Адамтану қазақ іліміне кіріспе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\User\YandexDisk\Загрузки\img2.jpg

қазақтың сұңғыла сыншы өнері

C:\Users\User\YandexDisk\Загрузки\big_b2fa51a1bf025920.jpg C:\Users\User\YandexDisk\Загрузки\hello_html_m53bd6cce.jpg

C:\Users\User\Desktop\рама.png

Қобдабай Қабдыразақұлы

қазақтың сұңғыла

сыншы өнері

Қарағанды 2020

Көшпенділердің педагогикалық мұрасын зерттеу орталығы

Пікір жазғандар: М. Қаусылғазы (доктор. проф. )

Ж. Шекен (филолог. ғ. к. )
редактор: Д. Нұрпейісова ( пед, магистрі )

Қобдабай Қабдыразақұлы
Қазақтың сұңғыла сыншы өнері
Әке балаға сыншы. Ұрпақтың өсіп жетіліуін. дамып толысуын үнемі бақылап, ұл-қыздарының көгеріп көктеуіне көз тастап көңіл бөлу ата салтымыз. Ата-анасынан бастап, ағайын туысы, ауыл аймағы. ру тайпасына дейін ұрпақтың жетілу, өсу әр кезең-
інде олардың игерген өнер білімінің өресі мен шанағын, рухани дамуынын дәрежесін безбендеп бажайлап бақылап отыратын өзіндік жүйесі де болды. Қоғамдық осы қажет-тілік негізінде өмірде сындарлы сыншылар (адамтанушы) мен сұңғыла жан танушылар (психологтар) атанған дарынды, ерекше қабылетті адамдар аз да болса айқындалып отырды. Бетке тура қарап, көзбен телмірісе тұрып дәл кәзір не ойлағаныңды айтып беретін сұңғылалар кәзірде бар. Жан-жануар, құс пен түз тағыларын тілін түсінетін тілмаштар, керек десеңіз періштемен тіл табысатын, әуелі жын-шайтанмен пікір алмасатын, білгір, болжам-гер тәуіп, тақулар да жеткілікті болған. Қарасуды теріс ағызатын, сиқырлық өнерінің майталмандары, алпыс жылдан артқы ғұмырды болжайтын, көзіңді бақырайтып қойып, бар ғажапты жасайтын көзбайлаушылар мен көріпкелдер қазақта болған. Осылардың топ ортасында, тіптен басы болып бақсылар жүрді, олардың таңғажайып істтері ел аузында, аңыз әпсана болып, кейбірі хатқа басылып тарихта мәңгі қалды. Бұл еңбек солардың бір қырынан сыр шертеді. (редақтор )

Дереккөз:
1. Адамтану қазақ ілімі Ұланбатыр 2014
2. Адамтану қазақ ілімі Астана 2015
3. Адамтану қазақ ілімі - online presentation en. ppt-online. org›471976
4. Бақсы - бас адамтанушы edulife. kz›sabaq…attachment/basy…adamtanushy. pdf
5. Адамтану қазақ іліміне кіріспе ustazdar. kz›ustazdarga/bayandama/5012-adamtanu…
6. Балатану баспалдақтары edulife. kz›sabaq-kz/attachment/balatanu-…
7. Балатану баспалдақтары - collegy. ucoz. ru›Каталог статей›28-1-0-23703
8. Адамтану қазақ ілімі stud. kz›referat/show/81757
9. Адамтану баспалдақтары Скачать Материалstud. kz›referat/show/81846
10. Қарттану қазақ білімінен ziatker. kz›docx/…
11. Қарттану қазақ білімінен - collegy. ucoz. ru›Наша библиотека›35-1-0-10788
12. Тектану қазақ білімінен - adisteme. kz›tektanu-kazak-biliminen. html
Автордың осы еңбектері арқылы толықтырып, баспаға ұсынған Күннұр Қайрат

🕿 +7 708 128 64 12 E-mail:sufer. chabdrazakh2017@gmail. ru: Abaiagahobd@yandex. ru
Бұл еңбектің электрондық нұсқасын осы мекен жайдан немесе ppt-online. org›-тен тегін алыңыз.

IMG.jpg Адамтану қазақ іліміне кіріспе

Қазақта: «Таңертең төрт аяқпен, түсте екі аяқпен, кешке үш аяқпен жүреді. Ол кім?»-деген жұмбақ бар. Мұнда адам ғұмырының үш кезеңі жасырылған. Осы тәрізді адам жан дүниесінің ішкі сырынан бастап, жас ерекшеліктерінің сипаттамасын өте айқын айтып келген. Әрі сол негізде тәрбие құралдарын таңдап алып, әдіс-амал, тәсілдерін ұсынған. Қазаққа; тәрбиенің нәтижелі болуы үшін адамның жас ерекшелігін жете білу қажет болған. Қазақ ұғымында адамның жасы: балалық, ересектік, қарттық болып үш кезеңге бөлінеді. Қаныш атамыздың сөзімен айтқанда: біздің «академик-әжелеріміз» тұқымның жатырдағы дамуын былай сипаттайды:«Үш күндік жүктілік қазақтарда «тумақи» (әлі туылмаған) деп аталады, яғни бұнда болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік басым. Жүктіліктің жетінші күні «көбік» деп анықталады. Мұнда адамның көбіктен жаралады деген көзқарас-тың басымдылығы, яғни ол келер қырық күн ішінде ұйығанға айналады деген ұғым бар. Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың материясы қалыптасады, ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрықтың шеміршектері пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады. Төрт айда шарана адам әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала бастайды, яғни балаға жан кіреді(кім, қайдан әкеліп салады?) . Жеті айда шақалақ атануға дайын. Сегіз айлық шарана өмір сүрмейді. Тоғыз ай, тоғыз күнде жарық дүние есігін ашады. Адамтану қазақ ілімінде текті жан -толықсыған кісі болып тумайды. Кісі болып қалыптасу үшін дамудың көптеген сатыларын басып, кезеңдерінен өтуі тиіс. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда, бауыр аяқ жасап, қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орын-дайды. Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды. Бір жас аумағында- шарана, шақалақ, жандыбақа (сөйлеп, аяғын басып тік тұрғанша) немесе нәресте атаулары қоланылады. Бір мен екі аумағында, қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді. Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген, еркелеткен атаулар өте көп. Шаранадан аяғын басып тік тұратын халге жетіп, сөйлей алуы-бұл нақтылы Текті жан болғандығы. Текті жан болғанға дейінгі шағы адамтану қазақ ілімінде «жанды бақа» аталады Жанды бақадан текті жанға өту кезеңі психологиядағы алғашқы «дағдарыс»-дамудың ең үлкен белесі. Қазақ танымы бойынша бұл шақта қойылатын негізгі талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың ең басты міндеті баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге ие. Анасының махаббаты мен мейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол, айнала-сындағылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл мақұрым қалған бала басқалармен тіл табысып, басы қосылып ойнауы қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі». Үштен бес жас аралығында балдырған(ұл), балауса(қыз) атанады. 6-7-8 жас бала (ұл), балақай(қыз), 3-12 жас арасы ойын баласы, 7-13 жас жасөспірім, 13-15 жас арасы ересек бала, жас жеткіншек, 15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт, қыз аталады. Қазақ қызы, қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамтану қазақ ілімі
Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Адамтану баспалдақтары
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым
Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу (Ж.Нәжімеденов өлеңдерінің тілі негізінде)
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Шәкәрім Құдайбердіұлының діни дүниетанымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz