жоғарғы жағында ағысты учаскелері көп. Арна енінің басым
бөлігі 6-8 м, тереңдігі 0,4-0,5 м. Өзен суару мақсатында пайдаланылады.
Талас Алатауы жотасының солтүстік беткейлерінен бастау алатын Ақсай,
Көксай және басқа да өзендер қар-мұздақтармен басымырақ толастанатын,
аралас толастанатындарға жатады. Көктемгі су тасқыны наурыз айында
басталып, сәуірде ең жоғарғы шегіне жетіп, деңгейінің биіктігі 2,5 м
жетеді. Шілде-тамызда мұздақтардың еруінен жазғы су тасқыны ең жоғарғы
шегіне жетеді. Содан соң су деңгейі төмендей бастайды. Ең төменгі
деңгейінде ақпан айында болады.
Теріс пен Шақпақ өзендерінің ең жоғарғы шығыны 1959 жылы сел тасқыны
жүрген кезде болған. Аудан өзендерінде толығымен мұзданып қату болмайды.
Мұздану белгілері қарашада жағалаулардың мұздақтануы мен мұз
қабыршақтарының түруынан көрінеді, бұлардың ені 0,5-1,0 м дейін жетеді.
Өзен сулары аз минералданған, гидрокарбонатты. Сапасы бойынша сулары
ішуге және суаруға жарамды. Күрделі өзен аңғарлары, сайлар мен жыралар
жүйесі бар Қаратау мен Талас Алатауының (800-1300 м) тау етегі және төмен
таулы жерлерінде көктем-жаз уақытында күшті жауындарда сел жүреді. Қарқыны
оншалықты күшті емес жыл сайын жүретін селдердің әсерінен беткейлердегі тау
тастақтары тау етегі жазықтыгындағы негізгі өзендердің аңғарларына түседі.
Тау маңы және одан жогарғы аймақтарда 7-10 жылда 1 рет қайталанатын қарқыны
күшті сел тасқындары шаруашылыққа едәуір шығын келтіреді: егістік жерлер,
бақтар, бақшалар мен суару каналдарын шайып кетеді, қиыршық және малта
таспен төсеп тастайды, су қабылдағыш және өзен арналарындағы құрылғыларды,
жолдар, тұрмыстық және шаруашылық құрылыстарды бұзады[13,14].
Аудан аумағында Қаратаудың етегінде Билікөл көлі орналасқан. Көл
солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып орналасқан. Көл аумағының ауданы 87
км2, ең терең жері 6-7 м. Жағалаулары жайпақ, Аса өзенінің құйылысын және
көлдің солтүстігіндегі өзеннің қайта шыққан жерін қамыс басқан. Көл
негізінен Аса өзенінен толастайды, бұдан бөлек көлге Үлкен және Кіші
Берікқара өзендері мен сулары көлге жылда жете бермейтін Қаратау тауларынан
бастау алатын 7 уақытша су ағыстары құйылады. Жыл бойындағы көл деңгейінің
өзгеруі толығымен Аса өзенінің ағысына байланысты. Көл деңгейі ауытқуының
көп жылдық амплитудасы 1,2 м. Суы мол болған 1959 жылы ол 1,93 м жеткен.
Аудан аумағының басым бөлігін сумен қамтамасыз етілуі бойынша жер үсті
суларымен қамтамасыз етілетіндерге жатқызуга болады.

1.3 Жуалы ауданының климаты және агроклиматтық ресурстарының тaбиғи-
aуылшapуaшылық зонaларына бөлінуі

Аудан аумағы суармалы және суарылмайтын егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығы өркендеген Тянь-Шань таулы және тау етегі табиғи-шаруашылықтық
аймағында орналасқан.
Агроклиматтық аудандастыруы бойынша келесі аудандар кіреді:
1. Өте куаң тау етегі ауданы, тау етегінің солтүстік бөлігін қамтыған.
2. Қоңыржай қуаң және қоңыржай ыстық таулы аудан, Жуалы ауданының
қалған барлык бөлігін қамтиды
Негізінде аудан климаты қуаң жане күрт контнненталды. Бұл онын
материктегі орнымен байланысты. Алайда, тау жүйелері климаттың калыптасуына
әжептеуір әсер етеді. Нәтижесінде аудан аумағында Қазақстанның оңтүстігіне
тән. Бірақ салқындығы басымдау, куаңдығы бәсеңдеу құрғақ және ыстық
климатты учаскелер бар.
Ең төменгі ауа температурасы Жуалы шұнкырында қалыптасады, ол
шұңқырлардың тұйықталған түріне жатады. Ол барлық жағынан таулармен
қоршалған. Тек солтүстік-шыгыс жағында тар тау асуы бар. Сол жақтан күшті
сібір антициклоны мен суық арктикалық ауа ағымдары еседі.
Бедерінің шұңқыр болуына байланысты,ауа райы ашық болған жағдайда
осында түсегін суык ауа жер беті болігінде күшті салқындап, қысқы ауа
температурасының төмен болуына әкеледі. Бұл жердің қысы ұзақ және суық.
Суық орташа айлық температуралар бес ай бойы тұрақтайды. Ең суық айы-
каңтардын орташа температурасы -8,9° С (3-кесте).
Суық ауа массаларының қарқынды енуі кезеңдерінде желтоқсан мен
ақпаннын орташа айлық температуралары -15°С мен -16°С болуы мүмкін. Осы
кезеңдердегі Жуалы шұңқырының температуралық жағдайлары Республиканың
солтүстік аумағының орташа жағдайларымен теңеседі.
Ең төменгі температуралар желтоқсан айында болады және -43° С дейін
төмендейді. Алайда қыста температураның 14- 15° С дейін көтеріліп
жылдамдықтардың да болуы мүмкін[6,7].
Жазы қоңыржай ыстық. Шілдедегі ауаның орташа айлық температурасы 21,2°
С. Абсолютті ең жогарғы температура 42° С жетеді. Суық ауалардың енуі жиі
қайталанатын кезеңдерде жазда да температураның күрт төмендеуі мүмкін.
Сондықтан 10° С жоғары жағымды температуралар қосындысы басқа аудандармен
салыстырғанда аз және 2802° С құрайды. Соңғы үсіктер көктемде мамырдың
ортасында аяқталады.
Күзгі үсіктер қыркүйектің басынан бастап, ал кейбір жылдары тамыздың
басынан да басталуы мүмкін.
Сондықтан Жуалы шұңқырындагы аязсыз кезең ең қысқа, ол 144 күнге тең.
Жота беткейлері мен Билікөлге ұласқан жазықтықтың температурасы
бірнеше жоғары. Қаңтардың орташа айлық температурасы -5,3 -6,5° С,
шілденікі 21,4- 26,5° С. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орташа 160-179 күн. 10° С
жоғары жағымды температуралар қосындысы 2871-3500° С құрайды 3-кесте [7].

3-кесте
Атмосфера ауасының орташа температурасы, ˚С
(Жамбыл гидрометеорологиялық орталығы ЕМК, Нұрлыкент метеорологиялық
бекетінің 2019 жылғы деректері бойынша)
Айлар атаулары
Метео-ста
нция
атауы
қаңтар ақпан
қаңтар ақпан
1 Егістік 101 949
Оның ішінде: суармалы жерлері 9 273
2 Көп жылдық екпелер 715
3 Тыңайған жерлер -
4 Шабындық 60640
5 Жайылымдық жерлер 214 334
6 Бау-бақша жерлері -
7 Басқа да жерлер 90 060
Барлығы 413 698

Ауданның ауыл шаруашылығы жерлерінің 59 % -ын, яғни жартысынан астам
бөлігін жайылымдар алып жатыр. Ал, 25% -егістік жерлердің, 15 %-ын
шабындықтар, 0,2 %-ын көпжылдық екпелер және 0,8 %-ын басқа да жерлер алып
жатыр (3-сурет).

3- сурет. Жуалы ауданы ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы, %
(Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері негізінде
жасалынды).
Ауданда тыңайған жерлер мен бау-бақша жерлері мүлдем жоқ деседе
болады. Аудандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің 25% -егістік жерлері құраса,
оның ішінде суармалы егістіктердің жерлері жалпы егістік жерінің 8,7 %-ын
құрайды(2-қосымша).
Соңғы жылдары ауданда ауыл шаруашылығы салаларымен айналысатын фермер
немесе шаруа қожалықтарының саны артып келеді (4-сурет).

4-сурет. Жуалы ауданындағы 2015-2019жж шаруа немесе фермер қожалықтары
санының динамикасы (Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика
басқармасының мәліметтері негізінде жасалынды).
Жуалы ауданында 2015 жылы 2093 шаруа немесе фермер қожалықтары болса,
2019 жылы бұл көрсеткіштердің саны 2180 болды. Аудандағы шаруа немесе
фермер қожалықтарының 75 % -на жуығы мал шаруашылығы саласына бағытталған
болып есептеледі. Оның себебі ауданнның табиғи-климаттық жағдайы, жер
бедерінің ерекшеліктеріне байланысты аудандағы жайылым жерлерінің көп
болуына байланысты мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы болып
келеді[17].

2.2 Ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің егін
шаруашылығында пайдалану жағдайы

Жуалы ауданы ¬ Жамбыл облысындағы егіншілікпен айналысатын барынша
ауыл шаруашылығы саласы дамыған аудандарының бірі. Ауыл шаруашылығының
мамандану бағыты бойынша ол көршілес жатқан аудандарғы ұқсас. Бұл ¬ Жамбыл
облысының бағалы техникалық және дәнді дақылдары ¬ қант қызылшасы, картоп,
жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарының
бірі. Аудан облыстағы астық дақылдарын өндіру және қой өсіру жөнінен
облыста алдынғы орындарды алады.
Ауданның оңтүстік бөлігінде Талас Алатауының жотасы өтеді. Ал оңтүстік-
батысында ауданның аумағына Боралдай тауы кіреді, ол үлкен Қаратау тау
сілемдеріне жатады. Биік тау беткейлерінің ауданы көктемгі-күзгі жайылым
ретінде пайдаланылады және жаз кездері малдың барлық түрлеріне жарайды. Жер
бедерінің күрделігіне сәйкес егіншілік жүргізу мүмкін емес.
Оңтүстіктегі Талас Алатауы тау жүйесі, батыстағы Боралдай тауы және
Қаратау жоталары орналасқан аралықта 960-1500 метр теңіз деңгейінен
жоғарыда еңістеу-жайпақ жазық Жуалы қазаншұңқырында аудандағы ең құнарлы
жерлер шоғырланған[16].
2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Жуалы ауданының ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлері 323 638 гектарды құрады. Оның 101 949
гектары егістік жерлері (9 273 гектары суармалы егістік), 715 гектары
көпжылдық екпелер, 60 640 гектары шабындықтар және 214 334 гектарын жайылым
жерлер құрады (2-қосымша).
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика министрлігі және Жамбыл
облысы ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметтері бойынша, жалпы ауданның
егістік жерлерінің ауданы 101 949 гектар болса, 2019 жылы ауданда 89,2 мың
гектарына егін салынған. Оның ішінде, астық (дәнді-дақылдар және бұршақ
тұқымдастар) дақылдарының егістік алқабы - 34 023,0 га, майлы дақылдардың
егістік алқабы - 23 502,0 га, техникалық (күнбағыс) дақылдардың егістік
алқабының ауданы – 1300 га, мақсары - 22 112,0 га және картоп егістік
алқабының ауданы - 3 522,0 гектарды құрады[21].
Соғңғы жылдары аудандағы егістік алқаптарының ауданы ұлғайып келеді.
Ауданда 2015 жылы 83,1 гектар жерге егін салынса, 2019 жылы егістік
алқаптары 6,1 мың гектарға ұлғайып, 89,2 мың гектарды құрады (5-сурет).

5-сурет. Жуалы ауданы егістік жерлерінің 2015-2019 жж өзгеру
динамикасы, мың га (Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика
басқармасының мәліметтері негізінде жасалынды).
Сонымен қатар, аймақтағы егін саласында жыл сайын қолданыстағы 1-ші
репродукциядан (көшірмеден) төмен емес тұқым көлемін 37 пайызға жеткізіп,
тұрақты ұстап отырудың, (элитаны-7%, 1-ші репродукцияны -30%), қолданыстағы
10 жылдан асқан сорттарды кезең-кезеңімен 10 жылға дейінгі жаңа жоғары
сапалы мол өнім беретін сорттармен ауыстырудың және тұқым шаруашылықтарына
жаңа технологияларды енгізу, жаңа заманауй техникалармен жабдықтаудың
нәтижесінде егістік алқаптарының түсімділігі де жыл сайын артып келеді.

8-кесте
2015-2019 жж. Жамбыл облысы Жуалы ауданы егістік алқабы, мың га[16]
2015 2016 2017 2018 2019
Шаруашылықтардың барлық санаттары
Облыс бойынша 580,5 587,7 589,6 629,3 662,1
Жуалы 83,1 82,8 84,3 85,8 89,2
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Облыс бойынша 97,0 84,7 77,0 84,5 90,2
Жуалы 8,3 5,9 5,1 5,3 5,4
Шаруа немесе фермер қожалықтары
Облыс бойынша 465,0 485,6 496,0 528,3 555,6
Жуалы 73,2 75,2 77,7 79,0 82,4
Жұртшылық шаруашылығы
Облыс бойынша 18,5 17,5 16,5 16,5 16,2
Жуалы 1,6 1,6 1,4 1,4 1,4

2015 жылы Жуалы ауданы бойынша шаруашылықтың барлық санаттарындағы
егістік жерлерінің ауданы 83,1 мың гектарды құрасы, 2019 жылы 6,2 мың
гектарға ұлғайып 89,2 мың гектарды құрады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының
ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарындағы жерлердің ауданы айтарлықтай
өсіп, керісінше ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жұртшылық
шаруашылқтардың иелігіндегі егістік жерлері азайған. 8-кестеден көріп
тұрғанымыздай, 2015 жылы шаруа қожалықтардың иелігіндегі егістік жерлердің
ауданы 73,2 мың га болса, 2019 жылы 9,2 мың гектарға ұлғайып 82,4 мың
гектарға жеткен. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының иелігіндегі егістік
жерлері 2015 жылы 8,3 мың га болса, 2019 жылы 5,4 мың га құрап 2,9 мың
гектарға азайған. Сондай-ақ, аудандағы жұртшылық шаруашылықтың иелігіндегі
егістік жерлердің ауданы да азайған. 2015 жылы 1,6 мың га болсағ 2019 жылы
0,2 мың га азайып 1,4 мың га құрады.
Жуалы ауданындағы егістік жерлерінің көп бөлігі дәнді (дәндік жүгеріні
қосқанда) және бұршақты дақылдардың егістік алқабы алып жатыр. 2019 жылы
дәнді (дәндік жүгеріні қосқанда) және бұршақты дақылдардың нақтыланған
егістік алқабы 34 023,0 гектарды құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылмен (31
347,0 га) салыстырғанда дәнді (дәндік жүгеріні қосқанда) және бұршақты
дақылдардың егістік алқабы 2 676 гектарға ұлғайған (9-кесте).
Дәнді (дәндік жүгеріні қосқанда) және бұршақты дақылдар егістік
алқабының 11 400 гектарына бидай егілсе, 300 гектарына жүгері (маис), 22
323 гектарына арпа өсірілген [16,17,21].

9-кесте
2015-2019жж. Жуалы ауданы егістік алқаптарының құрылымы, га[21].
2015 2016 2017 2018 2019
Дәнді (дәндік жүгеріні 31 347,0 33 297,0 33 890,0 33 390,0
қосқанда) және бұршақты
дақылдар 34 023,0
Майлы дақылдар 23 146,0 23 206,0 22 037,0 22 096,0 23 502,0
Қант қызылшасы - 325,0 10,0 170,0 382,0
Картоп және көкөніс-бақшалық 2 764,0 2 799,6 2 809,1 2 990,0
дақылдар 3 522,0
Ашық топырақта өсірілген 631,0 638,6 639,0 610,0
көкөністерд 650,0
Мал азықтық дақылдар 25 860,0 23 235,8 25 543,0 27 356,4 28 250,0
жүзімдіктер мен шекілдеуік 743,2 747,7 566,8 495,6
пен дәнекті жемістерд 486,9

Аудандағы егістік алқаптарының ішіндегі жүзімдіктер мен дәнекті
жемістердің ауданы соңғы жылдары қысқарғанын байқауға болады. 2015 жылы
жүзімдіктер мен дәнекті жемістердің егістік алқабының ауданы - 743,2 гектар
болса, 2019 жылы 486,9 гектарды құрап, дерлік екі есеге азайған. Мұның
басты себебі, жоғарыда ауданның климаты мен агроклиматтық ресурстарын
сипаттағанда, аудандағы көктемгі кеш үсіктің келуі жүзімдіктер мен жеміс
ағаштары егістік алқаптарына айтарлықтай шығын алып келеді. Жуалы ауданының
егістік алқаптарын ең көп бөлігін астық дақылдары мен мал азықтық
дақылдарының жерлері құрайды (6-сурет).

6-сурет. Жуалы ауданының егістік алқаптарының түрі, % (Жамбыл облысы
жер қатынастары бөлімінің мәліметтері негізінде жасалынды).
Аудандағы егістік алқаптарының 39 %-ын астық дақылдар (дәнді-
дақылдар), 27,45 %-ын майлы дақылдар, 33 %-ын мал азықтық дақылдар, 0,3 %-
ын картоп, көкөніс-бақша дақылдары, 0,04 %-ын қант қызылшасы, 0,05%-ын
жүзімдіктер мен жеміс ағаштарының және 0,07 %-ын ашық топырақта өсірілетін
көкөністердің егістік алқабы құрайды.

7-сурет. Жуалы ауданы егістік алқаптары ауданының 2015-2019жж өгеру
динамикасы, га (Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика басқармасының
мәліметтері негізінде жасалынды).
Аудандағы соңғы 5 жылда жүзімдіктер мен жеміс ағаштары егістік және
ашық топырақта өсірілетін көкөністер егістік алқабынан басқа барлық егістік
алқаптарының ауданы айтарлықтай ұлғайған (7-сурет). Аудандағы астық
дақылдарының егістік алқабы 2015 жылы 31 347 га болса, 2019 жылы 34023
гектарды құрады, майлы дақылдар егістік алқабы 2015 жылы 23 146 га болса,
2019 жылы 23 502 гектарды құраған, ал картоп, көкөніс-бақша дақылдарының
егістік алқабы 2015 жылы 2764 га болса, 2019 жылы 3522 гектарды
құрады[17,21].

2.3 Жер ресурстарын астық шаруашылығын дамытуға пайдалану
ерекшеліктері

Аудан аумағында көп таралған топырақтың ақшыл сары карбонатты түрлері
кездеседі. Олар негізінен орта және төменгі тау аумағындағы жазықтарда
сондай-ақ төменгі үстірттерде, ылдиларда таралған. Бұл топырақтар негізінен
ауданда тәлімді және суармалы егін шаруашылығы үшін игеріледі.
Билікөл көлінің ауданында және өзендердің алқаптарында шалғынды-сұр
жерлер, сұр-шалғынды және шалғынды топырақтар таралған. Бұл топырақтардың
құрамында қарашірік өте көп. Тұздалмаған және терең тұздалған бұл
топырақтар түрлері аудандағы ең жақсы жерлер болып саналады, ол жерлерге
ауылшаруашылығы дақылдарының барлық түрлерін өсіруге болады[17].
Жуалы ауданының жалпы егістік жерлерінің 39 %-ын астық дақылдары
(дәнді-дақылдар) алқаптары құрайды. Аудан 2019 жылғы жағдай бойынша облыста
дәнді – дақылдар егістік алқабының аудан жөнінен 4-орынды иеленеді (8-
сурет).

8-сурет. Жуалы ауданы астық дақылдар егістік жерінің облыстағы алатын
үлесі, га (Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика басқармасының
мәліметтері негізінде жасалынды).
Ауданның оңтүстік-батыс беткейі біршама жайпақтау, бірақ дәл солай
тарам-тарам болып келеді. Еңістігі 20-30 °- жоғары. Кіші Қаратау
жоталарының су айырықтарының беткейлері, еңістігі 20° аспайтын құлама
етектер мен көлбеу аңғарлардан құралып, тегіс үстірт сияқты болып келеді.
Құлама етектердің тегіс беткейлері жыртылған және суарылмайтын егін
шаруашылығында пайдаланылады[16].
Ауданда дәнді –дақылдардан бидай, соның ішінде жаздық бидай, арпа және
жүгері дақылдары өсіріледі. 2019 жылы ауданда 34 023 гектарға дәнді
дақылдар өсірілсе, соның ішінде 11 400 га бидай дақылдары, 22 323 га арпа
және 300 га жерін жүгері алқаптары құраған (10-кесте).
10-кесте
2015-2019 жж. Меркі ауданы дәнді-дақылдарының егістік алқабы, га[21].
2015 2016 2017 2018 2019
Дәнді (дәндік жүгеріні 31 347,0 33 297,0 33 890,0 33 390,0
қосқанда) және бұршақты
дақылдар 34 023,0
Күздік және жаздық бидай 9 990,0 9 942,0 12 302,0 12 130,0
11 400,0
Жүгері (маис) 154,0 156,0 240,0 - 300,0
Күздік және жаздық арпа 21 183,0 23 199,0 21 348,0 21 260,0
22 323,0

Ауданның табиғи – климаттық жағдайы және аумақтың жер бедерімен
топырақтарының ерекшеліктеріне қарай негізінен күздік бидай мен күздік арпа
өсіруге қолайлы болып келеді. Ауданның егістік жерлерінің көп бөлігі
суарылмайтын тәлімі жер болғандықтан жүгері егістік алқаптарының мөлшері
өте аз. Аудандағы дәнді дақылдар егістік алқабының көп бөлігін күздік және
жаздық арпа құрайды (9-сурет).

9-сурет. Жуалы ауданы астық дақылдары егістік алқабының құрылымы, %
(Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика басқармасының мәліметтері
негізінде жасалынды).
Аудандағы жалпы астық дақылдар егістік алқабының 67 %-ын күздік және
жаздық арпа, 32 %-ын күздік және жаздық бидай егістік алқабы құраса, 1%-ға
жуығын жүгері егістік алқабы құрайды.
Соңғы жылдары ауданда дәнді-дақылдардың егістік ауданы ұлғайып келеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика департаментінің және
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша аудандығы
астық дақылдарының егістік алқабы 2015 жылы 31 347 гектар болса, 2019 жылы
2 мың гектардай аумаққа ұлғайып 34 023 гектарды құраған. Соның ішінде бидай
егілетін жерлердің ауданы 2015 жылы 9 990 гектар болса, 2019 жылы 11 400
гектарды құрап, 1400 гектарға ұлғайған[21].
Ал арпа егілетін алқаптардың ауданы 2015 жылы 21 183 га болса, 2019
жылы 22 323 гектарды құраған. Сондай-ақ, аудандағы жүгері алқаптарының
ауданы 2015 жылы 154 гектар ғана болса, 2019 жылы ауданы дерлік екі есеге
артып 300 гектарды құрады.

2.4 Жер ресурстарын техникалық, майлы дақылдар шаруашылығын дамытуға
пайдалану жағдайлары

Аудан аумағы суармалы және суарылмайтын егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығы өркендеген Тянь-Шань таулы және тау етегі табиғи-шаруашылықтық
аймағында орналасқан.
Аудан аумағында ең кең тараған карбонатты ашық қызыл-қоңыр топырақтар.
Олар тау етегі жазықтықтарының ортаңғы және төменгі бөліктерінде, тау
үстірттерінің төмендеу учаскелері мен беткейлерінде тараған.
Құмды-малта тасты шөгінділер терең төселмеген сарғыш және сары
саздақтар топырақты қалыптастырған жыныстар болып табылады.
Ашық қызыл-қоңыр топырақтардың топырақ қабатындағы қарашірік құрамы
жоғары емес (1,62-2,56 %), жыртылатын қабаттағы жалпы азот-0,136-1,154 %,
фосфор-0,180-0,255 %.
Бұл топырақтар ауданның суарылмайтын және суармалы егін
шаруашылықтарында игерілген, I және II бағалау топтарына жатады.
Климаттық жағдайы ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген салаларын
дамытуға қолайлы. Таулы өңірде жауын-шашын едәуір мол түсетіндіктен, мұнда
суарылмайтын егін шаруашылығы дамыған. Жамбыл облысы аудандары бойынша
негізгі майлы дақылдар өсіретін аудандарына Жуалы ауданы 23502,0 га, Т.
Рысқұлов ауданы 19223,9 га, Меркі ауданы 12754,8 га және Шу ауданы 11550,0
га болып табылады[16,18].
2019 жылғы жағдай бойынша Жуалы ауданы егістік жерлерінің 23 502,0
гектар аумағын майлы және техникалық дақылдар егістігі алып жатыр.
Оның ішінде: мақсары тұқымдары егілетін жердің ауданы 22 122 гектар,
күнбағыс егістік алқабы 1 300 га және қант қызылшасы 382 гектарды құрайды.
Жуалы ауданы облыстағы майлы дақылдар егістік жерлерінің ауданы бойынша
және соның ішінде мақсары тұқымдары өсірілетін алқабтың ауданы бойынша 1-
орынды алады. Облыстағы бұл егістік түрі алқабының 14 бөлігінен көбі
Жуалы ауданына тиесілі (10-сурет).

10-сурет. Жамбыл облысы майлы дақылдар егістік алқабы, га (Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика басқармасының мәліметтері негізінде
жасалынды).
2015 жыл мен 2019 жылғы майлы дақылдардың егістік алқабын салыстырсақ,
соңғы 5 жылда майлы дақылдар егістік алқабы айтарлықтай өскен. Бірақ
аудандағы күнбағыс дақылының егістік алқабы азайған (11-кесте).
11-кесте
2015-2019 жж Жуалы ауданындағы техникалық, майлы дақылдардың егістік
алқабының өзгеру динамикасы, га[21]

Жуалы ауданы
күнбағыстың тұқымдары
Жуалы ауданы
Жуалы ауданы
Жуалы ауданы - 325,0 10,0
Майлы дақылдар егістік 91 544 23 502 26 %
алқабы,
оның ішінде:
Мақсары тұқымдары 86 098,5 22 122 25,6 %
егістік алқаптары
Күнбағыс тұқымдары 4285,5 1 300, 30,3 %
егістік алқаптары

Жамбыл облысында күнбағыс егістігімен айналысатын негізгі аудандарға
Жамбыл ауданы 1973,0 га, Жуалы ауданы 1300,0 га, Шу ауданы 528,0 га және
Қордай ауданы 189,6 га жатады. Жалпы облыста күнбағыс егістік алқабы 2015
жылмен салыстырғанда 2019 жылы 735,4 гектарға ұлғайған. Жуалы ауданы
күнбағыс егістік алқабының ауданы бойынша облыста Жамбыл ауданынан кейінгі
2- орынды иеленеді (13-кесте).

13-кесте
2015-2019 жж Жамбыл облысының аудандары бойынша күнбағыс тұқымдарының
нақтыланған егістік алқабы, га [21]
2015 2016 2017 2018 2019
Облыс бойынша 3 550,1 3 509,2 3 610,1 3 692,3 4 285,5
Тараз қаласы - - - - -
Байзақ 23,0 300,0 103,0 115,0 -
Жамбыл 1 294,6 1 310,6 1 876,0 1 879,0 1 973,0
Жуалы 1 489,0 1 268,0 987,0 867,0 1 300,0
Қордай 198,5 190,3 178,7 191,5 189,6
Т.Рысқұлов 20,0 6,3 7,5 4,8 104,9
Меркі - - - - -
Мойынқұм 25,0 34,0 34,0 34,0 89,0
Сарысу - - - - -
Талас 134,0 100,0 101,0 101,0 101,0
Шу 366,0 300,0 323,0 500,0 528,0

Жуалы ауданында соңғы жылдары күнбағыс тұқымдары егістік алқабының
ауданы азайғаны байқалады. 2015 жылы 1489 гектар болса, 2019 жылыы 1300
гектарды құрап, 200 гектардай алқапқа азайған. Мұның себебі аудандағы
табиғи-климаттық жағдайының өзгерістеріне тікелей балайынсты. Ал, керісінше
ауданда қант қызылшасының ауданы артып келдеі (11-сурет).

11-сурет. Жамбыл облысындағы қант қызышасы егістік жерлері ауданының
2016-2019 жж өзгеру динамикасы, га (Қазақстан Республикасының Ұлттық
статистика басқармасының мәліметтері негізінде жасалынды).

Облыста қант қызылшасы егістігі алқабы 2019 жылғы жағдай бойынша
8416,5 га құрады, яғни республикада Алматы облысынан(9 мың га, 2019 ж)
кейінгі екінші орынды иеленеді. Соңғы жылдары облыста ауыл шаруашылығы
саласындағы жетістіктердің нәтижесінде қант қызылшасы егістігінің көлемі
ұлғайып келеді. 2015 жылы облыста қант қызылшасы егістігінің алқабы 736,0
гектарды құраса, 2019 жылы 8416,5 гектарды құраған, яғни 7680,5 гектарға
ұлғайған.

2.5 Жер ресурстарын картоп, көкөніс, бақша өнімдерін, жүзімдік және
жеміс – жидек шаруашылығын дамытуға пайдаланудың жағдайлары

Оңтүстіктегі Талас Алатауы тау жүйесі, батыстағы Боралдай тауы және
Қаратау жоталары орналасқан аралықта 960-1500 метр теңіз деңгейінен
жоғарыда еңістеу-жайпақ жазық Жуалы қазаншұңқырында аудандағы ең құнарлы
жерлер шоғырланған.
Климаттық жағдайы ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген салаларын
дамытуға қолайлы. Таулы өңірде жауын-шашын едәуір мол түсетіндіктен, мұнда
суарылмайтын егін шаруашылығы дамыған. Күздік бидай қысқы мезгілге төзімсіз
болғандықтан, негізінен жаздық дәнді дақылдар егіледі.
Суармалы егістікте картоп пен көкөністер өсіріледі. Көкөніс
шаруашылығының дамуына көктемнің соңғы үсіктері кері әсер етеді. Соңғы
жылдары бау шаруашылығы жақсы дамуда.
Жауын-шашын аз түсетін ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде егін
шаруашылығын дамыту үшін қосымша суаруды қажет етеді.
Ауданда картоп және бақшалық көкөніс егістік алқаптарының ауданы 2019
жылы 1 қарашадағы жағдай бойынша 3 522,0 гектар аумақты құрады(14-кесте).
Бұл ауданның баолық егістік жерінің 0,3 %-ын ғана құрайды. Мұның басты
себебі, аудан территориясының орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс
ауданның бөліктерінде тау сілемдері бой көтерген. Олар тар тау аңғарларымен
бөлінген тегіс бедерлер ауданның солтүстік бөлігінде байқалады[16,21].
Ауданның оңтүстік бөлігінде Талас Алатауының жотасы өтеді. Ал оңтүстік-
батысында ауданның аумағына Боралдай тауы кіреді, ол үлкен Қаратау тау
сілемдеріне жатады. Биік тау беткейлерінің ауданы көктемгі-күзгі жайылым
ретінде пайдаланылады және жаз кездері малдың барлық түрлеріне жарайды. Жер
бедерінің күрделігіне сәйкес егіншілік жүргізу мүмкін емес.

14-кесте
2015-2019 жж Жамбыл облысының аудандары бойынша картоп және көкөніс-
бақшалық дақылдарының нақтыланған егістік алқабы, га
2015 2016 2017 2018 2019
Облыс бойынша 45 132,3 44 844,7 52 086,4 58 025,5 61 732,6
Тараз қаласы 2 246,6 2 243,7 2 148,6 2 107,0 2 123,3
Байзақ 7 648,0 7 526,5 9 352,2 10 144,3 10 664,4
Жамбыл 6 098,0 6 642,3 7 964,9 8 907,3 9 083,2
Жуалы 2 764,0 2 799,6 2 809,1 2 990,0 3 522,0
Қордай 7 049,8 6 785,0 7 620,5 7 933,2 9 186,1
Т.Рысқұлов 1 100,0 1 000,0 1 120,1 1 401,7 1 612,3
Меркі 1 581,4 1 847,6 2 882,8 4 279,4 4 366,8
Мойынқұм 871,0 748,0 749,8 753,9 808,1
Сарысу 635,0 638,0 640,2 640,0 623,7
Талас 616,0 621,7 647,4 668,1 788,0
Шу 14 522,5 13 992,3 16 150,9 18 200,6 18 954,7

Жамбыл обылысындағы картоп және көкөніс-бақшалық дақылдары егілетін
жерлерінің көп бөлігі Шу 18954,7 га, Байзақ 10664,4 га, Қордай 9186,1 га,
Жамбыл 9083,2 га және Меркі 4366,8 га аудандарында орналасқан.
Облыстағы барлық картоп және көкөніс-бақшалық дақылдары егілетін
жерлерінің 30,7 % -ы Шу ауданының үлесіне тиесілі. Жуалы ауданы көкөніс-
бақшалық дақылдары егілетін жерлерінің ауданы бойынша облыста 6-ші орынды
алады. Ауданда соңғы жылдары көкөніс-бақшалық дақылдары егілетін жерлерінің
алқабы өсіп келеді. Жалпы аудандағы көкөніс-бақшалық дақылдары егілетін
жерлерінің ауданы 2015 жылы 2764 га болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 3522
гектарды құрады(12-сурет).

12-сурет. Жуалы ауданы картоп және көкөніс-бақшалық егістік
алқаптарының 2015-2019 жж. өзгеру динамикасы, га (Қазақстан Республикасының
Ұлттық статистика басқармасының мәліметтері негізінде жасалынды).

Жуалы ауданы облыста картоп егістік алқаптары бойынша Қордай ауданынан
кейінгі 2- орында алады. . 2019 жылғы жағдай бойынша Жуалы ауданында картоп
егістігі алқаптарының ауданы 2480 гектар аумақты қамтыған (15-кесте).
Аудандағы негізгі картоп егістік алқаптары Ақтөбе ауылдық окургінің
аумағында өсіріледі. Ауылдық округтің жер көлемі 12880 га. 111 шаруа
қожалығы, 1 ЖШС жұмыс істейді. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған.
Картоптың элиталық тұқымын өсірумен айналысады. Егіншілікке Көксай өзенінің
суы пайдаланылады.
Ауданда обылысындағы картоп және көкөніс-бақшалық дақылдары егілетін
жерлерінің 70 %-дан астам бөлігін картоп алқаптары құрайды.

15-кесте
2015-2019 жж Жамбыл облысы аудандары бөлінісіндегі картоп егістік
алқаптары, га[21]
2015 2016 2017 2018 2019
Облыс бойынша 8 639,1 8 584,4 8 791,6 9 011,0 9 725,4
Тараз қаласы 259,5 245,0 245,0 251,1 251,5
Байзақ 695,2 597,1 719,0 642,0 675,0
Жамбыл 682,5 743,9 745,0 775,4 401,0
Жуалы 2 122,0 2 150,0 2 150,0 2 200,0 2 480,0
Қордай 2 710,9 2 546,3 2 550,6 2 574,3 3 030,1
Т.Рысқұлов 500,0 500,0 500,0 500,0 525,5
Меркі 540,0 579,5 647,0 626,3 688,3
Мойынқұм 110,0 111,0 113,0 115,0 136,0
Сарысу 120,0 120,0 120,0 120,0 126,0
Талас 100,0 115,0 122,0 122,0 122,0
Шу 799,0 876,6 880,0 1 085,0 1 290,0

Ауданда жүзімдіктер, шекілдеуік пен дәнекті жемістер көшеттерінің және
жидек ағаштарының алқабы, облыстағы басқа аудандармен салыстырғанда өте
төмен. Себебі, ауданның жер бедері, табиғи – климаттық жағдайы және
агроклиматтық ресурстары бұл егістік түрімен айналысқанға өте қолайсыз
болып келеді. Көктемнің соңғы күндері аудандағы болатын үсіктер ауыл
шаруашылығы бірліктеріне көптеген зиян тигізеді.
Дегенмен, аудандағы бұл егістік түрлерінің кейбір түрінің алқаптары
соғңы жылдары артып келеді (16-кесте).

16-кесте
2015-2019 жж Жуалы ауданының бау-бақша ағаштары мен жүзімдіктердің
егістік алқабының өзгеру динамикасы, га[21]

Жуалы ауданы
Жуалы ауданы
Жуалы ауданы 1,8 1,8 1,9 1,9 1,9
Ауыл шаруашылығы 3 367,0 2 118,8 1 061,0 1 737,0 2 040,0
кәсіпорындары
Шаруа немесе фермер 21 718,0 20 362,0 23 727,0 24 864,4 25 519,0
қожалықтары
Жұртшылық шаруашылығы 775,0 755,0 755,0 755,0 691,0

Жуалы ауданы мал азықтық дақылдардың егістік алқабы бойынша облыста
Қордай – 40919,1 га және Шу – 42139 га аудандарынан кейінгі орынды иеленеді
(18-кесте).

Кесте 18
2015-2019 жж Жамбыл облысының аудандары бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Машина жасау өнеркәсібі
Мемлекеттік монополияға қарсы реттеу
Жамбыл облысының экономикалық жағдайы
Дамыған елдердердің ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру тәжірибесі
Құрама жем өнеркәсібі - жануарларға арналған құрама жем өндірумен байланысты ауыл шаруашылығы саласы
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Ауыл шаруашылығының дамыту негiзгi мәселелері
Пәндер