Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың мақсаты . . . 6
1. 2 Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарының түрлері . . . 10
1. 3 Оқушыларының өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
әдістемесі . . . 17
2 ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ
2. 1 Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар . . . 38
2. 2 «Оңтүстік өңірінің дәрілік өсімдіктері» атты шығармашылық жұмыс . . . 43
2. 3 Зерттеу нәтижелері . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы, оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім» туралы Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында да әрбір азаматының сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін, өз бетімен жұмыстанудың маңызы зор екені атап көрсетілген.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев "Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздың қолында" деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр [1] . Оқу процесін дұрыс және ғылыми түрде ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз, сонымен қатар білім алуда ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау және таным қабілеттерін дамытуда оқыту үрдісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет. Оқыту процесінде жеке адамды қалыптастырып тәрбиелеуде, психологиялық заңдылықтар туралы білім, оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің дамуы, жас ерекшеліктері, оқушылардың бейімділігі мен ынтасын, жігерлігі мен сезімділігі, танып-білу ерекшеліктері және ақыл-ойының жетілуіне (аңғарымпаздығы, есте сақтауы, сөйлеуі мен ойлауы, қиялдауы, таланты) байланысты болады. Осындай мәселелерге жетудің маңызды педагогикалық шарттарының бірі орта мектепте өз бетімен зерттеу жұмыс жүйелерін айқындау және іске асыру.
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке түлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидиктиканың басты мәселесі - оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара екеттесуі болып отыр. Оқушы танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады.
Оқушылар белсенділігін осындай сипатын көрсететін қажетті шарт - дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әртүрлі өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.
Тақырыптың зерттеліну деңгейі.
Бүгінгі күні қоғам - жоғары оқу орнын бітірушілердің білімінің сапасына ғана емес, олардың өз бетінше жұмыс істеуіне, проблемаларға ғылыми көзқараспен қарауына, оны шешу жолдарын іздестіруді талап етіп отыр. Осы орайда оқушылардың кітаппен, оқу және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасауға үйретудің маңызы үлкен. Өз беттерімен кітаппен жұмыс жасаудың көптеген түрі бар. Көптеген ғалымдар
В. О. Пунский, О. М. Железнякова, Г. Г. Граник, С. М. Бондаренко, Л. И. Концевая оқушыларды өз беттерімен кітаппен жұмыс жасауға үйретуге арнайы сабақтарды арнауды ұсынады. Оқушыларды кітаппен жұмыс жасауға ғана үйретіп қоймай, оларды өз бетімен сарамандық сабақтарда зерттеу жұмыстарын орындауды үйретуге дағдылану қажеттігін айтады.
Бұған келесі әдістер жинағының көмегімен жетуге болады:
-оқытудың мазмұнын жетілдіру;
- оқулықтар мен оқытудың басқа тәсілдерінің сапасын жақсарту;
-проблемалық оқыту процесі негізінде оқушылардың эвристикалық іскерлігін дамыту;
-күнделікті зертханалық экспериментті және шығармашылық ізденіс негізінде биологиялық практикумды жетілдіру.
Оқу процесін дұрыс және ғылыми түрде ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз, сонымен қатар білім алуда ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау және таным қабілеттерін дамытуда оқыту үрдісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет. Осындай мәселелерге жетудің маңызды педагогикалық шарттарының бірі орта мектепте өз бетімен зерттеу жұмыс жүйелерін айқындау және іске асыру.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру үшін, оларды өз бетінше зерттеу жұмыстарына тарту қажет. Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру ғылыми ізденудің әдістерін меңгерту мақсатыңда дәріс беретін оқушылармен әр түрлі тақырыпта жұмыс жүргізуге болады.
Диплом жұмысының мақсаты. Биология пәнінен оқушылардың дербес жасайтын өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесін жасау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Өзіндік зерттеу жұмысының мақсатын айқындау;
- Оқушылардың өзіндік жұмыс түрлерін анықтау;
-Биология пәнінде оқушылардың өз бетінше орындайтын тапсырмалармен танысу;
-Оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын өзіндік жұмыс түрлерімен танысу;
-Сабақ барысында оқушыларға өзіндік зерттеу жұмыстарын үлестіру кезінде олардың ерекшеліктерін ескеру.
-Өзіндік зерттеу жұмыстарынның әдістемесін келтіру.
Зерттеу пәні: орта мектептің биология курсында оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстары.
Зерттеу объектісі: биология пәнінде оқушыларымен өзіндік зерттеу жұмыстары келтірілген сабақ әдістемелері.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын орындауда пайдаланылатын ғылыми зерттеу әдістерінен ғылыми - әдістемелік, оқу- әдістемелік және оқу әдістері, сын тұрғысынан ойлау стратегияларына бағытталған оқу және кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, ми шабуылы әдістері, сонымен қатар мектеп құжаттарымен танысу, сұрақ-жауап, әңгімелесу, педагогикалық бақылау мен озық педагогикалық тәжірибені талдау.
Ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде оқушыларды өз бетімен ізденіп білім ала білуге үйрету, өзіндік зерттеу дағдыларын қалыптастыру бағытындағы әдістер мен оқыту формаларын қолданудың тиімді жолдары берілген. Сонымен бірге зерттеу жұмысы №2 Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «Б» және 9 «Ә» сыныптарының оқушыларына жүргізілді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден,
2 тараудан және қорытынды бөлімдерінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың мақсаты
«Өзіндік жұмыс»түсінігін көптеген ғалымдар зерттеген, дегенмен өзіндік жұмыстардың анықтамасы мен классификациясы бойынша теориялық сұрақтар осы кезге дейін пікірталас туғызарлық жағдайда. Кейбір ғалымдар өзіндік жұмыстарды оқыту әдісіне, екіншілері - тәсіліне, үшіншілері - оқушылардың оқыту әрекетінің ұйымдастырылу формасына жатқызады.
Қазіргі оқыту мен оқушыларда биологиялық мәдениет тәрбиелеу ісінде
әсіресе ғылыми түрде негізделген әртүрлі өзіндік жұмыстарды қолданудың
өзектілігі өте жоғары болып отыр. Биология курсын оқып үйренуде оқытудың белсенді формалары мен әдістерін қолданғанда ғана нәтижелі болары сөзсіз. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру амалдарының бірі болып түрлі өзіндік зерттеу жұмыстарын қолдану болып табылады.
Сабақ үстінде және сабақтан тыс мезгілде жүргізілген өзіндік жұмыс
оқушылардың байқампаздығын, шығармашылыққа ұмтылысын, тірі ағзалар
туралы оқып үйрену бағытындағы мақсатты жұмыстарды жүргізу дағдылары мен біліктерін қалыптастырады.
Психологтардың пайымдауынша, танымдық қызығушылық жаңаның өткен тәжірибемен байланысы бар жерде ғана, яғни, дамудың таяу аймағында ғана оянатындығы анықталған. Әбден таныс нәрсе де, сондай-ақ мүлдем белгісіз нәрсе де қызығушылық туғыза алмайды.
Оқушының оқуды қабылдау мүмкіндігіне психиканың бұдан басқа да
ерекшеліктері: зейіні, есте сақтау қабілеті, қызығушылығы, белгілі бір мінез -құлық ерекшеліктері ықпал етеді. Оқу әрекетінің нәтижелілігіне ықпал ететін ақыл-ой сапаларының қалыптасу дәрежесі оқытуды қабылдау деңгейін анықтайды [2] .
Сондықтан, дамыта оқыту шеңберіндегі оқыту үрдісін ұйымдастыруға
келгенде, біз үлкен көлемді материалды оқушылардың іштей қабылдауын
қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл кезеңде берілген мәселені шешуге мүмкіндік бере алатындай көптеген білім беру әдістері бар. Бұл - оқушылардың түрлі жобаларды, рефераттар мен зерттеу жұмыстарын жасақтауы. Берілген технологиялар қандай да болмасын мәселенің шешімін өз бетімен іздестіруге, шығармашылық ой тудыруға, сондай-ақ жолдастарының арасында өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Биология және басқа пәндердің сабақтарында әр түрлі өзіндік зерттеу
жұмыстарының көмегімен оқушылар білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырады. Осы барлық жұмыстар айқындалған түрде, яғни жүйелі түрде ұйымдастырылғанда ғана болымды нәтиже береді.
Өзіндік зерттеу жұмыстарының жүйесі деп біз алдымен өзара байланысқан,
бір-бірін өзара байланыстыратын, бірі біреуінен логикалық түрде шығатын және жұмыс түрлерінің ортақ мақсатына бағынатын жұмыстар деп түсінеміз.
Дидактиканың негізгі принциптері - ғылымилығы мен түсініктілігі,
оқушылардың оқудағы саналылығы мен шығармашылық белсенділігі, теория мен практиканың байланыстылығын ескере отырып, өзіндік зерттеу жұмыстардың түрлі формаларын қолдану арқылы негізгі дидактикалық мақсаттың орындалуына мүмкіндік жасау. Оқушылардың ғылыми негізде терең де берік білім алуын, өз беттерінше білім алу ебедейліктерінің пайда болып, оны практика жүзінде қолданылуын қалыптастыру.
Дидактикалық принциптерді білу қажет, бірақ оқу процесін ойдағыдай
ұйымдастыру үшін ол жеткіліксіз. Мұғалімнің тағы да принциптердің әрқайсысын белгілі жағдайларда: оқушылардың жасына, оқу материалының сипатына, белгілі оқу міндетіне және басқа факторларға байланысты қолдана білгені жөн.
Өзіндік зерттеу жұмыстарының жүйесін құрғандағы келесі негізгі
дидактикалық талаптар ұсынылады:
1. Өзіндік зерттеу жұмыстарыың жүйесі негізгі дидактикалық міндеттерді -оқушылардың терең және берік білім алу, оларда танымдық қабілетін жетілдіру, өзіндік білімді алу, кеңейту және тереңдету, оны практикада қолдану және өз бетімен зерттеулер жүргізе білу іскерліктерін
қалыптастыруды шешуге мүмкіндік туғызу керек.
2. Бұл жүйе дидактиканың негізгі принциптерін, және ең басты жеңілдік
мен жүйелілік принциптерін, теорияның практикамен байланысын,
саналылық және шығармашылық белсенділігін, жоғарғы ғылыми деңгейде оқыту принципін қанағаттандыру керек
3. Жүйеге кіретін жұмыстар оқушыларда әр түрлі білім мен дағдыларын
қалыптастыру үшін оқу жұмысы мақсаты мен мазмұнына қарай түрліше
болу тиіс.
4. Сыныптағы, сыныптан тыс және үйдегі өзіндік зерттеу жұмыс-тарының орындалу жүйелілігі логикалық түрде бұрынғыдан шығатын және келесісін орындауға негізін дайындайтын болуы тиіс.
Бұл жағдайда бөлек жұмыстардың арасында тек ―жақын емес, сонымен қатар ―алыс байланыстары қамтамасыз етіледі. Бұл мәселені шешудің жетістігі оқытушының педагогикалық шеберлігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оқушыларда танымдық қабілеттерін, олардың ойлауы мен басқа да қасиеттерін дамыту жұмысының жүйесіндегі әрбір жеке жұмыстың орны мен мәнін қалай түсінетініне байланысты.
Бірақ бір ғана жүйе оқытушының оқушыда білімін, ептілігі мен
дағдыларын қалыптастырудағы жұмыстарында жетістіктерін анықтамайды. Ол үшін өзіндік зерттеу жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз етуге болатын негізгі принциптерді, сонымен қатар өзіндік зерттеу жұмыстарының бөлек түрлерін басқарудың әдістемесін білу керек. Егер өзіндік зерттеу жұмыстары оқу процесінің құрама, негізгі элементі болса, онда оның тиімділігі артады және де егер ол кездейсоқ және ауық-ауық емес, жоспарлы және жүйелі түрде жүргізілсе, оған әр сабақта және де одан тыс
мезгілде арнайы уақыт бөлінеді.
Тек осы шарттарды қанағаттандырғанда, оқушылар әр түрлі өзіндік
зерттеу жұмыстарын орындағанда ғана олардың тұрақты білім мен білік
дағдылары тәрбиеленеді және оны орындауда қарқыны өседі.
Өзіндік зерттеу жұмыстарының түрлерін таңдап алғанда, оның көлемі мен мазмұнын анықтағанда дидактиканың негізгі принциптерін басшылыққа алу керек. Қазіргі кезеңде мынадай дидактикалық принциптердің маңызы ерекше зор:
- оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігі принципі;
- ғылымилық және жүйелілік, оқушылардың оқудағы саналылығы мен шығармашылық белсенділігі принципі;
- көрнекілік, білімдерді меңгерудің, шеберліктер мен дағдылардың
беріктігі принципі;
- сыныптың коллективтік жұмысы жағдайларындағы оқушыларға саралап қарау (дифференциалдық) принципі,
- қиындықтардың жоғары дәрежесінде оқыту принципі, дамып отыратын оқыту принципі [3] .
Өзіндік жұмыстарды басқарғанда осы принциптерді қолданудың келесі
ерекшеліктері бар:
1. Өзіндік зерттеу жұмыс мақсатталған болу керек. Оған жету үшін
жұмыстың нақты тұжырымдалған мақсаты болу керек. Мұғалімнің міндеті
оқушыларда жұмысқа қызығушылығын және оны жақсырақ орындауға ынтасын тудыратын тапсырманың тұжырымын табу керек. Оқушылар тапсырманың мәні қандай және оның орындалуы қалай тексерілетінін көз алдына анық елестету керек. Бұл оқушылардың жұмысына тиянақтылық, мақсаттылық береді және оның табысты орындалуына мүмкіндік туғызады.
Ескерілген талаптарды жете бағаламаушылық оқушылар жұмыстың
мақсатын түсінбей, керекті нәрсені істемейді немесе оны орындау процесінде бірнеше рет мұғалімнен сұрауға тура келетініне әкеледі. Мұның бәрі уақыттың ұтымсыз кетуіне және жұмыста оқушылардың өзіндік деңгейі төмендеуіне әкеліп соғады.
2. Өзіндік зерттеу жұмыстары шынымен де өзіндік болуы және оны
орындаған кезде оқушы күштенуге түрткі болу керек. Бірақ мұнда шектен тыс жібермеу керек: оқытудың әр кезеңінде берілетін өзіндік жұмыстың мазмұны мен көлемі оқушылардың қолынан келу керек, ал олардың өздері - өзіндік жұмысты орындауға теориялық және практикалық жағынан дайын болу керек.
3. Басында оқушыларда өзіндік жұмыстардың қарапайым дағдысын
қалыптастыру керек. (Сызбалар, чертеждар, қиын емес есептерді шығарып
қарапайым тәжірибелерді, бақылаулар мен өлшеулерді және т. б. орындау) . Бұл жағдайда оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарына жұмыстың әдіс-тәсілдерін мұғалім көрнекі түрде тақтаға жазып, нақты түсініктемелер айтылуы керек.
Мұғалім жұмыстың әдіс-тәсілдерін көрсеткеннен кейін оқушылардың
орындаған өзіндік зерттеу жұмысы еліктеу болып келеді. Ол өзіндігін
дамытпайды, бірақ қиындау дағды мен білімін, өзіндіктің жоғарғы формасын қалыптастыруда өте маңызды мәні бар. Мұнда оқушылар өздерінің оқу немесе өндірістік түрдегі тапсырманың шешімінің әдістерін жетілдіреді және қолдануға мүмкіндігі болады.
4. Өзіндік жұмыстарға дайын ережелер мен үлгілерді қолдануға жол
берілмейтін, тек жаңа ситуацияда білімді қолдануды керек ететін тапсырмаларды беру керек. Тек осы жағдайда өзіндік зерттеу жұмыстары оқушылардың ынтасы мен танымдық қабілеттерін қалыптастыруды ықпал етеді.
5. Өзіндік зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруда білімді, іскерлік пен
дағдыларды меңгеріп алу үшін әр оқушыға әр түрлі уақыт керек. Мұны
оқушыларды саралап деңгейлеу жолымен жүзеге асыруға болады.
Сынып пен жеке оқушылардың жұмысының жүрісін бақылай отырып,
мұғалім тапсырманы дұрыс орындағандарды уақытында қиынырақ тапсырмаға көшіру керек. Кейбір оқушыларға үйрететін жаттығуларды минимумға дейін апаруға болады. Басқаларға жаңа ереже мен жаңа заңдарды меңгеріп алу үшін және оқу тапсырмаларды шешуге өздігінен оларды қолдануға үйрету үшін мұндай жаттығуларды көбірек беруге болады. Бұл топтағы оқушыларды қиынырақ тапсырмаларды орындауға көшіру уақытында болу керек. Мұнда жаңаны меңгеруге, білім мен дағдыларды меңгеруде оқушыларды алға жылжытпайтын артық асығыстық, сонымен қатар бір орында тұра беру керек емес.
6. Өзіндік зерттеу жұмысына берілетін тапсырмалар оқушыларды
қызықтыру керек. Оған жету үшін берілетін тапсырманың жаңалығы, оның
мазмұны ерекше, берілген тапсырманың немесе әдістеменің практикалық мәнін оқушыларға ашып көрсету керек. Оқушылар орындау процесінде зат пен құбылыстарды зерттеп, химиялық қасиеттерін анықтаудың жаңа әдістерін «ашатын» өзіндік жұмыстарға қызығушылықпен қарайды.
7. Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын оқыту және тәрбиелеу
үрдісіне жоспарлы және жүйелі түрде қосу керек. Тек осы шартты
қанағаттандырғанда олардың мықты білімдері мен білік дағдылары қалыптасады. Бұл істе жұмыстың нәтижесі оқушыларда өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыруда барлық сабақтарда, сабақтан тыс және үйде, сонымен қатар мұғалімдер қауымының бәрі шұғылданса елеулі болады.
8. Өзіндік жұмыстарын ұйымдастырғанда мұғалім мәліметінің
мазмұндамасын оқушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын алудағы өзіндік жұмыстарымен дұрыс байланыстыруды жүзеге асыру керек. Бұл істе шектен тыс жібермеу керек: өзіндік зерттеу жұмысына артық берілу бағдарламалық материалды үйрену қарқынын, жаңаны тануда алға жылжу қарқынын баяулатуы мүмкін.
9. Оқушылар өзіндік зерттеу жұмыстарының әр түрін орындағанда басқару ролі мұғалімде болу керек. Мұғалім өзіндік жұмыстың жүйесін ойлап, оны оқыту процесіне жоспарлы түрде енгізеді. Ол әр өзіндік жұмыстың мақсатын, мазмұны мен көлемін, оның сабақтағы орнын, әр түрлі өзіндік жұмыстардың оқыту әдістемесін анықтайды. Ол оқушыларды өзін-өзі бақылау әдістемесіне үйретеді және оның сапасын бақылайды [4] .
1. 2 Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарының түрлері
Биологияны оқыту процесінде өзіндік жұмыстардың 30 түрін
ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бірақ практикада олардың барлығы да
қолданылмайды. Көбінесе сабақтарда есептер шығарып, зерттеулер мен
тәжірибелер орындалады. Тағы да жаңа материалды үйренгенде оқулықпен
жұмыстар, тәжірибелерді құрастыру және оқу жобаларын құру, өзіндік
зерттеулерін компьютерлік презентациялау, күрделі биологиялық және
экологиялық үрдістердің компьютерлік модельдеу сияқты өзіндік жұмыстар сирек қолданылады.
Қазіргі таңда зерттеу әрекетіне оқытудың жалпыға бірдей қабылданған жан -жақты әдістемесі жоқ екендігін айта кеткеніміз жөн. Дегенмен іс жүзінде мектеп оқушыларының өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізуіне толық мүмкіндік бар. Балалардағы зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Тәжірибе көрсеткеніндей, биология пәні мұғалімінің оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерінің түрлі формаларын шебер үйлестіре білуі маңызды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
1. Жануарлар мен өсімдіктерге бақылау жүргізу, ағзалардың тіршілік
функцияларын оқып үйрену.
2. Мектеп жанындағы тәжірибелік - практикалық жұмыстар.
3. Табиғатта жүргізілетін бақылаудың көмегімен жергілікті биоценоздардың
флорасы мен фаунасын оқып үйрену.
4. Фенологиялық бақылау жүргізу.
5. Түрлі тақырыптар бойынша көрнекіліктер әзірлеу.
6. Ойындар, ертеңгіліктер, кештердің тақырыптық жоспарларын құру.
7. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
8. Тәжірибенің жаңа нұсқасын әзірлеу.
9. Тәжірибенің қойылу әдістемесіне өзгерістер енгізу.
10 Жаңаларды қолданып биологиялық оқу проектісін құру.
11. Өзіндік тәжірибелерінің мультимедиялық презентацияларын сабаққа
көрнекілік ретінде әзірлеу.
12. Күрделі биологиялық және экологиялық үрдістерді компьютермен
модельдеу.
13. Компьютерлік программалар арқылы саяхаттау кезіндегі кездейсоқ
жағдайлардан шығуға түрлі ойындар әзірлеу.
14. Оқулықпен жұмыс: жаңаны үйрену, кестелермен жұмыс.
15. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
16. Қосымша әдебиеттермен жұмыс.
17. Өтілген тақырыптар бойынша тірек-сызбалар әзірлеу.
18. Сабаққа қосымша материалдардардан хабарламалар әзірлеу.
19. Зертханалық жұмыстар.
20. Ғылыми практикалық конференцияларға, семинарларға баяндамалар
әзірлеу.
21. Оқулықпен өз бетімен жұмыс.
Бүгінгі күні қоғам - жоғары оқу орнын бітірушілердің білімінің сапасына ғана емес, олардың өз бетінше жұмыс істеуіне, проблемаларға ғылыми көзқараспен қарауына, оны шешу жолдарын іздестіруді талап етіп отыр. Осы орайда оқушылардың кітаппен, оқу және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасауға үйретудің маңызы үлкен. Өз беттерімен кітаппен жұмыс жасаудың көптеген түрі бар. Көптеген ғалымдар
В. О. Пунский, О. М. Железнякова, Г. Г. Граник, С. М. Бондаренко,
Л. И. Концевая оқушыларды өз беттерімен кітаппен жұмыс жасауға үйретуге арнайы сабақтарды арнауды ұсынады. Оқушыларды кітаппен жұмыс жасауға ғана үйретіп қоймай, автормен сөйлесуге үйреткен жөн.
Оқу мәтінін меңгеру - ең алдымен оны түсіну және есте сақтау [5] .
Мұндай сабақтар оқушыларға оқу материалының қандай түрлерін есте
сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын
арттыруға, мұғалімнің кері байланыс жасауына, оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны дамыта түсуіне көмектеседі.
Жаңа мәселелерді оқып үйренгенде, бұрын өтілген материалды
пысықтағанда және қайталағанда оқулықпен жұмыс істеу көрнекі есте сақтауды пайдалануға және материалды жақсы есте сақтау дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді, оқушылардың іс-әрекетін жандандыратын кітаппен өз бетінше жұмыс істеудегі іскерлік пен дағдыны дамыта түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz