Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Орындаған: Тоқтарханова Аружан Серікболқызы
Тобы: 45
Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Біліктілігі: 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
Ғылыми жетекшісі: Утепбаева А.А.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің генезисі және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік топтары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің генезисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік топтары ... ... ... ... 8 1.3 Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математиканы оқыту ... ... ... ... ... ... .10
ІІ Мектепке дейінгі ұйымдарда уақытты ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ...11
2.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда уақытты ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ... ..11
2.2 Уақыт ұғымдарын қалыптастыруда іс-тәжірибенің нәтижесі ... ... ... ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21ПАЙ ДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Мектепке дейінгі балалардың ақыл - ой, дене, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық, педагогикалық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Ата - аналардың, тәрбиешілердің басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез - құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, айналадағы адамдарға қарым - қатынасы қалыптасады.Халқымызда бала тәрбиесіне арналған алуан түрлі ауыз әдебиетінің үлгілері бар. Балаларды санай білуге үйрететін, зейінін дамытатын жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, әзіл есептер баланы қызықтырып, көңіл - күйін көтеріп, қуанышқа бөлейді. Әдемі машықтар, жақсы ұйқастар бәрі де балаға әсер беріп, қиялық қанаттандырады, ойлауын дамытады. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын баланың математикадан жеткілікті білім қоры, қабілеті мен икемділігі болғаны жөн. Баланың мұндай қабілетін қалыптастыру оның келешекте жақсы оқып, жан - жақты жетілуіне негіз болады. Мектеп бағытындағы математиканы оқытуды, оның мазмұндары мен әдістерін жетілдіру мектепке дейінгі кезеңдкгі математикалық ұғымдарды қалыптастырумен тығыз байланысты . Бағдарлама негізінен 5 тараудан тұрады:
Сан және есеп.
Көлем
Форма.
Кеңістікті бағдарлау.
Уақытты бағдарлау.
Осы тармақтарды қарастыра келе, қазіргі таңда ең кең тараған мәселелердің бірі Балалардың уақытты бағдарлауын қалай қалыптастыру керек. Осы ретте қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәннің уақытты бағдарлау" тарауымен жұмыс жасау көзделді. Бұл тарауда балалардың уақыт туралы түсініктерін ойын, әңгіме, оқу қызметі үстінде табиғи белгілерге сүйене отырып, үйренуге болады. Таңертең, түс, кеш, түн ұғымдарын түсініп, дұрыс қолдануы, жыл мезгілдерінің ретін білуі, оларды өзіне тән белгілері бойынша айыра білуі, күн, апталарын ретімен атау, бүгін қай күн, кеше қай күн, ертең қай күн болатынын, ай аттарын айта білуге үйрету мақсаты айқындалды.
Зерттеу жұмысының болжамы: жас ерекшелік топтарында математикалық ұғымдарды қалыптастырудың ерекшеліктері анықталса, онда математикалық ұғымдарды қабылдау және меңгеру үрдісі тиімдірек жүрер еді.
Зерттеу мақсаты: Жас ерекшелік топтарында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізін анықтап, іс-тәжірибеде негіздеу.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің тарихына шолу жасау;
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік топтарына тоқталу ;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы қарапайым математиканы оқыту барысын қарастыру;
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын дамытуда уақыттың алатын орнын айқындау.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі
Зерттеу пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды мектепке дейінгі ұйымдарда оқу үрдісі
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
Жинақтау;
Зерттеу;
Бақылау.
Зерттеу жұмысының базасы: Жарма ауданы, Шар қаласы Т.Көбдіков атындағы орта мектеп
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, іс-тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

І Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің генезисі және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік топтары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің генезисі

Математиканың бастапқы мағлұматтары барлық халықтарда болған. Ғылымның дамуына әсіресе Египетте(Мысыр), Вавилонда жинақталған мәдени дәстүрлердің ықпалы үлкен болды. Бұл елдерде б.з.б. 4-5 мың жылдай өзіндік мәдениет өркендеп, ғылыми білім қорланған. Календарь жасау, құрылыс, жер суару, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу, жан- жақты байланыс жасау ісі математикалық білім- дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы қарапайым ережелері дәлелдеусіз қалыптаса бастады. Египетте санды иероглиф арқылы кескіндеу пайда болды, бүтін, бөлшек сандарға арифметикалық төрт амал қолдану ережелері мәлім болды. Бір белгісізі бар теңдеулер, сондай-ақ қарапайым арифметикалық және геометриялық прогрессияларға келтірілетін есептер шығару тәжірибесі кездеседі. Египеттіктер төртбұрыштың, трапецияның, үшбұрыштың ауданын, параллепипед пен табаны квадрат пирамиданың көлемін дәл есептей білген, дөңгелек ауданын жуықтап тапқан.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориясы мен методикасы. Бастапқыда ол мектепке дейінгі педагогиканың бір бөлігі ретінде өмір сүрді, бірақ айтарлықтай эмпирикалық тәжірибе жинақтап, сонымен қатар ғылыми ақпараттың үлкен көлемін ала отырып, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі біртіндеп тәуелсіз білім саласына айналды. Педагогикалық ғылылымдар жүйесінде ол баланың біртектілігін, бірегейлігін, жеке қажеттілігі мен мүдделерін қолдауды, әр баланың табиғи әлеуетіне бағдарлануды ескере отырып, баланың жан-жақты интеллектуалдық дамуына ықпал етеді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жалпы міндеттері-мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін зерттеу. Ал теориялық базасы - философия, педагогика, психология, математика т.б. ғылымдардың жалпы негізгі ұғымдары болып саналатын табылады.Педагогикалық білімдер жүйесі ретінде, оның өзіндік теориясы мен қайнар көздері де бар. Олар :
-білім беру мәселесі жөніндегі үкімет құжаттары , мемлекеттік каулылар, заңдар;
-ғылыми ізденістер нәтижесі болып саналатын ғылыми ізденістер мен басылымдар мен басылымдар , ақпарат көздері;
-бағдарламалық- нұсқау құжаттары ;
-әдістемелік әдебиеттер (арнаулы мерзімдік басылымдар) Отбасы және балабақша журналы, ойындар мен жаттығулар жинағы, әдістемелік нұсқаулар т.б.)
Бұл пән және оның мазмұны, ғылыми-зерттеулер және озық педагогикалық тәжірибе есебінен үнемі даму үстінде
Бүгінгі таңда қарапайым мамематикалық ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған, оны дамытуды көздейтін негізгі әдістемелік жүйе бар. Оның басты қызметі - әдістемелік жұмыстардың мақсатын, мазмұнын, әдісін, құралдары мен формаларын анықтау. Бұл ұғымдар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толықтырып, тұруы заңдылық болып табылады.[10]
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің негізі элементтері-оның мақсаты, міндеттері, мазмұні, әдістері мен ұйымдастыру түрлері және құралдары болып табылады. Олар өзара тағыз байланысты әрі бір-бірін толықтырып тұрады осылардың ішіндегі ең жетекшісі әрі анықтаушысы- мақсат болып табылады. Мақсат әлеуметтік сипатқа ие,әрі оның объективті заңдылықтары бар. Мектепке дейінгі ұйым өз кезінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарының орындалып, балалардың мектепте үйретілетін ғылым негізінде баулиды.
Соңғы жылдары әлемдік білім беру жүйесінде математикалық сауаттылық туралы мәселелер көпшіліктің назарын аударды. Математикалық сауаттылықты былайша айқындауға болады:
қоршаған болмыста туындайтын, математика құралдарымен шешілетін проблемаларды тани білу;
проблемаларды математика тілінде тұжырымдай алу;
проблемаларды математикалық білім мен әдістерді пайдаланып, шеше алу;
пайдаланылған шешу әдістерін талдай алу.
Математикалық сауаттылықтың мазмұны адам іс-әрекетінің түрлі салаларындағы, қарым-қатынастардағы және әлеуметтік қатынастардағы кең өмірлік ауқымды мәселелерді шешу үшін өмір бойы жинақтаған білімін қолдану қабілеттілігін көздейтін функционалдық сауаттылыққа саяды. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері 20 жылдай уақыт аралығында ғана арнаулы атау алып "математикаға дейін" ұғымы қалыптасты (ағылшынша - premathematics).
Дәстүрлі қалыптасқан ұғымдарға орай оқытудың теориялық негіздеріне нақты бір ұғымдарға сәйкес математикалық теория алынады. Ал дедуктивті түрде құрылған математикалық теория абстрактілі құрылымы арқылы мектепке дейінгі кезеңде математиканы үйретуге негіз бола алмайды.
Мектепке дейінгі кезеңдегі ұғымдар мен фактілер нақты дәйекті жағдаяттардан бастау алғанмен, басқа ұғымдар көмегімен түсіндіріледі. Дедуктивті математикалық теорияны түсіндіру - формальды сипатқа ие болады, ал мектепке дейінгі ұғымдар - мағыналы мазмұнда беріледі. Математиканың басты өзекті түйіні дедукция бұл жерде локальды сипатқа ие болып, қосымша қызмет қана атқарады.
"Мектепке дейінгі " даярлықты - балалар математикасы деп шатастыруға болмайды. Мектепке дейінгі деңгейде де нақты математикалық ұғымдар қарапайым түрде оқытылады. Бұл деңгей көптеген ғылыми әдебиеттерде де сақталады. Ал, мектепке дейінгі кездегі оқытуда осы мазмұн сақталғанымен ол өзіне тән математикалық білімдердің кезеңіне сай болады. Сондықтан "мектепке дейінгі" оқытуды үлкен нағыз математиканы үйренуге даярлық кезеңі десе де болады.[4]
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздерінің басты мақсаты - мектепке дейінгі жаста үйретілетін ұғымдарға математикалық түрде талдау жасау, балаларға ұғымдарды нақты ғылыми негізде түсіндіру. Бұл жерде әрине, нақты математикалық ұғымдар мен теориялар сол қалпында қатаң сақталмайды. Барлығы баланың санасына, ой-қабілетіне сәйкес алынады. Түрлі ұғымдар фактілер мен құрастыруларды иллюстрациялау үшін ойындар, осы ұғымды не құрылымды модельдейтін түрлі үлгілер алынады. Олардағы басты түйін логикалық және құрастырушылық құрылымы болып табылады. Сонымен теориялық негіздер қарапайым математикалық ұғымдармен тығыз бірлікте қарастырылады. Бұл өз кезегінде педагогқа баладағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда дамытушылық эффектіні көтеруге мүмкіндік береді.
Теориялық негізді түсіндіруде әдетте қолданылуға тиіс арнаулы логикалық және математикалық ұғымдар мен символика мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда қолданылмайды. Математикаға дейінгі даярлық баланы мектепке жалпы даярлаудың басты бөлігі болып табылады. Бұл процесс барлық оқу-тәрбие шараларымен тығыз бірлікте қарастырылады және ең алдымен баланың математикалық ой-әрекетін дамытуға және ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталған. Оның басты ерекшеліктері - жалпы дамытуға бағытталуы, ақыл-ой, тіл дамыту, ой, тұрмыс, еңбек іс-әрекеттерімен байланысты болуы.[17]
Балалардың математикаға дейінгі даярлық кезеңінде ескерілуі тиіс мәселелер:
- танымдық қабілет, ақыл-ой процесі мен қабілеті, баланың жеке тұлғасының жалпы дамуының негізгі заңдылықтары;
- білімді және соған байланысты дағдылар мен іскерліктерді меңгерудегі баланың жас ерекшелігіне сай мүмкіндіктері;
- мектеп және мектепке даярлау шаралары арасындағы сабақтастық.
Математикаға дейінгі даярлықтың басты міндеттеріне мыналар жатады:
1. Балаларда қарапайым математикалық ұғымдар жүйесін қалыптастыру.
2. Мектептегі математика пәнін игерудің және ақыл-ой дамуының алғышарты болатын - математикалық ойлау және жекелеген логикалық құрылымдардың қарапайым түрлерін қалыптастыру.
3. Сенсорлық процестер мен қабілеттерін дамыту.
4. Балалардың байланыстыра сөйлеуі мен сөздік қорларын дамыту.
5. Оқу әрекетінің бастапқы формаларын қалыптастыру.
Бұл міндеттер үйлесімді, өзара тығыз байланыста жүргізілсе ғана нәтиже береді және міндеттері математикаға дейінгі даярлықтың мазмұнын аяқтайды.
Соңғы уақытта жүргізілген педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесінде балалардағы ойлау қабілетінің деңгей қоры ауқымды екендігі айқындалды. Н.Н.Подъяковтың зерттеулерінде баладағы көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлаудың нәтижесінде заттар мен құбылыстардың қасиеті және жеке бөліктері туралы балалардың ұғымдары жинақтала келе тұтас жүйелі білімге ұласады.
Математика ұғымдарының дамуына арнаулы бағыттағы әрекеттердің де әсері бар. Оларды екі топқа бөліп қарастыруға болады. Алғашқысына математикалық сипаттағы әрекеттер: санау, өлшеу, қарапайым есептеу, арифметикалық әрекеттерді орындау жатады.
Екінші топқа - дидактикалық мақсатқа құрылған, математикаға дейінгі әрекеттер, заттарды бір-бірімен беттестіре отырып салыстыру (А.М.Леушина) талдау және жинақтау (В.В.Давыдов) теңестіру және салыстыру (Н.И.Непомнящая).[2]

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік топтары

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтының байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Дағдарыс - қалыпты емес, ауытқушылық құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бір неше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанған сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:
Жаңа туылу дағдарысы - нәрестелік жас (2 ай-1жас);
1 жас дағдарысы - ерте балалық шақ (1-3жас);
3 жас дағдарысы - мектепке дейінгі жас (3-7жас);
7 жас дағдарысы - мектеп жасы (7-13жас);
13 жас дағдарысы - өтпелі жас (13-17жас);
17 жас дағдарысы.
Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үрдісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды. (5)
Е.И.Тихееваның пікірі бойынша бала дамуының бүкіл барысы табиғи күштеусіз, қысымсыз болуы керек. Ол санау материалдары ретінде табиғи материал - тасты, ірі бұршақты, жапырақтарды, бүрлерді сондай-ақ ұсақ ойыншықтарды, түймелерді, ленталарды т.б. алуға кеңес береді[3].
Осы әдіспен Е.И.Тихеева балаларды өмірде кездесетін артық, кем, биік, аласа, кең, тар, қымбат-арзан, ауыр-жеңіл, қалың-жұқа, ірі-ұсақ сияқты ұғымдармен таныстырады..
Ф.Н.Блехер балабақшада балаларға математикалық білім беру методикасын жасауда үлкен роль атқарды. Оның ''балалар бақшасы мен нөлінші топтағы математика'' 1934 ж. деген кітабы есеп бойынша советтік балабақшасына арналған бірінші оқу құралы және бағдарлама болды. Ол жазған методикалық жазбалар (1938, 1943, 1945) сол жылдары балабақша үшін басшылық құжат ретінде қызмет етті. Шетел авторларына сүйене отырып, Блехер екі санын бала 3-4 жаста, 3 санын 4-4,5 жаста, 4 санын 5-5,5 жаста айыра біледі деп есептеді. Мысалы, кіші топта (3-4 жас) 4-ке дейінгі сандар, мектепалды даярлық тобында (5-6 жас) 10-ға дейінгі сандарды анықтай алады және жұп ұғымын меңгереді.
Ол балаларды жекелеген заттар мен топтарды санауға, қосу мен азайту әрекетіне өзгертуді, санның бірлігі ретінде ондықты түсіне білуін қалыптастыруға үйретуді ұсынды.
Ф.Н.Блехер балабақшада математикалық білім беру әдістемесін жасауда үлкен қызмет еткен. Оның Балалар бақшасы мен нөлінші топтағы математика атты кітабы 1934 жылы жарық көрген. Ол балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жұмыстарының жалпы жолдарын ұсынды. Балалармен жұмыс жасаудың екі негізгі жолдарын белгілеген:
1) Балалардың күнделікті өміріндегі және іс - әрекетіндегі балалар ұжымының элементтерін қолдану.
2) Сан және санаумен байланысты ойындар мен жаттығуларды ұйымдастыру арқылы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу (6).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі - 5 жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай:
1) бөбек жасы - 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жастағы топ - 1 жастан 2 жасқа дейін;
бірінші кіші топ - 2 жастан 3 жасқа дейін;
2) мектепке дейінгі жас - 3 жастан 6 жасқа дейін:
екінші кіші топ - 3 жастан 4 жасқа дейін;
ортаңғы топ - 4 жастан 5 жасқа дейін;
мектепалды даярлық - 5 жастан 6 жасқа дейін.(7)

Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математиканы оқыту
Халық ауыз әдебиеті негізінде балалар заттарды санауды ғана емес, айналадағы өзгерістерді де байқай бастады (маусымдық өзгерістер, күннің шығысы мен батысы).
1574 жылы тұңғыш баспагер Иван Федоров басылып шығарылған Букварь атты кітабында балаларды есептеуге үйретуі керектігіне ұсыныс жасайды.
ХVIII-XIX ғасырларында мектепке дейінгі балаларды арифметиканы оқыту әдістеріне ең алдымен көлем, өлшем, уақыт және айналаны бағдарлау оқыту қажет деп айтқан педагог-ғалымдар Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой т.б.
Чехтік гуманист - ойшыл педагогы Я.А. Коменский (1562-1670) балаларды арифметикаға оқыту бағдарламаға: 4-6жасқа екі ондықты есептеуді талап етті, үлкен мен кішкентайды білуді талап етті, заттар мен геометриялық фигураларды айыра білуге, жалпы қолданыстағы өлшемдерді білуге талап етті.
Л.Н. Толстой 1872 жылы Азбука атты кітабындағы Есеп тарауында балаларды 100 көлемдегі сандарды алдыдан - артқа, арттан - алдыға сау керектігіне ұсыныс жасады.
Неміс педагогы Ф.Фределя (1782-1852) және М.Монтессори математиканы оқытуда сенсорлық тәрбиені негіздей ала отырып қарастырды. Келесіде 3-4 жастағыларды математикалық таңбаларға үйретті.
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырда мектепте арифметиканы оқыту әдістемесі негізінде дами бастады.
Бұл екі бағытта дамыды: сандарды оқыту, яғни монографиялық әдіс, ал келесісі іс-әрекетті зерттеу әдісі - есептік әдіс. Екі әдісте әдістеменің дамуына үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері
Ақыл-ойдың дамуы, ақыл-ой әрекеттерінің әдістері мен тәсілдерін игеру
Пәндер