Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. есеп саясаты
1. Кәсіпорынның шаруашылық . қаржылық қызметінің жалпы
сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты ... ... ... 3
2. Ақша қаражаттары есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3. Тауарлық.материалдық қорлар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
4. Өндірілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет және
оны сату есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
5. Ұзақ мерзімді активтер және оның қаржыландыру
көздерінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
6. Материалдық емес активтер және оны пайдалану есебі ... ... ... ... ... ... ... .27
7. Еңбекақы және оның төлем есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
8. Жарғылық капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
9. Өндірістегі шығындар және оны калькуляциялау есебі ... ... ... ... ... ... ... ..35
10. Қаржылық нәтиже және оны пайдалану есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
11. Кәсіпорынның бухгалтерлік қаржылық есептілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
12. Бухгалтерлік қаржылық есептілік мәліметтері бойынша ұйымның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
13. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

«РУ-6» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі уранды жер асты ұңғымалары арқылы өндіретін кәсіпорын. Кен өндірісі 1983 жылы іске қосылған. Негізгі атқаратын қызметі — уранды жер асты сору арқылы өндіру және өңдеу болып табылады.[Қосымша-1]
Өндіріс негізгі 2 кен орнында өндіріледі. Олар:
1. Солтүстік Қарамұрын — 1986 жылы Москвада комплексті жобасы жасалып, іске қосылған.
2. Оңтүстік Қарамұрын — 1999 жылы Степногорскіде жер асты ұңғымалары арқылы сору әдісімен өндіру жобасы жасалған.[Қосымша-2]
Кәсіпорында жұмысшылардың орташа тізімдік саны 476 адамды құрап отыр. Өрт қауіптілігі жағынан ұйым В категориясына жатады.
Жылдық өнімділігі:
- Жоба бойынша — жылына 1000 т
- Тау жұмыстарының жоспары бойынша — жылына 1000 т
- Нақты көрсеткіш бойынша — жылына 1000 т
Кәсіпорын уран концентратын натрий диуранаты түрінде шығарады.
Кәсіпорын бухгалтериясы негізгі екі топқа бөлінеді:
1. Өндірістік
2. Жалпы
Өндірістік бухгалтерияда кәсіпорынның өндірістік есебін, каоькуляциясын, өзіндік құнын, атқарылған жұмыстар мен қызметтің есебі жүргізіледі. Сонымен қатар салық есебі, банк есебі, дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі жүргізіледі.
Жалпы бухгалтерияда еңбекақы есебі, негізгі құралдар есебі, материалдық құндылықтар есебі жүргізіледі.
Жоғарыда аталғандардан бөлек кәсіпорын касса қызметін де атқарады.
Бухгалтерияда жалпы 9 бухгалтер жұмыс жасайды. Барлығының қызметін Бас бухгалтер бақылап отырады.
«РУ-6» ЖШС-нің есеп саясатында осы саясатты дайындаудың негіздері көрсетілген. Есеп саясатын дайындаудағы мақсаты ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бухгалтерлік есепте шынайы көрсету, ұйым қызметін тиімді басқаруға қажетті толық, объективті және шынайы ақпаратты қалыптастыру деп көрсетілген.
Ұйымның есеп саясаты 2006 жылдың 1 қаңтарына қатысты қолданыста болған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары негізінде құрастырылған. Кейінгі өзгерістер мен толықтырулар қосымша қосылуға тиісті

1. Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты
РУ-6 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі уранды жер асты ұңғымалары арқылы өндіретін кәсіпорын. Кен өндірісі 1983 жылы іске қосылған. Негізгі атқаратын қызметі -- уранды жер асты сору арқылы өндіру және өңдеу болып табылады.[Қосымша-1]
Өндіріс негізгі 2 кен орнында өндіріледі. Олар:
1. Солтүстік Қарамұрын -- 1986 жылы Москвада комплексті жобасы жасалып, іске қосылған.
2. Оңтүстік Қарамұрын -- 1999 жылы Степногорскіде жер асты ұңғымалары арқылы сору әдісімен өндіру жобасы жасалған.[Қосымша-2]
Кәсіпорында жұмысшылардың орташа тізімдік саны 476 адамды құрап отыр. Өрт қауіптілігі жағынан ұйым В категориясына жатады.
Жылдық өнімділігі:
Жоба бойынша -- жылына 1000 т
Тау жұмыстарының жоспары бойынша -- жылына 1000 т
Нақты көрсеткіш бойынша -- жылына 1000 т
Кәсіпорын уран концентратын натрий диуранаты түрінде шығарады.
Кәсіпорын бухгалтериясы негізгі екі топқа бөлінеді:
1. Өндірістік
2. Жалпы
Өндірістік бухгалтерияда кәсіпорынның өндірістік есебін, каоькуляциясын, өзіндік құнын, атқарылған жұмыстар мен қызметтің есебі жүргізіледі. Сонымен қатар салық есебі, банк есебі, дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі жүргізіледі.
Жалпы бухгалтерияда еңбекақы есебі, негізгі құралдар есебі, материалдық құндылықтар есебі жүргізіледі.
Жоғарыда аталғандардан бөлек кәсіпорын касса қызметін де атқарады.
Бухгалтерияда жалпы 9 бухгалтер жұмыс жасайды. Барлығының қызметін Бас бухгалтер бақылап отырады.
РУ-6 ЖШС-нің есеп саясатында осы саясатты дайындаудың негіздері көрсетілген. Есеп саясатын дайындаудағы мақсаты ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бухгалтерлік есепте шынайы көрсету, ұйым қызметін тиімді басқаруға қажетті толық, объективті және шынайы ақпаратты қалыптастыру деп көрсетілген.
Ұйымның есеп саясаты 2006 жылдың 1 қаңтарына қатысты қолданыста болған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары негізінде құрастырылған. Кейінгі өзгерістер мен толықтырулар қосымша қосылуға тиісті.
Ұйымда қолданылатын шот жоспардың типтік шот жоспардан ерекшеліктері бар. Мысалы, үлгілік шот жоспарында 1020 шот жолдағы ақша қаражаты деп аталса, ұйымда ол 1030 шот.[Қосымша-28]
Шоттардың атауы
РУ-6
Үлгіде
Ағымдағы банктік шоттардағы тг ақша қаражаттары
1040
1030
Негізгі құралдардың құнсыздануы
2425-2429
2430
Негізгі өндіріс
8013
8110
Жартылай фабрикаттар
8020
8210
Көмекші өндіріс
8030
8310
Үстеме шығындар
8040
8410
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі заң актісінің негізінде және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарын, ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының, типтік шоттар жоспарын, жоғарыда аталған құжаттарға қосымша нұсқауларды, серіктестіктің жарғысын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікке қатысты заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жасалған.
Бұдан кейін ұйым қызметіне қысқаша сипаттама берілген. Бухгалтерияның ұйымдық құрылымында бас бухгалтер лауазымды қызметі бар. Серіктестік компьютерлендірілген есеп жүйесін қолданады. Бухгалтерлік есепті жүргізуде жұмысшы шоттар жоспарын қолданады. Бухгалтерлік есеп теңге және тиын есебінде жүргізіледі. Қаржылық есептілікті уақыттылы құрастырып, өкілетті ұйымдарға тапсырады, есептілік құрамы халықаралық қаржылы есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес анықталады.
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Есеп саясатында белгіленген құжаттарының қатарына мыналар жатады:
бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
ЖШС қызмет ету мерзімі шектелмеген.
Бухгалтерлік жазба шаруашылық операцияларын жасалу деректерін белгілейтін алғашқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Барлық шаруашылық операциялар және басқа Серіктестіктің шаруашылық қызметінің активтерге, жеке капиталға, міндеттемелерге, кіріс және шығысқа әсер ететін басқа да жағдайлар бухгалтерлік есепке алуда көрсетілуі қажет. Бухгалтерлік жазбалар жеке компьютерді пайдалану арқылы автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.
Алғашқы құжаттардың, есеп тіркелімдерінің, бухгалтерлік есеп және теңгерімдердің сақталуын, оларды ресімдеп және мұрағатқа тапсыруды бас бухгалтер қамтамасыз етеді. Салық есебі бойынша қағазда, электродық немесе магнитті тасуыштардағы құжаттардың сақталу мерзімі Бюджетке төленетін салықтар мен басқа міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген салық кезені аяқталғаннан кейін бес жыл.
ЖШС бір жыл ішіндегі қызметтің нәтижесі бойынша алған таза табысы қатысушысы шешіміне сәйкес бөлінеді. Мұндай шешім қабылдағаннан кейін бір ай ішінде табысты төлеу жүзеге асырылады.
Қатысушы төлемнен таза өнімді немесе оның бір бөлігін алып тастауға шешім қабылдауға құқылы. ЖШС болатын шығындар алдағы жылдардағы таза өнім бойынша жабылады.
Бухгалтерлік жұмыстары автоматтандырылған түрде Галактика бағдарламасымен жүргізеледі.
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Өндірістік шығындар бухгалтері келесідей қызметтер атқарады:
1. Дайын өнім үшін алынуға тиісті шоттардың есебі
2. Қайта өндірушілермен есеп айырысу есебі
3. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі
4. Негізгі емес қызметтен түскен табыс есебі
5. Алдағы кезең шығыстар есебі
6. Қорытынды табыс (шығыс) есебі
7. Сатылған тауар, атқарылған қызмет және орындалған жұмыстың өзіндік құнының есебі
8. Тауарларды, қызметті, жұмысты сатуға байланысты шығындардың есебі
9. Жалпы әкімшілік шығындар есебі
10. Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну
11. Статистикалық есеп жасау
Салық есебі бойынша бухгалтердің қызметіне мыналар жатады:
1. ҚҚС бойынша есепті бақылау (оның ішінде салық салынуға жататын айналымды анықтау, ҚҚС-нан босатылған айналым сомасын анықтау, төленген ҚҚС есепке алуды бақылау, ҚҚС бойынша декларацияны толтыру және оның қосымшаларын жинау, ҚҚС бойынша есептілік құрастыру және электронды почта арқылы жіберу, ҚҚС-ның декларациясындағы сату айналымын КТС декларациясындағы табыс айналымымен және 2 есептілік нысанымен салыстыру).
2. Мүлік салығын есептеу (ағымдағы мүлікке салықты есептеу, қаржы басқармасына осы салық бойынша соманы төлеуге өтініш білдіру, компьютерлік бағдарлама арқылы арнайы есептілік жасап, электронды почта арқылы жіберу, ).
3. Көлік құралдарының салығын есептеу(көлік құралдарының салығы бойынша декларация толтыру, осы салық түрін төлеу үшін қаржы басқармасына өтініш жазу, көлік құралдарының салығының есебіне камералды тексеру,).
4. Жер салығы бойынша салық есебі(жер салығының ағымдағы есебі бойынша есептемесін жасау, ).
5. Қоршаған ортаны қорғау қорына төлемдердің есебін жүргізу(қоршаған ортаны қорғау қорына төлемдерді есептеу және декларация толтыру,қаржы басқармасына осы салықты төлеуге өтініш жазу).
6. Жер телімдерін пайдаланғаны үшін салық есебі (Бас мекеме бойынша жер телімдерін пайдаланғаны үшін салықты есептеу және декларация толтыру, компьютер бағдарламалары арқылы электронды почтамен жіберу).
7. Әлеуметтік салық бойынша есеп жүргізу.Әлеуметтік салық салынатын және салынбайтын айналымның түрлерін дұрыс ажырата білу. Есептік кезеңге әлеуметтік салық бойынша төлемді есептеп, декларация толтыру.
8. Жеке табыс салығы бойынша есеп жүргізу.Салық салынатын табыс түрлерін және мөлшерін дұрыс анықтау.Есепті кезеңге салық декларациясын толтыру.
9. Зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы салымдарының(МЗС) салық есебі.МЗС салынатын төлем түрлерін дұрыс анықтау.
10. Корпоративтік табыс салығы(КТС) бойынша есеп жүргізу.КТС декларациясын тапсырудың алдын-ала КТС бойынша аванстық төлем сомаларын анықтау.
11. Статистикалық есеп жүргізу.4-НҚ формасында жылдық есебін құрастыру.
Негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалды қорлар есебінің бухгалтері мынадай қызметтер атқарады:
1. Материалдық емес активтер есебін жүргізу мен амортизациясын есептеу.
2. Лицензия есебі мен амортизация есептеу.
3. Бағдарламамен қамтамасыз ету мен амортизациясын есептеу
4. Негізгі құралдар есебі мен амортизациясын есептеу
5. Жер учаскткелерінің есебі
6. Құрылыстар есебі мен амортизациясын есептеу
7. Жөндеу жұмыстарының есебі
8. Машиналар мен құрылғылар есебі және амортизациясын есептеу
9. Көлік құралдарының есебі және амортизациясын есептеу
10. Аяқталмаған құрылыс есебі
11. Тауарлы-материалды қорлар есебі
12. Шикізат және материалдар есебі
13. Тауарлар есебі
14. НҚ, МЕА, ТМҚ бойынша алынуға тиісті шоттар есебі
15. Қаржылық есепті дайындау мен ұсыну
16. Статистикалық есепті дайындау мен ұсыну
17. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін салықтық және аудиторлық тексеру кезінде қатысу
18. 11-НҚ есептілігін құрастыру
Жұмысшылармен есеп айырысу бухгалтерінің төмендегідей қызметтер атқарады:
1. Ұйымның бөлімдерінің жұмысшыларына еңбекақы есептеу
2. Еңбек демалысына резерв құру, бонустар есептеу
3. Сақтандыру полистерінің есебін жүргізу
4. Әлеуметтік салық есебі, жеке табыс салығының есебін жүргізу
5. Бұйрықтар бойынша жұмыс жасау
6. Аванс есебі
7. Еңбек демалысы бойынша төлем сомасын есептеу
8. Есептесу құжаттарының есебі
9. Ай сайын еңбекақы төлеу қорының мәліметтерін 30-1 формамен және шахматкамен салыстырып отыру
10. Еңбек бойынша есеп тапсыру
11. Зейнетақы аударымдарын есептеу
Ақша қаражаты есебі мен есеп айырысу бухгалтері мынадай қызметтер атқарады:
1. Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың қарыздарының есебі
2. Шығыс төлем құжаттарын шығару
3. Аванстық есепті жүргізу
4. Өкілеттік шығындар есебі
5. Есебі берілуге тиісті сомалардың дебиторлық қарыздар есебін жүргізу
6. Есепті күнге банктегі қалдық сомалар жайлы мәліметті алып отыру
7. Жолдағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу
8. Есептік шоттағы ақша қаражаттарының есебі
9. Алынған аванс есебі
2. Ақша қаражаттары есебі
Банк бойынша жұмыс
1. Счет бойынша төлем жасау.
Бухгалтерге бас бухгалтердің, жалпы және құқықтық сұрақтарға жауапты директордың орынбасарының, жоспарлы-экономикалық бөлім бастығының визалары қойылған счеттар алып келеді. Бухгалтер Галактика бағдарламасында төлем тапсырмасын теріп,оған счетты тіркеп,қол қойдыруға бас бухгалтерге, содан соң директорға апарамыз. Қол қойылған төлем тапсырмасын электронды почтада теріп, жібереді.
2. Банктен ақшаны алу
Кассир бас бухгалтердің сейфінде сақталып тұрған чектік кітапшаны алып, толтырып, бас бухгалтерге және директорға қол қойдырып, содан соң күзетпен банкке барып қолма қол ақшаны алады.
3. Еңбек демалысын,материалды көмек, жұмыстан шыққандармен есеп айырысуды және т.б. төлем жасау
Кассирге есеп бухгалтериясынан жұмысшылардың еңбек демалысы хат,материалдық көмек бойынша бұйрық, жұмыстан шыққандармен есептесу қағазын алып келеді. Кассир барлық мәліметтерді, оның ішінде жұмысшының аты-жөні, карточкасының номерін, СТН-і мен оған төлеу керек соманы РАУ 102 бағдарламасына енгізеді. Бүгінгі күнге құжаттары түскен адамдарды енгізгеннен кейін, кассир төлем тапсырмасын және оған тізімді жасап дискетаға жазады. Төлем тапсырмасына (2 нұсқада) және тізімге (2 нұсқада) бас бухгалтер мен директор қол қояды. Содан соң дәл осындай төлем тапсырмасын Галактика бағдарламасында толтырады. Банкке төлем тапсырмасын, тізімді және файлды апарады.
4. Алиментті банк арқылы төлеу
Кассир карточкасы бар алимент алатындарға алименттерді банк арқылы карточкаға төлейді, ал карточкасы жоқ болған жағдайда есептік шотқа немесе жинақ кітапшасына аударады. Ол үшін, есеп бухгалтериясынан алынған,бас бухгалтер мен директор қол қойған тізімге сәйкес, төлем тапсырмасын толтырады.
Кассалық қызмет келісім шартына сәйкес, БЭК-офистер әр 10 күнде бір босатылған ақша қаражаттарының реестрін жасап, клиент-кәсіпорындарға жіберіп отырады. Реестрге ақша қаражатын босатуға негіз болатын үкім мен басқа да құжаттардың көшірмесі тіркеліп, өткізіледі.
Ағымдық қызметке байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының келіп түсуі (ағымдағы қызмет)
Тауарларды өткізуден:
Бұл бөлімде тауарларды өткізуден түскен ақша қаражаттарының қозғалысы көрсетіледі.
Сәйкесінше бұл қатарға мына операциялардың сомасы түседі:
Дт 1040, 1630 Кт 1211,1280,1222,1232 (тауарларды өткізу бойынша субшоттар)
Операция жүргізген кезде
Дт 1040, 1630 Кт 3322, 3332 (тауарға алдын ала төлем түседі), ақша қаражаттар счетында арналған мақсаты ретінде Тауарлар көрсетіледі.
Қызмет көрсетуден:
Бұл бөлімде қызмет көрсетуден түскен ақша қаражаттар сомасы көрсетіледі.

Дт 1040, 1630, Кт 1211,1280,1222,1232 (қызмет көрсету бойынша субшоттар)
Операция жүргізген кезде
Дт 1040, 1630 Кт 3322, 3332 (қызмет көрсетуге байланысты алдын ала төлем түседі), ақша қаражаттар счетында арналған мақсаты ретінде Қызмет көрсету көрсетіледі.
Алынған аванстар:
Бұл бөлімде тауарлардың, жұмыстардың, қызметті сатуды есепке ала отырып, ақша қаражаттарының аванс ретінде келіп түсуі көрсетіледі.
Басқа өзгелер жолына мына операциялардың сомасы түседі:
Дт 1040, 1630 Кт 3511,3512
Өзге де келіп түсулер
Бұл бөлімде филиалдар арасындағы қозғалысқа байланысты, конкурстық тапсырысты қамтамасыз етуге келіп түскен ақша қаражаттары көрсетіледі.Сонымен қатар басқа да келіп түсулер көрсетіледі.
Сәйкесінше жолдарға мына операциялардың сомалары түседі:
Дт 1040, 1630 Кт 3342 (филиалдар арасындағы қозғалыс)
Дт 1040, 1630 Кт 3514, 1618 (конкурстық тапсырысты қамтамасыз етуге)
Өзге де келіп түсулер бөлімі жоғарыда көрсетілмеген баптар бойынша келіп түскен ақша қаражаттарын ашу үшін қарастырылған. Сонымен қатар,ақша қаражаттарының қайдан келгенін, не үшін келгеніне байланысты түсініспеушілік болмас үшін, міндетті түрде қолдану мақсатын көрсету қажет.
Кәсіпорында банктегі шоттан белгілі бір аударым жасалуы мүмкін. Осы аударымның қандай мақсатта жұмсалғандығын көрсету үшін арнайы кодтар қолданылады. Ол кодтардың тізімі келесі кестеде көрсетілген.
КОДЫ
Аты
001
Іс-сапарға
002
Тұрмыстық шығындарға
009
Мамандар даярлауға арналған төлемдер
010
Қайырымдылық көмек
011
Ритуалды қызмет
012
Материалды көмек
013
Еңбек келісімшартына байланысты төлем
014
Несиелік шек
015
Қызметкерлердің қарыздары
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының келіп түсуі (инвестициялық қызмет)
Ақша қаражаттарының келіп түсуі, барлығы:
Бұл бөлімде негізгі құралды, материалды емес активті, және т.б. ұзақ мерзімді және қаржылық активті сатудан түскен ақша қаражаттарының есебі көрсетіледі.

Дт 1040, 1630 Кт 1211,1221,1222,1232.
Сонымен қатар сомалар тиісінше жолдарда көрсетілу үшін, ақша қаражаттарының қолдану мақсатын көрсетіп отыру қажет.
Ақша қаражатының шығысы (инвестициялық қызмет)
Бұл бөлімде негізгі құралдарды,материалды емес активтерді, және т.б. ұзақ мерзімді және қаржылық активтерді сатып алуға шығысталған ақша қаражаттары көрсетіледі.
Сәйкесінше жолдарға мына сомалар түседі:
Дт 3310,3321,3322,3332,1222,1232 Кт 1040, 1630
Дт 1611 Кт 1040, 1630 (жылдың басында негізгі құралға алдын ала төлем жасалып, ал счет кейін жіберілген болса)

Қаржылық қызметке байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының келіп түсуі (қаржылық қызмет)

Бұл бөлімде жарғылық капиталға салым,алынған қарыздар, қаржылық қызметтен өзге де түсімдер ретінде келіп түскен ақша қаражаттары көрсетіледі.
Ақша қаражатының шығысы,барлығы:
Бұл бөлімде қарыздарды жабуға, дивиденд төлеуге, қаржылық қызметке байланысты өзге де төлемдер үшін ақша қаражаттардың шығысы көрсетіледі.
РУ-6 ұйымы әрбір 6 ай сайын Самрұқ-Қазына ҰҚ-на дебиторлары мен кредиторлары бойынша салыстыру актісін тапсырып отырады.[Қосымша-3]
Ай сайын әрбір шот бойынша айналым ведомості құрылады
Касса бойынша жұмыс.
Қолма-қол ақшаны банктен чек бойынша алу үшін кассалық операцияларды жүргізу бойынша мекеменің кассирі банктен чек кітапшасын сатып алады. Мекемелердің чекті пайдалануы чек бланктерінің нөмірлерінің реттілігін сақтай отырып қамтамасыз етіледі, бұл ретте чек кітапшасы мемлекеттік мекеменің кассасынан тыс шығарылмайды. Банктен чек бойынша қолма-қол ақша алған кезде мекеменің кассирі банктiң бақылаушысының қатысуымен алынған жалпы соманы парақтап санайды және чекте көрсетiлген сомаға сәйкес екендiгiне көзiн жеткiзеді.
Банктен чек бойынша және карт шот бойынша алынған қолма-қол ақша дәл сол күні мекеменің кассасына кiрiске алынады, сол үшiн мекеменің кассирі кассалық кiрiс ордерiн жазып бередi (№ КО-1 нысаны). Кассалық кiрiс ордерi кассаға берiлгенге дейiн кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн тiркеу журналына тiркейдi . [Қосымша-5]
Бұдан басқа, бас бухгалтердің немесе оны ауыстырушы қол қойылған кіріс ордерінің нөмірі мен күні көрсетіле отырып, чек кітапшасы түбіртегенің арғы бетінде қолма-қол ақшаның кассаға кіріске алынғаны туралы жазба жасалады.
Қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде бас бухгалтер немесе оны уақытша ауыстырушы тұлға және мекеменің кассирі қол қойылған кассалық кіріс ордеріне квитанция беріледі.
Мекеменiң кассасынан қолма-қол ақша беру кассалық шығыс ордерлерi (№ КО-2 нысаны ) немесе төлем тізімдемесі бойынша жүргiзiледi, бұл құжаттарға мөртабан басылып, кассалық шығыс ордерiнің деректемелерi толтырылуы керек. [Қосымша-6]
Жекелеген тұлғаға кассалық шығыс ордерi немесе тізімдеме бойынша мекеменің кассирі ақша беру кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынуды талап етедi, құжаттың атауы мен нөмiрiн, оны кiм және қашан бергенiн жазып алады. Бұл ретте тізімдемеде жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер Ескерту бағанында көрсетіледі. Қолма-қол ақшаны алушы ақшаны алғанына қол қояды, қолхат алынған сомасын жазумен көрсете отырып, тек шариктi қаламсаптың пастасымен өз қолымен жазылады. Қолма-қол ақшаны тiзiмдеме бойынша алған кезде жазумен сомасы көрсетiлмейдi.
Мекеменiң штаттық санында жоқ тұлғаларға қолма-қол ақша әр тұлғаға жеке-жеке жазылатын кассалық шығыс ордерi бойынша немесе жасалған шарттар негiзiнде жеке тізімдеме бойынша берiледi.
Тiзiмдеменің титул (басты) парағында қолма-қол ақшалай қаражатты беру туралы рұқсат етiлген жазу жазылып, мекеменің басшысы мен бас бухгалтерiнің қолы қойылып, қолма-қол ақшаның берiлген күнi және жазбаша сомасы көрсетiледi.
Есепті ай біткен соң, барлық жүзеге асырылатын операцияларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында көрсету және бухгалтерлік есептілікті белгіленген мерзімде жасау мақсатында:
1) тiзiмдемеде төлем төленбеген тұлғалардың тегiнің қарсысына мөртабан басылады немесе Депозитке салынды деп қолмен белгi соғылады;
2) депозитке салынған соманың тiзiлiмi жасалады;
3) тiзiмдеменің соңында іс жүзінде төленген сома және депозитке салынуға жататын алынбаған сома туралы жазу жасалады, бұл соманы тiзiмдемедегi жалпы жиынымен салыстырылады және оған өзінің қолы қойылады;
4) кассалық кiтапқа iс жүзiнде төленген сома жазылады және тiзiмдемеге: №___ кассалық шығыс ордері деген мөртабан басылады. Бухгалтерлiк қызмет тiзiмдемеде мекеменің кассирі жасаған белгiлердi тексеріп, ол бойынша депозитке салынған және берілген соманы есептейдi.
Депозитке салынған сома банкке өткiзiледi және өткiзiлген сомаға бiр ортақ кассалық шығыс ордерi толтырылады, ол қолма-қол ақшалай салым жөнiндегi хабарландыру жазу үшiн негiз болады, онда бюджеттiк сыныптаманың коды мiндеттi түрде көрсетiледi.
Кассалық кiрiс ордерлерi мен олардың квитанцияларын, сондай-ақ кассалық шығыс ордерлерi мен тізімдемелерін мекеменің кассирі шариктi қаламсаптың пастасымен дәл де анық етіп толтырады. Бұл құжаттарда тазартуға, өшiрiп жазуға, түзетуге жол берiлмейдi.
Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн немесе тізімдемені алу кезінде мекеменің кассирі:
1) құжаттарда - бас бухгалтердің қолы, ал кассалық шығыс ордерi мен тізімдемеде - мекеме басшысының қолы болуын және оның растығын;
2) құжаттарды ресiмдеудің дұрыстығын;
3) құжаттарда аталған қосымшалардың болуын тексереді. Осы талаптардың бiрi болмаса бiрi сақталмаған жағдайда, мекеменің кассир құжаттарды тиiсiнше ресiмдеу үшiн бухгалтерлiк қызметке дереу қайтарады.
Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiне немесе тізімдемеге қосымшаларымен бiрге, күнi, айы, жылы көрсетiле отырып, мiндеттi түрде Алынды немесе Төленді деп жазылған мөртабан басылуға жатады.
Әрбiр мекеме нөмiрленген, жiппен қайымдалған және сүргiштi немесе мастикалық мөр басылған тек бiр ғана кассалық кiтапты жүргiзедi. Кассалық кiтаптағы парақтардың саны басшының, бас бухгалтердің қолымен расталады.
Кассалық кiтаптағы жазу көшiргi қағаз арқылы 2 дана етiп жазылады. Парақтардың екiншi даналары жыртылады және мекеменің кассирдің есеп беруiне керек болады. Парақтардың бiрiншi даналары кассалық кiтапта қалады. Парақтардың бiрiншi және екiншi даналары бiрдей нөмiрлермен нөмiрленедi.
Кассалық кiтапта өшiруге және ескертiлмеген түзету енгiзуге тыйым салынады. Кiтапта қатенi түзету, түзетудің күнi көрсетіле отырып, Түзетiлдi деген жазумен ескертiлуге және мекеменің кассир мен бас бухгалтердің қойылған қолымен расталуға тиiс.
Кассалық кiтапқа жазуды мекеменің кассирі әрбiр ордер немесе тізімдеме бойынша қолма-қол ақшаны алғаннан кейiн немесе бергеннен кейiн жазуға тиiс. Күн сайын, жұмыс күнiнiң аяғында мекеменің кассирі бiр күнге операциялардың қорытындысын есептеп, келесi күнге кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шығарады, сөйтiп екiншi жыртылмалы парақты (кассалық кiтаптағы бiр күнгi жазбалардың көшiрмесiн) кассалық кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге есеп ретiнде бухгалтерлiк қызметке берiп, кассалық кiтапқа қол қояды. Сонымен бiрге кассадағы қолма-қол ақша қалдығын iс жүзiндегi қолма-қол ақшамен салыстырады.
1. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
РУ-6 компаниясының материалдарын негізгі жеткізушісі болып Сауда-көлік компаниясы табылады.
Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау орташа өлшемді құн әдісі арқылы бағаланады. Орташа өлшемді құнды анықтау үшін ақпараттар базасына көлеміне, бағасына,құны бойынша ай бойы материалдардың келіп түскені және босатылғанын құжаттары арқылы тіркеп отырады. Қоймалар мен басқа да материалды жауапты тұлғалардан құжаттар(шектеп алу карталары, жүк құжаттары) айына бір рет бухгалтерияға өткізіліп отырады. Сонымен қатар құжаттар ай барысында дайын болуына байланысты өткізіліп отырады.Құжаттар өткізілгеннен кейін Галактика бағдарламасы автоматты түрде жаңадан орташа құнды есептейді. Галактика бағдарламасының ақпараттары бастапқы болып табылады, сондықтан есепті айға кірістеу шығыстау операциясын жүргізгеннен кейін Галактика бағдарламасында нақтыланған орташа құн әр айдың бірінші күніне қоймалық есеп карточкаларына көшіріледі.
Ион алмасу смоласының есебінің ерекшеліктері.
Уран өндіруші өндіріс компаниясының ерекшелігіне байланысты технологиялық үрдістің өндіру жұмыстарында ион алмасу смоласы қолданылады. Олардың өндіріске қатысуында, өзіндік құнға апарылуында өзіндік ерекшеліктер бар.
Смолалар технология бойынша өндіріске қажетті көлемде бір рет беріліп, ұзақ уақыт бойы (6 айдан 1,5 жылға дейін) пайдаланылады және технологиялық үрдістің әр стадиясына бөліп таратылады.Сонымен қатар, өзіндік құнын өндірілген уран өніміне теңдей таратылады. Осы мақсатта ұйымның есеп саясатында 2613 - Ион алмасу смоласы шоты қарастырылған. Бұл шоттың дебеті бойынша қоймадан жеке жүкқұжат арқылы босатылған ион алмасу смоласының құны көрсетіледі.Ал кредиті бойынша жұмсалған смоланың құны көрсетіледі.Смоланың жұмсалған мөлшерін ай басындағы және ай соңындағы қалдықты тіркеу Актілерін салыстыру арқылы есептейді. Ай бойынша жалпы шыққан шығынды анықтағаннан соң, иониттің 1 кг уран өндіруге кеткен көлемін есептеп, соның негізінде өндірске жұмсалған смола шығысқа шығарылады.
Компанияның шот жоспары бойынша материалдар 1300 Қорлар бөлімінің келесі шоттарында есепке алынады:
1. 1311 - Шикізат және материалдар
2. 1312 - Сатып алынған жартылай фабрикаттар, конструкциялар және бөлшектер
3. 1313 - Жанар май
1313.01-Жанар-жағар май қоймасында
1313.02-Автокөлік бактарында
4. 1314 - Ыдыс және ыдыс материалдары
5. 1315 - Қосалқы бөлшектер
6. 1316 - Өзге де материалдар
1316.01 - Бір жылға дейінгі еңбек заттары
1316.02 - Өзге материалдар
1316.03 - Қоймадағы арнайы киім
1316.04 - Темір қалдықтары
7. 1317 - Өңдеуге босатылған материалдар
8. 1318 - Құрылыс материалдары
Тауарлы-материалдық қорларды сатып алу кезінде нақты өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Оның құрамына мыналар кіреді:
oo Жеткізушінің шот-фактурасы бойынша көрсетілген құны
oo Кеден баж салығы
oo Жеткізу-дайындық жұмыстары
oo Жеткізушілер мен мердігерлік ұйымдарға комиссиялық төлемдер
oo Материалдарды сатып алумен тікелей байланысты өзге де шығындар
Қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру.
Қойманы ұйымдасытруға қойылатын талаптар:
oo Қойма құрылыстарын қажетті күзет техникасымен, өрт қауіпсіздігінен қамтамасыз ету
oo Материалдарды сақтау орындарын өлшеуіш құралдармен, өлшейтін ыдыспен қамтамасыз ету
oo Келісімшарт негізінде материалдық жауапкершілікті рәсімдеу
Материалдардың бөлімшелер арасында қозғалысын реттеі үшін келесі құжаттар пайдаланылады:
oo сенімхат-- материалдардық құндылықтарды қабылдау кезінде сенім уәкілетті тұлғаның атынан жұмыс істеуге рұқсат беретін құжат.[Қосымша-7]
oo Кіріс ордері (М-4 формасы)-- жеткізушілерден келіп түскен материалдарды тіркеуге арналған құжат.
oo Материалдарды қабылдау актісі (М-07 формасы) -- құжаттардағы мәліметтер сәкес келмеген жағдайда материалдарды қабылдауға арналған құжат.
oo Жетіспеушілік туралы акт (М-7а) -- материалдардың жетіспеушілігі орын алған жағдайды тіркеу үшін арналған құжат.
oo Шектеп - алу картасы (М-8 форма) -- босатылған материалдарды тіркеуге, шектелген норманы сақтауды бақылауға, қоймадан есептен шығаруға арналған құжат. Шектеп - алу карталары жоспарлау-экономикалық бөлімімен ай сайын шығарылады.Шектеп-алу картасына қойма басшысы мен цех бойынша материалды жауапты тұлға қол қойып алады. [Қосымша-8]
oo Шектен асқан материалдарды талап ету құжаты арқылы босатылады. Бұл құжат цех басшысының қызметтік хаты негізінде рәсімделіп,директор мен бас бухгалтердің қолы қойғаннан соң рұқсат етіледі.
oo Алу карталары -- жанар-жағар майды көлік жүргізушілерге босату кезінде қолданылады. Алу карталары көліктің маркасы мен номерін, көлемі мен мерзімін көрсете отырып, әр жүргізушіге ашылады.
oo Ішкі орын ауыстыруға жүкқұжат (3-6 формасы) -- компанияның ішіндегі материалдардың қозғалысын тіркеуге арналған құжат. [Қосымша-9]
oo Материалдық құндылықтарды кіріске алу Актісі -- ғимараттар мен құрылғыларды және басқа да негізгі құралдарды есептен шығарудан түскен материалдарды кіріске алуға арналған құжат.
oo Талап ету құжаты -- жұмысшыларға арнайы киім берілген кезде рәсімделетін құжат. [Қосымша-10]
Материалдардың қоймадағы есебі.
Материалдардың әрбір түріне қоймада М-17 формасындағы карточка ашылады.Онда материалдың өлшем бірлігі, бағасы, типі, маркасы, номенклатуралық номері және т.б. көрсетіледі. Бұл карточкаларға жазба кіріс және шығыс құжаттарының негізінде толтырылады. Жазуларды карточкаға түсіргеннен кейін, ай соңына қалдық сомасы есептеледі.Ай аяқталған соң, 3-не дейін бухгалтерия қызметкері қоймада кіріс және шығыс құжаттары негізінде қоймалық есеп карточкаларын тексереді. Содан соң, реестр бойынша қоймадан кіріс-шығыс құжаттары бухгалтерияға өткізіледі.
Кіріс-шығыс құжаттарын алып, Галактика бағдарламасына мәліметтерді енгізеді. Құжаттарды бухгалтерияға өткізу аптасына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Нәтижесінде Галактика бағдарламасынан төмендегідей құжаттарды дайындайды:
1) Әр шот бойынша талдамалық есеп ведомосі
2) Материалды жауапты тұлғалар бойынша материалдардың есепте барлығы жөніндегі ведомосі
3) Материалды жауапты тұлғалар бойынша материалдардың қозғалысы жөніндегі ведомость
4) Материалды құндылықтардың қозғалысының айналым ведомосі
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі. Бұл әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінің өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі. Бұл әдіс бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандығы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
ФИФО әдісі. ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша бағалау әдіс болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандығы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
Материалдардың өндірістегі есебі.
Өндірісте қолдануға арналған,жанар-жағар май, арнайы киім, еңбек құралдары мен заттарын қоспағанда, материалдардың құны толығымен өндірілетін өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Жанар-жағар майды есепке алу.
Жанар-жағар майдың (ЖЖМ) есебі басқа материалдардың есебінен өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені ол сақталу орнына байланысты ұйымдастырылады:
oo Жанар-жағар май сақтау қоймасында
oo Көлік құралдарының багында.
ЖЖМ-дың қоймалық есебі салмағының өлшем бірлігі (кг) бойынша жүргізіледі.
Жанар-жағар майды қабылдау, сақтау, босату және тасымалдау үшін көлемді-салмақтық әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша ЖЖМ-дың көлемі қазіргі температурадағы көлемі мен тығыздығының салмақ өлшем бірлігінде есептеледі.
Келіп түскен және кіріске алынған ЖЖМ-ды бақылау үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің журналы арналады.Журналдағы жазулар тасымалдау және жөнелту құжаттары, ЖЖМ-ды қабылдау актісі негізінде жүргізіледі.
Жанар-жағар майды босату үшін тауар-тасымалдау жүкқұжаты 3 данада толтырылады.
Қоймадан көлік жүргізушілерге жжм-ды босату алу карталары арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар жанар майды босатқан кезде, алу картасы қоса жолдама толтырылады.
Басқа жағдайларда жанар-жағар майды шектеп-алу карталары немесе талап ету құжаты арқылы босатады.
Ай аяқталған соң, алу карталары топталып, жүргізушілерге босатылған жанар майдың көлемі литр бойынша есептеледі.
Қоймадан көлікке берген кезде келесідей бухгалтерлік жазу жүргізіледі:
Дт 131302 көлік құралдарындағы ЖЖМ
Кт 131301 қоймадағы ЖЖМ
Жанар-жағар майды сатып алу қолма-қолсыз келісімшарт негізінде және қолма-қол ақшамен есебі берілуге тиісті ақшамен жүргізіледі.
Әр айдың 26 күні арнайы құрылған тұрақты комиссия технологиялық үрдістегі қалдықты тіркеуге шығады және қорытынды бойынша акт толтырады.
[Қосымшалар-11,12]
4. Өндірілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет және оны сату есебі.
Кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Ұйым уран өндірумен айналысатын болғандықтан, оның қызметі бірнеше кезеңнен тұрады.
Алдымен Тау-Кен Компаниясы ЖШС-мен келісімшартқа отырады. Содан соң, келісімшартқа сәйкес атқаратын қызмет көлемі анықталады. Көлемі, бағасы, мерзімі анықталғанна кейін, РУ-6 ЖШС-і өзінің атқаратын қызметіне кіріседі.
Бірінші кезеңде тау-кен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыспен келісімшарт бойынша Волковгеология компаниясы айналысады. РУ-6 компаниясы Волковгеология компаниясын жалдай отырып, материалдармен қамтамасыз етеді. Волковгеология компаниясы РУ-6 компаниясына технологиялық, бақылаушылық және барлау ұңғымаларын бұрғылаумен және бұрғылау агрегаттарын тасымалдаумен айналысады. Сонымен бірінші кезең аяқталған соң, тау-кен дайындық жұмыстарын Тау-Кен Компаниясы ЖШС-не сатады. [Қосымша-13,14,15]
Тау-Кен Компаниясы ЖШС-і тау-кен дайындық жұмыстарын сатып алғаннан кейін, уран өндірісіне РУ-6 ЖШС-мен келісімшартқа отырады. Келісімшартқа сәйкес РУ-6 компаниясының қызметінің көлемі, құны және мерзімі анықталады. Осыған сәйкес кәсіпорын келесі кезеңді бастайды.
Екінші кезеңде ұңғымалар арқылы уран өндірісін бастайды. Уран солтүстік және оңтүстік Қарамұрын кенішінде өндіріледі. Ол үшін өндіріске келесі материалдар босатылады:
1. Ұңғымалы насостар
2. Әр түрлі трубалар
3. Шлангтар
4. Сеткалар
5. Каучук содасы
6. Аммиакты селитра
7. Химиялық реактивтер
8. сера қышқылы және т.б.
Материалдарды пайдалана отырып, жер астына химиялық заттарды жібереді. Уақыты келгенде, жер астына жіберілген химиялық заттармен бірге уранды насостар арқылы сорып алады. Алынған сұйық күйіндегі уранды есептеп, Тау-Кен Компаниясы ЖШС-не атқарған қызметті сатып, счет жібереді. [Қосымша-16]
Тау-кен өндірісі радиациялық қауіпті болып саналатындықтан, оның мөлшерін стандартқа сәйкес бақылап отыру қажет. Реммонтажсерсервис ЖШС-гі күнделікт і радиацияның мөлшерінен асып кетпеуін жүзеге асырады. [Қосымша-17]
Тау-Кен Компаниясы ЖШС-і сұйық күйіндегі уранды сатып алғаннан кейін, РУ-6 ЖШС-мен сұйық күйіндегі уранды табиғи уранның химиялық концентраты (ТУХК), басқаша айтқанда сары кек күйіне дейін өңдеуге келісімшартқа отырады. Сөйтіп келесі сатысында кәсіпорын өңдеуге көшеді.
Үшінші кезеңінде сұйық күйіндегі уранды ТУХК айналдыру үшін, бірнеше сатыдан тұратын өңдеу үрдісінен өткізеді.
Өңдеудің алғашқы стадиясы болып уранды сорбциядан өткізу болып табылады. Ол үшін мынадай шығындар жұмсалады:
1. ион алмасу смоласы
2. қалайы сеткасы
3. электр қуаты
Екінші сатысы регенерация деп аталады. Ол келесі шығындардан тұрады:
1. ион алмасу смоласы
2. аммиак селитрасы
3. сера қышқылы
4. қысымдалған ауа
5. электр қуаты
6. техникалық су
Үшінші сатысы тұнықтыру үрдісі жүреді. Ол кезде төмендегідей шығындар жұмсалады:
1. каустикалық сода
2. қысымдалған ауа
3. электр қуаты
Соңғы сатысы болып фильтрлеу болып саналады. Бұл стадия мынадай шығындарды қамтиды:
1. фильтр-пердесі
2. қысымдалған ауа
3. электр қуаты
4. техникалық су
Сатуға байланысты шығындар.
Дайын өнімді өңдеп, өндіріс біткеннен соң, оны сату үшін белгілі бір шығындар жұмсалады. Оның есебі 7110 шот бойынша жүргізіледі. Нақты РУ-6 ЖШС-не келетін болсақ,бұл кәсіпорын қызмет көрсетумен айналысады. Сондықтан сатуға кеткен шығындар ретінде Бірінші Тауарлы Өнімді ТУХК-қа дейін өңдеуден өткізіп, тапсырыс берушіге жеткізу шығындары жатады. Тасымалдау қызметі үшін кәсіпорын Сауда-Транспорттық Компаниямен (СТК) келісімшартқа отырған. Оның қызметтері келесідей бөлінеді:
1. автобаза қызметі
2. темір жол көлігімен жүк тасымалдау қызметі
3. техникалық қызмет көрсету қызметі
4. ТУХК-ны түсіру қызметі
5. Тиеу, вагондарды тазалау және т.с.с. жүкті жіберу кезіндегі жұмыстар
6. Көлік жолмен пайдаланғану қызметі
Қоймада сақтау тәртібі.
Дайын өнімді қоймада сақтау тәртібі 12-2007 ҰАК Стандарты бойынша жүргізіледі. Физика-химиялық көрсеткіштері бойынша сақталатын уран концентраты келесі талаптарға жауап беруі керек:
Көрсеткіштер атауы
Нормасы
Уранның үлестік көрсеткіші, %
35,0
Азот қышқылында ерімейтін қалдықтың үлестік көрсеткіші, %
1,2
Ылғалдылықтың үлестік көрсеткіші,%
30,0
Уран концентратын сақтау орындары арнайы желдеткішпен жасақталуы керек. Ауаның санитарлы-гигиеналық жағдайы ГОСТ 12.1.005 сәйкес болуы керек. Барлық желдеткіш құралдары ауаны атмосфераға жібермес бұрын арнайы шаңның,газдың фильтрлерімен жасақталуы керек.
Үшінші кезең аяқталғаннан соң, РУ-6 ұйымы сары кек күйіндегі уранды Өскемен қаласындағы УМЗ заводына тиеп жіберіп, Тау-Кен Компаниясына орындалған қызметке қосымшаларымен бірге шот ұсынады. [Қосымша-18]
Қабылдау.
Концентрат партия бойынша қабылданады. Бір партияда концентрат тиелген 2,5 м3-лік контейнер қабылданады. Партияның салмағы 2000-нан 4500 кг-ға дейін болады. Тиелмес бұрын әрбір тасымалдау-қаптау комплектісі тексеріледі. Әр контейнерде мынадай ақпарат көрсетіледі:
# контейнердің номері
# бос контейнердің салмағы
# күні
# бақылаушының аты-жөні мен қолы
Концентраттың әр партиясы сапалық сертификатпен бірге тасымалданады. Сонымен қатар әр концентраттың партиясына радияциялық бақылау актісі болады.
Тиеу.
Концентратты КД И65.281.00.000 конструкторлық құжаттамасы бойынша жасалған, радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау талаптарына сәйкес сынақтан өткен және қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген, арнайы бірнеше рет пайдалануға арналған тасымалдау қаптамасына тиеледі. Әрбір контейнерге ГОСТ 19433 стандарттың 7 және 2 дәрежедегі қауіпті деген белгі соғылады.
Тасымалдау.
Концентратты тасымалдау қауіпсіздік талаптарына сәйкес темір жол немесе автокөлік арқылы жүзеге асырылады. Контейнерлерді орналастыру тасымалдау кезінде жылжып кетпейтіндей ететін әдіспен орналастырылады.
Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ГОСТ 12.3.009. қауіпсіздік талаптары сақталуы қажет. Тиеу-түсіру жұмыстары арнайы жабдықталған аймақта, арнайы техникаларды пайдалана отырып жүргізіледі.
Концентрат қапталған күйінде жабық аймақта немесе төбесі жабық базаларда сақталуы керек. Концентратты сақтау мерзімі шектелмеген.
Егер концентраты бар контецнерді автокөлікпен тасымалдайтын болса, онда оның жүккөтергіштігіне, конструкциясына қарай орналастырылуы керек. Сонымен қатар бұл автокөлікке басқа да жүк тиеуге тыйым салынады. Автокөліктің тасымалдау жолы қаладан, өндіріс орындарынан, демалыс орындарынан жақын болмауы керек және бақылау органдарымен келісілген болуы керек.
Егер концентратты темір жолмен тасымалдайтын болса, онда тасымалдау жолында сұрыпталмайтын вагондарға тиеледі. Концентрат тиелген вагондармен маневр жасаған кезде соқтығысу жылдамдығы 3 кмсағ аспау керек.
5. Ұзақ мерзімді активтер және оның қаржыландыру көздерінің есебі.
Негізгі құралдар дегеніміз -- бұл ұзақ уақыт аралығында материалды өндірістежәне материалды емес өндірісте пайдаланылатын материалды актив. Шот жоспары бойынша негізгі құралдар мына шоттарда есептеледі:
2411-- Жер
2412 --Ғимараттар мен құрылғылар
2413--машиналар, қондырғылар
2414--көлік құралдары
2415--өзге негізгі құралдар
2421--ғимараттар мен құрылғылардың тозуы
2422--машиналар, қондырғылардың тозуы
2423--көлік құралдарының тозуы
2424--өзге негізгі құралдардың тозуы
2425--ғимараттар мен құрылғылардың құнсыздануы
2426--машиналар, қондырғылардың құнсыздануы
2427--көлік құралдарының құнсыздануы
2428--өзге негізгі құралдардың құнсыздануы
2429--аяқталмаған құрылыстың құнсыздануы
Негізгі құралдарды бағалау:
Бастапқы құны бойынша
Ағымдық құны бойынша
Сату құны бойынша
Жойылу құны бойынша
Баланстық құны бойынша бағаланады.
Баланстық құн дегеніміз-- бұл бастапқы немесе ағымдық құннан жинақталған тозу құнын алып тастаған құны болып табылады.
Жойылу құны дегеніміз-- бұл қосалқы бөлшектердің, қалдықтардың, және екінші рет қолдануға болатын, негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімінен кейін істен шығуынан пайда болатын басқа да материалдардың құны болып табылады.
Сату құны-- бұл негізгі құралдардың айырбастау мүмкін болатын құны.
Ағымдағы құны-- бұл негізгі құралдардың нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі.
Бастапқы құнға негізгі құралдарды сатып алу немесе тұрғызуға байланысты барлық шығындар жатады, оның ішінде төленген салықтар, алымдар, мемлекеттік баж, жеткізуге, орнатуға, іске қосуға байланысты шығындар, несие бойынша пайыздар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны төмендегідей анықталады:
Салымшылар жарғылық капиталға жарна ретінде салған кезде-- салымшылардың арасында келісілген құны бойынша;
құрылыс салған кезде, өндіріп шығарған кезде, сатып алған кезде-- нақты шығындардың сомасы арқылы
заңды және жеке тұлғалардан өтеусіз келіп түскен кезде--қабылдау-өткізу актісі бойынша.
Негізгі құралдар келіп түскен кезде оны қабылдап алу үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссияның құрамына міндетті түрде бас инженер, механик, техникалық бөлімнің өкілі, объект беріліп жатқан цех бастығы болуы тиісті.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісімен (НҚ-1) рәсімделеді. Қабылдау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz