Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Кіріспе
Банктер - нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық буындарының бірі. Олардың қызметінің дамуы - нарық механизмін нақты құрудың қажетті шарты. Экономикалық қайта құру процесі банктік жүйені реформалаудан басталды. Бұл сфера динамикалық түрде қазір де дамуда.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар банктердің ұйым ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.
Нарықтық қатынастар жағдайында банктегі бухгалтерлік есеп үлкен мәнге ие. Бухгалтерлік есеп арқылы банк басқару жүйесін,ағымдағы жоспарлар мен экономикалық болжауларға қол жеткізе алады.
Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, шетел валютасын сатып, алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелендіру, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау табылады. Банктің активтік операцияларың операцияның маңызды бөлігін құрайды. Өйткені, банк тиімділігі, пайдалылығы, қаржылық жағынан сенімділігі және тұрақтылығы оның активтердің дұрыс өз мәнінде жүргізілуіне де байланысты болады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп мынадай міндеттерді шешуді қарастырады:
- шаруашылық жүргізіп отырған және потенциалды инвесторлар мен кредиторларға түсінікті ақпараттарды ұсыну;
- күнелтіп отырған және мол мүмкіндікті инвесторлар мен несие берушілерге, күтіліп отырған табыстарға байланысты сомалар, уақыт және қауіп-қатерлер жөнінде шешім қабылдауға көмектесетін ақпараттарды ұсыну;
- банктердің шаруашылық қорлары, оның міндеттемелері, қаржылары мен құралу көздерінің құрамдары, сонымен қатар олардың өзгерістері жөніндегі ақпараттарды ұсыну.
Қаржылық есептілік - бұл өзара байланысқан көрсеткіштің топтасқан кешені. Инвесторға, кредиторға, ұлттық банкке, банк қызметкерлеріне қажетті материалдар, оларды сатып алуға және төлем тәртібінің жарлығы туралы талап ететін нұсқаулардың орындалуы үшін, бюджеттің орындалуына, несиелік ресурстардың пайдалануын бақылауға қолданылады. Есеп беру формаларының негізгі сұрақтары бойыншаҰлттық банк қаржы және статистикалық ұйымдардың келісімімен қарастырады. Қаржылық жағдайды талдау банктің қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады.Банктің қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылы қесеп беру болып табылады. Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып, реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруі мен байланысты.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және банк үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша, сондай-ақ банктің болашақтағы ақша ағымдарын және осы банкке сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы ұйымдардың жұмыстары мен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды.
Осыған байланысты курстық жұмысымның мақсаты - банктегі қаржылық есептіліктердің дұрыс жүргізілуінің, бухгалтерлік есепте дұрыс есепке алу мен талдауын толық меңгеру болып табылады.
Осыдан курстық жұмысымның міндеттері:
1) банктік қаржылық есеп берулердің түрлері мен дайындау жұмыстарына тоқталу;
2) банк ұсынатын қаржылық есептіліктердің сапасын анықтайтын көрсеткіштерге нақты материалдар негізінде талдау жасау.
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Банктер және Банктік қызметі туралы Заң күші бар Қазақстан Республика Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ отандық және шетелдік оқу әдебиеттері мерзімді басылымдар және жұмыстың ішінде талдау жасалатын банктің қаржылық есеп құжаттары пайдаланылады.
I. Қаржылық есептілік туралы жалпы түсінік
1.1 Қаржылық есептіліктің Қазақстан Республикасының заңына сәйкестігі
Қаржылық есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдарының жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін жедел басқару үшін басты база болып табылады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметнің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамсыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандартарымен реттеледі:
№2 "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету ; "Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру" және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру" арқылы жүзеге асырылады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына; жергілікті қаржы органдарына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мынаны қамтиды:
* бухгалтерлік баланс;
* пайда мен зияндар туралы есеп;
* ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
* капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
* түсіндірме жазба.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сай белгіленеді. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.
Егер ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемелекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы немесе бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды. Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
0.2 Қаржылық есептілікті талдау
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау негізгі көрсеткіштер арасында өзара байланысты құрылымдандыруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы көмегімен жүргізіледі.
Абсолюттік көрсеткіштерді талдау - бұл бухгалтерлік есептілікте көрсетілген берілгендерді танып білу: кәсіпорын мүлігінің құрамы қаржлық салымдардың құрылымы, меншікті капиталдың қалыптасуы көздері, қарызға алынатын қаражаттар мөлшері, өткізуден түскен түсүм көлемі, пайда мөлшері анықталады. Көлденең (уақыттық) талдау - бүл өткен кезеңмен өткізуден есеп берудің арбір айқындамасын салыстыру, ал ол баланс баптарының және олардың топтарының өзгеру бағытын айқындауға және оның негізінде базистік өсу қарқындарын есептеуге мүмкіндік береді. Тікесінен (құрылымдық) талдау қортындылық қаржылық көрсеткіштер құрылымын анықтау, яғни жалпы натижелік көрсеткіштері есеп беру дегі жеке баптардың үлес салмағын айқындау мақсатында жүргізіледі. Тренділік (динамикалық) талдау бір қатар жылдарға есептіліктің әрбір айқындамасын салыстыруға және трендіні анықтауға негізделген. Тренді көмегімен келешектік, болжамдық талдау жүргізіледі. Қаржылық-экономикалық талдаудың басты әдісі қаржылық (аналитикалық) коэфициенттерді есептеу болып табылады. Қаржылық коэффициенттер пайдаланушылардың әр түрлі топтарына: акционерлерге, менеджерлерге, талдаушыларға қажет. Мұндай коэффициенттерді талдау - бұл есептің жеке айқындамалары немесе есептіліктің әр түрлі нысандары айқындамалары арасында арақатысты есептеу, олардың өз ара байланысын анықтау. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын алдын ала бағалау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштер топтары өз араларында сапалық айырмашылықтары бар бірінші және екінші сыныптарға бөлінеді. Көрсеткіштер тобының екі сыныпқа бөлінуі елеулі шамада қарастырылып отырған талдаушылық құралдың жеткіліксіз дамығандығының салдары. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдауды жүргізу үшін ақпараттық база болып бухгалтрлік есептілік (есеп беру) қызмет етеді. Ұйымның (шаруашылық субьектінің) есеп берушілігі - бүл натижелерді сипаттайтын және өткен уақытқа оның жұмысының жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі. Есеп берушілікке ағымдағы есептің барлық түрлері кірістірілген.
Соның арқасында есеп беруде кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің барлық түрлерін бейнелеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Есептерді құрайтын мәліметтер сипаты бойынша басқарушылық (ішкі) және қаржылық (сыртқы) есеп беру етіп бөледі. Қаржылық есеп беруге бір қатар талаптар қойылады, олардың негізгілері: ақпараттардың орындылығы мен дұрыстығы; берілген есеп берудің мәнділігі. Жоғарыда айтылып кеткенде, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау негізінен қаржылық бухгалтерлік есеп беруіне сүйінеді.
Қаржылық бухгалтерлік есеп беру бірнеше құраушы бырынғай тұтас есеп құжаттарынан тұрады: бухгалтерлік баланс; пайда және зиян шегу туралы есеп; капитал қозғалысы; ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп; бухгалтерлік балансқа жалғама. Кәсіпорын жыл қорытындысы бойынша жоғарыда аталған құжаттардан басқа, аудиторлар пікірінен, қаржылық есеп берулерге ескертулерден түратын құжаттар қосымша ақпараттарды ұсынуға тиісті. Атап өткен жөн, аудиторлар қаржылық есеп берулердің дәлділігін растамайды, тек есеп берудің белгіленген ережелерге сайкес құрылғаны туралы касіби түйін жасайды. Қаржылық есеп беру-бүл ұйымның откен белгілі бір кезеңге қызмет нәтижелерін көрсететін құжат болғандықтан, сыртқы талдаушылардың ескірген мәліметтерге сүйеніп сол кездегі жағдайын бағалағаннан басқа амалы жоқ. Кәсіпорынның қызметі туралы көп түрлі экономикалық ақпарат және сол қызметті талдаудың көптеген тәсілдері бар. Сыртқы қаржылық есеп берудің берілгендері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың класикалық тәсілі болып табылады. Оның жүргізілуі келесі сатылардан тұрады:
1. Ақпараттарды жинақтау және оның дұрыстығын бағалау, талап етілетін уақыт кезеңіне бухгалтерлік есеп беру нысанынан берілгендерді іріктеу. Бухгалтерлік есеп берудің типтік нысандарының аналитикалық нысанға өзгеруі.
1. Есеп құрылымы мен көрсеткіштер өзгерісінің сипаттамасы.
2. Талдаудың негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштерді есептеу және топтау.
3. Зерттелінетін кезеңге көрсеткіштер топтарын айқындау және өзгерту.
4. Негізгі зерттелінетін көрсеткіштер мен нәтижелер дәйектемесі арасында өзара байланысты белгілеу.
5. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы туралы түйінді дайындау.
6. Тар орындарды айқындау және резервтерді іздестіру.
7. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау құрылымы бас негізгі блок параметрлерді бағалаудаан тұрады:
1.Баланстың құрамы мен құрлымын;
2.Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын;
3.Кәсіпорын өтімділігі мен төлемқабілеттілігін;
4.Рентабелділігін;
5.Іскерлік белсенділікті;
Өзара байланысты бұл блоктар кәсіпорынның ағымдағы экономикалық жағдайының ең дәл және объективтік бейнесін бепетін көрсеткіштерді есептеу мен топтауды жүргізуге негіз болатын талдау құрылымын білдіреді. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау қажетті мәліметтер болғанда күрделі емес.
0.3 Қаржылық есеп міндеттері және нысандары
Кез-келген бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен олардың пайдалану тиімділігінен тәуелді. Қаржы ресурстарын кәсіби басқару қазіргі сандық талдау әдістерін пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық - экономикалық жағдайына терең талдау жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты бүгінгі күні қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебі қаржылық талдаудың негізгі мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейін бағалау мен капитал табыстылығының деңгейін жобалау мақсатымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешенді, жүйелі оқу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚҚЖ) - айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.
Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде талқыланады:
:: қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуі;
:: қаржылық тұрақтылық - бұл кәсіпорын шоттарының оның төлем қабілеттілігіне үнемі кепілдік беретіндей етіп орналасуы;
:: қаржылық тұрақтылық - бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін, әрі тиімді пайдалана отырып, өндіріс пен сату үрдістерін, сонымен бірге үдемелі ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі.
Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты жэне абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.
Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т.б.
Каржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері -- тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен камтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма.к.). Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (Yenа) айырмасы ретінде анықталады: Ма.к.=Мк-Yenа
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл субъектінің өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:
-- кәсіпорынның салалық ерекшелігі;
-- шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет);
-- жарғылық капитал көлемі;
-- шығын көлемі, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;
-- мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
-- кәсіпорынды басқару тиімділігі, т.б.
Сыртқы факторлар:
-- мемлекеттегі саяси - экономикалық жағдай;
-- төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы;
-- салық және несие саясаты;
-- құқықтық - нормативтік база;
-- сыртқы - экономикалық байланыстар, т.б.
II. Халық банкінің қаржылық есептілікті жүргізуі
2.1 Халық банкінің экономикалық техникалық сипаттамасы
Халық банкінің шыққанына 10 - 12 жылына қарамастан коммерциялық ұйымдардың экономикалық дағдарыстың барлық фазаларынан осы аз уақытта өтті, олар: аяққа тұру, талпыну, өсу, үлкен табыс және аздап тоқыраушылық. Ал олар экономикалық тұрақсыздыққа ғана байланысты емес сонымен қатар несиелеу саласына байланысты базалы ресурстарды негіздеуге байланыстырылады. Көп уақыттқа дейін бұл операцияларды банктер басты операциялар қатарына жатқызбады, қосымша табыс объектілері түрінде қарастырылды.
1990 жылы құрылған Халық банкінің 2004 жылдың 31 желтоқсанындағы жалпы активтерінің көлемі бойынша заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және басқа да қызметтер ұсынатын Қазақстандағы ірі жекеменшік банк болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша, аяқталған 2004 жылдың 31 желтоқсаны, Банктің таза пайдасы 8,689 млн. теңгені (63,9 млн. АҚШ доллары), активтері 704,057 млн, теңгені (5,416 млн. АҚШ доллары) және акционерлік капиталы 57,307 млн. теңгені (440,8 млн. АҚШ доллары) құрады.
Банктің негізгі қызметі теңгеде және шетелдік валютада депозиттер қабылдау және несиелер мен кредиттер беру болып табылады. Сонымен бірге банк клиенттердің төлемдер, дебиттік және кредиттік карточкалары, инкассолау, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең ауқымын ұсынады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша өзінің бас офисінен басқа, Банк өзінің оңтайландыру бағдарламасына орай КЕБ (РКО) санын қысқартуды ойлап отырса да, Банктің Қазақстанда 22 әмбебап филиалы, 51 кассалық есеп айырысу бөлімшесі және 12 дербес қызмет көрсету орталығы бар. Сондай-ақ Банктің Лондонда шетелдік өкілдігі және Қырғызстанда шетелдік еншілес кәсіпорыны бар. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк клиенттерінің бөлшек депозиттер көлемі, Банктің бөлшек депозиттер көлемі 1999 жылдың аяғындағы 23 млн. АҚШ долларынан едәуір ұлғайып, 640 млн. АҚШ долларын құрады. Банктің ойынша, оның депозиттік базасы қазіргі уақытта қазақстандық банктердің арасында ең ірісі болып табылады. 1999 жылдың аяғында Банктің тұтынушылық несиелері 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша шамамен 10 млн. АҚШ долларынан 469 млн. АҚШ долларына дейін өсті.
Халық банкінің бизнес арқылы, Банк орташа және ірі қазақстандық және өз қызметтерін Қазақстанда жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың өнімдері мен қызметтерін, сауда және құрылымдық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, интернет банкинг және активтерді басқару қызметін, сонымен бірге қысқа мерзімді несиелеу және басқа жалпы банктік қызметтерді қосқанда, ұсынады. Жоғары өтімділік деңгейін ұстау жөніндегі Банк саясатына сәйкес, ол әдетте корпоративті клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімде несиелер береді, сондай-ақ қазіргі уақыттағы ресурстардың шамасына қарай ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк сонымен бірге Қазақстандағы өзінің негізгі корпоративті клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және көрші елдердегі, Ресей мен Қырғызстандағы, ірі корпоративті клиенттерін қаржыландырады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банктің жалпы несие (ссуда) қоржыны 524,809 млн. теңгені (4,0 млрд. АҚШ доллары) құрады. Банктік қызметтерден басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Ол Қазақстанның құнды қағаздар нарығы мен валюта нарығының негізгі қатысушысы болып табылады және жалақы қызметтерін қосқанда, компаниялардың ақша ресурстарын басқару қызметінің негізгі жеткізушісі болып табылады. Банктің Банктік лицензияға сәйкес, сату, сатып алуды қосқанда, мәміле жасауға және алтын мен күмісті қосқанда, бағалы металдарды сақтауға құқы бар. 2001 жылы Банк өзінің корпоративті және бөлшек садуа клиенттеріне сенімгерлік қызметін ұсына бастады, мұның басым бөлігі - ақша қаражаты мен активтерді сенімгерлік басқару
Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.
2.2 Халық банкінің қаржылық есептілікті ұйымдастыру
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық кеөрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру прцесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық ждағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды ьеру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қарадаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорнының шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалиқ есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижеміне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуан да мақсат тұтпайды.
-- Түсініктілік.
-- Маңыздылық.
-- Мәнділік.
-- Дұрыстық.
-- Шындық және алалықсыз ұсыну.
-- Бейтараптылық.
-- Сақтық.
-- Аяқтау және салыстыру.
-- Жүйелілік.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел-статистиаклық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгелтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерде жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты жәна басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептері толық көлемде берілун қамтамасыз етуі керек.
Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлңк баланс, шаруашылық-қаржылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты - пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағынын бағалауға, кәсіпорын міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементі болып табылады.
Актив - бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес иелігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді(жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемемсін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Міндеттемелер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz