Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Ағылшын тілі мен орыс тілі және химия пәнін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.1. Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ...6
1.2. Химия пәні мен тілді кіріктіріп оқытуды ұйымдастырудың түрлері ... ... ... 20

2 Ағылшын тілі мен орыс тілі және химия пәнін кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

2.1. Ағылшын тілі мен орыс тілі және химия пәнін кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

3.1 Химия пәні сабағында көптілділікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады [1]. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы. Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының химияны тілді кіріктіріп оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады [2].
Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім жүйесіне де тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. Оқытудың жаңа технологиясы -- оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы -- оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Көп тіл білетін тұлғаны қалыптастыру үшін оқу үрдісін ұйымдастырғанда оқытудың мазмұны, принциптері ерекше іріктелгенде, жоспарлау, оқытудың сәйкестігі көзделген арнайы технология жасалып, осы оқытудың нәтижесі назарда ұсталғанда көп тіл білетін тұлғаның қалыптасуы мүмкін. Бірін бірі өзара толықтырып отыратын мына жолдар ұсынылады.
Бірінші жол. Бұл мектептерде мазмұны бірыңғай тақырыптық - сөздік негізбен сипатталатын элективті курс, оған үш не төрт тілден белгілі бір тақырыпта қолданылатын лексикалық-грамматикалық материал іріктеліп алынады. Қолданбалы курстардың атауы мынадай болуы мүмкін: Күнделікті көптілділік (бастауыш және орта буынға арналған), Мәдениет саласындағы көптілділік, Экономика саласындағы көптілділік, Қоғамдық - саяси өмірдегі көптілділік. Бұл оқушыларға көп тіл үйретудің оңай жолы, оқу жоспарларына өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Дегенмен бұл жол жеткіліксіз. Өзге міндетті оқу пәндерімен салыстырғанда екінші қатарға ысырылған элективті курстар мұғалімдер жоғары жауапкершілік сезінгенде, оқушылар табиғи құмартқанда, мектеп әкімшілігі тарапынан айырықша бақылау болғанда ғана оң нәтиже береді.
Екінші жол. Оқу жоспарына күрт өзгерістер енгізуді қажет етеді. Тіл оқыту жөніндегі әдіскер ретінде басқа дәстүрлі емес жолды ұсынамыз. Бұл қазақ мектебінде орыс және шет тілдері, орыс мектебінде қазақ және шет тілдері сабақтарын біріктіру, яғни кіріктірілген тілдік курс құру, ол үшін бірыңғай тақырып минимумын, бірыңғай жағдаяттар минимумын, сөйлеу ниетінің бірыңғай минимумын анықтау, үш тілден семантикалық нышандары сәйкесетін лексикалық - фразеологиялық және грамматикалық минимумдар құрастыру.
Үшінші жол. Барлық тілдік пәндерді (ана тіл, екінші тіл, шетел тіл) функционалды-коммуникативтік технология бойынша бірыңғай тақырыптық минимум негізінде оқытуға болады (Булатбаева К.Н). Бұл жағдайда әр тілдік пән жеке түрінде оқытылады, бірақ тіл дамыту тақырыптары уақыттық параллелизм принципінің негізінде бірдей болуы тиіс.
Төртініші жол. Бұл жол Қазақстанның кейбір мектептерінде өткеріле бастады. Ол - тілдік емес пәнді (биология, физика, информатика, математика т.б) үш және одан көп тілде когнитивтік-коммуникативтік технология (Булатбаева К.Н.) бойынша оқыту.
Бесінші жол. Тілдік тәжірибе үшін оқушылардың алмасу мақсатымен халықаралық қатынастарды белгілеу. Бұл жол қосымша және демалыс кезінде іске асырылады.
Аталмыш технология еліміздегі әлемдік тілде табиғи қарым-қатынас жоқтығын толықтырып, қазақ жеткіншектердің әлемдік үрдістен тыс қалмауын, әлемдік білім кеңістігіне емін-еркін кіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, когнитивтік-коммуникативтік технология тілдік емес пәндерді толық, жетік меңгерудің тиімді жолы болып саналады: оқушылар жаңа тақырыпты оның когнитивтік құрылымын бүтін жүйе ретінде тану негізінде тез қабылдайды және екі-төрт рет (қазақ және ағылшын тілдерінде) қайталайды. Технологияның тиімділігі - оқушылардың коммуникативтік белсенділігі артады. Бұл әдістемелік құралдың теоретикалық негіздері когнитивтік-коммуникативтік технологияның авторы, п.ғ.д. Булатбаева К.Н. ғылыми еңбектерінде ашылған.
Педагогикалық жүйе әр тарихи дәуірде елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Экономикасы дамыған елдердің білім беру жүйесінде реформа орташа есеппен алғанда әр он жыл сайын жүргізілетінін әлемдік тәжірибеден көруге болады. Бұл ретте қоғам дамуының барлық кезеңдерінде жаңа стратегиялар және педагогикалық жаңа технологияларды талап ететін білім алушылардың сапалы дайындығына назар аудару қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін, оның ішінде жалпы орта білім беруді жетілдіру бойынша кең көлемді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Оқушыларда химия курсы бойынша пәндік және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру әдістемесін жасауда көптеген ғылыми педагогикалық еңбектер арналған (А.А.Бобров, С.А.Волкова, П.А.Глориозов, А.А.Грабецкий, Э.Г.Злотников, М.В.Зуева, С.Г.Шаповаленко және т.б.). Осы еңбектерді
Диплом жұмысының мақсаты. Орта мектептің химия пәнін оқытуда үш тілді қолдана отырып оқушылардың білімі мен бңлңгңн қалыптастыру және олардың пәнге деген белсенділігін арттыру. Химия пәнін оқытуда үш тілді пайдалану тәсілдерін нақты мысалдармен көрсету, тілді қолдану тиімділігін анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- ғылымдардың арасындағы байланысты жүзеге асыратын пәнаралық байланыстарды дамыту және тереңдету жолдарын зерттеу;
- әртүрлі пәндерді келісе оқытудан оларды өзара терең байланыста оқытуға көшіру әдіс - тәсілдерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
oo Химия пәнін оқытуда үш тілде білім берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудегі тиімділігін анықтау;
oo Орта мектеп химия пәнін оқытудың белсенді әдістері мен оқушыларға ағылшын орыс тілдерінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктерін ұсыну;
oo Химияны оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтор арқылы әлемдік химия жаңалықтарын, химия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс - тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементері кең қолдану, тілге байланысты жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізуге ұмтылдыру;
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 64 беттен тұрады.

1 АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ ХИМИЯ ПӘНІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

1.1 Көптілділікті дамытудың ғылыми негіздері

Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты - сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:
* құрмет;
* әріптестік;
* азаматтық жауапкершілік қалыптастыру;
* ашықтық;
* өмір бойы білім алу.
Белгіленген құндылықтар аясындағы Зияткерлік мектептердің мақсаты - жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
Зияткерлік мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда:
* сын тұрғысынан ойлау;
* білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
* зерттеушілік дағдылары;
* АКТ дағдылары;
* топта және жеке шебер жұмыс істей білуі;
* коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);
* қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары секілді бірнеше дағдылар қалыптасады [1].
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL), т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. Зияткерлік мектептердің мұғалімдері инновациялық пәндік бағдарламалар және жоспарлармен жұмыс істеуге дайындық үшін ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы филиалында, Кембридж кеңесшілері әр пән бойынша тәжірибелік сипатта ұйымдастырылған тренингтерден өз білімдерін толықтырып тұрады. Мұғалімдер Кембриджбен бірлесіп дайындалған жаңа оқу жоспарларымен, сондай-ақ оқушылардың ХІХ ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға арналған белсенді оқыту әдістерімен таныс. Сол себептен де Зияткерлік мектептерде мұғалімдер жаңа бағдарламаны меңгеріп, сабақтарын талапқа сай өткізуде.
Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрелік.
Кіріктірілу - бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылы-ғымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді [2].
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту:
- ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
-білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсен-діруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Кіріктірілген білім бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды бағалау дегеніміз - оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады, бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады. Яғни, критериалды бағалау оқыту - тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.
Критериалды бағалау жұмысы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау арқылы жүзеге асады. Оқушы оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар түгел қамтылған бірнеше қалыптастырушы бағалаулардан өтіп, тақырыпты түсінбей талпынған оқушы түзету жұмыстары арқылы оқу мақсатына жетіп, ішкі жиынтық бағалауға келеді. Ішкі жиынтық бағалау мазмұны барлық критерий тұтас қамтылады. Дескрипторға сай тапсырманы толық меңгергендігін көрсетуі шарт. Соның нәтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау оқушы білімін анықтап береді. Оқушы білімі баллдық жүйемен есептеледі.
Пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту ұстанымын қолдану шет тілін оқуға бөлінген уақыт мөлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр.
Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге аударылуы мүмкін.
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі - CLIL пәнді - тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы.
CLIL технологиялары шетел тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарыс-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағжай жасайды.
Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың ақсаты - CLIL технологиясы негізінде химия пәні мен ағылшын тілін кіріктіріп оқыту әдістемесін әзірлеу [3].
Аталған мақсат келесі міндеттердің шешімін табуды қарастырады:
- Химия пәнінің Ағылшын тілі пәні мазмұнымен түйісу шегін анықтау;
- ағылшын тілі пәнімен химия пәнімен кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен әдістеріне сипаттама беру;
кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру түрлерінің ерекшелігін белгілеу;
химия пәнінің кіріктіру негізінде ағылшын тіліне кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологияның мәнін ашу;
- химия пәнін және ағылшын тілін кіріктіріп оқытуды ескере отырып тілдік құзыреттілікті бағалаудың ерекшеліктерін баяндау.
Тілдік емес пәндер бойынша бағдарламалық материалды күнтізбелік- тақырыптық жоспар арқылы когнитивтік-коммуникативтік технологияға бейімдеп жоспарлау жұмысы - алдынғы шарт болады. Технологияның ерекшілігі - тілдік емес пәнді және тілдік пәннің әдістемесінің кіріктірілуі. Дайындалған когнитивті - коммуникативті технологияның мәні: 1) тілдік емес пәндер (физика, биология, география, тарих)мазмұнын өңдеу механизмінде; 2) бақылау және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру талаптары сақталған оқу материалын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау механизмінде; 3) ірілендірілген тақырып бойынша оқылатын теориялық материалдың когнитивтік құрылымы негізінде функционалды-семантикалық кесте құрастыру механизмінде; 4) бағдарламалық материалды және шетел тілімен бейіндік-бағытты, дәлірек, сабақтардың типологияларын меңгеру бойынша қатар жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру бойынша бірізді әрекеттер механизмінде; 5) сабақтың әр типі үшін дайындалған жаттығулар жүйесінде; 6) зерттелетін тақырыптық блок аясында типтік жағдаяттар бойынша диалогтік қарым-қатынас ұйымдастыру әдістемесінде; 7) шетел тілінде монологтық айтылымның репродуктивті - продуктивті нәтижесін ұйымдастыруда [4].
Қолданыстағы оқулықтардың құрылымы пән аясында пән мазмұны мен шетел тілін қатар меңгеруге бейімделмеген; табиғи тілдік орта болмаған жағдайда белгілі бір технологияларсыз тілдік емес пәндерді шетел тілінде оқытуға деген әрекет теріс нәтиже береді; оқушылар шетел тілін репродуктивті деңгейде байланыссыз меңгереді және бұл орайда материал толық игерілмейді; тілдік емес пәндер оқытушылары мен мұғалімдері тілді оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін білмейді және өздігінен көздеген нәтижеге - шетел тілінде белгілі бір тақырып аясында коммуникативті құзыреттілікке қол жеткізе алмайды. Тілдік емес пәндерді көптілді оқытудың дайындалған технологиялары негізінде физика, биология, әдебиет, химия, тарих және т.б. пәндер бойынша бағдарламалық материалды қатар игеру және бейіндік пән аясында шетел тілін әлемдік виртуалды кеңістікте кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі туды.
Оқытудың орта сатысында көптілдікті дамыту үшін тудырылған жағдайдың бірі гимназиялық компонент есебінен ағылшын тілінде қосымша курстарын жүргізіледі. Курстардың мазмұнын іріктеуде әр тақырып бойынша оның когнитивті құрылымы, осы тақырып аясындағы әлеуетті тілдік ниеті және жағдаяттары ескеріліп, оларға қызмет ететін лексикалық және грамматикалық құралдары таңдап алынады. Курстардың практикалық маңызы - оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адам денсаулығы туралы ағылшын тілінде әңгімелеу білігіне ие болады. Тақырыптың қогнитивтік құрылымы негізінде оқушылардың білімін қалыптастыру және сөздік қорын байыту әдістері. Пән бойынша арнайы тақырыптық-күнтізбелік жоспар жасалынып, жылжық оқу материалы ірі тақырыптық блоктарға бөлінеді. Мысалы, 5 6-7 сағаттан құралатын бір тарау - бір тақырыптық сабақтар айналымын (циклын) құрайды. Сол ірі блок материалы бойынша тақырыпшалар шығарылып, олардың негізінде кілтті сөздер мен сөз тіркестері кестеге түсіріледі. Сол кесте бойынша ұғымдық аппарат меңгеріледі. Сонымен қатар, сөздік қор байиды. Оқушылар қызықтырмайтын оқулықтағы көлемді мәтіндердің орнын толықтыратын кесте бойынша сөйлей бастайды. Оқыту тілінде меңгерілген материал келесі кезеңде ағылшын тілінде беріледі. Оқушыларға алған білімін қайталауға мүмкіндік туады, бірақ ағылшын тілінде айту міндеті тұрады. Тірек сөздер кестеде беріледі. Оқушылар керекті маңызды деректерді қысқаша түрде ағылшын тілінде баяндай білуді үйренеді. Оқушылар тілдерінің грамматикалық құрылымын байыту әдістері. Қазақстанда көптілділікті дамытудың бірден бір кедергісі ол лингвистикалық пәнге оқытудың нәтижелерін бақылауға қолайлы абстрактілік тілдік жүйеге бағыты. Мұндай кертартпа көзқарас көптілді құзыреттілікті қалыптастырмайды. Бірнеше тілге сапалы үйретудің жолы - тіл құралдарын мағыналық бірліктер ретінде қарастыру.
Семантикалық негізіндегі сөйлемдерді бір ізге салып, сөйлеу дамуының бірыңғай логикалық негізін құру қажет. Осындай жай сөйлемдердің семантикалық негізінде бірнеше тілдерді қатар меңгеруге болады. Мысалы, сөйлемдердің семантикалық түрлерінің бірі - Субъект және оның сипаты. Мұндай түр шынайы өмірді көрсететін барлық тақырып аясында қолданылады және де әртүрлі тілдер құралдарын салыстыру негізі болып табылады. Белгілі бір мысал ретінде көрсетілген және де 3-4 тілде игерілген типтік конструкция оны басқа тақырыптарға қолдануға мүмкіншілік береді. Сонымен, бірнеше тілді зерттеу тиімділігі тілдік материалды функционалдық - семантикалық деңгейлер, типтік семантикалық конструкциялар арқылы жеткізуіне байланысты. Типтік семантикалық-грамматикалық конструкциялар тізімі көптілдікті тиімді меңгеру негізі бола алатын оқу материалы болып табылады. Тілдік жүйені дәстүрлі игеруден бас тарту және де салыстырмалы аспектіде жай сөйлемдердің семантикалық түрлер жүйесін енгізу қазақстандық лингводидактиканың жетістігі болып саналады, себебі ол баланың ана тілін табиғи игеруін көрсетеді.
Бұл еңбекте белгілі бір тақырып аясында қолданылатын жай сөйлемдердің семантикалық түрлер тізімін ұсынамыз. Оның ішінде: субъект және оның физикалық іс-қимылы, субъект және оның психикалық іс-қимылы, субъект және оның интеллектуалдық (оның ішінде - ойлау, сөйлеу) қабілеті, субъект және оның әлеуметтік-этикалық ахуалы, субъект және оның қозғалысы, субъект және оның сипаты (мекен-жайы бойынша - тұрақты ия болмаса уақытша, т.т.; субъект және оның күйі (физикалық - психикалық), сезінуі, табиғаттың күйі, бір нәрсенің немесе кімнің бар болуы; күй, қасиет және оның сипаттамасы, субъект және оның немен, кіммен иеленуі; субъект және оның неден, кімнен бас тартуы, субъект және онда ненің, кімнің жоқ болуы, субъект және оның құбылуы ия болмаса өзгеруі, субъектілердің көптігі және олардың қарым-қатынасы, ортақ-бөлшек, олардың бір-біріне әсер етуі, кімнің, ненің кіммен, немен салыстырылуы, кімге, неге шектеу 6 қою, іс-қимылдың, күйдің, қасиеттің мүмкіншілдігі, қажеттілігі, қажетсіздігі. Аталған семантикалық түрлерді оқыту бірліктері ретінде қарастырсақ, сөйлемнің әрбір семантикалық түрі функционалдық-семантикалық деңгейдің негізі болатындығына көз жеткіземіз [5].
Сонымен, жай сөйлемдердің семантикалық түрі бір атаулы функционалдық-семантикалық деңгейге сәйкес келеді. Аталмыш деңгейлер кез-келген сөйлеу тақырыптарын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, олар семантикалық-грамматикалық қатынастардың негізгі түрлерін, яғни монологтік сөйлеудегі ойды жеткізеді. Осы мағыналық типтер аясында сөйлемдер құрастырылып, олар тақырып бойынша мәтіндерге айналдырылады. Жоғарыда сипатталған жай сөйлем негізінде ұлғайтылатын синтаксистік бірліктер орта және жоғары буында бірте- бірте сыныптан сыныпқа қосылатын болады. Осы грамматикалық материал тіл жүйесінен тыс дүниетанымдық тақырыптарды оқытуға негіз болуы тиіс.
Тақырып - сөйлеу ниеті (речевые интенции) - тақырыпшалар - тақырыпшалар аясындағы кілт сөздер мен сөз тіркестері - жай сөйлемнің мағыналық типтері оқыту бірліктері болып алынады. Жай сөйлемнің мағыналық типтері бір тақырыптан келесі тақырыпқа ауысып жалғасын тауып отырады, лексикалық толықтырылуы әр тақырыпта әр түрлі болады. Диалогтік және полилогтік қатынас икемділігін қалыптастыру және жетілдіру әдістері. Бұл сабақтың ерекшелігі - дәстүрлі емес оқыту бірліктерін үйлестіру. Төрт түрлі диалогтік бірліктер (мәлімет - мәліметке жауап-әрекет, сұрақ - сұраққа жауап-әрекет, өкімдік білдіру - өкімдікке жауап-әрекет, эмоциялық - экспрессивті диалогтік бірлік) ғана емес, диалогтік құрылымды - мазмұнды түрі не болмаса сөйлеу қимылының алғашқы сұлбасын ашу да соңғы кезде қолдануда. Тек әлеуетті белгілі бір тақырып бойынша диалогті ашу сызбасын енгізу екіншіүшінші тілде мазмұнды диалогті жүргізудің нақты икемін қалыптастыру және жетілдіру бойынша белгілі нәтиже береді. Деректі бұл сабақта екіншіүшінші тілде сөйлеу әдебі ерекше орын алады. Тәжірибе көрсеткендей, белсенді түрде сөйлесудің тұрақты формулаларын тұтынуда негізгі кедергі, атап айтқанда, табиғи мінез күшіне қарай сөйлесуде жасанды мінез көрінбеу тілегі. Тосқауыл болатын осындай сәйкессіздік барлық тақырыптық сабақтарда тұрақты формулаларды жиі қайталау арқылы жойылады.
Диалогті оқытумен бірге оқушылар ресми және ресми емес ортада сөйлесу дағдыларын табады, лайықты тілдік құралды таңдайды. Т.У.Тучкова ұсынған сөйлесу қызметтік тіректер көмегі қолданылады. Диалогтің мазмұны мен құрылымын анықтағанда профессор Д.И.Изаренковтың лингводидактикалық зерттеуінің нәтижесіне сүйенеміз. Сөйлесушінің пікірін бағалай білуді дамыту, сөйлесуді қолдау, жүйелі сөйлесу, біртұтас өз ойын жеткізу де ілеспелі мақсаттар болуы мүмкін. Оқытудың кезекті кезеңінде берілген жаттығулар 2 үлкен топқа бөлінеді: 1) ахуалға парапар икемді қалыптастыруға бағытталған тілдік жаттығулар. 2) ұлттық психологияның ерекшеліктерін ескере отырып, диалогті жүргізу тәсілін меңгеруге арналған жаттығулар. Сабақтың берілген түрінің негізгі және ілеспелі мақсаттары жаттығулардың пайыздық қатынасын келесідей анықтайды: ұққанын айту бойынша жаттығулар - 50 %, оқуға негізделген жаттығулар - 15%, бағалау, қолдау, келісу-келіспеу, қарсы болу мақсаттарын көздейтін жаттығулар - 30%, логикалық (қисынды) сөйлесу тәсілін меңгеруге арналған жаттығулар - 40 %, өзіндік қатынастық жаттығулар - 10% [6].
Білім стандартының мазмұнына сәйкес сабақтың осындай түрінде келесідей дағдылар қалыптасады және жетілдіріледі: сөйлесушімен жанасуды орнату және қолдау дағдысы; сөйлесу әдебінің негізгі формулаларын қолдану дағдысы; тұрмыс, мәдениет, оқу тақырыптары бойынша диалог жүргізу дағдысы; сөйлесушімен жауап сөз алмастыру дағдысы; оқыған, естігенге келісу-келіспеу дағдысы; сұхбат, пікірталас кезінде өзінің көзқарасын дәлелдеу дағдысы. Аталған дағдылар тізімін төменде көрсетілген икемдермен толықтыруға болады: сөйлесу мақсатын нақты анықтау, әңгіме барысын жоспарлау; сөйлесу кезінде өз бағдарламасын қолма-қол өзгерту, сөйлесу бастамасын мақұлдау, қабыл алу; сөйлесушінің репликасын жағдайға байланысты қабыл алу. Тілдік әдепті жетілдіруді мақсат ететін топтық және жаппай сөйлесуге үйрету сабағы - сабақтың тағы бір түрі болып саналады. Бұл сабақтар - пікірталас сабақ, конференция-сабақ, дөңгелек үстел сабағы, кездесу сабақ, КВН-сабақтары. Бұл сабақтарда топқа, сыныпқа орта бір мәселе талқыланады. Мұғалім оқушылардың өз тұжырымдарын, яғни, талқылауын, бағалауын, өзгеріс енгізуін ынталандырады және реттейді.
Конференция сабаққа алдын-ала дайындық кезінде өнімді хат жолдау да ретті. Осыған сай әр түрлі жаттығулар байланысы беріледі: түсінгенін айтуға - 5%, тілдік дамытуға - 40%, қатынастық жаттығулар - 40%, қосымша мақсаттарға негізделген жаттығулар - 15%. Білім стандартында полилогтік сөйлесімге доминанттық түрде көңіл бөлінбейді, бірақ шындық деректер бізді осындай сабақтардың қажеттілігіне сендіреді.
Қазақ ортасында өскен оқушылар орыс, шетел тілінде қарым-қатынасқа түскенде тыңдаушы ретінде өзін көрсетеді. Оның себебі - орысшетел тілін нашар меңгеруі және ұлттық интроверттік психология. Мұндай сабақтарда келесідей дағдыларды қалыптастыру қажет: сөйлесуге кірісу дағдысы; өз бағытын жүргізу дағдысы; сөйлесу бастамасын қолдау ия тоқтату; тілдік әдеп дағдысы; сөйлесуші бағыты бойынша диалогті жандандыру. Бұл дағдыларды арнайы тексерудің қажеті жоқ, бірақ бақылау негізінде мұғалім оқушылардың кемшіліктерін жөндеп, өзгертуіне болады. Белгілі тақырып бойынша диалогтік сөйлесуді меңгерту деңгейін тексерудің негізгі өлшемдері: репликалардың жалпы саны, инициативті, жауапты және бос репликалардың ара-қатынасы, қажетті әдеп тілдік құралдарының нақтылығы, анықтаманың мазмұндылығы. 8 Сөйлеу үрдісінде монологтік тілдесімге үйрету әдістері. Оқытудың функционалды - коммуникативті түрі тұлғалық - бағытталған монологті ұсынады. Ана тілден басқа тілде сөйлесудің монологтік түрі оқушыларға белгілі қиындықтар тудырады [7].
Көптеген жылдар бойы монологтік тілдесім деп ешқайда бағытталмаған, ешкімге арналмаған мәтінді санады. Талқыланып отырған сабақтың түрін өзіндік мінездемесі бар түрлерге бөлеміз:
а) Микромонолог құрастыруды үйрету жолдары. Негізгі мақсаты - толық мәнді монологті үздіксіз, дәйекті түрде, қисынды тудыруды үйрету. Берілген сабақтың бұл түрінің қосымша мақсаттары - пікірталас кезінде өз пікірін дәлелдеу икемін және тілдік этикет икемін дамыту. Бұл кезеңде өндірілетін икемдер: аяқталған бір ойды, бір шешімді бір айтылым (сөйлем көлемі) деңгейінде жеткізу; сөйлемдерді қысқаша мәтін көлемінде қисынды байланыстыру; бірнеше сөйлеу интенцияларын (ниеттерді) байланыстыру, оларды 2-3 не одан да көп сөйлемдермен жүзеге асыру. Оның үстіне әр сөйлеу ниеті бойынша бұл үш кезеңді ұдайы қайталауды қамтып отыруы қажет. Ұнамды нәтижеге жету үшін жаттығуларды келесідей қатынаста орындайды: шартты тілдік жаттығулар - 40 %, тілдік - 40 %, коммуникативті -20%. Білім стандартының мазмұнына сай сабақтың бұл түрі берілген жағдаятқа сәйкес 2-3 не одан да көп сөйлемдер тудыру дағдысын қалыптастырады. Айтылып отырған сабақтың бұл түрі монологті үйрету кезеңінде сабақтың бір ғана бөлігі болуы мүмкін, сондықтан бұл сөздік икемдерді бақылау қажет.
ә) Продуктивтік монолог тілге үйрету жолдары. Бұл сабақтың негізгі мақсаты - мәтін деңгейінде жазбаша не ауызша түрде монологтік сөйлеу икемін дамыту. Қосымша мақсаттары болып графикалық және пунктуациялық (сызбалық және тыныс белгілік) сауаттылық, айту, оқу, түсіну, жазу дағдыларын жетілдіру есептеледі. Сабақ не сабақтың кезеңі монологті қалыптастыру ия жетілдіру бойынша келесідей кезеңдерді ұйғарады: мәтінді қабылдау кезеңі (түсіну); мәтіннің құрамын анықтау; мәтінді қабылдау; ойды монолог түрінде жеткізу. Әртүрлі жаттығулардың қатынасы келесідей орындалады: 10%- тілдік жаттығулар, шартты - тілдік жаттығулар - 10 %, сөйлесімдік - 40 %, коммуникативтік - 40 %.
Білім стандартының мазмұны бойынша төмендегідей айтылым дағдылары қалыптастырылады: оқыған не естіген мәтінді қабылдау; берілген тілдік тақырып бойынша мәлімет жасау; теледидар, радиодан естіген мәлімет мазмұнын жеткізу; көрген фильм мазмұнын жеткізу; монолог - пайымдау, монолог - сипаттау түрінде өз ойын қалау; тақырып бойынша өз ойын жазбаша рәсімдеу. Сабақтың бұл түрі қызметтік маңызы бар әр түрлі жағдайды, әр түрлі қабылдаушыны, әр түрлі айтушының әр түрлі ұстанымын, әр түрлі талқылау тақырыбын ескере отырып, әлеуметтік-бағдарлы мәтінді құрастыруға үйретеді. Сабақтың жарықшақты нұсқалары беріліп, жұмыс сипаты мінезделіп, әр түрлі сабақта оқу нәтижесін бақылау бойынша әр деңгейлі тапсырмалар анықталған [8].
Алдымен кіріктіріп оқыту, кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық.
Кіріктіріп оқыту дегеніміз:
- біріншіден, сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және
тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады;
- екіншідер, жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін,
ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдау қалыптасады;
- үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді, түрлі ғылым слаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды.
Пәнаралық байланысты жұмыстың мақсаты, мазмұны, әдістері және тәсілдері бойынша пайдаланы кіріктіріп оқытудың негізі болып табылады. Кіріктіріп оқыту барысында идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын байқалады, сонымен бірге алынған білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе одан да көп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен нысандардың өзара тығыз байланысын көрнекі көрсету мүмкіндігі болады.
Кіріктіріп оқытуда жалпы білім беретін мектептерге арналған қолданыстағы оқу бағдарламалары және оқулықтардың аясын кеңейтетін, әртүрлі пәнаралық проблемалар қарастырылады. Бұндай тәсіл оқытудың түрлі әдістерімен (баяндама және әңгімелесу, түсіндіру, бақылаужәне тәжірибе, салыстыру, талдау және жинақтау, сонымен бірге компьютерде оқыту) үйлесімді байланыста болады.
Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты мақсаты - оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған.
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы шешуге мүмкіндік беретін оқу процесін кіріктіруді құрастыру, келесі мүмкіндіктерге жағдай жасайды:
1) пәнішілік байланыстан көппәндік байланыстарға өту білім алушылардың әрекет тәсілдерін бір нысаннан басқаларға көшірулеріне, оқу процесін толығырақ түсінулеріне және әлемнің (қоршаған ортаның) толық бейнесін құрастыруларына мүмкіндік береді;
2) пәндерді кіріктіру құрылымындағы проблемалық жағдаяттардың көлемін ұлғайту, мектеп оқушысының ойлау әрекетін белсендендіреді және оны оқудың тұлғалық нәтижелеріне жетуге жетелейді және жақындатады;
3) кіріктіру білім алушыға мақсаттан нәтижеге дейінгі аралықта жүргізілген барлық әрекеттердің орындалу процесін бақылауына, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруына және жұмыстың әр кезеңін саналы қабылдауына мүмкіндік береді;
4) кіріктіру метаппәндік ұстанымын жүзеге асыру арқылы, сабақтың ақпараттық көлемін ұлғайтады;
5) кіріктіру білім алушылардың түрлі пәндерді оқу барысында жасаған қорытындыларын қалыптастыра отырып және оқытудың тұлғалық тәсілін жүзеге асыра отырып, нақты бақылауларды дәлелдейтін немесе тереңдететін жаңа факторлар табуға мүмкіндік береді;
6) кіріктіру оқу-танымдық әрекетті белсендендіруге көмектеседі, оқушылардың білім алу үшін көп күш жұмсауларын жеңілдетеді және шаршағыштықты болдырмайды, ынталандыру құралы болып табылады.;
7) оқу материалдарын кіріктіру білім алушылардың шығармашылығын дамытуға, алған білімдерін өмірдің нақты жағдаяттарында қолдана білулеріне жағдай жасайды. Мәдениетке тәрбиелеудің, табиғатқа, адамдарға, өмірге мейірімді, тұлғалық асиеттерді қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып табылады [9].
Кіріктіру жүйесі мектеп пәндерінің сабақтың әр кезеңінде бір-біріне сәйкес келетін және бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптарын тең мөлшерде біріктіруді қарастырады.
Екінші негізгі ұғым - кіріктірілген сабақ - бұл арнайы ұйымдастырылған сабақ:
- мақсатқа әртүрлі пәннен алынған білімді біріктіру барысындаға ғана оның жетуге болады;
- зерттелетін мәселені оқушылардың қабылдауын жинақтайтын, толық жетуіне мүмкіндік беретін, қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және шешуге бағытталған;
- әртүрлі ғылымдардың әдістерін өзiмен гармониялық үйлестірген
және тәжірибеге бағытталған
Кіріктірілген сабақта оқушылар әртүрлі пәндердің ақпаратын қолдана отырып, оқиғалар мен құбылыстарды мүлдем жаңаша түсіне отырып терең және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болады. Кіріктірілген сабақта білімді жинақтау, бір пәннен алынған білімді басқа пәнде қолдану білігін қалыптас-тыру мүмкіндігі бар.
Осыған байланысты кіріктірілген сабақтар оқушыларға алынған білімдерді біріктіруге және оқушылардың пәнге қызығушылығын белсендендіруге көмек-теседі.
Кіріктірілген сабақтардың құрылымы дәстүрлі сабақтардан келесі сипат-тамалар арқылы ерекшеленеді:
- оқу материалының нақтылығы, ықшамдылығы және қысқалығы;
- өзара логикалық шарттастығы, кіріктірілетін пәндер материалының сабақтың әр кезеңіндегі өзара байланыстылығы;
- сабақта қолданылатын оқу материалының кең ақпараттық сыйымды-лығы.
Жалпы алғанда кіріктіріп оқытудың негізінде өзіндік ерекшеліктері бар кіріктірілген сабақтар жүйесі жатыр:
1) арнайы ұйымдастырылған сабақ, яғни, егер ол арнайы ұйымдастырылмаған болса ол мүлде болмау мүмкін немесе ол ортақ мақсаты жоқ жеке сабақтарға бөлінуі мүмкін;
2) мақсат қойылуы мүмкін, мысалы, а) оқылатын тақырыптың мәнін тереңірек қарастыру; б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру; в) тақырып бойынша оқылатын сұрақтарды тұтас, жинақтап қабылдау; г) оқу уақытын үнемдеу және т.б.);
3) түрлі пәндерден алынған білімді кеңінен қолдану, яғни пән аралық байланысты мазмұндық деңгейде жүзеге асыру.
Жалпы алғанда кіріктірілген сабақтар уақытты үнемдеуге, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырумен қатар, түрлі пәндерде бір материалды қайталамауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағылшын тілі және
жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының негізі болып:
1) танымдылық көзқарас тұрғысынан түпнұсқалық оқу материалын кеңінен қолдану ұстанымы;
2) оқыту процесінде мұғалімге белсенді демеу және көмек көрсету ұстанымы;
3) екінші немесе шет тілді өнімді және қарқынды меңгеру ұстанымы;
4) көпмәдениеттілік ұстанымы;
5) жоғары дәрежеде ойлау дағдыларын дамыту ұстанымы;
6) оқытудың тұрақтылығы ұстанымы [10].
Аталған ұстанымдардың бірінші, түпнұсқалылық, ақпараттың толық-тылығы және когнетивті жүктеменің нақты деңгейі оқу материалдарына қойылатын негізгі талаптар екенін білдіреді. Бұл түпнұсқалық интерактивті материалдар тек жоғары уәждемелік әлеуетпен ғана емес, жасанды тілдік орта құру үшін негіз ретінде және жоғары деңгейлі қиын тапсырмалар әзірлеумен де қолданылуы мүмкін екенін көрсетумен де байланысты. Мұғалім осы ұстанымға байланысты екінші тілді, яғни мақсатты тілді белсенді қолданады (біздің жағдайда - ағылшын тілін), ол оқушылар үшін тілдік модель ретінде жүреді;
2) екінші ұстаным қойылған мақсатқа жету үшін оқушы мұғалім
тарапынан қажетті көмек алу тиіс екенін білдіреді. Оқушының басқа тілді құзыреттілігінің қалыптасуына қарай, мұғалім тарапынан көрсетілетін көмектің көлемі мен қарқыны біртіндеп азаяды. Аталған ұстанымды қолдану мақсатты тілд таныс емес материалдың мазмұнын оқу барысында когнитивті және лингвистикалық жүктемені қысқартуға мүмкіндік береді. Мұғалім ұсынатын тапсырмалар, қойылған міндеттерді оқушының орындай алуы үшін белгілі түсініктемелермен толықтырылып отыруы тиіс. Сонымен бірге екінші немесе шет тілін меңгеру үшін ерекше қажетті тілдік қызметтің төрт түріне де (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) үлкен назар аударылады.
3) үшінші ұстаным, проблемалық оқыту әдістемелік тәсілдердің көптеген түрін ұсынатынын көрсетеді және түпнұсқалық коммуникацияны сабақ аясында белсенді пайдалануға бағытталған, себебі екінші немесе шет тілдеріне оқыту коммуникативтік мақсаттардың және қарым-қатынастың маңызды жағдайларының болуы барысында неғұрлым жетістікті жүзеге асады. Проблемалық оқытудың негізгі сипаттамаларының бірі - бос орын ұстанымын пайдалану болып табылады. Бұған байланысты түпнұсқалық коммуникация нақты коммуникативтік кемшіліктер болған жағдайда ғана орын алады. Мұғалімдер бұл әдісті түпнұсқалық коммуникация жағдаяттарын жасау үшін қолдануларына болады, өйткені бұндай тапсырмалар орындау барысында
оқушылар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайды;
4) төртінші ұстаным кіріктіріп оқыту әдісі тақырыптарды түрлі мәдениет жағынан қарастыруға мүмкіндік беруімен байланысты. Ол әртүрлі мәдениет иелерінің көптеген мәселелерді қабылдануының арасындағы айырмашылықты ескереді
5) бесінші ұстаным ойлау дағдыларының дамуы дәрежесі - заманауи ақпараттық қоғамдағы жетістіктің кепілі болып табылатынын көрсетеді. Б.Блум таксономиясында когнитивті процестердің және педагогикалық мақсаттардың тізімі төмен деңгейлі когнитивті процестерде неғұрлым жоғары деңгейлі когнитивті процестерге қарай, яғни жеңілден ауырға қарай принципі бойынша берілген. Б.Блум таксономиясына сәйкес оқушы ұғымды есіне сақтамайынша жете түсіне алмайды, сонымен бірге не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесе, алған білімін дұрыс қолдана алмайды. Аталған теория бойынша мұғалім оқушыларға ойлау дағдыларының төменгі дәрежесін жандандыратын сұрақтар (не? қашан? қайда? қайсы? сөздерінен басталатын арнайы сұрақтар) қоюы тиіс. Сонымен бірге неғұрлым ауыр талдау және бағалау дағдыларын дамытатын сұрақтар да қосу қажет. Бұл топқа жауапты құрастыру барысында аса күрделі тілдік құрылымдарды пайдалануды қарастыратын, неге? қалай? қалайша? сөздерінен басталатын сұрақтарды жатқызуға болады. Контенттің, ойлаудың және тілдің өзара әрекеттесуі, ойлаудың күрделі процестерін тұжырымдау қабілеті ана тілінде де, оқылатын екінші және шет тілінде де жүйелі дамыту мен жаттықтыруды талап етеді;
6) алтыншы ұстаным, оқытудың тұрақты мәнімен анықталады, оны келесідей түсіндіруге болады: мұғалім оқыту процесі барысында оқушылардың ұзақ мерзімді есте сақтау және білім алу қабілеттерінің белсенді екеніне, сонымен қатар сабақ барысында немқұрайлықтан белсенділікке өткендіктеріне көзі жетуі тиіс. Бұл жерде тұрақты оқыту бірінші дәрежелі маңызға ие болады, себебі мұғалім пәннің мазмұнын оқуға да, сонымен бірге екінші немесе шет тілін оқуға жағдай жасайды. Тілді білу ерекшелігі пәннің мазмұнын зерделеудің құралы болып табылады. Тіл оқу бағдарламасына кіріктірілген жағдайда оқушылардың назары арнайы мәтіндердің мазмұнымен қатар, пән бойынша қажетті терминдерді меңгеруге де аударылады, ал тақырыптық материалды талқылау мүмкіндігі болу үшін тілдік ортаға ену қажеттілігі оқылатын тақырып контексінде тілді қолданудың маңыздылығын арттырады [11].
Аталға ұстанымдарды сақтау барысында тілді зерделеу мақсатқа бағытталады, өйткені тіл нақты коммуникативтік міндеттерді шешу шін қолданылады. Сонымен бірге білім алушы оқылатын тілдің мәдениетін жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігіне ие болуымен қатар, бұл оқушының әлеуметтік - мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Білім алушы тілдік материалдың үлкен көлемін өзінің бойынан өткізеді, бұл тілдік ортаға толық ену мүмкіндігін береді. Сондай-ақ түрлі тақырыптармен жұмыс істеу білім алушының пәндік терминдермен сөздік қорын толықтыруға және алған білімдері мен біліктерін қолдануға және одан әрі зерделеуге жағдай жасайтын арнайы терминдерді, белгілі тілдік құрылымдарды жаттап алуға мүмкіндік береді.
Осылайша шет тілін және тілдік емес пәнді бір мезетте оқу білім беру мақсаттарына жетуге арналған қосымша құрал болып табылады және шет тілі мен тілдік емес пәнді оқуда тиімді жағдайларға ие болады.
Әрине, оқудың мұндай түрі пәнді ана тілінде оқытуды толығымен ауыстыра алмайды, бірақ оны айтарлықтай дәрежеде толықтыра алады. Сондықтан да пән бойынша оқу материалы оқушылардың ана тіліндегі пәндік білім деңгейінен сәл төмен күрделілік деңгейінде іріктеліп алынуы тиіс. Оқу материалдарын таңдау пәннің құрылымы мен ерекшелігіне байланысты болады. Сонымен бірге мәтінді өңдеу бойынша тапсырмалар оқушыларды түсіну процесіне жұмылдыру, мәтіннің басты ойын талқылау және тексеру арқылы, пәннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Білім беруді цифрландыру
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНУ
Пәндер