Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық - педагогикалық мінездемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ Курстық жұмыс өзектілігі: Интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балаларды әлеуметтік бейімдеудің қарапайым дағдыларына үйрету, сонымен қатар тұрмыстық бағдарлануын, қоғамда қабылданған құндылықтар мен тәртіп ережелерін игеруін қалыптастыру олармен жүргізілетін түзету жұмысының ең негізгі міндетіне кіреді. Әлеуметтік бейімдеу интеллект бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзетушілік-тәрбиелік жұмыстың жалпы жүйесінде басты орын алады. Олар үшін әлеуметтік бейімдеу қоғамда өзін-өзі ұстауына, қарым-қатынас жасауына, қарапайым еңбек дағдыларын меңгеруіне әсерін тигізеді. Әлеуметтік бейімдеу барысында интеллект бұзылыстары бар балалардың еңбексүйгіштік, жауапкершілік, ұжымшылдық, өзара көмек сынды тұлғалық сапалары қалыптасады. Интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балаларды әлеуметтік бейімдеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері жалпы білім беру пәндерін меңгеру барысында алған біліммен тығыз байланысты. Меңгерген білімдері әлеуметтік тәжірибесіне әсер етіп, олардың қоғамға бейімделу процесін жеңілдетеді. Қазіргі таңда интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балаларды қоғамға бейімдеудің екі түрі бар екендігін атап өтуге болады. Оның алғашқысы интеллект бұзылыстары бар баланың қоғамға бейімделуіне және қоғамның оларды қабылдауына бағытталған. Осы бағытты жүзеге асыру жолдары енді қолға алынып келе жатыр. Ал екінші түрі интеллект бұзылыстары бар балардың біртұтас қоғамға еніп, қоршаған ортаның жағдайларына бейімделуіне бағытталған. Жоғарыда аталған бағыттардың тиімділігі интеллект бұзылыстары бар көрсету жүйесінің түрлерімен анықталады, сондықтан да, оның көптеген аспектілері өңделген. Арнайы әдебиеттерде осы мәселе бойынша қолданбалы аспектілерге көп көңіл бөлінген. Интеллект бұзылыстары бар балалардың әлеуметке қайта бейімделуіне деген жаңа көзқарастың негізі - ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей ме, соған қарамастан әрқайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының кепілдігін бере отырып, тәуелсіздіктің жоғарғы деңгейіне жеткізу болып табылады. Тәуелсіз өмір сүру материалдық жағдайға ғана байланысты емес, сондай-ақ, белгілі іс-әрекет жасағанда, адамдармен қарым-қатынаста, күнделікті өмір жағдайында біреуге тәуелді болмауын, яғни жалпы кең мағынадағы түсінікті білдіреді. Сондықтан, қоғамдық пайдалы еңбек пен адамдардың әлеуметтік құндылығы - қазіргі әлеуметтік оңалтудың басты, жалғыз мақсаты болып саналмайды. Ең негізгісі ол рухани - этикалық және әлеуметтік - экономикалық жою. Осыған сәйкес, зияты терең зақымдалған балалар үшін әлемдегі қалыпты адамдар бейімделген заңға емес, өздерінің жеке бас жағдайларына сай заңдарға ғана бағына алатындай, тепе-теңдік мүмкіндігі туады. Интеллект бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік мәдениетке енгізу және бейімдеудің қазіргі процесі тәуелсіз, еркін өмір сүру идеясының негізін қалаушы ретінде көрінеді. Арнайы педагог баламен түзету жұмысын неғұрлым ерте жастан бастап, оның әлеуметтенуінің негізін қалыптастырады. Педагог біріктіруді қамтамасыз ету үшін өзгеше (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы) және типологиялық ерекшеліктерін (нақты бір кемістігі бар тұлғаларға тән, ортақ) және психологиялық-педагогикалық амал-тәсілдер арқылы әрбір баланың әлеуметтену мәселелерін шешу жолдарын ескеруі тиіс. Интеллект бұзылыстары бар балалар әлеуметтік қатынастарды меңгеру мен әлеуметтенуде көптеген қиындықтарға ұшырайды, өйткені ақпаратқа жету жолдары түрлі себептерге тәуелді шектелген Психологтар мен әлеуметтанушылар анықтағандай, дене кемістігі немесе психикалық дамуындағы кемістік тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі көрсеткіші және әлеуметтенудің жағымсыз сипатын білдіреді. Интеллект бұзылыстары бар балалар қалыпты балалар сияқты тек еңбек етуге ғана емес, сонымен қатар күш денсаулығын қайта оңалтуға құқылы және өз демалысын өнімді, нәтижелі ұйымдастыра білуі тиіс. А. А. Байтұрсынованың айуынша, біздің елімізде зияты терең зақымдалған балаларды мен ересек тұлғалар Еңбек және Әлеуметтік қорғау Министрлігі қарамағындағы арнайы интернат-үйлерінде өмір сүреді. «Ақыл-ойы имбецил немесе нақұрыстық деңгейіндегі, дебилдік деңгейіндегі тірек қимыл-қозғалыс аппаратындағы ауытқушылықтармен күрделенген жағдайдағы балалар» атты ережелер бойынша мекемелерге жіберіледі. Зияты терең зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ең алғаш бағдарламалары 60-70 жылдары әзірленген, олардың мазмұны психикалық процестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерді түзету, сөйлеу тілін дамыту, қарапайым өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыру. Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі - ерте жастан көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу. Қазіргі таңда зияты терең зақымдалған балаларға «Кеңес», «Алпамыс» атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Жақсы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сенім тудырады. Ал арнайы интернат - үйлерінде аталмыш балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім, икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда Сонымен қатар, соңғы жылдары арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктердің бірі зияты терең зақымдалған балаларға оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету жағдайлары қарастырылған. Курстық жұмыс міндеті: Интеллект бұзылыстары бар балаларға жалпы білім беру жүзеге асыру және қоғамға бейімдеу. Курстық жұмыс мақсаты: Интеллект бұзылыстары бар балаларға жалпы білім беру және қоғамға бейімдеу арқылы дамытудың жолдарын анықтау. Зерттеу пәні : инклюзивті оқыту. Зерттеу әдісі: Салысытырып сараптау талдау тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асыру.

І ИНТЕЛЛЕКТ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР (АҚЫЛ-ЕСІ КЕМ) БАЛАЛАР КАТЕГОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

  1. Интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балалармен жұмыс жүргізу тәсілдері

Ақыл-есі кемдіктің жеңіл деңгейіндегі балаларға арнап жалпыға білім беру мектептерінде арнайы сыныптарды ашқан тиімді: күннің бірінші жартысында олармен арнайы педагог жұмыс жасайды, ал екінші жартысында балалар барлық құрдастарымен қатар қосымша білім беру шараларына, тәрбиелік іс-шараларға қатысады. Арнайы сыныпты ашуға қиындықтар туындағанда, контингенттің жетіспеуінде немесе ата-аналардың қалауынша, жеңіл деңгейде интеллектуалдық бұзылыстары бар 1-3 баланы жалпыға білім беру мектептің қалыпты сыныбының құрамына қосуға болады. Бұл балаларды мектептік психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум мамандарының (олигофренопедагог, психолог, логопед) көмегімен қамту керек. Ақыл-есі дамуы жеңіл деңгейдегі балалар жалпыға білім беру мектебінде интеллект бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері бойынша оқытылады. Эмоционалды-еріктік аймағында, сонымен қатар ерте балалық шақ аутизміне шалдыққан балаларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары. Эмоционалды-еріктік аймағында бұзылыстары бар балалар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың көмегімен, жалпыға білім беру мектебінің қалыпты сыныбында оқи алады. Коммуникативтік және әлеуметтік даму мүмкіндіктері сақталған оқушылар арасында, оларды мектепте оқуға толық бейімдеу мен интеграциялау үшін, кешенді психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізу қажет. Ерте балалық шақ аутизмі синдромы - психикалық дамудың зақымданған нұсқасының клиникалық моделі. Мұндай жағдайда кейбір психикалық қызметтері баяу, ал басқалары өте тез дамиды. Нақты өмірден қашу, сыртқы әсерлерге жауаптың жоқтығы немесе парадоксалдылығы, қоршаған ортамен байланыста белсендігі төмен немесе жоғары деңгейлі сезімталдық - аутизм деп аталады (К. С. Лебединская) . Жеке тұлғаның аутисттік бұзылыстарының клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездемелері күрделі, көпбейнелі. Л. Н. Каннер бойынша ЕБА синдромының негізгі көрсеткіштері болып, үш түрлі симптомдардың бірлесуі табылады: аутизм аутисттік уайымдармен; стереотиптік ұстамдылық элементтерімен бір типті іс-әрекеттер; тілдік даму бұзылыстарының ерекшеліктері. Аутизм 3-5 жаста өте анық көрініс табады.

Мұндай диагнозы бар балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпыға білім беру мектептерінде, жалпы мектептердің арнайы сыныптарында, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұрады. Қазақстан Республикасында ерте балалық шақ аутизмі бар балаларды оқыту, әлеуметтендіру мәселелерімен «Ашық әлем» қоғамдық ұйымы айналысады. Зерттеушілер балалар тілінің кеш шығатынын айқындайды және кейбір балалардың тілі мүлде шықпайды немесе дамымайды. Өзіндік тілдің көрінісі қысқа сөздер арқылы білінеді немесе белгілі дамыған формаларда білінуі мүмкін. Көптеген балалардың дамуында артикуляциялық аппараттың перефириялық дөрекі аномалиялар болады және тыныс бұзылысы, т. б. Интеллектуалды бұзылысы бар балалардың барлық тілдік функциялары бұзылған. Сөздік қор жинағы балалардың жинақтаған сөздерін пайдалану белсенділігіне әкеліп соқпайтындығы дәлелденген. Түзету жұмыстарының нәтижесінде балалардың сөздік қоры толысады бірақ баланың жеке тәжірибесінің шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін. Аталған категорияға жататын балалардың үлкендермен, жолдастарымен диалог құруы өте қиыншылық тудырады. Ақыл-ойы кем бала тілінің дамуы үлкен адаммен қатынас арқылы, бір қызмет түрін ұйымдастыру арқылы дамуы мүмкін. Тек қана коммуникативтік фактор болған жағдайда ғана бала тілінің шығуы мүмкін және даму мүмкіншілігі бар. Терең ақыл-ойы кем баланың сөйлеу қабілетінің дамуы үлкендермен бірлескен іс-әрекетінің ұйымдастырылуы арқасында жүзеге асады. Сөйлеу белсенділігі ән мен өлең айту негізінде дамиды. Бала жиі эхолалиялық түрде сөздерді атап, өзінің сөзінің мағынасын жағдаймен байланыстыра алмайды. Ақыл-ойы кем балалардың тілдік, дыбыстық реакцияларын дамыту қиыншылықтарының нәтижесінде көптеген үлкендермен қарым- қатынаста дамитың әдістердің туындауына әкеліп соқты. Кейбір жағдайларда орташа және терең интеллектуалды бұзылыс-тары бар балалармен қарапайым вербалдық емес коммуникацияны үйрену мүмкіншілігі бар. Осындай тәсілдердің ішінде жалпы оқыту әдісін және пиктограмма, т. б. әдістерін атап өтуге болады. Оқу өте күрделі дағдылардың біріне жатады, оны тек оқыту үдерісінде үйрену мүмкін. Дәстүрлі буынға бөліп оқыту әдісі жақсы нәтиже бермейді, себебі балалар үйреншікті буынды оқу тәсілін қайталайды. Егер буындар сөз болып оқылатын болса, ол механикалық түрде жасалып, бала оқыған сөздің мағынасын ажырата білмейді. Жалпы оқытудың тәсілі балаға толығымен жазылған сөз беріліп, оның оқылуына балаға көрнекі материалдар көрсетіледі. Ары қарай аталған сөз ойын арқылы, тұрмыстық жағдайда және ойын арасында бекітіліп отырылады. Тілдік материалдық қор әр балаға жеке таңдап алынады, оның қызығушылығына, сөздің күрделілігіне, мазмұнның түсінікті болуына байланысты таңдалады. Келесі тағы бір қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас байланысының тиімді әдісінің бірі - пиктограммаларды пайдалану. Лебжүйе (Райнхольд Леб) үлгісі сөйлей алмайтындармен белгілер жүйесін пайдалану әдісін ұсынады. Белгілер жүйесі баланың түсіну мүмкіншілігіне байланысты пайдаланылады. Бала өзі тауып, түсінетін белгіні көрсетуі мүмкін. Баланың жеке тілегін көрсету мүмкіндігі үшін баланы өз тілегін көрсету мүмкіншілігін тәрбиелейді. Белгілерді енгізу күнделікті, жаймен, қайталанатын жағдаяттарда енгізіледі, мысалы - тамақ, сусын, ойын, т. б. Бала бір нәрсені түсінуде қиыншылық көрсетсе, сол түсінікті түсіндіру үшін көптеген суреттер, үлгілер, жағдаяттар мысалында көрсету қажет: - жалпы тану таңбалары; - сапаны білдіретін сөздер; - денсаулық жөніндегі мәлімет; - азық-түлік; - үй тұрмысындағы қажетті заттар; - жеке гигиена; - ойын және сабақтар; - сезімдер; - жұмыс және демалыс. Бұл жүйенің авторлары және педагогтер практикалық тәжірибеде аталған әдістің жақсы нәтиже беретінін дәлелдеген. Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту үшін және белсендендіру үшін -дыбыстау, жартылай сөйлеу, аталған категорияға жататын балалардың мүмкіншіліктерін дамыту үшін ритмикалық жаттығулар және ойындық жағдаяттарды пайдаланған жөн. Бүгінгі таңда алдымызда тұрған аса маңызды міңдеттердің бірі- дамуында кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдер мәселесі. Оларды қоғамнан аластатпай, барлық балаларға, соның ішінде арнайы қажеттіліктері бар балаларға да сапалы білім беруді қамтамасыз ету. "Баланың құқықтары туралы Конвенцияда" мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортаға қосуды қамтамасыз ету туралы 23- бапта белгіленген. 1994 жылы Испания мемлекетінде "Соламанко" декларациясы қабылданды. Онда ерекше қажеттілігі бар балалардың: - білім алып оны жалғастыруы; - білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың мектепте оқуы; - жалпы мектепте инклюзивті білімді ұйымдастыру; - арнайы білім беру бағдарламалармен жоспарды әзірлеу қарастырылады. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жана технологияларда тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Тәрбие процесінде негізгі әдістерінің бірі-ойын болып табылады. Ойын мектепке дейінгі кезеңнің жетекші қызметі болған дықтан, баланың танымдық, тұлғалық сапаларының барлық ерекшеліктері көрініс табады, сондықтан ойында зерттеу сондай-ақ қадағалау мен сараптамалық қалыптастыруды ұйымдастыру баланың дамуы туралы айқын түсінік береді. Бала ойынының қызметі психикалық ерекшеліктерімен айқындалатыны Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің және басқа ғалымдардың зерттеулерінде көрсе-тілген. Ойын ақыл-ой дамуы артта қалған балалар үшін қоршаған ортаны тану құралы ретінде өте қажет. Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырады. Баланың инабатты, қайырымды, әдепті өсуі қоршаған ортаға байланысты. Бала өмірде көрген білгендерін ойын арқылы айқын белгілейді. Ойын сырт адамға қараған адамға оңай болуы мүмкін, ал дамуында кемістіктері бар бала үшін ойынға қатысу, басқа балалармен қатынасқа түсу, өзінің ойын жеткізу оңай емес. Осыған байланысты ойын арқылы тәрбиеленудегі негізгі мақсат ақыл-ой дамуы артта қалған, әрбір баланың психикалық дамуына ойын арқылы әсер ету болып табылады. Ойынға жетекшілік жасауда бала өз бетінше шығармашылық түрде, өз ынтасымен ойынға қатысқанда ғана ойынның әсері толық көрінетінін ескерту керек. Ойынның бірнеше түрлері бар: саусақ ойындары, сюжеттік, рөлдік, дидактикалық қозғалмалы ойындар, процессуалдық ойындар. Процессуалдық ойын - ойынның бастапқы нысандары болып табылады. Процессуалдық заттық - ойын әрекеттері саусақ ойындары баланың сенсомоторлы даму жолын қалыптастырады. Бұл ойындар көрініс сипатында болады. Онда балалар өздерін қызықтырған ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнап, басқа балалармен қарым-қатынасқа түсе отырып, ойын арқылы монологтік, диалогтік сөйлеу тілі, қиял қабілеттерін дамытады. "Жеміс дүкені" ойыны, Дидактикалық тапсырма. Заттардың бейнесін және пішінін ажырату, түр-түсіне, пішіне қарай бірдей заттарды таңдап алу талғамын, қасиеттерін дамыту, өмірдегі пайдасын тереңірек талдап түсіндіру. Көрнекіліктер: құлпынай, қияр, сәбіз, алмұрт, суреттері. Қанық боялған суретті 10х10 см картаға жапсырамыз. Жоғарыдағы суреттегі көрсетілген жемістердің муляждарын дайындап, дүкен сөрелерне қоямыз. Барлығы балаларға таныс, анық болу керек. Сөздік: Алма-қызыл, Қияр-жасыл, құлпынай-қызыл, алмұрт-сары, өрік-қара, бірдей- ұқсас, үлкен-кіші т. б "Балалар, жүріңдер бүгін дүкен аралайық, жеміс дүкеніне барамыз" деп мұғалім балаларға карточка үлестіреді. Суретін көрмесек, жеміс алу қиын, алдымен жемістің суретіне қарап, таңдап алу керек, содан кейін кассир апайдың сұрақтарына жауап беру керек. Соңында рахмет айтуды ұмытпаңдар. Кассир сауда жасай отырып, пішінін түр-түсін сұрап, басқа да сұрақтар қояды: -Бұл не? - Қияр. -Дұрыс. -Ал Азамат сенің қолындағы не? -Құлпынай. -Балалар керекті жемістерді таңдап алғаннан кейін топтала тұрып, кім не алғандарын хормен айтады. Мысалы: -Салтанат не алыпты? - Қара өрік, өріктің түсі қара. -Болат алма алыпты, түсі қызыл. Бұл ойынды күн сайын ақыл-ой дамуы артта қалған балалармен өткізілетін сабақтарда дидактикалық түрде қолдануға болады және күн сайын мұғалім есте сақтау, ойлау өзін-өзі, бақылау т. б. дамыту мақсатында арнайы балалармен жүргізуді жоспарлай алады.

1. 2 Интеллект бұзылыстары бар (ақыл-есі кем) балаларға көмек көрсету жолдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп логопедінің жұмысын ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту
Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайлар қызметінің тәртібі
Арнайы педагогика
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
Зият ауытқуларының түрлері
Терең зиятының бұзылуы
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz