Нәруыздардың алмасуы
"ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
"Технология және биоресурстар" факультеті
"Ветеринариялы-санитариялық сараптау және гигиена" кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:
"Зат алмасу процесі және оның адам өміріне маңызы"
Орындаған: 5В072700-Азық түлік
өнімдерінің технологиясы
мамандығының 1 курс 106ы топ студенті
Қуаныш Айгүл
Тексерген: Қозықан С.
АЛМАТЫ, 2017ж.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Пластикалық және энергетикалық алмасу.
2.2 Зат алмасудың біртектес бұзылыстары
2.3 Зат алмасудың жас ерекшеліктері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Зат алмасу процессі дегеніміз-тірі организмдегі бергілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы.Тірі жасушадағы зат алмасу процессі үздіксіз жүріп жатады.Орыстың ұлы физиологі И.М.Сеченов: "Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса,организм тіршілік ете алмайды" деген болатын.Организм мен оны қоршаған сыртқы орта арасында үздіксіз зат пен энергия алмасып отырады. Зат пен энергияның алмасуы сыртқы ортадан организмге энергиясы мол органикалық заттардың келуінен басталады.Ол органикалық заттар ас қорыту жолына түсіп, ферменттердің жәрдемімен қарапайым заттарға ыдырайды.Содан кейін организмнің ішкі ортасы-қан мен лимфаға өтеді.Қарапайым заттар қанмен бірге жасушаға барып, түрлі химиялық өзгерістерге ұшырайды.Демек сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды.
Организмдегі зат алмасу тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Тірі организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тіршілік етеді, өсіп жетіледі және өледі.
Зат алмасу физиологиялық - ас қорыту, сіңіру, бөліп шығару, физикалық-химиялық-сорбция, диффузия, биопотенциалдар, биохимиялық-заттардың синтезделуі, ыдырауы, өздігінен- өзі құралуы сияқты т.б әртүрлі кейде қарама-қарсы процестерді айтамыз.
Зат алмасудың негізгі 3 кезеңі:
1. Ас қорыту (тамақтану биохимиясы)
2. Аралық алмасу (клетка ішілік зат алмасу)
3. Бөліп шығару (түзілген соңғы заттар)
Ас қорыту, ыдырауы:
Полимерлердің мономерлерге дейін ақуыздың амин қышқылдарына, көмірсулардың моносахаридтерге, майлардың май қышқылына және глицеринге дейін ыдырауы.
Тамақтың негізгі компоненттері: көмірсулар, майлар, ақуыздар.
Тамақтың қосымша компоненттері: микроэлементтері, дәрумендер, Na және K тұздары.
Ас қорыту процесі асқазан жолдрында жүреді, яғни асқазанға түскен ас қорытылып, ішектің кілегейлі қабатына сіңіріледі.
Аралық зат алмасу, басқа сөзбен айтқанда метоболизм - тірі клеткада жүретін барлық химиялық процестерден тұрады. Тірі клеткада көптеген биохимиялық реакциялар жүреді.
Зат алмасу - дегеніміз қорға жиналу және олардың өздігінен қолдануы мақсатында, тірі жүйеде заттар мен энергияның өзгеруінің заңдылығы.
Зат алмасудың қызметтері:
1.Клетканың ағзаға түскен тамақтың ыдырауынан түзілетін энергиямен қамтамасыз ету;
2.Тамақты кіші молекулалы заттарға дейін ыдыратып, оларды басқа макромолекулаларды құрауға қолдануға дайындау;
3.Ақуыз, көмірсу, нуклеин қышқылдары, майлар т.б. сияқты макромолекулаларды, биополимерлерді олардың құрамды бөліктерінен жинау, құрастыру;
4.Клетканың арнаулы қызметі үшін қажет биомолекулалардың синтезі мен ыдырауы.
Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: 1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.
Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін - метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім - метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы - анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді.
II. Негізгі бөлім
2.1 Зат алмасу сатылары
Метаболизм (грекше μεταβολή трансформация, өзгеру) немесе зат алмасу - өмірді қолдау үшін тірі организмде кездесетін химиялық реакциялар жиынтығы. Бұл процестер организмдердің өсіп-өнуіне мүмкіндік береді, олардың құрылымдарын сақтайды және қоршаған ортаға әсер етеді. Зат алмасуға байланысты барлық жиынтық үдерістер метаболизм деп аталады. Өйткені зат алмасуға химиялық құрамбөлікті -- заттар да, сондай-ақ түбегейлі өзгеру де, энергияның өзара өзгеруі де қосылады. Оны үйлесімді энергетикалық алмасуға бөледі. Кейде энергетикалық алмасу үдерісін катаболизм немесе диссимиляция деп атайды. Катаболизм (диссимиляция) ұғымы ағзаның энергия алу мен оны тіршілікке жұмсау үдерістеріне біріктіреді. Қарама-қарсы ұғым -- үйлесімді алмасу, оны анаболизм немесе ассимиляция терминдерімен белгілейді. Бұл ұғымдар заттарды тұтыну, олардың меншікті ағза заттарында түбегейлі өзгеру және содан соңғы жиналу үдерістерін біріктіреді. Яғни ассимиляция немесе анаболизм дегеніміз тағамның химиялық құрамболіктерінен меншікті ағза заттарын синтездеуге және жинақтауға бағытталған реакциялар болып табылады.
Анаболизм немесе Пластикалық алмасу (гр. ἀναβολή -- көтеру, көтерілу) - тірі ағзадағы жасушалар мен тіндердің құрылымдық бөліктерін түзуге және жаңартуға бағытталған химиялық процестердің жиынтығы, жасушалардың қоректік заттарды сіңіруге бағытталған процессі. Соның нәтижесінде ағза денесі қалыптасады. Анаболизм ағзаның қоршаған ортадан келетін заттарды сіңіріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы зат алмасуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде қарапайым молекулалардан жасуша құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар құралады. Клетка құрамы күрделенеді, энергия (қуат) жинақталады. Анаболизм -- катаболдануға (катаболизмге) кері эндоэнергиялық процесс. Мұның негізінде түрлі қосылыстар ыдырауынан пайда болған заттардан жаңа заттар түзіледі. Анаболизм жануарларда алғашқы жас даму сатысында, ал өсімдіктерде вегетативті көбею кезеңінде өте жақсы жүреді. Анаболизм -- бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар құруда яғни фотосинтез процесі кезінде маңызды рөл атқарады.
Анаболизмде жасушаға тән емес химиялық заттар өзгеріп, түрге тән заттарға айналады. Катаболизммен бір уақытта өтеді.
Тағамның құрамындағы ағзалық заттар асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамындағы ферменттердің әсерінен ыдырайды. Ферменттер ағзадағы химиялық реакциялардың жүруін жылдамдататын ерекше нәруыздық заттарға жатады.
Нәруыздардың алмасуы. Адамның дене салмағының 25%-ын нәруыз құрайды. Нәруыздар көптеген аминқышқылдарынан құралған. Ағзадағы аминқышқылдардың маңызына байланысты алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын деп 2 топқа бөледі. Алмастыруға болатын аминқышқылдар ағзаның өзінде түзіледі. Алмастыруға болмайтын аминқышқылдар ағзаға тағаммен бірге қабылданады. Адам ағзасына қажетті аминқышқылдары бар нәруыздық тағамдарды бағалы нәруыздар деп атайды. Бағалы нәруыздар: сүт, жұмырқа, ет жіне балық тағамдарының құрамында көптеп кездеседі.
Нәруыздар цитоплазманың, гормондардың,ферменттердің, жасуша ядросының және т.б. заттардың құрамына кіреді. Нәруыз адам ағзасына қор ретінде жиналмайды.Өсіп келе жатқан ағза үшін нәруыздың маңызы ерекше. Нәруыздың жетіспеушілігі балалардың өсуін баяулатып, жалпы дамуына әсер етеді. Ағзаға қажетті нәруыздар көмірсулардан, майлардан түзілмейді.
Нәруыздар асқорыту мүшелерінде аминқышқылдарына ыдырап, қан арқылы жасушаларға таралады. Нәруыздар ағзада үнемі түзіліп, әрі бір мезгілде ыдырап отырады. Нәруыздардың ыдырауынан пайда болған су, көмірқыщқыл газы, аммиак, зәр қышқылы бүйрек арқылы зәрмен сыртқа шығарылады.
Нәруыздың алмасуының қарқындылығы оның құрамындағы ағзаға түскен, ағзадан шығарылған азоттың мөлшерімен өлшенеді. Өсіп келе жатқан ағза үшін ағзаға түскен азот мөлшері ағзадан шығарылатын азоттан көбірек болуы тиіс.
Майдың алмасуы. Адам дене салмағының 10-20%-ын май құрайды. Майдың құрамында қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Қанықпаған май қышқылдары ағзаға тек тамақпен бірге түседі. Мұндай май қышқылдары өсімдіктен алынатын майлардың құрамында көбірек кездеседі.
Май цитоплазманың, жасуша ядросы жарғақшасының, витаминдердің және т.б. құрамында болады. Май ыдыраған кезде басқа ағзалық заттардан екі есе көп энергия бөлінеді. Ағзада артық май тері астында, іште және т.б жерлерде қор ретінде жиналады.
Көмірсулардың алмасуы. Адамның дене салмағының 1%-ы көмірсулар.Табиғи тағамның құрамында көмірсулар көбіне моно және полисахаридтер күйінде кездеседі. Көмірсулар асқорыту мүшелерінде қантқа (глюкозаға) дейін ыдырап, ұлпаларға таралады. Көмірсулардың ыдырауы кезінде соңғы өнімдер ретінде су мен көмірқышқыл газы бөлінеді. Көмірсулар қанның құрамындағы қант мөлшерінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Қанның құрамында қанттың мөлшері үнемі 0,12% қалпында тұрақты болады. Ағзаға түскен артық қант гликоген түрінде бұлшықеттерде және бауырда қор ретінде жиналады. Гликоген ағзаның қарқынды іс-әрекеті кезінде қажетті жұмыстарға жұмсалады. Көмірсулар тамақ құрамында аз болса, ол ағзадағы нәруыздардан, майлардан да түзіледі. Егер көмірсулар тағаммен ағзаға көп түссе, майға айналады.
Су мен минералды тұздардың алмасуы. Адамның дене салмағының шамамен 60%-ы су. Балалардың ағзасында су ересектерге қарағанда едәуір көп. Адам ағзасындағы жеке мүшелердегі судың мөлшері де түрліше. Мысалы, бауырдың, бұлшықеттердің, көкбауырдың салмағының 80%-ға жуығы су.
Су тағамның құрамындағы ағзалық жіне бейағзалық заттарды ерітеді, дене температурасын реттейді. Ағзада жүретін химиялық реакциялардың барлығы да тікелей судың қатысуымен жүреді. Судың алмасуы минералды тұздардың алмасуымен байланысты.
Минералды тұздар жасушаның құрамына кіреді және нәруыздардың, ферменттердің, гормондардың түзілуіне әсер етеді. Қанның ұлпа сұйықтығының қысымын реттейді. Адам ағзасын көбірек қажетті элементтерге Na, K, Ca,Mg,Cl,P жатады. Бұл элементтер минералды тұздардың құрамына кіреді. Кейбір минералды тұздар өте аз мөлшерде болса да, ағза үшін маңызды рөл атқарады.
Минералды тұздардың жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына әсер етеді. Балаларда минералды заттардың алмасуының бұзылуы өсу мен дамуына әсер етеді.
Пластикалық алмасуға фотосинтез үдерісі, нәруыздардың, майлардың, көмірсулардың және нуклеин қышқылдарының түзілуі жатады.
Катаболизм (грекше katabole - сыртқа шығару, ыдырау), биологияда - организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау.
Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергияның 30 - ы қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. 60-70-ы жасушадағы митохондрияларда қор ретінде жиналады.
Энергетикалық алмасу кезіндегі ағзалық қосылыстардың ыдырауы тамақтың қорытылуы және тынысалу арқылы жүзеге асады. Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі ағзалық қосылыстар қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тынысалу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшықеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады. Энергетикалық алмасу кезінде ағзадағы барлық қимыл-әрекет, ой еңбегі және т.б. жұмыстар жүзеге асады. Сондықтан да ағза өзінің тіршілігін жалғастыру үшін оқтын-оқтын тамақтанып тұруы қажет.
Энергетикалық алмасудың кезеңдері
Дайындық Оттексіз Оттекті
Энергетикалық алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Бұл кезеңде күрделі ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды.
Энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген қарапайым ағзалық қосылыстардың одан әрі ыдырауына оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл сатысын кейде ашу кезеңі деп те атайды.
Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27ккал, оттекті кезеңінде 674ккал энергия бөлінеді. Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі тиімді.
Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты ағзалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тынысалуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Адам жұмсаған энергиясының орнын осылай толықтырады.
2.2 Зат алмасудың бұзылуынан болатын аурулар.
Нәруыздың, көмірсудың, витаминдердің, майлардың, минералды заттардың алмасуы зат алмасуға жатады. Бұл заттардың алмасуы бұзылса, организм түрлі ауруларға тап болады. Мысалы:
Липидтер - организмнің көптеген биологиялық қызметін атқаратын химиялық классқа жататын органикалық қосындылар. Липидтер глюкозамен қатар энергия көзі. Липидтер алмасуының бұзылыстары әр деңгейде пайда болады:
-майлардың қорытылуы және сіңірілу кезінде;
-липидтердің тасымалдануы және ұлпаларға өту кезінде;
-липидтердің ұлпаларда тотығу кезінде;
-липидтердің май ұлпаларында алмасуында (артық немесе жеткіліксіз пайда болуы және жиналуында).
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы.
Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus -- сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі қажет. Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді.
Осындай жағдай ұйқы-безінің ферменттері шығарылмағанда немесе тым аз шығарылғанында да байқалады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуі бұзылуы ішек эпителийлерінің қызметі төмендегенде немесе ащы ішектің перистальтикасы күшейгенде болуы мүмкін. Бұндай жағдайлар энтериттер, А және В гиповитамииоздар кездерінде байқалады. Тамақтың құрамында Са2+, Мg2+ көп болғанда, олармен май қышқылдарының ерімейтін тұздары құрылады да, майдың сінірілуі төмендейді.
Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер бездерімен тері арқылы сыртқа шығарылады. Май сіңірілуі бұзылуынан нәжісте ыдырамаған май мен күрделі май қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады. Бұндай жағдайды стеаторея (грек. stear -- май, грек. rһео -- ағу) дейді.
Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы (себорея -- май ағу) кейбір тері ауруларында (безеу, экзема жене авитаминоздар кездерінде) кездеседі.
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы көптеген жағымсыз жағдайларға әкеледі. Осыған қарамай тағамда май міндетті түрде болуы қажет. Өйткені майлармен бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организмге май түспесе көрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Сонымен қатар табиғи майлардың құрамына организмде алмастырылмайтын қанықпаған күрделі май қышқылдары (мысалы, линол -- С18Н32О2 және линолен -- С18Н30О2 қышқылдары) кіреді. Олар басқа май қышқылдарынан организмде түзілмейді.
Майлардың ферменттік ыдырауының бұзылуы көмірсулар мен нәруыздардың ыдырауына теріс әсер етеді. Бұл жағдайларда нәруыздар майлармен қоршалып, оларға протеолиздік ферменттердің әсері әлсірейді.
Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуы.
Майлардың тасымалдануы бұзылыстарының бір көрсеткіші болып гиперлипемия есептеледі. Бұл кезде қанда майдың мөлшері литріне 8 граммнан асады. Гиперлипемия ауқаттық (қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға тасымалдануы күшейгенде) және ретенциондық (грек. retentio -- бөгелу, кідірту) немесе бөгелулік (майдың қаннан тінге шығуы кідіріп қалғанда) болып көрінеді.
Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2 -- 3 сағаттан соң дамиды да, 4 -- 6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі.
Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда (ашығу, қантты диабет ж. б.) байқалады. Бұл кезде май қорларынан, өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген гормондардың әсерлерінен болады. Ашыққан организмге глюкоза жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың бауырға тасымалдануы (тасымалдық гиперлипемия) азаяды.
Бөгелулік (ретенциондық) гиперлипемия -- қаннан майлардың тіндерге ауысуы бегеледі. Босаған май қышқылдары альбуминмеп байланысып (альбуминнің I молекуласы май қышқылының 6 -- 7 молекуласын байланыстырады), қаннан жасушаларға ауысады. Осыдан қанда альбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр аурулары) кездерінде майдың қанда ұсталып қалуына, гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай гепариннің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (атеросклероз, қантты диабет ж. б.).
Айналымдағы қаннан түскен май жасушаларда ыдырамаса және тотықпаса, ол ұзақ мерзімде сақталып, жасуша ішінде шоғырлануына әкеледі, ол майлық дистрофия деп аталады.
Майлық инфильтрация мен дистрофияның негізгі себебі болып, май алмасуындағы ферменттердің әлсізденуі есептеледі. Бұндай жағдай фосформен, хлороформен, алкогольмен ж. б. химиялық заттармен уланғанда, вирустық жұқпалар және авитаминоздар кездерінде байқалуы мүмкін.
Қалыпты жағдайда бауырда майдың мөлшері 5%-дан аспайды. Бауырдың майлық инфильтрациясы кезінде онда май мөлшері 50%-ға дейін жетеді.
Бауырдың майлық инфильтрациясьшың патогенезі онда фосфолипидтердің түзілуі бұзылуынан болады. Бауырда фосфолипидтердің қажетті мөлшерде болуы майларды өте майда бөлшектерге бөліп, жасушалардың сыртына шығуын қамтамасыз етеді. Осыдан бауырдың майлық инфильтрациясы дамиды.
Метионин бауырдан майдың артығын шығаратын липотроптық әсер етеді. Ол ірімшікте, қой етінде көп болады. Сондықтан бауыры ауыратын адамдар жас ірімшікті көп пайдалануы қажет.
Бауырдың майлы инфильтрациясы қантты диабет кезінде болуы мүмкін.
Май тінінде май алмасуының бұзылыстары
Май тінінде ұдайы қарқынды алмасу процесстері жүріп жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта көмірсулары басым болғанда болады. Үш глицеридтердің түзілуі мен ыдырауы қандағы глюкозаның деңгейімен реттелінеді. Онда глюкоза көп болғанда май қышқылдары энергия түзілуге пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше, глюкоза деңгейі төмендегенде майдың май тінінен шығуы байқалады. Ұзақ эмоциялық зорлану май тінінен оның шығуына, адамның азып-ауруына әкеледі.
Инсулин майдың қорларынан шығуын тежейді, көмірсуларының майға айналуын арттырады, бауырда гликогеннің қорлануын күшейтеді. Қанда глюкозаның деңгейін төмендетіп, адамның тәбетін көтереді.
Көрсетілген күрделі нейрогуморалдық реттеудің бұзылыстары организмде артық май жинап, адамды семіруге әкеледі. Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні. Ересек адамдардың 30%-дан 60%-ға дейіні артық салмағымен көзге түседі. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен, 33% ер адамдардың және 45% әйелдердің арасында семіру 20 -- 35 жастарда кездеседі.
Пайда болу себебіне қарай семіру үш түрлі болады: ауқаттық (55 -- 66%), гормондық (20% мөлшерінде), церебралдық (16 -- 20%). Семіруде тұқым қуалаушылықтың маңызы күмән шақырмайды.
Семіру дамуында 3 патогенездік жайттардың маңызы бар:
1. энергия шығынына сәйкес емес артық тамақтану;
2. май қорларынан оның аз шығарылуы;
3. көмірсуларынан майдың артық өндірілуі.
Бір жасқа дейінгі балаларды тым артық қоректендіру гиперплазиялық (көп жасушалы) семірудің дамуына әкеледі. Бұндай семіру тұрақтылығымен сипатталады. Ересек балаларда гипертрофиялық б. а. май жасушаларының көлемі үлкеюімен байланысты, семіруі байқалады.
Тәбеттің күшеюіне байланысты тамақты тым артық ішу артқы гипоталамуста орналасқан аштық сезімі орталығының жоғары қозымдылығынан болады. Гипоталамустың ядроларында тойыну сезімінің орталығы орналасқан. Ол аштық сезімі орталығына тежеуші әсер етеді. Асқазанның белгілі керілуі оның қызметін тежейді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz