ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың қарқынды дамуы рекреациялық ресурстарды зерттеу мен оларға баға беруге мүмкіндік тудырып отыр. Қазіргі ғылыми қолданыста белгілі бір аумақтарда адамдардың бос уақытын, денсаулығын, танымдылығын, спорттық және мәдени деңгейін көтеруге қолдану барысында пайда болған құбылыстар мен қарым-қатынастар жиынтығы рекреация атауымен беріліп жүр.

Қазіргі кездегі демалу және туризм түрлерінің дамуы рекреациялық ресурстардың аймақтық ерекшеліктерін анықтауды қажет етіп отыр. Осындай рекреациялық ресурстарымен ерекшеленетін аймақтардың бірі - Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан Алакөл ауданы. Аудан жан - жағалауын таулармен қоршалған, ал орталық бөлігінде көлдер тізбегі орналасқан. Географиялық орналасқан орны ауданның табиғи-рекреациялық ресурстарының дамуына әсер етеді. Мұнда минералды сулар, көл жағалауындағы жағажайлар, бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар көп кездеседі.

Қазақстанның табиғи рекреациялық ресурстарын географиялық тұрғыдан бағалау еліміздің рекреациялық потенциалының қалыптасуы және даму ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызып отыр. Ол өз кезегінде табиғи рекреациялық ресурстардың географиялық таралу аймақтарын анықтауға көмектеседі. Осыған орай, зерттеу тақырыбының негізінде Алакөл ауданының рекреациялық ресурстарына сипаттама бере отырып, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырудың маңызы зор. Рекрациялық ресурстарды бағалау, демалыс орындары мен туризмді дамытуға мүмкіндік туғызады.

Зерттеу барысында Қазақстанның табиғи рекреациялық ресурстарын Алакөл ауданы мысалында географиялық тұрғыдан оқыту ерекшеліктерін анықтау қажеттігі туындады. Осыған орай географиялық білім беру бағдарламаларына талдау жасалып, рекреациялық кешендер және рекреациялық ресурстар туралы білім мазмұны жүйеленді. Қазақстанның аймақтық рекреациялық жүйелерінің теориялық және практикалық тұрғыда жете зерделенбеуі және Қазақстанның рекреациялық потенциалының қалыптасуы мен даму ерекшеліктерінің маңыздылығы басшылыққа алынған арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Қазақстанның табиғи рекреациялық ресурстарын географиялық тұрғыдан оқыту ерекшеліктері (Алакөл ауданы мысалында) » деп таңдап алуымызға негіз болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғасырда Моңғолияға Италия саяхатшысы Джованни Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген.

Алакөл 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш-Алакөл туралы деректер бар. Алакөлді зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т. б. ) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 - 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т. б. айналысты.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстанның табиғи рекреациялық ресурстары географиясын теориялық негіздеу және Алакөл ауданының рекреациялық ресурстарының оқу-әдістемелік кешендерін дайындау.

Диплом жұмысының міндеттері:

- Қазақстанның рекреациялық потенциалының ерекшеліктеріне талдау жасау;

- Алакөл ауданының рекреациялық жүйелерінің қалыптасу және даму

ерекшеліктерін талдау;

-Алакөлдің табиғи рекреациялық ресурстарын оқытудың әдістемелік кешендерін дайындау.

Зерттеудің жұмысының ғылыми жаңалығы:

- Қазақстанның рекреациялық потенциалының ерекшеліктеріне талдау жасалды;

- аймақтық рекреациялық жүйелер анықталды;

- Алакөлдің табиғи рекреациялық ресурстарын оқытудың әдістемелік кешендері дайындалды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, кестелерден, суреттер мен қосымша карта - сызбалардан тұрады. Көлемі 60 бет.

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

1. 1 Табиғи рекреациялық ресурстар

ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылым және техника қарқынды дамыды. Осы кезеңді біз ғылыми-техникалық революция ғасыры деп атаймыз. Осындай үрдіс кезінде рекреациялық ресурстар үлкен роль атқаруда.

Рекреация ұғымы демалуға қарағанда аса белгілі емес, бірақ анағұрлым нақты ол эмпирикалық және қолданбалы зерттеулердің міндеттеріне жақсы жауап бере алады. Себебі, рекреацияның ауқымы кең. Ол қысқа мерзімдегі рекреациялық белсенділікті және жыл сайынғы еңбек демалысы мен бос уақыт кезеңіндегі ұзақ мерзімді рекреациялық қызметті, сондай - ақ апта сайынғы демалысты қамтиды. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың анықтамалары бойынша «рекреация» (лат. Rесrеаtіо-қалпына келтіру) - деп белгілі бір аумақтарда адамдардың бос уақытын, денсаулығын, танымдылығын, спорттық және мәдени деңгейін көтеруге қолдану барысында пайда болған құбылыстар мен қарым - қатынастар жиынтығын айтады [1] . Сондай-ақ энциклопедиялық анықтамалықта рекреация (лат. rесrеаtіо - қалпына келтіру) - адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту деп келтірілген [2] .

Н. Ф. Реймерс бойынша, адамның денсаулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіру үшін үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалыс үйлерінде т. б. Мұндай пікір, рекреация демалудың, синонимі ретінде қарастыруға себеп болады. Осы көзқарастан демалудың белсенді және әлсіз түрін ажыратады [3] . Белсенді түрі басым туристік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен байланыстарды. Ал әлсіз демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс демалу.

Рекреациялық ресурстар жөнінде әртүрлі терминологиялық айырмашылықтар болғанмен олардың барлығы табиғи ландшафттық компоненттерді, тарихи-мәдени кешендерді, халықтың этномәдени құндылықтарын, елдің инфрақұрылымын, еңбек ресурстарын құрайтыны белгілі. Рекреациялық ресурстар мен туристік ресурстар ұғымдары мәні жағынан өте жақсы ұғымдар, себебі екі ұғым да адамдардың демалуын қанағаттандыруға қатысты қарастырылады. И. И. Пирожниктің анықтамасы бойынша, рекреациялық ресурс дегеніміз - адамның рухани және физикалық күшін дамытуға және қалпына келтіруге, оның еңбек қабілеті мен денсаулығына ықпал ететін табиғи және тарихи-мәдени кешендердің элементтері, сондай-ақ олардың рекреациялық қажеттіліктерін қазіргі заманғы құрылымға сай, техникалық - экономикалық мүмкіндіктер арқасында курорттық және туристік қызмет көрсету [4] .

Рекреациялық ресурстарға берілген әртүрлі заң күші бар актілердегі терминологияларға талдау жасайтын болсақ, рекреациялық ресурстарды:

- адамдардың өмір сүру ортасы мен оған тәуелді емес табиғи-жаратылыс жүйесі ретіндегі табиғи - рекреациялық ресурстар;

- мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін этникалық топ, ұлт, азаматтық қоғамдастық, азаматтық өркениеттің тарихи мәдени адамдардың қолдан жасаған немесе өңдеп жатқан табиғи ландшафт;

- қайта қалпына келтірудегі адамзат дамуының ежелгі өркениетінің тарихи және этно-мәдени орталықтарын; көлік және ақпараттық коммуникация, орналыстару, тамақтандыру, сауықтыруды ұйымдастыруды қамтитын әлеуметтік-мәдени ресустар ретінде сипаттайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, төменгі суретте Қазақстанның рекреациялық потенциалын көрсететін рекреациялық ресурстар келтірілген (Сурет 1) .

Сурет 1. Рекреациялық ресурстар

Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлерге бөледі. Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлеріне климаттық, гидроминералдық, су, орман, таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Ал антропогендік рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді мекендер, бірегей техникалық құрылыстар т. б. жатады. Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша, туризм ресурстары, емдеу ресурстары т. б. болып ажыратылады, ал және функциялары бойынша курорттық немесе емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресурстар бар.

Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде тұңғыш рет ұсынған В. С. Преображенский. Оның ұсынысы кеңістік рекреациялық географияның аяғына тұру жолында ең алғашқы ірі қадам болып саналады. Сонымен ол рекреациялық жүйеге - функциялардың мәні бойынша объективті және әлеуметтік құрылым, басқа материалдық (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік) және материалдық емес (тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау) салаларымен теңдес халық шаруашылық саласы деген анықтама береді [5] . Рекреациялық қызметтерді өндіруге және халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мамандандырылған аумақтық - шаруашылық құрылымының географиялық сипаты пайда болады. Тәжірибе бойынша жиналған мәліметтер геожүйенің ерекше тұжырымдамасын - аумақтық рекреациялық жүйені (АРЖ) жасады.

Аумақтық рекреациялық жүйенің кіріктірілуі оның бөлек элементтері мен құрылымының ерекшеліктерімен және оның элементтерінің арасындағы байланыстармен анықталады. «Аумақтық рекреациялық жүйе» бүтіндей функционалдық және рекреациялық қалыптасуды құрайтын әлеуметтік географиялық жүйе. Ол қоғамдық функциялардың белгілі - бір түрлерінен тұрады. Ең бастысы адамның, яғни, рекреанттың денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру. Құрылымдық қатынаста аумақтық рекреациялық жүйенің элементтері бір-біріне байланысты табиғи және мәдени кешендер, инженерлік құрылымдар, қызмет көрсету персоналдары, басқару органдары және демалушылар тобы элементтерінен тұрады

Табиғи және мәдени кешендер рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайлары мен ресурстары ретінде жүзеге асырылады және аумақтық рекреациялық жүйелердің қалыптасуының аумақтық базасы болып табылады. Демалушылар мен қызмет көрсетуші персоналдардың рекреациялық қажеттіліктер ерекшеліктерін қамтамасыз ету инженерлік құрылымдар құзырында. Қызмет көрсетуші персонал демалушыларға рекреациялық қызмет көрсету функциясын және рекреациялық кәсіпорындарды өндірістік-технологиялық қамтамасыз ету функциясын орындайды. Бұл арнайы және қосымша кәсіпорындардың рекреациялық персоналдарының санымен, туристік кадрлардың квалификациясы мен профессионализмімен, жұмысшы күшінің қамтамасыз етілуімен сипатталады. Басқару органы аумақтық рекреациялық жүйе арасындағы элементтердің бір - бірімен байланысын, барлық жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал демалушылар тобы аумақтық рекреациялық жүйедегі басқа элементтерге деген талаптарды анықтайды, ол әлеуметтік, жас, ұлттық, аймақтық және жеке демалушылардың ерекшелігіне байланысты

Соңғы кезде аумақтың рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл халықтың толық демалуын қамтамасыз етумен және рекреация зоналарында табиғатты корғаумен байланысты. Аумақтың рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз - бұл осы аумақта бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын және демалу жағдайларын нашарлатпайтын, жоғары мүмкіндіктегі рекреанттар саны [6] .

Экономикалық аудан және ел деңгейінде рекреациялық сыйымдылық деген түсінік оптимальды рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне, халықтың өмір сүру деңгейіне, еңбек ресурстарын демалыс пен туризм сферасына тарту мүмкіндіктеріне тәуелділігін көрсетеді. Рекреантгар ағымының мөлшері елдің (ауданның) көлеміне, туристік-рекреациялық ресурстардың қорына, инфрақұрылымның даму сатысына тікелей тәуелді. Дамуы төмен елдер, үлкен туристік-рекреациялық ресурстары болса да, туризм мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасау мүмкіндіктері шамалы. Бұған біздің еліміздің туристік инфрақұрылымдары мысал бола алады.

Кейбір зерттеушілердің айтуынша, аумақтың рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс - әрекеттің нысандарынан, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек.

Рекреациялық потенциал табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік - экономикалық бағалы байлықтың жиыны, демалыс пен туризмді ұйымдастырғанда алғышарттар туғызады.

Рекреациялық потенциал түрлері бойынша (туризм қорлары, емдеу қорлары, т. б. ) және рекреациялық қызмет түрлері бойынша (курорттық немесе емдік, денсаулықты жақсарту, спорттық, экскурсиялық-туристік немесе танымдық) болып бөлінеді. Табиғат қорларын топтау бойынша табиғи орта қорларымен бірге адамзаттың күнделікті өмірлік ең жақсы жағдайлар жиынтығына, демалыс және емдік табиғи қорларына сәйкес келетін рекреациялық-антропологиялық қорлар тобы және оларға қайшы келетін топтар да жатқызылады. Рекреациялық қорларды, оның құрамын, құрылымын және рекреациялық аумақтардағы жұмысын және рекреациялық аумақтардың қасиетін зерттейтін ғылыми бағыт география ғылымында ХХ ғасырдың 60 - 70 жылдарында қалыптасып, «рекреациялық география» деген атқа ие болды.

Рекреациялық география, экономика және мәдениеттанудың түйіскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Оның зерттеу нысаны аумақтық - рекреациялық жүйелер болып табылады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияға деген негізгі үш көзқарас қалыптасқан (2 сурет) .

Сурет 2. Рекреациялық географиялық көзқарастар

Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары айтады. Рекреациялық географияның көзқарасына сәйкес адамдар өздерінің экономикалық-әлеуметтік жағдайына қарай күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған әр түрлі іс - әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәуліктік, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді. Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесінде қолданылатын тарихи, салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық зерттеу, математикалық модельдестіру әдістерін пайдаланады.

В. Б. Николаенко бойынша, рекреациялық география жүйелердің тиімді функциялануы бойынша түрлі ұсыныстарды жасап шығарады; белгілі бір көрсеткіштермен жүйелерді жобалайды; рекреациялық қажеттілікті анықтайды; жүйелерді жасау және функциялау салаларына болжам; территориялы -дифференциацияланған нормаларды және аймақтық рекреациялық жүйелерді жобалауды және оны зерттеудің әдістер жүйесін жасап шығарады; аймақтық-рекреациялық жүйелердің аймақтық ерекшеліктерімен таныстырады [7] . Демек, рекреациялық география - қоғамдық арнайы географиялық ғылымдарға жатады, оның зерттеу объекті мен пәннің мақсаты әлеуметтік деп анықталады. Рекреациялық географияның зерттеу пәні әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да қоғамдық және медициналық - биологиялық ғылымдардың әдістері қолданылады, мысалы, баланстық, социологиялық т. б. Рекреациялық географияның басты мәселесі аймақтық-рекреациялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуының объективті заңдылықтарын айқындау және белгілі бір елдің немесе ауданның әлеуметтік-экономикалық және табиғи жағдайы да олардың әрекеттесу механизмдерінен көрінеді.

Рекреациялық географияның басқа бір маңызды мәселесі рекреациялық іс-әрекет жүргізу үшін тармақтар арасындағы белсенді өзара байланыстар және өзара тәуелділіктерді орнату, аймақтық-рекреациялық жүйелердің шоғырлану деңгейін және олардың мамандануын негіздеу мақсатында әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі типтерін зерттеу маңызды болып табылады. Одан басқа рекреациялық географияның маңызды мәселесі өз өлкеңнің, Қазақстанның, шетелдердің рекреациялық жүйелері туралы ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізу.

1. 2. Қазақстанның рекреациялық потенциалының ерекшеліктері

Белгілі бір территориядағы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарының жиынтығын рекреациялық потенциал деп атайды.

Қазақстанның рекреациялық потенциалы аумақтағы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарының жиынтығына байланысты.

Жалпы рекреацияның дамуында рекреациялық потенциалдың бар болуы қажетті жағдай, ол жағдай әр түрлі - халықаралық, мемлекеттік, аймақтық және аудандық деңгейде бағаланады (3 сурет) .

Сурет 3. Рекреациялық потенциалдың бағалану деңгейлері

Табиғат ресурстарына рекреациялық баға беру табиғат жағдайы мен ресурстарды рекреациялық мақсатта пайдалану қажет. Оларды бағалаудың:

- рекреациялық бағалауда нысандарда ажырату (табиғи кешендерді, олардың компоненттерін және қасиеттерін) ;

- бағалаудағы баға беру көзқарасын анықтау;

- зерттеудің мақсаты мен және масштабын және де субъектің қасиеттерімен анықталатын бағалаудың өлшемдерінің қалыптасуы сияқты міндетті кезеңдерін көрсетуге болады.

Қазақстан жағдайында рекреациялық ресурстардың шаруашылық потенциалы жоғары. Еліміздің рекреациялық потенциалы аумақты рекреациялық мақсатта игеру барысында пайда болады. Рекреациялық ресурстардың шаруашылық потенциалы рекреанттар үшін сату және тауар мен қызмет ұсыну, тікелей өндіріс арқылы орындалатын негізгі қорды, сонымен қатар рекреациялық ресурстар жағдайын жақсартатын, бірақ процеске тікелей қатыспайтын қосымша еңбек құралдары болып табылады.

Республиканың рекреациялық ресурстары медициналық-биологиялық (табиғи ландшафттардың демалысты ұйымдастыруға жайлылығы), психологиялық-эстетикалық (табиғи ортаның демалушыларға эмоциялық әсері, табиғи және мәдени-тарихи нысандардың тартымдылығы), технологиялық (ресурстардың туризм мен демалыстың түрлерін ұйымдастыруға жарамдылығы) көрсеткіштері бойынша арнайы және кешенді аумақтық-рекреациялық кешендер қалыптастырудың халықаралық стандарттарына сай [8] .

Еліміздің рекреациялық потенциалының ерекшелігі тропиктік және экваторлық климаттық белдеуден басқа белдеулердің барлығын қамтуында. Климаттық факторлар мен минералды су көздерін, емдік батпақ орындарын, тау шаңғысын қамтитын емдік-ресурстық қорлар мен емдік-сауықтыру туризмі рекреациялық шаруашылықты дамытуға жол ашады.

Еліміздің рекреациялық ресурстар қатарына:

- табиғи ортаның өзіне тән ерекшеліктері;

- ландшафты климаттық жағдайлары мен қолайлы жыл мезгілінің ұзақтығы;

- емдік демалыс ресурстары; минералды су, емдік батпақ, климаттық жағдайларды (орман, дала, теңіз және т. б. ) жатады.

Шаруашылықты ұйымдастыруда Қазақстанның рекреациялық потенциалының маңызы ерекше. Рекреациялық потенциал елімізге сырттан келуші туристерді тартатыны сөзсіз. Туристер көбінесе ландшафтар мен ауа - райы, өсімдіктер әлемінің сан қилылығы, аң мен балық аулау мүмкіндіктері, сондай - ақ демалумен қатар спорттың тиімді түрлерімен айналысуды қалайды.

Табиғи рекреациялық ресурстардың географиялық таралу аймақтары еліміздің батысынан шығысына дейінгі барлық аумақтарын қамтиды. Ол Қазақстанда туризм және рекреация аймақтарын құру және дамытуға мүмікіндік беріп отыр. Туризм және рекреация аймақтарын құру және дамыту тұрғысынан неғұрлым қолайлылары Алматы облысы және Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Каспий маңы және Оңтүстік Қазақстан облыстары болып табылады.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағайдағы Арасан, Рахман бұлағы, Алтай тауындағы бірнеше сарқырамалар, Әулиелі бұлақ бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды.

Арасан суларының емдік қасиетін Орта Азия халықтары мен қазақтар ерте замандардан-ақ біліп, халықтық медицинасында қолданып отырған. Арасан бұлақтарының маңында шаруашылық әрекет жүргізілмеген, мұндай нысандар табиғат сыйы ретінде қабылданып, меншіктік сипатқа да ие болған. Жер астынан шығып жатқан Рахман термальді қайнар бұлағының суы 100 м тереңдікке дейін кездеседі, оның химиялық құрамы шипалық қасиеті жөнінен родонды, кремнийлі, ал Талды-Арасан, Әулиеқыз жер асты минералды сулары, Алтайдағы Көккөл, Арасан, Язовая сарқырамасы, Рахман сарқырамалары сылдырлап аққан бұлақтардың өзі адамның жаны мен тәніне күш-қуат береді [9] .

"Мыңжылдық" құдығы. ХVІІІ ғасырда қазылған құдық Тарбағатай ауданының Қурайлы даласында орналасқан. "Мыңжылдық құдығы" - қазақ даласындағы теңдесі жоқ құрылыс үлгісі. Құдықтың кіреберіс кеңдігі 20-25 м арық ретінде қазылып, әр 100 м сайын 10 см-ге тереңдей беретін каналға айналған. Каналдың ұзындығы 400 м жерді төмендете қаза келіп, 40 м-ге тереңдегенде жер асты суына жетеді. Құдықтың айналасын мал су ішіп шығатындай етіп, кеңейте қазған. Түбін тереңдете тазартып, кішкене көлшік жасаған. Суға баратын канал жолы да кең [10] .

Қазақстандық Маңғыстау және Каспий ойпаты аймағында таралған рекреациялық аудандарда су, больнеологиялық, ғылыми, экологиялық, аңшылық, мәдени, діни және іскерлік туризм түрлері басым дамыған. Оны төмендегі кестеден көруге болады ( Кесте 1)

Кесте 1

Рекреациялық аудандарда дамыған туризм түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Рекреациялық ресурстар
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Рекреацияның типтері
Туризмнің дамуы
Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz