Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ТҮЙІНДЕМЕ

Тақырыбы: Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жерді тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүргізу.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі:Дипломдық жұмыс 70 беттен, кіріспеден, 3 бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қоса, жұмысты жазу барысында 6 кесте, 12 сурет құрастырылды. Зерттеу объектісі: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының жер ресурстары. Жұмыстың мақсаты: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы жер ресурстарының пайдалануы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізілуін зерттеу, жер ресурстарының тиімді, мақсатына сәйкес пайдалануын бақылай отырып, соның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің рациональды түрде пайдаланылуын ескеру, қорғалу шараларындағы әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да факторлардың әсерін анықтау. Түйін сөздер:жер ресурстары, жер пайдаланушылық, жер ресурстарын қорғау шаралары. Зерттеу әдістері:Дипломдық жұмысты жазу барысында статистикалық әдіс, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

РЕФЕРАТ

Тема:Ведение государственного контроля за рациональным использованием и охраной земель Казыгуртского района Туркестанской области. Объем и структура работы:Дипломная работа состоит из 70 страниц, введения, 3-х глав, заключения и списка использованных работы. Также, во время работы было создано 6 таблиц, 12 рисунков. Цель работы: Изучение государственного контроля за использованием и охраной земельных ресурсов в Казыгуртском районе, Туркестанской области, выявление влияния социальных, экологических, экономических и других факторов на меры охраны, в том числе рациональное использование сельскохозяйственных земель. Ключевые слова:земельные ресурсы, землепользование, меры по охране земельных ресурсов. Методы исследования:статический метод, метод сравнительного анализа.

ABSTRACT

Subject: Cundicting state control over the rational use and protection of land in the Kazygurt district of the Turkеstan region. Volume and structure of work:Diploma thesis consists of an introduction, 3 main parts, conclusion and list of references. Includes, 6 tables and 12 pictures. Objective: Object of the study is a land resources of the Kazygurt district of Turkistan region. The main goals of the thesis are study of state control over the use and protection of land resources in Kazygurt district, Turkestan region, identifying the impact of social, environmental, economic and other factors on protection measures, including the rational use of agricultural land Keywords: land resources, land use, measures to protect land resources. Study methods:Research methods:statistical method, method of comparative analysis.

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1. ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1Қазығұрт ауданының табиғи-климаттық жағдайы, жер бедері . . . 6-8

1. 2 Қазығұрт ауданының әкімшілік бөлінуі . . . 6-22

1. 3. Жер ресурстарын қорғау және ауыл шаруашылығы алқаптарын дамыту шаралары . . . 22-27

2. ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН АНЫҚТАУ

2. 1 Қазығұрт ауданындағы жер ресурстарының жалпы сапалық жағдайын анықтау . . . 30-31 2. 2 Жер ресурстарының пайдалану жағдайы мен жақсарту жолдары . . . 31-32 2. 3 Жер ресурсын қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүргізетін мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері . . . 3

3. ЖЕР РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ МЕН ҚОРҒАЛУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ

3. 1 Аудандық жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың жүргізілу тәртібі . . . 49-53

3. 2Жер пайдаланушылықта туындайтын заң бұзушылық түрлері . . . 54-56 3. 3 Жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізудіңмаңыздылығы . . . 56-58

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

КІРІСПЕ

Жер ресурсы - экономиканың барлық салаларын дамытудың негізгі объектісі болып табылатын маңызды ұлттық қазына болып табылады. Әрбір саланың дамуы тікелей жермен байланысты. Тіршілік көзі болып саналатын жер ресурстарын өндірістік салада тиімді пайдаланылуы мемлекет саясатындағы негізгі буын болып табылады. Сондықтан жер қатынастары мен жер заңнамасы, жер реформасын одан әрі дамыту жерде тиімді шаруашылық жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға, жер ресурстарын - елдің басты байлығын ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталуы тиіс. Бұл ретте жер учаскесі меншік иесі мен жер міндетті кепілдіктері мен міндеттерін сақтау ескеріледі. Түркістан облысының экономикалық әлеуеті, топырақ-климат жағдайлары және ауа-райының ерекшеліктері ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға қолайлы. Облыста суармалы жерлерді пайдалану көп жағдайларда су қорларының жеткіліксіздігімен шектеледі. Жерді ұтымды және тиімді пайдалану ел экономикасының және ауыл шаруашылығының табысты дамуының негізі болып табылады. Жер - халықтың әл-ауқатының басты көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі. Жерді тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау, жерді пайдаланудан барынша пайда алу Жер кодексінің орындалуына байланысты жер саясатының негізгі бағыты. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануды жетілдіруде аумақтарды ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы мәдениетін жетілдіру, қоршаған ортаны қорғаудың басқа да шаралары аса маңызды болып табылады. Жерді ұтымды пайдалануда топырақ құнарлылығын арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану мәселесі тұрақты реформалардың, жер ресурстарын басқарудың негізгі міндеттерінің бірі саналады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі :Жерді пайдалану мен қорғау әр мемлекеттің өз аумағындағы, сонымен қатар әлем елдерінің ортақ міндеті. Жерді пайдалану мен қорғау үшін жан- жақты құқықтық, зерттеу шаралары қолға алынған. Жер ресурстарын пайдалануды мемлекеттік бақылау бұл қолданыстағы нормативтік актілердің сапалылығына тікелей байланысты. Сол себептен мемлекеттің басты байлығы, яғни экономика мен әлеуметтік жағдайдың негізі болып табылатын жер ресурстарына мемлекеттік бақылау жүргізудің тиімді тәсілдерін аныұтау өзекті мәселе болып тұр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты :дипломдық жұмыстың мақсаты болып аудан аумағындағы жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізілуін зерттеу, саралау табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес орындалуы қажет міндеттер : мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақтауы, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етілуін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың объектісі : Жер пайдаланушылықта туындаған мәселелер мен экологиялық жағдайдың шиеленісуі.

Дипломдық жұмыстың пәні ретінде Қазығұрт ауданында жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың жүргізілуі мен жер ресурстарының құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар танылады. Зерттеудің әдістемелік негізіне жалпы танылған жер заңдарының қағидалары мен жерді пайдалану мен қорғау ережелері қызмет етеді.

1. ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Қазығұрт ауданының табиғи-климаттық жағдайы, жер бедері.

Қазығұрт ауданы - шығысы мен оңтүстік шығысын биік таулы жоталар, солтүстігі мен батыс-солтүстігін төбешік жазықтар алып жатқан Түркістан облысы құрамындағы әкімшілік бөлініс. Аудан облыс орталығы -Түркістан қаласынан оңтүстік - шығысқа қарай 237, 7 км жерде, орналасқан. Жер көлемі -409304 гектарды құрайды (1 кесте) . Батыс бөлігінде Сарыағаш ауданымен, ал шығысында Сайрам ауданының жерімен шектеседі. Ауданның орталығы Қазығұрт ауылдық округінде орналасқан. Аудан бойынша:3714 агроқұрылым бар; оның ішінде 3395-сі шаруақожалықтары; 106 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі(ЖШС) ; 132 өндірістік кооператив; 2 мемлекеттік заңды тұлға мен 79 саяжай пайдаланушылар тіркелген. Тұрғындар негізінен бидай, көкеніс, техникалық өсімдіктер және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын егумен, сонымен қатар мал өсіріп айналысумен еңбек етуде. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылғы мақсатындағы жерлер 275086 гектар немесе барлық жер қорының 67, 2 % құрайды. Осы жер қоры шаруашылық серіктестіктерге, өндірістік кооперативтерге және шаруа қожалықтарына шаруашылық қызметтерді жүргізу үшін берілген (1- кесте) . Облыстың оңтүстік шығысында орналасқан әкімшілік бөлік облыста аумағы бойынша 5- орынды алады. Ауданның жер көлемінің көп бөлігі 800-1200 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері негізінен таулы, төбешікті болып келеді. Шығыс бөлігінде Қаржантау (2000-2800м), Өгем(3000-3600 м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігінің рельефі төбешік жазық. Жер қойнауынан минералды су және қиыршық тас, аққұм, цемент т. б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік сипатта болып келеді, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм болып келеді. Аудан территориясынан Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай сияқты өзендер ағып өтеді. Таулы аймақтың фаунасы қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, сарышұнақ Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, жиде, арша, шырша, жабайы алма, тобылғы және т. б. өседі. Ал мәдени және техникалық өсімдік шаруашылығы құрылымында бидай, арпа, жүгері, мақсары, күнбағыс, күнбағыс және басқа да көкеніс өндірісі басым. Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы жерлерінің егіншіліктегі маңызды мәселелерінің бір шешімі жоңышқамен тығыз байланысты. Жайылымдық және ұстап бағылатын мал санының жоғарылауы малазықтық дақылдарды өсіруге ықпал етеді. Сол себепті мұнда мал азықтық жоңышқа егісі көп шоғырланған және ауыспалы егіс тәсілінде де тиімді қолданылуда. Ауданның ең көп бөлігін алып жатқан тұзды топырақ жамылғысы, олардың таралған ауданы - солтүстік, солтүстік-батыс аймақтары, сондай-ақ, олар жеке үлескілер ретінде оңтүстік, оңтүстік-шығыста таралған. Аудан аумағы бойынша Орынбор - Шымкент - Ташкент темір жолы, Шымкент - Ташкент, Қазығұрт - Ленгер автомобиль жолдары өтеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 275086 гектар. Оның ішінде егісік жерлер 100918 гектар, оның ішінде суармалы егістік 12349 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1950 gектар, шабындық жерлер 30905 гекта, жайылымдық 133460 гектар. Аудан бойынша ірі қара -72409, қой-ешкі -289445, жылқы 28075 басқа жетті. Қазығұрт ауданынын барлығы 6244 гектар жерін Төлеби (4524га), Сайрам (1720га) аудандары жалға алу шарты бойынша пайдалануда. Ауданда барлығы 3714 агроқұрылым бар, оның ішінде 3395 шаруа қожалығы, 106 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 132 өндірістік кооператив, 2 мемлекеттік заңды тұлға жане 79 саяжай пайдаланушылар бар.

Аудан аумағы табиғаты мен ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты 3 аймаққа бөлінеді:

1. Құрғақ ыстықты шөл және шөлейтті аймақ. Оған Шанақ ауыл округі енеді. Бұл аймақтың жер бедері төбелі жазық болып, оңтүстік-шығысына қарай біртіндеп жоғарылай бастайды. Ауа-райы жылы, құрғақты болып ерекшеленеді. Қысы қысқа, көбінесе жылы болады. Қардың қалыңдығы орта есеппен 11 сантиметрден аспайды.

2. Өте жоғары құрғақты ыстық тау алды аймақ. Оған Шарбұлақ, Шарапхана, Қызылқия, Қарабау, Қарақозы Әбдалиев және Қазығұрт ауыл округтері кіреді. Бұл аймақтың жер бедері, жазықты болып келеді. Негізгі су аймақтары Қазығұрт және Қаржантау тау жоталарымен өтеді. Ауа райы жылы, құрғақты болып келеді.

3. Тау аймағын Өгем мен Қазығұрт шатқалдарының оңтүстік шығыс жағында орналасқан, құрамына Тұрбат, Жаңабазар, Қызылтаң ауыл округтері енеді. Бұл аймақтың жер бедері тау беткейлері мен бөлшектенген өзен жазықтары және белестер мен су айрықтарымен өзгешеленеді.

Климаты :

Солтүстік-батыстан шығысқа қарай және оңтүстің-батыстан солтүстік батысқа қарай Қазығұрт пен Қаржантау тау жоталары өтеді және біртіндеп бірігеді. Бұл аймақтың ауа райы жазық пен тау алды аймақтарынан өзгеше болып келеді. Жазы салқын, найзағайлы-жауынды кейде бұршақты болып келеді. Қысы қатаң. Қар жамылғысы 3-4 ай жатуы мүмкін. Қар жамылғысы қалыңдығы 80-100 сантиметрге дейін жетеді. Жылдық ылғал көлемі 3200-3900 миллиметр. Бұл аймақтың жерлері шабындық ретінде және жаздық жайлау ретінде пайдаланылады.

Гидрографиясы:

Ауданның су қоры жер беті және жер асты суларынан тұрады. Олар Келес және Өгем өзендері. Өгем өзені өз бастауын Талас Алатауынан басталса, Келес өзені Қаржантау тауынан бастау алады. Одан басқа Ұя, Қаржан, Ақпарақ, Шарбұлақ және Қақпақ өзендері Келес өзеніне қосылып, өзен арнасы Сырдарияға барып құяды. Бөгендер мен тоғандар бойынша ауданда үш орташа сыйымдылықтағы суқоймалары бар: «Рабат» су қоймасының сыйымдылығы 50 000 м³ «Ақбастау» су қоймасы, сыйымдылығы 80 000 м³, «Көкібел» су қоймасы сыйымдылығы 100 000 м³.

1. 2 Қазығұрт ауданының әкімшілік бөлінуі.

Аудандағы халық саны 2003 жылғы есеп бойынша -92, 2 мың адам, ал 2019 жылғы есеп бойынша - 106 225 адам. Әкімшілік бөлінісі бойынша ауданда жалпы 60 елді-мекен 13 округқа біріктірілген: 1. Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы. Елді-мекендері: Ащыбұлақ, Кезеңбұлақ, Молбұлақ. Халық саны 25722 адам. Округтің жалпы жер көлемі- 2248 гектар. Оның ішінде жайылым жер -971 гектар.

2. Алтынтөбе ауыл округі орталығы Алтынтөбе ауылы. Елді мекендері:Қаржан, Алтынтөбе, Қосағаш, Қарабау, Қырыққыз, Аққұм. Халық саны-8624 адам. Округтің жалпы жер көлемі-23472 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылық жер- 20537 гектар, жалпы егістік -9866 гектар, суғармалы жер - 699 гектар, көп жылдық екпелер-112 гектар, жайылым жер -7593 гектар, шабындық жер-2189 гектар.

3. Жаңабазар ауыл округі, орталығы Жаңабазар ауылы. Елді-мекендері:ХХ-жылдық, Жаңабазар, Үлгілі, Қарабастау, Жеңіс, Жылыбұлақ, Жаңажол, Тілектес, Жаңаталап. Халық саны - 12187 адам. Округтің жалпы жер көлемі - 37221 гектар, оның ішінде, ауыл шаруашылғы жері -32822 гектар, жалпы егістік- 8442 гектар, суғармалы жер- 480 гектар, көп жылдық екпелер - 166 гектар, жайылым жер-14131 гектар, шабындық жер- 6893 гектар.

4. Жігерген ауыл округі, орталығы Жігерген ауылы. Елді-мекендері:Жігерген, Айнатас, Диқан, Қызылбұлақ, Тесіктөбе. Халық саны-4500 адам. Округтің жалпы жер көлемі -189783 гектар, оның ішінде, ауыл шаруашылғы жері- 104003 гектар, жалпы егістік-2991 гектар, суғармалы жер- 268 гектар, көп жылдық екпелер - 436 гектар, жайылым жер-76573 гектар, шабындық жер- 1695 гектар.

5. Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі, орталығы Рабат ауылы. Елді-мекендері -Рабат, Қыдыр Мәмбетұлы, Еңбекші, Қызыл-дала Амангелді, Атбұлақ және Жаңаталап. Халық саны-10900 адам. Округтің жалпы жер көлемі -70520 гектар, оның ішінде, ауыл шаруашылғы жері- 62647 гектар, жалпы егістік- 18009 гектар, суғармалы жер- 236 гектар, көп жылдық екпелер - 127 гектар, жайылым жер-42435 гектар, шабындық жер-361 гектар.

6. Қақпақ ауыл округі, орталығы Қақпақ ауылы. Елді-мекендері Қақпақ, Заңғар, Сырлысай. Халық саны-6455адам. Округтің жалпы жер көлемі -18218 гектар, оның ішінде, ауыл шаруашылғы жері-16621 гектар, жалпы егістік- 5231 гектар, суғармалы жер-2779 гектар, көп жылдық екпелер - 405 гектар, жайылым жер-7770 гектар, шабындық жер- 2030 гектар.

7. Қарабау ауыл округі, орталығы - Сынтас ауылы. Елді-мекендері:Қарабау, Сынтас, Үшбұлақ, Жұмысшы. Халық саны-6455 адам. Округтің жалпы жер көлемі- 15500 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылғы жері- 13700 гектар, жалпы егістік- 7055 гектар, суғармалы жер-275 гектар, көп жылдық екпелер - 50 гектар, шабындық жер- 1114 гектар, жайылымдық жер-4422 гектар.

8. Қызылқия ауыл округі, орталығы Қызылқия ауылы. Елді-мекендері:Қызылқия, Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, Тұғыртас. Халық саны-10316 адам. Жалпы жер көлемі - 24516 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы 22058 гектар, жалпы егістік - 9548 гектар, суғармалы жер - 5587 гектар, көп жылдық екпелер -1000 гектар, жайылым - 6038 гектар, шабындық жерлер- 3945 гектар.

9. Сабыр Рахымов ауыл округі, орталығы Көкібел ауылы. Елді-мекендері -Көкібел, Майбұлақ, Қызылата. Халық саны-3985 адам. Округтің жалпы жер көлемі-12774 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылғы жері-11230 гектар, жалпы егістік-2846 гектар, суғармалы жер-261 гектар, көп жылдық екпелер -69 гектар, жайлым жер-5865 гектар, шабындық жер-1774 гектар.

10. Тұрбат ауыл округі, орталығы Тұрбат ауылы. Елді-мекендері: Тұрбат, Өндіріс, Еңбек, Қызылдиқан. Халық саны-12400 адам. Округтің жалпы жер көлемі -19974 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылық жер - 7303 гектар. Жалпы егістік- 5737, суғармалы жер- 587 гектар, көп жылдық екпелер- 90 гектар, жайылым жер -7419 гектар, шабындық жер -2408 гектар

11. Шанақ ауыл округі, орталығы Шанақ ауылы. Елді-мекендері : Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ, Станция Шанақ. Халық саны 3812 адам . Округтің жалпы жер көлемі - 48439 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық жер-42251 гектар, жалпы егістік -18021 гектар, жайылым жер - 23514гектар.

12. Шарапхана ауыл округі, орталығы Шарапхана ауылы. Елді-мекендері : Шарапхана, Жіңішке, Маханбет Өтемісұлы, Майлыошақ, Талдыбұлақ, Бақабұлақ. Халық саны- 8637 адам. Округтің жалпы жер көлемі - 35761 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылық жер- 32955 гектар, жалпы егістік -8668 гектар, суғармалы жер - 272 гектар, көп жылдық екпелер -71 гектар, жайылым жер - 19728 гектар, шабындық жер -3570 гектар.

13. Шарбұлақ ауыл округі, орталығы Шарбұлақ ауылы. Елді-мекендері:Шарбұлақ, Ақбастау. Халық саны- 4796 адам. Округтің жалпы жер көлемі-27645 гектар, ауыл шаруашылығы 24115 гектар, жалпы егістік-7932 гектар, суғармалы жер- 747 гектар, көп жылдық екпелер- 123 гектар, шабындық жер- 5481 гектар, жайылымдық жер - 10118 гектар.

Қазығұрт ауданы жер ресурстарына бай, негізінен ауылшаруашылығы мақсатына, соның ішінде егістік пен жайылымға маманданған. Ауданның барлық территориясы 409304 га, оның ішінде: ауыл шаруашылығы алқаптары- гектар; оның ішінде егістік жерлер- 100 964 гектар ; суармалы егістік -12 417 гектар; көп жылдық екпелер -1950 гектар; шабындық жерлер-30 902 гектар; жайылымдар -133 835 гектар; өзге де жерлер -7882 гектар.

1-кесте. Ауданның жер қорының жер санаттары және жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар жайлы есеп, 2019 жыл, 10 қазан.

Жер санаттары:

Жер санаттары

Ауданы, га:

Ауданы, га

Жер санаттары: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Оның ішінде:
Ауданы, га: 275 534
Жер санаттары: -бау-бақша, саяжай құрылысы үшін
Ауданы, га: 9
Жер санаттары: - шаруа қожалықтар жері
Ауданы, га:
Жер санаттары: -шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар жері
Ауданы, га: 132
Жер санаттары: -өндірістік кооперативтер жері
Ауданы, га: 302
Жер санаттары: -ауыл шаруашылығы мақсатындағы басқа кәсіпорындар жері
Ауданы, га:
Жер санаттары: -оқу орны мен тәжірибе алуға бөлінген жер
Ауданы, га: 41261
Жер санаттары: -қосалқы шаруашылықтар жері
Ауданы, га: 80368 1220
Жер санаттары:
Ауданы, га: 0 4328
Жер санаттары: Елді-мекендер орналасқан жерлер -
Ауданы, га: 39701, 0
Жер санаттары: жеке тұрғын құрылысы үшін
Ауданы, га:
Жер санаттары: Өнеркәсіп, көлік, байланыс жәнеөзге де ауылшаруашылығына арналмаған жерлер
Ауданы, га: 2274, 0
Жер санаттары: -Өнеркәсіп
Ауданы, га: 159
Жер санаттары: -Автокөлік жолдары
Ауданы, га: 1242
Жер санаттары: -Темір жол транспорт
Ауданы, га:
Жер санаттары: -Байланыс
Ауданы, га: 103
Жер санаттары: -Басқа да ауыл шаруашылығы емес мақсатта
Ауданы, га: 33
Жер санаттары: -Осы санаттағы жерлердің жеке меншіктегісі
Ауданы, га: 737 35
Жер санаттары: Орман қорының жері
Ауданы, га: 60, 0
Жер санаттары:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері

Соның ішінде емдік сауықтыру мақсатында

Ауданы, га: 76573, 0
Жер санаттары: Су қорының жері
Ауданы, га: 424, 0
Жер санаттары: Босалқы жерлер
Ауданы, га: 8495
Жер санаттары: Барлығы:
Ауданы, га: 409304

.

2-кесте. Ауылдық округтер бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының жіктелуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығұрт ауыл округі - Қазығұрт ауданы аумағында орналасқан әкімшілік бірлік
Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары
Ауыспалы егістік алқабының кестесі
Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның физикалық-географиялық ерекшеліктері
Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп
Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюжет құрылымы
Қаратау таулы жотасы
Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz