Топырақ құрамының тұздылығы төмен


ТҮЙІНДЕМЕ
Тақырыбы: «Жамбыл облысы, Қордай ауданының автокөлік жолдарына жер бөліп беру ерекшеліктері»
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс 61 беттен, кіріспеден, негізгі бөлімнен және экономикалық сараптау бөлімінен сонымен қоса, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмысты жасау барысында танымдық суреттер, кестелер және түсіндірмелік формулалар пайдаланылды.
Жұмыстың мақсаты: Ауыл шаруашылық емес мақсатағы жер ресурстарына жер бөліп берудегі, сызықтық объектілерге, соның ішіне жол құрылысы үшін жер бөліп беру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Түйін сөздер: Ауыл шаруашылық емес мақсаттағы объектілер, жер бөліп беру, сызықтық объектілер, нормативтер, залал келтіру, шығынды өтеу.
Зерттеу әдістері: диломы жазу барысында статистикалық әдіс, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
РЕФЕРАТ
Тема: «Особенности отвода земель по автомобильну дорогу в Кордайском районе Жамбылской области».
Объем и структура работы: Данная дипломная работа состоит из 61 страниц, введения, осовная часть и от отдела экономической экспертизы. Также, во время работы было использовано познавательные фотографии, таблицы и пояснительные формулы.
Цель работы: Рассмотреть методы и примеры предоставления земельных ресурсов, назначения, отвода земель под линейный объект, в том числе под дорожное строительство.
Ключевые слова: Объекты назначения, отвод земель, линейные объекты, нормативы, причинение ущерба, возмещение убытков.
Методы исследования: при написании диплома использовался статистический метод, методы сравнительного анализа.
ABSTRACT
Subject: «Features of the distribution of land under the highway in Zhambyl region Korday district».
Volume and structure: Diploma thesis consists of 61 pages, introduction, also, during the work, informative photos, tables and explanatory formulas were used.
Purpose: to consider methods and examples of providing land resources, non-agricultural purposes, land allocation for linear objects, including for road construction.
Keywords: non-agricultural objects, causing damage, compensation for losses.
Research methods: when writing the diploma, the statistical method and methods of used.
Мазмұны
Жер иелеріне келтірілген залалдар мен ауыл шаруашылық
өндірісі шеккен шығындарды анықтау . . . 43
КІРІСПЕ
Жерге орналастыру жобасы жер телімдерінің санатына, нысаналы пайдалану мақсатына, жер иеленушілердің түрлі құқықтарына қарамастан барлық жер пайдану процесіне жасалынады.
Жерге орналастыру ісін жүргізу барысында жерге орналастыру жобасын жүргізуші субъектіге, және жер телімі иесіне Қазақстан республикасының заңнамаларында көрсетілген құқықтар мен шектеулер аясында жұмыс жүргізуі міндеттеледі. Жер учаскесінің санаты, пайдаланудағы нысаналы мақсаты, жер учаскеіндегі түрлі ауыртпалықтар, сервитуттар, жер туралы жалпы мәліметтер (жер телімінің аумағы, сапасы, бонитет балл көрсеткіштері) жер қатынастарын жүргізуші субъектілерге жоба барысыдағы пайдаланатын негізгі мәліметтері есебінде алынуына шектеу қойылмайы.
Жерге орналастыру ісінің жасалынуында келесідей мақсаттар көзделеді:
-ландшафттық -экологиялық негіздерде жер телімінің жағдайын анықтау үшін;
-жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын құрастыруда және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту мен қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;
-пайдалаудағы жер телімін қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды;
-белгілі бір жерде жер телімдерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер теліміне меншік құқығын қалыптастыруды және жер пайдалану құқығын негіздейтін құжаттар жасауды;
-көзделген аумақтағы жерде елді мекендердің шекарасын анықтау мен оны құжаттық тұрғыда белгілеуді, және олардың шаруашлық аралық немесе ішкішаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
-белгілі бір аумақта әкімшілік - аумақтық құрылымдардың, немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді қалыптастыруды;
-пайдалы қасиеттерінен айырылған, ауыл шаруашылығына немесе кез келген шаруашылыққа жарамсыз жерлерді қайта жаңғырту істері мен жаңа жерді игеру жобаларын әзірлеуде, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуде;
-инвентаризация (жерді түгендеу) ісін жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, пайдаланылмай бос жатқан, жер иеленуші тарапынан ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай залалға ұшырап жатқан жерлерді анықтауда;
-топографиялық-геодезиялық ізденс жұмыстарын жүргізу үшін, картографиялық, топырақ көрсеткіштерін зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
Жоғарыда көрсетілген жерге орналастыру ісінің негізгі мақсаттары, аумақтағы жерге орналастыру ісін жүргізуші немесе жер ресурстарын қадағалаушы органдары үшін дерек көзі болып табылады, және сол аймақтағы жер кадастырының ақпараттық деректер қорын құрудағы негізгі мәліметтері болып табылады.
Жерге орналастыру ісі келесідей жағдайларда жүргізіледі: атқарушы органдардың шешімі бойынша немесе жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтініші-арыздары бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша және жоғарыда көрсетілген мұқтаждықтар үшін жүргізіледі.
Өнеркәсіп пен транспорт, энергетика кешендерінің қарқынды түрде дамуы қалалар мен басқа да ауыл шаруашылық мақсаттағы объектілердің ұлғаюы, оларға көп мөлшерде және сұранысына, яғни шаруашылық мақсатына сай сипатта, көлемде жер бөліп беру қажеттілігін тудырады. Мұндай ірі шаруашылық және өндіріс құрылымдарына жер бөліп беру шаруашылық жерге орналастырудың ең күрделі міселелерінің қатарында.
Бұл сипаттағы объектілерге жерді бөліп беру жобасында басты мынадай мәселелер қарастырылады:
1) жеке меншікке, тұрақты болмаса уақытша пайдалануға алынатын жерлердің ауданын анықтау және оны құжаттық негіздеу;
2) жер иелері мен пайдаланушыларға келтірілген залалдар мен ауыл шаруашылық өндірісінің қайтарылмас шығындарының көлемін анықтау (алынған жерлердің кадастрлық құнын анықтау) және өтеу реттілігін белгілеу.
3) жер пайдаланушының жерге пайдалану уақытындағы бүлінген аумақтарды қайта қалпына келтіру (рекултивация) жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Ауыл шаруашылық емес мақсаттарға жер бөліп беру әдістемесінде, олардың жер пайдаланушылықтары мен оны әрі қарай жүргізу схемасын құру ерекшеліктері мен табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлары, жерді ауыл шаруашылық айналымынан шығарған жағдайда оған келтірген шығындар мен басқа да жер иелеріне келтірілетін залалдарды анықтау, есебін жүргізу жұмыстары қамтылады. Аталған мәселелер келтірілген жүйелілікке өзара байланысты тапсырмалар ретінде бір объектіде жоба ретінде қарастырылады.
Жоғарыдағы көрсетілген талаптарды ескере отырып, осы жасалынған дипломдық жұмыста ауыл шаруашылық емес мақсаттағы объектілерге жер бөліп берудің ерекшеліктері, түрлі тиімді тәсілдері, экономикалық-экологиялық келеңсіздіктердің алдын алу шаралары қарастырылған.
Жамбыл облысының шығыс бөлігінде орналасқан Қордай ауданы, облыс көлемінде ғана емес, республикалық көрсеткіштерде маңызды рөл атқарады. Себебі, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы көршілес Қырғызстан мемлекетімен шекаралас аумақ барынша транзиттік, байланыс мақсатын атқарушы негізгі экономикалық дәліз есебін атқарушы аудан. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, ауданның Шымкент-Самара транзиттік жолына жер бөліп беру кезіндегі негізгі көрсеткіштерді осы дипломдық жұмыста барынша кеңінен қамтылды.
Дипломдық жұмыста негізінен сызықтық объектілер, соның ішінде жол құрылысына жер бөліп беру ерекшеліктері қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты-ауыл шаруашылық емес объектілерге жер бөліп беру кезіндегі шаралардың нақты әрі ғылыми тәжірибелерге сүйенене отырып, техникалық тағы басқа тәжіребиелерін меңгеру.
Дипломдық жұмыста мынадай негізгі мәселелер қамтылып өтті:
-сызықтық объектілерге жер бөліп беру барысындағы белгілі бір шаруашылықтағы жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің жерлерінен есептеу әдістемелері келтіріледі;
-есептерді құрастыруда және оларды шешуде пайдаланылатын негізгі нормативтік құжаттар көрсетілді, және олардың шешімдерінің барынша оптималды түрлерін есептеу жолдары мысалғы келтірілді;
- дипомдық жұмысты орындау барысында арнайы талаптарға, ережелерге сүйене отырып, жүйелі және барынша түсінікті түрде тапсырмаларды орындау.
Дипломдық жұмысты орындау барысында түрлі танымдық, қарапайымдандырылған сызбалар, кестелер пайдаланылды. Сонымен қатар, есептерді шығару барысындағы формулалар, түсіндірме суреттер келтірілді.
1 ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Табиғи-климаттық жағдайы
Жамбыл облысының шығыс аумағында орналасқан Қордай ауданы климаттық жағдайы еліміздің басым бөлігін қамтитын континентік аймаққа жатады, сонда-да аудан аумағы климаты өзге аудандардан ерекшеленді. Аудан аумағын қоршай жатқан таулы сілемдер, таулы өңірлер аудан климатын біршама қиындатады. Ауданның тау етектегі жазықты жерлерінде қысы-жазы аудан атымен аттас Қордай желі қолайсызық тудырып, шаруашылыққа кедергісін тудырады. Аудан аумағындағы Шу-Іле тау сілемдерінің желге қарсы бетте орналасқан бөліктерінде ауа-райы біршама тұрақтылығымен ерекшеленеді. Аталған тау сілемдері аудан жерінің шығысынан батысына дейін созылып орналасқан себепті, солтүстіктен соғатын желдің жолына кедергі болады. Бұл табиғи қалқан ауа райының өзгеріп отрыуына, циклонға қарсы бөгет болып, солтүстік желдерінің қайталануын 30 дан 65%-ға дейін тоқтатып отыр. Осының арқасында бұл аймақтарда жыл бойына тұратын желдің аз болуы, қыстағы суықтықтың орташа температурасы -7-10С -тан аспауына ықпал жасайды [1] .
Ауданның жазы аумақтың көп бөлігінде ұзақ әрі ыстық күйде сақталады.
Жалпылай аудандағы жаздық мезгілдің температурасы 125-145 күндей сақталып тұрады. Ауның бұл көрсеткіші кейбір кезеңдерде құрғақшылық мерзімін көп ұстап тұрады. Қыс мерзіміне келер болсақ, аудан аумағында қыстың ықпалы көп байқалмайды. Аязсыз күндері 150-180 күн мерзімді құрайды. Ауданның таулы аймақтарынағы мұздықтар, қар жиектері сәуір, мамыр айларында ғана біршама ери бастайды. Жоғарыда көрсетіп өткеніміздей Шу-Іле таулы аудандарында жауын-шашын мөлшері салыстырмалы аз десек те болады, себебі таулы сілемдердің желге қарсы бағытының көп болуы. Аудандағы таулы аймаққа таяу орнласқан жерлерде жауын-шашын мөлшері 300 мм-ден аспайды, кейбір жылдары одан да төмен деңгейде болады. Ал енді оңтүстік және батыс аудандарында жауын мөлшері тіпті аз көлемде 100-150 мм де болады. Жауын-шашынның көп бөлігі 40-43% күз айларында түседі. Бұл көрсеткіштер әрине, шаруашылыққа жер аумағына жете бейімделу керектігін туындатады.
Аудан аймағыдағы климаттық ерекше аймақ - бұл Шу өзенінің арна жағалауы. Шу өзені бойындағы ығал мөлшерінің көп болуы ауа райының құбылмалылығына, осылай тез өзгеріп отыруына өзіндік әсер етіп отырады, оған басты себеп Шу, Іле тауларының тосқауылы, шығыстан соғатын жылы ауаны Шу арнасына бейімдеуі, қысқы кезеңде Қырғыз тау сілемінен жылы желдердің тұруы да себепкер болады. Мұндай кездерде ауаның температурасы 16-19С-ға дейін, ал наурызда 18-28С-қа, сәуірде 34С дейін жоғарлатады.
Жаз мезгілінде солтүстік аймақтан соғатын желдің екпіні жерді, ондағы өсімдіктер дүниесін құрғатып, тапырақтың құрғап кетуіне әкеп соқтырады.
Жоғарыдағы көрсеткіштерді саралай келе аудан аймағын үш агроклиматтық бөлікке бөліп қарастыруға болатындығын көрсетеді:
- ыстық әрі құрғақ агроклиматтық аудан. Бұл белдеу ауданның солтүстікгі мен солтүстік батыс аймақтағы шөлейт белделерді алып жатыр. Бұл жерлердегі ауа температурасы 10С-тан жоғары қалыпты сақтайды. Жылдық жиынтығы 340-390С (гидротермиялық коэффициент) . Бұл аймақтың климаты қысы онша суық емес, ал жазы ыстық. Қаңтар айының орташа температурасы -6, 9-8, 8С, ал шілде айында 24, 5-25, 5С-ты құрайды. Жазы өте құрғақ әрі ыстық. Жауын-шашын көктемгі наурыз, сәуір айларында болады және оның мөлшері 80-190мм ден аспайды. Қыстағы қардың қалыңдығы 15-30см болып қыс бойы жатады[2] .
- Таулы агроклиматтық аудан. Бұл ауданды Шу, Іле таулары сілемі құрайды. Жылдың 10С-тан жоғары температура 30С -тан төмен ГТk>0, 7. Жазы орташа жылы қалыпта, қыс айлары суық күйде қалыпты сақтайды. Қыстағы 10С жоғары күндері 168 күн. Ауаның орташа температурасы шілдеде +22, 20С, қаңтарда -7, 30С. Жыл бойындағы жауын-шашын мөлшері 250-300мм, бұл басқа агроклиматтың аудандармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Қардың жатуы рельефке (жер бедеріне) байланысты болғандықтан әр аймқта әр қалай, 80-160 күндей сақталады, оның қалыңдығы 20-дан 70см дейін болады. Қысты күндері қатты желдер тұрып кейде жиі жылырақ болып тұрады.
- Таулы етекті құрғақ аудандар. Бұл белдемдерге Шу, Іле тау сілемінің оңтүстігі мен оңтүстік батысты алып жатыр. 10С-дан жоғарғы ауа 300-350С-қа тең, ГТК-0, 5-0, 7, шілде айында 24-25С, ал қаңтар айында -4, 45-9, 5С құрайды. Жауын-шашынның ең көбі (200мм) - сәуір, мамыр айларында, ең азы жаздың аяғы мен күздің басында түседі. Қардың қалыңдығы 20-30см, негізінен желтоқсан айының басында түседі. Таулы етекті құрғақ аудандар аудан жерінің көп бөлігін қамтиды және басқа агроклиматтық аудандарға қарағанда климаттық көрсеткіштері қолайлы, шаруашылық жүргізуге бейім келеді. Мұнда негізінен ірі қара мал шаруашылықтары, ұсақ мал шаруашылықтарын жүргізуге қолайлы болып келеді. Бұл аймақтарды шаруашылық түрлеріне бейімдеп, жер жағдайларын дұрыстағанда қолайлы аймақтар қалыптастыруға әбден болады.
Аудан аумағындағы ауа-рйының осындай кері көрсеткіштері аудан аумағындағы шаруашылықтардың жер аумағына бейімделген шаруашылытармен ғана шектелуін туындатады. Бұл ауданда егізінен ауыл шаруашылық өнірісінде шығыста, Шу өзені жағалауында қант қызылшасы техникалық дақылдарын өсіруге маманданған және таулы аудандарында сонымен қатар тау етектерінде ұсақ мал шаруашылығымен, етті-сүтті бағыттағы ірі қара өсіру шаруашылықтарымен машықтанған. Етті-сүтті бағыттағы өсірілетін ірі қара өнімдері негізінен ірі қалаларға жөнелтіледі. Осындай шектеулерге қарамастан аудан ауыл шаруашылығы саласында біршама жақсы көрсеткіштер қалыптастырған.
1. 2 Қалыптасқан жер бедері
Қордай ауданының, сонымен қоса осы атыраптағы қалыптасқан тау сілемдер жүйесі жер бедерлерінің қалыптасу кезеңінің III кезеңінің(третичный период) екіші жартысына сай келеді. Тектоникалық жер асты дүмпулері, жер қыртыстарының қазіргі күнге дейінгі қозғалысы барысында Қордай аймағынң қазіргі күйі қалыптасты. Мұндағы Шу, Іле тауларының қалыптасуы Қордай ауданындағы климаттық табиғи жғдайлардың қазіргідей қалыпқа түсуіне өз әсерін тигізді.
Қордай ауданындағы 300-2600 метр биіктікті құрайтын тау жүйелері өзге тау сілемдерінен ерекшеленбеген, жазық қыратты, дөңес болып келеді. Ауданның солтүстігінде орналасқан Қопа жазығы ары қарай Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы даласына ұласып, екі тау аралық белдемді жалғастырады.
Қордай алқабындағы геоморфологиялық қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты ірі аудандар кездеседі. Бұлардың қазіргі кезге дейінгі зерттелген бөліктері бойынша келсідей шекараларда бөлінеді:
- Шу, Іле төменгі таулы аудандары;
- Орта таулы Ақтас-Жетіжол Қастек аудандары;
- Шу арнасы жиегіндегі таулы жазықтық Шу, Сарысу сілемдері;
- Қопа даласы мен Жусандыдала жазықтық аудандары; [3] .
Шу, Іле төмеі таулы ауданы өзі аттас осы аталған өзендер бойымен 150 км-ге дейін созылып жатыр. Шу, Іле төменгі таулы ауданы Қопа жазығынан Қордай тауларына шектесіп уақ шоқылы болып келеді де оның жалғасы оңтүстік батыста Шатыр көл аймағына дейін жалғасады.
Қопа жазығы Шу өзенінің арнасында жағалай орналасып солтүстік батыс бағытына қарай созылады, ал осы ауданнан солтүстікте төменгі таулы сілемдері Анархай, Түлкілі, Құлжабасы, Тесік, Тасбастау, Сарыбастау жерлерін құрайды. Кейбір сілемдер 2-3км созылса да, олардың биіктігі мың метрге дейін болады. Олардың ішіндегі ең биіктері Анархай, Құлжабасы және Тасбастау. Бұл аймақтардың жерлерін топырақ құрылымдары гранит және опырмалы тас жыныстары болатын тау жыныстары құрайды, сол себепті мұндағы топырақ түсі ашық-сұр, өзінің онша жетілмеген құнарсыз қабаттарымен ерекшеленеді. Бұл аймақты өсімдік дүниесіне жұтаңдығымен, осыған орай, жануарлар дүниесінің де қатты бай еместігімен сипаттауға болады.
Шу, Іле тауларының 1000-1500 метр биіктіктегі сілемдері осы кішігірім Қопа өзенінің оңтүстік жиегінен бастап, біртіндеп аласара бастайды. Бұл өз кезегінде Қордай сілемдері аймағын құрайды. Бұл атыраптан Берғайты, Ақталас атты кішкентай өзендер өз су жинау алаптарын құрайды. Ал енді, көршілес Кіндіктас таулы аймағының ең биік нүктесі 1520 метрді құрайды, бұл таулы сілемдердің жоталары бір-бірінен терең сайлар арқылы бөлініп жатыр. Сайлардың кейбір жерлердегі тереңдігі 150-250 метре дейін жетеді. Бұл жоталардың созылу бағытын нақты бір бағытқа бере алмасақ та, негізгі бөлігі солтүстік-батыс бағыттқа бағытталған десек те болады. Бұл таулы аймақтың етектік, астыңғы бөлігінің топырақ жынысы құрамы шөгінді және опырылғыш кварциттен және сазды сланецтен, үгінді әктерден құралған. Осыған орай топырақ құрамы ашық-каштанды дұрыс жетілмеген құрылымдарымен, пайдалы қасиеттерінің аз мөлшерлілігімен ерекшеленеді.
Екі көршілес Қордай және Кіндіктас тауларынан батысқа қарай Шатыркөл таулы аймағы созылып жатыр. Бұл тау жүйелері салыстырмалы түрде қатты биік емес. Абсолюттік биіктігі 700 метр, кейбір жерлерде 1000 метрге дейін жетеді. Бұл айматтың жер бедері оңтүстік шығысқа қарай еңкіштене түседі. Дәл осы атыраптан Тарылған, Бақансай, Қалқұты, Жылысай, Қақпатас секілді кіші өзендердің су жинау алаптары басталады. Бұл жерлердің су айрықты өзен аңғарлары біршама тегістеу, жыралары сайлы тегіс болғанымен топырақ қалыңдығы дұрыс жетілмеген, солтүстігіне тән сұр топырақтар.
Қордай сілемі бұдан ары қарай Ақтас, Жетіжол, Қастек орта таулы аймақтарына қарай ұласады. Бұл аймақтағы тау сілемдерінің биіктіктері әр түрлі, 1500 метрден 2600 метр биіктікке дейін жетеді. Солтүстігінде Қопа жазық даласымен, Оңтүстігінде Шу өзені жазықтарына келіп тірелетін бұл аймақ, сонау Іле Алатауының сілемдері жалғасы болып келеді. Жерлері тығыздығымен, тау жыныстарының қалыңдығымен сипатталады. Топырағы төмен аллювиалды шөгінді жыныстардан құралған.
Шу, Іле және Қастек таулары біртіндеп аласарып, Шу өзеніне таман төмендей түседі және әрі қарай жазықты алқапқа ұласады. Басы 6-8 км ендікті құраса, кейіннен 25 км-лік жазыққа ұласады. Бұл жазықтық даласы баста 750-1000 метр деңгейден басталса, кейінне 400-600 метрге дейін төмендейді. Бұл аймақ жазықтар санатына жатқызылғанмен, жер аумағы ойлы-қырлы, сайлармен, қыраттармен бөлініп жатыр. Бұл тау етекті жазықтардың кейбір бөліктері суармалы егістік алқаптары ретінде шаруашылыққа пайдаланылады. Шу өзенінің арналық жазықтарынан Қордай ауылына дейін арпа дақылының егіс алқаптары созылған, жер беті шаруашылыққа жақсы бейімделген, тегіс келеді. Топырақты құраушы тау жыныстары аллювиалды әртүрлі механикалық құрамды құмайтты топырақтар. Арпалық жердің топырақ құрамы біркелкі емес. Бұл жерлерде арналық кәдімгі сұртопырақтан бастап ашық шалғында, шалғынды батпақты кәдімгі сұртопырақтар кездеседі. Арпалық жазықтықтар бойында кездесетін биік жерлердің топырағы шалғынды, шалғынды-батпақты және ашық келеді, тура солтүстіктің шалғынды сұртопырақтары секілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz