Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : Қазіргі таңдағы ғылым мен білім саласындағы іс-әрекеттердің талаптарына сәйкес ұрпаққа білім мен тәрбиені берудің, сондай-ақ оларды жан-жақты дамыту - қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі ботлып саналмақ.
Жалпы білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, логикалық және мәдени дамуының жоғары деңгейін және арнайы кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесінің көрінісі.
Қандай мамандық болмасын үнемі оқуды, ізденуді талап ететіні рас әрине.
Сондай-ақ жалпы орта білім беру мектептерінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға нақты білім беруге және оларды логикалық дамытуға мүмкіндік өте зор. Жас ұрпаққа жаңаша әдістермен білім беруді «Парасатты, тәрбиелі ұрпақпен, елімізде жалпы экономиканы қалыптастыру негізі» деген ұғым деп түсінуіміз керек.
Қазіргі таңда дүниежүзілік ғылымдар қатарынан жоғары орын алып келе жатқан биология пәнін оқыту, оқытып қана қоймай оқытқанды меңгерту, санасына сіңдіру, биология ғылымын сауатты және логикалық тұрғыда ойлана білетіндей етіп төселдіру негізі жаңа технологияларды пайдаланудың нәтижесін көрсететіне белгілі. Оқыту барысында технологияны қолдану өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Білім беруде технологиялардың әрбір элементін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушылардың ой өрісін дамытуға жол ашады, өз ойын жеткізе білуге баулиды.
Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялық түрлері көбейе түсуде.
Алайда осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Оқыту практикасында оқудың әртүрлі мотивтері бұл оқушылардың ұстазды ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі тақырыптар бойынша көрнекі және техникалық құралдарды қолдана отырып, жаңа әдістерді қолдан отырып білімді үйретеді.
Заман талабына сай білім беру-бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Білім беру үрдісінің қазіргі нақтылығы мектептің шығармашылық ойлайтын адамдарды, ортаны жаңарту нұсқасы бойынша бейімделу өзара іс-қимылына қабілетті, яғни бұрын беймәлім емес немесе белгісіз әдістерді пайдаланатын жарқын тұлғаларды өндеудің өсіп келе жатқан қажеттілігінен көрінеді.
Заманауи шындықты осындай әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты шешу дамыта оқытуға, атап айтқанда - оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге мүмкіндік береді.
Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.
Жұмыстың мақсаты :«Адам ұрығының өсуі мен дамуын оқыту әдістемесі»
Жұмыстың міндеттері:
-Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне арналған аналитикалық шолу жасау.
- Жалпы орта білім беретін мектептерде биологияны жаңа технологияларды қолдану арқылы интерактивті әдіспен тереңдетіп оқыту деңгейіне талдау жасау.
- Жаңа технология элементтерін қолдана отырып сабақ жүргізу әдістемесін жасау.
- Зерттеу объектісі : Жетісай қаласы А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары;
- Жұмыстың ғылыми жаңалығы : Интерактивті әдіспен оқыту әдістемесі жүйесінің тиімді екендігін және технологиялық құралдарды пайдаланып сабақты қызықты әрі оқушыларға түсінікті етіп өту өте маңызды екеніне көз жеткіздік. Үш орта білім беретін мектеғптерде бір тақырып өтіліп, бір нәтижелеу тесті жасалды. Нәтижесінде оқушылар жақсы баға алып, тек қана лицей немесе гимназия да ғана емес сондай-ақ жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларыныңда өз кезегінде тереңдете білім алып, интелектуалдық қабылеттілігін дамытуға болатыны дәлелденді.
Жұмыстың практикалық маңызы: Жалпы білім беретін орта мектепте биология пәнінен «Адам ұрығының өсуі мен дамуын оқыту» кезінде арнайы интерактивті әдісті иновациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту жүйесінің әдістемесі жүргізілді. Бұл мәліметтерді келешекте педагогикада жаңа технологияны қолдану үшін және оқушылардың білім деңгейін жоғарылататын, сонымен бірге логиқалық ойлау қабілеттілігін дамыту мақсатында осы зерттеу нәтижелері үлкен көмек немесе бағыт-бағдар алу мақсатында пайдалануға болады.
- Өсу және даму процессі
1. 1 Өсу және даму
Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық) . Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos - жекелей, genes - шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады. Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен «іске қосады».
Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады. Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да «уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды. Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі.
Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де, мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-әрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі (сурет-1) .
Сурет-1 Өсу және даму
Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен - 140-150 см, салмағы 30 килодан артады. Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады.
Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Қыздарда алғашқы етеккір 12-13 жаста басталады.
Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын байкалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шыға бастайды және т. б. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі. Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді.
Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді. Ағзадағы барлық физиологиялық үдерістердің жүруінде, міңез-құлық әрекеттерін басқаруда ми кыртысының реттеу қызметі артады. Тежелу үдерісінің басымдылығы байкалады. Эстетикалық көңіл күйі, акыл-ой, жауапкершілігі және т. б. қасиеттер толық калыптасады. Адамның дене еңбегі мен ой еңбегінің жұмыс істеу кабілеті де арта түседі. Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды. Жыныстық тұрғыдан да толық жетіледі.
Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Бұл кезеңнің соңында жыныстық бездер қызметі әрекетіне байланысты соңғы рет гормондық қайта құрылу басталады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі (сурет-2) .
Сурет-2 Адамның даму кезеңі
Мосқалдық кезең (пожилой) . Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі азаяды. Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.
Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.
Ақыр соӊында адам өз өмірімен қош айтысып, о дүниге аттанады. [1]
1. 2 Жас өспірімдік кезінге балалар
XX ғасырды «балалар ғасыры» деп атаймыз. Оған түрлі жоспардағы халықаралық зерттеулер болғандықтан, Балалық шақ феноменінің құндылығын тануға мүмкіндік туғызды. Халықаралық қауымдастықта балаларға деген қатынас бірте-бірте жаңа сапаны иемденді. Қандай болмасын мемлекет кәмелетке толмаған балаларға өмір сүру үшін жағдайлар жасап, оларды қамқорлыққа алып және жан-жақты қорғау қажет. Бірақ ол үміттерді ақтаған жоқ. Оның барлығы елде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгеру кезеңінде бастан кешірген әлеуметтік құбылыстардың яғни, балалардың қаңғыбастығы, панасыздық және қайыр сұраудың әсерінен болды. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның трансформациясы халықтың ең аз қорғалмаған бөлігіне - балалар әлеміне ерекше ауыртпалығын тигізді. Жұмыссыздық сияқты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сақталған тұрақсыздандыру тенденциясы, балалардың жағдайларын күшейтіп отыр. Аталған жағдайлардың барлығы балаларды әлеуметтік қорғау институтының маңызды екенін көрсетіп отыр(сурет-3) .
Сурет-3. Даму психологиясы
Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады. Белгілі психолог, ғалым С. Л. Рубинштейн өз еңбегінде, мінез-құлықтан, қоршаған ортамен ағзаның байланысын жүзеге асыратын ұйымдастырылған іс-әрекетті белгілі түрде айыруға болады, - деп өз пікірін айтқан.
Дегенімен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жасөспірім үшін маңызды болып іс-әрекеттің негізгі түрлері саналады. Жасөспірімнің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі іс-әрекетпен ғана тамдамағанымен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.
Жасөспірімдік жас кезеңіне тән ерекшеліктерді және олардың айналысатын түрлі іс-әрекеттерінің ықпалын зерттеу нәтижесі, көптеген ғалымдардың пікірін, яғни мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының қалыптасуында негізгі орынды еңбек іс-әрекеті алады, - деген қорытынды жасауға түйіндейді. Бірақ балалармен тұлғалық дамуы еңбек іс-әрекетінің бөлек түрлері арқылы іске аспай, сол іс-әрекеттерді белгілі бірлік жүйесіне байланысуын ұйымдастыру жолмен ғана жүзеге асып отырады. Мұндай ұйымдастыру жүйесі, жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына еңбектің нәтижелі психологиялық ықпалымен қамтитын, белгілі мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың жұмыс моделін құрастыруға мүмкіндік береді. Жасөспірімдік жас, қауіп-қатерлі топқа енетін кезең болып саналады. Белгілі кеңес психологтары мен педагогтарының, яғни Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, Л. В. Мудрик, В. А. Сухомлинский, В. Т. Властовский, И. С. Кон, И. А. Невскийдің еңбектерінде жеткіншек кезеңінің ерекшеліктері баяндалған.
Жасөспірімдік кезең, баланың психикалық сферасының барлық жағын өзгертетін кезең. Ерекше өзгерістер интеллектуалдық әрекетінің дамуында болып жатады. Жасөспірімдік кезеңге әсіресе, танымдылыққа ұмтылу, өз пікірінің қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тән болып келеді. Сонымен қатар, жасөспірімдік жаста өзіндік дамуына байланысты дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады. Бұл өзгерістер жасөспірімдердің бойына әртүрлі әрекеттердің пайда болуына әкеліп соғады, яғни оларда шыдамсыздық, дөрекілік, жиі кездеседі. Жасөспірімдік кезеңнің ерекше зейінді аудартатын, бұл әлеуметтік-психологиялық және биологиялық жағдайы, балалалық шақтан ересектік кезеңге өтуі. Осыған байланысты, психикалық ерекшеліктердің өзгеруі және басқа қасиеттердің пайда болуы бір қатар психологиялық қиындықтарды тудырады.
Қазіргі таңда көптеген интернат, балалар үйлері мекемелерінің басшылары соңғы жылдары балалар топтарын жүйелеп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануда. Топты құрауда түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіру. Топтарда ересек балалар, кіші балаларға көмектеседі, әрі әрбір топта өз қолданыстарында бірнеше бөлмелердің болады. Ол бөлмелер: жатын бөлме, ойын бөлмесі, демалыс және сабақ бөлмелері, санитарлы-гигиеналық блок, асхана - буфет. Жексенбі күндері бұл асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты, өздері даярлауға, қажет кезде шәй ішуге, мереке және туған күндерге қонақтар-достарын шақыруға мүмкін болады.
Түрлі жастағы балалар топтарында ересек және кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қарым-қатынастар жеңіл әрі оңай қалыптасады, ересектер кішілерге қамқор болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында тәрбиеші көмек бере отырып, әрі өмір сүрудің кейбір автономдығына орай, балалар үйлерінің барлық топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау, сақтау арқылы бірігулері қажет. Ол жұмыс түрлері: спорт, үйірмелік, шығармашылық жұмыс тағы басқалар.
Қазіргі уақытта Ресейде балалар үйлерінде 20, 5 мың балалар тәрбиеленеді, оның үштен бір бөлігі бір жастағы дамуында түрлі ауытқулары бар балалар құрайды.
Ал енді шетелде, әсіресе Ұлыбританиядағы арнай білім беру жүйесі үш нгізгі балалар тобына бөлінеді. Олар:
1) дене кемістігі бар балалар тобы;
2) оқытуда қиындық туғызатын балалар тобы;
3) эмоционалды және мінез-құлықтық аумақта проблемасы бар балалар тобы.
Дамуында ауытқуы бар кейбір нұсқалар балаларды оқыту мен әлеуметтендіруде түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа бір тиімді формаларын іздеуді қажет етеді. Ұлыбританияда мұндай форма ретінде мынаны айтуға болады, яғни олар «терапевтикалық қоғамдастық» деп аталады. Ағылшын психотерапевті Мелвин Роуз былай деп жазады: «Арнайы мектеп пен терапевтикалық қоғамдастық арасындағы негізгі айырмашылық эмоционалды ауытқу мен тұрақсыз мінез-құлық себептерін түсінуде болып табылады.
Терапевтикалық көзқарас ең бірінші жоспарға балалар мен жасөспірімдердің санадан тыс ұмтылыстарын анықтау міндетін қояды (сурет-4) .
Сурет-4 балалардың даму кезеңдері
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Жасөспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді. Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайда, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды.
Құрбы - құрдастарымен қарым - қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс - әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық - топтық болып табылады. Жасөспірімдер қоғамдық - өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді.
Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.
Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс - әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез - құлқы мен рухани дамуына қарым - қатынастарын ұлғайтады.
Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді(сурет-5) .
Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достар мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Сурет-5 Кемелденген балалар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz