Жеміс ағаштарын күтіп баптау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖЕМIС БАҒЫН ОТЫРҒЫЗУ ЖӘНЕ КҮТIП-БАПТАУ
1. 1 Жемiс бақтары отырғызылатын жердi ұйымдастыру және
отырғызу технологиясы . . . 6
1. 2 Бақ типтерi . . . 11
1. 3 Дақылдар мен сорттарды таңдау, оларды орналастыру . . . 13
1. 4 Жердi таңдау және дайындау . . . 15
1. 5 Бақ отырғызу . . . 17
2 ЖАС ЖӘНЕ ЖЕМIС САЛЫП ТҰРҒАН БАҚТАРДЫ БАПТАУ
2. 1 Қатар аралықты ұстау жүйесі . . . 21
2. 2 Жемiс бақтарына тыңайтқыштар енгiзу . . . 31
2. 3 Суару жүйесi . . . 38
2. 4 Жеміс ағаштарын күтіп баптау . . . 45
3 ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫРПУ
3. 1 Шырпу маңызы, мақсаты және түрлері . . . 58
3. 2 Өсу мен жеміс салуды реттеу тәсілдері . . . 63
3. 3 Ағаш бөрікбасын қалыптастыру . . . 64
3. 4 Жеміс жинауды ұйымдастыру . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жемiс шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң бiр саласы. Бұл саланың негiзгi зерттелетiн нысаны - көп жылдық ағаш және бұтақ тектес өсiмдiктердiң жемiстерiн, жидектерiн және жаңғақтарын алу үшiн өсiрiлетiн дақылдар. Жемiс шаруашылығы жеке дара ғылым ретiнде жемiс-жидек дақылдарының өсу, даму, көбею, өнiм салу және агротехникалық күту тәсiлдерiн анықтай келе, мол, сапалы өнiм алу заңдылықтарын зерттейдi.
Жемiс-жидектiң маңызы, оның пайдалылығы, әсiресе, азық-түлiктiк, емдiк, диеталық қасиеттерi адамға өте ерте заманнан белгiлi болған. Жасаң немесе қайта өңделген жемiс-жидек азық-түлiк және халық емшiлiгiнде сан ғасырлар бойы пайдаланылып келедi.
Олар аса маңызды емдiк қасиеттерi бар азық-түлiк қана емес, сонымен бiрге, тамақ өнеркәсiбiнде таптырмайтын шикiзат, қоршаған ортаны қорғауда санитарлық-гигиеналық шаралардың бiрi де болып саналады. Оны өсiрумен тек шаруашылықтар ғана емес, жекелеген азаматтар да шұғыл-данады. Түрлi бақтар, саяжайлар қала мен ауылды желден, шаңнан қорғайды, олардың жапырақтары көмiр-қышқыл газын бойына сiңiрсе, елдi мекедерге көлеңке түсiрiп, жердi құрғатпайды, сөйтiп ауа райын бұрынғыдан да жақсарта түседi.
Жемiс бақтары елдi мекендерге сән берiп, адамдардың эстетикалық сезiмiне әсер етедi. Сондай-ақ бақ егiп, оны күтiп-баптау адамдарды шынықтырып, сауықтырады, әрi табиғатпен байланысын жақындатады. Оның маңыздылығы кейiнгi уақытта мүлде күшейiп отыр. Қазiргi кезде азаматтық энергиялық, транспорттық, агрономиялық, гидротехникалық алып құрылыстардың өрiс алуы, адам баласының өсу қарқыны, олардың қоршаған ортаға әсерi, табиғаттың өзi әкелген зиянды құбылыстар орнын толтыру есебiнен әлденеше есе артып кеттi. Сондай-ақ, XX ғасырдың екiншi жартысында, қоршаған ортаның зиянды қоқыстармен, канцерогендi
және радиоактивтi заттармен ластануы адамзат денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Сондықтан қоғамдық өндiрiс процестерiнiң барысында жер, ауа, су т. б. қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдiгiн сақтауда және адамдардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыруда жемiс-жидек дақылдарының мiндетi зор. Тiптi, бiздiң арғы тегiмiз - алғашқы адамдар күнделiктi тiршiлiгiнде өсiмдiк жемiсiн жинап күн көрген. Жемiс және жидек құрамында қоректiк заттардан басқа витаминдердiң (А, В 2 , В 6 , С, РР т. б. ), жеке биологиялық белсендiлiгi жоғары заттардың болуы, олардың пектиндермен үйлесуi адам организмiне зиянды бөлшектерiнiң енуiнен сақтап немесе бөлiнуiн тездетедi.
Қазақстан Республикасында жемiс-жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнiмдер алатын экономикалық тиiмдiлiгi зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейiп келедi [1] .
Мысалы, 1991 жылы Республикада осындай шаруашылықтардың саны
0, 3 мың га болса, 2001 жыл бiр мыңға жетiп отыр (Казахстан в цифрах,
2001) .
Бiрақ соңғы жылдары жемiс шаруашылығының жалпы көлемi мен өндiрiлетiн өнiм мөлшерi күрт төмендеп кеттi.
Қазақстанда, соңғы деректер бойынша (Казахстан в цифрах, 2001), 1996 жылы жемiс шаруашылығының көлемi 96, 5 мың гектар болса, 2000 жылы - 65, 1 мың гектар. Сондай-ақ жалпы өндiрiлген өнiмнiң мөлшерi 1996 ж 341 мың т. болса, 2002 жылы 202, 0 т болды. Жалпы өндiрiлген өнiм мөлшерiнiң азаюы, тiкелей жан басына шаққанда, дәрiгерлiк норма бойынша 95 кг қажет болса, соңғы 1996-2000 жылдары 7-14 кг аралықта өндiрiлдi. Осы жағдайды ескерсек, жемiс шаруашылығы мамандарының алдында көптеген шешiлмеген сұрақтар бар.
Ұсынылып отырған бұл дипломдық жұмыста Қазақстан республикасында жемiс-жидек өсiрудiң теориялық және практикалық мәселелерiн топырақ-климаттық аймақтарда, биологиялық ерекшелiктерiне қарай баяндайды.
Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Бiздiң Республикамызда жемiс шаруашылығының дамуына көп еңбек сiңiрген ғалымдар қатарына А. Ж. Жанғалиев, А. П. Драгавцев, А. Н. Кацейко,
В. П. Понамарчук, В. И. Васильев, А. П. Андронов, Б. Г. Матаганов, К. Г. Карычев, Е. Г. Раузин, С. Н. Олейченко; О. А. Үкiбасов т. б. жатады.
Жер шарында жемiс-жидек дақылдарының мыңдаған түрлерi өсiрiледi. Олар 60-тан астам тұқымдастарға 200-ге жуық тектестерге бiрiгедi.
Қазақстанда жемiс өсiмдiктерiнiң 22 түрi өсiрiледi, олардың 10-12-сi негiзгiлерi болып табылады. Оның iшiнде екi жемiс (алма, шие) және 4 жидек тектес (бүлдiрген, таңқурай, қарақат, тұшала) дақылдар барлық жерде бiрдей өсiрiледi деп айтуға болады.
Қазақстанда жалпы жемiс-жидек дақылдарының 90%-дан астамы төмендегiдей өсiмдiктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрiк, шабдалы. Биологиялық жағынан жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң 95% раушан гүлдiлер тұқымдасына жатады.
Академик Н. И. Вавиловтың теориясы бойынша мәдени жемiс-жидек өсiмдiктерi негiзiнен осы жабайы дақылардың көп өскен аймақтарынан таралғанын дәлелдейдi. Қазiргi уақытта жер жүзiнде мәдени жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң 12 пайда болу орталығы анықталып отыр, олардың iшiнде ТМД және Қазақстан үшiн негiзгiлерiне: Қытай-Жапония (алма, алмұрт, өрiк, шие, алхоры, құрма, грек жаңғағы, бадам), Орта Азия (алма, алмұрт, өрiк, шие, бадам, алхоры, грек жаңғағы, майлы жиде, орман жаңғағы), Оңтүстiк Америка (бүлдiрген), Солтүстiк Америка (алхоры, шие, қарақат, тұшала, бүлдiрген, пiсте), Алдыңғы Азия (беке, орман жаңғағы, анар, үй алхорысы т. б. ), Еуропа-Сiбiр (алманың мәдени түрлерi, алмұрт, қызыл шие, орман жаңғағы, қарақат, шырғанақ) аймақтары жатады.
Жемiс-жидек дақылдары шығу тектерiне, жемiсiнiң құрылымына, биологиялық және өндiрiстiк ерекшелiктерiне қарай 6 топқа бөлiнедi: шекiлдеуiктi, сүйектi, жидектi, жаңғақты, субтропикалық және тропикалық.
Қазақстанның жемiс-жидек шаруашылығында шекiлдеуiктiлер 46, 4 мың (71, 0%), сүйектiлер - 9, 57 мың (10, 5%), жидектер - 7, 9 мың (12, 9%), ал жаңғақтылар - 350 гектар жердi алып жатыр, субтропикалықтар - тек қана 1 га жерге өсiрiледi.
Диплом жұмысының мақсаты: Жеміс ағаштарын күтіп-баптау тәсілдерін зерттеу.
Диплом жұмысының міндеті:
- Жемiс бақтары отырғызылатын жердi ұйымдастыру және
отырғызу технологиясын меңгеру;
- Дақылдар мен сорттарды таңдау, оларды орналастыру;
- Жердi таңдау және дайындау, бақ отырғызуды үйрену;
- Жемiс бақтарына тыңайтқыштар енгiзу және суару жүйесiмен танысу;
- Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу;
- Өсу мен жеміс салуды реттеу тәсілдерін меңгеру;
- Ағаш бөрікбасын қалыптастыру;
- Жеміс жинауды ұйымдастыру.
Ғылыми жаңалығы:
- Жемiс ағаштарын отырғызу технологиясы жете зерттелді;
- Бақша дақылдары мен сорттарды таңдау мен оларды отырғызу, тыңайтқыштар енгiзу және суару жүйесi, жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу жұмыстары практика жүзінде жүргізілді.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс 67 беттен құралған. Кіріспеден, қорытындыдан, 3 тараудан және пайдаланылған әдебиттерден тұрады.
1 ЖЕМIС БАҒЫН ОТЫРҒЫЗУ ЖӘНЕ КҮТIП-БАПТАУ
1. 1 Жемiс бақтары отырғызылатын жердi ұйымдастыру және
отырғызу технологиясы
Бақты жобалап, ұйымдастыру . Жемiс өсiмдiктерiнiң өнiмдiлiгi мен экономикалық тиiмдiлiгi, ағаштардың ұзақ тiршiлiк етуi және олардың
қолайсыз жағдайларға төзiмдiлiгi көп жағдайда бақты отырғызу кезеңiндегi жұмыстарға байланысты.
Бұл кезде бақ отырғызу үшiн орын дайындау территориясын ұйымдастыру, топырақ астын мәдениелендiру және суландыру, тұқым, сорт және телiтушi сұрыптап дайындау, оларды орналастыру, отырғызу және қоректендiру алаңын анықтау секiлдi мәселелер шешiледi.
Бақ шаруашылығында ең күрделi ұйымдастыру кезеңi - бақ отырғызу. Өйткенi, ол бiр мезгiлде орындалатын, белгiлi бiр қиындығы бар, көптеген өндiрiстiк процесстердi қысқа мерзiмде орындауды талап етедi. Сондықтан да өнеркәсiптiк болса да, жеке болса да бақ отырғызуға күрделi құрылыс секiлдi, байыппен қарау керек.
Бақ үшiн орын таңдау территориясын ұйымдастыру, тұқым мен сорт таңдау шаруашылықтың және бүкiл аймақтың экономикасын ескере отырып, өнеркәсiптiк жемiс шаруашылығының технологиясын iрiктеу мәселелерiн жаппай ғылыми тұрғыда шешу үшiн арнайы жоба жасау қажет.
Мұндай техникалық-экономикалық негiзделген жобаны - жобалау институттары жасайды. Қазақстандағы ондай мекеме - «Казсадпроект». Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға берiледi, бақ территориясы, суландыру жүйесi, жол жүйесi, өнеркәсiптiк және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелерi ұйымдастырылады. Орынды технологияны iрiктеуге бақ конструкциясын (типiн) белгiлеу тұқымдар мен сорттар және телiтушiлер таңдау, оларды орналастыру жүйесiн белгiлеу механизмдердi кең пайдалануға мүмкiндiк беретiн бөрiкбасын қалыптастыру жұмыстары енедi.
Қазiргi кезде жеке фермерлер, шаруа қожалықтары бақты құру жолдарын өздерi ұйымдастыра бiлгенi жөн. Себебi басқа жобалау институттарына iстетiн болса, ол өте қымбатқа түседi.
Бақ отырғызуға бiрiнен соң бiрi орындалатын үш кезең кiредi: 1) орын таңдау және бақ территориясын ұйымдастыру; 2) топырақты жемiс отырғызар алдында дайындау; 3) бақ отырғызу.
Бақ отырғызатын орынды таңдау . Орын таңдау кезiнде жер бедерiне, климат жағдайларына баға берiледi. Бұл кезде iрi су көздерiнiң, таудың, елдi мекеннiң орналасуы, жолдың, темiр жол стансаларының орналасқан жерлерi, бәрi ескеріледi.
Жер бедерiн бағалау - жемiс өсiмдiктерiнiң өсуi мен өнiмдiлiгiне көп әсерiн тигiзедi. Ол өсiмдiк тiршiлiгiнiң басқа факторларын қайта бөлетiн
фактор болып табылады. Мысалы, беткейдiң экспозияциясына байланысты температура көрсеткiштерi, ауа мен топырақтың ылғалдылығы, жарық жағдайы және топырақ құнарлылығы өзгередi.
Бақ отырғызу үшiн көбiне жазық жерлер (су айырығы, тегiстiк) және беткейлер секiлдi элементтерi пайдаланылады [2] .
Су айырығы - сумен жеткiлiктi қамтамасыз етiлген жағдайда бақ үшiн жақсы орын. Су айырығында ауа дренажы жақсы, үсiк қаупi аз. Алайда, ылғал жетiспесе, мұндай орын бақ отырғызуға жарамайды.
Тегiстiк - бақ отырғызу үшiн қолайлы тегiс учаскелер, техника пайдалануға ыңғайлы. Мұнда топырақ факторлары мен ылғалдану жағдайлары бiркелкi. Тегiстiкке суару жүйесiн салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процесстерi де онша емес. Алайда, ауа дренажы нашар, үсiк қаупi көбiрек. Әсiресе, суық ауа жинақталатын, ойпаңдау тұстары - « табақша » өте қауiптi. Бұл көктемде ауаның суытуына, қыста бұтақтардың үсуiне себеп болады.
Беткейлер онша тiк болмаған жағдайда (5-12 0 ) бақ үшiн қолайлы орын. Ауа дренажы тәуiр, жарық та жақсы түседi. Дегенмен беткейлерде топырақ көбiрек құрғайды. Бұл жерлерде ауа және, топырақ температуралары күрт ауытқиды, топырақ бетi нашар жетiледi және топырақ су эрозиясына көбiрек ұрынады. Жер бедерi тегiс емес учаскелерiнен бақ отырғызу үшiн орын таңдағанда беткейлердiң экспозициясы мен тiктiгi, сондай-ақ сол жердiң теңiз деңгейiнен жалпы биiктiгi ескерiледi. Сонымен бiрге, беткейдiң үстiңгi, ортаңғы және төменгi бөлiктерiнiң табиғи жағдайларының айырмашылығын ескеру керек.
Экспозиция дегенiмiз беткейдiң жарық жаққа бағыты, яғни солтүстiкке, оңтүстiкке, батысқа немесе шығысқа. Оңтүстiк бағыттағы беткейлер (оңтүстiк, оңтүстiк-батыс, оңтүстiк-шығыс) анағұрлым жылырақ және құрғақтау. Мұнда ағаштар вегетациясын ерте бастайды, қысқы және көктемгi температураларының күрт ауытқуынан жемiс-жидек өсiмдiктерi зақымданады. Көктемгi үсiктерден бұтақтардың қыстыгүнгi қурауынан және күннiң күйдiруiнен зардап шегедi. Мұндай беткейлерге қар аз түседi және көп тұрақтамайды.
Солтүстiк және солтүстiк бағыттағы беткейлер - салқындау, топырағы бай, ауа температурасы күрт өзгере қоймайды және ең маңыздысы, қыстыгүнi мұнда қар мол жиналады. Қар жай еридi, ерiген қар суы топырақ пен топырақ астын едәуiр дәрежеде ылғалдайды. Суық қаупi аздау және бұтақтар да қыста күйе қоймайды. Осыдан келiп, солтүстiк беткейлер бақтар және жидектер отырғызуға қолайлы деген қорытынды жасауға болады.
Беткей тiктiгi учаске еңiстiгiнiң көлденең жазықтыққа түскен бұрышының градусымен анықталады. Беткей тiк болған сайын ол құрғақтау, топырағы аздау жетiлген, ауа температурасы күрт өзгеретiн болып келедi, топырақ эрозиясының қаупi күшейе түседi.
Бақ отырғызу үшiн 6-7 0 шамасындағы беткейлер жақсы. Оңтүстiкте және оңтүстiк-шығыста анағұрлым тiктеу 30-35 0 -қа дейiнгi деңгейлер
пайдаланылады, мұндай жағдайда 12-15 0 және одан да астам беткейлерге тiкшелер жасалынады.
Беткейлердiң үстiңгi бөлiктерi төменгi бөлiктерiне қарағанда құрғақтау. Үстiңгi бөлiктерiнiң топырағы кедейлеу, қар аздау түседi, бiрақ ауа дренажы тәуiр. Беткейлердiң бұл бөлiгiне қуаңшылыққа төзiмдi, ерте гүлдейтiн жемiс тұқымдарын (өрiк, шие, ) отырғызған жақсы.
Жергiлiктi жердiң теңiз деңгейiнен биiктiгiн анықтаудың, бақ отырғызылатын орынға баға беруде маңызы зор. Тауға қарай көтерiлген сайын ауаның орташа жылдық температурасы төмендеу, жауын-шашын көптеу, ауа ылғалдылығы жоғарылау болып келедi. Тауға әрбiр 100 м көтерiлген сайын орташа жылдық температураның 0, 5 0 С төмендейтiнi байқалады. Тауда жазда салқындау, қыста жылылау. Теңiз деңгейiнен белгiлi бiр биiктiкте (Iле Алатауында 1200-1600 м, Жоңғар Алатауында тиiсiнше 1100-1400 м) табиғи жағдайлар жемiс-жидек өсiмдiктерiн суармай-ақ тәлiмi жерлерде өсiруге мүмкiндiк бередi.
Климат жағдайларын бағалау . Мұнда басты назар мынандай көрсеткiштерге аударылады: орташа тәулiктiк температура көлемi және олардың ауытқуы, орташа және абсолюттi аз температура, көктемгi суық, жауын-шашын мөлшерi және оларды жыл 12 айға бөлу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, зиянды желдiң күшi мен бағыты. Сондай-ақ назарға тек ауданның (аймақтың) ғана климат жағдайы емес, сонымен бiрге, бақ отырғызуға бөлiнген учаскенiң микроклиматы да алынады.
Топырақты бағалау - топырақтың құнарлылық дәрежесiн (қарашiрiк құрамын, топырақ құрылымын), отырғызылатын дақылдың тамыры жайылатын қабаттың тереңдiгiне сай келетiн-келмейтiнiн, топырақта зиянды тұздардың бар жоқтығын анықтау үшiн қажет. Жемiс ағаштары топырақ сортаңдығына кiрпияз келедi. Топырақ ертiндiсiндегi 0, 4% тұз концентрациясы өсiмдiкке жайсыз тиедi, ал 1, 2% болса бақ жойылады. Бақ үшiн ауыр сазды, тасты, құмды және сортаң топырақтар жарамайды. Жемiс өсiмдiктерi қара, қызғылт және сұр топырақтарда сондай-ақ орман топырақтарында жақсы өседi. Тамыр жайылатын қабат жеткiлiктi тереңдiкте: шекiлдеуiктi дақылдар үшiн 2-2, 5 м, сүйектi дақылдар үшiн 1, 5-2 м және жидектiлер үшiн 1-1, 2 м болуға тиiс. Ол ыза суларымен, тығыз саздармен, ұсақ тасты қабаттарымен т. б. шектелуi мүмкiн.
Бақты ұсақ тастар жақын жатқан (жер бетiнен 50-60 см) учаскелерге отырғызғанда арнайы агротехника қолданылады: қатар аралықтарға көпжылдық шөптер өсiрiледi, тыңайтқыштар енгiзiлiп, кемiнде 6-8 рет суарылады (Қазақ жемiс және жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынысы) .
Әр түрлi жемiс дақылдарының топыраққа деген кiрпияз-дығы да әр түрлi. Алма терең, қалыпты ылғалды және жақсы тегiстелген топырақтарда жақсы өседi. Алмұрт алмаға қарағанда топырақты көбiрек талғайды. Ол, әсiресе, ылғал мен жылудың жетiспеушiлiгiне шыдамсыз. Шие биiк жерлерде жақсы өседi, топырақ құнарлылығын онша таңдамайды, қуаңшылыққа төзiмдi, карбонатты топырақтың өзiнде жемiс бере бередi.
Алхоры, алма мен шиеге қарағанда жылуды да, ылғалды да сүйгiш өсiмдiк. Көбiне ауаның құрғақтығынан зиян шегедi. Өрiк ауыр және өте ылғалды топырақтарды қаламайды. Ол үшiн ылғалды, құнарлы топырақты, анағұрлым биiк учаске бөлген жөн. Топырақтың көлемдiк салмағы 1, 35-1, 45 шамасында болуы керек. Жемiс ағаштарының өсуiне өзен-көлдiң, тағы басқа iрi су көздерiнiң жақындығы да қолайлы әсер етедi. Олар ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көтередi, температураның ауытқуын жұмсартады, ағаштардың қыстыгүнгi зақымдануын азайтады.
Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк шығысында таулы және тау етегiндегi жерлер бақ отырғызу үшiн жақсы орын болып табылады. Бұл жерлерде жемiс дақылдарынан мол, сапалы өнiм алынады.
Алматы және Жамбыл облыстарында жемiс шаруашылығы үшiн төмен таулы аймақтар (теңiз деңгейiнен 800-1200 м биiктiктегi) анағұрлым құндырақ болып табылады. Мұндай жерлерде бақ үшiн жақсы учаскелер - саздақты қуатты қосылыстар төселген таулы қара топырақты, солтүстiк экспозициялы жазық беткейлер. Солтүстiк беткейлерде теңiз деңгейiнен 1350 м биiктiктегi жемiс ағаштары жылудың жетiспеушiлiгiнен зардап шегедi. Бұл биiктiкте бақты оңтүстiк беткейлерге отырғызған дұрыс. Оңтүстiк Қазақстан облысында жемiс дақылдарын өсiру үшiн қолайлы жағдайлар таулы және тау етегiндегi аймақтардан басқа облыстың сұр топырақты оңтүстiк бөлiгiнiң тегiс аудандарында ғана бар [3] .
Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында бақ өсiру үшiн тегiс учаскелер мен солтүстiк экспозицияның аласа беткейлерi таңдалады. Мұнда оңтүстiк беткейлерге, сондай-ақ ойпаң жерлерге бақ отырғызуға болмайды. Бақ үшiн iрi өзендердiң жоғарғы басы да жақсы. Мұнда топырақ жақсы кәрiзделген. Баққа орын таңдағанда ең алдымен учаскенiң табиғи қорғалуын, қардың қалың түсуiн және суландыру мүмкiндiктерiн ескеру қажет.
Батыс Қазақстанда бақтар негiзiнен шығыстан соғатын зиянды желдерден жиi зардап шегедi. Мұнда отырғызу үшiн батыс және солтүстiк-батыс беткейлердi бөлген жөн. Ең жақсы топырақтар - қара топырақ, қоңыр қызғылт, саздақ және құмдақ топырақтар. Баққа орын бөлген кездегi ең басты талап - суару үшiн тұщы су көзiнiң жақын жерде орналасуы.
Бақ территориясын ұйымдастыру . Ең әуелi өнеркәсiптiк аймақтар: қайта өңдеу зауыттарын, жемiс қоймаларын, сұрыптау, буып-түю цехтарын, ыдыс кәсiпорындарын орналастырады, сондай-ақ, жолдарды, үлкен каналдарды тағы басқа гидротехникалық құрылыстар салу мәселелерi шешiледi. Бақ беткейлерге отырғызылатын болса, оларды тiкшелеу, эрозияға қарсы шаралар кешенi қарастырылады. 100-200 га бақ отырғызылатын болса бригада тұрағы үшiн 1-2 га жер бөлiнедi. Содан соң бәрiн жер бедерiмен, бақ қорғау алқабы өсiмдiктерiнiң орналасуымен, жолдармен сай келтiре отырып, бөлтектердiң мөлшерiн, пiшiнiн және орналасуын анықтауға кiрiседi.
Бөлтектер көлемi - бақ қорғау алқаптары жемiс ағаштарын қолайсыз жағдайлардан сенiмдi түрде қорғайтындай шамада болуы керек. Тегiстiкте
бөлтектердiң ең қолайлы пiшiнi - тiк бұрышты төртбұрыш, оның енi ұзындығынан 2-3 есе қысқа (2:1 немесе 2, 5:1) болуы қажет. Мұндай бөлтектердiң анағұрлым қолайлы көлемдерi 400-600х200-300 м, яғни 8-10 гектардан 15-18 гектарға дейiн. Республикамыздың солтүстiк аудандарында қорғау алқаптарының тиiмдiлiгiн жоғарылату үшiн, мұндай бөлтектердiң мөлшерi 5-7 гектарға дейiн азайтылады.
Таулы аудандарда бөлтектердiң пiшiндерi мен оның көлемi жер бедерiне сай анықталады. Баққа жарық жақсы түсуi үшiн ағаштар қатарын солтүстiктен оңтүстiкке қарай тарту керек. Алайда, суармалы бақтарда ағаштар қатары, соған орай бөлтектердiң ұзын жақтары, суды өздiгiнен ағызу жағын ескере отырып тартылады. Бұл жағдайда ең жақсы еңiс - 0, 003-0, 005 (100 метрге 30-50 см) . Таулы жерлерде су эрозиясын азайтып, топырақ пен ағашты күтуге ыңғайлы болу үшiн, беткейге көлденең бағытта отырғызылады. Мүмкiндiгiне қарай бөлтектер бiртектi топырағы бар, бiр экспозициялы беткейде, бiр тiктiкте орналастырылады. Солтүстiк Қазақстанда ағаш қатарлары солтүстiк-батыстан оңтүстiк-шығысқа қарай тартылады. Бұл жағдайда ағаштар солтүстiк-шығыстан соғатын салқын желден жақсы қорғалады.
Бақ алқабы аралығымен үлкен жол тартылып, елдi мекендермен, темiр жол стансаларымен т. б. байланыстырылады. Бөлтектер аралық жолдардың және бақ қорғау алқаптарының iшкi жағындағы бақ шекарасын қуалай созылған - айналма жолдардың енi 4-5 м. Жол салу, әсiресе, таулы аудандарда мұқият қажет.
Бұл жерлерде жол су шайып кетпейтiндей етiлiп салынады. Жол жүйесi бақтың кез-келген учаскесiне кiрiп-шыға алатындай, ал текшеленген болса әрбiр текшеге бара алатындай етiлiп салынады.
Пальметтi және кермелi ергежейлi бақтарда өсiмдiктер қатарына көлденең етiп әрбiр 100-200 м сайын енi 3 м қосымша жол салынады. Сөйтiп бiр бөлтек 2 гектардан 5 гектарға дейiнгi клеткаларға бөлiнедi.
Климаты аумалы-төкпелi Қазақстанда баққа ық болатын өсiмдiктердiң маңызы зор. Олар жемiс ағаштарын қыстыгүнгi суық желдерден, жаздыгүнгi аңызақтан сақтайды.
... жалғасыБақ қорғау алқаптарының екi түрi болады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz