Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі: Зияты терең зақымдалған балаларды әлеуметтік бейімдеудің қарапайым дағдыларына үйрету, сонымен қатар тұрмыстық бағдарлануын, қоғамда қабылданған құндылықтар мен тәртіп ережелерін игеруін қалыптастыру олармен жүргізілетін түзету жұмысының ең негізгі міндетіне кіреді. Әлеуметтік бейімдеу зияты зақымдалған балалармен жүргізілетін түзетушілік-тәрбиелік жұмыстың жалпы жүйесінде басты орын алады. Олар үшін әлеуметтік бейімдеу қоғамда өзін-өзі ұстауына, қарым-қатынас жасауына, қарапайым еңбек дағдыларын меңгеруіне әсерін тигізеді. Әлеуметтік бейімдеу барысында зияты зақымдалған балалардың еңбексүйгіштік, жауапкершілік, ұжымшылдық, өзара көмек сынды тұлғалық сапалары қалыптасады. Зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік бейімдеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері жалпы білім беру пәндерін меңгеру барысында алған біліммен тығыз байланысты. Меңгерген білімдері әлеуметтік тәжірибесіне әсер етіп, олардың қоғамға бейімделу процесін жеңілдетеді. Зияты зақымдалған балалар өз өтініштері мен тілектерін жеткізе білуі, жолдастарына өзінің және ересектің сұранысы бойынша сөйлей ала білуі, сұрақ қойып, оған жауап беруі керек.
Қазіргі таңда зияты зақымдалған балаларды қоғамға бейімдеудің екі түрі бар екендігін атап өтуге болады. Оның алғашқысы зияты зақымдалған баланың қоғамға бейімделуіне және қоғамның оларды қабылдауына бағытталған. Осы бағытты жүзеге асыру жолдары енді қолға алынып келе жатыр. Ал екінші түрі зияты зақымдалған баланың біртұтас қоғамға еніп, қоршаған ортаның жағдайларына бейімделуіне бағытталған. Жоғарыда аталған бағыттардың тиімділігі зияты зақымдалған балаларға көмек көрсету жүйесінің түрлерімен анықталады, сондықтан да, оның көптеген аспектілері өңделген. Арнайы әдебиеттерде осы мәселе бойынша қолданбалы аспектілерге көп көңіл бөлінген. Зияты зақымдалған балалардың әлеуметке қайта бейімделуіне деген жаңа көзқарастың негізі - ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей ме, соған қарамастан әрқайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының кепілдігін бере отырып, тәуелсіздіктің жоғарғы деңгейіне жеткізу болып табылады. Тәуелсіз өмір сүру материалдық жағдайға ғана байланысты емес, сондай-ақ, белгілі іс-әрекет жасағанда, адамдармен қарым-қатынаста, күнделікті өмір жағдайында біреуге тәуелді болмауын, яғни жалпы кең мағынадағы түсінікті білдіреді. Сондықтан, қоғамдық пайдалы еңбек пен адамдардың әлеуметтік құндылығы - қазіргі әлеуметтік оңалтудың басты, жалғыз мақсаты болып саналмайды. Ең негізгісі ол рухани - этикалық және әлеуметтік - экономикалық жою. Осыған сәйкес, зияты терең зақымдалған балалар үшін әлемдегі қалыпты адамдар бейімделген заңға емес, өздерінің жеке бас жағдайларына сай заңдарға ғана бағына алатындай, тепе-теңдік мүмкіндігі туады. Зияты зақымдалған балаларды әлеуметтік мәдениетке енгізу және бейімдеудің қазіргі процесі тәуелсіз, еркін өмір сүру идеясының негізін қалаушы ретінде көрінеді. Арнайы педагог баламен түзету жұмысын неғұрлым ерте жастан бастап, оның әлеуметтенуінің негізін қалыптастырады. Педагог біріктіруді қамтамасыз ету үшін өзгеше (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы) және типологиялық ерекшеліктерін (нақты бір кемістігі бар тұлғаларға тән, ортақ) және психологиялық-педагогикалық амал-тәсілдер арқылы әрбір баланың әлеуметтену мәселелерін шешу жолдарын ескеруі тиіс.
Зияты зақымдалған балалар әлеуметтік қатынастарды меңгеру мен әлеуметтенуде көптеген қиындықтарға ұшырайды, өйткені ақпаратқа жету жолдары түрлі себептерге тәуелді шектелген. Психологтар мен әлеуметтанушылар анықтағандай, дене кемістігі немесе психикалық дамуындағы кемістік тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі көрсеткіші және әлеуметтенудің жағымсыз сипатын білдіреді. Зияты зақымдалған балалар қалыпты балалар сияқты тек еңбек етуге ғана емес, сонымен қатар күш денсаулығын қайта оңалтуға құқылы және өз демалысын өнімді, нәтижелі ұйымдастыра білуі тиіс. А.А.Байтұрсынованың айуынша, біздің елімізде зияты терең зақымдалған балаларды мен ересек тұлғалар Еңбек және Зияты терең зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ең алғаш бағдарламалары 60-70 жылдары әзірленген, олардың мазмұны психикалық процестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерді түзету, сөйлеу тілін дамыту, қарапайым өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыру. Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі - ерте жастан көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу. Қазіргі таңда зияты терең зақымдалған балаларға Кеңес, Алпамыс атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Жақсы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сенім тудырады. Ал арнайы интернат - үйлерінде аталмыш балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім, икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда Сонымен қатар, соңғы жылдары арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктердің бірі зияты терең зақымдалған балаларға оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету жағдайлары қарастырылған.
Курстық жұмыс міндеті: Зияты зақымдалған балаларға жалпы білім беру жүзеге асыру және қоғамға бейімдеу
Курстық жұмыс мақсаты: Зияты зақымдалған балаларға жалпы білім беру және қоғамға бейімдеу арқылы дамытудың жолдарын анықтау
Зерттеу пәні : инклюзивті оқыту.
Зерттеу әдісі: Салысытырып сараптау талдау тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге
І ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ
1.1 Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 4- ші тармағын іске асыру мақсатында, арнайы білім алуды қажет ететін адамдар үшін мынадай арнайы түзету ұйымдары белгіленеді:
1) мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары ( орынын толтыру);
2) түзету білім беру ұйымдары;
3) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;
4) арнайы білім беру ұйымдары;
5) жетім және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары.
Арнайы білім беру мекемелерінің ішіндегі көмекші мектептің негізгі құрамын ақыл-ойы кем балалар құрайды. Ақыл ойы кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения грек тілінен аударғанда ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психиаторы Э. Крепелин енгізген. Ақыл - ойы кем балалар өз дамуы бойынша нормадан ауытқыған балалардың көп бөлігін құрайды. Олар баланың жарты популяциясын, шамамен 2,5 % құрайды.
Қазіргі уақытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалды-техникалық қамтамасыз ету керек.
Психолого-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесіне оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады. Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқылы. Облысымыздағы арнайы көмекші мектеп интернатында ПМПК-ның ұсынысымен келген екі жүздей оқушы білім алып тәрбиеленуде.Оларды арнайы білім беруде және өмірге бейімдеуде мектеп интернаттың педагог-тәрбиешілері арнайы бағыттар бойынша оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Мектепте жеңіл жеңіл ақыл-ой кемістігі (F - 70) және қалыпты ақыл-ой кемістігі (F-71) диагноздары қойылған оқушылар оқиды.Мектептің Жарғысына сәйкес 2006-2007 жылғы оқу жылынан бастап мектеп 10-жылдық оқытуға көшті.
Ақыл - ой кемістігі бар балаларды арнайы (түзеу) мектепте оқыту екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - I - IV cыныптар;
2 кезең - негізгі (V - IХ сыныптар, Х өндірістік сынып).
Дайындық сыныбы мен 1 - сыныпқа 7 - 8 жастағы балалар қабылданады. Көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта, тәрбиеленуші топтарда оқушылар саны 12 адамнан аспайды. Бұл мектептегі бағдарламаның мазмұны өзгеше болғандықтан, балалар ценізді білім алмайды, оқытудың негізі бағыты оқушыларды әлеуметтік бейімдеу мен мамандырылған - еңбекке даярлау. Бұл мектепті бұрынан көмекші мектеп деп атайды.Көмекші мектептегі оқу еңбек пәні бойынша емтимханмен аяқталады, нәтижелері бойынша оқушылар куәлік алады. Ерекше жағдайларда оқушылар денсаулығына байланысты емтиханнан босатыла алады. 1 - 4 сыныптарда оқушыны жан - жақты психолого - медико - педагогикалық үйрету және түзеу арқылы қолдаумен бастауышқа білім беру жүзеге асырылады. Оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, оқу ісінде, өз бетімен жұмыс істеуде дағдылары қалыптасады. Ақыл - ой кемістігі (зияткерлік бұзылушылықтары) бар балаларды оқыту барысында танымдық әрекеті қалыптасады. Ақыл - ойы кем балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, 1-ден 9 - сынып аралығындағы базалық оқу жоспарына Танымдық әрекетті түзеу пәні енгізілді. Түзеу әрекеті негізгі кемістікке - оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру, моторика бұзылысын, эмоциялық - ерікті жағын, мінез - құлқын түзеуге бағытталған.
Негізгі кезеңде оқушылар практикалық бағытталған және олардың психологиялық - дене мүмкіндіктеріне, еңбектің әр түрі бойынша дағдыларға, бастапқы кәсіби - еңбек дайындығына сәйкес келетін жалпы білім алады. Кейбір пәндер қосымша жүктемеге негізделген, жаратылыстану пәнінің мазмұны валеология элементтерін қамтиды, ал география экологиялық білім негізімен оқытылады.
4 - сыныптан 6 - сыныпқа дейінгі сыныптарда Жалпы еңбекке дайындық пәні оқытылады. Жалпы еңбекке дайындықта мектеп оқушылары кәсіби тігу мен столярдың бастапқы дағдыларын меңгереді. 7 - 9 - сыныптарда осы мамандықтар бойынша тереңірек оқып біледі.Мемлекеттік стандарттың критерийлік - бағалау функциясы мектепте білім беру мазмұнының нормативтері мен сапасын анықтауды талап етеді. Бірақ та, оқушылардың медициналық көрсеткіштер мен клинико-психологиялық ерекшеліктері бойынша құрамының түрлілігін ескерілетіндіктен, бұл нормативтер арнайы білім беру жүйесінде бірдей болуы мүмкін емес. Оқу білімдерінің нұсқалық нормасы негізіне В.В. Воронкованың жетекшілігімен Ресейдің Білім беру Академиясының түзеу педагогика Институты қызметкерлері әзірлеген көмекші мектеп оқушыларын педагогикалық саралау кіреді. Ақыл - ойының кемістігі бар оқуышыларды оқытудың негізгі көрсеткіштері:
ойын қорытындылау, оның ішінде білімі мен ептілігі;
ойлау әрекетінің сөйлеу - логикалық және практикалық компоненттерінің арақатынасын ұғыну;
тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс істеу;
оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарастары;
Осындай көрсеткіштердің негізінде оқушылардың оқу материалдарын меңгеру мүмкіндіктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.
Ақыл - ойы кемтар (зияткерлік бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы (түзеу) мектептің негізгі оқу жоспары оқушыларды қоғамда өздігінен өмір сүруге дайындауға себеп болатын, білім беру процесін ұйымдастыру мен оның мазмұнын реттейтін негізгі нормативті құжат болып табылады.Оның негізінде мектепті қаржыландыруға арналған бастапқы құжат болатын нақты оқу бағдарламасы дайындалады. Мемлекеттік стандартқа жеңіл деңгейлі (1 тип) және қалыпты деңгейлі (2 тип) ақыл - ойының кемістігі бар оқушыларға арналған негізгі оқу жоспарының екі нұсқасы ұсынылады.
Оқу бағдарламасының I типі (А сыныбы) көмекші мектепке арналған жалпы қабылданған бағдарламаны қамтиды және зияткерлік дамуының жеңіл бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға ақыл - ой кемістігі жеңіл және қалыпты деңгейлі балалар жатады.
Оқу бағдарламасының II типі (Б сыныбы) көмекші мектеп бағдарламасының жеңілдетілген нұсқасы. Зияткерлік дамуының қалыпты бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға клиникалық және психологиялық топтағы балалар жатады. Ақыл - ой кемістігінің қалыпты деңгейінде биологиялық факторлар, мидың жетілмеуі, психикалық, сөйлеу және моторикалық даму қарқыны баяу болады. Өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш үйренеді. Барлық оқушы мектеп білімін бірдей меңгере алмайды, тіпті меңгерген жағдайдың өзінде оқу, санау, жазу дағдылары әлеуметтік бейімделуде көмегі аз. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, арнайы ұйымдастырылған оқыту нәтижесінде қалыпты ақыл - ойы кемістігі бар балалардың басым көпшілігінде оқытуда позитивті динамикаға бағытталған. Көмекші мектептің оқу жоспарын дайындау негізі пәндік оқыту принципінен құралған.
Оқу жоспарындағы пәндер цикл бойынша бөлінген:
гуманитарлық;
жаратылыстану-математикалық;
мәдениеттану;
әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту;
түзеу технологиялары.
Зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған көмекші мектепте дамуында зияткерлік бұзылыстар бар балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген мазмұннан тұратын дәстүрлі пәндер мен арнайы түзеу пәндері оқытылады.
Түзеу ритмика. Осы курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың дене қозғалысын жетілдіруге, бағдарлай алуды дамытуға, ептілікке, музыкалық сезім және қозғалыс мүшелеріне, эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік тұрмыс-тіршілікке бейімделу.Сабақтарда оқушыларды өздігінен өмір сүруге іс жүзінде дайындау, қоғамның мәдени және әлеуметтік өмірінде әлеуметтік бейімделуде көмек ретінде олардың білімін және ептілігін қалыптастыру жүзеге асырылады. ӘТБ сабағы бойынша сынып 2 топқа бөлінеді.
Танымдық іс - әрекетті түзеу. Осы курс бойынша сабақтар оқушылармен жеке немесе топпен бірге өткізіледі. Сабақтар ақыл - ойының кемістігі бар балаларды дамытуға, оқу және іс - жүзіндегі іс-әрекетке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
Емдік дене шынықтыру (ЕД). Топпен немесе жеке жүргізілетін сабақтар жүріп - тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балаларды оңалту мақсатында жүргізіледі. Топтар дәрігердің ұсынымдары бойынша құрылады.
Логопедиялық сабақтар. Көмекші мектептегі логопедиялық жұмыс ақыл-ойының кемістігі бар балалардың дамуын түзеуде маңызды. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы көптеп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылушылық ақыл - ойы кемтар балалардың психологиялық дамуына, білім алуына кері әсерін тигізеді.
Мектепте параллель сыныптармен бірге саралап оқыту жүргізіледі: 1 - 2 топтар - 1 тип (А сыныбы); 3 - 4 топ - 2 тип (Б сыныбы). Базалық оқу жоспарын оқыту негізінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескере отыра, жалпы сағат санынан аспайтындай етіп, әрбір сыныпқа арналған оқу жоспары дайындалады. Мектептегі оқу жылының басталуы мен ұзақтығы және каникул жалпы білім беретін барлық мектептерге арналған мерзімге сәйкес белгіленеді. 1 сыныпта бірінші жартыжылдықта бағалар қойылмайды. Оқушылардың сабақтағы үлгерімдері олардың өнімді іс-әрекетін - сөйлеу қабілетінің даму деңгейі, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдарды талдау негізінде анықталады. Түзеу технологиялары сабақтары күннің алғашқы және екінші жартысында өткізіледі. Логопедиялық тапсырмалар жеке және топпен орындалады. Топтар сөйлеу қабілетінің бірыңғайлығын есепке алу арқылы жинақталады. Еңбекке баулу және ӘТБ сабақтарында оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топты жинақтау дәрігердің ұсынымы бойынша оқушылардың танымдық және психофизикалық ерекшеліктерін ескерумен жүзеге асырылады.
Біздің мектепте еңбекке баулу сабағы бойынша Тері ісі, Көгалдандыру қосымша сабақтарына сағат бөлінген. Зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған мектепте оқыту еңбекке баулу бойынша емтихан алумен аяқталады. Оқушылар бітіру емтихандарынан белгіленген тәртіп бойынша босатылуы мүмкін. Көмекші мектепте жеңіл және қалыпты деңгейлі ақыл - ойының кемістігі бар балаларға арнайы түзеу білім беруді ұйымдастыру талапқа сай болуы қажет.
Әрбір оқушы қажетті білімді меңгереді. Мұғалім баланың танымдық мүмкіндігін алдын ала зерттеп, білім беру деңгейін төмендетпей, оқытудың жеке бағдарламасын өздігінен анықтай алады. Диагнозға байланысты оқушылар мектеп педагогикалық кеңесі бекіткен жеке бағдарламалар бойынша білім алады. Білімді тексерудің барлық түрін (ауызша, жазбаша, практикалық) бағалау бес балдық шкала бойынша бағаланады. Уақытында түзеу арқылы көмек көрсету үшін мектеп оқушыларының БЕД деңгейін бағалауға арналған түзеу әрекеті шараларына сәйкес жағдайлардың мониторинг жүйесі дайындалған. Мектеп консилиумы қызметінде БҰҰ - ның бала құқығы туралы конвенциясын, Білім беру туралы, Кемтар балаларды әлеуметтік және медико - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ҚР-ның заңдарын, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативті - құқықтық құжаттарын басшылыққа алады. Консилиумды ұйымдастыру мақсаты кемтар балаларды оқытып, тәрбиелегенде олардың жастарын, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы емдеу - сауықтыру және психолого-педагогикалық жағдайды қамтасыз ету.
Консилиумның міндеттері: балаларды оқыту мен тәрбие беруге дайындау мақсатында балаларды тексеру; түзеу - дамыту және әлеуметтік жұмыстарды өткізу; оқытудағы ауыртпашылықтар мен оқуышлардың мектепке бейімделуін анықтау; танымдық іс-әрекеттің деңгейін (сөйлеу, есте сақтау, назар аудару, еңбекке қабілеттілік және басқа да психикалық функциялар) және ерекшелігін анықтау, алдын алу; оқыту мен тәрбие беруде жеке - нақтыланған әдістермен қамтамасыз етілген, түзеу психолого - педагогикалық және әлеуметтік іс - шараларды анықтауға арналған баланың эмоциялық - ерікті және тұлғалық дамуын зерттеу; баланы дамытуға қолайлы оқу бағдарламасын таңдау; жалпы және түзеу арқылы оқыту мен тәрбие беру процесінде жеке - нақтылай әдістерді қамтамасыз ету арналған оқу - тәрбие беру процесіне қатысушыларға ұсынымдарды дайындау.
Ұжым қызметінің тиімдігі ОШ - 1 деректері бойынша Кәсіби оқыту орталығына түскен мектеп бітірушілерінің жұмысқа орналасуы мен жұмыспен қамтылуының сапалы көрсеткіштері анықтайды.Көмекші мектептің бітірушілеріне қазіргі әлемдегі жағдайлар белсенді түрде әсер ететін қоғамда өз орнын табу қиын. Бұл бізді, ата - аналарды толғандыратын ең басты проблема, және ол мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс.
Біздің мектептің миссиясы - ақыл - ойының кемістігі бар оқушылардың танымдық - іс - әрекеті мен эмоциялық - ерікті жағының кемшіліктерін еңсеру, өз бетімен өмір сүруде оқушыларды өндірістік еңбекке, қазіргі қоғамды осымен қатар, ҚР ҚР Халқының денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Заңының 39 бабына сәйкес, аурулардың алдын алу мақсатында дәрігерлік көмекке дейін медициналық көмек көрсетуді тек арнайы орта медициналық білімі бар тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Алайда, тексеру көрсеткендей, аталған мектепте емдік дене шынықтыруды осы пәннің мұғалімі Е.Волошин өткізген. Оның біліктілікті жоғарылату Институтының Ақыл-ойы дамуында бұзылыстары бар балаларды бейімдейтін дене тәрбиесі тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру туралы курстарда оқығаны туралы 2002 жылы берілген куәлігі болған. Дәрігер-психотеравт Н.Полупанова 1994 жылы балалар психиатриясы маманданымы бойынша біліктілін арттырған. Ал, Біліктілік талаптарына сәйкес, осындай маманданым бойынша біліктілікті 5 жылда бір рет арттыруы тиіс болған.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлеріне ақыл-ой кемдігі және дене мүшесі кемтарлығы белгілері бар, сондай-ақ жүйке ауруларымен ауыратын, денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамның күтіміне, тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұқтаж 4-18 жас аралығындағы балалар қабылданады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлерінде тәрбиелеу мен оқыту арнайы оқу жоспарлары, арнайы бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жүзеге асырылады. Балалар қажетті медициналық көмекті алып, нормативтер бойынша тамақпен және киіммен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ олар үшін мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақылар көзделген.
Зиятында ауытқуы бар балаларды В.В.Воронкова әдістемесі бойынша оқыту ерекшелігі
Бастауыш мектеп жасындағы кезең - балалық өмірлік ресурстарының қалыптасатын ең маңызды кезең, оның әлеуметтік жағдайының құрылуы, қоғамдық қатынастарының менгеруі, әлемді қабылдауының кеңеюі және жеке қасиеттің даму кезеңі. Бұл кезең ақыл-ойы кем балаларына өте маңызды болып келеді, өйткені олардың көбісі қоғамдық қатынастардың мектепке дейінгі тәрбиені меңгере алмайды, яғни бала мектепке дейін маңызды түзету көмегін алмаған. Адамның денсаулығы жағдайындағы функцианальдық кемістіктері ақыл-ойының артта қалуын әлеуметтік нәтижедегі болған және күрделі кемістіктік кең таралғаны туралы ғылыми дәлелденген. Түзету сабағының бағдарламасының теориалық негізгі ретінде Л.С.Выготскийдің - дамуында шектеулігі бар және қалыпты дамыган баланың даму заңы; кемістіктің кұрылымы және компексациялау мумкіншілігі; дамуында шектеулігі бар балаларды оқыту кезіндегі жүйелі жадғай жасалуы, түзету психолог-педагогикалық бағдарламасын қалыптастыру процесіндегі дифференциалды жағдай жасалуы болып табылады. Түзету сабағының бағдарлама курсы. Психомоториканың және сенсорлык процестерінің дамуыныңөзіндік мақсаты бар: сенсорлық қасиеттерінің жағымды жағдай құру негізінде бала танымының әр обьектіні сенсорлық қасиеттерінің, сапаларының, белгілерінің дұрыс көпжақты жартылау функцианальды белгілі қоршаған орта жайлы, психикалық дамуына әсер ететін және қоғамда әсерлі әлеуметтенуі.
Осы мақсаттарға жету негізінде мынадай міндеттер қатары карастырылады, бақылауға үйренуін калыптастыру негізінде сезімдік томының жалпылау, заттардың негізгі белгілерін ерекшелеп салыстыра отырып сөйлеу тіліне енгізу, психикалық процестеріне есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі, қиялына мақсатталады. Міндеттері:
- барлық сезім ағзаларының жұмысы белсенділігін қалыптастыру және қоршаған ортадағы қасиеттерін байланыстыру;
- жүйелі және мақсатталған тәрбие барысында оқушылардың танымдық қызметтерін түзеу, яғни пішінін, көлемін, түсін және заттың негізгі қасиеттерімен кеңістіктегі орналасуын;
- кеңістіктегі уақытты бағдарлауын қалыптастыру;
- есту дыбыстарының координациясын дамыту;
- эстетикалық қабілеттері арқылы қоршаған ортаны қабылдау кезіндегі барлық қасиеттері мен белгілерін (түс, дәм, иіс, дыбыс, ырғақ) қалыптастыру;
- сенсорлы-перцептивті іс-әрекетін байланыстыру;
- арнайы сәйкес қасиетін сөздіктерді қолдану" барысында баланың сөз қорын молайту;
- моторикасының кемшіліктерін түзеу;
- көру қозғалыс координациясын байланыстыру;
- қозгалыспен іс-әрекетті мақсаттылығымен дәлелділігін қалыптастыру.
Бұл курстың бағыты түзету болып табылады: ақыл-ойы кем баланың психофизикалық дамуының жетіспеулігі оларды күрделі психикалық іс-әрекетті қалыптастыруын түзету (жою). Сабақты жалпы тузету жұмысы қосымша жеке түзетумен толықтырылуы керек.
Ол жерде жеке түзету жұмыстарын қажет ететіндер болады. Жұмыстың негізгі кезінде дефектологтың негізгі міндеті - жүйелі түрде зерттеу; оқу кезіндегі баланың қиындығын ерекшелеп, біріншілік және екіншілік сипаттамасын анықтау. Басқа сөзбен айтқанда психологиялык-педагогикалық топтастыру бойынша оқушыларды мүмкіншіліктеріне қарай топтау керек. Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, көмекші мектептерде В.В. Воронкова әдістемесін қолдануда. Осы әдістемеде окушыларды IV топқа бөліп оқытады. Осы IV топтағы оқушыларға арнайы педагог маманының тарапынан қосымша түзету көмегі көбінесе математика, қазақ тілі, еңбек сабактары балаларға ерекше қажет. Психомоторикалық және сенсорлық процестерін дамыту атты сабақтар маңызды болып табылады. Бір балаға бағытталған немесе топ балаларға бағытталған. Сонымен IV топтағы оқушыларға В.В .Воронкованың әдістемесі бойынша оқушылардың 4 тобына әр пән бойынша мінездемесін басшылыққа ала отырып қосымша түзетудің күнтізбелік жоспарын жасады.
Белгіленген параметрге сәйкес ақыл-ойы кем оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1 топка фронтальді оқыту процесі кезінде бағдарлама материалын жақсы меңгерген оқушылар жатады. Олар тапсырмалардың бәрін өз бетімен орындайды. Жаңа жұмыс жасаған кезде, өзінде бар дағдыны қолданады. Алынған білім мен білік дағдысы басқа оқушьшарға қарағанда тәжірбиеде жақсы қолданады. Салыстырмалы түрде қиындық тудыратын тапсырманы орындауға, оларга үлкендер тарапынан кішкене көмек керек.
Қазақ тілі сабағында 1 топ оқушылары дыбыстық, әріптік талдауды жақсы меңгереді. Дұрыс жазудың қиын емес ережелерін меңгереді, оқыған мәтіннің мазмұнын жақсы түсінеді. Мазмұны бойынша сұраққа жауап береді. Өз жауаптарын, мәтінің белгілі бір бөлімдерімен салыстырып алады. Мәтіннің бөлімдеріне тақырып қоя алады. Жәй жоспар құра алады және жоспарға сәйкес мазмұндама бере алады. Оңай болсын, қиын болсын тапсырмалардың бәрін, өздері қатесіз немесе бір-екі өздері түзеген қателер болады. Өздеріне сәйкес деңгейде бұл оқушылар ауызша және жазбаша тілді меңгереді.
Математика сабағында 1 топ оқушылары басқаларға қарағанда есептеу әдіс-тәсілдерін есте тез сақтайды. Оларға көрнекі құрал көп қажет емес. Ауызша айтқанды жақсы түсінеді. Математика түсініктерін дұрыс бағалап, дұрыс жазалады.
Төменгі сыныптарда еңбек сабағында 1 топқа жататын оқушылар жалпы еңбек дағдысын меңгеруге қиналмайды. Суретпен заттың сызбасынын үлгісіне анализ жасауда оқушылар бір ізгілікке сүйенеді. Толық мінездеме бере алады. Алайда қиын құрылымды заттарды жасауда оларда қиындық туады. Бұл кезде оларға көмек керек. Мұндай көмекті олар тиімді пайдаланады. Мұндай балалар білім дағдыны ұмытпайды, басқа кезде қолдана алады.
2 топ оқушылары да сыныпта жақсы оқиды. Оку барысында олар бірінші топ оқушыларына қарағанда көбірек қиналады. Көбінесе олар мұғалімнің фронтальді түсіндіруін ұғады. Оқылған материалды есте сақтауы да нашар емес, бірақ көмексіз қарапайым қорытынды және жалпылауды жасай алмайды.
Жұмыстың барлық түрін олар өз бетімен жасай алмайды. Олар мұғалім көмегін қажет етеді. Ал жаңа білімнің шартын ауыстырғанда көбінесе олар қиналады. Содан жұмыстың жылдамдығы төмендейді. Қате жібереді, ол қателерді болымсыз ғана көмекпен жөндей алады. Өз іс-әрекетіне тура түсініп жауап бере алмайды. Ашық және жалпылама айтады.
Қазақ тілі сабағында оқу және жазу кезінде көп қате жібереді, ол қателерді өз бетінше жөндеуге қиналады. Ережелерді жаттап алады, бірақ мазмұнын айту барысында ең маңызды жерлерін тастап кетеді. Бұл оқушыларды ауызша және жазбаша тілі дамыған, бірақ өз ойларын дұрыс жеткізу үшін мұғалімнің көмегі керек. Жоспарларда әртүрлі көрнекі құралдар қажет.
Математика сабағында 2 топ окушылары кейбір қиындыктарға душар болады. Бұл окушылар өздеріне баяндалған құбылысты, оқиғалар, заттар және фактілерді тура нақты қабылдай алмайды. Олар мөлшер қатынасы көлем өзгерістерін тура бақылаған жағдайда ғана түсіне алады. Пәндік тәжірбиелер, іс-әрекеттерді жасау арқылы заттар топтарды біріктіру арқылы олардың бөліктерін бөлу арқылы ғана оқушылар өзгерістерді түсініп арифметикалық амалдарды орындай алады. Сондықтан олар арифметикалық тапсырмаларды заттар тобымен илюстрацияланғанда ғана шеше алады. Сөзбен берілген тапсырмаларды шеше алмайды. Бұл окушылар 1 топ оқушыларына қарағанда қорытындылауды математикалық жалпылауды есте сақтайды, бірақ олар пәндік-тәжірбиелік іс-әрекеттерге тез үйренеді. Математикалық тапсырмаларды илюстрация арқылы тез орындайды.
3 топқа, бағдарламасын, материалын қиындықпен меңгеретін оқушылар жатады. Олар әртүрлі көмекті қажет етеді.
Өз бетінше жұмыс істеулері өте төмен. 2 топ оқушыларының материалды меңгерулері төмен. Материалды қабылдау төмен бағанына қарай оқушылар алған білім, білік, дағдыларын жоғалтпай тура сол тапсырма болған кезде қолданады. Алайда кішкене өзгертілген тапсырма болған кезде, оларға ол жаңа тапсырма сияқты көрінеді. 3 топ окушыларына тапсырманың ортасын бастапқыда көмектесіп жіберсе, олар ары қарай қиындық кездескенше өз бетінше жұмыс істей береді. Бұл топ оқушыларын, олардың оку материалдарының негізін түсінбейінше ұйымдастырып отыру керек. Содан кейін барып ғана, олар тапсырманы дұрыс орындайды. Олар туралы ауызша есеп бере алады. Бұл дегеніміз қиындықпен болса да, саналы түрде меңгеру екенін көрсетеді.
Қазақ тілі сабағында 3 топ оқушылары, дыбыстық-әріптік анализді талдауды, сауатты жазу дағдысын баяу меңгереді. Олар дұрыс жазу ережесін жаттап алады, бірақ тәжірбиеде механикалық түрде қолданбайды. Бұл оқушыларда ауызша және жазбаша түрде қолдану қиындық туғызады. Ана тілі, география, табиғаттану, тарих пәндерінде, мәтін оқыған кезде олар түсінбеулері мүмкін. Мазмұнын бөлшектелген түрде қабылдайды. Соның есесінде оқығанда түсінбейді.
Математика сабағында 3 топ оқушылары көптеген қиындыққа душар болады.Мұғалім пәндік-тәжірбие, қызметті, көрнекі құралдарды қолдануы,олар үшін аздық етеді. Оқушылар мөлшерлер өзгерістерін қиындықта бағалайды. Ал математика тілінде тіпті қиын. Олар көбінесе барлық күш орындауды жеке фактілердің, талаптардың, нұсқаулардың мәнін түсінбей есте сақтайды. Сондыктан да қателіктер жібереді. Олардың алған білімдерінің арасында байланыс жок.
Оқушылар математикалық ережелерді қиындықпен түсінеді және түсіне алмайды. Өйткені олар сөзбен түсінбейді, оны жаттап алғылары келеді, ал ережесінің мәнін түсінбейді. Мысалы көбейту кестесін біле тұра, еңбек сабағында қолдана алмайды. Олар жаттағанын тез ұмытып қалады. Математикалық терминдері бар сөздермен сөйлем құра алмайды. Көмекші мектепте олар есепті шығаруды білмей кетуі де мүмкін.
Еңбек сабағында бұл топ оқушылары тапсырманы орындауда қиындыққа кездеседі. Олар жаңа затты жасаудағы жіберетін көп қателіктерінен көрініс табады. Көбінесе бұл қателер бөлшекті өзара араластыру және берілген мөлшерде сақтамау. Оқушылар өздерінің жіберген қателерін байқамайды, себебі олар өздері жасап отырған затын дұрыс білмейді. Олар жоспарлай алмайды, мұғалімнің көмегімен жасалған жоспарларды олар толық түсінбейді, сондықтан қателер жібереді.
Ал жекелей нақты айтқанда, 4 топ оқышыларына оқу материалдарын өте төмен меңгертетіндер жатады. Бұларда тек фронтальді оқыту жеткіліксіз. Оларға көп жаттығу жасату керек. Оқытудың қосымша тәсілдерін қолдану керек, бұл оқушылар қатесін тура көрсетіп, түзетіп көрсету керек. Олар көмекші мектеп бағдарламасы бойынша тиісті білім, білік, дағдыны төмен меңгереді. Дыбыстық - әріптік талдау жасауда қатты қиналады. Олар жай бейнелі мәтіндердің ен түсінеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі баяу қалыптасқан.
Математика сабағында заттарды дұрыс санай алады. Олар нақты бір затты қолдану арқылы ғана есептей алады. Бұл топ оқушылары математика амалдарының мәнін түсінбейді, бірне қайталап оқытудан кейін ғана осы арифметикалық амалдарды орындай алады.
Еңбек сабағында да бұл оқушылар өз сыныптастарының қатарына қалады. Олардың білім төмендігі бірден көрінеді. Бірінші жоспарлау кезіне және жұмыс жасау кезінде, олар дұрыс жасамайды, мұнда мұғалімнін көмегі міндетті түрде керек. Олар жасап жатқан жұмыстарында жоқ тәсілдерді айтуы мүмкін. Жасаған жұмысын жоспарлай алмайды, қорытындылауы мүмкін емес. Еңбек сабағында бұл топ бағдарламаны меңге алмайды.
Көмекші мектепте 4 топқа бөлінген барлық оқушыларын фронтальді оқыту процесіне жекелей оқытуды қажет етеді.
1-2 топ оқушыларының жақсы жұмыс істеуі әр түрлі пәндерде оларды 1 топқа біріктіруге мүмкіндік туғызады. Белгілі бір дәрежеде өз бетінше жұмыс істей алады. Мұғалім жаңа материалдарды меңгеруду, дамыту материалдарды дұрыс таңдауы, түсіндіруі, оны оқушыларға меңгерту және өз бетінше іс- тәжірбиеден қолдануды үйрету үшін ір оқушының жеке басының мүмкіншілігін білуі керек. Осы мақсатты әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады. Мұғалім жаңа материалды меңгерудің әр кезеңіне берілетін көмектінң түрлі мен көлеміне баса назар аудару керек. Оқытуды ақыл-ойы кем балалардың өздерінің жеке дара психикалық- физикалық бұзылуларын ескермейінше нәтижебермейді. Сондықтан мектептің арнайы педагогы осы төртінші топ оқушыларымен жеке және түзету сабақтар жүргізуі қажет. Сыныптан тыс қосымша IV топтағы оқушыларға арнайы педагог маңызды сабақ мақсаттарын таңдап алу қажет(түзету дамудан басқа).
Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі басқа әдістемелер сияқты педагогика негіздерінің бірі болып табылады. Ол ақыл-ойы кем тұлғаларды қазақ тіліне оқытудың заңдылықтарын, мақсат-міндеттерін, әдістерін, қағидаларын, құрылымын зерттейді. Қазіргі таңда әр әдістеме жеке ғылым болып табылатыны дәлелденген.
Қазақ тілін оқытудың арнайы әдістемесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты: ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту, қарым-қатынас құралы ретінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру. Таным процестерін түзету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, оқыту мақсаттарына сәйкес және зерттеу пәні ретінде келесі міндеттерді шешеді.
1. Зияты зақымдалған оқушыларға қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын анықтау.
2. Оқу материалының құрылымын және көлемін ақыл-ойы кем тұлғалар жетік меңгеретіндей етіп қалыптастыру.
3.Қазақ тіліне олқыту кезіндегі жалпы дидактикалық қағидаларды іске асырудың жағдайларын анықтау, берілген пәнді өткізудің арнайы әдістемелік қағидаларын ұйымдастыру.
4. Оқытудың рационалды және продуктивті сипаттамаларын ұйымдастыру, арнайы мектеп оқушыларының кемістіктерін түзету мақсатымен және сөйлеу тілі мен ақыл-ой дамуының жоғары деңгейіне жету үшін арнайы жаттығулар жүйесін ұйымдастыру.
5. Балаларға тіл құралдарымен әсер ету жолдарын іздеу.
1.2 Зияты зақымдалған балаларға логопедиялық көмек көрсету
Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары жүйелік сипатқа ие. Ондай балалардың сөйлеу тіл әрекетінің барлық операциялары әр деңгейде қалыптаспаған болып келеді: мотивациясының әлсіздігі, сөз арқылы қатынас жасау қажеттілігі төмен, сөйлеу бағдарламасын іске асыруының бұзылыстары байқалады. Бұл мәселелерді зерттеген ғалымдардың нәтижелеріне сүйенсек, көмекші мектептің бастауыш сыныптарында аса күрделі кемістіктер балалардың 40-60%-да байқалады. Ақыл ойы кем оқушылардың сөйлеу тіл ерекшеліктерін талдай келе, В. Г. Петрова сөйлеу тілі кемістігіне әкеп соғатын көптеген факторларды, оның ішінде негізгісі - таным әрекетінің дамымауын атады.
Бұл балалардың қоршаған орта туралы түсініктері шектелеген, вербальді қатынастардың әлсіздігі, қызығушылығы жетілмеген, оның салдарынан осы категориядағы балалардың сөйлеу тіл дамуы аномальді және баяу болады.
Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары белгілері, механизмі бойынша әр түрлі болып келеді де тұрақтылығымен ерекшеленеді, түзетуі қиындатылған және талдауда дифференциалды көзқарасты талап етеді.
С. Я. Рубинштейіннің пікірі бойынша, зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының негізгі себептері - бас ми қабығының тұйықтауыш функциясының әлсіздігі, барлық анализаторлардағы жаңа дифференциалды байланыстардың баяу дамуы.
Сөйлеу-есту анализаторларының саласындағы дамып келе жатқан дифференциалды шартты байланыстардың себебінен бала сөйлеу тілі дыбыстарын көп уақытқа дейін ажырата алмайды, естіген сөйлеу тілін оның және дәл қолдануы әлсіз. Аналитикалық-синтетикалық әрекеттің төмендігі фонематикалық қабылдаудың бұзылысында байқалады.
Зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айту ақаулықтары жиі таралған. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағынын бұзылыстарының негізінде төмендегідей себептер жатыр: танымдық әрекетінің жетілмеуі, сөйлеу-есту дифференциясының қалыптаспауы, жалпы және сөйлеу тіл моторикасының әлсіздігі.
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының дыбыс айту бұзылыстарының ауыр түрлерінің жиі кездесетін себептерінің бірі - артикуляциялық моториканың бұзылуы (Н. А. Шарапановская, 1986). Артикуляциялық моторикамен қол саусақтарының ұсақ дифференциалді моторикасының бұзылыстары арасында коррекциялық байланыс белгіленген.
Балалардың сөйлеу тілінің дыбыстау жағы бұзылыстарының фонологиялық белгілері көбірек, ал дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларының қалыптасуымен байланысты. Қазақстандық зерттеуші Қ.Қ.Өмірбекованың мәліметтері бойынша зияты зақымдалған қазақ тілді оқушылардың арасындағы фонетикалық ақаулардың таралуы 1-ші сыныпта -64%, 2-ші сыныпта-33,3%, 3-ші сыныпта -31,7%, 4-ші сынпта -22,2% құрайды.
Бұзылыстар дыбыстардың барлық фонетикалық топтарында кездеседі, бірақ жиі кездесетіні ысқырық (33-34 %), ызың (31-32%) дыбыстар топтарының бұзылыстары (себебі, оларды акустикалық ұқсастығы біріктіреді), артикуляциялық жағынан күрделі дыбыстар (Р, Л) (23 %) бұзылады. Таңдай дыбыстарының бұзылуы сирек кездеседі.
Балалар ысқырық дыбыстарды алмастырады, ал сонор дыбыстары мүлдем жоқ немесе бұрмаланып алмастырылады.
Қазақ тіліне тән дыбыстырдың бұзылуы туралы автордың зерттеулері бойынша мынаны байқадық: а, ө, ү, ұ, ң, ғ, қ дыбыстарының айтылуы бұзылады. ү, ұ-дыбыстарының орнына - у; ө -дыбысының орнына -о айтылады.
Интеллектісі зақымдалған балалардың дыбыс айту ерекшеліктері болып дыбыстар бұзылысының вариативтілігі табылады.
Бір дыбыс кейде дұрыс айтылғанымен, сөздердің дыбыстық-буындық құрамына қарай кейде қате айтылады.
Интеллектісі бұзылған балаларда дыбыс айту кемістіктері, әсіресе дыбыстарды алмастыруы, зияты қалыпты балаларға қарағанда, жазуында көрініс алады.
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылыстары симптоматикасы бойынша да, патогенез, себебі күрделілігі бойынша полиморфты болып келеді. Бір балада бір уақытта сөйлеу тілі моторикасының жетілмеуімен қатар дыбыстарды естіп ажырату бұзылыстарыда кездесуі мүмкін. Дыбыс айту бұзылыстары симптоматикалық тұрақтылығымен де сипатталады.
Аталмыш категориядағы балалардың сөйлеу тілі фонетикалық жағының бұзылыстарын түзету зияты қалыптыға қарағанда өте күрделі процесс және ұзаққа созылады.
Дыбыс айту бұзылыстарын түзету жұмысында ең күрделісі машықтандыру кезеңі. Өзіндік сөйлеуінде дұрыс артикуляциялық қалыптарды қолдануға баланы үйрету қиын, оны бұл балалардың жүйке процестері инерттелгенімен жаңа байланыстарды құру күрделілігімен, ауысудың әлсіздігімен өзіндік сөйлеуін қадағалаудың төмендігімен түсіндіруге болады.
Логопедиялық жұмыстың міндетті кезеңі - дыбыстарды ажырату, себебі бұл балаларда дыбыс айту бұзылыстарының симптоматика ерекшеліктері, дыбыстардың бұзылуының фонологиялық сипаты бәсеңділеу.
Дыбыс айту бұзылыстарын түзетуді балалардың танымдық әрекетін дамытумен, анамнез, сөзсіз, салыстыру операцияларын қалыптастырумен байланыстыру керек. Ерекше назар жолын және сөйлеу тілі моторикасын, естуін қабылдау, зейінді, есте сақтауын дамытуға, яғни сөйлеу тіл дыбыс айту жағының бұзылысы негізінде жатқан барлық факторларды қалыпқа келтіруге бөлінуі керек.
Интеллектісі бұзылған балалардың сөз қоры сапалық жағынан сандық жағынан да жетілмген - сөз қорының аздығы, сөздерді нақты қолданбай, белсенді сөз қорынан гөрі енжар сөз қоры көп, сөздікті нақтылауындағы қиындықтар, сөз мағынасы құрылымының қалыптаспауы байқалады.
Сөйлеу тілінің лексикалық жағының жетілмеу себептері интеллектуалды дамудың төмен деңгейімен, қоршаған өмір туралы түсініктерімен білімдерінің шектелгендігімен, қызығушылықтарының аздығымен, сөз арқылы және әлеуметтік қатынастарға түсу қажеттілігінің төмендігі, вербальді есте сақтауының әлсіздігімен байланысты болып келеді.
Балалар заттардың көбінің атауларын білмейді, заттардың жеке бөліктерін атауда қиналады. Сөз қорында нақты мәнді зат есімдер көп. Балалар жалпыма, абстрактылы мағынадағы сөздерді қолданады. Синонимиялық мәндерді қолдана алмайды.
Балалардың сөйлеу тілінде семантикалық ұқсастық бойынша сөздерді алмастыру жиі кездеседі. Ұқсас сөздерді, түрлі сөздерді шатастыру белгілері бар. Балалар заттардың айырмашылықтарын меңгере алмайды, ал атауларын ажырата алмайды.
Екіншілік орында қолдану жиілігі бойынша етістіктер тұрады. Белсенді сөз қорында қимыл-қозғалыстардың тәсілдерін белгілейтін етістіктер жоқ.
Сын есімдерді қолдануда балалар қиындыққа кездеседі. Заттардың түсі, мөлшері, дәмін белгілемейтін сөздердің бірең-сараң ғана қолданады. Белсенді сөз қорында балалар, негізінен әмбебап ауыстырулары пайдаланылады: жаман, жақсы, үлкен, кішкентай. Адамның ішкі тұлғалық қасиеттерін белгілейтін бағалау сипатындағы сын есімдерді сирек қолданылады. Енжар сөз қоры белсендіге қарағанда көбірек, бірақ оның өзектіленуі үлкен қиындыққа ұшырайды; бір сөзді қайталау үшін балалар көмекші сұрақтарды қажет етеді. Сөздің мағысының құрылымы қалыптасуы және сапалы ерекшеліктері баяулаған сөз нақты белгілеуі болғпндп көп уақытқа дейін сөздің затпн сәйкестенуі көбірек болады. Көп сөздер сол беті түсінік болмай кетуі де мүмкін.
Интеллектісі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің граммматикалық құрылымы кешігіп, ерекше өзінің жетілмеуімен ерекшеленеді де, аграмматизмдер, грамматикалық жалпылауды қажет ететін тапсырмаларды орындағандағы қиындықтарымен сипатталады. Сөзжасам және сөзөзгертудің морфологиялық формаларымен қатар сөйлемдердің синтаксистік құрылымдары жеткіліксіз қалыптасқан.
Сөйлемдердің негізгі құрылымы болып табылатыны - жай сөйлемдер. Күрделі сөйлемдер көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінде сирек кездеседі, сөйлемдердің күрделі құрылымдары мөлшерімен 5-ші сыныпта ғана пайда болады. Ең алдымен оқушылар салалас-құрмалас сөйлемдерді меңгереді, ал бағыныңқы-құрмалас сөйлемдерді талдауды кеш және қиналып меңгереді. Балалар уақыттық байланыстар, себепті-салды байланыстарды белгілей алмайды.
Сөйлем құраған кезде конструктивті сипаттағы және стилистикалық қателер көп кездеседі. Сөйлемдерде сөздерді тастап кету, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшесін тастап кету орын алады. Өзіндік сөйлеуінде фрагментерлы сөйлемдерде бастауыш пен баяндауышты, кейде екеуінде тастап кету байқалады.
Тұрақты және таралған қателер: сөйлемдегі сөздердің байланысы жоқ, септік формаларды шатастырады.
Күрделі сөйлемдер құрастырғанда жай және күрделі сөйлем арасындағы аралық нұсқа байқалады. Күрделі сөйлемдерді бөлшектеу жиі кездеседі. Үстеулерді қолдану біліктері жетілмеген.
Интеллектісі зақымдалған балаларда морфологиялық жалпыламалар кедей және анықсыз, сөздің морфологиялық құрамы туралы, сөйлемдегі сөздің синтаксистік байланысы туралы морфологиялық жалпылауы анықсыз, грамматикалық мәндер жүйесі жеткіліксіз қалыптасқан. Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының жетілмеуі байланыстырып сөйлеуінде белгісін қалдырады.
Байланыстырып сөйлеуі өте баяу дамиды. Ұзақ уақытқа дейін ситуативті және сұрақ-жауап кезеңінде ғана болады. Өзбетімен баяндауға көшу қиын әрі көп жағдайларда жоғары сыныптарға дейін созылуы мүмкін. Балалар үнемі айтқандарын қошеметтеп отырғанды, сұрақ, айту сияқты көмектерді қажет етеді, Ерекше қиындықтағы - сөйлеу тілінің контекстті түрі. Интеллектісі бұзылған балаларға ең жеңілі - ситуативті сөйлеу тілі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz