Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

1 МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАР . . . 3

  1. Мақтарал ауданының географиялық орналасуы мен климаты . . . 3

1. 2 Ауданның суармалы егіншілік жерлерінің топырағы мен өсімдіктер жамылғысы . . . 10

1. 3 Ауданның су ресурстарымен қамтамасыз етілуі . . . 18

2 МАҚТАРАЛ АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ САПАСЫ МЕН ИГЕРУІ . . . 24

2. 1 Ауданның ауылшаруашылық жерлері және оны пайдалану ерекшеліктері . . . 28

2. 2 Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі . . . 29

2. 3 Ауданда мақта шаруашылығының дамуы . . . 33

3 МАҚТАРАЛ АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 38

3. 1 Аудан топырағының құнарлығына әсер етуші факторлар мен тиімді пайдалану мүмкіндіктері . . . 38

3. 2 Мақталы егістік жерлерін зиянкестерден қорғау әдістері . . . 45

3. 3 Мақта егістігіне тыңайтқыштарды тиімді қолдану әдістері . . . 52

3. 4 Мақта егістік жерлерін тиімді және үнемдеп суару технологиясы . . . 56

Қосымша мәліметтер . . . 65

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Кіріспе

Түркістан облысы республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан.

Еліміздің егістік жерінің келешек мүмкіндігі жоғары екендігін мына мысалдан көруге болады. Әлемнің әртүрлі елдерінде халықтың егістік алқаптармен қамтамасыз етілу көрсеткіші мынандай: Канадада 1 тұрғынға-1, 48 гектар, АҚШ-та-0, 63 гектар, Қытайда-0, 08 гектар, Жапонияда-0, 03 гектар жерден келсе, біздің Қазақстанда 1 тұрғынға 1, 51 гектар жерден айналады.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын технологияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықталады.

Жұмыстың өзектілігі - Түркістан облысы Мақтарал ауданы суармалы мақта егіншілігімен айналысатын негізгі аймақ, сондықтан суарудың жаңа әдіс тәсілдерін қолдануды енгізу мен оның тиімділігі өзектi мәселе.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мақтарал ауданының ауылшаруашылық егістік жерлерін тиімді пайдалану мәселелерін талдау болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеті:

- ауданның аулшаруашылығына әсер факторлар;

- аудандағы мақта егісінің қазіргі жағдайын талдау;

- ауданның мақта егістік жерлерінде, суарудың тиімді әдістерін қоладану

- мақта егіншілік жерлерін тиімді пайдалану үшін топырақты тыңайту және ауыспалы егістікті қолдану мәселелері;

Зерттеу әдісі: статистикалы, картографиялық әдістер қолданылды.

Зерттеу объектісі. Бұл жұмыстың зерттеу объектісі Түркістан облысы Мақтарал ауданы жер қоры.

Теориялық және әдіснамалық негізі . Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, жер монитроингін жүргізуге қатысты нормативтік құжаттар, ҚР Үкіметінің №956 19. 09. 2003ж қабылданған Қаулысы «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесі», облыстық статистикалық Агенттік мәліметтері және өндірістік тәжірибе өту барысында жинақтааған мәліметтер пайдаланылды.

  1. МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРМақтарал ауданының географиялық орналасуы мен климаты

Мақтарал ауданының аумағы 80 763, 81 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:солтүстігінде шекара, Түркістан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасымен шектеседі; шығысында шекара Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Сырдария ауданының шекарасымен өтеді; оңтүстігінде шекара, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Мырзаабад, Ақалтын аудандарының шекарасымен өтеді; батысында шекара, жаңадан құрылатын Жетісай ауданының шекарасымен өтеді.

Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) . Аудан жеріндегі 67 елді мекен 2 кенттік және 8 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Мырзакент кенті. Халқының саны-133 539 адам.

Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. 2018 жылы 8 маусымда қайтадан Жетісай және Мақтаарал ауданы боп екіге бөлінді .

Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігінде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С. И. Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Ауданда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан.

Мырзашөл даласын игеру кезінде қаланып, Бағара ауданы деп аталған, 1940-1962 жылдары Киров ауданының орталығы болды. 1962-1967 жылдары Киров ауданы, 1967-1995 жылдары Киров кенті болды. 1996 жылы аудан Асықата болып өзгеріп, орталығы - Асықата кенті болды. 1997 жылда аудан таратылып Мақтаарал ауданына қосылды. Кентте республикадағы ең ірі мақта тазалайтын зауыт жұмыс істеген, соның негізінде мақта жинайтын, өңдейтін АҚ, ӨҚ, шаруа қожалықтары құрылған. Ауданда тұрмыстық қызмет көрсету орындары, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, клуб, аурухана, емхана жұмыс істейді.

Мырзакент - Мақтарал ауданындағы кент. Аудан орталығы - Жетісай қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 30 км жерде «Достық» (бұрынғы С. И. Киров атындағы) каналының сол жағалауында. Тұрғыны 10, 9 мың адам (2003) . Іргесі 1910 жылы Мырзашөлді суландырумен айналысқан орыс жер қазушылардың қонысы болып қаланған. Әр жылдары Гавриленко, Славянский, Славиянка ауданы деп аталған. 1930-1997 жылы Мақтарал ауданының орталығы болып келеді. 1958-1990 жылғы жібек құртын өсіру питомнигі құрылып, жібек шаруашылығы дамып, піллә өндірілді. 1967-1993 жылдары Славянка кенті болып аталды.

Кентте ірі мақта өндіруші кәсіпорындар, «Мырзакент» АҚ, ауыл шаруашылық энергетика, құрылыс мекемелері жұмыс істейді, 3 орта мектеп, 3 бала - бақша, мәдениет үйі, кітапхана, «Сырдария» университетінің бөлімшесі, емхана, стадион бар.

Аудан тұрғындарына 1 орталық аудандық, 3 аудандық аумақтық аурухана, өкпе аурулары және тері - венерологиялық диспансері, 31 жанұялық дәрігерлік амбулатория, 74 ФАП, 13 фельдшерлік пунктер дәрігерлік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Қ. Жандарбеков атындағы драма театры, клубтар мен кітапханалар, стадиондар мен спорт алаңдары аудан тұрғындарының рухани дамуына, салауатты өмір сүруіне қызмет етіп келеді.

Өткен жылы 7013 нәресте өмірге келді. Орташа есеппен мың адамға 27 баладан тура келеді. 2005 жылы 2931 жаны бар 630 отбасы көшіп келді. Ал 1991 жылдан осы күнге дейін алыс және жақын шетелдерден 9517 отбасы оның құрамында 32486 адам көшіп келді. Табиғи өсім 4, 3 мың адамды құрайды. 2018 жылы облыс бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 404 миллиард 633 миллион теңгеге, ал аудан бойынша 41 миллиард 99 миллион теңгеге дейін жеткен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда: облыста өсу қарқыны - 112, 4 пайыз, ал ауданда 100, 7 пайызды құрайды. Жан басына шаққанда өнім көлемі облыста 180, 8 мың теңгеге жетсе, ауданда 156 мың теңгені құрайды.

Мақтаралда халық өте тығыз орналасқан, шағын территорияда 264 мыңнан астам адам тұрады, әр шаршы километрге 148-ден келеді. Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 5, 5 адамды құрайды. Ауданымызда бүгінде 60-тан астам ұлт өкілдері бар. Соның ішінде қазақтар - 82, 5%, тәжіктер - 6, 8%, өзбектер - 3, 8%, орыстар - 2, 3% және де тағы басқа ұлт өкілдері тұрады .

Халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 км 2 шаққанда 141, 3 адамнан (халқы жағынан облыстағы ең тығыз қоныстанған аудан) келеді. Тұрғындардың 27, 1 %-ы қалада, 72, 9 %-ы ауылда тұрады. Ірі елді мекендері: Атакентте (14, 0)

44

1-сурет. Мақтарал ауданының әкімшілік- аумақтық бөлінісінің карта-сұлбасы.

Мырзашөл өңірі өзінің табиғи-климаттық жағынан, жыл мерзімінің әр мезгіліне бір келкі келмейтін аз жауын-шашынды, қысы суық, жазы ыстық келетін жартылай шөлейт аймаққа жатады. Ауа-райын сипаттауда «Жетісай» метео-орталығының мәліметтері пайдаланылды. Аймақта абсолюттік ең жоғарғы ауа температурасы (жазда) + 41, 2°С болса, ең төменгі абсолюттік ауа температурасы (қыста) - 9. 9°С . Орташа ауа температурасы +11, 6°С.

Жауған жауын-шашын жағынан суарылмайтын жерден өнім ала-алмайтын жағдайда орташа жауын-шашын көлемі 261 мм.

Орташа түскен жауын-шашын көлемі жыл мезгілінде біріңғай емес: жазда 0 мм, күзде 50-60 мм, қыста 120-130 мм, көктемде 60-70 мм аралығында. Қысы қысқа, тұрақты емес, көпжылдық орташа ауа температурасы қаңтар айында - 2. 9°С. Ал орташа топырақтағы тоң қабаты 30-45 см аралығында.

Көктем ерте түседі, күн көзі тез жыли бастайды. Жазы құрғақ ыстық, ұзақ. Шілде айындағы орташа(көпжылдық) ауа температура +25, 6. °С.

Күз кеш түседі, қараша айынан бастап ауа температурасы күрт төмендей бастауымен сипатталады. Көп жылдық бақылау көрсеткендей орташа суықсыз күндер 191 күнге тең келеді. Аймақта желдің әсері әлсіз, орташа жыл бойындағы желдің жылдамдығы 1, 4 м/сек тең. Негізінен аймақтағы желдің бағыты солтүстік-шығыс және солтүстік бағыттан. Суармалы жердегі ауа-райының ең негізгі көрсеткіші болып табылатын судың буға айналу көрсеткіші ол аймақта орташа 1300-1500 мм-ге тең, бұл дегеніміз жылдық жауын-шашын көлемінен 4-5 есе көп деген сөз.

Жауын-шашын мен судың буға айналу мөлшерінің айырмашылығы аймақтың өте құрғақ аймаққа жататынын көрсетеді. Жоғары түддылықты жер асты суларының жер бетіне жақын болуы топырақ құрылымдарына өзінің кері әсерін тигізуде, яғни буға айналған су құрамындағы тез ерігіш тұздар топырақ қабатының бетінде қалып отырады.

Жоғарыда келтірілген ауа-райының көрсеткіштеріне сүйенсек, Мырзашөл өңірінде жер өңдеу, жерден өнім алу, жерді суару арқылы ғана мүмкін екенін көреміз. Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс үстінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай-қаңтардың орташа температурасы -2 -9 0 С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-41 0 С) .

Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19-29 0 С. Ең ыстық кезең Шардарада (47 0 С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170мм, тау етектерінде 300-450мм, ал биік тауларда 1000мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болды. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсан айының басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Аудан аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа-райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін аратады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15-20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде радияция мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Ауданның қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, метереологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралықтарын құрайды. Ерекшелігі-жауын-шашынның негізгі мөлшері (62-67%-ы) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қары лаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 245-260 тәулік, 10 0 С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300-4600 0 С. Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа - 90 күндей. Жазы ұзақ-160-170 күнге дейін созылады .

Агроклиматтық аймақтары. Облыс аумағы агроклиматтық жағдайына байланысты мынадай аймақтарға бөлінеді:

1. Шөлдің құрғақ, ыстық аймағы облыс аумағының көп бөлігін-Бетбақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері мен облыстың орталық бөлігін қамтиды.

2. Өте құрғақ, ыстықтау аймағы. Бұл бөлікке Түркістан, Бәйдібек, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандары. Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.

3. Таулы аймақтар Тянь-Шань тауының батыс бөлігі мен Қаратау жотасын қамтиды. Бұл аймақта Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төлеби аудандары орналасқан.

Облыс табиғи-шаруашылық жағдайына қарай мынадай аймақтарға, топтарға бөлінеді:

1. Шөлдің мал шаруашылық аймағы-қаракөл қойларын өсірумен айналысады: Қаратау маңы аймағы, Қызылқұм аймағы.

2. Суармалы жер және мақталы аймақ: Мақтарал-Сарыағаш аймағы, Арыс-Түркістан аймағы.

Таулы-далалы суармалы аймақ: Тұрақты, суармалы, орташа тұрақты суармалы.

3. Ашық далалы аймақ-Шардара су қоймасы.

4. Шөлдің мал шаруашылығы аймағын облыстың жазық бөлігі-Қызылқұм шөлі, Сырдария өзенінің аңғарындағы тақыр жазықтар, Қаратау таулы аймағы, Мойынқұм шөлі, Шу өзенінің аңғары, Бетпақдала шөлді даласы алып жатыр.

Бұл аймаққа Созақ, Отырар және Шардара аудандары кіреді. Климаты шұғыл өзгеріп отыратын температурамен, жауын-шашынның өте аз түсуімен, құрғақ ауа, булану дәрежесінің жоғары болуымен, күн сәулесінің мол түсуімен ерекшеленеді.

Аймақ Қаратау маңы және Қызылқұм болып екіге бөлінеді. Қаратау маңы бөлігіне Қаратау жотасының солтүстігі және Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері қарайды.

Қызылқұм аймағы-құмды шөл, облысқа оның батыс бөлігі енеді. Сырдария маңында суармалы жерлер бар.

Суармалы жер және мақталы алқап облыстың көп бөлігін қамтиды. Сарыағаш, Мақтаарал, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты аумақ кіреді.

Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз, ылғалдану коэффициенті 0, 1-0, 05-ке дейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150мм-дей. үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күннің бұлтсыз, ыстық 10 0 С- тан жоғары болатын температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді.

1. 2 Аудан жерінің жер бедері, топырағы мен өсімдіктер жамылғысы

Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі де аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар, кенттер мен қалалар салынған аймақтар т. б.

Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы - протерезой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас кангломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құрылған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезезой-кайназой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Облыстың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы Орал-Тянь-Шань геосинклиналының оңтүстік бөлігінің көтеріліп, құрлыққа айналу тарихымен байланысты. Облыс территориясының әр түрлі бөлігі геологиялық дәуірдің белгілі бір кезеңдерінде не көтерілу, не шөгу процестеріне ұшырап отырған. Міне сондықтан облыста әр түрлі жастағы және әр түрлі биіктіктегі рельеф түрлерін кездестіреміз. Облыстың көп жері ойпатты жазықтардан, үстірттерден, шөлдер мен шөлейттерден, тау алды жазықтар мен далалардан және биіктігі 2000 метрден асатын биік таулардан тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысының физика-географиялық жағдайларының әр түрлілігі (тектоникалық, геология-геоморфологиялық, климаттық, топырақ және өсімдік), солтүстіктен оңтүстікке қарай кең көлемді созылып жатуы территорияның ланшафтының айтарлықтай әр түрлілігін қалыптастырды. Аудан жері толығымен шөлді табиғи-геграфиялық зонаға енеді.

Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүтігінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында абсалюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықтықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстан мемлекетімен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған .

Мақтарал ауданы ол Сырдария өзенінің сол жақ қанатында кең жайылып, он мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан ұлан-ғайыр құмды жазық, шөл дала болып табылады. Шығысында және Солтүстік шығысында Сыр арнасымен Фархад жартастарының маңайында түйіседі, ол Шардара іс жүзінде Мырзашөлдің солтүстік шегін түйіндейді, яғни Қызылқұмға жалғасады. Оның батыс қанатындағы шекарасы Шардара мен Жызақ арасындағы белдікпен айқындалады, оңтүсігінде Нұрата таулары мен Түркістан жотасының сілемдеріне тіреліп тоқтайды. Мырзаның шөлі қазірде Өзбекстанның Жызақ және Сырдария облыстары, оңтүстік Қазақстанның Мақтарал, Шардара сияқты үлкен өңірлерінің мекен тұрағына айналған .

Қарастырылып отырған Мырзашөл суармалы аймағының Қазақстанға тиесілі бөлігі, Сырдария өзенінің аллювиальді аймағы деп мінезделіп, геологиялық құрылымы есебінде өте күрделі аудан болып саналады. Олар контитентальды түрлі неоген шөгіндісіне шейін (яғни су өткізбейтін қабатқа шейін) кәдімгі екі қабатты құрылымнан тұрады, яғни қалың қабатты аллювиальді құм өз қабатында саздақ, тасты, керметасты, сазды линзалар болып, беткі жағы майда құмды-саздақты және саздақты топырақтармен қапталған.

Аудан аймағы геоморфологиялық жағынан Сырдария өзенінің негізінен үшінші, біраз жері екінші, арна сағасында орналасқан. Жас тегістік жерлер өзен арнасының бірінші сағасымен, 6-12 метр биіктік айырмашылығын құрап, шектеліп жатуына байланысты, жақын жатқан жерлерде жер асты суларының табиғи сүзілу әсері жақсы байқалады.

Үшінші арна сағасы, ыдырап созылып жатқан батыс және солтүстік-батыс бағытындағы төмен жерлердегі Сардоба, Қарой, Жетісай ескі арналар бағытындағы жазықтық болып саналады. Батысында Қызылқұм шөлді жеріне Жетісай, Арнасай мен Түзкен ойпаттарымен шектеледі. Аймақтағы ең жоғары жерлермен «Достық» каналының арнасы орналасқан.

Жер бетінің еңкіштігі «Достық» каналынан Сырдария өзеніне қарай 0, 007 - 0, 0008 болса, Арнасай ойпатына 0, 0004-0, 0008. Мырзашөлдің солтүстік-батысын алып жатқан Мақтарал ауданы литологиялық жағынан (беткі қабатының қалыңдығымен, судың сүзілу қасиетіне байланысты ол қабаттардың жақсы су өткізгіштігіне байланысты) үш гидрогеологиялық ауданға бөлінеді.

Бірінші аудан жер көлемінің 52-53% алып жатқан Сардоба ойпатынан Арнасай ойпатына дейінгі жерлер. Шекарасы орталық Мырзашөл қашыртқысы мен «Достық» каналының 4-5 км сол жағы.

Екінші гидрогеологиялық аудан жер көлемінің 40-44%-ін алып жатыр.

Үшінші гидрогеологиялық аудан қалған жер көлемінің 2-4% құрайды. Негізінен өзен арнасының екінші сағасында сол арна бойымен созылып жатқан жіңішке жерлерді алып жатыр және Сырдария өзенінің арнасының бойымен дерлік созылып жатыр .

Жер бетінің беткі қабатының қалыңдығы бірінші гидрогеологиялық ауданнан екіншіге, екіншіден үшінші гидрогеологиялық ауданға ауысқанда азаяды, ал керісінше сол бағытта су өткізгіш тік қабілетті, қуатты қабаттар көбейеді.

Мырзашөл жазықтығы Сырдария өзенінен Оңтүстіктіктегі Түркістан сілемдеріне дейін бір миллионға жуық гектар жерді алып жатыр. Осы жердің өзіне сай тарихы бар, әсіресе ең қызығы осы шөлейтті қуаң даланы суландыру, жаңа жерлерді адамзат игілігіне игеру.

«Сулы жер - нулы жер» деп дана халқымыз айтқандай, осы жерлер екі туысқан, көршілес Қазақстан, Өзбекстан республикаларының үш облысының екі миллионнан астам халқының табыс көзіне, тұрақты мекен-жайына айналып кеткен. Бұл жерлерде жүздеген шақырым бас каналдар, мыңдаған шақырым кішігірім арықтар қазылып, ертелі-кеш көпеген елді мекендер, кенттер, қалалар, зауыт және басқа өндіріс кәсіпорындары ашылып, үлкен өндіріс күштеріне еге аймаққа айналды.

Мырзашөлді игерудің әр уақыттағы кезеңдері тарихта белгілі: Патшалық Ресейдің билігінің кезеңі, Қазан төңкерісінен кейінгі уақыт, одан соң 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы кезеңдері. Қай кезеңде болмасын шөлді игеруге адам әрекеттенген, алғашқы кезеңдерде күрек, кетпен, білек күшімен, кейінгі кезеңде қуатты техника күшін, ғылым және тәжірибені кеңінен пайдаланған, оларды тиімді басқарған.

Жер туралы тереңірек ойлансақ, жер - ана табиғаттың түрлі құбылыстарына тәуелді: топан су, жалынды от, найзағайлы нөсер, бұрқасынды дауыл, құйынды жел болсын. Сол сияқты жайма шуақ көктемнің күні, көк майса даласы, аңызақты ыстық шілде, алтын күз, жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар. Барлығына қуанатын және көнетін, шыдап тіршілік жасайтын Жер мен Адам.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нысанның орналасқан жері
Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Шаруа қожалығының жерге орналастыру жұмысы
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Тараз қаласының жерлерін кадастрлық бағалау жүргізу
Жер ресурстарын басқару
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру туралы ақпарат
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz