Льговская жоңышқа сорты


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында және бұған жақын суармалы егістік аймақтарында соңғы жылдар тәлімі жердің көлемінің кеңеюі осыған лайықты жоңышқа сорттары сұранысты көбейте түсуде. Өкінішке қарай, Семиреченская местнаядан басқа оған ұсынатын сорт жоқ, өйткені осы өңір үшін шығарылған сорттардың барлығы суармалы егістік жерлерге арналған. Жоңышқаның жаңа тәлімі сортына көптеген шаруашылық мұқтаж болып отыр. Осындай өндіріс қажеттігі тұрғысынан тәлімі жоңышқа селекциясының маңызы айтарлықтай жоғарылауына байланысты белгіленген жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.
Бүгінгі таңда нарыққа негізделген экономика үрдісі егіс дақылдарының бір сортында шаруашылық үшін құнды белгілер мен қасиеттердің кешенді қамтылуын талап етеді. Сол себепті тәлімі жоңышқа селекциясының өзіне тән міндеттері, ерекшеліктері және қиындықтары көптеп саналады. Оның үстіне осы бағытта зерттеу жүргізудің генетикалық және селекциялық негіздерін қалыптастыруда, атап айтқанда, комбинативтік қабілетін анықтау әдістерін жетілдіруде ақтаңдақтар бар. Әсіресе, осындай жұмыс жүргізу үшін арнайы жасалған әдістемелердің жетіспеуінен шөлді дала аймағындағы қолайсыз жағдайларда будандар егілген жылы-ақ сиреп кетіп, зерттеулер доғарыла берген. Сондықтан аталып отырған өзекті ғылыми мәселемен айналысу бірнеше дүркін басталса да, нәтижесіз болып, әзір Алматы облысының тәлімі егістеріне арналған селекциялық сорт әлі шығарылған жоқ.
Жоңышқаның тәлімі сорты популяциялық гетерозисті өнімділігімен қатар аурулар мен зиянкестерге, бозқырауға төзімді, қорытылатын протеин шығымы жоғары, ауа райының суықтығына, құрғақшылығына және ыстығына, сондай-ақ нақты топырақ-климат жағдайларының басқа да қолайсыздықтарына бейімделген болуы тиіс. Тақырып бойынша жұмыс аталған мәселелермен қоса, селекциялық материалдың құрғақшылыққа төзімділігін зерттеудің және жекелеп сұрыптаудың аса қажетті зертханалық әдістемесін жасауға арналуы оның ғылыми міндеттерге де сәйкес көкейкестілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ауыспалы егістіктің пайдасы және оны дамыту жолдары,селекцияда пайдалану үшін жоңышқаның ген қоры үлгілерін және будандарын бағалау, ауыл шаруашылығында ауыспалы егістікте жоңышқаның тигізетін әсерінің рөлі мен маңыздылығын зерттеу .
Зерттеудің міндеттері. Осы мақсатқа сәйкес зерттеулердің міндеттері мынадай:
- жоңышқа сорттарының үлгілерінің өнімділігін, өсіп-даму ерекшеліктерін, белгілер мен қасиеттерін, корреляциясын және жергілікті аудандастырылған сорттарын зерттеу;
-ауыспалы егістікте жергілікті жағдайдағы ротациясын, химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық себептерін және де топырақ өңдеу технологиялық ерекшеліктерін зерттеу ;
-ауыспалы егістікте жергілікті жағдайдағы технико-экономикалық негіздемесі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен байланысын зерттеу.Жұмыстың ғылыми жаңалығы . Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы топырағындағы фосфаттардың органикалық және минералдық түрлерін сипаттап, әр түрлі фосфор тыңайтқыштарды қолдану, ауыл шаруашылығы дақылдарына тиімді болатыны туралы жаңа мәліметтерді зерттеу. Сондай-ақ осы кезге дейінгі зерттеліп іс-тәжірибеден өткен ғылыми жаңалықтарды толықтыру немесе сараптау жұмыстарын жүргізу.
Практикалық маңызы. Қазір біз топыраққа фосфор тыңайтқыштарын ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда оның көп қасиеттерінің өзгеретіндігін елімізбен шетелдік зерттеушілердің көптеген материалдары айқындап берді. Осыған орай мынаны білу керек. Зерттеу көрсетіп отырғандай ұзақ уақыт бойы тыңайтылған жер қыртысында әдетте фосфор мөлшері көбейіп кетеді. Сондықтан танаптарға қосымша фосфор тыңайтқыштарын беру қолайсыз жағдайға ұшыратады, яғни өсім мөлшерінің кеміп кетуіне әкеліп соғады. Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігі мен үнемділігін қамтамасыз ету үшін оларды топырақтағы сіңімді фосфор қорын ескере отырып енгізу керек. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың қазіргі кезеңінде тыңайтқыштардың барлық түрлерін тиімді, әрі дұрыс пайдаланып және жалпы егіншілік мәдениетін көтеру арқылы дақылдардың шығымдылығын арттырудың маңызы зор. Қазақстан ғылыми зерттеу егіншілік институтының көп жылдар бойы жүргізген жұмыстары, Республиканың оңтүстік аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштар дұрыс қолданылса суармалы боз және қоңыр топырақтың құнарлылығы жақсаратынын, қант қызылшасының, күздік бидайдың, жоңышқаның түсімділігі күрт артатынын, ауыспалы егісте өсірілген мақтадан өнім бір жарым еседей көп алынатынын көрсетті. Республика жағдайында ғылыми негізде қолданылған минералдық тыңайтқыштың қант қызылшасының түсімін 150-250ц, мақтаның 10-12ц, күріштің 20-25ц, жүгері дәнінің түсімін 25-30ц арттырады. Жалпы тыңайтқыш қолдануда дақылдардың өсу, даму, қоректену ерекшелектерін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар қолданылатын тыңайтқыштың физикалық, химиялық қасиеттерін, құрамындағы қоректің заттардың өсімдікке сіңімділігін, топыраққа енгізгенде қандай қосыластар түзілетінін және топырақ құрамындағы қоректік заттардың түрлері мен мөлшерін білу қажет.
- МАЛАЗЫҚТЫҚ КӨПЖЫЛДЫҚ ШӨПТЕР ТҮРЛЕРІ
Қазіргі таңда Жетісай ауданы ауыл шаруашылықтарында ауыспалы егістік мақсатында көп жылдық шөптердің арасынан көбінесе жоңышқа түріне басымдылық беріледі. Себебі, беде, эспарцет, түйежоңышқаға қарағанда жоңышқа жергілікті топырақпен климаттық жағдайына жақсы бейімделген. Сонымен қатар аудан экономикасын әр тараптандыру мақсатында бүгінгі таңда қожалықтарда 277, 0 га жерге бидай, 20 га жерге арпа, 3416, 0 га жерге жаңа жоңышқа, 83481, 0 га жерге мақта, 5538, 0 га жерге түрлі көкөністер, 23615, 4 га жерге бақша, 753, 0 га жерге картоп, 10358, 8 га жерге дәндік жүгері, 487, 0 га жерге күнбағыс, 2094, 5 га жерге күріш, 158, 0 га жерге сүрлемдік жүгері, 140, 0 га жерге маш, 32, 0 га жерге фасоль, 8, 0 га жерге соя, 28, 6 га жерге жаңа жеміс-жидек, 58, 6 га жерге жаңа жүзім егіліп отыр. Көп жылдық екпелердің үлесі 8122, 5 га (оның ішінде: жоңышқа 7003, 0 мың га, жеміс-жидек 474 га, жүзім екпелері 645, 5 га) жерді құрайды.
Жоңышқаның мәдени жайылымдар жасауда маңызы зор. Суармалы жерлерде жоңышқаны 5-7 рет шабылғанда, әр гектардан 700-1000 ц көк шөп немесе 150-200 ц пішен беруде. Осыған орай мақта өндіруде - жоңышқа ауыспалы егісі мақта өнімінің артуына, талшық сапасының жақсаруына, түрлі мақта ауруының азаюына қолайлы жағдай жасайды. Тамырының өте күшті дамуына байланысты жоңышқа топырақтың беткі қабатындағы тұздарды азайтып, сортаңдауына жол бермейді.
Себілген жерінің әр гектарына жоңышқа тамырымен сабағымен бірге 100-150 кг азот қалдырады, ол осы жерге 30-40 т көң немесе 4-5 ц азотты тыңайтқыш бергенмен тең. Аудан жерлеріне 3 жыл қатарынан өскен жоңышқа әр гектарға 350-400 кг азот жинайды. Ботаникалық сипаттамасы жоңышқаның 36 көпжылдық, 60 біржылдық түрлерінің ішінен көп тарағаны - көк жоңышқа Medicago Sativa. Жоңышқаның тамыры бірінші жылы топыраққа 2 - 3 жыл м, келесі жылы 10 м тереңдікке дейін кететін діңгек тамыр. Сабағы 1, 2-1, 5 м биіктікке өсіп, жақсы бұтақтанады. Жапырақтары күрделі, үш бөліктен тұрады. Жемісі 2-3 бұралып келген көп дәнді бұршақ.
Өсіру ерекшеліктері.
Ауданданымызда жоңышқаны бүркемелі дақылсыз мақта егістігінде жүгерімен бірге өсіреді. Жоңышқаны мақтадан кейін орналастырғанда егістікті 5-7 см тереңдікте дискілеп, 15-20 күннен кейін 25-27 см шым аударғышы бар плугтармен жыртады.
Ал, еліміздің ауылшаруашылығы бойынша суармалы жерлерінде егістіктің жақсы тегістелуіне ерекше мән берген жөн(сурет-1) .
Тыңайтқыштар жоңышқаның әр гектар егілген танабының 50ц пішен алынса, топыраққа 130кг азот, 33кг фосфор, 75кг калий және 125кг кальций қолданылады.
Сурет 1. Өндіруші аймақтар тізімі.
Осы жерде Жетісай ауданы көлемінде жерлердің әр гектарына 600-700 текше мерт су беріп отырады. Сондықтан алынатын пішен мен көк шөп өнімділігі осы су мөлшерімен тікелей байланысты болып табылады.
Өнімді жинау. Жоңышқаны пішенге шанақтану кезеңінде, гүлдеуінің алдында орады. Осыған орай жоңышқа ору науқанында барлық технологиялық кезеңдерді сақтап, тиісті агрегаттармен машиналарды уақытылы пайдалану өнімділікті арттырады.
Тұқымды жоңышқаны өсіру жолдары. Жоңышқаның тұқымын малазықтықтық егістіктен немесе арнайы себілген танаптан алуға болуына қарамастан, аудан көлемінде бұл жұмыстар нақты бір жүйеге қойылмаған. Жоңышқа тұқымы еліміздің басқа өңірлерінен сатып алынады.
Негізінде Қазақстанның оңтүстік аудандарында технологияға стандарттарға сәйкес жоңышқа бұршағының 90-95% қоңырланғанда бірінші және екінші оруды тұқымға арнап, бөлектеп жинау әдісін қолданылады (сурет - 2) .
Сурет-2. Дақылдардың өнімділік мөлшер.
2 ЖОҢЫШҚАНЫҢ ҚҰНДЫ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ
2. 1 Жоңышқаның түрлері, биоморфологиялық ерекшеліктері
Жер жүзінің өркениет елдерінде мал азығы қоры нығайтудың басты шарттарың бірі жем шөп дақылдарының өнімділігі жоғары шарттарын жеделдетіп сұрыптап шығарып, өндіріске кеңінен енгізуге бағытталған кешенді - іс шаралардың жүзеге асырулардың жүйелі жолға қою болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде селекциялық зерттеулер алдыңғы ғылыми теориялар негізінде жүргізіліп отырған жоңышқа дақылының маңызы зор. Өнімді және белокты ежелгі дақылдардың бірі болып есептелетін жоңышқа ботаникалық жүйелеу ғылымында жүргізілген А. А. Ивановтың соңғы ғылыми жұмысы бойынша бұршақ тұқымдастарға жатады және оның 50-ден астам түрге бөлінеді. Оның өндірісте пайдалануға болатын 21 түрі көпжылдық жоңышқа тобын құрайды. Алайда дақыл ретінде оның 4 түрі ғана дүние жүзінде таралған егістік немесе көк(M. Sativa L. ), сары немесе орақ тәріздес(M. Falcate L. ), көгілдір (M. Corulea Lеss. ) және өзгермелі ( M. Varia Mart) немесе ортаңғы (M. media Pers. ) . Соңғысы көкбудан, сарыбудан және алабудан деп бөлінеді.
Көпжылдық жоңышқаны жіктеу ісіне А. А. Гроссгейм, А. И. Беллов, Л. П. Бордаков, И. Т. Васильченко, Е. Н. Синская, П. А. Лубенец және басқа ғалымдар зор үлес қосып, бүгінгі күні табиғатта сақталып қалған түрлерін, эко үлгілерін және жаңадан шығарылған сорттарын, олардың шыққан тегі мен географиялық орталықтарын, және биологиялық ерекшеліктері мен пайдалы қасиеттерін атап айтып, өте құнды зерттеулерінің нәтижелерін атап айтқан.
Селекция мақсаттары үшін көгілдір, солтүстік жоңышқасы, жартыайшық, желімделгіш, тяньшаньдық, орақ пішінді, түрлі түсті пайдаланады. Жоңышқа диқаншылық дақыл ретінде ерте дәуірден бері пайдаланып келе жатқан аса құнды өсімдіктердің бірі. Біздің заманымыздан бес мың жылдай бұрын Түркістан, Жетісу және басқа Орта Азия аумақтарын мекендеген халық жоңышқа өсірумен дүниежүзі бойынша ең алғаш айналысып бастаған. Оның егістікке бейімделген түрлері, экотиптері мен популяциялары Түркістан мен Жетісу өңірінде мәдени дақыл ретінде қалыптасқан. Осындай негіздемелерге байланысты бұл аймақтар ғылымда жоңышқаның <егістік> немесе <көк> деп аталған түрінің пайда болған ең негізгі орталығы болып табылды. Осы жерден бастау алған егістік жоңышқасы Орталық Азия, Қытай, Үндістан, Иран мен Кавказ елдері арқылы бұдан 2-2, 5 мың жыл бұрын Ежелгі Арабия мен Грецияға жеткен. Содан соң біртіндеп Африка мен Еуропа елдеріне тарап, Америка егістігіне ене бастаған. Кейін Австралия, Жапон басқа да аралдарға тарап, бүгінгі күні бүкіл елдің диханшылары айналысатын дақылдардың бірі болып отыр (сурет-3) . Жоңышқаны бүгінгі күні бүкіл әлем елдерінде алдыңғы қатарлы дақылдардың біріне айналды.
Егістік жоңышқа - көп жылдық өсімдік. Оның жер бетіндегі барлық органдары жыл сайын күзде қурап, тек топырақтағы тамыр жүйесі ғана тірі қалады.
Сурет- 3
Семириченская местная сортты жоңышқа.
Кіндік тамырдың ең ұшындағы бұталану гетерогендік органындағы сабақтық бүршіктерден көктемде және орған сайын өсімдіктің көктеуі қайта басталады [10, 11, 12] . Жоңышқаның кіндік немесе өзектік тамыры П. А. Лубенецьтің және И. О. Байтулиннің зерттеулері бойынша топыраққа 3-2м тереңдікке енеді, ал тұтас тамыр жүйесі жан - жаққа 1-2 м жайылады. Кіндік тамырдан бүйірлік тамырлар тарайды. Ең ұсақ тамырлар 4-6-шы реттік болып есептеледі. Тамыр жүйесінің өң бойында азот бактериясын сіңіре алатын бактериялардан тұратын түйнектер дамиды. Көк, көкбудан, алабудан жоңышқа сорттарының өсімдіктерінің көп өркенді және мол жапырақты. Сабақтарының іші қуыс, өркендеуі жиі, көлденең кесіндісі дөңгелек немесе төрт бұрышты, биіктігі 160 см дейін жетеді, кей жерде одан биік болып өседі. Жапырағы үш тармақ және сабақтың өң бойында кезектесіп орналасқан. Негігі сабақ пен бұтақша ұшындағы жапырақтар ара тісті болса, орта тұсындағылар жиектері тегіс. Жапырақтың үстіңгі жағы түкті де, астыңғы жағы тықыр, түсі ашық жасылдан қошқыл жасылға дейін өзгереді. Егістік немесе жоңышқа жапырақтарының аймақтары үлкендеу, пішіні дөңгелек, теріс қойылған жұмыртқа, сопақша немесе эллипс, ал орақ пішінді немесе сары түрінікі кішілеу, эллипс, ланцет немесе сызықша сияқты болады. [13, 14] .
Жоңышқаның гүл шоғыры - шоқша іспетті. Онда шамамен 15-30 гүл болады. Гүлінің түсі оның ең негізгі жүйелеу және жіктеу белгісі болып саналады.
Жоңышқа ұрығы көп тұқымды бұршақбас(сурет-4) .
Сурет-4. Жоңышқа өсімдігінің ұрығы.
Жоңышқаның 1000 тұқымның салмағы 1, 3-2, 7 аралығында ауытқиды [17, 18] .
Өскін тұқым сеуілгеннен кейін 5-7 күнде пайда болады. Екінші одан келесі жылдары көктемде және орған сайын тамыр мойыншасындағы және оралған сабақтардың түбіріндегі бүршіктерден жаңа сабақтар өседі. Сүйтіп жоңышқа өсімдігі 15-20 жылға дейін өмір сүреді. Пішен орымына жоңышқа гүлдеу кезеңі басталған пісіп жетіледі [24, 25, 26] .
Ю. М. Писковацкийдің және Ю. М. Ненароковтың деректері бойынша ылғалдылығы топырақтың толық ылғал сиымдылығының 60-80% болатын жерде жоңышқа өте жақсы өседі. Бұл деңгей егілген жылы 45% төмендейтін болса, жоңышқа егістігі сиреп қалады. Мұндайға, әсіресе жоңышқа егілген жылы жол бермеу керек. Себебі, осылайша бірінші жылы - ақ сиреген тәлім жоңышқа келесі жылдары жақсы өнім бермейді. Осы зерттеу жұмысы нәтижесінде жоңышқа тамырының тез өсіп дамитын биологиялық ерекшелігі-жылдамырақ топырақтың суы мол қабаттарына жетуге экологиялық бейімделудің белгісі деп анықтама береді[27] . Жоңышқаның транспирация қарқыны өте құбылмалы. Құрғақшылыққа төзімді жоңышқаның транспирациялық коэффициенті төмен, ал жапырақтарының су ұстау қабілеті жоғары. Жоңышқа топырақ ылғалдылығы сезімтал болғанымен, ауаның құрғақшылыққа аса төзімді өсімдік [29, 30] . Қыс жағдайында төзімділі жоңышқаның түрлері мен шыққан тегіне көп байланысты болғанымен, өсіп - өну ортасына, қыстау алдындағы қуаттылығымен мен шынығуы өз әсерін тигізеді. Топыраққа көміліп тұрған тамыр басындағы қыстайтын бүршіктер, клеткада үсіктен қорғау қызметін атқаратын қант қорын жеткілікті жағдайда жинаған болса, қыс жағдайында, яғни аязға, қардың қалыңдығы немесе жұқалығына және мұздайлығына төзімді болады(сурет-5) .
Осыған байланысты соңғы орым мерзімі, өсімдіктің қыстау үшін көп әсер етеді [31, 33] .
Жоңышқа кез келген топырақта (pH=6. 5-7. 5) өсе алады, тек қышқыл топыраққа төзімсіз. Ондай жерлерде түйнек бактериясы нашар дамиды. Жоңышқа батпақта өте нашар өседі, ал тұздылау жерде өскенде, оның тұзын төмендетуге жақсы әсер етеді. Сондықтан дихандар оны күріш ауыспалы егістігінде жақсы пайдаланады [36] .
Сурет-5. Көк гүлді жоңышқа сорты.
Суармалы аймақтарда жоңышқа, қант қызылшасы, күріш, мақта, жүгері, бидай ауыспалы егістіктерінің ең жақсы алғы дақылы болып есептеледі [37] .
Академик Ғ. Т. Мейірман және басқалар жоңышқаның тұқым қуалау коэффициенттерін есептеу нәтижесінде олардың мәні өнімділігі мен жапырақтылық бойынша жоғары, ал көкбалауса өнімділігі бойынша, төмен деңгейде болатыны анықталған [96] . Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жоңышқаның мыңнан астам түрі таралып отыр. Солардың арасында тиісті аймақтарда егісінде қолдану үшін қолайлы үлгілерді талдап алу және тез арада шаруашылық өндірісіне енгізу - мал азығы өндіру саласының дамытудың тиімді жолдарының бірі[102, 103] . П. А. Лубенецтің мәліметтері бойынша осы бағытта В. В. Таланов кезінде Канададан алып келіп өсірген жоңышқаның Гримм алабудан сортының Украина ғана емес, бүкіл Еуропада кеңінен таралған. Жоңышқаның лайықты сортын таңдап алып, тез арада өндіріске енгізудің тағы бір мысалы ретінде, P. Varga, L, Gumaniuc, M. Ittu келтірген мәліметтер бойынша Францияда шығарылған егістік жоңышқаның Дю-Пюи сорты жер шарының барлық құрлықтарында бірнеше миллион гектар жерге егіліп, жоңышқаның аса бір шедевріне айналған. Семириченская жоңышқасын егжей-тегжей зерттеген ғалымдардың айтуынша, оны сорт деп танысымен ақ еліміздің 16 облысына және шет елдерге таралып, 1 миллион гектардан астам жерге егіліп мал азығы ретінде пайдаланады [106] .
Көптеген зерттеулер негізінде пішенді көп беретін жоңышқа түрлерін анықтауға бағытталып, екпе шабындықтарды және арнайы тәжірибелерді салыстырмалы бақылау және бағалау жолмен жүргізілген. Б. Ә. Исмаилов жоңышқа түрлерін Алматы облысының тау бөктерлік шөлейт - далалық аймағында Семириченская местная жоңышқамен салыстыра отырып, оның көкбудан түрі үлгілерінің пішен өнімі жоғары екендігін анықтаған, ал тәлімі жер үшін жоңышқаның егістік және алабудан түрлері лайықты болған. Жоңышқаның алабудан егістік түрлері негізінде Ғ. Т. Мейрман, С. С. Садуақасов және басқалар Капчагайская 80 мен Дархан 90 сорттарын шығарған(1-кесте) .
Кесте-1
Зерттеушілер осы сорттардың жоғарылығын, суармалы жерде көкбалауса өнімділігі 1000 цга дейін жететінін және саңырауқұлақ ауруларына төзімділігін анықтаған. Жоңышқа түрлерінің ауруларға төзімділігін зерттеген ғалымдар, сары немесе орақ пішінді, сарыбудан мен көгілдір түрлерінің ақұнтаққа төзімді екенің байқаған. И. А. Гадуновтың [10, б, 19], Т. Лидански мен В. Васильеваның [101, б, 49-50] деректеріне қарағанда, жоңышқамен 70-тен астам жәндік түрі қоректеніп күнелтеді. Олардың ең көп зиян келтіретіндері жоңышқа қандаласы, ұзынтұмсық қоңыз, сары қоңыз, шегіртке, жоңышқа көбелегі және басқалары. Көкшетау өңірінде С. У. Сағалбеков [79, б, 230] жоңышқа, түйежоңышқа басқа көп жылдық шөптер зиянкестердің саны мен дақылдар өнімінің арасындағы байланыс коэффициентін және зиян мөлшерін есептеп шығарған [108, 109, 110, 111, 112] . Жоңышқаның белгілері мен қасиеттерінің айтарлықтай өзгермелелірінің, өзара тығыз байланысының және қанағаттанарлық дейгейде тұқым қуалауының жоғарғы дәрежеде детерминациялануы оның түрлерін, сорттарын, биотиптерін, нысандарын және басқа құрылымдық топтарын бағалауда және сұрыптауда маңызды рөл атқарады [113] .
Мал азығы дақылдарының ішінде жоңышқа өнімінің сапасымен ерекшеленеді. Оның мүлде құрғақ затында 18-20% қорытылатын протеин мөлшерін анықтаған зерттеушілер көкбудан, алабудан, Кавказ және Перу жоңышқалары үлгілерінің суарылмайтын егістікте басы болғанын хабарлайды [118] . Келтірілген деректер бойынша қарқындылық, өнімділік, ауруларға төзімділік, өнім сапасы және басқа қасиеттер дейгейі жоғары болатын жоңышқа түрлері мен сортотиптері көк, көкбудан, алабудан және сарыбудан болып табылады. Біздің елде осы сортқа жататын 14- тен астам түрі егіледі(кесте-2) . Бұлардың ішінде Семириченская местная, Капчагайская 80, Дархан 90, Жайнақ 96 және Кросноводопаттық екі сорты республиканың оңтүстік, оңтүстік - шығыс, батыс және шығыцс өңірлерінде, ал Көкше, Шортанды 2, Қарабалық 18 орталық және солтүмтік аймақтарда таралған. Қазақстанның оңтүстік шығыс аймағы болып есептелетін Алматы облысының телімі егіс үшін жоңышқаның селекциялық сорты әлі шығарылған жоқ. Көпжылдық жоңышқаның шаруашылықта аса жоғары бағаланатын биоморфологиялық белгілері мен қасиеттерінің ең негізгілері мал азықтық өнімділігі, қоректілігі, топырақ құнарына пайдалы әсері ақзат шығымдылығы болып табылады. Бұлармен бірге селекциялық жұмыста сұрыпталатын сорттарды нақты табиғи және агротехникалық жағдайларға бейімдеу, қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларына төзімділігін жоғарылату көзделеді. Соңғы атталған міндеттер бойынша көзделген зерттеулерде жоңышқа селекциясының дербес бағыттары болып қалыптасты. Әсіресе қарқынды технологияларға бейімдеу және ауруларға төзімділікті арттыру жұмыстарының маңызы зор.
Кесте-2
Егістік дақылдарының жіктелуі
2. 2 Сиыршоңышқа мен түйе жоңышқаның биологиялық
ерекшеліктері
Көпжылдық шөптер елімізде мал шаруашылығын дамыту үшін, құнарлы мал азығын дайындау үшін қажет. Сонымен қатар егістіктен жем - шөп өндіру проблемасы бірінші кезекте Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Қазақстан жағдайында, ең алдымен, суармалы жерді тиімді пайдалану, ауыспалы егістік негізінде асырылады.
Малазықтық біржылдық шөптер. Біржылдық екпе шөптердің азықтық және агротехникалық елеулі маңызы бар. Олар көктей шабылғанда сіңімділігі жоғары өнім беріп, жердің құнарлығын жақсартып, одан алынатын өнім мөлшерін ұлғайтуға әсер етеді.
Біржылдық малазықтық шөптер арасында кеңінен таралғаны жаздық және күздік сиыржоңышқа (середелла), жалпы Қазақстанда біржылдық шөптердің егіс көлемі 800 мың гектар шамасында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz